azattyq | News and Media

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Subscribe to a channel

Azattyq - Азаттық

🔴 "Росавиация" Azerbaijan Airlines ұшағы Грозныйға қонатын кезде қалаға дрондар шабуылдағанын растады

🇷🇺 "Росавиация" басшысы Дмитрий Ядровтың мәлімдемесін ТАСС агенттігі жариялады. Оның сөзінше, лайнер қонатын кезде Грозный әуежайы аймағындағы жағдай "күрделі болған". Украина дрондарының шабуылына байланысты әуежай аспанында "Ковер" жоспары енгізілген, ол ауданда қалың тұман болды деді.

Ядровтың айтуынша, ұшақты Грозныйға қондыруға екі рет талпыныс жасалған, бірақ сәтсіз болған, экипаж командиріне басқа әуежайларға қонуды ұсынған, бірақ ол Ақтауға ұшуды жөн көрген.

🇰🇿🇦🇿 Ресей тарабы "Қазақстан мен Әзербайжандағы әріптестеріне қайғылы оқиғаны тергеуге қатысуға дайын екенін дереу хабарлады" деді ол.

"Росавиация" бастапқыда "ұшаққа құстар соғылып, апат содан болуы мүмкін" деп хабарлаған еді. Авиация сарапшылары оған күмән келтірген.

Видео: ТАСС

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Көлік министрлігі: Ақтауға Бразилиядан Embraer ұшағын шығаратын зауыттың өкілдері келді

Ұшақ апатын тергеу жөніндегі комиссия апат орнына барған. Қазақстанға тағы CENIPA (авиация оқиғаларын зерттейтін орталық) өкілдері келмек.

Қазақстанның көлік вице-министрі Талғат Ластаев Ақтау маңында құлаған ұшақтың қара жәшігін оқу мәселесін шетелден келетін мамандар шешеді деп айтқан. Оны оқуға орташа есеппен екі аптадай уақыт керек деді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Оңтүстік Кореяның барлау қызметі: Украина әскері тұтқынға алған Солтүстік Кореяның сарбазы алған жарақатынан қаза болды

Бұл туралы Yonhap агенттігі хабарлады. Мұның алдында Сеулдің барлау қызметі Ресей жағында соғысқан Солтүстік Корея сарбазын Украина әскері тұтқынға алғанын растаған еді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 QAZAQ AIR әуекомпаниясы Астана – Екатеринбург бағытындағы рейстерді бір айға тоқтатты

Компания жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейстерді уақытша тоқтатқанын хабарлады. 28 желтоқсан мен 2025 жылғы 27 қаңтар аралығында Ресейдің Екатеринбург қаласына рейстер ұшпайды. Қауіп-қатер болмаса, бұл бағыт қайта ашылуы мүмкін.

Омбы мен Новосібірге QAZAQ AIR рейстері тоқтамайды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Ақтау маңындағы Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Embraer 190 ұшағы құлаған жер

Қазір мұнда тергеу жүріп жатыр. Апат болған маңды лентамен қоршап қойған.

🚨 Айналаны Түпқараған аудандық полиция қызметкерлері мен Ақтаудан келген арнайы жасақ күзетіп тұр.

Маңғыстау облыстық полициясының өкілі Нұрсейіт Оразов "айғақ заттардың қозғалып кетпеуін қадағалап тұрмыз" деді, заттарды видеоға түсіруге, жақын баруға болмайды деп ескертті.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🔴🇰🇿 Қазақстан парламентінің бірнеше депутаты Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты "ресми қорытындыны күтейік", оған дейін "пікір айта алмаймыз"деді

🗣 "Апатқа бәріміздің жанымыз ауырып отыр. Бірақ комиссия толық шешім шығармайынша жалпы пікір беру дұрыс емес деп санаймын" деді депутат Максим Рожин. Депутат Самат Нұртаза да осыған ұқсас пікір айтты.

🗣 "Ресми қорытынды шықпайынша не айтуға болады?" деген депутат Ермұрат Бапи "егер оның атып түсірілгені рас болса, қандай жағдайда атып түсірілгенін айтпай-ақ қояйық, қателесіп атып түсірді ме, Грозныйда дрон шабуылы болып жатқан кезде радардан көрсетіп атып түсірді ме, ол мәселе емес, ең маңыздысы – өз аумағында ұшақ апатқа ұшырап жатқан кезде Қазақстанның тергеу-тексеру органдары мәселенің ақиқатын айтып, тергеу жүргізуі керек.

Егер инцидентке Ресейдің қатысы болса, онда біз өзіміздің тәуелсіз, бейтарап ел екенімізді, Ресейдің саясатына қатысы жоқ, бейбітүйгіш ел, еш тараптың мүддесін қорғамайтын бейтарап ел екенімізді дәлелдеу үшін әділ тергеу жүргізуіміз керек"
деді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

📹 Қара жәшікте не сақталады және шындыққа жетуге оның көмегі қаншалықты маңызды?

Авиасарапшы Серік Мұхтыбаевтың жауабы:

🗣 "Қара жәшік дегенімізбен, оның түсі қызғылт сары болады. Әдетте ол ұшақта екеу немесе одан да көп. Біреуі қозғалтқыштың, жалпы системаның жұмысын, яғни техникалық параметрлерін жазады. Екіншісі кабинетте кім-кіммен сөйлескенін жазады. Олардың жермен байланысын, өзара әңгімесін жазады".

26 желтоқсанда Маңғыстау облысының көлік прокуроры Абылайбек Ордабаев Ақтаудағы брифингіде ұшақтың екінші қара жәшігі табылды деп мәлімдеді.

Әлеуметтік желіге тарап жатқан ұшақтың шұрық-тесік видеолары туралы сарапшы не дейді?

🗣 "Ұшақ басқарудан айырылып қалғанын ғана айта аламын. Бұл ұшақта ұшқыштар басқара алатын үш гидравлика жүйесі бар. Видеоға қарағанда, осы жүйенің бәрі істен шыққандай көрінді. Яғни ұшақты тек қана қозғалтқыш қана алып келе жатты. Ұшқыш басқару мүмкіндігінен айырылса, жағдай әрине өте қиын болады. Қозғалтқышпен ғана басқару мүмкін емес. Сонда да әуежайға дейін жетіп, ұшақты аман-есен қондыруға тырысу ұшқыштардың кәсіби шеберлігіне айғақ. Осының арқасында артқы жақта отырған жолаушылар аман қалды".

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

📹 Ақтаудағы ұшақ апаты: марқұмдардың отбасы мен зардап шеккендерге қандай көмек көрсетіледі?

🇰🇿 Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі Ақмәди Сарбасовтың сөзінше, республикалық бюджеттен асыраушысынан айырылған отбасыға айына шамамен 138 мың теңге, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан – 357 мың теңге көмек көрсетілмек. Бұдан бөлек, 5 млн теңге шамасында бір реттік көмек алады.

✈️ Azerbaijan Airlines әуекомпаниясы апаттан зардап шеккендерге 20 мың манат (6 млн теңгеден астам), қаза болғандардың отбасына 40 мың манат (12 млн теңгеден астам) шамасында өтемақы төлемек.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🔴 Вице-министр: қара жәшікті оқуға орташа есеппен екі апта уақыт кетеді

Ақтау маңында кеше құлаған ұшақтың қара жәшігін оқу мәселесін ертең келетін мамандар шешеді. Қара жәшікті оқуға орташа есеппен екі аптадай уақыт керек болады. Қазақстанның көлік вице-министрі Талғат Ластаев Ақтауда өткен баспасөз брифингіне Азаттық сауалына осылай жауап берді.

🗣 "Ертең мамандар келеді, қара жәшікке не істеу керегі бойынша солар шешім шығарады. Тәжірибе бойынша оған арнайы құралдар керек. Жеткізілетін уақытты алып тастасақ, [оны оқуға] орташа есеппен екі аптадай уақыт керек" деді ол тілші сауалына.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🔴 "Барлық нұсқаны растай да, жоққа да шығара алмаймыз" – Бозымбаев

Вице-премьер Қанат Бозымбаев Ақтауда құлаған Azerbaijan Airlines ұшағының апатына байланысты тергеу жалғасып жатыр деді. Ол брифингте "қандай да бір нұсқаны жоққа шығара да, растай да алмаймыз" деп мәлімдеді.

Көлік министрі Марат Қарабаев Ақтау әуежайының Azerbaijan Airlines ұшағын қабылдауға дайын болды дейді. Оның сөзінше, ұшқыштар ұшақты жолаққа екі рет қондыруға тырысқан.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

⚡️ Ақтаудағы ұшақ апатына Ресейдің ракетасы себеп болғаны айтылды

🇷🇺 Алдын ала тергеу Azerbaijan Airlines ұшағының апатына Ресейдің ракетасы себеп болғанын анықтаған. Бұл туралы Euronews телеарнасы Әзербайжан үкіметіндегі дереккөзіне сілтеп мәлімдеді. Одан кейін Reuters агенттігі бірнеше дереккөзіне сілтеп, апатқа Ресейдің әуе қорғаныс жүйесі себеп болды деп хабарлады.

Euronews телеарнасының жазуынша, ұшақ апатына Ресейдің "жер-әуе" санатындағы ракетасы себепкер болған. Арна дереккөзінің айтуынша, Грозный аспанында дрондар жүргенде ракета да ұшырылған, зымыран аспанда ұшақтың маңында жарылып, сынықтары жолаушылар мен бортсеріктерге тиген.

🇦🇿 Әзербайжан үкіметіндегі дереккөз Euronews арнасына "бүлінген ұшаққа Ресейдің әуежайларына қонуға рұқсат етпей, рейсті Каспий теңізі арқылы Ақтауға бұрғанын" айтқан.

Бұл ақпаратқа қатысты Әзербайжан, Қазақстан я Ресей үкіметі әлі ресми мәлімдеме жасамады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

❗️Мәскеу әуежайлары уақытша жабылды

Росавиация Мәскеудегі Шереметьево, Домодедово, Внуково және Жуковский әуежайларын, Калуга қаласындағы аэропортты уақытша жапты. Бұл қадамға не себеп болғаны нақты айтылмады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Ақтаудағы ұшақ апатынан тірі қалған Әзербайжан азаматтарын санавиациямен әкетіп жатыр

Маңғыстау облыстық көпбейінді ауруханасында жатқан адамдарды жедел жәрдем көлігімен алып кеткен. Оларды әрі қарай ұшақпен Әзербайжанға әкетеді. Мұны Азаттыққа зардап шеккен азаматтардың туыстары айтты.

🇦🇿 Ауруханадағы медициналық қызмет сапасын қадағалау бөлімінің басшысы Жанар Байманованың айтуынша, Әзербайжан мамандары тасымалдауға болады деген 14 адамды санавиациямен әкетуді жөн көрген. Оның бірі — бала.

🏥 Қазір төрт адам жансақтау бөлімінде жатыр, екі адам травматология бөлімінде. Оның үшеуі – Қырғызстаннан, үшеуі – Әзербайжан азаматы.

🇷🇺 Бұған дейін Ресей 8 ересек, 1 баланы алып кеткен.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🔴 Ақтауда құлаған ұшаққа сырттан зақым келген бе?

25 желтоқсанда Грозный әуежайы қалың тұманға байланысты Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Embraer 190 ұшағын Махачкалаға жіберген, одан әрі ол Ақтауға жіберілген.

💬 Ресейдің әуе транспорты агенттігі әуе апатына "ұшаққа құстардың соғылуы" себеп болған деді. Ұшақ құлай сала оның салонында әлдебір баллон жарылды деген де долбар шықты, бірақ кейін ол туралы ешқандай түсініктеме болмады.

🇺🇦 Украина ұлттық қауіпсіздік комитетінің жалған ақпаратпен күрес орталығының басшысы Андрей Коваленко Embraer 190 ұшағын Ресейдің зенит-зымыран кешені атқан деген болжам айтты.

🗣 "Ресей Грозныйдың әуе кеңістігін жабуы керек еді, оны істемеді. Ұшаққа ресейліктер зақым келтірді. Грозныйға қондырып, адамдардың өмірін сақтап қалудың орнына ұшақты Қазақстанға бұрып жіберді" деді ол.

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🔴 "Қара жәшік" қайда? Ресми органдардың айтқаны👇

🇰🇿 Ақтауда құлаған әзербайжандық ұшақтың "қара жәшігі" Қазақстанның жедел-тергеу тобында. Бұл туралы Азаттыққа Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Айжарықов айтты.

Ал Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әйгерім Ибатуллаева "қара жәшіктің" ешқайда әкетілмегенін растады.

Бұған дейін желіде "қара жәшікті Ресейге алып кетті" деген ақпарат тараған еді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Оңтүстік Кореяның парламенті президет міндетін атқарушы Хан Док Суға импичмент жариялауды қолдап, дауыс берді

Хан Док Суды биліктен кетіруге оның Конституциялық сотқа қосымша судьяларды тағайындаудан бас тартуы түрткі болған.

Оңтүстік Кореяда президенті Юн Сок Ель биліктен уақытша шеттетілген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Azerbaijan Airlines әуекомпаниясы 28 желтоқсаннан бастап Ресейдің жеті қаласына рейстерін тоқтата тұрмақ

Минеральные Воды, Сочи, Волгоград, Уфа, Самара, Грозный мен Махачкалаға ұшатын рейстер уақытша тоқтайды. Бұл туралы АПА сайты жазды.

Компанияның Мәскеуге, Санкт-Петербургке, Қазанға, Астраханға, Екатеринбургке және Новосібірге ұшатын рейстері тоқтамайды.

✈️ Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Embraer Е190 жолаушы ұшағы 25 желтоқсанда Ақтау маңына құлады. Ұшақта 62 жолаушы мен экипаждың бес мүшесі болған. Олардың арасында Әзербайжан, Қазақстан, Қырғызстан мен Ресей азаматтары бар. Апат салдарынан 38 адам қаза болды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Ақтаудағы ұшақ апаты: отставкадағы әскери офицер, авиация инженері Дәулет Жұмабеков "ұшақ сырттан болған әсерден құлағаны авиация мамандарына баяғыдан түсінікті еді" дейді

Бәлкім әуе қорғаныс жүйесі зымыраны себеп болуы мүмкін деп топшылайды.

🗣 "Ешбір құс ұшақ фюзеляжына ондай зақым келтіре алмайды, соның ішінде қанаты мен құйрығын тесіп өткен кішігім диаметрдегі тесіктер қалдырмайды. Топтасып ұшып жүрген құсқа соғылған ұшақтың бір немесе бірнеше қозғалтқышы істен шығады да, ұшақ құлайды, теңіздің екінші жағалауына дейін ұшып бара алмайды.

Неге жай оқ емес, зымыран дейсіз бе? Өйткені, әуедегі ұшақты атыс қаруынан атқанда оқты дәл бұлай бір жерге топтастырып тигізе алмайсыз. Алыстағы нысананы атқан кезде қару ұңғысы селкілдеп-дірілдейтіндіктен оқтар шашырап ұшады, ал қысқа қашықтықтан ұшақ өте тез, қас-қағым сәтте ұшып өте шығады.

Ал әуе қорғанысы жүйесінің зымыраны нысанаға тиген кезде ғана емес, нысананың қасынан өткен кезде де (арнайы датчик іске қосылады) оның оқтұмсығынан түрлі бағытқа ұсақ жарықшақтар ұшады".


🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

📸 Азаттық радиосы Украин қызметінің тілшісі Мариан Кушнир түсірген мына фотода Украинаның 108-шабуылдаушы тау батальонының сарбаздары Харьков облысындағы Синьковка ауылы маңындағы жертөледе тыныстап жатыр.

Бұл бөлімше Ресей позицияларынан бірнеше жүз метр жердегі орманда тұр. Қарсыластың армиясы шепті бұзып осында кіруге тырысып жатыр. Сарбаздар құмдауыт жерді бір метрдей етіп қазған шұңқырды пана етеді. Жертөленің шатыры - ағаш діңі мен брезент жаппа.

Азаттықтың фотографтары 2024 жылдың жылнамасын қалай жасағанын айтып берді. Сілтемеден өтіп оқыңыз.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Ақтаудағы ұшақ апатынан зардап шеккен екі қырғыз азаматы ауруханадан шығуға дайын, тағы біреуі жансақтау бөлімінде жатыр

🇰🇬 Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз қызметіне Маңғыстау облысындағы "Ала-Тоо" қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Маматқадыр Наркозуев хабарлады.

Сөзінше, 26 жастағы Тілек Осмоновтың қолы сынған, ал 36 жастағы Ерлан Жүнісалиев белін ауыртып алған.

Ұшақта болған үшінші қырғыз азаматы – 2004 жылғы Ринат Асанов, қазір реанимацияда жатыр. Наркозуев оны Қырғызстанға арнайы транспортпен алып кетуі мүмкін деді, мұны арнайы органдар шешеді.

✈️ Azerbaijan Airlines ұшағында болған Тілек Осмоновтың сұхбатын сілтемеден өтіп оқыңыз.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 "Украина әскері Ресей жағында соғысқан Солтүстік Корея сарбазын тұтқынға алды": Оңтүстік Кореяның барлау қызметі ақпаратты растады

AFP және Yonhap агенттіктері сүйенген Оңтүстік Корея ұлттық барлау қызметінің мәлімдемесінде "одақтас елдің барлау қызметімен ақпарат алмасу нәтижесінде Солтүстік Кореяның жараланған бір сарбазы тұтқынға алынғаны расталды" делінген.

BBC агенттігінің жазуынша, бұған дейін әлеуметтік желіде тұтқынға түскен сарбаздың суреті тараған, Украина билігі бұл ақпаратқа ресми түрде пікір берген жоқ.

🇰🇵 Солтүстік Кореяның барлау қызметіндегі AFP дереккөзі сарбазды Украина армиясы тұтқынға алғанын айтқан, бірақ оны қай жерде ұстағаны белгісіз.

🇰🇷 Оңтүстік Кореяның барлау қызметі бұған дейін Солтүстік Корея Ресей-Украина соғысында 1100 адамынан айырылды деп топшылаған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🔴 Инфляцияны тежеу, бюджет дефицитін азайту, мұнай экспортын диверсификациялау және адам құқықтары ахуалын жақсарту...

Қазақстан 2025 жылы назар аударуға тиіс экономикалық, саяси және қаржылық қиындықтардың бір парасы – осылар.

Бұған қоса келер жылы Ақорда экономиканы либералдау арқылы өсімді арттырып, табиғи ресурстарға тәуелділікті азайтқысы келеді. Ал АҚШ-тың жаңа президентінің геосаяси шешімдері Қазақстанға мүмкіндіктер әкелуі мүмкін.

🧐 2025 жылы Қазақстанды не күтіп тұр?

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Әзербайжан парламентінің депутаты: Ресей ұшақ апаты үшін кешірім сұрауы керек

🇦🇿 Әзербайжан парламентінің депутаты, сондағы халықаралық істер жөніндегі комитеттің мүшесі Расим Мұсабеков Turan агенттігіне бірген сұхбатында "Ұшақ Ресей аумағында, Грозный әуесінде атқыланған. Мұны жоққа шығару мүмкін емес" деп мәлімдеп, Ресей ұшақ апаты үшін кешірім сұрауы керек деді.

Оның сөзінше, Ресейде кінәлілерді қылмыстық жауапқа тартудың орнына "кейбір медиа ізін жасыру үшін" талпынып жатыр.

Депутаттың пікірінше, Ресей жағы тиісінше әрекет етіп, кешірім сұрауы керек.

🗣 "Мұны жасағандар қылмыстық жауапқа тартылуы керек, қаза болғандар мен зардап шеккендерге өтемақы төленуі керек. Бұл болмаса, онда әрине, қатынас басқа дәрежеге көшеді" деді депутат.

✈️ Бейсенбі күні Euronews телеарнасы Әзербайжан үкіметіндегі дереккөзге сүйене отырып, алдын ала тергеу Azerbaijan Airlines ұшағының апатына Ресейдің ракетасы себеп болғанын анықтағанын жазған еді. Одан кейін Reuters агенттігі бірнеше дереккөзіне сілтеп, апатқа Ресейдің әуе қорғаныс жүйесі себеп болды деп хабарлады.

🇷🇺 Бұған дейін Кремльдің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты "тергеу қорытынды жасағанша қандай да бір болжам жасау дұрыс емес" деп мәлімдеген еді.

26 желтоқсанда Маңғыстау облысының көлік прокуроры Абылайбек Ордабаев Reuters агенттігіне тергеу әзірге, ресейлік әуе қорғанысының апатқа қатысы бары жөнінде қорытындыға келген жоқ деп мәлімдеген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

⚡️ Anadolu: Әзербайжан ұшағының құлауына Ресей әуе қорғанысының қатысы бар

🇹🇷 Ақтау маңындағы Azerbaijan Airlines ұшағының құлауына Ресейдің зымыран жүйесінің қатысы бар. Әзербайжанның лауазымды өкілі Түркияның Anadolu агенттігіне бұл болжамның негізді екенін растаған.

Мұның алдында халықаралық және Әзербайжанның жергілікті БАҚ-тары Әзербайжан үкіметіндегі дереккөздерге сілтеп апаттың тергеудің алғашқы қорытындысын айтқан. Аты аталмаған дереккөздің айтуынша, Бакуден шыққан ұшақ Грозныйға жете бергенде оған "Панцирь" зымыран жүйесінен шабуыл жасалған.

🗣 "Дерекке қарағанда, Ресейдің электрондық соғыс жүйелерін қолдану кесірінен әуе кемесінің коммуникация жүйесі толығымен тоқтап қалған, соның кесірінен ұшақ Ресейдің әуе кеңістігінде болғанда радарлардан жоғалып кеткен" делінген Anadolu агенттігінің ақпаратында.

Ол тек Каспий теңізі аумағына жеткенде радардан қайта көрінген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🔴 Ұшақ ішінде не болды?

🇰🇬 Апаттан аман қалған қырғыз азаматынан сұрадық.

🗣 Тілек Осмонов:

"Борттағы қызметкерлер тынышталуға шақырып жатты. Ұшақ ішінде шу болып жатқанда болары болды деп отырдық. Борт қызметкерлерінің өздері де дүрбелеңге түсті. Грозныйға қонбай қайта аспанға көтерілгенде қандай да бір дыбыс шықты. Ұшақтың ішіне қатты естілді. Одан соң үш сағаттай ұшып жүрдік. Кейін білгеніміздей, Грозныйға қондырмай Махачкалаға жіберіпті. Махачкалаға да қона алмай, Қазақстанның Ақтау қаласындағы әуежайға қонасыңдар деп жіберіпті. Ұшақ ішінде қауіпсіздік шаралары басталды. Құтқарушы жейделер кигізіліп, тыныс алу маскалары түсірілді. Судың үстімен өтіп, құрғақ жерге түскен де жақсы болды ма деймін. Суға түскенде қандай болмақ білмейін. Мен 36-қатарда, жақын бауырым Ринат пен досым 35-қатарда отырған. Қауіпсіздік белдігін тағып, маска киген соң экипаж бірінші инструктажды өтті. "Қазір құрғақ жерде шұғыл қонамыз, дайындалыңыздар" дегенді әзербайжан, ағылшын және орыс тілінде айтты. Бастарыңызды бүгіп, жұмсақ нәрсемен жабыңыздар деді.

Ұшақ құлағаннан кейінгі жағдайыңызды айтып бере аласыз ба?

🗣 "Есімді жинаған соң Ринатты іздедім. "Інім қайда қалды екен" деп ойладым. Оны бірден іздедім. Қауіпсіздік белдігі шешілмеген екен. Ептеп шешіп алып шықтық. Жанындағы адамдар жәрдем берді. Біз іштен жөргелеп шыққанша ұшақтың маңында қазақ туғандардың электриктері ме әлде құтқарушылары ма толып қалыпты. Досымды да таптым. Ринат көзін ашып есін жиды, бірақ қиналып жатты. Жедел жәрдем Ақтаудың ауруханасына жеткізді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Ақтаудағы ұшақ апаты: АҚШ Қазақстан мен Әзербайжанға қолдау көрсетуге дайын

🇺🇸 АҚШ мемлекеттік департаментінің ресми өкілі Мэтью Миллер Azerbaijan Airlines компаниясының жолаушы ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты.

🗣 "Біз Azerbaijan Airlines компаниясы ұшағы Қазақстан аумағына құлағанын естіп қатты қайғырып отырмыз. Қаза тапқандардың отбасыларымен бірге дұға бағыштап, зардап шеккендердің тезірек оңалып кетуін тілейміз" деп жазды ол Х әлеуметтік желісіндегі парағына.

Миллер АҚШ Қазақстан мен Әзербайжанға қажет көмекті беруге әзір екенін айтқан.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Ұшақ апатынан қаза тапқан жаңаөзендіктер жайлы не белгілі?

Азаттық тілшісі ұшақ апатынан қаза тапқан жаңаөзендік Бауыржан Жұмағұлов пен Сәндібек Төлесіновтің әріптестерімен сөйлесті.

🔸 Бауыржан Жұмағұлов "ӨзенМұнайСервис" мекемесінде 4-разрядты бұрғышыға көмекші болған. Бұл мекемеде 2008 жылдан бері жұмыс істеген.

Жақынының сөзінше, марқұмның мәйіті 25 желтоқсанда түнде табылған, бірақ әлі Ақтаудан Жаңаөзенге жеткізілмеген.

🔸 Ал "МұнайФилдСервис" мекемесінің инженері Сәндібек Төлесіновпен бір кабинетте отыратын әріптесі Қайрат Жомартов ұжым әлі естерін жия алмай отырғанын айтты.

Әріптесінің сөзінше, Төлесінов былтыр жаздан бері Грозныйда тұрған көлігін алып кетуге бара жатқан.

🗣 "Мен инженер энергетикпін, ол автоматика инженері болған. Бәріміз шокта жүрміз. Сүйегін күтіп отырмыз. Бүгін әкеле ме, ертең әкеле ме, белгісіз. Халықаралық шу болып жатыр ғой. Сүйек беру бір күнде біте ме, бітпей ме? Идентификация жасау керек. Ол бала қандай жағдайда жатқанын білмейміз. Шашылып жатыр ма, жанып кеткен бе? ДНҚ керек бола ма? Беймәлім, тек күтіп отырмыз. Ақтауға кеткен ағайындары хабар беріп тұрамыз деген. Бүкіл мекеме шок. Кабинеттеріне тығылып жылап жатқандар да бар. Өте керемет адам еді" деді марқұмның әріптесі.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Еуразия экономика кеңесінің отырысында "мұнай-газ, мұнай өнімдерінің ортақ нарығын қалыптастыру" мәселесі де талқыланып жатыр

Санкт-Петербург маңында Еуразия экономика одағының (ЕАЭО) бас органы – жоғарғы Еуразия экономика кеңесінің отырысы өтіп жатыр. Оған Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысып жатыр. Ақорда кеңес отырысына қатысушы елдердің басшыларының суретке түсіп жатқан сәтінен сурет пен видео жариялады. Онда басқа ақпарат жоқ.

Бұған дейін Ресейдің мемлекеттік ақпарат агенттіктері отырыс кезінде Еуразия экономика одағының қызметіне қатысты бірқатар мәселелер талқыланатынын жазған еді. Олардың арасында "газ, мұнай және мұнай өнімдерінің ортақ нарығын қалыптастыру мен бірыңғай қызмет көрсету нарығының жұмысы" мәселесі де көрсетілген.

Жоғарғы Еуразия экономика кеңесінің сайтында талқыланатын және қол қойылатын құжаттар көрсетілген.

Ресейдің мемлекеттік ақпарат агенттіктері көрсеткен жиында Армения премьер-министрі Никол Пашинянның жиынға видеобайланыспен қосылғаны көрінеді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Песков: Кремль Ақтаудағы ұшақ апатын тергеу ісі аяқталғанша гипотеза құрмайды

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ақтау маңындағы ұшақ апатына байланысты пікір білдірді.

🗣 "Тергеу қорытындысы шыққанға дейін қандай да бір гипотеза құрған дұрыс болмайды. Біз, әрине, олай істемейміз, және ешкім де олай істемеуі керек. Тергеудің аяқталғанын күткен жөн" деген Песков Мәскеуде өткен брифингіде. Бұл ақпаратты 26 желтоқсанда "Интерфакс" агенттігі хабарлады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🛩 Қазақстанда кейінгі 12 жылда адамдардың өмірін қиған бірнеше ұшақ апаты болған. Хроникасы суреттерде.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…
Subscribe to a channel