🗣 Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының басшысы ұшақ пен ұшқыштар жайлы не деді?
AZAL әуекомпаниясының президенті Самир Рзаев Ақтауда құлаған ұшақта техникалық проблема болмағанын, биыл қазан айында толық жөндеуден өткенін айтады. Оның сөзінше, ұшақ жиі тексеріліп тұрған.
Рзаев ұшқыштар өте тәжірибелі болғанын, 15 мың сағат рейс орындағанын айтады.
Әуе компаниясының басшысы "тергеу жалғасып жатқанын, қандай да бір гипотеза жасауға әлі ерте" дейді. Бұл туралы Азаттықтың Әзербайжан қызметі хабарлады.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🔴 "Хайп қуу". Әшімбаев "ұшақты атып түсіруі мүмкін" деген болжамға не деді?
Қазақстан сенатының спикері Мәулен Әшімбаев Azerbaijan Airlines ұшағын атып түсіруі мүмкін деген болжамды "дұрыс емес" деп санайды.
🗣 "Суреттерге қарап апаттың себебі «анау-мынау» деу – спекуляция. Мұндай баға беру – дұрыс емес әрі этикаға қайшы. Бұл қандай да бір адамдардың өзіне ұпай жинауы, қаралымын көтеруі, хайп қууы. Комиссия мен мамандар жұмыс істеп жатыр, қарап жатыр. Олар өзі шешімін айтады" деді Әшімбаев. Спикердің сөзін Orda.kz жариялады.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🔴 Қошмамбеттегі азаптау ісі: Прокурор айыпталушы полицейлерді үш жылға соттауды сұрады
Алматы облысы Қарасай ауданының сотында Қаңтар оқиғасы кезінде Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан азаматтарын азаптады деп айыпталған алты полицейдің сотында жарыссөз басталды.
26 желтоқсанда өткен процесте прокурор Арыстанбек Әликенов соттан іс бойынша күдікті деп танылған полиция қызметкерлері Бауыржан Сопақов, Арман Шойбеков, Берік Әбілбеков, Олжас Айдарханов, Серік Тұрпанов және Нұрсұлтан Хамитовті кінәлі деп танып, үш жылға бас бостандығынан және шенінен айырып, сот залында қамауға алуды сұрады.
Істе жәбірленуші деп танылған 23 өзбекстандықтың адвокаты Айна Шорманбаева прокурор сұраған жазамен келіспейді. Оның сөзінше, жаппай азаптау үшін бұл тым жеңіл жаза.
🔗Толығырақ оқыңыз
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🔴 Ақтаудағы ұшақ апатынан кейін түсірілген видеолардан құлаған ұшақтың құйрығында диаметрі әртүрлі тесік тұрғанын көруге болады. Осы кезде бұл әлдебір сырттан келген "атыс элементтерінің ізі" деген болжам айтыла бастады.
Бұл қаншалық рас? “Настоящее время” арнасында айтылған болжамдар.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🗣 Ресей денсаулық сақтау министрлігі Ақтаудағы ұшақ апатында зардап шеккен 9 ресейліктің жағдайы туралы айтты
Олардың төртеуінің жағдайы ауыр және өте ауыр деді бейсенбі күні журналистерге денсаулық сақтау министрінің көмекшісі Алексей Кузнецов.
🗣 “Денсаулық сақтау министрлігіне қарасты апаттық медицина федералдық орталығының мамандары жүргізген тексерулерге сәйкес, Ақтаудағы әуе апатынан зардап шеккен үш адамның жағдайы өте ауыр. Біреуінің жағдайы – ауыр. Тағы бес адамның жағдайы, арасында да бала да бар, орташа” деді ол.
Бейсенбіге қараған таңда 9 ресейлік Ақтаудан Мәскеуге ұшақпен әкетілген еді. Қазір Ақтау ауруханасында апаттан зардап шеккен 20 адам жатыр. Апаттан барлығы 29 адам тірі қалған.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
💬 Ақтаудағы мәйітхана маңы
Бұл жақты қазір полиция бақылап тұр. Мәйітхананың екі жағына патруль көлігі қойылған. Мәйітхана алдында шатыр тұр. Ұшақ апатынан қаза болғандың сүйегін осында алып келген.
Полиция Азаттық тілшісіне мәйітхана маңын фото-видеоға түсіруге болмайтынын айтып, тілшінің жұмысына кедергі келтірді.
🛬 Ақтау маңына құлаған Әзербайжан әуе компаниясының ұшағында болған 67 адамның 38-і қаза тапты. Олардың арасында Қазақстанның алты азаматы бар. Аман қалған 29 адам ауруханаға түскен. Бүгін таңертең Ресейдің тоғыз азаматы санавиациямен еліне әкетілді.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🔴 Қазақстан үкіметі құрған комиссияның мәліметінше, ұшақтың қара жәшігі табылған.
🇰🇿 Қазақстан – алты адам, алтауы да қаза болған;
🇦🇿 Әзербайжан – 37 адам: 23 адам қаза тапты, 14 адам аман;
🇰🇬 Қырғызстанның үш азаматы аман;
🇷🇺 Ресей – 16 адам: жетеуі қаза тауып, тоғызы аман қалды.
Қазақстандық алты адамның үшеуі - Маңғыстау облысынан, біреуі - Қостанай облысынан, екеуі - Астанадан.
Экипаждың екеуі қаза болып, үшеуі тірі қалған.
t.me/azattyq
✈️🔴 Ұшақ апаты: қазірге дейін не белгілі?
🔺 Ақтауға құлаған Әзербайжан әуе компаниясының ұшағында болған 67 адамның 38-і қаза тапты. 29 адам аман қалып, ауруханаға жеткізілген. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев мәлімдеді.
🔺 "11 адам жансақтау бөлімінде жатыр, олардың сегіз ес-түссіз жатыр. Ауруханаға түскендердің он үші - Әзербайжан азаматы, тоғызы - Ресей азаматы" деді Бозымбаев.
🔺 Алдын ала ақпарат бойынша, бортта болған Қазақстанның алты азаматы қаза болған.
🔺 Қырғызстанның үш азаматы аман қалғаны, аурухана түскені хабарланған. Екі адамның азаматтығы анықталып жатыр.
t.me/azattyq
🔴 Azerbaijan Airlines әуе компаниясы ұшақ апатына қатысты тергеу аяқталғанға дейін Бакуден Грозныйға және Махачкалаға ұшатын рейстерін тоқтататынын мәлімдеді.
Қалған бағыттар бойынша рейстер бұрынғыша қала береді деп хабарлады компания өкілдері.
t.me/azattyq
💬 Үкімет жанынан құрылған комиссия Ақтау маңында жолаушы ұшағы құлаған жерге барды
Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев ауруханаға түскен адамдарға барып, Әзербайжаннан келген делегациямен кездеспек.
Маңғыстау облысы әкімдігінің ақпаратынша, төтенше жағдайлар қызметтері, криминалист-эксперттер, прокуратура төтенше жағдай режимінде жұмыс істеп жатыр.
🛬 Кейінгі дерекке сай, Бакуден Грозныйға бара жатқан ұшақта барлығы 69 адам болған. Қанша адам қаза болғаны әзірге белгісіз. 29 адам ауруханаға жатқызылған, екеуі – бала.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
💬 Ақтау қаласындағы Әзербайжан консулдығы алдына қойылған гүл шоқтары
❤️Азаттыққа жазылыңыз
💬 26 желтоқсан Әзербайжанда аза тұту күні деп жарияланды
Бакуден Грозныйға ұшқан Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Embraer 190 жолаушылар ұшағы бүгін таңертең Ақтау маңында құлады, қаза болғандар бар, олардың нақты саны әзірге белгісіз.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
📹 Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтаудағы ұшақ апатына құтқарушылар барған кезде түсірілген видеоны жариялады
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🗣 Маңғыстау облыстық полицияның баспасөз қызметінің хабарлауынша, блогер Азамат Сәрсенбаев ұшақ апаты болған орында дрон ұшырғаны үшін ұсталған. Осылайша құтқарушылар жұмысына кедергі келтірген.
Полиция мұны The Village Қазақстан басылымына айтты. Полиция өкілдері Сәрсенбаевқа “заңға сәйкес, шара қолданылатынын” жеткізген. Қазір блогер полиция басқармасында отыр.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🔴 Ақтаудағы ұшақ апаты: төтенше жағдай министрлігі оқиға орнынан түсірілген суреттерді жариялады
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🗣 Әзербайжан аза тұтып жатыр
Әзербайжан халқы ұшақ апатына байланысты аза тұтып жатыр. 26 желтоқсанда бүкіл ел құрбандарды бір минут еске алды. Сағат 12-де елдегі бүкіл көлік қозғалысы тоқтатылып, көліктер мен кемелер, пойыздар сигналдатты. Елдегі мекемелерде ел туы төменге түсірілді. Баку әуежайына халық гүл шоқтарын қойып жатыр. Бұл туралы Азаттықтың Әзербайжан қызметі хабарлады.
Фото: Reuters
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🗣 "Дикий Арман" ісі: жабық соттан видео тарап, тергеу басталды
Алматы прокуратурасы "Дикий Арман" деген лақап атпен танымал Арман Жұмагелдиев пен тағы 40 шақты адамның сотынан әлеуметтік желіге тараған деректерге байланысты тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы Informburo.kz сайты жазды.
🗣 "Алматы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеу басқармасы істі Қылмыстық кодекстің "Сотқа дейінгі істің немесе жабық сот талқылауының деректерiн жария ету" бабы бойынша қарап жатыр" деп жауап берген прокуратура.
Прокуратура сотқа дейінгі тергеу деректері жария етуге жатпайды деп айтқан. Бұл қылмыстық іс бойынша қанша адам күдікке ілінгені белгісіз .
📱 14 желтоқсанда YouTube желісінде "Арман Джумагельдиев" деген арна ашылып, жабық сот процесінен видеолар шыға бастады. Онда Қаңтар оқиғасы бойынша істе айыпталушылардың бірі, ҰҚК-нің бесінші департаментінің экс-басшысы Руслан Ысқақовтың да видеосы бар. Бұған дейін ол Қаңтар оқиғасы кезінде өзіне бұйрықты Самат Әбіш бергенін айтқан еді.
Самат Әбіш – экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі, ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бірінші орынбасары болған. Ол бұл мәлімдемеге реакция білдірмеген.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
📹 Бұл – Маңғыстау облысындағы Сайын Шапағатов ауылы. Әзербайжан әуе компаниясының ұшағы кеше осында құлаған.
Мұнда "Қазақстан Каспиан Оффшор Индастриз" (KCOI) компаниясы бар, Ақтаудағы әуежайға жақын орналасқан.
🚨 Ұшақ құлаған маңды қазір полиция бақылап тұр. "Тергеу жүріп жатыр" деп, тілшіге апат болған жаққа жақын баруға рұқсат бермеді.
🇦🇿 Бұл жаққа Әзербайжан төтенше жағдайлар министрлігінің мамандары келді. Олар сұхбат беруге келіспеді.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
💬 Қазақстанның премьер-министрі Олжас Бектенов елдегі авиация қауіпсіздігін күшейту жөнінде бірқатар тапсырма берді деп хабарлады үкіметтің баспасөз қызметі
Бектенов бұл жөнінде Ақтау қаласы маңында болған ұшақ апатына байланысты құрылған үкімет комиссиясының жұмысын тыңдағанда айтқан.
🗣 "Бұл қайғылы жағдай, бізге де ұшу қауіпсіздігі бойынша тиісті шараларды қабылдау керектігін білдіреді. Бірінші кезекте жоспардан тыс тексеру жүргізу және әуежайлардың, әуе кемелерінің техникалық жағдайын ерекше бақылауға алу қажет. Өткізіліп отырған іс-шаралар аясында отандық авиакомпаниялар экипаждардың біліктілігін, рұқсатнамасын және құзыретін қайта тексеру керек. Сондай-ақ әуе оқиғаларына жедел ден қою мақсатында апаттық-құтқару жұмыстарын жетілдіру және мүдделі мемлекеттік органдардың үйлесімді жұмысын қамтамасыз ету қажет" деген Бектенов.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🗣 ТЖМ: ұшақ экипажының үш мүшесі қаза болған
Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза болған 38 адамның мәйіті табылды, олар медициналық сараптама орталығына жеткізілді деп хабарлады.
Олардың арасында Қазақстанның алты азаматы мен экипаждың үш мүшесі бар деді ТЖМ.
Ұшақта экипаждың бес мүшесі болған. 25 желтоқсанда экипаждың екі адамы қаза болып, үшеуі тірі қалды деп айтылған еді.
Министрлік 7 адамның денесі танылды деп мәлімдеді.
Ұшақ апатынан 29 адам аман қалған, оның ішінде 3 бала бар.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
💬 Талғарда кісі қолынан мерт болған Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов босап шықты
Нұрымовты 10 желтоқсанда полиция ұстап, кейін әкімшілік соттың шешімі бойынша 15 күнге қамауға алынған еді. Ол "ұсақ бұзақылық жасады" деп айыпталған.
Онымен бірге екі туысы 15 күнге қамалып, тағы біреуіне айыппұл салынған.
🗣 "Оның жағдайы жақсы. Қаржаубай қазір үй ішімен уақыт өткізіп, демалғысы келеді. Жақын арада қосымша ақпарат береміз" деді отбасының қорғаушылары.
t.me/azattyq
🛬 Ақтау қаласы маңында апатқа ұшыраған Әзербайжан жолаушы ұшағы неге теңізге қонбады?
🤔 "Ұшаққа құс соғылғаны", "іште баллон жарылғаны" туралы нұсқалар айтылды.
Шын мәнінде не болуы мүмкін? Embraer 190 ұшағы қаншалықты қауіпсіз?
Сұрақтарға авиация саласының сарапшысы Абыл Кекілбай жауап берді.
🔗Сілтеме
t.me/azattyq
🔴 Ақтаудағы ұшақ апатынан 38 адам қаза тапты. Бұл туралы вице-премьер Қанат Бозымбаев мәлімдеді.
29 адам ауруханада, олардың ішінде 11 адамның жағдайы ауыр.
t.me/azattyq
📹 Астанада тұрғындар Әзербайжан елшілігі ғимараты алдында гүл шоқтарын қойып, құрбандар әруағына бағыштап құран оқыды. Кейбірі зардап шеккендерге жәрдем беру үшін қан тапсыруға баратынын айтты.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
💬 Апатқа не себеп болғаны әлі белгісіз – Әзербайжан президенті
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Ақтаудағы ұшақ апаты бойынша кеңес өткізді.
🇦🇿 AZƏRTAC агенттігінің хабарлауынша, Әлиев "маған айтылған ақпарат бойынша, Бакуден Грозныйға ұшқан Azerbaijan Airlines компаниясының ұшағы ауа райына байланысты бағытын өзгертіп, Ақтауға қарай ұшқан. Ұшақ қонып жатқанда апатқа ұшыраған" деген. Бірақ ол апатқа не себеп болғаны белгісіз, "әртүрлі нұсқа айтылып жатыр, мәселе толығымен зерттелуі керек" деп мәлімдеген.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🔴 Азаттық Ақтаудағы ұшақ апатының куәгерімен сөйлесті
Эльмира әріптестерімен автобуста келе жатқанда ұшақтың құлап, жарылғанын көріп, бірден сонда бұрылып, алты-жеті кісі апат орнына жүгірген.
🗣 "Жасөспірім қыздарды алып шықтым, анамды құтқарыңызшы деп жылады" дейді. Эльмира сол маңда бір сағаттай болып, адамдарға көмектескен.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🗣 Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Санкт-Петербургтегі ТМД елдері басшыларының бейресми кездесуіне қатысты
Іс-шараға Ресей, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркіменстан және Өзбекстан президенттері қатысты. Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиев Маңғыстаудағы ұшақ апатына байланысты Бакуге оралған.
Ақорданың жазуынша, президенттер кездесуде ТМД аясындағы өзара әріптестікті одан әрі дамытуды, ұйым қызметінің бағыттарын талқыланған.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🔴 Ақтаудағы ұшақ апаты: жараланғандар жайлы не белгілі?
Қазақстан төтенше жағдай министрлігі 29 адам ауруханаға жатқызылды, екеуі бала деп мәлімдеді. Қазір құтқару жұмысы жалғасып жатыр.
Министрліктің хабарлауынша, қаза болғандар мен зардап шеккендер тізімі анықталып жатыр. Ақтауға Әзербайжанның төтенше жағдай министрі Кәмаладдин Фаттах оғлы Гейдаров ұшып келген.
🇦🇿🇷🇺🇰🇬 Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасының дерегінше, ауруханаға түскен адамдар арасында Әзербайжанның – 14, Ресейдің – 10, Қырғызстанның екі азаматы бар.
❓ Үш адамның азаматтығы белгісіз. Олардың бірі Германияда тұрады делінген.
🇰🇿 Бұған дейін айтылған ақпаратқа сәйкес, бортта Қазақстанның 6 азаматы болған.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🗣 Ақорда: Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты
🗣 "Орны толмас ауыр қайғыға ортақтаса отырып, сізге, қаза тапқан азаматтардың туған-туыстарына және барша Әзербайжан халқына көңіл айтамын. Менің тапсырмаммен Қазақстан Үкіметі мемлекеттік комиссия құрды. Комиссия құтқару операциясы аясында тиісті шаралар қабылдап, Әзербайжан тарапына қажетті көмек көрсетеді" деген Қазақстан басшысы.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🔴 Ұшақ апатынан ауруханаға түскен 29 адам жайлы не белгілі?
Маңғыстау облысының көпбейінді ауруханасына 27 адам түскен. 11 адамның жағдайы ауыр, олар жансақтау бөліміне жатқызылған. Бұл туралы Маңғыстау облысының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
Облыстық балалар ауруханасына түскен 11 және 16 жастағы 2 қыз баланы операцияға дайындап жатыр.
🔺 11 жастағы қыз баланың миы шайқалған, беті, мұрны, жамбасы көгеріп, жамбас сүйегі сынған.
🔺 16 жастағы қыз баланың да миы шайқалған, аяғы сынған, 1-2-дәрежелі травматикалық шок алған.
❤️Азаттыққа жазылыңыз