azattyq | News and Media

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Subscribe to a channel

Azattyq - Азаттық

🔴 Сотта куәгер ретінде сөйлеген құтқару қызметінің тағы бір өкілі қолында кісені бар мәйітті алаңнан алғанын айтты

🗣 "Мәйіттің кісенде болғанын көрдім. Үстінде қара куртка болды ау деймін. Түрін қарамадым. Беті жерге қарап жатты. Қасында арықтау келген тағы бір адамның денесі жатты" деді ол.

Куәлердің бәрі судьяның "мәйіттердің қасында қандай да бір қару болды ма?" деген сұрағына "жоқ, ондай ешнәрсе болған жоқ" деп жауап берді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🔴 2024 жыл журналистер жұмысына қалай әсер етті?

🔺 Factcheck.kz сайтының редакторы, медиасарапшы Думан Смақов биыл БАҚ саласында ешқандай өзгеріс болған жоқ дейді.

Сөзінше, көптен күткен "Масс-медиа туралы" заңның өзі үлкен даумен қабылданған. Смақов жаңа заң селективті сипатқа ие және сөз еркіндігін шектейді деп санайды.

🔺 "Айқын" газетінің бас редакторы Амангелді Құрметұлының айтуынша, елде сөз еркіндігі деңгейі жоғары деп айтуға келмейді. Бірақ құқықтық тұрғыдан ешқандай шектеу жоқ, жеке адамдардың БАҚ-қа ықпал ету тетіктері бар деді ол.

🔺 Qazaq Times қоғамдық-саяси порталының бас редакторы Қойшыбек Мүбарак ешқандай өзгеріс сезбегенін айтты. Ол елде сөз еркіндігінің аясы жыл өткен сайын тарылып барады деп есептейді.

🗣 "Биыл журналист Думан Мұхаммедкәрім сотталды. Әйгерім Тілеужан түрмеде отыр. Қудаланып жатқан белсенділердің соттарын саусақпен санарлық БАҚ көрсетіп, жазып жатыр. Қазір саяси журналистикамен айналысу өте қиын" деді ол.

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Ресей сарбаздары тұтқынға түскен бес украин сарбазын атып өлтірген деді Украина Жоғарғы Радасының адам құқықтары жөніндегі комиссары Дмитрий Лубинец

Бұл оқиғаның дроннан түсірілген видеосы жақында ресейлік телеграм-арналарда тараған. Лубинец видеоның шын екенін растады, бірақ оқиға нақты қай жерде және қай уақытта болғанын айтпады. Омбудсмен қылмысқа дәлел болатын айғақтарды БҰҰ мен Халықаралық Қызыл крест комитетіне жіберуге уәде берді.

Ресей қорғаныс министрлігі желіде тараған видеоға байланысты түсініктеме берген жоқ.

🇺🇦 Ресей Украинаға басып кіргелі Украинаның Бас прокуратурасы әскери және ел қауіпсіздігіне қарсы жасалған қылмыстар бойынша 170 мыңға жуық қылмыстық іс қозғаған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🔴 Тәжікстанда мыңдаған көріпкел мен емші ұсталды. Үкімет бақсы-балгерге қарсы науқан бастап, президент милицияның рейдтерін құптап отыр. Ал ел арасында билік жұмыссыздық, электр энергиясының тапшылығы сияқты әлдеқайда маңызды мәселелермен айналысса болар еді деушілер көп.

Севара төрт жыл бірге тұрған күйеуімен ажырасқан. Бірге тұрып жүргенде ерлі-зайыптылардың арасындағы ұрыс-керіске көбінесе күйеуінің «бір жұмысты тұрақтап істей алмауы» себеп болған.

Бұрын бір шаңырақтың астында тұрған екеу қазір сөйлеспейді, ал Севара көкейін тескен көп сұрақтың жауабын балгерден белгісі келді. Тәжікстан астанасы Душанбеде үйіне жақын маңнан балгер де тапты.

«Балгер біреу біздің некемізді бұзу үшін дуалағанын айтты. Солай болса, солай шығар», — дейді Севара (кейіпкердің өтінішімен аты өзгертілді). 33 жастағы келіншек балабақшаға тәрбиеші болып істейді...

Толығырақ оқыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Вице-премьер Серік Жұманғарин ұлттық экономика министрі болып тағайындалды.

Жұманғарин 2023 жылдың қыркүйегінен бері премьер-министрдің орынбасары болған. 2022-2023 жылдары вице-премьер – сауда және интеграция министрі қызметін атқарған. 2020-2022 жылдары бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігіне жетекшілік еткен.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Желтоқсан" қалай құрылды? 35 жыл бұрынғы бейресми ұйымның қадамы

Желтоқсан оқиғасына қатысқан адамдардың құқығын қорғайтын "Желтоқсан" бірлестігіне биыл 35 жыл толды. Ұйымды алғаш құрған Қалдыбай Әбенов, Хасен Қожахмет және Аманжол Нәлібаев сол кезде Азаттық радиосына сұхбат берген. Бүгінгі сұхбатында Ерлан Декелбаев та сол күндерді еске алды.

🎧Азаттық сайты
🎧
Youtube
🎧
Apple podcasts

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Қазақмыс" ереуілдеген кеншілермен келісімге келгенін хабарлады

"Қазақмыс" компаниясы ереуілдеген Оңтүстік Жезқазған кенішінің жұмысшыларымен "өзара қолайлы келісімге" келгенін хабарлады. Жұмыс берушінің хабарлауынша, Ұлытау облысында ереуілдеген жұмысшылар 13-жалақыға қосымша 30 пайыз үстемақы қосуға, сонымен бірге тоқсан сайынғы сыйақы мен жалақыны инфляция деңгейіне қарай индекстеуге келіскен.

Толығырақ оқыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

❗️"Курск облысы Рыльск қаласына ракетамен шабуылдан кемі алты адам қаза тапты, арасында бір бала бар. Он адам ауруханаға түсті" деді аймақ губернаторының міндетін атқарушы Александр Хинштейн.

Алдын ала ақпарат бойынша, Украина әскері Рыльск қаласын алты ATACMS ракетасымен шабуылдаған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🔴 "Қазақмыс" шахтасындағы ереуіл. Не белгілі?

🔸 Сәтбаев қаласындағы "Қазақмыс" корпорациясына тиесілі шахта кеншілері 17 желтоқсаннан бастап ереуілдеп жатыр. Жұмысшылар негізінен жалақыны өсіруді, еңбек жағдайын жақсартуды талап етеді. Олар жұмысты тоқтатқан.

🔸 "Қазақмыстың" PR департаментінің басшысы Арман Әлібектің сөзінше, "түсіндіру жұмыстарынан" кейін "Саяқ" (Қарағанды), "Жайсан" және "Шатыркөл" кеніштері (Жамбыл облысы) мен "Жезқазған мысбалқыту" зауытының жұмысы қайта жалғасқан. Олар "Оңтүстік Жезқазған" кенішіндегі әріптестерін қолдау мақсатында жұмыстарын уақытша тоқтатқан еді.

🔸 "Оңтүстік Жезқазған" кеншілерімен келіссөз жалғасып жатыр. Бұған дейін басқарма төрағасы кеніш бригадирлерімен кездесіп, жұмысшылардың талаптарын талқылаған. Нәтижесінде 13-жалақыға 30 пайыз үстемақы қосу туралы шешім қабылданды.

🔸 Арман Әлібектің сөзінше, келіссөз аясында жұмысшыларға екі ұсыныс жасалған. "Біріншісі, ол жалақыны 8,5 пайызға өсіріп, тоқсан сайын 50 айлық есептік көрсеткіш сыйақысын қосымша төлеу. Екіншісі жалақыны 15,6 пайызға индекстеу. Осы ұсыныстарды түсіндіру үшін [басшылық] шахтаға түсіп, жұмысшылармен тіке кездесу де өткізді" деді компания өкілі.

🔸 Азаттық тілшісі 20 желтоқсанда ереуілшілердің бірімен де сөйлесіп көрген. "Әлі шешілген жоқ. [Ереуілшілер] жер астында отыр. Олар [жұмыс беруші компания] қорқытып жатыр. Неше түрлі қоқан-лоқы жасайтын варианттар айтып, қудалап жатыр. Тіке айтпаса да, соған қиыстырады" деді аты-жөнін атағысы келмеген ереуілшілердің бірі Азаттыққа.

🔸 Осыған дейін жұмыс беруші "жалақыны өсіру компания шахталарының табысына қауіп төндіруі мүмкін" деп айтқан еді. 19 желтоқсанда еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі "Қазақмыс" жұмысшыларының ереуілін "еңбек заңнамасына қайшы" деп атап, ереуілшілерді жұмысқа оралуға шақырған.

🔸 Бұған дейін жұмысшылар Азаттыққа наразылық кемі алты шахтада болып жатқанын айтқан еді. Олардың сөзінше, 1500 жуық адам жер бетіне шықпай отыр. Бірақ "Қазақмыс" корпорациясының ресми өкілі Арман Әлібек Азаттыққа "наразылық тек екі шахтада жүріп жатыр, 250-дей жұмысшы ереуілдеп тұр" деген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Respublika.kz.media порталы хакерлік шабуылға ұшырағанын мәлімдеді

Сайт өкілдерінің жазуынша, шабуылдаушылар “ресурстың база қорын жоймақ болған”. Олар кейінгі бірнеше айда интернет-ресурсқа осы тәрізді бірнеше рет шабуыл жасалғанын айтты.

Нәтижесінде сайт бірнеше рет істемей қалды, деректер қорын қалпына келтіруде мәселе туындады” деп жазылған интернет-порталдың 20 желтоқсан күнгі мәлімдемесінде.

Редакция өкілдері кибершабуылдың саяси астары бар деп санайды. Олар сайтқа шабуылды Киевте қаза болған қазақстандық журналист, белсенді Айдос Садықов туралы зерттеулермен байланыстырады.

Портал өкілдері бұл мәлімдемені дайындап жатқанда сайттың біртіндеп ашыла бастағанын, бірақ суреттер мен жекелеген сілтемелермен әлі де мәселе барын жазды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Зеленский “Орешникпен дуэльге шығуды” ұсынған Путиннің сөзін сынады

“Оны адекватты адам деп ойлайсыздар ма?” деді Брюссельдегі баспасөз конференциясында журналистердің сұрақтарына жауап берген Зеленский.

Жиында Зеленский Украина атысты тоқтату мәселесіне де тоқталды.

“Атысты тоқтату мәселесі бойынша. Украина соғысты тоқтатып қойып, өмір сүре алмайды... Бүгін атысты тоқтату үшін ертең не болатынын білу керек” деді ол.

Ол сонымен бірге АҚШ пен Еуроодақтың бірігіп отырып, Киевтің қауіпсіздігіне кепілдік беру маңыздылығын да атап өтті.

“Украинаға Еуропаның ғана кепілдік беруі жеткіліксіз. Бұл тек Еуропа жетекшілерімен ғана талқылайтын шаруа емес, себебі біз үшін нағыз кепілдікті – қазіргі немесе болашақ НАТО бере алады. Ал НАТО шешім қабылдағанда АҚШ пен Еуропаға сүйенеді” деді Зеленский.

Бір күн бұрын тікелей эфир кезінде Ресей басшысы Владимир Путин тағы "Орешник" ракетасының "теңдессіз қасиеттеріне" тоқталып, Батысты "дуэльге шақырған еді".

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 АҚШ-та өкілдер палатасы үкіметті уақытша қаржыландыру туралы заң жобасын кері қайтарды

Құжатты Трамп қолдаса да мемлекет шығынына қатысты қатаң көзқарас ұстанатын ондаған республикашыл оған қарсы болды деп жазды "Америка дауысы" сайты.

Федералдық агенттіктерді қаржыландыру 20 желтоқсанда аяқталады, демалыс күндері түрлі қызметтің жұмысы тоқтауы мүмкін. Бұл 2018 жылдың желтоқсанынан бергі алғашқы шатдауын болуы ықтимал. Ол кезде шатдаун 34 күнге созылған еді.

Заң жобасы бейсенбі күндіз таныстырылған. Құжат үкіметті қаржыландыруды 14 наурызға дейін қазіргідей деңгейде қалдыруды, Трамп президенттігінің алғашқы екі жылында мемлекет қарызының шегін белгілемеуді, табиғи апаттың салдарын жоюға шамамен 100 млрд доллар бөлуді, фермерлерге экономикалық көмек ретінде шамамен 10 млрд доллар қаражат бөлуді қарастырады.

АҚШ-тың қайта сайланған президенті Дональд Трамп пакетті бірден қолдап, "Америка халқы үшін өте тиімді келісім" деп атаған еді.

Бейсенбі күнгі дауыс беру кезінде құжатты 174 конгресмен қолдап, 235-і қарсы шықты, біреуі қалыс қалды. Демократтар жетекшісі Хаким Джеффрис заң жобасын "ісі күлерлік" құжат деп атаған.

Үкімет сенбіге қараған түні-ақ өзінің міндеттерінің бірқатар бөлігін орындай алмай қалады, шамамен 875 мың қызметкер ақысыз демалысқа жіберілуі мүмкін деп жазды сайт.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 ҚАЖК Думан Мұхаммедкәрім этаппен әкетілгенін растады, бірақ қай мекемеге жібергенін айтпады

🗣№71 мекемедегі құқықтық тәртіпті сақтау мақсатында сауалда көрсетілген сотталушы сот үкіміне сәйкес жазасын өтеу үшін түзеу мекемесіне жіберілді” деген қылмыстық-атқару жүйесі комитеті “Власть” сайтына жіберген жауабында.

Бұған дейін адвокат Ғалым Нұрпейісов қамаудағы журналист Думан Мұхаммедкәрімді 19 желтоқсанда Талдықорғандағы мекемеден Қызылордаға этаппен әкетілгенін хабарлаған. Оның нақты қай мекемеге жіберілгені белгісіз. Адвокаттың сөзінше, журналистің денсаулығы нашарлаған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🔴 Demoscope: Қазақстандықтардың жартысынан көбі (53,1%) бірыңғай уақыт белдеуіне көшуді қолдамайды

Респонденттердің 22,1% шешімді қолдаса, 15,5% мәселеге бейтарап қарайды. Demoscope қоғамдық пікірді зерттеу бюросының қараша соңы мен желтоқсан басында жүргізген “2024 жылы Қазақстанда болған ең айтулы оқиғалар” атты сауалнамасының нәтижесі осыны көрсеткен.

Қазақстанның барлық дерлік облысында бұл шешімді қолдамайтын азаматтардың үлесі басым екені байқалады. Әсіресе, уақыт бір сағат артқа жылжыған өңірлерлерде наразылық айқын көрінеді” деп жазды зерттеу авторлары.

Сауалнамаға 17 облыс пен республикалық маңызы бар қаладан 1100 адам қатысқан.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Досаев ҚазҰУ жерін мемлекетке қайтару жөнінде: Екі инстанцияда жеңдік, кассацияны күтіп отырмыз

Алматы әкімі Ерболат Досаев бұрын Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіне тиесілі болған жер мемлекетке әлі қайтарылмағанын растады. Оның сөзінше, сот әлі аяқталмаған.

"(Жерді мемлекетке қайтару туралы) тиісті сот шешімі бар, алайда ол кассация кезеңінде. Екі инстанцияда жеңдік. Қазір күтіп отырмыз. Жер иесінің өзі шешім қабылдайды деген үміттеміз" деді Досаев.

Мемлекетке қайтарылғаннан кейін ол жерге қатысты қандай жоспар бар? деген Азаттық тілшісінің қосымша сұрағына Досаев "ол рекреация аймағында тұр, солай болып қалады" деді.

Әл-Фараби атындағы ұлттық университет жерінің Әл-Фараби даңғылымен шектесетін оңтүстік бөлігінде экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы Тимур Құлыбаевтың иелігіндегі компания "Atlas development" заманауи бизнес орталық сала бастаған.

2021 жылдан бері жұрт назарында болған дау Қаңтар оқиғасынан кейін жаңа сипат алған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Семей қаласында Жаңа жыл мерекесіне арналған шыршаны құруға барған мұғалім биіктен құлап, ауруханаға түсті

🎄 Абай облысының білім басқармасы осы оқиғаға байланысты қызметтік тексеріс жүргізіп, қаладағы білім бөлімінің басшысы қызметінен босатылды.

Әлеуметтік желіде мұғалім 4-5 метр биіктен құлады деген ақпарат тарады.

❗️Зардап шеккен мұғалім Қуат Айтқалидің әйелі Сымбат Аянқызының Азаттыққа айтуынша, оқиға сенбі, 21 желтоқсанда болған. Екі күн жансақтау бөлімінде жатқан мұғалім бүгін оянған.

🗣 "Басына ота жасалды, қазір есін біледі" деді ол.

Аянқызының айтуынша, мұғалімдердің шырша құруға баратыны телефонмен ауызша айтылған, қағаз жүзінде құжат болмаған.

Қуат Айтқали істейтін мектеп директорының міндетін атқарушы Нұрлан Дәлелханұлы мұғалімнің шырша құруға барғанынан хабарсыз болғанын айтты. Сөзінше, білім бөлімі бұл жайлы директорға хабарласқан.

❗️Дүйсенбіде Абай облысының білім басқармасы қызметтік тексеріс нәтижесінде Семей қаласындағы үш мектептің мұғалімдері жаңа жылдық шыршаны безендіруге заңсыз тартылғаны анықталды деп хабарлады.

🗣 "Директорларға қатаң тәртіптік шара қолданылды" деп мәлімдеді басқарма.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Ресей билігі Қара теңіз бен Азов теңіз арасында танкерлер батып кетіп, аннексияланған Қырымдағы Керчь жағалауынан мазут табылғаннан кейін аймақта төтенше жағдай жарияланды

Екі ресейлік танкер "Волгонефть 212" және "Волгонефть 239" Керчь бұғазында 15 желтоқсанда апатқа ұшыраған. Алдын ала мәлімет бойынша, апатқа кеме экипажының дауыл кезінде қателесуі себеп болған.

Танкерлер шамамен 9 мың тонна мазут әкеле жатқан.

Greenpeace зертханасының жетекшісі Пол Джонсон "Медуза" сайтына апат Қара теңіздегі ең ірі техногенді апаттардың бірі болуы мүмкін деп мәлімдеген. Суға батқан танкерлерден шыққан мазут су бетінде ұзақ уақыт қалқып тұруы ықтимал.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Грузия президенті Саломе Зурабишвили ел үкіметіне парламент сайлауын қайта өткізетін күнді шешуге бір апта уақыт берді

🇬🇪 Оппозиция биыл күзде өткен парламент сайлауының ресми қорытындысына және Грузия үкіметінің Еуроинтеграцияға деген саясатына қарсылық білдіріп келеді. Мұны қолдаған Зурабишвили наразылықтар "жаңа кезеңге" өтіп жатыр, елдегі саяси дағдарыс тек жаңа сайлау өткізгенде шешілуі мүмкін деді.

Тбилисиде көптің алдында сөйлеген президент билікте отырған "Грузин арманы" партиясының бейресми басшысы миллиардер Бидзина Иванишвили мен оның партиясының басқа да басшыларын жаңа сайлау күнін белгілеу жөнінде келіссөз жүргізуге шақырды.

Зурабишвилидің өкілеті бір аптадан кейін, 29 желтоқсанда аяқталады. Бұған дейін сайлаушылар алқасы биліктегі "Грузин арманы" партиясы ұсынған бұрынғы футболшы Михаил Кавелашвилиді сайлаған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматы полициясы қаладағы орталық мешіт маңындағы жолда намаз оқыған 30-дан астам адам әкімшілік жауапқа тартылғанын хабарлады.

"Құқық бұзғандарға шара қолданылды: 614-бапты (қоғамдық көліктің қозғалысына кедергі келтіру) бұзған 30-дан астам адам әкімшілік жауапқа тартылды" деп жазылған полицияның 21 желтоқсан күнгі хабарламасында.

Алматы полициясы Азаттыққа ер адамдарға айыппұл салынғанын айтты.

Көшеде ер адамдардың намаз оқып жатқаны көрінетін видео желтоқсан басында тараған. Видеода көше ортасында ондаған адамның құлшылық жасап жатқаны, ал олардың ар жағында жедел жәрдем көлігі жолдан өте алмай, сигнал беріп жатқаны көрінеді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Нұрлан Байбазаров вице-премьер - ұлттық экономика министрі қызметінен босатылды. Сенбі күні Ақорда сайтында тиісті жарлық жарияланды.

Байбазаров бұл қызметке биыл ақпанда тағайындалған. Оған дейін "Бәйтерек" ұлттық холдингін басқарған. 2022-2023 жылдары "Қазақстанның даму банкіне" жетекшілік еткен.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Риддердегі жылу электр орталығында “газ-ауа қоспасы жарылып”, алты адам жарақаттанып, ауруханаға түскен.

Оқиға 21 желтоқсанда сағат 4:39-да көмір конвейерінде дәнекерлеу жұмыстары кезінде болған.

Станция істеп тұр, бірақ желіде қысым азайған.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Думан Мұхаммедкәрім Қызылордадағы N68 мекемесіне жеткізілді деп хабарлады адвокат Ғалым Нұрпейісов

Бұған дейін адвокат қамаудағы журналисті 19 желтоқсанда Талдықорғандағы мекемеден Қызылордаға этаппен әкетілгенін хабарлаған. ҚАЖК этапталғанын растағанмен қай мекемеге жіберілгенін айтпаған еді. Адвокаттың сөзінше, журналистің денсаулығы нашарлаған.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Курск облысына ракетамен шабуылдан қаза тапқандар бар

Ресейдің Курск облысы Рыльск қаласына ракетамен шабуылдан кемі екі адам қаза тауып, 25 адам жараланғаны айтылды. Бұл туралы Курск облысы губернаторының міндетін атқарушы Александр Хинштейн айтты. Ол шабуылға Украинаны айыптады.

Рыльск қаласы Украинамен шекарадан 30 км жерде орналасқан. Медуза сайтының жазуынша, мұнда 15 мыңдай адам тұрады.

Рыльск ауданының басшысы Андрей Белоусов журналистерге әлеуметтік инфранысандар, педколледж, мәдениет үйі, мектеп бүлінгенін айтқан.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🔴 "Қазақмыс" жұмысшылары Тоқаевқа қайырылып, қысымға шағымданды

17 желтоқсаннан бері ереуілдеп жатқан "Қазақмыс" корпорациясының жұмысшылары президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа қайырылып, күштік құрылым өкілдерінің өздеріне қысым жасап жатқанын айтып, шағымданды.

Кеншілердің видеосы әлеуметтік желіде тарады. 

Онда үндеу авторлары кеншілердің талабын "Қазақмыс" корпорациясының басшылары елемей отырғанын айтып, құрылған бастама тобына арнайы қызмет өкілдері қысым жасап, қорқытып жатқанын айтады. 

"Тек қана қорқытып қана емес, "корпорациядан қайта-қайта ақша сұрай бересіңдер, соттатамыз" дегенге дейін жеткізді. Бұл ереуіл, митинг емес, жұмыс беруші мен жұмысшылар арасындағы дау" деді видеомәлімдемеде үндеуді оқыған жұмысшылардың бірі. 

Үндеу авторлары интернетте "Қазақмыс" жұмысшыларының ең төменгі жалақысы "800 мың теңге екен" деген жалған ақпарат тарап жатқанын айтып, ақпаратты жоққа шығарды. 

Олардың сөзінше, бұған дейінгі келіссөздерде жұмысшылар үш талап қойған: қудалауды тоқтату, 13-айлықты дұрыс төлеу және оклад көлемін "бірден бірге көбейту" (екі есе арттыру).

"Тым жоғары баға қойып отырсыңдар" дегеннен кейін олар өзара ақылдасып, үшінші талапты біраз өзгерткен. 

"Үшінші күні осындай шешім қабылдап, басшыларға жеткізейікші десек, басшылар бізбен келісімшарт жасаудан бас тартып отыр. Біз қазір окладты бірге-бір ету емес, окладқа 300 мың теңге қосуды; тоқсан сайын 50 АЕК көлемінде сыйақы және оклад пен 13-айлықтың шын көлемі арасындағы айырмашылықты төлеуді сұрап отырмыз. Біздің талаптарымызды орындап, ҰҚК тарапынан қыспаққа алмаауды сұраймыз. Біз қоғамдық тәртіпті бұзып отырған жоқпыз" дейді үндеуді оқыған жұмысшы. 

ҰҚК әзірге түсініктеме бермеді. 20 желтоқсанда желіде тараған видеолардың бірінде автор полиция деген жазуы бар автобусты нұсқап "шахтадарға таратып жатыр ғой" деймін деп айтады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 "Қазақмыстағы" ереуіл: Компания үстемақы төлене бастағанын, жұмысшы қоқан-лоқы жасалғанын айтты

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласындағы "Қазақмыс" корпорациясына тиесілі шахта кеншілері 17 желтоқсаннан бастап ереуілдеп жатыр. Жұмысшылар негізінен жалақыны өсіруді, еңбек жағдайын жақсартуды талап етеді. Олар жұмысты тоқтатқан.

Жұмыс беруші компания төрт кеніште тараптар өзара ымыраға келіп, жұмыс штаттық режимге көшкенін хабарлады.

"Қазақмыс" корпорациясының PR департаментінің басшысы Арман Әлібектің сөзінше, "түсіндіру жұмыстарынан" кейін "Саяқ" (Қарағанды), "Жайсан" және "Шатыркөл" кеніштері (Жамбыл облысы) мен "Жезқазған мысбалқыту" зауытының жұмысы қалпына келтірілген.

"Оңтүстік Жезқазған" кеншілерімен келіссөз жалғасып жатыр. Бұған дейін басқарма төрағасы кеніш бригадирлерімен кездесіп, жұмысшылардың талаптарын талқылаған. Нәтижесінде 13-жалақыға 30 пайыз үстемақы қосу туралы шешім қабылданды. Ол бүгін төлене бастады" деді Арман Әлібек.

Ал Азаттық сөйлескен кейбір ереуілшілер басшылық тарапынан қысым мен қудалау басталғанын айтты.

"Әлі шешілген жоқ. [Ереуілшілер] Жер астында отыр. Олар [жұмыс беруші компания] қорқытып жатыр. Неше түрлі қоқан-лоқы жасайтын варианттар айтып, қудалап жатыр. Тіке айтпаса да, соған қиыстырады" деді аты-жөнін атағысы келмеген ереуілшілердің бірі Азаттыққа.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🔴 Путиннің 4,5 сағаттық сұрақ-жауап сессиясында Украина жайлы не айтылды?

Ресей президенті жыл қорытатын сұрақ-жауап сессиясында Украина жөнінде мәмілеге келуге дайын екенін, бірақ іле шала сол мәмілеге көп шарт қоятынын айтты. Бұл шарттар орындалса, Украина Мәскеудің құрығындағы елге айналмақ.

Ресей басшысы Мәскеу Украинаны бағындыру және НАТО мен Батыс елдерінен қауіпсіздік кепілдемесін алу туралы мақсатынан бас тартпайтынын кесіп айтты. Ол сондай-ақ Украина президенті Владимир Зеленскийді келіссөз жүргізуге жарайтын легитимді әріптес көрмейді.

Путин жиі жөткірінгенімен, өзін байсалды ұстауға тырысып, Ресей ұзақ уақыт соғысуға, Украина қару-жарағын сарқып, қорғанысын әлсіретуге дайын екенін мәлімдеді.

"Көп ұзамай соғысуға дайын украиндер таусылады. Жақында соғысқа барғысы келетін ешкім қалмайды. Біз дайынбыз, бірақ қарсы тарап та келіссөздерге, ортақ мәмілеге дайын болуы керек", — деді Путин.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🔴 Ресей Киевке соққы жасады, зардап шеккендер бар

20 желтоқсанда таңертең Ресей әскері Киевке ракетамен соққы жасады, зардап шеккендер бар деп хабарлады қала мэрі Виталий Кличко.

Ракета бөлшектері Голосеев, Соломенск, Шевченков аудандарына құлаған. Үйлердің шатыры, көліктер өртенген. Екі адам ауруханаға түскен. Кемінде бір адам қаза болған. Кеңсе ғимараттары, жолдар бұзылғаны хабарланды.

Monitor арнасының хабарлауынша, ресейліктер Киев қаласы мен облысына кемінде бес баллистикалық ракета және екі аэробаллистикалық “Кинжал” ракеталарымен соққы жасаған. Баллистикалық ракеталар Брянск облысынан ұшырылған, “Кинжал” ракеталарын МиГ-31 ұшағы жіберген.

“Нысаналарға ракеталардың кейбірі жеткен жоқ” деп жазды Monitor

Видео: УНИАН

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🔴 “2024 жылы Қазақстанда болған есте қаларлық 2-3 оқиғаны айтыңыз” деген сұрақта (10,8%), АЭС референдумы (10,4%) және Талғардағы Шерзат Полаттың қазасы (7,8%) салыстырмалы түрде жиі аталған.

Бюроның зерттеуінше, қазақстандықтарды көбіне төмен жалақы (37,6%), қымбатшылық (28,3%) және жемқорлық (26,8%) алаңдатады.

“DEMOSCOPE сауалнамасы қазақстандықтар өмірдің негізгі салаларына да көңілі толмайтынын анықтады. Ең көп сынға қалғандары: экология (54%), экономика (46,5%) және азаматтардың өмір сүру деңгейі (43,3%). Сонымен қатар келесі салаларға да теріс баға берілді: жұмыспен қамту (32,9%), денсаулық сақтау (31,4%), құқық тәртібі мен қауіпсіздік (26,6%), білім беру (26,3%), саяси және азаматтық еркіндік (20%)” дейді зерттеу авторлары.

Олардың сөзінше, 2023 жылғы көрсеткіштермен салыстырғанда “динамикадағы деректер барлық бағыттар бойынша орташа 8%-ке нашарлағанын көрсетеді”.

“DEMOSCOPE зерттеуі мемлекеттік шешімдерді қазақстандықтардың көп бөлігі қолдамайтыны әлеуметтің көңілі толмайтынын көрсетеді. Бұл факторлар болашақта наразылық көңіл-күйінің артуына және әлеуметтік тұрақсыздыққа әкелуі мүмкін” деп түйіндейді зерттеу авторлары.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🔴 2024 жылы полицияға отбасындағы күш көрсету оқиғаларына қатысты шамамен 100 мың хабарлама келіп түскен. 72 мың қорғау нұсқамасы берілген, 16 мың оқиға бойынша сот шешімі шықты. Үкімет мәлімдемесінен “Власть” үзінді келтіреді.

Жыл басынан бері дағдарыс орталықтарына 5,5 мың әйел жіберілген, 3,7 мыңы – балалары бар әйелдер. Қазақстанда осындай 69 орталық бар.

Соған қарамастан үкімет кейінгі бес жылда әйелдің құқығына нұқсан келтіретін қылмыстар саны екі есеге қысқарғанын айтып отыр. Оның ішінде күш көрсету қылмысы – 37,9%, адам өлтіру – 49,3%, денеге ауыр зақым келтіру 8,7% азайған деп айтылады.

Дегенмен қазақстандық құқық қорғаушылар көп жағдайда жәбірленушілер арыз бере алмағандықтан немесе қорыққандықтан отбасындағы күш көрсету оқиғалары статистикадан толық көрінбейтінін, шын мәнінде мәселе ушыққанын айтқан.

🔴 Оқи отырыңыз: Әр төртінші өлім отбасында болады. Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы не білеміз?

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Путин Курскіде ауыр шайқас болып жатқанын мойындады

Ресей президенті Владимир Путин орыс әскері Украинадағы әскери міндетін “аяқтауға жақындады” деп мәлімдеді. Ол келіссөз бастауға да дайын. Алайда Еуропаның кейбір елдері келіссөз бастауға ерте, себебі қазір Ресейдің позициясы күшті дейді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…
Subscribe to a channel