azattyq | News and Media

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Subscribe to a channel

Azattyq - Азаттық

🔴 Адвокат: Думан Мұхаммедкәрімді этаппен Қызылордаға әкетті

Кеше Думан Мұхаммедкәрімді этаппен Қызылордаға әкетіпті. Қай жерге екені әзірге, белгісіз” деді адвокат Ғалым Нұрпейісов Азаттық тілшісіне.

Бұған дейін өзін Алматы облысындағы түрмеге ауыстыруды талап етіп, аштық жариялаған журналист адвокаттың сөзінше, 7 желтоқсанда аштықты тоқтатқан. Адвокаттың айтуынша, Думан Мұхаммедкәрімнің денсаулығы нашар.

Оның денсаулығы нашар. Өйткені бүйрегі қатты ауырады. Ол отыра алмайды, не тұрады немесе жатады. Біз медициналық көмек көрсету туралы талай өтініш жасағанбыз” деді Ғалым Нұрпейісов.

ҚАЖК әзірге түсініктеме бермеді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Маңғыстау облысының әкімдігінде өзін өртеген ер адам көз жұмды

Ер адамның қаза болғанын Маңғыстау облыстық ауруханасының бас дәрігері міндетін атқарушы Руслан Бекібаев Orda.kz сайтына айтқан.

Оның сөзінше, ер адам 17 желтоқсанда таңертеңгі сағат 9-да көз жұмған. Ол 12 күн реанимацияда жатқан.

Оның денесінің 98 пайызы күйген. Қатты ауырсынбасын деп біз оны жасанды комаға (медикаментозный сон – Р.Б) жатқыздық. Бірақ одан кейін оның қан қысымы түсіп кетті, ізінше күйіктен шок алып, көз жұмды” деді Бекібаев.

5 желтоқсанда облыс әкімдігіне бір ер адам аймақ басшысымен кездесуге барған. Оған "бейсенбі күні азаматтарды қабылдамайды" деп айтқаннан кейін ер адам өзін өртеген.

Полиция "қол жұмсау жағдайына жеткізу" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаевтың жазуынша, ер адам Samruk Business Academy-ның "Токмак" зауыты құрылысы жобасында істеген. Жұмыс көлемі біткеннен кейін бұрынғы жұмысшы өзін компанияға штатқа алуды талап еткен деп айтылады.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣Өзін республика жариялап алған Абхазияда парламенттегі атыстан бір депутат қаза болды деп хабарлады жергілікті билік. Атыс кезінде тағы бір депутат жараланған.

АМРА-life телеграм-арнасының жазуынша, депутаттар майнингке тыйым салу туралы заң жобасын талқылау кезінде сөзге келіп қалған.

Адгур Харазия және Кан Кварчия сөзге келіп қалып, ақыры Адгур тапаншасын алып, Канды ата бастады. Қаза болған Вахтанг Голандзия екеуін ажыратпақшы болған” деп жазды басылым.

Абхазияның денсаулық сақтау министрлігі Голандзияның көз жұмғанын растады. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы жеткен.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Америкалық NBC арнасының тілшісі Путиннен “Украинамен келісімге келуге дайынсыз ба?” деп сұрады

Путин келіссөзден Украина жағының бас тартқанын айтты.

Ол 2022 жылы Стамбұлда-ақ келісімге қол жеткізуге болушы еді деді.

Бірақ сіздердің жақтастарыңыз Джонсон (Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Борис Джонсон) келіп, соңғы украин азаматы қалғанша соғысу керек деді. Міне, енді соғысып жатыр, бірақ украиналықтардың өздері аз қалды” деді Путин тікелей эфир кезінде.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Министрлік “Қазақмыс” жұмысшыларының ереуілін “еңбек заңнамасына қайшы” деп атап, ереуілшілерді жұмысқа оралуға шақырды

17-18 желтоқсанда «Жезқазғантүстімет» өндіріс басқармасының бірнеше шахтасының жұмысшылары жалақыны өсіруді талап етіп, жұмысты тоқтатты. Олар еңбек заңнамасындағы талап қою және оны жұмыс берушінің қарастыру тәртібі жазылған ережелерді бұза отырып, жасаған” деп жазылған еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің хабарламасында.

Ұлытау облысы Сәтбаев қаласындағы "Қазақмыс" корпорациясына тиесілі бірнеше шахта кеншілері 18 желтоқсан таңертеңнен бастап ереуілдеп жатыр.

Жұмысшылар негізінен жалақыны өсіруді, еңбек жағдайын жақсартуды талап етеді.

Біз өте қауіпті жерде жұмыс істейміз. 12 сағатқа жер астына түскенде кері шықпауымыз да мүмкін. "Қазақмыс" игеріп жатқан мемлекет байлығының қалай, қайда кетіп жатқанын да білгіміз келеді", – деген еді ереуілшілердің бірі Азаттыққа.

Осыған дейін жұмыс беруші “жалақыны өсіру компания шахталарының табысына қауіп төндіруі мүмкін” деп айтқан еді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Путин тікелей эфирінде "Орешник" ракетасын атып түсіруге мүмкіндік жоқ" деп, Батысты "дуэльге шақырды".

"Егер батыс сарапшылары ["Орешник" ракетасын атып түсіруге] болады десе, бізге және Батыста қаржы беріп отырғандарға 21-ғасырда жоғарғы технологиялық дуэль ұсынсын. Киевтен бір нысананы анықтап, сол жерге ракетаға қарсы жүйелер қойсын, біз сол нысанды атып көреміз" деді ол.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣Өзбекстанда 22 жастағы студент Украинадағы соғысқа қатысқаны үшін бес жылға шартты түрде сотталды

Сотта студент 2021 жылы Мәскеудегі жеке жоғары оқу орнына түскенін, былтыр жазда құжаттары дұрыс болмағандықтан полицияға жеткізілгенін айтқан.

"Ол жақта мені Ресейге депортациялап, қылмыстық іс қозғайтынын айтты. Егер армияға қосылсаң, Ресей азаматтығын береміз деп уәде берді. Мен өз еркіммен келістім" деді студент.

Ізінше ол қорғаныс министрлігімен келісімшарт жасасып, бір жарым ай әскери дайындықтан кейін соғысқа жіберілген.

Өзінің сөзінше, ол 2023 жылы күзде – Луганск, 2024 жылы ақпанда Донецк облысындағы әскери қимылдарға қатысқан.

Жарақаттанғаннан кейін госпитальға түскен. Ресей азаматтығын алған. Әскери қызметкермен даудан кейін министрлікпен келісімшартты үзіп, Өзбекстанға оралған.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣Талғардағы оқиғаға рэп арнаған Талдықорған тұрғынына "Ұсақ бұзақылық" баба бойынша хаттама толтырылды

Талдықорған тұрғыны Карим Асылбековке “былапыт сөз айтқаны үшін” (434-бап, “Ұсақ бұзақылық”) әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл жөнінде рэпер әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

“Тректі сараптамаға жіберді. Шынымен ішінен [былапыт сөз] тапса, айыппұл төлеуім керек. Маған шамамен 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынуы мүмкін екенін айтты. Бұл 18-25 мың теңгенің айналасында. Өкінішті, тек қолдау ниетім болған”, деді рэпер Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Оның алдында рэпер Талғар оқиғасы туралы трекі үшін полицияға екі рет шақырылғанын айтқан.

“Карим Асылбеков Талдықорғанның орталық алаңы, облыстық әкімдіктің маңында тұрып видеоролик түсірген. Оның клипінде балағат сөз айтылған. Осылайша әкімшілік құқық бұзушылыққа барған” деп жазылған полиция хаттамасында.

Шамамен бір минуттық тректе әнші Талғардағы оқиғадан зардап шеккендердің отбасына көңіл айтып, елдегі бірқатар мәселелерді баян етеді. Жемқорлықтың өршігеніне, шындықты айтқандарды қудалап жатқанына өкініш білдіреді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Мәскеуде сақшылар қарақалпақ белсендісін ұстап, екі күннен кейін босатты

Мәскеудің Шереметьево әуежайында Өзбекстанның өтінішімен қарақалпақ белсендісі Жеткербай Әбдіраманов ұсталды. Ол саяси баспана сұрау үшін Мәскеуге ұшып барған. Бұл жөнінде құқық қорғаушы Виталий Пономаревке сүйенген Хельсинки қорының Түркімен бөлімшесі хабарлады. Қордың хабарлауынша, 16 желтоқсанда ұсталған белсендіні 18 желтоқсанда прокуратура босатқан.

Қордың хабарлауынша, Мәскеуде қамауда отырған кезде белсендіге Өзбекстанның құқық қорғау органдары хабарласып, "жақын арада оны сол жерден алып кететін" айтып, қоқан-лоқы жасаған.

Өзбекстанда "конституциялық құрылымға нұқсан келтіру" және "қоғам қауіпсіздігіне қатер төндіретін үнпарақ тарату" баптары негізінде оған іздеу жарияланған.

Өзбекстанда өзіне қарсы қылмыстық іс қозғалғаннан кейін Әбдіраманов Қазақстанға барған. Алайда 2022 жылы жазда Қарақалпақстанды егемендігінен айыратын Өзбекстан Конституциясына түзету енгізуге қарсы қол жинағаны үшін ұсталып, "көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін" 2023 жылы қаңтарда Қырғызстанға шығарылған.

Ақпаратқа қарағанда, ол бірнеше елден саяси баспана алуға ұмтылғанмен талпынысы сәтсіз аяқталған.

Бірнеше күн бұрын оны Стамбулдан Біріккен Араб Әмірліктеріне депортациялаған, енді оны Түркия, Қазақстан, Қырғызстан да кіргізбейді. Таныстарының сөзінше, әбден қапаланған Әбдіраманов Ресейден саяси баспана сұрамақшы болған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Әділет министрлігі: Қазақстан үкіметі мен Стати арасындағы дау реттелді

🗣 "Қазақстан үкіметі, Ұлттық банк пен Стати тараптары Tristan Oil жетекші кредиторларының қолдауымен және келісімімен Қазақстандағы мұнай-газ активтері туралы ұзаққа созылған дауды реттеуді сәтті аяқтады" деп мәлімдеді министрлік.

Келісімнің нақты шарты құпия. Министр Азамат Есқараев бұған бюджет қаржысы пайдаланылған жоқ деді.

Биыл шілдеде Қазақстан үкіметі мен Анатол Стати 14 жылға созылған арбитраж дауынан кейін келісімге келген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Сәтбаев қаласы маңындағы "Қазақмыстың" алты шахтасында жұмыс істейтін кеншілер жер бетіне шықпай тұр. Азаттық сөйлескен ереуілші мыңнан астам адам жұмысты тоқтатты деп айтты.

🗣 "Бүгін жұмысқа кірісуім керек еді, бірақ бізді жер астына түсірмей тұр. Өйткені ондағы адамдар көбейіп кете ме деп қорқады" деді аты-жөнін атағысы келмеген ереуілші.

Азаттыққа "Қазақмыс" кеншілерінің он шақты талаптан тұратын жазбасы түсті. Онда корпорацияға тиесілі кей шахтаны оптимизациялап, еңбек жағдайын жақсарту туралы талап айтылған.

🗣 "Жалақымыз 1 миллион 200 мың теңге деп ауыз толтыруға болады. Бірақ оны 100 пайыз көбейтуді сұраймыз. Доллар бағамы көтеріліп, ішетін тамақ, киетін киім мен коммуналдық төлемді есептегенде, ол ештеңеге жетпейді. Бұған қоса, біз өте қауіпті жерде жұмыс істейміз. 12 сағатқа жер астына түскенде кері шықпауымыз да мүмкін. "Қазақмыс" игеріп жатқан мемлекет байлығының қалай, қайда кетіп жатқанын да білгіміз келеді" деді аты-жөнін атағысы келмеген ереуілші.

"Қазақмыс" корпорациясының PR департаментінің басшысы Арман Әлібек "Оңтүстік Жезқазған" және "Жыланды" кеніштерінің жұмысшылары ереуілдеп тұрғанын растады.

Корпорация сайтында жариялаған мәліметте ереуілде тұрғандармен "Қазақмыс" корпорациясы ЖШС бас директоры және кәсіподақ ұйымдарының өкілдері түсіндіру жұмысын жүргізгені айтылған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

📹 Түркістанға ерекше мәртебе беру туралы заңды талқылаған мәжіліс депутаттары қалада арақ сатпауды ұсынды

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Қырғызстан министрлер кабинетінің төрағасы әрі президент әкімшілігінің басшысы болып Әділбек Қасымалиев тағайындалды

🇰🇬 Жарлыққа ел президенті Садыр Жапаров қол қойды. 18 желтоқсанда төраға бастаған министрлер кабинетінің мүшелері Жогорку Кеңеште (парламент) ант берді.

Садыр Жапаров министрлер кабинетінің бұрынғы төрағасы Ақылбек Жапаров салық жүйесіндегі заңсыздыққа байланысты қызметінен кеткенін айтып, мәселені саясиландырмауға шақырды.

Қасымалиев бұған дейін министрлер кабинеті басшысының бірінші орынбасары болған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Шымкенттегі жеке үйдің бірінде болған өрт салдарынан 51 жастағы әйел мерт болып, оның ұлы мен келіні және немересі ауруханаға түсті.

Оқиға 17 желтоқсан күні таңертең болған. Журналист Михаил Козачковтың мәліметінше, марқұм – Түркістан облыстық мамандандырылған тергеу соты төрағасының бұрынғы әйелі.

Өрт болған үйдің ауласынан керосин құйылған 5 литрлік екі пластмасса ыдыс және 10 литрлік канистр табылған.

Козачков телеграм-арнасында бұл жайтқа байланысты Қылмыстық кодекстің "Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру" және "Адам өлтіру" бабы бойынша іс қозғалды деп жазды.

Марқұмның жақындары оқиғаға байланысты қазір қандай да бір пікір бере алмайтынын айтты.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🔴 Орталық Азиядан шыққан мигранттардың көбі Украинадағы соғысқа, шектеудің күшеюіне және Ресейде ксенофобияның ушығуына байланысты Түркияға назар аударып отыр.

Виза режимі жеңіл болғандықтан бұл ел аймақ тұрғындары үшін бұрыннан тартымды болатын.

🇹🇷 Алайда, мигранттар кейінгі екі жылда Түркияда жұмыс істеп жатқан шетел азаматтары бірқатар қиындықпен бетпе-бет келіп отырғанын айтады: рейдтер, депортациялау және тегін жұмысқа салу жиілеген.

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Путин "Ресейді сақтап қалдым" дейді

Путиннің баспасөз мәслихатында ВВС News тілшісі соғыста қаза тапқандарды, НАТО-ның кеңейгенін, Ресей экономикасындағы мәселелерді айта келе "25 жыл бұрын Борис Ельцин отставкаға кетіп бара жатып, Ресейді сақтаңдар деген еді, сіз Ресейді сақтай алдыңыз ба?" деп сұрады.

Путин "иә, сақтап отырмыз. Мен Ресейді өз мүддесіне қатысты шешімдерді қабылдай алатын жеке державаға айналу үшін бәрін жасадым. Мен Ресейді жай ғана сақтап қалған жоқпын. Меніңше, біз құрдымнан сақтап қалдық, себебі Ресейде оған дейін және кейін болған жағдайдың бәрі біздің егемендігімізді жоғалтуға апара жатты" деді.

Ресей президенті "бақыттысыз ба?" деген сұраққа "бақыт үшін майданнан жігіттердің оралғаны керек" деп қысқа қайырды.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Путин Орталық Азияда орыс мектептер желісін дамыту туралы айтты

Орталық Азия елдерінде орыс мектептерін ашу жөнінде ұсынысты Путин Ресей аймақтарында еңбек мигранттарының жетіспей жатқандығы жөнінде сұраққа жауап берген кезде айтты.

Құрылыс саласында, өнеркәсіпте жұмыс күші жетіспейді. Олардың саны жүздеген мыңға барады. Мәселені шешудің қандай амалы бар? Еңбек мигранттарының санын азайту үшін жаңа технологияны пайдалана отырып, еңбек өнімділігін арттыру керек. Орталық Азия елдеріндегі әріптестерімізбен бірге жұмыс істеп, оларды осыған дайындау керек. Ол жақта орыс мектептер желісін дамыту керек” деді Путин.

Бұл тұста ол орыс тілін білмейтіндердің балаларын мектепке қабылдамауға жол ашатын заңды да еске салды.

Құқық қорғаушылар мен сарапшылар аталған құжат Ресей Конституциясына қайшы және елді онан сайын оқшауландыра түседі деп сынаған.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣Бектенов: Уақытты ауыстыру Нобель лауреаттарының ғылыми шешімі негізінде қабылданды

"2017 жылы америкалық ғалымдар тобы адамның циркадты ырғағын зерттегені үшін Нобель сыйлығына ие болды. Ғалымдар сол зерттеуде адам өзінің табиғи уақытында өмір сүрсе, өте пайдалы екенін дәлелдеген" деді 19 желтоқсанда Қостанайға сапары кезінде премьер-министр Олжас Бектенов.

Оның айтуынша, табиғи ритмге сәйкестендірілмеген уақытта өмір сүру жүрек-қантамыр, диабет сияқты ауруларды жиілетеді.

Бектеновтің сөзінше, бұрынғы UTC+6 белдеуі қазақстандықтар үшін табиғи уақыт белдеуі болмаған.

"Табиғи уақыт белдеуіне ауысу бәзбіреулерге ыңғайсыз болуы мүмкін. Адам ағзасы оған біртіндеп бейімделеді. Егер аймақтарда қандай да бір ыңғайсыздықтар туындаса, онда инфрақұрылым, жарықтандырумен жұмыс істеу керек, ыңғайлы кесте ұйымдастыру керек, бұған еңбек заңнамасы рұқсат береді" деді Бектенов.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Владимир Путин тікелей эфирге "Ресейдің экономикасы АҚШ пен еурозонаның экономикасынан да жылдам өсіп келеді" дейді. Бұған қоса, Курск облысын толық азат ететін нақты күнді атай алмады, "әскерилер күресіп жатыр" деді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресей президенті Владимир Путинге халық жолдаған сұрақтар экраннан шығып жатыр. "ТАСС", "Осторожно, новости", "Медуза" жариялаған суреттер.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Путин Курск облысындағы шайқастарға түсініктеме берді

Майдан даласындағы жағдай түбегейлі өзгеріп жатыр, майдан сызығының барлық бағыты бойынша қозғалыс жүріп жатыр. Күн сайын жауынгерлеріміз ... шаршы шақырым аумақтарды қайтарып жатыр” деді Путин бейсенбі күні тікелей эфир кезінде.

Оның сөзінен “Важные истории” үзінді келтіреді.

Тұрғындардың бірі одан Ресей әскерінің украин күштерінен Курск облысын қашан қайтаратынын сұраған.

Нақты күнін айта алмаймын, айтқым келмейді. Шайқас жүріп жатыр.... Жоспар бар. Бірақ нақты күнін айтпайды.... Осыдан кейін барлығы қалпына келеді, бәрі өздеріне тиесілі [баспананы] алады” деді Путин.

2022 жылдың ақпанынан бері Путин екінші рет тікелей эфирге шығып, сұрақтарға жауап беріп жатыр деп жазды BBC-дің Орыс қызметі.

Ұйымдастырушылардың сөзінше, Путинге 2 млн сұрақ түскен.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🔴Комсомол жетекшілігінен ұжымдық қауіпсіздік шарт ұйымы хатшылығына дейін: Иманғали Тасмағамбетовтің жолы

"НАТО жақындап келеді", "теріс пиғылды елдер" адам құқығын қорғау дегенді желеу етіп, ТМД-ға ақпараттық шабуыл жасап жатыр. Бұл Ресей телевидениесіндегі бағдарламаларда айтылып жүрген үйреншікті сөз емес. Бұрынғы қазақстандық жоғары лауазымды шенеунік, кейбіреулер "президент болады" деп жүрген саясаткер, бүгінде аймақтық Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовтің мәлімдемесінде айтылған сөздер.

Өзін "Назарбаевтың өнімімін" деп атаған Тасмағамбетовтің саяси жолы қалай өрбіді?

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

АЭС референдумы қарсаңында ұсталған "белсенді Айдар Мүбәраковтың жағдайы нашар"

Адвокаты Еркін Қаһаровтың айтуынша, 29 қарашадан бері аштық ұстап отырған белсендінің асқазаны бұрыннан ауыратындықтан жағдай ушыға бастаған. Оған жақындарын кіргізбей, қоғамдық қорғаушы ретінде танудан да бас тартып отыр деп жазды адвокат Facebook парақшасында.

“Барлық өтінішімізге құлақ аспай отыр. Прокуратура мен тергеу соты бүгін Айдардың қамау мерзімін тағы бір айға ұзартты” деп жазды адвокат. Іс құпияланған.

Мүбәраковтың тағы бір адвокаты Төлеген Берліқожаның сөзінше, Айдар Мүбәраковпен қатар қамуда отырған тағы бірнеше белсенді өздеріне қоғамдық қорғаушыны кіргізуді, қосымша сараптама тағайындауды талап етіп, прокуратураға арыз жазған.

Өткен аптада Мүбәраков отырған тергеу изоляторының қызметкері оның аштық жариялағанын растап, жағдайы “қалыпты” екенін айтқан еді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣AP: Курск облысында жүздеген Солтүстік Корея сарбазы жараланған және қаза болған

Бұл жөнінде Пентагонның жоғары лауазымды шенеунігіне сүйенген Associated Press және The New York Times басылымдары хабарлады. Бұл Ресей жағында соғысып жатқан Солтүстік Корея әскерінің шығыны жөнінде жарияланған алғашқы бағалау.

Агенттіктің дереккөзі қанша адам қаза болғанын нақтыламаған, бірақ едәуір адам шығынына Солтүстік Корея әскерінің соғыстағы тәжірибесіздігі себеп болғанын айтқан.

АҚШ мәліметінше, солтүстіккореялықтар Ресей әскерімен бірге және олардан бөлек те қимылдап жатыр.

Солтүстік Корея әскерінің шығыны жөнінде бұған дейін Пентагон мен Ақ үй хабарлаған, алайда жай-жапсарын айтпаған еді. Associated Press-тің жазуынша, Ресей күн сайын 1200-ге дейін солдатынан айырылады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

📹 Алматы әкімі Ерболат Досаев бүгін жылды қорытып, журналистер алдына шықты

Екі сағатқа созылған брифингте Досаевқа түрлі сұрақ қойылды.

Қала басшысының болашаққа жоспары көп.

Орталық "Сайран" автовокзалын қайтадан мемлекет меншігіне қайтаруға келіссөз жүріп жатқанын айтты. Метроны ұзартып, LRT салуды жоспарлап, BRT жобасын жалғастырамыз деді. Бұдан бөлек, ол қалада енді эконом санаттағы тұрғын үй салынбайтынын мәлімдеді.

🔸 Энергетика сарапшысы Әсет Наурызбаевтың әкім Досаевтың жұмысына бағасын сұрап көрдік. Жауабы видеода.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

⚡️ Чехия парламентінің депутаттары Ресей азаматтарына Чехия азаматтығын алуды қиындататын заңды қабылдады

🇷🇺 Заң жобасына сай, ресейліктер Ресей төлқұжатынан бас тартпаса Чехия азаматтығын ала алмайды. Негізі Чехия азаматтығын алғандар бұрынғы азаматтығын сақтап қалуға құқылы. Бірақ енді бұл құқық ресейліктерге жүрмеуі мүмкін.

Заң жобасын алда сенат қарайды. Жоба жоғарғы палатадан қабылданса, президентке жіберіледі.

Чехиядағы орыс диаспорасы мен құқық қорғаушылар бұл заңды «алалау» деп сынаған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🔴 Алматы гарнизонының әскери сотында 2022 жылғы Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшып, қаза тапқан археолог Ерлан Жағыпаров ісіне байланысты сот басталды

Жағыпаровтан өзге істе қанды дүрбелеңде қайтыс болған Әуез Қапсаламов та жәбірленуші деп танылған.

⚡️ Істе бір адам — Ұлттық ұлан подполковнигі күдікті деп танылған.

Жәбірленуші тарап тағылған айыпқа келіспейді. Олар оқ атқан әскериді "Билік өкілетін асыра пайдалану" емес, "Адам өлтіру" бабымен соттау керек деді.

🔺 Айыптау актісінде екі марқұмның өлерінен бұрын соққыға жығылғаны да айтылады. Бірақ тергеу оларды кім ұрып-соққанын анықтамаған.

Күдікті Айтжан Әубәкіровтің өзі де, адвокаттары да фото-видеоға түсіруге қарсылық білдірді.

🔺 Подполковник Әубәкіров өзіне тағылған айыпқа келіскен жоқ. Ол оқиға болған күні өзі тұрған әскери блокқа шабуыл жасалғанын, сол себепті қару қолдануға мәжбүр болғанын айтты.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Вашингтон Ресей генералы Кирилловтың өліміне АҚШ-тың қатысы жоқ деп мәлімдеді

🗣 "АҚШ бұл туралы алдын ала білген жоқ және оған қатыспады" деді мемлекеттік департамент өкілі Мэтью Миллер 17 желтоқсандағы брифинг кезінде.

Миллер Ресей генералы Кирилловтың "бірқатар қылмысқа қатысы бар" деп айтты. "Ол Украина әскеріне қарсы химиялық қару қолдануға араласқан. Оның басшылығы тұсында Ресей күштері майданда халықаралық құқықты бұзып, улы заттар қолданды" деді мемлекеттік департамент өкілі.

🇷🇺 Ресей сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Мария Захарова бұған жауап ретінде "Киев режимін құрып, оған демеу болып, ақша беріп, бақылаусыз қару жеткізіп жатып, қатысымыз жоқ деген жалған сөзді тыңдау күлкілі" деп мәлімдеді. Захарова Мәскеудің қолында АҚШ-тың мәлімдемесін жоққа шығаратын "нақты дәлелдер" бар деді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Ресейдің тергеу комитеті мен федералды қауіпсіздік қызметі (ФСБ) Ресей қарулы күштерінің радиациядан, химиядан және биологиядан қорғаныс әскерінің басшысы Игорь Кириллов пен оның көмекшісінің қазасына күдікті ұсталды деп хабарлады.

🇺🇿 Ресей органдарының мәліметінше, күдікті – Өзбекстан азаматы.

ФСБ оны Украинаның арнайы қызметі жалдаған деп мәлімдеді. Тергеу комитетінің хабарлауынша, "олар күдіктіге 100 мың доллар төлеуге уәде берген".

🛴 Тергеу комитеті күдікті жарылғыш затты генерал тұрған үйдің подъезіндегі электр қуатымен жүретін самокатқа орнатқан, Кирилловты бақылау үшін жалға алған көлікке камера қойған деді. Терактіні ұйымдастырушылар камераға түсірілген материалды Днепр қаласынан қарап отырған-мыс. Тергеу комитетінің ақпаратынша, әскери қызметкерлер подъезден шығып бара жатыр деген видеосигнал түскеннен кейін жарылғыш зат қашықтан қосылған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Астана соты Өскемен тұрғыны Серікжан Ахметжановтың бұрынғы уақыт белдеуін қайтару туралы арызын қабылдамады

Ахметжанов Азаттық тілшісіне шешімге келіспейтінін, апелляциялық шағым түсіретінін айтты.

🗣 "Мұнымен тоқтамаймын, апелляциялық сот, Жоғарғы сот, Конституциялық сотқа жүгінемін, сонда да болмаса, халықаралық сотқа барамын" деді ол Азаттық тілшісіне телефон арқылы.

Серікжан Ахметжанов судья шешімін негізсіз деп санайды.

🗣 "Судьядан арызымды неге қабылдамағанын түсіндіруді сұрадым. Бірақ түсіндірмеді. Шешімге шағым түсіре аласыз дегенді ғана айтты" деді Серікжан Ахметжанов. 

TengriNews сайтының хабарлауынша, сот өз шешімін “үкіметтің бірыңғай уақыт белдеуін енгізуге заңды өкілеті бар” деп негіздеп, арызды қабылдамаған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…
Subscribe to a channel