azattyq | News and Media

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Subscribe to a channel

Azattyq - Азаттық

🔴 Америкалық жазушы Рейчел Луиз Снайдердің "Сырты бүтін" (No Visible Bruises) кітабы қазақ тілінде жарық көрді. Туынды 2019 жылы New York Times газеті ұсынған "жылдың 10 үздік кітабы" тізіміне енген.

📖 Кітап не туралы, несімен құнды? Зорлық көрсеткен адам психологиясын түсіну неге маңызды?

Азаттықтың "Зере" подкасының авторы Мәншүк Асаутай осы тақырып аясында кітаптың редакторы, филолог Назгүл Қожабекпен сұхбат құрды.

🔗Сілтемеден өтіп көріңіз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Астана соты биыл мектеп бітірген түлек Медина Майсардың ғылым және жоғары білім министрлігінің үстінен түсірген арызын қанағаттандырмады

Бойжеткен министрліктің көктемгі су тасқынынан зардап шеккен өңірлердегі мектеп түлектеріне квота беру туралы бұйрығын заңсыз деп тануды сұраған. Бұл туралы "Власть" сайты жазды.

ҰБТ-дан жоғары балл жинап, гранттан қағылған түлектер министрліктің шешіміне наразы болған еді.

⚖️ Сот министрліктің грант бойынша бұйрығы Мединаның қандай да бір құқығы мен заңды мүддесін бұзбайды деген қорытындыға келіп, оның талабын орындаудан бас тартты.

Оның қорғаушысы "сот шешіміне келіспеймін, оған шағым түсіремін" деп мәлімдеген.

🎓 Биыл гранттың 20 пайызы су тасқынынан зардап шеккен аймақтардағы түлектерге берілген. Даудан соң министрлік мектеп түлектеріне қосымша грант бөлді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🔴 Орталық Азияның ірі қалаларында жылда қыс мезгілінде тұрғындар түтінге тұншығып әлек болады

Сүзгі мен ауа тазартқыштан қайран жоқ. Біреулер биліктен жауап күтіп жүрсе, енді біреулер көшіп кетуге мәжбүр.

Аймақта ауа райына байланысты қоныс аудару өзекті мәселеге айналған. Ал сарапшылар көмірдің артында тұрғандар мен биліктің "әрекетсіз қол қусырып" отырғанын айтады.

🍎 Экобелсенді Павел Александровтың бағалауы бойынша, Алматыда негізгі ауа ластаушы болып отырған автокөлік ағынын азайтып, тұрғындардың қажетін өтеу үшін қоғамдық көлік саны қазіргіден үш есе көп болуы керек.

🚌 Ол Алматының маңайынан қалаға тегін автобус жүргізуді ұсынады. Оның айтуынша, бұл "күн сайын сырттан келетін 200 мың автокөлікті азайтады".

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

❗"Украинская правда", BBC және Reuters Украинаның арнайы қызметіндегі дереккөздеріне сілтеп, ресейлік генерал Игорь Кирилловты (суретте) өлтіру Украина қауіпсіздік қызметінің арнайы операциясы болған деп жазды.

Дереккөз "Кириллов әскери қылмыскер болды, себебі ол украиналық әскерилерге тыйым салынған химиялық қару қолдануға бұйрық берді" деген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🔴 Kaspi компаниясының тең иесі, миллиардер Михаил Ломтадзеге бақылау пакеті тиесілі Wycombe Wanderers футбол клубы голливудтық айтулы қожайындары бар командалармен бір лигада сайысады.

⚽️ Қазақстанда жүріп байыған грузиялық миллиардердің командасы қазір турнир кестесінде көш бастап тұр. Ал клуб басшылығы ұзақ мерзімге жоспар құрып отырғанын айтады.

Қазан айында Kaspi Түркияның электрондық сауда саласындағы ірі ойыншы саналатын Hepsiburada компаниясы акциясының бақылау пакетін сатып алуға бір миллиард доллардан астам қаржы жұмсады. Қараша айында компания көршілес Өзбекстандағы HUMO мемлекеттік төлем жүйесін сатып алуға қатыспайтынын мәлімдеді. Ал алдында оны жекешелендіруге қызығушылық білдірген болатын.

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

📹 Кеше кешкісін Алматыда бір топ адам Тәуелсіздік монументі алдына жиналған. Қала тұрғыны Аружан Абуованың сөзінше, олар Желтоқсан, Жаңаөзен мен Қаңтар оқиғаларының құрбандарын еске алып, оларды аза тұту мақсатында шам жаққан, гүл шоқтарын қойған.

🚨 Бойжеткеннің сөзінше, осы бір бес минуттың ішінде өздерін бірнеше полиция қызметкері бақылап, сырттай суретке де түсіргенін көрген. Біраздан соң монумент маңынан кетіп бара жатқанда жастарды бір топ полицей тоқтатқан.

16 желтоқсанда қарсаңында полиция күшейтілген режимге көшті. Қазақстанның бірнеше аймағында белсенділер түрлі бап бойынша ұсталып, 5-20 күнге қамалды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Премьер-министр Олжас Бектенов 17 желтоқсанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа экономикалық өсім және әлеуметтік саясат бойынша есеп берді. Үкімет басшысының дерегінше, биыл қаңтар-қараша айында жалпы ішкі өнім өсімі 4,4 пайыз болған.

Оның сөзінше, биыл мұнайдан тыс салалар дамып, соның есебінен ел экономикасы өскен. Алайда мұнайды игеру бойынша алдын ала болжанған көрсеткіш орындалмағаны экономиканың даму қарқынына әсер еткен деді премьер-министр.

Бектеновтің айтуынша, өңделген тауар экспорты 10,2 пайыз өсіп, 23,3 миллиард долларға жеткен. Ал тауар импорты 3,3 пайыз азайған. Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 3,1 пайыз артқан.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Оңтүстік Кореяда биліктен уақытша шеттетілген президент Юн Сок Ельді прокуратура жауап алу үшін шақырды

Yonhap агенттігінің хабарлауынша, Юн елде әскери жағдай тәртібін енгізіп "бүлік жасамақ болды" және "билікті асыра пайдаланды" деп айыпталып жатыр.

🇰🇷 Агенттіктің жазуынша, прокуратура Юн Сок Ельге осымен екінші рет шақырту жіберген, бірінші шақыртуды ол елеусіз қалдырған.

Президент 21 желтоқсанға дейін прокуратураға бармаса, оны тұтқындауға ордер беру мәселесі қаралмақ.

Deutsche Welle ақпаратынша, прокуратурадан бөлек, Оңтүстік Корея полициясы, жоғары мемлекеттік қызметкерлер арасындағы сыбайлас жемқорлықты тергеу басқармасы мен қорғаныс министрлігіндегі тергеу бөлімінің өкілдері бірлескен тергеу тобы да Юн Сок Ельді жауап алуға шақырған.

Юн Сок Ель бұған дейін халыққа үндеу жасап, бүлік жөніндегі айыпты жоққа шығарған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Сирияның бұрынғы президенті Башар Асадтың Ресейге қашып кеткеннен кейінгі алғашқы мәлімдемесі жарияланды

Ағылшын және араб тілінде жазылған мәлімдемеде Асадтың 8 желтоқсан күні таңға дейін Дамаскіде қалғаны, исламшыл топтар қалаға жақын қалғанда Асадтың Ресейдің Хмеймим әуе базасына барғаны айтылған.

🛫 8 желтоқсан кешке ол жерден Мәскеуге ұшып кеткен. Асадтың хабарлауынша, Мәскеу Сирияның экс-президентіне Ресейге жедел аттануды ұсынған.

Асад Сирияда үкіметке қарсы топтар Дамаскіге беттеп келе жатқанда қызметтен кету және елден қашу мәселесін қарастырмағанын айтқан. "Мемлекет террористер қолына түскенде, кез келген қызметтің мәні болмайды, бұл оның ісін мағынасыз етеді" деді Асад.

🇷🇺 Ресейдің Башар Асадты Сириядан қашуға көндіргенін өткен аптада Bloomberg агенттігі дереккөздеріне сүйеніп хабарлаған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп Флорида штатында өткен баспасөз мәслихатында Украина-Ресей соғысына бірнеше рет тоқталды

Ол "сұмдық" соғысты мүмкіндігінше тез аяқтағысы келетінін тағы да айтты. Трамптың сөзінше, екі жақтан да адам шығыны көп, ал майдандағы жағдай тым нашар.

Трамптың айтуынша, Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен келісімге келуге дайын болуы керек.

🇺🇸 Трамп "Украинаның бейбітшілік үшін өз жерінен бас тартқанын қолдайсыз ба?" деген сұраққа жауап бермеді. Алайда ол Украинаның соғыс болып жатқан жерлері қатты қирағанын айтып, оларды қалпына келтіруге "жүз жыл" керек деп мәлімдеді.

Ол Джо Байден әкімшілігінің Украина әскеріне Ресей аумағын АҚШ-тың алысқа ұшатын зымырандарымен атқылауға рұқсат бергенін тағы да сынға алып, алдағы қаңтар айында президент қызметіне кіріскен соң бұл шешімді қайта қарайтынын жоққа шығармады.

🇺🇦 Трамп Зеленскийді 20 қаңтарда өтетін инаугурациясына шақырмағанын мәлімдеді, бірақ Украина президенті келемін десе, қарсы болмайтынын айтты.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Путин қорғаныс министрлігі жиынында не айтты?

🔸Ресей президенті Владимир Путин әскерилермен кездесуде 2024 жыл Украинадағы соғыстағы мақсатқа жетуде «маңызды жыл» болғанын айтты.

🔸Ол Ресей Украинада 189 елдімекенге бақылау орнатты дейді. Бұған қоса Ресей қарулы күштерінің штаттағы қызметкерлері 1,5 млн өскенін, күніне 1500 адам қорғаныс министрлігімен келісім-шартқа қол қойып жатқанын мәлімдеді.

🔸Ал Ресей қорғаныс министрі Андрей Белоусов алдағы он жылда Еуропада НАТО-мен әскери қақтығысқа дайын болуымыз керек» деді.

🔸Украинадағы соғыста қанша солдаты өлгенін ресми түрде айтпайтын Кремль бір минут үнсіздікпен майданда қаза тапқандарды осылай еске алды.

Соғыс уақытында Кремльдің майдандағы жағдайға қатысты мәлімдемелерін тәуелсіз дереккөздер арқылы тексеру қиын.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Oyan, Qazaqstan қозғалысының белсенділері Алматыда Желтоқсан, Жаңаөзен және Қаңтарды еске алуға арналған үнпарақтарды жапсырды

Қозғалыстың әлеуметтік желідегі парақшаларында видеолар топтамасы жарияланды.

Қызыл түсті үнпарақта “1986, 2011, 2022 Ұмытылмас. Кешірілмес” деп жазылған.

Қазақстан қонақүйінің фонында түсірілген тағы бір видеода “Жаңа емес, Ескі Қазақстан” деп жазылған.

Тағы бір видеода белсенді президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың суреті ілінген билбордқа “әділдік талап етеміз” деген үнпарақ жапсырады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Тәуелсіздік күніне орай 16 желтоқсан күні жариялаған құттықтауында Желтоқсан да, Жаңаөзен де, Қаңтар да айтылмаған

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматыда мемлекет және қоғам қайраткері Серікболсын Әбділдин туралы деректі фильмнің тұсаукесері өтті

“Төраға Әбділдин” атты бір сағаттық деректі фильм замандастарының естеліктерінен басталып, тәуелсіздіктен бергі оқиғаларды қамтиды. Онда сонымен бірге Әбділдиннің сұхбаттарынан да үзінді келтіріледі.

“Cонау тоқсаншы жылдардың басында Серікболсын Әбділдин облыс әкімдеріне дейін сайлаймыз деп парламент мінберінен сөйлеп еді. Президенттің қолына барлық құзырды бермейтін Конституция қабылдады. Әрине, әріптестерімен. Бір ғана мысал, парламент конституциялық сотты, жоғарғы сот төрағасын сайлайтын. Бас прокурор мен Ұлттық банк төрағасын тағайындайтын. Өкінішке қарай, Қазақстан Әбділдиннің конституциясымен екі-ақ жыл өмір сүрді. Біз түсірген фильмде кейіпкеріміздің мемлекеттік тілге конституциядан қалай мәртебе алып бергені жайлы да айтылады” деп жазды фильмнің режиссері Қанат Тілеухан Instagram парақшасында.

“Қазақ көрнекті мемлекет қайраткерін, экономист ғалым, ұстаз Әбділдинді ұмытпауы тиіс! Серікболсын ақсақал бақиға кеткенше халқына қызмет еткен ұлтының адал перзенті” деді ол.

(Фильмнің трейлері автордың рұқсатымен жарияланды)

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Саясаттанушы Досым Сәтпаев:

Бұл күні Қазақстанның тәуелсіздігі үшін күрескен, бірақ оны көре алмағандарды еске алайық. Бұл күні тәуелсіздіктің жас ұрпақтары қазақ халқының бүлікші рухын ұмытпауы тиіс. Сонымен қатар, біздің тәуелсіздігімізге сырттан да, ел ішінен де: мемлекеттік басқарудың тиімсіздігі, сыбайлас жемқорлық, тамыр-таныстықтың көмегімен билікке қол жеткізгендердің көптігі және олардың шындықты айтатындардан қорқуы сияқты келер қауіп-қатерлер бар. Осының бәрі мемлекетті әлсіретіп, халықтың наразылығын тудырады.

Сурет: Ерден Зікібайдың "Гүлің болып егілемін" атты туындысы

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

“БелсенділерЭкстремистерЕмес” тобының мәліметінше, Астанада белсенді Венера Жанбаеваны полиция ұстаған болуы мүмкін. Facebook-тегі парақшасында жарияланған видеода көшеде кетіп бара жатқан белсенді Желтоқсан мен Жаңаөзен, Қаңтар туралы айтып, қаншама жастардың қырылғанан айтады. Ол көше ортасына шыққан кезде болжам бойынша полиция өкілдері отырған автозактан бір адам жүгіріп келіп, оны ұстауға тырысады. Бұдан кейін видео үзіледі

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🔴 Бұл күндері Сирияда болып жатқан оқиғалар жөнінде әлеуметтік желіде түрлі фото-видеолар жариялап жүрген оннан астам қарулы адам ол жаққа Өзбекстаннан барғанын айтады.

Бұл адамдар "Кәтиба Таухид уәл-Жихад" деп аталатын, негізінен өзбек ұлты өкілдерінен құралған топтың мүшелері болуы мүмкін.

🇺🇿 Ташкент Сирияда соғысып жүрген адамдарға қатысты әзірге екі қылмыстық іс ашқан.

"Кәтиба Таухид уәл-Жихад" тобын 2013 жылы Сирияда, Қырғызстанның Ош облысының тумасы, Әбу Салох әл-Өзбеки деген лақап атқа ие Сирожиддин Мұхтаров құрған.

❗️Әуелгіде топ Сирия мен Ирак жерінде әрекет еткен, оның құрамында негізінен Қырғызстан мен Өзбекстан азаматтары болған. Бұл топ халықаралық террор құрылымдарымен, соның ішінде "Әл-Қаида" тобымен де байланыс орнатқан.

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Қазақстанда уран өндіретін "Қазатомөнеркәсіп" компаниясы ресейлік "Росатомның" елдегі кей уран кен орнындағы үлесін Қытай компанияларына сатып жатқанын хабарлады

🇷🇺 "Росатомның" "Ураниум Уан Груп" деген еншілес компаниясы Түркістан облысындағы "Заречное" кен орнындағы 49,979 пайыз үлесін SNURDC Astana Mining Company Limited компаниясына сатқан. Оның түпкі бенефициары – Қытайдағы ядролық уран ресурстарын дамыту жөніндегі мемлекеттік компания.

Бұдан бөлек, "Қазатомөнеркәсіп" "Ураниум Уан Груп" акционерлік қоғамы Қызылорда облысындағы Солтүстік Хорасанда кен өндіретін "Хорасан-U" бірлескен уран кәсіпорнындағы 30 пайыз үлесін China Uranium Development Company Limited компаниясына сатпақ деді. Оның түпкі бенефициары – Қытайдың атом энергиясы жөніндегі бас корпорация.

🔸 "Қазатомөнеркәсіп" мәліметінше, 2024 жылдың басында "Заречное" кен орнындағы уран қоры шамамен 3,5 мың тонна болған.

🔸 "Хорасан-U" бірлескен кәсіпорны Жаңақорған ауданындағы "Хорасан-1" учаскесінде уран өндіреді. Биыл жыл басында бұл кен орнындағы уран қоры шамамен 33 мың тонна болған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Еуропа комиссиясы TikTok сервисінің цифрлық қызметтер туралы заңды бұзған-бұзбағанын ресми түрде тексеруге кірісті

Euronews телеарнасы бұған Ресейдің Румыниядағы сайлауға араласқанын дәлелдейтін айғақ себеп болды дейді. Еурокомиссия мұны анықтауға дерек жинап жатыр.

🇷🇴 24 қарашада Румыниядағы президент сайлауының бірінші турында тосыннан бұрын жұртқа онша танымал болмаған тәуелсіз кандидат, ұлтшыл еуроскептик Кэлин Джорджеску озған. Конституциялық сот дауыс беру процесіне Ресейдің араласқанын дәлелдейтін айғақ алғаннан кейін сайлау қорытындысын жойды. Дәлелдерді Румынияның арнайы қызметі ұсынған. Соның ішінде TikTok сервисінде жарияланған видеолар бар.

Комиссия мамандары мұндай жарнама боттар мен жалған аккаунттарды қолданып таратылған болуы мүмкін деп санайды.

📱 TikTok компаниясының қызметі Еуроодақ заңнамасына сәйкес келмейді деп танылса, оған айыппұл салады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Биыл 11 ай ішінде Қазақстанда 80,5 млн тонна мұнай өндірілді, жоспар 98 пайыз орындалған. Өндіріс азайғанына ірі кен орындарындағы күрделі жөндеу жұмыстары әсер еткен

Бұл туралы 17 желтоқсандағы үкімет отырысында энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты.

🗣 "2024 жылғы қаңтар-қараша айларында мұнай мен конденсат өндіру көлемі 80,5 млн тоннаға жетті. Теңіз кен орнында 25,9 млн тонна мұнай өндірілді. Қашағандағы мұнай өндіру көлемі – 15,8 млн тонна, Қарашығанақ жобасының көрсеткіші – 11,1 млн тонна" деді Сәтқалиев.

Министрдің сөзінше, Теңіз кен орнында мамыр мен тамыз айында жалпы 50 күн, Қашағанда 21 күн жөндеу жұмыстары болған.

Бұдан бөлек, өндіріс азайғанына Қарашығанақ кен орнындағы жұмыстың жоспардан тыс тоқтап қалғаны, Орынбор газ өңдеу зауытының газ қабылдауды шектегені, Каспий құбыр консорциумы жұмысы жоспар бойынша профилактикаға байланысты тоқтап қалғаны, Теңіз кен орнының екінші кезеңіндегі зауытта болған жөндеу жұмыстары әсер еткен.

🛢 Мұнай өндіру көрсеткіші оның экспортына да әсер еткен. Сәтқалиев 11 ай ішінде 63,2 млн тонна мұнай экспортталды деді.

🇰🇿 Қазақстан бюджеті мұнайға тәуелді. Былтыр Қазақстанда 90 млн тоннаға жуық мұнай өндіріліп, оның 70 млн тоннасы шетелге сатылды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Сирияда Башар Асад режимі құлаған соң Түркия осы елмен шекарадағы әскерін көбейтіп жатыр

🇺🇸 Вашингтон "Ислам мемлекеті" террор тобымен күресуді көздеген АҚШ одақтасы – Сириядағы күрдтер жасағы бақылайтын аумаққа түрік әскері басып кіре ме деп алаңдап отыр.

🇹🇷 Бұл туралы дереккөздеріне сүйенген The Wall Street Journal газеті жазды. Жоғары лауазымды америкалық шенеуніктердің айтуынша, түрік арнайы күштері бөлімшелері, Түркия қолдайтын Сирия қарулы құрылымдары, артиллерияның басым бөлігі Кобани қаласы (Айн-әл-Араб) маңында шоғырланып жатыр.

Сирияның солтүстігіндегі бұл қаланы қазір күрд күштері бақылап отыр.

Түркия Сириядағы қарулы күрдтер жасағын террорлық іс-қимылға қатысы бар деп санайды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

📸 Азаттық 1986 жылғы 17-18 желтоқсанда Алматыда совет өкіметіне талабын жеткізбек болып алаңға шыққан жастардың бейбіт шеруі кезінде түсірілген суреттерді ұсынады.

Суреттер Алматы қаласының орталық мемлекеттік архивінде сақталған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Мәскеуде болған жарылыс салдарынан Ресей қарулы күштерінің радиациядан, химиядан және биологиядан қорғану әскерінің басшысы генерал-лейтенант Игорь Кириллов пен оның көмекшісі қаза тапқан

🇷🇺 Бұл туралы Ресейдің тергеу комитеті хабарлады. 17 желтоқсан күні таңертең Мәскеудегі Рязань даңғылындағы үйде жарылыс болған. Ресейлік телеграм-арналар екі адам қаза тапты деп жазды.

Тергеу мәліметінше, жарылғыш зат кіреберіс жерде тұрған самокат құралына жасырылған.

🇺🇦 Таяуда Украинаның қауіпсіздік қызметі генерал Кирилловқа сырттай айып таққан. Киевтің мәліметінше, ол Украина сарбаздарына қарсы химиялық қару қолдануға жауапты болған. Соғыс басталғалы бері Кирилловтың бұйрығына сай, Ресей химиялық оқ-дәрі қолданған бес мыңға жуық жайт болған деді Украина тарабы.

Фото: Reuters

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 2011 жылғы 16 желтоқсанда Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен мұнайшылардың жеті айға созылған ереуіліне полиция қарудан оқ атты. Ресми дерек бойынша, сол күні Жаңаөзендегі қырғында кемінде 16 адам қаза тауып, жүзден астам адам жараланған. Ертесіне жаңаөзендіктерді қолдап, темір жолды жауып, наразылық білдірген Шетпе ауылындағы наразылық кезінде тағы бір адам оққа ұшты.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🔴 Кейінгі жылдары біраз қиындыққа тап болғанына қарамастан, Тимур Құлыбаевтың байлығы артып жатқанға ұқсайды

4 жыл ішінде ол екі есеге жуық артып, 2,8 млрд доллардан 5 млрд долларға дейін жеткен.

Spik талдау орталығы жетекшісінің орынбасары Қуат Әкіжанов Құлыбаевтың әлі де дес бермей келе жатуына жинаған қоры көмектесіп отыр деп санайды.

🔺 Құлыбаевтың қолындағы негізгі актив: Қазақстандағы ірі банктер қатарындағы Halyk Bank, жылына Құлыбаевқа 27 млрд теңге әкелетін отыздан аса сауда үйі мен қонақүйлер және мұнай компаниялары.

Әкіжановтың айтуынша, Құлыбаев Қазақстандағы жаңа билік жүйесіне де кірігіп үлгерген.

🗣 "Біздегі саяси экономия авторитар клептократиядан плутократияға, яғни үлкен отбасынан байлардың билігіне ауысқанын көріп отырмын. Бұл жүйенің бұрынғыдан еш артықшылығы жоқ. Байқауымша, есепсіз байлық жинап алған Құлыбаев бұл жүйеден де орнын тапқан сияқты" деді ол.

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Еуроодақ Грузияның дипломатиялық паспорт иесіне бұған дейін енгізілген визасыз режим тәртібін алып тастамақ

Бұған елдегі кейінгі оқиғалар мен биліктегі "Грузин арманы" партиясының саясаты түрткі болған. Мұндай шешімді Еуроодақ сыртқы істер министрлері Брюссельде өткен кездесуде қабылдаған.

🇪🇺🇬🇪 Еуроодақтың бірқатар елі Грузияда демократия нормалары мен адам құқығын бұзатын бірнеше заң қабылданғанына, кейінгі парламент сайлауында болған заңсыздықтарға және Еуропа одағымен интеграция келіссөзін кейінге қалдыра тұру жайлы үкімет шешіміне наразылық білдірген халыққа күш қолдануына байланысты ресми Тбилисиге санкция салуды ұсынды. Венгрия мен Словакия санкция енгізуге қарсы болды.

Еуроодақтың сыртқы саясат мекемесінің басшысы Кая Каллас Грузияда кейінгі болған оқиғалар Тбилисидің бағдары Еуропа одағына қосылуға үміткер ел жүретін бағытта емес екенін көрсетті деді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Сатиралық “Ахуал сегодня” YouTube-арнасының авторы үйіне полиция келгенін хабарлап, “профилактикалық әңгіме” жүргізгенін айтты

Арна авторы әрі жүргізуші Азамат Омаров 16 желтоқсан күнгі “Үйіме полиция келді. Талғар жарасы. Уақытты қайтару” атты санында полицияның келуіне өткен жолғы видео түрткі болған сияқты деп топшылайды.

“Сирия диктаторы Асад, Оңтүстік Кореяның президенті және біздің реформатордың тағдырларының бір мезетте бір арнаға тоғысуы қазақстандық кеңістікті бақылаушылардың нәзік жүрегін бейжай қалдырмаған сияқты. Қазіргі кезде қалжыңды байқап айту керек дегенді қатты меңзеді” дейді Азамат Омаров видеода.

“Тоқаевтың ар-намысына өзінен артық ешкім қол сұға алмайды. Сонымен өзі айналысып жатыр, ал ұятқа біз қалып жатырмыз” деді арна авторы.

Арна 2021 жылы тіркелген. Оның 84 мыңнан астам жазылушысы бар.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Украина "соғыста қаза тапқан солтүстік кореялықтардың" суретін жариялады

Украиналық әскерилер Курск облысында қаза тапқан ресейлік және солтүстік кореялық солдаттар деген фото мен видео жариялады. Бұл туралы Азаттықтың Украина қызметінің "Схемы" жобасы жазды.

Редакцияда Курск облысында соғысып жүрген Украина қарулы күштері ұсынған фотолар бар. Бірақ журналистер суретті тәуелсіз дереккөздер арқылы тексере алмайды. Фотода бүлінген техниканың жанында ондаған мәйіт жатыр.

Бұған дейін Ресейдің Z-блогерлер Курск облысындағы Плехово ауылы маңында Солтүстік Корея әскерилері соғысқанын жазған. Бірақ бұған қатысты ресми ақпарат болмады.

Украина қорғаныс министрлігінің бас барлау қызметі "кейінгі уақытта Солтүстік Кореяның екі жүздей әскериінен айырылды" деп мәлімдеді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тәуелсіздік тарихын қаншалықты білесіз?

16 желтоқсан – Қазақстанның тәуелсіздігі күні. Осыған орай тәуелсіздік тарихы туралы білімді тексеретін тест әзірледік. Біліміңізді сынап көріңіз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматыда Тәуелсіздік монументі алдына қоғам белсенділері, желтоқсаншылар, қала тұрғындары жиналып, Желтоқсан, Жаңаөзен және Қаңтарда қаза болғандарды еске алып, құран бағыштады

Сурет Власть сайты

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Paperlab сарапшысы Анастасия Решетняк өзінің телеграм-арнасында 16 желтоқсан күнгі көңіл-күй хошымен бөліскен

“...Жаңа жыл алдындағы 16 желтоқсан әрдайым қорытынды жасайтын күн болатын. Қорытынды, өкінішке қарай, мәз емес – егер Қаңтардан кейін жақсы жаққа өзгереді деген қандай да бір үміт қалған болса, кейінгі оқиғалар керісінше жағдайды көрсетіп жатыр.

Инфрақұрылым дағдарысы, жемқорлық, мемлекеттік басқару және сот жүйесінің шамасыздығы, бұрмалап, таңдап “еститін” мемлекет (петициялар институтына ғана қарап көріңіз),... тіпті мақтаулы көпвекторлы саясаттың өзі сыр беріп жатыр...

...Таңертең қар басқан Алматыда кетіп бара жатып, ондаған полиция көлігін көрдім – (есесіне бірде-бір қар тазалаушы көлікті көрген жоқпын).

VPN-мен Инстаграмды атқардым – алматылықтар үйде отырсын деп 112 қызметінің азаматтарға тұман, тайғақ, қар көшкіні болатыны жөнінде ескерту хабарлама жіберіп жатқаны жөнінде қалжыңға көзім түсті. Әманда қауіпті, жақтырмайтын, жайсыз – азаматтар. Бізді барлық амалдармен ішкі эмиграцияға жіберіп жатыр – бәріміз негізінен сол жаққа кетіп те жатырмыз” деп жазды әлеуметтанушы
.

Читать полностью…
Subscribe to a channel