🗣 АЭС референдумы қарсаңында ұсталғандардың бірі Айдар Мүбәраков аштық жариялады
Бұл жөнінде адвокат Жанар Балғабаева хабарлады.
🗣 "Мен ол кісінің адвокаты емеспін. Бірақ менің қорғауымдағы азаматтардың бірі Айдар Мүбәраков 29 қарашадан бері аштық ұстап жатыр деп айтты. Қандай талап қойып отырғанын білмеймін. Оны тәртіптік изоляторға да қамап тастаған" деді адвокат Азаттыққа.
Мүбәраковтың адвокаты Төлеген Берліқожа белсендінің аштық ұстағанын растады. Оның сөзінше, Мүбәраков "тағылған айыпқа келіспей, қылмыстық іст қозғалғанына наразылық ретінде" ас ішуден бас тартып отыр.
Алматыдағы тергеу изоляторы аштық туралы ақпаратты растады.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
💬 Даниал Ахметов жеңіл атлетика федерациясының жетекшісі қызметінен кетті
Туризм және спорт министрлігінің хабарлауынша, 11 желтоқсанда федерация отырысында Ахметов қызметін мерзімінен бұрын тоқтататынын мәлімдеп, орнына Лондон Олимпиадасының чемпионы Ольга Рыпакованың кандидатурасын ұсынған. Жиынға қатысушылар ұсынысты қолдаған.
Ахметов федерацияға 2018 жылдан бері жетекшілік етіп келген.
Ол 2014-2023 жылдары Шығыс Қазақстан облысын басқарған. Оған дейін түрлі лауазымды қызмет атқарған.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🗣 Мәскеу Пхеньяннан Украинаға қарсы соғысқа қатысатын әскер алды. Есесіне Ресей Солтүстік Кореяға МиГ-29 және Су-27 жойғыш ұшақтарын жібереді
Бұл жөнінде The Eurasian Times басылымы жазды. 7 желтоқсанда ұлттық қорғаныс мәселелері жөніндегі форумда АҚШ-тың Үнді-Тынық мұхиты басқармасының жетекшісі адмирал Сэмюэл Папаро осындай мәлімдеме жасаған.
🇷🇺🇰🇵 Папароның сөзінше, келісім бойынша Ресей Солтүстік Кореяға "төртінші буынға жататын жойғыш ұшақтарды" бермек. Бірақ қанша ұшақ берілетінін нақтыламады.
Пхеньян бұған дейін Мәскеуге шамамен 12 мың сарбазын жіберген. Бір бөлігі Курск облысында украин әскеріне қарсы соғысып жатқаны хабарланған.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🔴 Сирияны ширек ғасырға жуық билеп-төстеген Башар Асадтың режимі құлап, өзі Ресейге қашып кеткеннен кейін басшысыз қалған елдегі уақытша үкіметті Мұхаммед әл-Башир басқармақ
Бұл жөнінде 10 желтоқсанда телеүндеуінде әл-Баширдің өзі мәлімдеді. Ол уақытша үкіметті кемінде 2025 жылғы 1 наурызға дейін басқаратынын айтты.
❗️Қарашаның аяғында Асадқа қарсы күштер жұмыла тұтқиылдан шабуылға шығып, екі аптаға жетер-жетпес уақыт ішінде Сирияда билікте отырған режимді орнынан тайдырып жеңіске жеткенге дейін, Мұхаммед әл-Башир көтерілісшілердің "Сирияны құтқару үкіметін" басқарған. Бұл құрылым Сирияның солтүстік-батысындағы аудандарды, соның ішінде Идлиб провинциясын да бақылауда ұстаған.
Мұхаммед әл-Баширді АҚШ пен өзге де мемлекеттер террористік деп таныған "Хайят Тахрир әш-Шам" (ХТШ) тобының жетекшісі Әбу Мұхаммед әл-Жоланидің жақын серігі деп атайды. Сирия туралы хабарламаларда "ХТШ" Асадқа қарсы көтерілісті бастаған күш ретінде аталады.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
Башар Асад қайда?
Сирияда Башар Асад режимінің құлағаны жөнінде ақпарат пайда болған шақта президенттің өзі қайда екені әлі белгісіз.
Дереккөздерге сүйенген Reuters Асад мінген ұшақ апатқа ұшырауы мүмкін екенін жазды.
Reuters-дің жазуынша, Дамаск әуежайынан ең соңғы ұшып шыққан Syrian Air әуе компаниясына тиесілі Ил-76 ұшағы Тартус жаққа қарай бағыт алып, Хомс маңынан өткенде қайта бұрылып, күрт құлдилап, бірнеше минуттан соң радардан жоғалған. Reuters-тің жазуынша, ұшақта Башар Асад болған болуы мүмкін.
Асадтың өзге елден саяси баспана алғаны жөнінде де болжамдар бар.
Біріккен Араб Әмірліктері басшыларының дипломатиялық кеңесшісі Әнуар Гаргаш "Асад сол елде ме, жоқ па", нақты білмейтінін айтқан.
🔴 Оппозиция Дамаскіні басып алды. Башар Асад елден қашты. Сирияда не болып жатыр?
Сирияда үкіметке қарсы қарулы топтар ел астанасы Дамаскіге кірді. Президент Башар Асад елден қашты деп хабарлады айналасындағы адамдар. Қазір оның қайда екені белгісіз.
Асад режиміне қарсы қарулы топтар жергілікті телеарнадан мәлімдеме жасап, Дамаскіні "азат еткенін" және президент Башар Асад үкіметін құлатқанын мәлімдеген.
Қазақстандық Шавкат Рахмонов аралас жекпе-жектен Лас-Вегаста өткен UFC 310 турнирінде қарсыласы ирландиялық спортшы Иэн Гэрриді жеңді
Бұған дейінгі турнирлерде 15 жеңісі бар Иэн Гэрри бірінші рет жеңіліп отыр.
Ал бұл Шавкат Рахмоновтың - 19-шы, UFC аясында 7-жеңісі.
Әр төртінші өлім отбасында болады. Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы не білеміз?
Құқық қорғаушылар Қазақстандағы отбасында болатын зорлық-зомбылықты қатігез, қайталанып тұратын және барлығы бірдей тіркеле бермейтін деп сипаттайды. Ер адамдар мұндайға құқылымыз деп санайды.
Ескерту: мақалада зорлық оқиғасын суреттеу кездеседі
Астана тұрғыны әйелін ұрып, одан кейін өзі оныншы қабаттан секіріп мерт болды. Шымкенттік ер адам әйелі мен үш айлық қызын аяусыз соққыға жығып, нәресте жан сақтау бөлімінен бір-ақ шықты. Таразда отбасындағы ұрыс-керістен кейін күйеуі үйге өрт қойып, ерлі-зайыптының екеуі де мерт болды. Петропавлдық зейнеткер әйелін ұрып, үйін жарып жіберді. Түркістан облысының тұрғыны жетінші балаға аяғы ауыр әйелін соққыға жықты.
Бұл жағдайдың бәрі үйдегі зорлық-зомбылыққа қатысты заң талабы күшейген 2024 жылдың көктемінен кейін болды. Ол уақытта бүкіл Орталық Азия аймағы экс-министр Қуандық Бишімбаевтың сот процесін қадағалап отырды. Бишімбаев әйелі Салтанат Нүкенованы қатігездікпен өлтіргені үшін 24 жылға сотталды. Ол әйелін есінен танғанға дейін бірнеше сағат бойы ұрып-соққан.
Толығырақ
t.me/azattyq
Оңтүстік Кореяда басқарушы партияның бойкотына байланысты президентке импичмент жариялау құжаты қабылданбады.
BBC-дің жазуынша, дауыс беру жергілікті уақыт бойынша 21:20-да аяқталған. Дауыс саналғаннан кейін парламент спикері У Вон Сик тиісті дәрежеде кворум жиналмағанын, президентке импичмент жариялау туралы құжатқа 195 депутат қолдап дауыс бергенін айтты. Құжат қабылдануы үшін 200 депутаттың дауысы керек болған.
Сеулде президенттің отставкасын талап еткен наразылық акциясы жалғасып жатыр.
Оппозиция партиясы "президент Юн Сок Ель әскери жағдай жариялағаны үшін жазаланады, соған күш саламыз" деп мәлімдеді.
Тбилисиде полиция Еуроодақпен келіссөзді тоқтату туралы шешімге қарсы демонстранттарды тағы күшпен таратты.
Жұма күні кешке мыңдаған наразы алдыңғы күндердегідей парламент маңына жиналды. Наразылар парламент пен полиция жаққа қарай бірнеше отшашу жіберді.
Бұдан кейін Грузия ІІМ мәлімдеме жариялап, наразылықтағы "күш көрсететін топтарды" заңсыз әрекет жасады деп айыптады. ІІМ отшашудан бір полицей жараланғанын айтып, шара қолданамыз деп ескертті.
Митингіні тарату жарым түнде басталды: полиция демонстранттарды әуелі парламент ғимаратынан тықсырды, ізінше қала орталығынан мүлде қуып тастады. Жағалауда наразыларға белгісіз қарулы топ шабуыл жасаған. Полиция наразыларға қарсы жас ағызатын газ қолданып, су шашты, жолшыбай кейбірін ұстады.
Ақпарат құралдарының жазуынша, кемінде 20 адам ұсталған. Наразылар ұсталғандарды босатып, парламент сайлауын қайта өткізуді де талап етіп отыр. Transparency International ұйымының Грузиядағы бөлімшесінің есебінше, наразылық кезінде 400-ге жуық адам ұсталған.
t.me/azattyq
6 желтоқсанда кешке Ресей әскері Запорожьеге соққы жасады деп хабарлады облыстық әкімшілік жетекшісі Иван Федоров. Кейінгі мәлімет бойынша, 9 адам қаза болған, 17 адам жараланған. Жараланғандар арасында екі бала бар.
Соққының нәтижесінде техникалық қызмет көрсету станциясы өртенген, үйлер мен дүкендер бүлінген.
Бұған қоса, Кривой Рог қаласы да атқыланып, екі адам қаза болған, 16 адам зардап шеккен деп хабарлады Украинаның төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік қызметі. Үйінді астында бір адам қалған болуы мүмкін. Төтенше қызметінің мәліметінше, үш қабатты ғимарат қираған, тұрғын үйлер мен көліктер бүлінген.
t.me/azattyq
Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров америкалық тележүргізуші, Fox News-дың бұрынғы қызметкері Такер Карлсонға берген сұхбатында "Ресей АҚШ-пен соғыс жағдайында тұр ма?" деген сұраққа "олай айтпас едім" деп жауап берген.
АҚШ-пен соғыс туралы сұраққа жауап берген Ресей министрі "Мәскеудің діттегені бұл емес" деді.
"Әрине, барлық көршілерімізбен қалыпты қатынаста болғымыз келеді. Жалпы барлық елдермен, әсіресе АҚШ сияқты ірі елмен де" деді Лавров сұхбатта.
"Біз жағдайды ушықтырғымыз келмейді. Алайда Ресей аумағына ATACMS және алысқа ұшатын өзге де қару түрлері қолданылып жатқандықтан біз сигнал жібереміз. Бірнеше апта бұрынғы "Орешник" жаңа жүйесімен жасалған [сигналды] салмақты түрде қабылдады деп үміттенеміз" деді Ресей сыртқы істер министрі.
t.me/azattyq
🗣 Атырау облысында кейбір шаруа көктемгі тасқыннан кейін мемлекет тағайындаған өтемақы мәселесі әлі күнге дейін шешілмей отыр деді
6 желтоқсанда Атырауда облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы мен республикалық "Шаңырақ" ұлттық агроқозғалысы өкілдері қатысқан жиында олар шағымын айтты.
📑 Тасқын кезінде үй-жайы мен қора-қопсысы бүлінген шаруаның бірі – Атырау қаласы маңындағы Қайыршақты ауылдық округінің тұрғыны Сәрсенбай Шапиковтің сөзінше, ол үйі мен қорасын маусымда заңдастыра алған. Бірақ өтемақы әлі алмаған.
Жиын кезінде ол мемлекеттен қолдау болмаса, "мал шаруашылығын да қоятын шығармыз" деп қапаланды. Ол "қалаға су келмес үшін Соколок каналының арнасын ашып, шаруаларды суға кетірдіңдер" деп, жергілікті билікті сынады.
Ал ауыл шаруашылығы басқармасы маманы Азат Қапанов "бұл табиғи жағдай" деп жауап берді.
🔗Толығырақ сілтемеден өтіп оқыңыз
❤️Азаттыққа жазылыңыз
💬 Бішкекте "билікті басып алуға жария түрде үндеді" деп айыпталған KG Group құрылыс компаниясының негізін қалаушы Имамидин Ташов сотта өзін жаралады
🇰🇬 Бұл жөнінде Азаттықтың Қырғыз қызметі хабарлады. Ташовты қарауылдар тоқтатқан.
6 желтоқсандағы сот отырысында судья айыпталушы Ташовтың қамау мерзімін 2025 жылдың 8 ақпанына дейін ұзартқан.
Қырғызстанның ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитетінің мәліметінше, кәсіпкер "билікті күштеп басып алуға оқталғаны үшін" іздеуге ілініп, Шу облысында ұсталған. Кейін оған "Билікті күшпен басып алу", "Билікті күшпен басып алуға үндеу", "Мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өту" баптары бойынша айып тағылды.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🗣 Оңтүстік Кореяның биліктегі "Халық күші" партиясының жетекшісі Хан Дон Хун президент Юн Сок Ельді отставкаға жіберуге шақырды
🇰🇷 Оппозиция да бұған дейін Юн қызметінен кетуі керек деп мәлімдеген.
KBS ақпаратынша, 6 желтоқсанда партия басшылығының кезектен тыс жиынында Хан президент Юн қызметінде қалса, тағы да радикал шараға баруы мүмкін деп мәлімдеді.
Оппозициялық Демократиялық партия бұған дейін президентке импичмент жариялау туралы заң жобасын парламентке енгізген. Партия төрағасы Ли Джэмен депутаттар алдындағы сөзінде президентті төңкеріс жасауға талпынды деп айыптады.
🔔 БАҚ-тың жазуынша, парламент президентке импичмент жариялау мәселесін 7 желтоқсан кешке қарайды.
Парламент оны қабылдайтын болса, Юн Сок Ельдің өкілеті мен міндеті дереу тоқтайды, оның міндеті премьер-министр Хан Док Суға жүктеледі. Бұдан кейін президентті шеттету туралы түпкілікті шешімді Конституциялық сот қабылдайды.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🗣 Биліктегі "Аманат" партиясы бірыңғай уақыт белдеуіне байланысты зерттеуді 2025 жылғы наурызға дейін аяқтауға үндеді
Бұл туралы мәжіліс спикері, партия төрағасы Ерлан Қошанов үкімет мүшелері де қатысқан фракция жиынында айтты. "Аманаттың" баспасөз қызметі мәжіліс депутаттары үкімет мүшелеріне уақыт белдеуі бойынша "жұртты толғандырған өзекті сауалдарды жеткізді" деді.
⏰ Бұған дейін үкімет бірыңғай уақыт белдеуіне ауысу әсері бойынша ғылыми-зерттеу жүргізу жөнінде шешім қабылдаған. Оған үш жыл кетеді деп жоспарланған.
Қошанов мұны тым ұзақ мерзім деп есептейді.
🗣 "Уақыт ауысқаны азаматтардың денсаулығы мен әл-ауқатына, тұрмысына қалай әсер ететіні бойынша нақты жауап алуымыз керек. Осы мәселеге баса мән беру қажет. Зерттеу жұмысын үш айда аяқтағандарыңыз жөн. 2025 жылы наурызда зерттеу қорытындыларын, нақты шешу жолдары бар ұсыныстар алып келесіздер деген үміттеміз" деді Қошанов.
Қазақстан үкіметі бірыңғай уақыт белдеуіне өту дұрыс шешім болды деген. Бірақ қоғам арасында жаңа белдеуге қатысты көп сын айтылған. Тамызда сауда министрлігі "Уақытты кері қайтару" талабымен жарияланған петицияны да қабылдамады.
Фото: @AMANATPartiyasy
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🗣 Полиция алдын ала сот-медицина сараптамасы 30 жастағы Нұрғанат Ғайыпбаев асылып өлген деген қорытынды жасады деп хабарлады
Сараптама құжатында марқұмның "денесінде зорлық-зомбылық белгілері жоқ", мойнында адам асылып өлгенде қалатын із бар, ал "құлағының арты мен желке тұсындағы жараға ұқсас іздер марқұм асылған зат қажағаннан пайда болуы мүмкін" деп жазылған.
Бұған дейін Қаржаубай Нұрымов желідегі парақшасына Ғайыпбаевтың денесінде қалған көгерген іздер көрінетін фото жариялаған еді. Алматы облысының полициясы да сейсенбіде телеграм-арнасында сол фотоны жариялады, тек суретті бұлдыратып қойғандықтан, іздер анық көрінбейді.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🔴 Оңтүстік Кореяның бұрынғы қорғаныс министрі Ким Ен Хен тергеу изоляторында өзіне қол салмақ болды
🇰🇷 Бұл жөнінде мекеме басшысына сүйенген Yonhap агенттігі хабарлады. "Қазір оның жағдайына алаңдайтын ештеңе жоқ" деді шенеунік парламенттегі тыңдауда.
Оқиға 10 желтоқсан кешке Сеул соты экс-министрді бүлік ұйымдастыруға қатысы бар деген айып бойынша ресми түрде қамауға алмай тұрып болды деп жазды BBC агенттігі.
🔺 3 желтоқсанда Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ель "ел ішіндегі Солтүстік Кореяның жандайшаптарымен күресу үшін" әскери жағдай тәртібін енгізу туралы жарлық шығарды. Президент жарлығын сынға алған парламент мүшелері ғимаратқа әскер басып кірмек болып жатқан сәтте, шұғыл отырыс өткізіп, президент жарлығына қарсы дауыс беріп үлгерді. Бұдан кейін президент, заң талабына сай, парламент шешіміне бағынып, алты сағат бұрын қабылдаған жарлығының күшін жоюға мәжбүр болды.
❗️Осыдан кейін қорғаныс министрлігінің басшысы қызметінен кетіп, тергеу басталды.
9 желтоқсанда президентке елден шығуына тыйым салынды. Мұндай шектеу елде әскери жағдай енгізу туралы жарлықтан кейін қозғалған бүлік жөніндегі істі тергеуге байланысты қолданылып отыр деп айтылды.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
Башар Асад Сириядан кеткені айтылды
Ресей сыртқы істер министрлігі Сирия президенті Башар Асад биліктен және елден кеткенін мәлімдеді. Бұған қоса, ол билікті бейбіт жолмен табыстауды тапсырған.
t.me/azattyq
Трамп Украинадағы соғысты дереу тоқтатып, келіссөзді бастау қажеттігін айтты
АҚШ-тың қайта сайланған президенті Дональд Трамп Париждегі келіссөзден кейін әлеуметтік желіде Украинадағы соғыста адам шығыны 1 млн адамға жеткенін айтып, қантөгісті дереу тоқтату қажеттігін жеткізді. Оның жазбасы Truth Social платформасында жарияланды.
"Атысты дереу тоқтатып, келіссөз бастау қажет. Қанша адамның қаны бостан-босқа төгілді, қаншама отбасы бұзылды. Егер бұл жалғаса берсе, бұдан да күрделі және бұдан да ауқымды нәрсеге айналуы мүмкін" деп жазды Трамп.
Сурет: Парижде Трамп пен Зеленскийдің кездесуі
Сирия әскері ереуілшілермен соғысып жатқанын мәлімдеді
Жексенбі күні таңертең Сирия әскері Хама, Хомс және Даръа елді мекендерінде ереуілшілерге қарсы соғысып жатқанын мәлімдеді. Бұл жөнінде Reuters жазды.
Бұған дейін ереуілшілер жергілікті телеарнадан мәлімдеме жасап, Дамаскіні "азат еткенін" және президент Башар Асад үкіметін құлатқанын мәлімдеген.
Сирия әскері елдегі оқиғаны "ауқымды астыртын әрекет" деп атап, азаматтарды Сирияның тұрақтылығы мен егемендігін қорғауда сақтық танытуға шақырған.
Дегенмен Асад үкіметінің жетекшісі Мұхаммад Қазы әл-Жәлел түнде "Сирия халқы таңдаған кез келген басшылықпен әріптестік орнатуға және билікті бейбіт тапсыруға дайын екенін" мәлімдеген.
БАҚ: Башар Асад режимі құлады
Сирияда үкіметке қарсы қарулы топтар Дамаскіге кіріп, қаланы "азат еткенін" мәлімдеді деп хабарлады "Әл-Хадас" арнасы. "Хайят Тахрир әл-Шам" тобының жетекшісі Ахмед әш-Шара босқындарды “азат Сирияға” оралуға шақырған.
Асад үкіметінің премьер-министрі Мұхаммед Қазы әл-Жалел “Сирия халқы таңдаған кез келген басшылыққа билікті бейбіт түрде тапсыратынын” мәлімдеді.
“Сирия көрші және әлем елдерімен жақсы қарым-қатынас орнататын қалыпты ел бола алады. Бұл Сирия халқы таңдаған басшылыққа байланысты болады. Біз келген билікпен әріптестік орнатуға дайынбыз” деді премьер-министр.
Башар Асадтың қайда екені белгісіз. Reuters-дің жазуынша, Дамаск әуежайынан ең соңғы ұшып шыққан Syrian Air әуе компаниясына тиесілі Ил-76 ұшағы Тартус жаққа қарай бағыт алып, Хомс маңынан өткенде қайта бұрылып, күрт құлдилап, бірнеше минуттан соң радардан жоғалған. Reuters-тің жазуынша, ұшақта Башар Асад болған болуы мүмкін.
Украина президенті Владимир Зеленский Парижде АҚШ президенті болып сайланған Дональд Трамппен және Франция президенті Эммануэль Макронмен кездесті.
"Біздің халық жайлы, майдандағы жағдайды және Украина үшін әділетті бейбітшілік жайлы сөйлестік. Біз бұл соғысты тез әрі әділ жолмен аяқтағымыз келеді. Әріқарай бірге жұмыс істеуге келістік" деді Зеленский кездесуден соң.
t.me/azattyq
📹 Оңтүстік Кореяның басқарушы партиясы президентке импичмент жариялау мәселесін қарауы тиіс болған парламент отырысына бойкот жариялады
Бұл жөнінде BBC ақпарат агенттігі жазды.
Бүгін парламент президент Юн Сок Ель қызметте қала ма, жоқ па, сол мәселені шешуі тиіс болған. Импичмент болмай қалуы да мүмкін: президенттің “Халық күші” партиясы парламент отырысынан шығып кеткен дейді ақпарат агенттігі.
“Халық күші” партиясының 108 мүшесінің 107-сі дауыс беруге бойкот жариялап, отырыстан кетіп қалған. Егер басқарушы партиясынан бірнеше адам “президентке импичмент жариялау” туралы заң жобасына дауыс берсе, құжат қабылданайын деп тұр.
Құжат қабылдануы үшін 300 депутаттың 200-і қолдап дауыс беруі керек. Ал оппозицияда қазір 192 дауыс бар. Президент партиясының бір өкілі құжатты қолдап дауыс беретінін айтқан. Кейін парламент отырысына тағы үш депутат оралған, бірақ біреуі құжатқа қарсы дауыс беретінін айтқан.
Сенбі күні парламент маңына мыңнан астам жиналып, президентке импичмент жариялап, оны қамауды талап етті. Олар парламент отырысынан кеткен депутаттарды шулап шығарып салса, қайта оралғандарын қуанып қарсы алды деп хабарлады BBC тілшісі.
Видео: BBC ақпарат агенттігі
"Классикалық үлгідегі саяси партия қалыптаспады". Дос Көшімнің қос сұхбаты
1991 жылы қыркүйекте Қазақстанда советтік компартия тарады. Сол кезде Социал-демократиялық партияны басқарған Дос Көшім Азаттыққа сұхбатында "жаңа кезең" жайлы тоқталған. Ал бүгінгі сұхбатында ол Қазақстандағы көппартиялық ойыны "демократия декорациясы" болып қалғанын айтады.
🎧Азаттық радиосы
🎧Youtube
🎧Apple podcasts
t.me/azattyq
Оңтүстік Кореяның президенті Юн Сок Ель әскери жағдай енгізгені үшін кешірім сұрап, жауапкершіліктен жалтармауға уәде берді.
"Қатты өкінемін. Адамдарды үрейлендіргенім үшін шын жүректен кешірім сұраймын" деп жазылған Юн Сок Ельдің кеңсесі таратқан хабарламада. Одан "Ренхап" үзінді келтіреді.
Юн Сок Ельдің түсіндіруінше, ол "мемлекеттік істерге жауапты" болғандықтан қапаланып, әскери жағдай енгізген. Ол істеген ісін мойнымен көтеретінін айтып, бұл әрекетін қайталамайтынын жазған.
t.me/azattyq
📹 Ақтөбеде Есет батыр атындағы спорт мектебінің оқушысы Бексұлтан Әбубәкірді "ұрып өлтірді" деп айыпталған Ағарыс Қалиев — 9 жылға, Мирлан Жолаш 6 жыл 8 айға сотталды
Сотталған екеу мен кісі қолынан өлген 14 жастағы Бексұлтан олимпиада резервінің спорт мектебінде оқып, бәрі бір жатақханада тұрған.
🔸 Тергеу материалдарына қарағанда, мектеп жанындағы колледждің 2-курсында оқитын Қалиев "тәртібі мен спорттағы көрсеткіштері нашарлап кеткендіктен" 8 сыныптың он баласын тәрбиелемек болған.
Төменгі сыныптың ұлдарын жатақхана бөлмесіне 9-, 10-сынып оқушылары жинайды. Олар Қалиевтің айтуымен "балаларды сапқа тұрғызып қойып, кезектесе ұрып шыққан".
Тергеуге сәйкес, кезек Мирлан Жолашқа жеткенде ол Бексұлтанның екі иығынан ұстап тұрып, оң тізесімен төсінен соққан. Бексұлтан шалқалай құлап, сол жерде қаза болған. Оқиға Бексұлтанның егізі Ерсұлтанның көз алдында болған.
🔸 Судья үкімді оқып болған бойы сотталушылардың туыстары наразылық білдіріп, айқайлай бастады.
Наразылардың сөзінше, 8-сыныптың ұлдары соққыға жығылған бөлмеде тағы бес оқушы болған. Бірақ олар қылмыстық жауапқа тартылмаған.
🗣 "Біз үкімге де, тергеу барысына да риза емеспіз. Апелляция алқасына шағымданамыз" деді Мирлан Жолаштың шешесі Айжан Сейтенова.
🔸 Жәбірленуші тарап сот үкіміне разы. Олардың адвокаты сот үкімін әділ, заңды әрі негізді деп санайды.
t.me/azattyq
🗣 Грузияда үкіметтің Еуропа одағымен интегрция келіссөзін кейінге қалдыра тұру жайлы шешімінен кейін басталған наразылық жалғасып жатқанына бір апта болды
🇬🇪 Кейінгі күндері оны студенттер наразылығы деп те атап жүр. Шынымен де, наразылықтың алдыңғы шебіндегі оппозиция мен үкіметтік емес ұйымдардың орнын жастар басқандай.
Бірақ жастардың қарасы көбейе түскен сайын қоғамда бұлар ешкімнің үгітінсіз, өздері ниет танытып шығып жүр ме, жоқ әлде оларды ұйымдастырып, өзі тасада қалып отырған біреулер бар ма деген сауалдар да пайда болды.
❓Олар жастық албырттықпен қателіктерге ұрынбай ма, мақсат-мұраты қандай?
Азаттықтың Грузин қызметінің журналисі Кети Бочоришвили бұрынғы білім министрі, саясаттанушы Гия Нодиямен және наразылық акцияларына белсенді қатысып жүрген Тбилиси мемлекеттік университетінің журналистика факультетінің студенті Реваз Бериташвилимен сұхбат құрды.
🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз
❤️Азаттыққа жазылыңыз
💬 Атыраудағы сауда орындарына жүргізілген тексеріс кезінде ең ірі сауда орны – "Дина" базарынан күйдіргі белгілері табылды
Базардағы ет павильоны уақытша жабылып, дезинфекция жүргізілді. Бұл ақпаратты Атырау облысы санитария-эпидемиология департаментінің баспасөз қызметі растады.
🥩 "Ет кескен пышақта қалған ет бөліктерінен ауру белгілері табылған". Павильонда жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлер тізімі жасалып, 14 күн бойы медициналық бақылауда болады.
❗️Санитария-эпидемиология департаменті халыққа етті тек ветеринария бақылауынан өткен орындардан сатып алуға, етті 70 градустан жоғары температурада мұқият пісіруге, шикі етпен жұмыс істегеннен кейін қолды және құралдарды жууға, қайда сойылғаны белгісіз мал етін тұтынбауға кеңес берген.
Бұған дейін Атырауда мал базарда және қасапхана істеген екі адамнан күйдіргі анықталып, ауруханаға жатқызылған.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
💬 Эстонияның қорғаныс саласындағы Frankenburg Technologies компаниясы 2025 жылы Украинада өзінің зенит зымырандарын сынай бастайды
Бұл жөнінде "Европейская правда" басылымы компанияның бас директоры Кусти Салмның ERR телеарнасына берген сұхбатына сілтеп хабарлады.
🇪🇪 Салм бұрын Эстония қорғаныс министрлігінің кеңесшісі болған.
Компания сынақ өткізу туралы келісім жасалды деп хабарлады. Зымырандардың техникалық сипаттамасы ашып айтылмаған.
❤️Азаттыққа жазылыңыз