azattyq | News and Media

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Subscribe to a channel

Azattyq - Азаттық

💬 Ресейдің қорғаныс министрі Андрей Белоусов Солтүстік Кореяға ресми сапармен барды

Сапар туралы бұған дейін айтылмаған. Оның барысында Солтүстік Кореяның әскери және әскери-саяси басшылығы өкілдерімен бірқатар екіжақты кездесу жоспарланған деп хабарлады Ресей қорғаныс министрлігі.

Қазанның аяғында Украинаның, Батыстың және Оңтүстік Кореяның барлау қызметі Солтүстік Корея әскері Украинадағы соғыс аймағына жіберілді деп хабарлады. Солтүстік Кореяның десант-шабуыл бөлімшелерінен 12 мыңға жуық сарбаз Мәскеуге жіберілді деген ақпарат айтылды. Олардың бір бөлігі Курск облысында Украина қарулы күштеріне қарсы шабуылға қатысқаны хабарланды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Qazaq Bank-тің бұрынғы акционері, кәсіпкер Бақыт Ибрагимнің өліміне қатысты қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды

Бұл туралы Алматы қалалық полиция департаментіне сүйенген ҚазАқпарат жазды. Бақыт Ибрагимді жергілікті БАҚ жоғары лауазымды шенеунік Бақытжан Сағынтаевтың күйеубаласы деп атайды.

Полицияның хабарлауынша, "қылмыс құрамы болмағандықтан іс тоқтатылған".

Кәсіпкер Ибрагимнің өлі табылғанын БАҚ биыл наурызда хабарлаған. Полиция "Өзіне қол салуға итермелеу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Оның түрмеден босап шыққанына көп уақыт болмаған еді. 2020 жылы қарашада сот "банк қаржысын жымқырды" деп айыпталған Ибрагимді 8 жылға бас бостандығынан айырып, мүлкін тәркілеген. 2021 жылы апелляциялық инстанция жазаны жұмсартып, оған 7 жыл берген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

📹 Сүлейменов: 16 қарашадан бастап интервенция жүргізіп жатырмыз, оған 1 млрд доллар жұмсалды

Бұған дейін Ұлттық банк теңгені құлдыратпай ұстап тұруға валюта интервенциясын жүргізетінін мәлімдеген.

Kurs.kz сайтының мәліметінше, 29 қарашада таңертең Алматы мен Астанадағы ақша айырбастау орындарында 1 доллар орташа есеппен 513-517 теңгеден сатылып жатты. Астанада 520 теңгеден сатып жатқан орындар да бар.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🔴 Халықаралық зерттеуші журналистер консорциумы (ICIJ) мен оның 26-дан астам медиа серіктесі (арасында Азаттық та бар) бірлесіп екі жыл бойы жүргізген жаңа зерттеуде Қазақстандағы стратегиялық маңызы бар Каспий құбыры мен сол арқылы шикізат жөнелтетін мұнай кен орындарына қатысы бар келісімдер талданған.

Қазақстанда Құлыбаевты кейде "мұнай ханзадасы" деп атайды, байланысы мықты бұл адам ондай атқа өндіруші саладағы рөлі мен отыз жылда әлемдегі ірі мұнай өндірушіге айналған елдің үкіметіне және халықаралық компанияларға ықпалын қалай пайдаланғанының арқасында ие болған деп жазылған зерттеуде.

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Путин Қазақстанға сапарында Тоқаевпен АЭС туралы талқылағанын айтты

🗣 "Шағын және кең құрамдағы келіссөз барысында бұған көп көңіл бөлдік" деді Ресей президенті Владимир Путин Астанаға мемлекеттік сапары мен ҰҚШҰ саммиті қорытындысы бойынша журналистер сұрағына жауап бергенде.

🗣 "Қазақстанда үшінші елдердің технология шешімдерін қолдануға, олардың мамандарын бірлесіп жұмыс істеуге шақыруға қажеттілік пен ықылас болса, "Росатомның" шетелдік әріптестермен тәжірибесі бар. Мұны да кеше талқыладық" деді ол.

Путиннің сөзінше, Ресей Қазақстанмен осы бағытта әріптестік орнатуы әбден мүмкін. Ресей президенті "Росатомды" мақтап, қазір ол көптеген елде АЭС салып жатыр деді.

🗣 "Біз электр станцияларын ғана салып жатқан жоқпыз. Осы қызмет түрін енді бастап жатқан елде сала құрамыз. Кадрлар дайындаймыз, қажет материалдар жеткіземіз, пайдаланылған отынды аламыз, атом саласындағы ғылымның дамуына ықпал етеміз" деді Путин.

🇰🇿 Қазақстанда биыл 6 қазан күні өткен референдумда дауыс бергендердің 71 пайызы елде АЭС салуды қолдаған. Астана АЭС салуға Ресей, Қытай, Франция мен Оңтүстік Кореяның компанияларын қарастырып жатқанын мәлімдеген. Тоқаев референдум өткен күні АЭС-ті халықаралық консорциум салуы керек деп айтқан.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

📹 Алматыда 21 күн комада жатқан сарбаз Нұржігіт Әбділпаттаның ісіне байланысты сот процесі өтіп жатыр. Денсаулығы жақсарған жауынгердің өзі де сотқа қатысты. Сарбаздың туыстары күдіктіге тағылған айыпқа да, сот-медициналық сараптама қорытындысына да келіспейді.

🔗Сілтемеден өтіп көріңіз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының (ҰҚШҰ) бас хатшысы, Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Иманғали Тасмағамбетов Ресей "жаңа зымыран жүйесін сынақтан өткізуге мәжбүр болды" деп мәлімдеген

Ресейлік ТАСС агенттігі жариялаған сұхбатында Тасмағамбетов ҰҚШҰ "Орешник" зымыранын қолдануды зерттеп жатқанын айтты.

🗣 "ҰҚШҰ-да қазіргі заманғы барлық қару-жарақты қолдану, сынақтан өткізу тәжірибесі мен дамыту болашағы зерттеледі. Бұл жұмысымыздың ажырамас бөлігі. Бұған қоса Ресей жаңа зымыран жүйесін сынақтан өткізуге мәжбүр болған халықаралық жағдайды да бірге талқылаймыз. Және бұл жағдайдың даму болашағын да" деп жауап қатқан Тасмағамбетов ТАСС агенттігінің "Орешник" зымыранын қолдану жөнінде қойған сұрағына.

Тасмағамбетовтың сұхбаты Астанада ҰҚШҰ саммиті басталар қарсаңда жарияланды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Путин Астанадағы жиында келесі кезекте Киевтегі "шешім қабылдау орталықтарын" нысанаға алуы мүмкін екенін мәлімдеді.

🗣 "Қазіргі сәтте қорғаныс министрлігі мен Ресей армиясының бас штабы Украина аумағында ататын нысандарды таңдап жатыр. Ол әскери нысан, қорғаныс өнеркәсібі мекемелері не Киевтегі шешім қабылдау орталықтары болуы мүмкін. Оның үстіне Киев режимі (Украина басшылығын Путин осылай атайды – ред.) Ресейдегі мемлекеттік маңызы бар нысандар – Санкт-Петербург пен Мәскеуге шабуыл жасауға көп рет тырысқан. Мұндай әрекет әлі жалғасып жатыр" деді Путин.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Путин ҰҚШҰ-ға мүше елдің басшыларын 2025 жылғы 9 мамырда Мәскеуде өтетін жеңістің 80 жылдығына арналған шараға қатысуға шақырды

ҰҚШҰ елдерінің әскері Ресей әскерімен бірге Қызыл алаңдағы парадқа қатыса алады деді Путин.

🔸 Биылғы саммитке Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Ресей президенті Владимир Путин, Беларусь басшысы Александр Лукашенко, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон және ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов қатысты.

🔸 Армения ҰҚШҰ жиынына бұл жолы да келген жоқ. Осыған дейін Армения премьер-министрі Никол Пашинян Ереванның ҰҚШҰ құрамынан шығатынын айтқан.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Астанада Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымына мүше елдердің басшылары халықаралық және аймақтағы ахуалды жабық жиында талқылап жатыр

Украина мен Ресей өзара соғыста алысқа ұшатын зымырандар қолданып жатқан шақта оның ҰҚШҰ-ға әсері жөнінде түрлі болжам айтылып отыр.

Тәуелсіздік сарайында ҰҚШҰ жиынын ашқан Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі отырыста "халықаралық және аймақтағы ахуалға қатысты пікір алмасамыз, оның ұйымға мүше елдердің қауіпсіздігіне әсерін бағалаймыз" деді. Бірақ нақты қандай мәселелер талқыланатынын ашып айтпады.

Ол өз сөзінде ҰҚШҰ-ны "бұл жай ғана әскери әріптестік қана емес, мемлекеттеріміздің егемендігі мен территориялық тұтастығын қорғайтын күш пен ресурсты біріктіретін теңдессіз механизм" деп атады. Ол ақпарат құралдарына алғыс айтып, әрі қарай мәселе "шағын құрамда жалғасатынын" айтты.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Астанада ҰҚШҰ-ға мүше елдердің сыртқы істер, қорғаныс министрлері және қауіпсіздік кеңесінің жетекшілері бірлескен жиын өткізді.

Ұйым қатысушылар "ҰҚШҰ аймақтарындағы әскери-саяси жағдай туралы пікір алмасты, ұжымдық қауіпсіздік жүйесін одан әрі дамыту келешегін талқылады" деді.

Ақпаратқа қарағанда, ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің қарауына шығарылатын бірқатар құжат мақұлданған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Көкшетауда сот Путиннің сапарына наразылық білдірген екі адамға айыппұл салды

Бұл жөнінде Азаттыққа адвокат Жанболат Құлжанов хабарлады.

🗣 “Сот Бауыржан Балташев пен Уәлихан Нығметовке әрқайсына 51 мың теңгеден айыппұл салды. Олар айыппен келіскен жоқ. Шешімді апелляцияға береміз” деді адвокат Азаттыққа.

Оның сөзінше, тағы бір белсенді Марат Жанұзақовтың соты бейсенбі түстен кейін өтеді.

Бір күн бұрын Қазақстанға Ресей басшысы Владимир Путин мемлекеттік сапармен келген күні Көкшетауда үш белсенді наразылық білдірген еді. Әлеуметтік желіде жарияланған суретте белсенділердің қолында балағат сөз жазылған плакат бары көрінеді. Онда "х....о, пошел вон из Казахстана" (х.....o, Қазақстаннан жоғал!) деп жазылған.

Адвокаттың сөзінше, кейін оларды полиция үйлерінен алып кетіп, “Ұсақ бұзақылық” бойынша хаттама толтырған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 "Росатом" жетекшісі Астанадағы жабық келіссөзде Қазақстанда АЭС салу мәселесі де талқыланғанын айтты

Бұл жөнінде "Росатом" жетекшісі Алексей Лихачевке сүйенген Ресейдің мемлекеттік ақпарат құралдары жазды.

🗣 "Бүгін (27 қарашада) атом станциясын салу мәселесіне [келіссөздің] жабық бөлігінде де, кеңейтілген құраммен өткізілген келіссөзде де уақыт берілді" деді ол "Бірінші арнаға" берген сұхбатында. Оның сөзінше, Қазақстанда АЭС құрылысы мәселесінің "түрлі аспектісі бойынша кеңес жүргізілген".

6 қазан күнгі референдумның ресми нәтижесі бойынша, Қазақстан халқының 71 пайыздан астамы АЭС салуды қолдайды. Бұған дейін билік АЭС-ті әлем компанияларынан құралған "халықаралық консорциум" салатынын айтқан.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Ішкі істер министрлігі Астанадағы LED-экрандағы жағдайға байланысты тергеу басталғанын хабарлады

Министрлік қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Алайда қандай бап бойынша екені, іс кімнің үстінен қозғалғаны хабарламада айтылмаған.

"Техникалық ақау, компания жабдықтарының жұмысына сырттан заңсыз араласу ықтималдығы" қарастырылып жатыр деді ІІМ

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Путин сапары кезінде Астанадағы экранда Украина туымен түстес видео көрсетілді

Кадр әлеуметтік желіде тарап кетіп, "хакерлер "Астана Опера" экранын бұзды" деген де ақпарат шықты. LED-экранға жауапты деген компания мұны кабельдегі ақаудан болды деп түсіндірді.

🗣 "16.30-да "Керуен Медиа" LED-экранында Ресей туының суретіндегі жоғарғы бөлігінде кабель жабылып, ақ түс өшіп қалды, электр қуатына салмақ түскенде [экран] түсінің реңкі өзгеріп, содан ашық бола түсті. Телефонға түсірілген видеодан қызыл түс сары болып көрінеді" деп жауап берген "Керуен Медиа" директорының техника бөлімі бойынша орынбасары Мұхтар Бекбосынов ҚазТАГ агенттігіне.

Путин Астанаға келетін күні қаладағы басқа LED-экрандарда Ресей туы көрсетілген.

Видео: astana_brothers

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Мәдениет және ақпарат министрлігі БАҚ-қа мониторинг жүргізу ережесін әзірлеп жатқанын, онда "мәдени, адамгершілік және отбасы құндылықтар" нормасы анықталатынын айтты

Бұл жөнінде министрліктің жазбаша жауабына сүйенген "Власть" сайты жазды.

Ресми жауапта құжатты әзірлеуге кім қатысып жатқаны нақты айтылмаған. Бұған дейін министрлік өкілдері жобаны әзірлеуге журналистер мен үкіметтік емес ұйым өкілдерін қатыстыруға уәде берген.

Ведомствоның айтуынша, ереже жобасы жуырда "Ашық құқықтық нормативтік актілер" порталында жарияланбақ.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 "Интервенция – апаттық іс-шара. Үрей болмас үшін, адамдар ақша айырбастау орындары мен банктер алдында тұрмас үшін істелді. Апаттық жағдай болмаса, ешқандай интервенция істемейміз, өйткені ол біздің резервіміз, оны нарыққа жұмсайтын ешқандай ниетіміз жоқ. Нарық қалай жұмыс істейтінін көрейік, соған қарай шара қабылдаймыз" деді Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов.

Оның сөзінше, бұған дейінгі интервенция 2022 жылы жасалған, ол инфляцияға, Украинадағы соғысқа байланысты болған. Содан бері Ұлттық банк биыл 16 қарашадан 28 қарашаға дейін интервенция жүргізген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

📹 Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов базалық мөлшерлемені көтерудің себеп-салдарын айтты

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🔴 Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 14,25 пайыздан 15,25 пайызға дейін көтерді

🗣Қазақстан Ұлттық банкінің ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 проценттік пункт дәлізімен жылдық 15,25 пайыз деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады. Шешім жаңа болжамдар мен инфляция тәуекелдері балансының бағалауын ескере отырып қабылданды” деп жазылған Ұлттық банк хабарламасында.

❗️ Базалық мөлшерлеме – бұл орталық банктің ақша құнын басқару тетігі. Ұлттық банк базалық ставканы екінші деңгейлі банктерге кредит берерде және олардың ақшасын депозитке қабылдарда қолданады. Яғни, ұлттық банк коммерциялық банктерге несиені дәл осы базалық ставкамен береді.

Ұлттық банк сонымен бірге биыл және алдағы екі жылда инфляция ахуалы одан әрі нашарлап, экономика өсуі баяулайды деп болжам жасайды.

Жаңа болжамға сәйкес, 2024 жылы инфляция 8-9 пайыз деңгейінде болады. 2025 жылы ол өсу жағына қарай – 6,5-8,5 пайызға дейін, 2026 жылы 5,5-7,5 пайызға дейін қайта қаралған. Болжам бойынша, биыл экономика өсуі баяулап, 4-4,5 пайыз болады.

🗣2025 және 2026 жылдарға арналған болжам тиісінше 4,5-5,5 пайыз және 4,6-5,6 пайызға дейін қайта қаралды. Неғұрлым төмен болжамдар мұнайдың сценарийлік бағасының төмендеуіне және бірқалыпты сыртқы сұранысқа байланысты” деп жазылған банк хабарламасында.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Тбилисиде Еуроодаққа қосылуды тоқтату туралы шешімге наразылық акциясы кезінде полиция демонстранттарға арнайы құрал қолданды. Азаттықтың Грузин қызметінің хабарлауынша, полиция халыққа бұрыш спрейін шашқан.

Спрей саясаткер Леван Гогичаишвили мен "Пирвели" телеарнасының операторының бетіне де тиген. Полицейлер демонстранттар шоғырына түтін құтыларды тастаған. Күштік құрылым өкілдері мен наразылар біраз жанжалдасып қалды. Полицияның хабарлауынша, бір қызметкер ауруханаға жатқызылған.

Жергілікті уақыт бойынша түнгі сағат бірде парламент ғимаратындағы жағдай ушыға түскен. Оқиға орнында су шашу құралдары әзірленіп қойылған. Бірнеше адам ұсталған.

🇪🇺 Бұған дейін Грузия премьер-министрі Ираклий Кобахидзе Грузия Еуроодаққа қосылу бойынша келіссөзден кемінде 2028 жылға дейін бас тартады және ЕО-ның бюджет гранттарын алмайды деп мәлімдеген.

🇬🇪 Ал ел президенті Саломе Зурабишвили бүгінгі күн "конституциялық төңкерістің аяқталуы мен Еуропадан Ресейге қарай жылжумен" есте қалды деп мәлімдеді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Көкшетауда "Путин Қазақстаннан жоғал" деп наразылық білдірген үшінші белсендіге де сот айыппұл салды

Марат Жанұзақов, Бауыржан Балташев, Уәлихан Нығметов бұл суретке үйдің ауласында түскен. Белсенділер сот шешіміне келіскен жоқ. Адвокатының айтуынша, сотта олардың кінәсі дәлелденбеген.

🗣 "Сот қаулысына келіспейтін себебіміз – плакатта жазылған сөз балағат сөзге жатпайды. Оны анықтау үшін сот сараптама тағайындауы керек еді. Филологиялық сараптама тағайындалсын деп өтінішхат бердік. Бірақ ол қанағаттандырылған жоқ. Нығметов пен Балташев Жанұзақовтың қасында тұрғанда тек ту ұстап тұр, біреуі Қазақстан, біреуі Украина туын ұстап тұр. Олардың әрекетінде қандай бұзақылық бар? Соған келіспейміз" деді адвокат Жанболат Құлжанов.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Путин ҰҚШҰ саммитінде "Орешникті" мақтады

🗣 "Ондаған блок секундына үш шақырым жылдамдықпен шабуылдайды. Зақым келген заттар 4 мың градусқа дейін қызуы мүмкін. Қателеспесем, күннің бетіндегі температура 5,5-6 мың градус. Әскери және техникалық мамандардың пікірінше, бірнеше "Орешникті" топтап ұшырса, оның күші ядролық қару қолданғанмен тең болмақ. Бірақ "Орешник" жаппай қырып жоятын қару емес. Біріншіден, мұны 21 қарашадағы сынақ көрсетті, ол дәлдігі жоғары қару. Екіншіден, онда ядролық заряд жоқ" деді ол.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Ресей президенті Владимир Путин Астанадағы ҰҚШҰ саммитінде Украинаның жаппай атқылануы туралы айтып, оны Ресей аумағына америкалық ATACMS зымырандарымен жасалған шабуылға жауап деп атады

Путиннің сөзінше, Ресей кейінгі екі күнде Украина аумағына әртүрлі топтағы 100 зымыран және 466 дронмен шабуылдаған.

Ол әлемде "Орешник" ракетасының баламасы жоқ деп айтты.

🗣 "Батыстың алысқа ұшатын зымырандарымен Ресей аумағына жасалып жатқан соққыларға жауап береміз, 21 қарашадағыдай "Орешникті" сынап көру жалғасуы мүмкін" деді ол.

Путин бұған дейін "Орешникті" "Ресейдің әскери зымыран жүйесіндегі орта қашықтыққа ұшатын ең жаңа" гипердыбыстық ракеталарының бірі деп атаған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🇷🇺🇺🇦 Мемлекеттік техникалық қызмет Астанадағы LED-экранда болған жайтты "шабуыл" деп атады

🗣 "27 қарашада Астанадағы LED-экранның бірінде көрсетілетін видеоның аз уақытқа өзгертілгені анықталды. Алдын ала деректерге сәйкес, бұл шабуыл шетелдік IP-адрестер арқылы прокси-серверлер көмегімен істелген" деп мәлімдеді техникалық қызмет.

Бұған дейін ішкі істер министрлігі осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалды деп хабарлаған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

📹 Айтыскер ақын Нұрболат Абзалханов сегіз жылдан бері арбада отыр. Қазір ол жазба поэзияға ден қойып, шығармашылығын шыңдап жүр. Болашақта жыр кешін өткізуді армандайды.

🔗Сілтемеден өтіп көріңіз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🔴 Өскемен қаласын 20 қарашадан бері газ бен тұман тұмшалап тұр

Әлеуметтік желі қолданушылары шұңқырда орналасқан қала түтінге бөгіп, іргедегі таудың төбесінен көрінбей қалғанын дәлелдейтін видеолар жариялап жатыр.

🛬 Өскеменді түтін басқаны туралы хабар тарап жатқан кезде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары 27 қарашада түске дейін ұшақтар кестедегі уақытынан кешіктірілгенін жазды.

Қалалық білім бөлімінің бұйрығымен, 28-29 қарашада барлық мектепте оқушылар онлайн оқу режиміне көшірілді.

Тәуелсіз эколог Дәулет Асанов қаланың "шектен тыс" ластануының артында көмір лоббиі жатыр деп есептейді.

🗣 "Кейінгі жылдары қалада қалыптасқан түтін жылу электр орталығында көмір жағу артып, бақылауға алынбағанының және жеке үйлердің орталық жылу желісіне қосылмай, қаптап салынып жатқанының кесірі. Металлургиялық кәсіпорындар жабылғанын күтіп отыра бермей, барлық әсер етуші фактормен күресу керек. Қалада тағы бір жылу электр орталығы мен қазандық салу зиян әрі ақымақтық" деді Асанов.

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Қазақстан билігі журналист Данияр Әділбековтің апелляция шағымының әділ қаралуына жағдай жасауы керек деп мәлімдеді Халықаралық адам құқығын қорғайтын Human Rights Watch ұйымы

28 қараша күнгі мәлімдемесінде HRW Астананы заңнаманы өзгертіп, журналистерді қорғауға шақырған.

🔸 Астана соты қазанда Данияр Әділбековті "Көрінеу жалған сөз жеткізу" (419-бап 3-бөлігі) және "Көрінеу жалған ақпарат тарату" (274-бап 2-бөлігі) баптары бойынша кінәлі деп танып, 4,5 жылға бас бостандығынан айырған еді.

Бірінші инстанцияда Әділбеков тағылған айыптарды жоққа шығарды. Ол апелляциялық шағым түсірген.

Human Rights Watch Әділбековке шыққан үкімді "беделге нұқсан келтіргені үшін берілген орынсыз жаза" деп санайды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Астанадағы ақша айырбастау орындарында бір АҚШ доллары 515-517 теңгеден сатылып жатыр

💵 Бірнеше сағат бұрын қаладағы ақша айырбастау пунктерінде доллар 510 теңгеден сатылған.

Доллар бағамы жылдам өзгеріп жатыр. Алматы қаласында доллар 518-519 теңгеден сатыла бастады.

27 қарашада Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов "осы жұмада базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдаймыз, қазір тыныштық аптасы, сондықтан [доллар бағамы бойынша] пікір бере алмаймын" деді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Сирияда исламшыл топтар президент Башар Асадтың бақылауындағы Сирия әскері мен олардың одақтастары Алеппо қаласының батысындағы ираншыл топтардың позицияларына жаппай шабуыл бастады

Қақтығыс кезінде жиһадшылар бірнеше елді мекенді, үкімет армиясының стратегиялық маңызды базаларының бірін басып алған. Шабуылға жауап ретінде Сирия армиясы Ресей әскерімен бірігіп, қарулы топтардың позициясына соққы жасауға әскери ұшақтарды көтерген.

"Хайат Тахрир аш-Шам" – Асад режимімен күресіп жатқан сунниттік жиһадшылар топтарының коалициясы. Топ 2017 жылы "Әл-Қаида" террористік ұйымының жергілікті бөлімшесінің базасында құрылды. Коалиция қазір "Әл-Қаидамен" байланысты жоққа шығарады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Ресей қорғаныс министрлігі мәлімдеме жасап, кейінгі үш күнде Украина екі рет ATACMS зымыранымен шабуыл жасады деді. Мәскеу алғаш рет ATACMS зымыраны нысанаға дөп тигенін мойындады.

🔗Сілтемеден өтіп көріңіз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…
Subscribe to a channel