Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
💬 Астанада Ресей президентін "ерекше сән-салтанатпен" қарсы алып жатқанда Көкшетауда бірнеше белсенді әскери қылмыс жасады деген күдікке ілініп, Халықаралық қылмыстық сот тұтқындауға ордер берген Ресей басшысының Қазақстанға келуіне қарсылық білдірді
Олардың акциясы туралы ақпаратты "Белсенділер экстремист емес тобы" да жариялады. Топ өкілдерінің сөзінше, полиция Қазақстан мен Украина туын көтерген азаматтық белсенділер Марат Жанұзақов, Бауыржан Балташев, Уәлихан Нығметовті полицияға шақырып, "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша айып таққан. 28 қарашада таңертең соты өтеді.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
💬 Путин мен Тоқаев нені талқылады?
Ақорданың хабарлауынша, салтанатты рәсімнен кейін Тоқаев пен Путин шағын және кеңейтілген құрамда келіссөз жүргізген.
🇰🇿 Онда Тоқаев Қазақстан "осындай күрделі кезеңде Ресейдің сенімді стратегиялық серіктесі әрі одақтасы екенін және алдағы уақытта бұл бағыттан айнымайтынын" тағы қайталаған.
Тоқаевтың сөзінше, "тату көршілік және серіктестік рухындағы ынтымықтастықты одан әрі дамытуға серпін беретін" "20 келісімнен тұратын" құжаттар қабылданады.
🇷🇺 Ақорданың жазуынша, Ресей басшысы Владимир Путин "ерекше сый құрмет үшін" Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, оны жыл соңында Санкт-Петербургте өтетін ТМД аясындағы бейресми кездесуге шақырған. Одан бөлек, Жеңістің 80 жылдығына арналған салтанатты шараға да шақырды.
Ресми ақпаратқа қарағанда, тараптар келіссөз кезінде өнеркәсіп кооперациясы, энергетика, мұнай-газ өнеркәсібі, энергия ресурстарын тасымалдау, машина жасау, көлік-логистика, қаржы, экология, су саясаты, білім беру, ғылым, мәдени-гуманитарлық саладағы мәселелерді талқылаған.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
Тасмағамбетов: Ресей ҰҚШҰ-дан әскери көмек сұраған жоқ
ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов ресейлік ТАСС агенттігіне берген сұхбатында осылай деді. Бұған дейін Ресей аумағына Батыс қаруымен соққы жасалғаннан кейін кейбір БАҚ Ресей ҰҚШҰ бойынша одақтастарынан әскери көмек сұрауы мүмкін деген болжам жасаған.
"Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымы аясында көмек, оның ішінде әскери көмек те бар, қатысушы-мемлекеттің өтінішімен беріледі. Мұндай норма іс жүзінде орындалғанын өздеріңіз білесіздер. Қазіргі кезде Ресейден мұндай өтініш түскен жоқ" деген Тасмағамбетов
🗣 "Известия" басылымында шыққан мақалада Тоқаев Қазақстан мен Ресей қарым-қатынасын "берік әрі мызғымас достықтың шынайы көрінісі" деп бағалаған. Мақалада "достық" сөзі алты рет кездеседі.
🗣 "Бұрын-соңды болмаған жаһандық сын-қатерлерге қарамастан, біздің елдеріміз тату көршілік пен сан салалы ынтымақтастықтың үлгісін көрсетіп келеді. Бұл ынтымақтастыққа ортақ мүдде, өзара сыйластық, ең жоғары деңгейдегі сындарлы саяси диалог арқау болып отыр" деп жазылған Тоқаевтың мақаласында.
Тоқаев Қазақстан "тарихтың қақтығысқа және апатқа толы күрделі кезеңінде Ресейдің сенімді стратегиялық серіктесі әрі одақтасы болып қала береді" деп мәлімдеді.
Ресейдің одақтасы Қазақстан Украинаға басқыншылықты айыптаған жоқ, құптаған да жоқ. Астана Мәскеу аннексиялап алған Украинаның облыстарын Ресей жері деп мойындаған жоқ. Қазақстан билігі көпвекторлы сыртқы саясат туралы жиі айтады.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
📹 Қазақстан – Владимир Путиннің ұшағы Ресейден шет жерде ең көп қонатын ел. Билік басында отырған ширек ғасыр ішінде Путин әлемдегі ең ұзын құрлық шекарасы бөліп тұрған көрші елге 30-дан астам рет келді.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🗣 Шығыс Қазақстан облысы Маралды ауылында тұрғындар қарсы болған алтын өндіру фабрикасы іске қосылды
🗣 "26 қарашада облыс әкімінің орынбасары Дархан Сапанов пен фабрика өкілдері келіп, барлық құзырлы органнан рұқсат алынды, фабрика ресми түрде жұмысын бастады деп хабарлады. Бұған дейін Маралды жанында барлау жүргізілсе, енді кенді өндіруге көшеді" деді Күршім ауданы әкімінің орынбасары Мейіржан Әлібеков Азаттыққа.
Оның айтуынша, фабрика құрылысы әу баста жоспарлаған мерзімінен кеш аяқталған. Бұған құрылысқа наразы адамдар мен компания арасындағы сот даулары және құзырлы мекемелер мен сарапшылардың тексерулері әсер еткен.
Фабрика іске қосылғаны туралы жаңалықты бұған дейін қарсылық көрсетіп келген Маралды белсенділері "қабылдай алмаған".
🗣 "Ауыл үш жылдан бері қарсыласып келе жатыр. Қаншама заңсыздықты көрсетіп, дәлелдедік. Қызыл кітапқа енген өсімдіктер, компанияға берілген жерлерден шыққан бұлақтар барын көрсеттік. Фабрика аумағының астында су қоры бар. Біздіңше, жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы кодекс бұзылып отыр. Әлі де қарсымыз" деді белсенді Талғат Исин.
Кәсіпорын директорының орынбасары "экология қауіпсіздігі бойынша барлық шара қабылданады" деген.
📹 Маралды халқы алтын өндірісіне неге қарсы болды? Мына сілтемеден өтіп көріңіз.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
💬 Ресей ішкі істер министрлігі сайлау сарапшысы Иван Шукшинге іздеу жариялады
Бұл жөнінде "Медиазона" жазды. Іздеу картасында оған тағылған айып жөнінде айтылмайды, сарапшының өзі істен хабарсыз болып шықты.
2024 жылы наурызда Шукшин президент сайлауынан кейінгі Ресей орталық сайлау комиссиясының деректерін жариялаған. Оларды математикалық тәсілдермен сараптаған ол жеңген кандидат - президент Владимир Путинге дауыс берілген шамамен 22 млн бюллетень жәшікке топтап салынған болуы мүмкін деген қорытындыға келген.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
💬 Қытай соты мемлекеттік ірі банктің бұрынғы басшысын өлім жазасына кесті. Ол жемқорлық және несиені заңсыз беру баптары бойынша кінәлі танылған
Лю Ляньгэ актив көлемі жағынан әлемдегі ең ірі бес банктің қатарына кірген Қытай банкіне жетекшілік еткен. Ол 2023 жылы Компартиядан шығарылып, биыл ақпанда қамалған. Оған 121 млн юаннан (шамамен 16,8 млн доллар) астам пара алды деген айып тағылды.
"Синьхуа" агенттігінің жазуынша, сот үкімі екі жылдан кейін орындалады. Үкім бойынша, оның барлық мүлкі тәркіленген. Қытай заңы бойынша кейінге қалдырылған өлім жазасы өмірлік түрме жазасымен алмастырылуы мүмкін.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🗣 Ресей Қазақстанда жаңа орыс мектептерін салуды қолдайды
"Казахстанская правда" газетінде жарияланған мақаласында Ресей президенті Владимир Путин осылай деген. Ол қазақтар көп шоғырланған Қазақстанның оңтүстігіндегі үш қалада "орыс мектептері ашылады деп сенеміз" деп жазған.
Ол Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың "орыс тілін қолдау жөніндегі халықаралық ұйым" құру туралы бастамасы үшін алғыс айтқан.
Қазақстанда 7 мыңға жуық мектеп болса, 1160-ы – таза орыс тілінде сабақ береді. 2 мыңнан астамы аралас мектеп.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🗣 Израиль министрлер кабинеті Ливандағы қақтығысты тоқтату туралы келісімді мақұлдады
Reuters агенттігінің жазуынша, АҚШ Ливанды келісім 27 қараша жергілікті уақыт бойынша таңғы 4-те күшіне енеді деп хабардар еткен.
АҚШ президенті Джо Байден Израиль және Ливан премьер-министрлерімен телефонмен сөйлескенін айтты, олардың әрқайсысы өзі басқаратын үкімет келісімді қабылдады деп хабарлаған.
📝 Бітім жоспарына сәйкес, Израиль Ливандағы әскерін 60 күн ішінде шығаруы керек. Израиль Ливан үкіметінің армиясына шекаралас аймақтарға бақылауды тапсыруға тиіс, ал "Хезболла" тобы ауыр қару-жарағын Литани өзенінің солтүстігіне қарай бұруы керек. АҚШ бейбітшілік жоспары қалай орындалып жатқанын бақылап отырады.
🇮🇱 Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху "Хезболла" келісімді бұзса, Израиль соққы жасайды деді.
АҚШ пен Израиль "Хезболланы" террористік ұйым деп атайды. Еуропа одағы "Хезболланың" қарулы қанатын ғана террористік деп таныған.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🗣 Тимур Құлыбаев пен Қазақстан прокуратурасы соттасып жатыр ма?
Осындай ақпаратты кеше жергілікті медиалар таратқан. Істе Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеуі баласы, кәсіпкер Құлыбаевтың жауапкер екені жазылған. Ал арыз иесі ретінде Бас прокуратураға қарайтын активтерді қайтару жөніндегі комитет көрсетілген.
📱 ҚазТАГ, Orda, Kursiv және өзге де бірқатар сайт жарыса хабар таратқанымен, дерек ең алдымен Nege Aqsha деп аталатын телеграм-арнаға шыққан. Арна авторлары сот кабинетінен жасалған скрин жариялап, істі 18 қарашадан бастап Алматы қалалық соты қарап жатыр деп жазған.
Бір ай бұрын кәсіпкердің заңсыз иемденілген активтерді қайтару заңы аясындағы құпия реестрге кіргені туралы ресми расталмаған ақпарат та осы арнада пайда болған. Заңға сәйкес, активтерді қайтару жөніндегі комитет те, комиссия да байлығы тексерілетін адамдар тізімінде кімдер барын жарияламайды.
☎️ Азаттық Алматы қалалық сотының өкіліне хабарласып, комитет пен кәсіпкер арасындағы сот жайлы ақпарат сұраған. Баспасөз қызметінің өкілі жауап беруден бас тартты.
Сот кабинетінде екі тараптың арасында қандай да бір сот процесі өтіп жатқаны туралы ақпарат жоқ.
💰 Forbes Kazakhstan журналының жазуынша, экс-президенттің қызы мен күйеу баласы – Динара мен Тимур Құлыбаевтар елдегі ең ауқатты отбасы. Басылым олардың әрқайсында 5 млрд доллар байлық бар деп бағалайды.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
💬 Атырау облысы Жылыой ауданының ондаған шаруасы жергілікті биліктің ісіне наразы болып жатыр
Қырықтан астам шаруа аудан әкімдігіне арыз тапсырды. Олар Жылыойдағы Жем өзенін тереңдету жұмыстары кезінде жайылымға шығатын арналар бітеліп, жобада суаттар қарастырылмаған деп шағынды.
🔸 Жылыой ауданындағы Жем өзені мен Құрсай каналы биыл көктемде тасып, тамызда оларды тереңдету басталған. Бұл іс 2025 жылы көктемде қайталануы мүмкін тасқын қаупінің алдын алу үшін қолға алынған.
Бір үйір жылқысы бар Сафи Шудабаев 10 күннен кейін су қатса, мал қайдан су ішеді деп уайымдап отыр. Оның сөзінше, шаруалардың малы Жем өзенінен жайылған судан ішеді.
🔸 Шаруа бұл жобаны іске асырарда жергілікті халықтың пікірі ескерілмеді деді. Суат қалдыру туралы жобаға өзгеріс енгізуді сұрап, арызға қол қойған қырықтан астам адамның он шақтысы – қожалық иесі.
Атырау облысы құрылыс басқармасының басшысы Нұрберген Құсайыновтың сөзінше, тамызда басталған тереңдету жұмыстары 2025 жылы көктемде аяқталуға тиіс. Құсайынов шаруалар арызы бойынша жобаға өзгеріс енгізіп, мал суаруға уақытша орындар істейміз деді.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🔴 АҚШ-та кезекті президент сайлауы аяқталды. Ондағы сайлау – күрделі саяси процесс. Оны ешбір елде түгел қайталау мүмкін емес.
Әйтсе де, оның Қазақстан үшін пайдалы болуы мүмкін тұстары да бар. Ең маңызды деген бесеуіне тоқталайық.
🇺🇸 1. АҚШ-та сайлау күні тұрақты, жұрт алдын ала біледі
🇰🇿 Қазақстан тарихында өз уақытында өткен сайлаудан оның кезектен тыс немесе мерзімінен бұрын өткені көп. Қазақстан заңында кезектен тыс сайлауды президент бекіте алады және бекіткен күннен соң екі ай ішінде өткізіледі деп жазылған.
🇺🇸 2. Сайлау науқаны бір жылдан астам жүреді
🇰🇿 Қазақстанның "Сайлау туралы" заңына сәйкес, үгіт-насихат науқаны үміткерлерді тіркеу процесі аяқталғаннан кейін басталады. Бұл әдетте сайлауға бір ай қалғанда жүзеге асады. Мәселен, 2022 жылғы 21 қыркүйекте Тоқаев кезектен тыс президент сайлауын өткізуді ұсынып, сайлау күнін 20 қарашаға бекіткен.
🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🔴 Туабітті церебралды сал ауруы мен эпилепсия диагнозы қойылған Мейірім Әлиасқарованың өмірі онсыз да сынаққа толы болатын.
Екі жарым жыл бұрын Мейірімді көршісі зорлады. Ол кезде Мейірім 16 жаста, ал көршісі одан жарты ғасыр үлкен еді. Оқиға Қырғызстанның солтүстік-шығысындағы Курменты ауылында болған. Бұл жағдай жасөспірім қыздың өмірін одан сайын ауырлатты.
Көршісі зорлаған Мейірімнің аяғы ауыр болып қалған. Құрсағына операция жасап алған бала өлі туды. Осыдан соң жасөспірім қыздың ұстамасы жиілеп, қан қысымы көтеріліп, үрейге бой алдыратын болған.
🇰🇬 Мейірім Әлиасқарованың ісі Қырғызстан билігін елде жиі кездесетін жасөспірімдерге қарсы жыныстық зорлық пен басқа да қылмыстар үшін жазаны қатаңдатуға итермелеген бірнеше оқиғаның бірі болды.
🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🗣 Грузияда оппозиция даулаған сайлаудан кейін парламенттің алғашқы отырысы өтті
🇬🇪 Грузия президенті Саломе Зурабишвили сессияға қатысқан жоқ. Ол заң шығарушы органның қазіргі құрамын "конституциялық емес" және "заңсыз" деп санайды, Зурабишвили 26 қазандағы дауыс берудің ресми қорытындысы "толық бұрмаланған" деп біледі. Оппозициялық коалиция жетекшілері парламент отырысына бойкот жариялады.
Миллиардер Бидзина Иванишвили негізін қалаған, билікте отырған "Грузин арманы" партиясының 89 депутаты бірден дауысқа салып, барлық 150 депутаттың өкілетін мойындап, Шалва Папуашвилиді спикер етіп қайта сайлады.
🔸 25 қарашада "Грузин арманы" партиясының депутаттары, Бидзина Иванишвили парламент ғимаратына күзетпен кірді. Мыңдаған оппозиция белсендісі ғимаратты толық жауып тастай алмаса да, оны үш жағынан қоршап, депутаттардың артынан "орыстар", "Путиннің құлдары" деп айқайлады.
🔸 Батыс елдерінің көбі Грузия билігін сайлаудың аяқталғанымен және жаңа парламент жасақталғанымен құттықтауға әлі асықпай отыр.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🗣 Өскемен қаласын 2018 жылдан бері басқарған Жақсылық Омар қызметінен кетті
Бұл жөнінде әкім әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады. Омар өкілеттік мерзімі аяқталуына байланысты орнын босатқан.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
Путин Астанаға келді
Ресей президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен Астанаға келді. Астана әуежайында оны Қазақстан басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды деп хабарлады Ақорда.
Ресми ақпаратқа қарағанда, әуежайда Құрмет қарауылы сап түзеген. Ақорда таратқан суретте аспанда Ресей жалауының түсі түстес түтін қалдырған әскери ұшақтар ұшып жүргені көрінеді.
“Қазақстан мен Ресей халықтарының шынайы достығының белгісі ретінде балалар екі елдің жалауын желбіретіп, қошемет көрсетті және Владимир Путин бастаған Ресей делегациясына ілтипат білдіріп, өлең оқыды” деп жазылған ресми хабарламада.
АЭС салу, газ тасымалдау, Украинадағы ахуал және "гуманитарлық әріптестік" – сапар барысында ашық және жабық талқылануы мүмкін мәселелердің бір бөлігі. Ресей басшысының сапары Астана үшін баланс табу қиындай түскен аса күрделі геосаяси жағдайда өтіп жатыр. Сарапшылардың пайымдауынша, басқыншылық тақырыбы және оның салдары Путин мен Тоқаевтың жабық өтетін келіссөздерінде көтерілетін негізгі тақырыптардың бірі болуы мүмкін.
💬 АҚШ президенті Джо Байден әкімшілігі Украинаға қару-жарақ тасымалдауды қаржыландыруға және қорғаныс министрлігінің қоймаларын толтыруға Конгрестен қосымша 24 млрд доллар сұрады
Бұл жөнінде Politico басылымы жазды. Ақ үйдің бюджет басқармасы бұл сұранысты желтоқсанда Конгресс мақұлдауы керек үкіметтің қосымша шығыны туралы тізімге енгізбек.
Politico-ның жазуынша, Конгрестің Байден әкімшілігі ұсыныстарын қабылдай қоюы екіталай. Өкілдер палатасын бұған дейін Украинаға 60 млрд доллар әскери көмек беруді қарастырған заң жобасын қабылдаудан бірнеше ай бойы бас тартып келген республикашылдар бақылауда ұстап отыр.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
💬 Әйелін сабап өлтірді деген айыппен 24 жылға сотталған экс-министр Қуандық Бишімбаев "түрмеден қашқан" деген сыбыс екі апта бұрын әлеуметтік желіде тез тарап, жұртты елең еткізген еді.
Кейін Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті бұл хабарды жоққа шығарып, жалған ақпарат тарату бабымен іс қозғалғанын хабарлаған.
Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі Азаттыққа берген жауабында Қылмыстық кодекстің "Көрінеу жалған ақпарат тарату" (274-бабы 2-бөлігі 3-тармағы) бабы бойынша тергеу жүріп жатыр деді.
Алайда "Іс кімнің үстінен қозғалды?" деген сұрақты жауапсыз қалдырып, "тергеу мүддесіне сай, өзге ақпарат жария етуге жатпайды" деп қысқа қайырды.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
💬 Кейінгі жылдары Өзбекстанның сот және тергеу органдарынан қашып, Түркияда жасырынып жүрген өзбек азаматы көбейді
🇺🇿 Өзбекстанның Стамбулдағы бас консулдығы таратқан хабарламада осылай жазылған. 2024 жылдың он айында 37 адам ұсталған, олар жауаптан жалтару үшін жылдар бойы Түркияны паналаған.
Бас консулдық мәліметінше, олардың ісі сотқа берілген.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🗣 Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов "осы жұмада базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдаймыз, қазір тыныштық аптасы, сондықтан [доллар бағамы бойынша] пікір бере алмаймын" деді
Сүлейменов журналистерді 29 қарашада осы тақырыпта өтетін баспасөз конференциясына шақырды.
“Ұлттық банк өкілдері қазір валюта нарығындағы жағдайға пікір бере алмайды, себебі бұл нарыққа әсер етуі мүмкін. Бұл – әлемдік тәжірибе, базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылданатын аптада пікір бермейміз” деді ол.
Kurs.kz мәліметінше, ақша айырбастау орындарында доллар құны 500 теңгеден асқан.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🗣 Ғылым және жоғары білім министрлігі уақыт белдеуіне байланысты eGov-та өткізілген сауалнама қорытындысын кешенді зерттеу аяқталғанда жарияламақ
Бұл туралы журналистерге мәжіліс кулуарында министр Саясат Нұрбек айтты. Оның сөзінен "Власть" сайты үзінді келтірді.
🗣 "Зерттеу тоқтаған жоқ, бұл – кешенді зерттеудің бір бөлігі ғана. Сауалнамадан кейін [уақыт белдеуінің] Қазақстан азаматтары денсаулығына әсері анықталады. Осының бәрін біріктіріп, зерттеу аясында анықтаймыз" деді ол.
Саясат Нұрбектің сөзінше, министрлік әу баста-ақ 200 мың адамнан ғана жауап алуды көздеген және оған сонша адам қатысқан. "Нәтижесін зерттеу аяқталғаннан кейін айтамыз" деді министр. Ол бәрі ашық болады деп те уәде берді.
Министрдің айтуынша, биыл конкурс рәсімдері өткізіледі, кешенді зерттеу 2025 жылы басталмақ. "Қаржы үш жылға бөлінеді, бірақ ертерек аяқтауға тырысамыз" деді министрлік басшысы.
⏰ Өткен аптада eGov mobile қосымшасында Қазақстандағы уақыт белдеуіне байланысты сауалнама шыққан. Онда "Қазіргі уақыт белдеуі туралы ойыңыз қандай?", "Сізге қай уақыт белдеуі оңтайлы?" деген сияқты сұрақтар қойылған еді.
Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев ғылым министрлігінің өтініші бойынша, 200 мың адам жауап бергеннен кейін сауалнама eGov-тан алынды деді.
Бұған дейін үкімет бірыңғай уақыт белдеуіне өту туралы шешімді қолдаған. Қоғам арасында жаңа белдеуге қатысты көп сын айтылған.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🗣 Путиннің Қазақстанға сапары қарсаңында Қасым-Жомарт Тоқаевтың да ресейлік "Известие" басылымында мақаласы жарық көрді
Тоқаев та Қазақстанның оңтүстігінде "Ресей мектептері ашылатынын" атап өтіп, "іргелес жатқан Ресей қалаларында Қазақстан мектептері ашылады деп сенеміз" деп айтқан.
Оның сөзінше, қазіргі кезде Ресейдің жоғары оқу орындарында Қазақстанның шамамен 60 мың студенті оқып жатыр. Астанада Мәскеу халықаралық қатынастар мемлекеттік институтының бөлімшесін ашу жоспарда тұр. Тоқаевтың сөзінше, өз кезегінде Омбыда Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің өкілдігі ашылмақ.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🔴 Бүгін Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары басталады
АЭС салу, газ тасымалдау, Украинадағы ахуал және "гуманитарлық әріптестік" – сапар барысында ашық және жабық талқылануы мүмкін мәселелердің бір парасы. Ресей басшысының сапары Астана үшін баланс табу қиындай түскен аса күрделі геосаяси жағдайда өтіп жатыр.
🔺 Сарапшылардың пайымдауынша, басқыншылық тақырыбы және оның салдары Путин мен Тоқаевтың жабық өтетін келіссөздерінде көтерілетін негізгі тақырыптардың бірі болуы мүмкін.
Тоқаев таяуда Еуропаның бірнеше еліне сапармен барды. Францияда, Венгрияда және Сербияда болды.
Бақылаушылардың ойынша, Батыс саясаткерлері Путинмен тікелей араласпайтындықтан, Қазақстан президенті Батыс саясаткерлерінің Ресей президентіне хабарламаларын жеткізуші араағайын болуы мүмкін.
🗣 "Бүгінде Қазақстан Еуразиядағы өзгелер қол алысатын, сөйлесе алатын, серіктестік орнатуға болатын, өзгелер шақыра алатын ойыншыға айналды. Тоқаев араағайын рөлін ойнай алады. Тоқаев пен Путин санкция, Қазақстан мен Ресейдің санкция режимінің әсерін жұмсарту жөніндегі әрекеттерін жабық кездесуде талқылауы мүмкін. Олар оны ашық айтады деп ойламаймын" деді Ресей мен Еуразияны зерттеу жөніндегі Берлиндегі Карнеги орталығының сарапшысы Темур Умаров.
🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз
❤️Азаттыққа жазылыңыз
💬 Грузияда президент сайлауы 14 желтоқсанда парламент ғимаратында, ал инаугурациясы 29 желтоқсанда өтпек
Грузия парламентінің спикері Шалва Папуашвилидің айтуынша, президент өкілетінің мерзімі алты жыл емес, бес жыл болуы үшін сайлау мен инаугурацияның биыл өткені маңызды.
Бұған дейін "Мтавари" оппозициялық арнасы Грузия президенттігіне "Грузин арманының" төрағасы Ираклий Гарибашвили мен елдің бірінші президенті Звиад Гамсахурдияның ұлы Константин Гамсахурдияның кандидатурасы қарастырылып жатыр деп хабарлаған. Алайда билікте отырған партия жетекшілерінің бірі мұны жоққа шығарды.
🗳 Грузия президентін алғаш рет халық емес, сайлаушылар алқасы таңдайды. Алқа құрамына 300 адам кіреді, оның ішінде Грузия парламентінің 150 депутаты, Аджария мен Абхазия автономиялық республикасы жоғарғы кеңестерінің мүшелері бар.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
📹 18 қарашада Екатеринбургте таксист болып істейтін Қырғызстан азаматы Сұлтан Әбдумәліков ауруханадан өрт шыққанын көреді. Ол бірден адамдарды эвакуациялауға көмектесіп, өрт сөндіруге араласады. Бірақ көп ұзамай өзі де ысқа тұншығып, талып қалған. Ертесіне полиция оған елде заңсыз жүргенін, құжаттарын реттемесе депортация қаупі төніп тұрғанын айтады. Ол құжаттарын жинап үлгермеген. 21 қараша оның ісі сотта қаралып, сот Әбдумәліковті депортациялау жөнінде үкім шығарды. Қазір ол шетел азаматтарын уақытша ұстау орнында, Ресейден шығарылатын уақытты күтіп отыр.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🗣 Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев 26 қарашада қарулы күштердегі құрлық әскерінің бас қолбасшысы Асан Жүсіпов пен "Оңтүстік" өңірлік әскерінің қолбасшысы Қуанышбек Үштаевты қызметінен босатты
Жүсіповтің орнына Мереке Көшекбаев келді. Көшекбаев әр жылдары бірнеше әскери бөлімнің командирі, десант-шабуыл және "Оңтүстік" өңірлік әскерінің қолбасшысы қызметін атқарған.
Тоқаев Ержан Ыбыраевты "Оңтүстік" өңірлік әскерінің қолбасшысы етіп тағайындады. Ол былтырдан бері "Астана" өңірлік әскерінің қолбасшысы болатын.
Өткен аптада Ресей күштері Украинаның Днепр қаласын зымыранмен шабуылдағаннан кейін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкімет пен жергілікті әкімдік басшыларына қауіпсіздік шараларын нығайтуды тапсырған.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🗣 Степногорск қаласындағы Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне қарасты №4 мекемеде сот кескен жеті жылдық жазасын өтеп жатқан марафоншы Марат Жыланбаевтың 13 қарашадан бері аштық жариялап жатқанын түрме басшысы Азаттыққа растады
Жыланбаевтың екі апта бұрын мерзімсіз аштық акциясын бастағанын бұған дейін оның адвокаты Мейіржан Досқараев хабарлаған.
№4 мекеменің басшысы Қанат Тұлақов Азаттыққа Марат Жыланбаев 13 қарашада түрме әкімшілігіне сот үкіміне келіспейтінін айтып, тамақ ішуден бас тартатыны туралы өтінішпен жүгінді деді.
🗣 "Сотталған [Жыланбаевқа] медициналық көмек қажет емес, денсаулығы қанағаттанарлық. Компот, сүт, тәтті шай ішеді" деді Тұлақов.
Бұған дейін адвокат Мейіржан Досқараев Марат Жыланбаев 15 қарашадан бері тәртіптік оқшаулау камерасында отыр деген.
Түрме басшысының сөзінше, Жыланбаев 1 қарашада уақытша оқшаулау бөлмесіне ауыстыру туралы өтініш білдірген. "Қылмыстық-атқару кодексі талаптарына сәйкес, тәртіптік изолятор камералары уақытша оқшаулау бөлмелері ретінде пайдаланылуы мүмкін" деп жауап қатқан Тұлақов Азаттыққа.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
💬 Ұлыбритания жақында Украинаға ондаған Storm Shadow қанатты зымыранын берген
Ұлыбритания үкіметіндегі дереккөздеріне сүйенген Bloomberg агенттігі осылай деп хабарлады.
Зымырандар бірнеше апта бұрын, Украина қарулы күштері арсеналында алыс қашыққа жететін зымыран тапшы екені жайлы ақпарат шыққаннан кейін жіберілген.
Ұлыбритания шенеуніктері бұл ақпаратқа пікір беруден бас тартты, бірақ Bloomberg агенттігінің жазуынша, Украина армиясы өткен аптада Storm Shadow зымырандарымен Ресей аумағын алғаш рет атқылаған. Украина оларды бұған дейін Қырымдағы нысандарға қарсы қолданған.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
💬 Ақ үй Украинаға Ресей аумағын АҚШ қаруымен атқылауға рұқсат бергенін растады
Ақ үйдің стратегиялық коммуникациялар жөніндегі үйлестірушісі Джон Кирби бұл туралы дүйсенбіде өткен брифингіде мәлімдеді.
🇺🇸 АҚШ президенті Джо Байденнің Украинаға Ресей аумағын АҚШ-тың алысқа ұшатын зымырандарымен атқылауға рұқсат бергені туралы хабарды 17 қарашада бұқаралық ақпарат құралдары жариялаған, The New York Times газеті мен Reuters агенттігі бұл туралы үкіметтегі дереккөздерге сүйеніп жазды. Алайда Ақ үй бұған дейін бұл ақпаратты көпшілік алдында растамаған еді.
🇷🇺 Ресей қорғаныс министрлігі 19 қарашаға қараған түні Брянск облысындағы нысанға алты ATACMS зымыраны түсті деп хабарлады. Мәскеу Ақ үйдің шешімін Батыс елдерімен тікелей қақтығыс деп қарастыратынын мәлімдеді.
❤️Азаттыққа жазылыңыз