Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
🗣 Қызыл теңізде, Египеттің Марса-Алам курорты маңында, 25 қараша таңертең серуендеуге арналған кеме суға батып кетті
Кемеде 34 турист пен 14 экипаж мүшесі болған. Египет жағалау күзеті оларды құтқару операциясын жүргізіп жатыр. Дүйсенбі күні кешке дейін 28 адам құтқарылған, 17 адам әлі табылған жоқ, оларды іздеу жалғасып жатыр.
🌊 Апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз. Төрт палубасы бар Sea Story моторлы яхтасы Қызыл теңізде бес күндік круизге шыққан. Жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі 5.30 шамасында кеме апат туралы белгі берген. Бұқаралық ақпарат құралдары кейінгі күндері теңізде қатты толқын болып, желдің екпіні сағатына 60-70 шақырымға жетті деп жазды.
Кеме экипажы мүшелері – Египет азаматтары. Әртүрлі ақпаратқа сәйкес, туристер арасында Ұлыбритания, Испания, Германия, Финляндия, Бельгия, Словакия, АҚШ және Қытай азаматтары болған.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🗣 27 қарашада Қазақстанға Ресей президенті Владимир Путин мемлекеттік сапармен келеді
Бұл туралы Ақорда ресми түрде хабарлады. Путинді Қазақстанға Қасым-Жомарт Тоқаев шақырған.
Ақорда сапар кезінде "жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі" деді. Путин мен Тоқаев Қазақстан мен Ресейдің 20-өңіраралық ынтымақтастық форумына видеоконференциядан қатыспақ. Форум Башқұртстанда өтеді.
28 қарашада Астанада ҰҚШҰ ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің сессиясы өтеді. Оның қорытындысы бойынша бірқатар құжатқа қол қойылады деді Ақорда.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🗣 Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында он шақты экобелсенді жиналып, "ауаны ластаушы" ірі кәсіпорындар инвесторларын жауапқа тартуды талап етті
Ол инвесторлардың заңсыз әрекетіне құзырлы органдар көз жұма қарап отыр деді белсенділер.
🔸 Жиынға қатысушылар "кәсіпорындар инвесторларын жауапқа тартуға", "құзырлы органдарды қатаң бақылау жүргізуге" шақырған плакаттар ұстап тұрды.
Белсенді Әділ Юсупов бұған дейін облыстық экология департаменті басшыларының "пара алды" деген күдікпен ұсталғанын алға тартып, ірі кәсіпорындарға ашық тексеру жүргізуді талап етті.
🔸 Белсенділер кәсіпорындардан ауаға тараған зиян газдарды онлайн бақылауға мүмкіндік беретін құрылғы орнатуды да сұрады.
Митингіні ұйымдастырушы Наталья Мешкова алаңға экология жағдайына жауапты мекемелердің өкілдері келіп, сұрақтарына жауап берсе деген тілегін айтты. Жиында Өскемен қалалық ішкі саясат бөлімінің өкілдері болды. Олар іс-шараның заң аясында өтуін қадағалаймыз, ал экология бойынша жауап беруге құзыретіміз жоқ деді.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🔴 Биыл қыркүйек айында соғысқа қарсы ресейлік белсенді, 19 жастағы Павел Владимировтің Қазақстанда ұсталғаны өткен аптада ғана мәлім болды. Белсенді Ресейден тамыз айында кеткен, оған террористік ұйым жұмысын ұйымдастырды деген айып тағылған.
Бұған украиналық Ольга есімді қызбен хат алмасуы себеп болса керек.
📲 Сибирь.Реалии сайтына берген сұхбатында Ольга екеуара хаттарында саясат туралы сөз болмағанын, Павел туып-өскен Воронеж қаласынан Ольгамен кездесу үшін ғана кетпек болғанын айтты.
Ресейде қалған туыстарының айтуынша, Павел Владимиров билік оны неліктен терроризмге қатысты айыптап отырғанын өзі де білмейді. Толығырақ түсініктеме беруден туыстары да бас тартып отыр.
🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз
❤️Азаттыққа жазылыңыз
💬 Түркияда Анталия әуежайына қонған ресейлік "Азимут" әуекомпаниясының Sukhoi Superjet 100 жолаушылар ұшағы өртенді
Сочиден ұшып барған ұшақта 95 адам болған. Алдын ала мәліметтерге сәйкес, ешкім зардап шекпеген, өрт сөндірілген.
✈️ "Ұшақта 89 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болды" деп хабарлады түрік авиация билігі.
Mash және Baza телеграм-арналары жолаушылардың сөзіне сүйеніп, жерге қонған сәтте ұшып-қону алаңына қатты соғылған ұшақтан жанармай төгілген деп хабарлады.
Куәгерлердің хабарлауынша, алдымен ұшақ қозғалтқышы жанған, содан кейін жалын лаулай кеткен. Оқиға орнында құтқару қызметі жұмыс істеді, тергеу басталды деп хабарлады түрік баспасөзі.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
💬 Ресей армиясы Украинаға қарсы соғысқа жүздеген Йемен азаматын жалдаған. Бұл туралы 24 қарашада соғысқа тартылған осы адамдардың кейбірінің сөзіне сүйеніп The Financial Times газеті жазды
Йемен азаматтары жоғары жалақы төленетін жұмыс пен Ресей азаматтығы беріледі деген уәдеге сеніп қалғанын айтқан. Бірақ хуситтерге қатысы бар компания арқылы Ресейге жеткен оларды Ресей қарулы күштері қатарына мәжбүрлеп қосып, майдан шебіне жіберген.
The Financial Times газеті Йемен азаматтарын соғысқа тарту биыл шілдеде басталған болуы мүмкін деп топшылайды.
Басылым олардың Украинадағы майданда пайда болғаны – адам саудасындағы құпия операцияның салдары деп атады. Газет бұл ақпарат Мәскеу мен Иран қолдап отырған Йемендегі хуситтер тобы арасындағы байланыс артып келе жатқанын айғақтайды деді.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
Ресейдің қайта шабуылының нәтижесінде Украина Курск облысында басып алған жердің шамамен 40 пайызынан айырылған. Бұл жөнінде Украина қорғаныс министрлігінің жоғары лауазымды тұлғасына сүйенген Reuters жазды.
Украина қарулы күштерінде қызмет ететін дереккөздің айтуынша, Ресей Курск облысына шамамен 59 мың әскерін әкелген.
"Біз шамамен 1376 шаршы шақырымды бақылауда ұстағанбыз, ал қазір бұл аумақ азайды. Жау қайта шабуылды үдетті. Қазір шамамен 800 шаршы шақырымды бақылауда ұстап тұрмыз. Бұл аумақты әскери көзқарас тұрғысынан қанша керек болса, сонша ұстап тұрамыз" деді дереккөз.
t.me/azattyq
Өзбекстан мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің жетекшісі отставкаға кетті
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің басшысы Әбдісалам Азизовті 23 қараша күнгі үкімет отырысы кезінде қызметінен босатты.
Азаттықтың Өзбек қызметінің дереккөзінің хабарлауынша, президенттің шешімі министрлер кабинетінің шұғыл отырысында жарияланған.
Әбдісалам Азизовтің орнына Баходир Құрбанов тағайындалған. Дегенмен Құрбановты мемлекеттік қауіпсіздік қызметінің басшысы қызметіне тағайындалғаны ресми түрде әлі хабарланбады.
2019 жылдың ақпан айынан бері қорғаныс министрі қызметін атқарған Баходир Құрбанов бұл қызметке осы бейсенбі күні ғана қайта тағайындалған еді.
Әбдісалам Азизовтің отставкаға кету себебі белгісіз.
Азаттықтың дереккөздері Азизовтің отставкасын президент әкімшілігінің бұрынғы қызметкері Комил Алламжоновқа жасалған қастандықпен байланыстырады. 26 қазанда Ташкент облысы Кибрай ауданында Алламжоновтың көлігіне белгісіз біреулер оқ атқан. Алламжоновтың өзі зардап шекпеген.
t.me/azattyq
Ақтөбедегі әскери бөлімде сарбаз қаза болды
Ақтөбедегі гарнизонда бір сарбаз қаза болды деп хабарлады гарнизонның баспасөз қызметіне сүйенген Informburo сайты.
"23 қарашада Ақтөбе гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде қарауыл қызметін атқару кезінде әскери қызметкер өзіне бекітілген қарудан оқ атып, суицид жасады. Себебі мен жай-жапсары анықталып жатыр. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды" деп жазылған хабарламада.
Кейінгі кезде Қазақстанда қатардағы жауынгерлер мен курсанттар арасында өлім-жітім мен суицид жиілеп барады. Бұған дейін қорғаныс министрлігі кейінгі үш жылда Қазақстанда 270 әскери қызметкер қаза болды деп мәлімдеген.
Марқұмдардың туыстары да, қоғам да негізінен әскер мен оның басшыларына кінә артады. Қатардағы жауынгерлердің қазасына әлімжеттік те себеп екені жиі айтылады. Ал ресми ақпаратқа сәйкес, олардың өліміне көп жағдайда ауру, жол апаты мен суицид себеп болған.
t.me/azattyq
Ақтөбедегі гарнизонда бір сарбаз қаза болды
Бұл жөнінде гарнизонның баспасөз қызметіне сүйенген жергілікті ақпарат агенттіктері хабарлады.
"23 қарашада Ақтөбе гарнизонының әскери бөлімдерінің бірінде қарауыл қызметін атқару кезінде әскери қызметкер өзіне бекітілген қарудан оқ атып, суицид жасады. Себебі мен жай-жапсары анықталып жатыр. Аталған факт бойынша қылмыстық іс қозғалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесі үшін жарияланбайды" деп жазылған хабарламада.
Зерттеу: Құлыбаевпен байланысты фирмалар батыс мұнай компанияларынан жүздеген миллион доллар ақша алған
22 қарашада ICIJ сайтында жарияланған зерттеуде Құлыбаевқа қарайтын сингапурлық Steppe Capital фирмасына тиесілі "ҚазҚұрылысСервис" 2011 жылы Каспий құбыр консорциумымен сорғы станциясын салу жөнінде келісімге қол қойғаны айтылған. Жобаның құны 276 млн долларға бағаланған, алайда кейін ол жарты миллион долларға дейін ұлғайтылып, құрылысы жоспарланған мерзімнен төрт жылға кеш аяқталған.
2012 жылы Каспий құбыр желісі шығаратын мұнай көлемін ұлғайтпақ болған кезде ол иесі Құлыбаевпен байланысты "ТеңізСервис" компаниясына жүгінген деп жазылған зерттеуде. Компания қызметкерлері компанияның үкіметпен "жақсы қарым-қатынасын" пайдалана отырып, рұқсат беру процедураларын жылдамдату жоспарын таныстырған.
Құлыбаевтың заңгерлері ICIJ зерттеушілеріне берген жауабында Қазақстанның бұрынғы президентінің күйеубаласы Тимур Құлыбаев "ҚазҚұрылысСервисті" басқаруға немесе келісімді талқылауға қатыспағанын айтқан.
Толығырақ оқыңыз
Қарашадағы сауалнамада жауап берген ресейліктердің 53 пайызы Ресейдің Украинамен бейбіт келіссөз жасағанын қолдайды. Қоғам пікірін Russian Field компаниясы зерттеген. Бұл соғыс басталғалы бергі ең жоғарғы көрсеткіш.
Соғысты әрі қарай жалғастыру қажеттігін респонденттердің 36 пайызы қолдаған. Бұл 2022 жылдың наурызынан бергі тіркелген ең төменгі көрсеткіш. Бейбіт келіссөзді жақтаушылар санының артып, соғысты қолдайтындар санының азаю тенденциясы 2023 жылдың ақпан айынан бері байқала бастаған.
Бейбіт келіссөзді көбіне әйелдер (59 пайыз), жастар (68 пайыз), жағдайы төмен ресейліктер (59 пайыз), интернет-ақпарат құралдары (51 пайыз) мен телеграм-арналарды оқитын аудитория (51 пайыз) қолдаған. Мамандықтар тұрғысынан ара жігін ажыратсақ, бейбіт келіссөзге бару керектігін көбіне IT қызметкерлері, сауда және денсаулық сақтау саласының мамандары айтқан. Ал соғысты жалғастыру керектігін көбіне өнеркәсіп мамандары қуаттаған.
Бейбіт келіссөзге "ертең-ақ" қол қоюды 79 пайыз қолдаған, 60 пайызы алдын ала шарт қоймастан атысты тоқтату керектігін айтқан.
t.me/azattyq
Беларусьтің авторитар басшысы Александр Лукашенко 2020 жылғы президент сайлауынан кейінгі жаппай наразылық тәрізді тағы қарсылық шаралары қайталанса, ел аумағында интернетті толық өшіретінін мәлімдеді.
"Егер қайталанса, мүлде өшіреміз. Ашығын айтайын, іс жүзінде осылай болып келген, әсіресе бастапқы кезеңде менің рұқсатымммен [интернет өшіріліп отырған]" деді Лукашенко студенттермен кездесу кезінде. Олардың бірі 2020 жылы интернет қалай өшті деп сұраған.
Оның сөзінше, интернет арқылы наразылар "бір-біріне жол көрсетіп, нені сындыру, құлату керектігін" айтып отырған.
"Интернет арқылы осы бәле тараған. Сонда ертеңгі күні мемлекет болмаса, сіздер біреуге хабарлама жібермесін деп қарап, тілеп отырамын ба?!...Елді сақтап қалу үшін біз екі сағат немесе бір сағатқа интернетті өшіреміз, ана жақтағы арнайы қызмет біздің қоғамды басқармас үшін. Міне, осы нәрсе үшін бұл керек болды" деді Лукашенко.
t.me/azattyq
Қазақ эмигpанттарды күстәналау. "Жат елдегі" диссидент драмасының бағасы | Азаттық толқынында
Азаттық радиосы Түркістан редакциясын ұйымдастырғандардың бірі Қарыс Қанатбай туралы пьесаға Азаттық 1983 жылы шолу жасаған. Советтік пропагандаға құрылған шығарманы ел тәуелсіздігінен кейін ақтауға тырысатындар бар. Ал пьесаны кездейсоқ сахналаған режиссер сол заманда биліктегі жүйені дәріптегенін мойындайды.
🎧Азаттық сайты
🎧Youtube
t.me/azattyq
💬 Алматы соты АЭС бойынша референдум қарсаңында ұсталған бес белсендінің қамау мерзімін тағы бір айға ұзартты
Бұл жөнінде адвокат Төлеген Берліқожаға сүйенген "Власть" жазды. Елде АЭС референдумы жақындаған шақта қыркүйектің соңында Алматы қаласы мен облысында кемінде 12 белсендіні полиция ұстағаны белгілі болған еді. Олардың үстінен "Қылмысқа дайындалу және оқталу", "Жаппай тәртіпсіздік ұйымдастыру" баптары бойынша қылмыстық іс қозғалғаны айтылған. Жетеуі ешқайда кетпеу туралы қолхатпен босатылған.
Полицияның мәлімдеуінше, бес белсенді "жаппай тәртіпсіздік жоспарлаған", психологиялық-филологиялық сараптама олардың "митингіге үндегенін, билікпен күресуге шақырғанын" анықтаған.
6 қазанда Қазақстанда АЭС құрылысы бойынша референдум өткен, ресми нәтижесі бойынша, халықтың 71 пайызынан астамы АЭС құрылысын қолдаған.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
💬 Астанада 27-28 қарашада Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының (ҰҚШҰ) ұжымдық қауіпсіздік кеңесі отырысы кезінде және оған дайындық барысында бірқатар көшеде қозғалыс шектеліп, әуеге әскери ұшақтар көтеріледі
Бұл туралы Қазақстанның мемлекеттік күзет қызметі хабарлады. "Дайындық кезінде Қазақстанның арнаулы мемлекеттік, құқық қорғау және қарулы күштер ресурстары, оның ішінде әскери авиация мен техника пайдаланылады" деп жазылған ресми хабарламада.
Мемлекеттік күзет қызметі 27 қарашаға Астана қаласында қорғаныс министрлігінің майдан авиациясын ұшыру жоспарланып отырғанын айтты.
Ұйымның баспасөз қызметі тараптар жиында ұжымдық қауіпсіздік аймақтарындағы әскери-саяси жағдай туралы пікір алмасып, ҰҚШҰ аясындағы әріптестік қорытындысын және ұжымдық қауіпсіздік жүйесін одан әрі дамыту келешегін талқыламақ деді. Ақпаратқа қарағанда, Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 80 жылдығын бірге атап өтуге дайындық мәселелесіне "ерекше назар аударылмақ".
❤️Азаттыққа жазылыңыз
💬 Атырау қалаcында "Асыл-Агро" мал сою цехінде жұмыс істейтін 18 жастағы Өзбекстан азаматы 22 қарашада дене қызуы көтеріліп ауруханаға түскен. Дәрігерлер науқас қауіпті дерт – күйдіргі жұқтырып алғанын анықтаған
Бұл ақпаратты Азаттыққа 25 қарашада Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі растады.
🐄 12 қарашада Атыраудағы мал базардың бірінде өлген сиырдан алынған сынама қорытындысы жануар аса жұқпалы ауруға шалдыққанын анықтаған. Ауру мал Атырауға Батыс Қазақстан облысы Жаңақала ауданы Жаңақазан ауылынан әкелінген.
🚑 Атырау облысы әкімдігінің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев қазір науқастың жағдайы тұрақты, ауруханада ем-дом алып жатыр деп хабарлады. Өлген малмен байланысқан 17 адам анықталып, тексерілген. Ауруханаға түскен шетел азаматынан басқа адамдардан ауру белгілері анықталмаған.
Ол 20 қарашада күйдіргі ошағы анықталған "Асыл-Агро" мал сою цехі аумағында карантин енгізілгенін айтты. Ветеринар мамандар карантин аумағындағы барлық малға толық вакцинация жасап, санитария шаралары жүріп жатыр деді билік өкілі.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🗣 25 қарашада DHL компаниясының жүк таситын ұшағы Литвадағы Вильнюс әуежайы маңындағы екі қабатты үйдің жанына құлады
Апаттан соң өрт шықты. Бұл туралы Delfi порталы әуежай өкілдері мен Литва полициясына сілтеп хабарлады.
✈️ Ұшақта төрт адам болған – екі ұшқыш және компанияның екі қызметкері. Delfi мәліметінше, ұшқыштардың бірін құтқарған, ол есін біледі. Бір адам қаза тауып, зардап шеккен екі адам ауруханаға жеткізілді деген ақпарат бар.
Литва полициясының дерегінше, апаттан соң төрт пәтері бар екі қабатты үй өртенген. Өрт сөндірушілер 12 адамды эвакуациялаған, тұрғындар зардап шекпеген.
🇩🇪 Құлаған ұшақ Лейпцигтен (Германия) ұшып шыққан. DHL оны SWIFT Air компаниясынан жалға алған деп хабарлады Delfi. Flightradar24 мәліметінше, ол Boeing 737 атты жүк таситын ұшақ болған.
🇱🇹 Литваның ұлттық дағдарысты басқару орталығының басшысы Вилмантас Виткаускас Вильнюстегі ұшақ апатын жазатайым оқиға деп атады.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
📹 Ақтөбедегі Қорғаныс министрлігінің №30238 әскери бөлімінде қаза тапқан 19 жастағы Ярослав Воробецтің анасы видеомәлімдеме жасап, әскерді кінәламауды сұрады. Ресми деректе "суицид жасады" деп айтылған сарбаз – Павлодар облысының тумасы. Әскер қатарына 2024 жылғы сәуір айында қабылданған.
Ұлының қазасынан кейін Ақтөбеге барған Ирина Воробец "ата-аналар мен қыздардан өтінерім, сарбаздарды негативтен қорғаңыздар, олар дуалдың арғы жағында болып жатқан жамандық туралы білмей, алаңсыз қызмет етсін" деді видеода. Оның нені меңзеп тұрғаны түсініксіз.
🗣 "Ұлым жақсы қызмет етіп жүрді. Оны ренжіткен жоқ. Үнемі хабарласып тұрды, бәрі жақсы болған. Тергеу жүріп жатыр, [жай-жапсарын] анықтайды деп үміттенемін. Оны өз-өзіне қол жұмсауға жеткізді деген нұсқаны таратпаса екен. Медициналық сараптама жасалмас бұрын ұлымды көрдім, көгерген, ұрып-соққан [іздер] болмады" деді марқұм сарбаздың анасы.
Ресми деректе сарбаз Ярослав Воробец өзіне бекітілген қарудан оқ атып, суицид жасады деп айтылған. Оқиға 23 қарашада әскери бөлімнің полигонында болған. Сарбаз өлімі бойынша қылмыстық іс қозғалған.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🗣 Тбилисидегі Руставели даңғылында парламент сайлауының ресми қорытындысына наразы азаматтар қарсылық акциясын өткізіп жатыр
Сайлауды қайта өткізуді талап еткен наразылар 24 қарашада Грузия парламенті ғимаратына шерулетіп бару үшін алдымен Республика алаңына жиналды. Шеру кезінде оппозиционерлер мен полиция тәжікелесіп қалды.
🇬🇪 Митинг 25 қарашаға жоспарланған 11-шақырылымдағы парламенттің бірінші жалпы отырысына наразылық ретінде өтіп жатыр.
24 қарашада полиция мәлімдеме жасап, акцияға шыққандар заң шығарушы орган жұмысына кедергі келтірсе, қылмыстық жауапқа тартылады деп ескерткен.
Фото: Эхо Кавказа
❤️Азаттыққа жазылыңыз
“Батысқа қарап бой түзейміз". Әлихан Бөкейханов және оның демократиялық Қазақстан құру идеясы
1917 жылдың қазан-қараша айларында қоғам қаймақтары бұрын-соңды қазақ даласында болмаған әлеуметтік эксперимент жасап, демократиялық құқықтық мемлекет — Алашорда автономиясын құруды бастады.
Оқу
Украинаның өзін қорғау мақсатында Франция берген алысқа ұшатын ракеталарды Ресей аумағына соққы жасауға пайдалануға құқығы бар. Францияның сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро BBC-ге берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді. Ол – Украинаға осындай рұқсат берілгенін растаған Батыс елдерінің жоғары лауазымды алғашқы тұлғасы. Дегенмен ол француздың SCALP ракеталары Ресейдегі нысандарға соққы жасауға пайдаланылды ма, жоқ па, ол жағын айтпады.
Ресей аумағына соққы жасауға АҚШ пен оның одақтастары Ұлыбритания мен Францияның рұқсат бергені осы аптада хабарланған. Бұл жөнінде көп дереккөз бен Украинаның ресми тұлғалары айтқан, алайда Батыс елдерінің жетекшілері ресми түрде хабарламаған. Батыстың алысқа ұшатын қару түрлерімен Ресейдегі нысандарды соққы жасау бойынша екі оқиға расталды. Батыс ақпарат құралдарының дереккөздерінің мәліметінше, соққы америкалық ATACMS және британдық Storm Shadow ракеталарымен жасалған. Мұны Ресей президенті Владимир Путин да телемәлімдемесінде растаған.
t.me/azattyq
Қазақстанның мұнай бизнесі қазақ ауылының түбіне қалай жетті?
Батыс Қазақстан облысы Березовка ауылында болған жаппай улану оқиғасынан бері он жыл өтсе де жергілікті тұрғындар созылмалы аурулар мен экологиялық апаттан зардап шегіп жатыр.
Алина Құсманғалиева бірнеше айда бір рет талып қалады. 24 жастағы косметолог бірде клиентінің алдында құлап қалған. Колледжде оқып жүргенде, сабақ үстінде орындықтан құлап түскен. Тағы бірде ұшақта есінен танып қалған.
Мұндай оқиға алғаш рет он жыл бұрын болған. 2014 жылы 28 қарашаның таңында 14 жастағы Алина әдеттегідей Березовка ауылындағы жалғыз мектепке жол тартады. Ауада шіріген жұмыртқаның иісі шығып тұрды, Алина бұған үйреніп қалған. Ол бала кезінен жақын маңдағы мұнай кен орнының қалдықтарынан шығатын жағымсыз иіспен өскен.
Алина бірінші сабақтан кейін өзін нашар сезінген оқушыға алғашқы көмек пунктіне жетуге көмектескен. Артынша өзінің де хәлі нашарлап, есінен танып құлаған.
Түске қарай 20 шақты оқушы мен бірнеше мұғалімнің басы айналып, аяқ-қолы құрысып, есінен тана бастаған
Толығырақ оқыңыз
Ақмарал Науатбек Париж-2024 паралимпиадасында парадзюдодан чемпион атанды. Ол денсаулығы сыр бергеніне қарамастан спортты тастамай жалғастырып, Қазақстанға парадзюдодан тарихи алтын медальды алып берді. Азаттық радиосы «Спорт: қиындықты жеңген қаһармандар» байқауы аясында Ақмарал Науатбектің өмір жолын баяндайды.
t.me/azattyq
Путин "чайлдфри насихатына" тыйым салу туралы заңға қол қойды
Ресей президенті Владимир Путин сенбі күні "чайлдфри насихатына" (бала туудан бас тарту) тыйым салу туралы заңға қол қойды.
Бірнеше заңға түзету енгізілді, арасында әкімшілік кодекс те бар. Онда бұған дейін тыйым салынған "ЛГБТ насихаты" мен "жынысты өзгерту" тіркестерінің жанына "бала туудан бас тартуды насихаттау" деген тіркес қосылған.
Жоғарыда аталған әрекеттерді насихаттағандарға 100 мың рубльге дейін айыппұл салынбақ, ал егер мәселе интернет арқылы насихат жөнінде болса, онда айыппұл 400 мың рубльге дейін артады. Заңды тұлғаларға 5 млн рубльге дейін айыппұл салынуы ықтимал, бұған қоса олардың қызметі тоқтатылуы мүмкін.
t.me/azattyq
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров Гран-при жарыстарының Пекиндегі кезеңінде күміс медаль иеленді.
Ол қысқа және еркін бағдарлама қорытынды бойынша 276,17 ұпай жинады. Шайдоров еркін бағдарламада үш айналым аксель және төрт айналым тулупты қатар секіріп, мәнерлеп сырғанаудағы ең қиын элементті орындады. Ол - бұл каскадты секірген алғашқы мәнерлеп сырғанаушы. Алтын медальды жапон Шун Сато (278.48), қола медальды Еуропа чемпионы Адам Сяо Хим Фа (Франция, 252.53) еншіледі.
Гран-При қандай жарыс?
Халықаралық коньки спорты федерациясы жыл сайын үздік мәнерле сырғанаушылар арасында әлемнің алты қаласында Гран-при кезеңдерін өткізеді. Әр спортшы екі кезеңге қатыса алады. Жүлде алған спортшыларға ұпай береді де, сол ұпай негізінде алты мәнерлеп сырғанаушы Гран-при финалына өтеді. Шайдоров бір кезеңде төртінші орын алып қалған, сондықтан финалға өте алмады.
t.me/azattyq
Астанада мүгедек баласының құқығын талап еткен жалғызбасты ананың ұсталғаны хабарланды
Жаңаөзеннен әлеуметтік талаппен келіп жүрген екі мүгедек баласы бар Алмагүл Жаппасованы 22 қарашада Астанада президент әкімшілігінің азаматтарды қабылдайтын подъезінен полиция алып кетіп, 10 тәулікке қамады. Бұл жөнінде Азаттыққа ақтаулық Маусымжан Саматова хабарлады.
Оның сөзінше, Жаппасованың қамалғанын оған ақылы пәтерде қалған екі мүгедек баласы айтқан.
“Оның мүгедек екі баласы пәтерде өздерімен-өзі қалған. Түні бойы тамақтарын пісіріп беріп, олардың қасында болдым. Олар еркін қозғала алмайды. Мен өзім Маңғыстаудан келген жерлесі едім. Астанада өз шаруаммен жүрмін. Кеше пәтердің иесі келіп ақшасын сұрады. Мен “аналарын полиция ұстап әкетіпті, ақшасын төлейміз, кішкене тұра тұрыңыз” дедік. Суық күнде балалар далада қалайын деп тұр. Баланың не памперсі жоқ, тамақтары да жоқ, пәтердің ақшасын төлеу керек. Қазір біз прокуратурадамыз. Қазір мына жаққа жүгіремін бе, ана жаққа жүгіремін бе, білмей тұрмын” дейді Маусымжан Саматова.
Астана полициясы әзірге жауап бермеді.
Жаңаөзен тұрғыны Алмагүл Жаппасова бірнеше жылдан бері сал ауруына шалдыққан өздігінен жүре алмайтын 1992 жылы туған ұлының құқығын талап етумен келеді. Бұған дейін ол жергілікті билік тарабынан қудалауға ұшырағанын да айтқан. Билік мұны жоққа шығарған.
Мәскеу орта қашықтыққа ұшатын баллистикалық "Орешник" ракета өндірісін арттыру туралы шешім қабылдады.
Бұл жөнінде Ресей президенті Владимир Путин қорғаныс министрлігі басшылары және әскери-өнеркәсіп кешен өкілдерімен Кремльде кездесу кезінде мәлімдеді.
Ракетаның мұндай түрін Ресей әскері алғаш рет 21 қарашада Украинаға қарсы қолданған.
Стратегиялық зымыран күштерінің қолбасшысы Сергей Каракаев "Орешникті" қару қатарына қосуды ұсынып еді, Путин "өзі де солай жасаймыз" деді. Каракаев "Орешник" Еуропаның түкпір-түкпіріндегі нысаналарды жоя алады деп мәлімдеді.
"Жаңа жүйені сынақтан өткізуді жалғастыра береміз. Өндірісті арттыруды дұрыс жолға қою керек" деді Путин.
Оның сөзінше, Ресейде "Орешниктен" бөлек, соған ұқсас тағы бірнеше жүйені құрастыру жұмыстары жүріп жатыр.
t.me/azattyq
❗Ресей президенті Владимир Путин қорғаныс министрлігі басшыларымен кездесуде "Орешник" ракетасының "сынағы сәтті өтті" деді. Бұған қоса, ол "жаңа зымыранды соғыс жағдайында да сынауды жалғастырамыз" деп мәлімдеді.
t.me/azattyq
🔴 Маңғыстауда қырылған итбалық саны екі мыңға таяды. Олардың неден өлгені әзірше белгісіз. Министрлік "жер сілкінгенде бөлінген газдан болуы мүмкін" деп топшылап отыр. Ғалымдардың зерттеу қорытындысы әлі шыққан жоқ.
Итбалық өлекселері табылған ауылдан Азаттықтың арнайы репортажын көріңіз.
🔗Сілтеме
❤️Азаттыққа жазылыңыз