azattyq | News and Media

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Subscribe to a channel

Azattyq - Азаттық

Ресей әскері Украинаның солтүстігіндегі Чернигов облысына кірген

Азаттықтың Орыс қызметі Украинаның Чернигов облысына кірген кемі екі ресейлік сарбаздың геолокациясын анықтай алған. Болжамға қарағанда, екі сарбаз Черниговқа кірген ірі топтың құрамында болған.

Олар шекарадағы Гремяч елді мекені аумағындағы Судость өзеніндегі көпірге Ресей туын тіккен.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Асхат Кучинчерековтің "Бауырына салу" фильмі Оскар сыйлығының “Шетел тіліндегі ең үздік фильм” номинациясы бойынша үміткерлер қатарына енді. Бұл жөнінде фильмге арналған Instagram-дағы парақша хабарлады.

Кинода бауырына салу дәстүріне сәйкес әжесінің тәрбиесіне берілген баланың бастан кешкені баяндалады. Әжесі дүние салғаннан кейін бала биологиялық ата-анасына қайтарылады, алайда бала үшін олар бөтен адамдар сияқты әсер қалдырады.

Лондонның Куин Мэри университетінің PhD зерттеушісі Әсия Бағдәулетқызының осы кино жөнінде пікірін де оқи отырыңыз: Ойлануға шақыратын қазақша үш фильм

Сурет: "Бауырына салу" фильмінен көрініс. Сурет фильмді түсірушілерден алынды

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Солтүстік Корея Ресейге Koksan артиллериялық қондырғыларын жеткізе бастады

Бұл жөнінде “Важные истории” басылымы жазды.

Ресейдің билікшіл әскери телеграм-арналары солтүстіккореялық дүркіндете ататын ауыр зеңбірек түрі - M-1989 Koksan-ның суретін жариялаған. OSIN мамандары сурет Красноярскіде түсірілгенін анықтаған.

Koksan – Ресей зәру болып отырған артиллериялық “Пион” қондырғыларын алмастыруы мүмкін деп болжайды әскери сарапшылар. Зерттеушілердің мәліметінше, Ресей соғыс кезінде осындай 31 қондырғысынан айырылған. Koksan Ресей қажетсінген қондырғыларды алмастыра алғанмен оның да кемшіліктері бар: мысалы, аталған зеңбіректің діңі мен өзге де бөлшектері тез тозады.

170 мм калибрлі Koksan қарапайым снарядтарды 40 шақырым жерге дейін тастай алады, реактивті снарядтарды 60 шақырымға дейін ары асыра алады деп жазды Defense Express.

Мұндай қондырғы Солтүстік Корея ғана емес, Иранда бар. Оның ескі түрлеі 1980-88 жылдары Ирак-Иран соғысында пайдаланылған.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣Ауыл шаруашылығы министрлігі итбалықтардың қырылуының себебін болжады

Ведомство алдын ала мәлімет бойынша, итбалықтардың қырылуына “табиғи құбылыстар, оның ішінде суасты жер сілкісінісінің салдарынан шыққан табиғи газ да бар” себеп болуы мүмкін деп жазды.

Түпкілікті қорытынды зерттеу толық аяқталғаннан кейін яғни, үш-төрт айдан кейін белгілі болады.

Министрліктің мәліметінше, 24 қазан мен 13 қараша аралығында 1034 итбалық өлексесі табылған.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Украина ядролық қару дайындай ма? Курск пен Купянскідегі шайқас

Ресей әскері Курск облысы мен Белгород облысындағы шайқаста көп шығынға ұшырап жатқаны айтылды. Украина Ресеймен келіссөзде қауіпсіздік кепілдемесін алдыңғы қатарға шығаруы мүмкін. Киев ядролық қару жасамайтынын мәлімдеді. Соғыстағы 13-14 қараша күнгі жағдайды шолып шықтық.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Буча туралы пост жазған және Путинді өлтіруге үндеген Мәскеу тұрғынына прокурор 10 жыл түрме жазасын сұрады. Бұл жөнінде “Медиазона” жазды.

43 жастағы Мәскеу тұрғыны, екі баланың анасы Анастасия Бережинскаяға “армияның беделіне нұқсан келтіру”, “фейк тарату” және “терроризмді ақтау” бойынша айыптар тағылған.

Ол сотта Ресей мен Украинаның бейбіт тұрғындарының тағдырына алаңдап, Вконтакте желісінде жазба жариялағанын айтқан. Ол “Путинді атып тастау” туралы тіркесті “көпке арнап” жазбағанын айтып, айыптарды ішінара мойындаған.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Жаркент гарнизонында бір сарбаз қаза болды

Құрлық әскерінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 14 қарашада “қауіпсіздік бойынша жоспардан тыс сабақ кезінде қауіпсіздік ережесінің бұзылуы салдарынан” бір офицер алған жарақаттан қайтыс болған.

“Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу мүддесі үшін өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды” деп жазылған ресми хабарламада.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 New York Post: Трамп пен Байден Украина мен Таяу Шығыстағы ахуал жөнінде сөйлесті

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың айтуынша, ол қазіргі президент Джо Байденмен кездесу кезінде Украинадағы соғыс және Таяу Шығыстағы ахуалды талқылаған. Бірақ Трамп әңгіменің жай-жапсарына тоқталмады.

"Сонымен қатар, біз Таяу Шығыс туралы да көп сөйлестік. Мен оның қалай ойлайтынын білгім келді. Жауабын да естідім. Ол өте мейірімді болды" деп жазды телефон арқылы Трамптан сұхбат алып, оның сөзінен үзінді келтірген New York Post басылымы.

Трамптың сөзінше, олар бір-бірімен қуана көріскен және 20 қаңтар күнгі инаугурация қарсаңында тағы бір рет кездеспек. Байден Трампты жеңісімен құттықтап, қаңтарда биліктің «бірқалыпты ауысуын» күтетінін жеткізді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🔴Аралдың бұлыңғыр болашағы | Деректі фильм

Дүниежүзілік банк есебінше, Орталық Азия елдері климат өзгерісіне тез бейімделмесе, 2050 жылға қарай климаттық миграция ұлғаюы мүмкін. Арал өңірі де осындай қауіп төніп тұрған аумаққа кіреді. Азаттықтың "Мигрант Медиа" жобасы теңізді жағалай қонған елмен сөйлесіп, тақырыпқа тереңірек үңілді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Курскіні кескілескен шайқас күтіп тұр. Солтүстік Корея "әскерилері соғысқа араласты"

Ресейдің Курск облысында Солтүстік Кореядан көмекке келген әскер соғысқа араласа бастады. Соғыстағы жағдайды шолып шықтық.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🔴 "Ғажайып дүниеге қол тигізгендей боласың". Каспий итбалығын зерттеуші қазақстандық маманмен әңгіме

– Жанына жақындап барғанымда итбалықтың әрең тыныс алып жатқанын көрдім: балық аулайтын тор мойнына оралып, қиып кетіпті. Әр қимылдаған сайын жаны шыға қиналады.

Қазақстанның "Гидробиология және экология институтының" ғылыми қызметкері Әсел Баймұқанова Каспий итбалығымен алғашқы кездесуін осылай еске алды. Әсел қызмет істейтін коммерциялық емес ұйым Қазақстанның су айдындарындағы биоалуантүрлілікті қорғаумен айналысады.

🔗 Толығырақ оқыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Қатты соққаны соншалық, есімнен танып қалдым". Атбасар түрмесінде азапталған Тимур Дәнебаев сотта сөйледі

"Өтінішіме қарамастан мені олар ұра берді, ұра берді. Резеңке таяқпен ұрған кезде не болатынын білесіздер ме? Оның қуаты геометриялық прогрессиямен ұлғая береді: бірінші соққы - төртке, екіншісі - сегізге, үшіншісі - 16-ға пара-пар... Соққы еселенген сайын ауырлай түседі. Үнсіз қалу мүмкін емес. Айғайлаған жоқпын - пышақпен кескілегендей шырылдадым. Мені бостан-босқа ұрып-соқты" деді Дәнебаев сотта.

"Әжетханадан кейін мен мүлде қайда жүргенімді білмей қалдым... Бір есімді жисам, көшеде жатырмын. Қанша жатқанымды білмеймін, мені қоқыс сияқты лақтырып тастаған" деді ол сотта.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Қазақстанда 18 жастағы ресейлік белсенді қамауға алынды

Украинадағы соғысқа қарсы екенін айтып жүрген 18 жастағы ресейлік белсенді Павел Владимировтың Алматыда ұсталғанын Alliance of the post-Soviet Left ("Постсоветтік солшылдар одағы") хабарлады. Ұйым саха белсендісі Айхал Аммосов пен Павел Владимировтың таныс қызына сүйеніп хабарлаған.

Жобаның мәліметінше, белсенді 4 қыркүйекте ұсталып, уақытша қамау изоляторына қамалған.

Оған дейін бір күн бұрын Росфинмониторинг Владимировты “террористер мен экстремистер” тізіміне қосқан.

Ресейде ол “террористік ұйымның қызметіне қатыспақ болды” деген айыппен іздеуде жүр.

Воронежде Павел Владимиров соғысқа қарсы үнпарақтар таратып, граффити салған, митингілерге қатысқан.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Бакудегі климат саммиті аясында Қасым-Жомарт Тоқаев, Илхам Әлиев пен Шавкат Мирзияев Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан арасында жасыл энергия өндіру және тасымалдау саласында стратегиялық серіктестік туралы келісімге қол қойды

🇰🇿 Тоқаевтың сөзінше, бұл құжат үш елдің энергетика жүйесін интеграциялауға, Еуропа елдері мен басқа да нарықтарға таза энергия жеткізетін сенімді дәліздер қалыптастыруға жол ашады. Ол келісім нәтижесі үш ел экономикасын біріктіріп, Орта дәлізді "жасыл көпір" ретінде дамытуға ықпал етеді деді. Тоқаевтың айтуынша, мұнда Қазақстан ірі транзит аумағы ретінде үлкен рөл атқарады.

🇺🇿🇦🇿 Ақорданың хабарлауынша Мирзияев бұл келісімді болашаққа қосқан ортақ үлес десе, Әлиев құжат үш ел арасындағы стратегиялық серіктестікті жаңа деңгейге шығарады деп айтқан.

Қарашаның басында Тоқаев түркі елдері саммитінде ұйымға мүше мемлекеттерді Орталық Азия елдері, Каспий теңізі мен Оңтүстік Кавказ аймағы арқылы өтетін Орта дәліз (Транскаспий халықаралық көлік дәлізі) әлеуетін пайдалануға үндеген.

Бұған дейін Eurasianet басылымы Қазақстан ел ішінде электр энергиясы тапшы болғанына қарамастан, Бакумен және Ташкентпен бірлесіп электр энергиясын экспорттау бойынша жобаны дамытып жатыр деп жазған еді.

🇪🇺 Оған сәйкес, үш ел "жасыл энергияны" Еуроодаққа жеткізбек. Ресей Украинаға басып кірген соң, Еуроодақ Ресейге қарсы санкция салып, Еуропа елдері электр энергиясының тапшылығы мен тасымалдың қымбат бағасынан зардап шегіп отыр.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

📹 Президентке талабын айтпақ болған бір топ адам Ақордаға барды

12 қарашада Астанада 20 шақты адам президент резиденциясы – Ақорда маңына жиналды. Алматы, Астана, Көкшетау, Маңғыстау секілді түрлі өңірден келген адамдар талабы әртүрлі болды, бәрі сот жүйесіне наразы екенін жеткізді.

Бірі алаяқтарға алданып, баспанасынан айырылып қалған, екіншісі баласының мүгедектік тобын ауыстырмай жатыр деп шағынды. Тағы бірі сот шешіміне сай, жалғыз баспанамнан айырылдым деді. Олар сот шығарған шешімдерді заңсыз деп есептейді.

"Кезекші депутаттардың бәрімен кездестік, нәтиже жоқ. Сондықтан парламент мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошановпен жолыққымыз келеді" деді наразылардың бірі. Жиналғандар президент біздің мәселемізге назар аударсын деді.

Жұрт билік өкілдерімен кездесе алмады, президент әкімшілігіне арыздарын қалдырып кетті.

Арнайы жасақ олардың әрекетін сырттай бақылап тұрды. Ешкім ұсталған жоқ.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣The Insider: қазақстандық компаниялар санкцияға қарамастан Ресейге радиоэлектронды күрес құралдарына арналған жабдықтарды тасымалдаған

Қазақстандық компаниялар Askarlab, Dicosta Technologies, Panalem Technologies, Computer Services Ltd Ресейге осциллограф, радиожиілік фильтрлері, жиілік анализаторлары, радиожиілілік адаптерлері, жиілікті күшейткіш, әлсіреткіш, кеңейткіш құралдарын, аттенюаторлар, спутник модемдері және векторлық анализаторларды жеткізген. Олар бұл тауарларды Германия, АҚШ, Франция, Ирландиядан алған.

Басылым Алматының Жетісу кеден бекетіндегі декларация құжаттарымен, компания жетекшілерінің жазысқан хаттары мен ресейлік мәліметтермен танысып шыққан.

Қазақстандық құжаттарға қарағанда, 2023 жылдан бері аталған тауарлар ұшақ арқылы әкелініп, кедендік рәсімдеуден өткеннен кейін кейбірі Ресейге жөнелтіліп отырған. Мысалы, Askarlab осылайша құны 2 млн доллар тұратын аппаратура тасымалдаған.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қуандық Бишімбаевтың қай түрмеде отырғаны белгілі болды. Адвокат Жанна Оразбақова қылмыстық атқару жүйесі комитетінен келіп түскен ресми жауапты жариялады.

Қазіргі кезде сотталушы Қ.Бишімбаев Ақмола облысындағы ҚАЖ департаментіне қарасты №5 мекемеде жазасын өтеп жатыр (мекенжайы: Степногорск қаласы, 7 өнеркәсіп аймағы, 14 А ғимарат)” деп жазылған жауапта.

Бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі, “әйелін қатыгіздікпен өлтіргені үшін” 24 жылға сотталған Қуандық Бишімбаевтың “колониядан қашып кеткені” туралы ақпарат тараған.

ҚАЖК ақпаратты жоққа шығарғанмен сотталушының қайда отырғанын нақты айтпаған еді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Жаңаөзенде “Өзенмұнайгазға”қарасты “Бұрғылау жұмыстары басқармасы” жұмысшыларының ереуілі жалғасып жатыр. Олар басшылыққа бес талап қойып отыр. Арасында дербес еңбекақы төлем жүйесіне көшу туралы да талап бар.

Бір күн бұрын оларға прокуратура және Жаңаөзен әкімі мен орынбасары, ӨМГ компаниясының басшылары келіп кеткен, алайда жұмысшылар оның нәтижесіне көңілдері толмай отыр.

14 қарашада Еділов телеграм-арнасында “Өзенмұнайгаз” басшылығының жұмысшылардың талабына қатысты жауабы жарияланған. ӨМГ “Жаңаөзен қаласы бойынша жұмыссыздар мен зейнеткерлердің балалары 50/50 пропорциясы арқылы қабылданады, ал дербес еңбекақы төлеу жүйесіне өту жұмыстары жүріп жатыр” деп мәлімдеген.

Ал жұмысшылар мен кәсіподақ өкілдері бұл талаптар іс жүзінде орындалмай отыр дейді.

“Негізі бізбен мәселені шешетін ҚМГ басшылары мен Астанадан жауапты тұлғалар келуі керек” дейді ереуілшілердің бірі Ғазиз Махамбетов Азаттыққа.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Трамп кіші Кеннедиді денсаулық сақтау министрі қызметіне ұсынды

Кеннеди сайлауалды кампаниясы кезінде тәуелсіз кандидат болған, кейін Трампты қолдады.

Роберт кіші Кеннедиді денсаулық сақтау және әлеуметтік қызмет министрі ретінде жариялауға қуаныштымын. Америкалықтардың қауіпсіздігі мен денсаулығы – кез келген әкімшіліктің ең маңызды міндеті” деп жазылған Трамптың мәлімдемесінде.

Кіші Кеннеди – 60 жыл бұрын өлтірілген АҚШ-тың президенті Джон Кеннедидің немере інісі. Мамандығы бойынша заңгер қоршаған ортаны қорғаумен және екпеге қарсы шығумен танылған.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🔴Трамп бас дипломат қызметіне Марко Рубионы таңдады. Оның сыртқы саясаттағы ұстанымы қандай?

АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп мемлекеттік хатшы қызметіне сенатор Марко Рубионы ұсынатынын мәлімдеді. Рубио Иран мен Қытай жөнінде қатаң саясат ұстануды қолдайды.

"Рубио — ұлттық қауіпсіздіктің кей маңызды бағыттарында идеология мен саясат тұрғысынан ұлы державалар арасындағы бәсеке, Қытай мен Иран ислам мемлекетіне қарсы тұру, барынша қысым көрсету науқанын жаңғырту сияқты мәселелерге келгенде Трамптың ойымен келісетін адам", — дейді Вашингтондағы демократияны қорғау қорының сарапшысы Бехнам Бен Талеблу.

🔗Толығырақ оқыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣Су тасқыны кезінде Тоқаевқа көмек жоғын айтып, шағынған қайырылымдылық қорының жетекшісі ұсталды

Қаржы мониторинг агенттігінің хабарлауынша, Biz Birgemiz Qazaqstan қайырымдылық қорының жетекшісі Перизат Қайрат көктемгі тасқын кезінде зардап шеккендерге арнап жиналған 1,5 млрд теңге көлемінде қаражатты жымқырды деген күдікке ілінген.

"Қайырымдылықтың негізгі бөлігі қымбат сән бұйымдары мен жылжымайтын мүлікті сатып алу мақсатына пайдаланылды. Биыл көктемде ол елордадағы автосалондарда 88 млн теңгеге "Mercedes-Benz S450", 80 млн теңгеге "Lexus LX-600" және 39 млн теңгеге "Haval" автокөліктерін сатып алды" деп жазылған хабарламада.

ҚМА мәліметінше, ол осы уақыт аралығында Астанадан премиум санатындағы "Akbulak Riviera", "Highvill Ishim Gold", "Көк Жайлау" тұрғын үй кешендері, сонымен бірге "Vela Village" коттедж қалашығынан жалпы құны 600 млн теңге болатын жылжымайтын мүлік нысандарын сатып алған.

BizBirgemiz Qazaqstan қорының жетекшісі Перизат Қайрат биыл сәуірде Қазақстанның бірнеше өңірі су тасқынынан зардап шегіп жатқан шақта президентке қайырылып, мемлекет тарапынан көмек жоғына шағымданған. Көп ұзамай оның жазбасы Instagram-нан өшірілген.

Толығырақ оқыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамптың “Украинадағы соғысты 24 сағат ішінде аяқтай аламын” деген сөзіне пікір айтты

Қазір өз ұстанымдарын түбегейлі өзгертіп, соғысты тоқтатқысы келетіндей қылып көрсеткісі келетіндер бәрібір «түйісу сызығында әрекет етейік», «он жылға бітім», «сосын көре жатармыз» деп айтады. Бірақ бұл сол баяғы Минск келісімі, тек “жаңа қаптамада” [ұсынып отыр]. Одан да сорақы” деді Лавров "Соловьев Live" арнасындағы бағдарлама кезінде.

Лавровтың сөзінше, Батыста ұсыныс айтушылардың ешқайсысы “Украина халқына орыс тілінде сөйлеу, оқу және ақпарат алу құқығын қайтару керек” дегенді ұсынбаған.

Вашингтонның украиндар мен Еуропа істеріне принципті қатынасы өзгермейді. АҚШ НАТО кеңістігі мен оның маңын әрдайым өз бақылауында ұстауға талпынады” деді министр.

Ол АҚШ-тың кез келген әкімшілігіне Ресей мен оның ықпалы әлсірегені ыңғайлы дегенді меңзеген.

Киев бұған дейін Ресей өз әскерін Украина жерінен әкетпейінше бейбіт келісімге бармайтынын айтқан. Ал Мәскеу Украина бес облысынан айырылғанын мойындауы керек деген шарт қойған.

Бұған дейін Трамп айналасындағы дереккөздерге сүйенген The Telegraph басылымы Трамп Украина мен Ресей арасында мың шақырымға созылатын буфер аймағын құруды ұсынуы мүмкін деп жазған.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

“Өзенмұнайгаз” компаниясы ереуілшілермен келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлады. Бұл жөнінде “Власть” сайты жазды.

Жұмысшылардың талаптарының әрбір пункті мұқият қарастырылады. Барлығы құқықтық шеңберде және заңнама деңгейінде шешілуі керек” деді компания өкілдері.

ӨМГ келіссөздің қорытындысы бойынша тиісті ақпарат қосымша хабарланатынын айтты.

Жаңаөзенде ӨМГ-ға қарасты “Бұрғылау жұмыстары басқармасы” мекемесінің жұмысшылары 12 қарашада кешке жұмысты тоқтатып, ереуілді бастаған. Олар басшылыққа бес талап қойып отыр. Арасында дербес еңбекақы төлем жүйесіне көшу туралы да талап бар.

Бір күн бұрын оларды қолдап, ӨМГ-ға қарасты өзге де мекемелер жұмысты тоқтатқаны хабарланған.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣Қазақстанда уақыт белдеуінің ауысуы қазақстандықтардың денсаулығына қалай әсер етіп жатқанын ғылыми институттар зерттеуі мүмкін

Бұл жөнінде ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек сенат кулуарында хабарлады.

Денсаулық сақтау министрлігі талдау жүргізу бойынша ғылым министрлігіне өтініш түсірген.

Егер мақұлданса, бірден байқау жариялап, зерттеуді бастаймыз” деді министр. Оның сөзінен Informburo үзінді келтіреді.

Ғылыми жұмысқа қанша қаражат жұмсалатыны әзірге белгісіз.
Министр “сома көлемі аз болады” деп сендіруге тырысқан.

Сома көлемі, шын мәнінде, аз. Оны [зерттуді] бір институт қана емес, консорциум жүргізеді. Біз өзіміздің үздік институттарымызды жұмылдырамыз, бірақ денсаулық сақтау министрлігінен де көмек керек болады” деді Нұрбек.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 “Бұл хайуанаттар бағы емес”. Сенат депутаты түрмедегі Бишімбаевты неге көрсетпей отыр деген сұраққа жауап берді

🗣Мұның барлығы азаматтардың құқығын қорғаумен байланысты. Тіпті жазасын өтеп жатқан азаматтың да құқығы бар. Егер ол көрінгісі келмесе, оны мәжбүрлей алмайды. Өктем айтсам, кешірерсіз: бұл хайуанаттар бағы емес. Ресми тұлғаларға сену керек, ол Степногорскідегі қауіпсіздігі жоғары мекемеде жазасын өтеп жатыр” деді Марат Қожаев бейсенбі күні ақпарат құралдарына.

Бұған дейін бұрынғы ұлттық экономика министрі, “әйелін қатыгіздікпен өлтіргені үшін” 24 жылға сотталған Қуандық Бишімбаевтың “колониядан қашып кеткені” туралы ақпарат тараған.

ҚАЖК ақпаратты жоққа шығарған. Жалған ақпарат тарату бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғаны хабарланған.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстан негізгі кеніштердің біріндегі жөндеу жұмыстарына байланысты қазан айында мұнай өндірісін күрт қысқартса да ОПЕК+ шартын орындай алмай отыр деп жазды Bloomberg.

Қазан айында Қазақстан күніне 1,29 млн баррель мұнай өндірген. Бұл қыркүйекпен салыстырғанда 292 мың баррельге аз, бірақ ОПЕК+ шарты бойынша өндіруі керек көлемнен 90 мың баррельге көп. Басылым бұл 1 желтоқсанда өтетін ОПЕК+ елдердің жиынында Қазақстан үкіметін қиын жағдайда қалдыруы мүмкін деп санайды.

Қазақстан билігі Қашағандағы жөндеу жұмыстары мәселені шешеді деп үміттенген, бірақ жөндеу жұмыстары жоспардан ерте аяқталған. Оның үстіне жақында Теңіздің жаңа жобалары іске қосылып, инвесторлар көбірек мұнай өндіруге мүдделі болады, бұл Қазақстан үшін ОПЕК+ талабын орындауды қиындатпақ деп түйіндейді басылым.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🔴 12 қарашада кешке Жаңаөзенде "Өзенмұнайгазға" қарасты "Бұрғылау жұмыстары басқармасы"(БЖБ) компаниясының жұмысшылары жұмысты тоқтатып, ереуілге шықты.

Олар басшылыққа бес түрлі талап қойып отыр: ӨМГ зейнеткерлері мен денсаулығынан айырылған мұнайшылардың балаларын тікелей штатқа алу, Жаңаөзен қаласында жұмыссыздық мәселесін шешу, Ұжымдық шартта 2013 дейін болған дербес еңбекақы төлеу жүйесін қайтару, машинистер мен операторлардың дәрежесін көтеру, 30% қосымша жалақы тәртібін төлеуді ұжымдық шартқа енгізу.

"Егер біз дербес еңбекақы төлеу жүйесіне өтсек, жалақымыз өседі. Мысалы бізден табыс салығын және өзге де салық түрлерін айлығымыздан ұстайды. Соны менің түсінігім бойынша, жаңа жүйеге өтсек, бізден ұстамайды. Бізден ұсталған салық біздің зейнетақы жүйесіне құйылады" дейді наразылыққа шыққан жұмысшылардың бірі Ғазиз Махамбетов Азаттық тілшісіне.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🔴 "Дубайдағы Қазақстан" зерттеуі жарияланғалы бір ай

Азаттық радиосы Қазақстанның құқық қорғау органдарына қайыра сауал жолдап, материалда есімі аталған азаматтарға қатысты ақпарат сұратты. Ал кейбір кейіпкер кері байланысқа шықты.

Олар не айтты? Құқық қорғау органдары не істеп жатыр?

🔗Сілтемеден өтіп көріңіз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Түркістан облысының соты биыл көктемде Зағамбар ауылында болған тәртіпсіздіктен кейін "дүние мүлікті бүлдірді" деп күдікке ілінген 14 адамның бесеуінің бостандығын 3 жылдан 3,5 жылға дейін шектеді

Сот 14 адамның үстінен "Бұзақылық" бабымен қозғалған қылмыстық істі айыпталушы мен жәбірленуші тараптың татуласуына байланысты қысқартты. Бұл баппен қоса "Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру" айыбы тағылған бес адамның бірін – 3 жылға, қалған төртеуін 3 жыл 6 айға бостандығын шектеді.

Судья "айыпталушылардың бұрын сотты болмағаны, айыпты мойындаған, шын өкінетіні, шығынды толық өтегені ескерілді" деді Азаттыққа.

Сотталушылар үкімді үнсіз тыңдады, оған байланысты пікір білдірмеді.

🔸 Биыл 23 сәуірде Зағамбар ауылында аралас мектептің оқушы қызын "бірге оқитын жасөспірім зорлапты" деген хабар тараған. 24 сәуірге қараған түні ауылда бірнеше көлік пен мал қорасы өртеніп, белгісіз біреулер бірнеше үйге тас лақтырған. Зағамбарға полиция жасағы кіріп, интернет пен телефон байланысы өшірілген.

🔸 Бұған дейін Түркістан соты 10-сынып оқушысын Қылмыстық кодекстің "Зорлау" бабы бойынша кінәлі деп танып, 7 жыл 6 айға еркіндігінен айырған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Кәсіпкерлер Илон Маск және Вивек Рамасвами мемлекеттік аппаратты қысқартып, қайта құрылымнан өткізуге жауапты уақытша құрылған жаңа мекемеге жетекшілік етеді деп мәлімдеді АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп.

Жаңа басқарманың мақсат-міндеті – "мемлекеттік бюрократияны жою, шамадан тыс реттеулерді азайту, тиімсіз шығындарды қысқарту және федералдық қызметтерді қайта құрылымдау" деп айтылады. Басқарма 2026 жылдың шілдесіне дейін өз жұмысын аяқтауы керек.

SpaceX және Tesla компанияларының негізін қалаушы Илон Маск және Roivant Sciences дәрі-дәрмек компаниясының негізін қалаушы Вивек Рамасвани мемлекет шығынын қысқартып, мемлекеттің экономикадағы үлесін азайту тәрізді үндеулерімен танылған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…
Subscribe to a channel