Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
📹 Министр Аида Балаева "Шекарасыз тілшілер" ұйымы әзірлейтін Баспасөз еркіндігі индексінде 142-орында тұрған Қазақстан рейтингі туралы пікірін айтты.
🗣 "Рейтингтер де, бағалау әдістері де әртүрлі болады. Қай жерде шектеу болып жатыр? [Адамдар] не жазғысы келсе, соны жазады, сынайды. Кейде қатты сын айтады. Ешқандай шектеу көріп тұрған жоқпын. Меніңше, Қазақстанда барлық БАҚ-қа белсенді дамып, жұмыс істеуге жағдай жасалған" деді Балаева.
Ал "Шекарасыз тілшілер" есебінде елде баспасөз еркіндігі шектеледі, билік медиа кеңістікті мемлекеттік пропаганда құралына айналдырған, брифингтерде журналистердің сұрақтары цензураға ұшырап, билікке бағынбайтын журналистер қудалауға түседі деп жазылған.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🗣 Атырау облысы Мақат ауданы Ескене елді мекеніндегі газ өңдеу зауытының жұмысшылары басшылыққа бірнеше талап қойып отыр
Олар жалақыны көбейтуді, вахта мерзімін 30 күннен 15 күнге дейін қысқартуды, арнайы киім беруді, басшылық құрамын ауыстыруды және жұмыстан шығарылған қызметкерлерді жұмысқа қайта алуды талап етті. Жұмысшылар бірнеше күн бұрын президентке мәлімдеме жолдаған.
🗣 "Киімдеріміз жыртылған, аяқ киіміміз тозған, ал жаңасын бермей жатыр. Басында екі арнайы киім береміз деп уәде берді. Енді мәселе шешілгендей болды. Басшылық 3-4 күн уақыт сұрап отыр. Күтеміз. Шешілмесе, тағы талап етеміз" деді жұмысшылардың бірі.
Компания жетекшісі Мақсат Қадырқұлов "жұмыс істегісі келмейтін бес-алты жұмысшыны жұмыстан шығарып жіберген, солардың достары ғой интрига жасап жатқан" деді. Оның сөзінше, 1500 адамның 50 шақтысы талап айтқан. Оның айтуынша, компанияда жалақы, арнайы киім мәселесі жоқ.
"Жұмысшылар арасында сауалнама жүргізген кезде басым бөлігі 28/28 вахта әдісіне келісіп отыр" деді ол.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
📹 Ресей Украинаның Кривой Рог қаласын ракетамен атқылап, бір әйел мен оның үш баласы қаза тапты. Ал Донбасстағы соғыс жақындап қалған Лиман қаласы қыс мезгіліне дайындалып жатыр. Зеленский Трамп үшін "жеңіс жоспарын" толықтырды. Кейінгі жағдайды шолып шықтық👇🏻
🔗Сілтемеден өтіп көріңіз
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🗣 Қазақстан қор биржасында (KASE) АҚШ долларының орташа бағамы 495,09 теңгеге жетті
💵 Ұлттық банк "жаһандық қаржы нарықтары тым қатты құбылып тұрғанын байқап отырмыз" деп мәлімдеме жасады. Банк "бұған АҚШ-тағы президент сайлауының қорытындысы айтарлықтай әсер етті" деді.
🗣 "Дональд Трамптың жеңісі АҚШ долларын күшейтіп, дамушы елдердің валютасы, соның ішінде теңге де әлсіреді. Мұнай котировкалары да төмендеп, 1 баррель 74-75 доллардан 71,83-ке дейін түсті. Әлеуетті сауда баждары мен Трамп президент болған кезде АҚШ-тан көптеп мұнай жеткізудің өзі шамадан тыс артық ұсынысқа әкеледі деген экономистер болжамы әсер етті" деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова.
Банктің мәліметінше, 2024 жылғы қарашаның басынан бері биржадағы саудада теңге бағамы 1,4 пайыз әлсіреген. Банк теңгенің құбылу шамасын шамадан тыс деп бағалайды деді Молдабекова.
🛢 Бұған дейін Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов теңгенің құнсыздануы мұнай бағасының төмендегенімен ішінара байланысты деп мәлімдеген.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
💬 АҚШ мемлекеттік департаменті Солтүстік Корея сарбаздары Ресей күштерімен бірге Украина шекарасында шабуылға қатыса бастады деп мәлімдеді
🗣 "Солтүстік Кореядан Ресейдің шығысына 10 мыңнан аса сарбаз жіберілгенін бүгін растай аламын, олардың басым бөлігі Курск облысының батысына барып, Ресей күштерімен шабуылға қатыса бастады" деді мемлекеттік департаменттің баспасөз хатшысы Ведант Патель журналистерге.
🇺🇦 Өткен аптада Украина президенті Владимир Зеленский Будапештегі Еуропа саяси қауымдастығы саммитінің қорытындысы бойынша өткен баспасөз мәслихатында Курск облысында Солтүстік Корея әскері арасында адам шығыны болды деп айтқан.
Бұған дейін Украина сарапшылары Кремль Курск облысындағы шабуылды Украинаның Сумы облысының солтүстік-шығыс бөлігіне өту үшін пайдалануға жоспарлап отырған болуы мүмкін деген.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🗣 Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжанда өтіп жатқан БҰҰ-ның климат жөніндегі конференциясында сөз сөйлеп, елде атом электр станциясын салу, ауыл шаруашылығын дамыту және су тасқыны жайлы айтты
Биыл қазанда өткен референдумда халықтың басым бөлігі елде атом электр станциясын салуды қолдады деген Тоқаев Қазақстан бұл саладағы жетекші технология алпауыттарымен серіктесіп, жобаның қауіпсіздігі мен тиімділігін қамтамасыз етуге ұмтылады деп мәлімдеді.
Тоқаев климаттың өзгеруі ғаламдық су цикліне әсер етіп отыр деді. Ол биыл Қазақстанда алапат су тасқыны болғанын, Астана осындай төтенше жағдайларға байланысты қауіп-қатерді басқару бойынша кешенді жүйе енгізетінін айтты.
🇰🇿🇫🇷 Тоқаев Қазақстан биыл желтоқсанда су мәселесіне қатысты Франциямен бірге One Water саммитін өткізеді деді.
Қазақстан президенті Бакудегі саммитте Каспий теңізіне қауіп төніп тұр деді. Ол Астана Әзербайжан президенті Илхам Әлиевтің Каспий маңындағы мемлекеттерден сарапшылар тобын құру ұсынысын қолдайды деді. Тоқаев Маңғыстау облысында теңіз жағасына шығып қалған жүздеген итбалық туралы айтпаған. Олардың нақты неден өлгені әзірге белгісіз.
Ол Қазақстан ауыл шаруашылығына қолайлы мемлекет деп, қызыққан тараптарды елдегі осы саланың әлеуетін зерттеуге шақырды.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
💬 Ресей президенті Владимир Путин Украина әскері басып алған Курск облысындағы аумақтарын 2025 жылғы 20 қаңтарға жоспарланған Дональд Трамптың инаугурациясына дейін қайтарып алғысы келеді
Бұл туралы The Telegraph газеті жазды. Газет танысып шыққан британ әскери барлау қызметінің бағалауынша, Ресей жақын күндері Украина бекіністеріне дрон шабуылын күшейтуі мүмкін.
Бұдан бөлек, Солтүстік Кореяның 12 мың сарбазы Курск облысындағы шабуылға қатысады деген болжам бар. The New York Times газетінің хабарлауынша, Ресей күштері Курск облысында Украина әскері басып алған аймақтарды қайтару мақсатында шабуыл жасауға дайындық кезінде Солтүстік Корея армиясы сарбаздарын қосқанда 50 мың адамдық қол жинаған.
Украина сарапшыларының пікірінше, Кремль Курск облысындағы шабуылды Украинаның Сумы облысының солтүстік-шығыс бөлігіне өту үшін пайдалануға жоспарлап отырған болуы мүмкін.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🔺 6 қарашада Бішкекте өткен саммитте Түркия президенті Режеп Ердоған түркі елдеріне ортақ әліпбиді қайта ұсынды. Ақпарат құралдары Орталық Азия басшылары бұл бастаманы іліп әкетпегенін айтады.
Солтүстік Кипрдегі Таяу Шығыс университетінің ассистент профессоры Әсел Тутумлудың сөзінше, әліпби − ұйым ішіндегі қайшылық пен келіспеушіліктің көрінісі.
🗣 "Ердоған үшін ортақ әліпби маңызды, ол бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыра алатын еді. Бірақ постсоветтік елдер үшін ол ұлттық бірегейліктен айырылуға әкеп соқтыруы мүмкін.
Өйткені Қазақстан үшін әліпби фонетикалық. Қазақстан үшін әліпбидегі әріптер қазына, одан әр мемлекет өзіне керек әріп пен дыбысты ала алады. Сондықтан әліпбиде жоқ дыбысты қабылдау Қазақстан мен Қырғызстан үшін стратегиялық маңызды нәрсе, ол не қоғамның, не мемлекеттің мүддесіне жауап бермейді" деді Тутумлу.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
💬 Бакуде БҰҰ-ның климат өзгеруі жөніндегі 29-конференциясы басталды
Ұйымдастырушылар іс-шараға әлемнің 200 елінен 67 мыңға жуық адам қатысады деп хабарлаған. Олар ғаламдық жылынумен күрес және Париж келісімі міндеттерін орындау жайын талқылайды.
Шараға қатысатындар 15 жылда алғаш рет климат туралы бағдарламаларды қаржыландыру және климаттың өзгеруіне қарсы күресте дамушы елдерді қолдау мәселесін қарастырмақ.
📣 БҰҰ-ның климат жөніндегі конференциясы өтетін орынды көптеген экобелсенді мен азаматтық белсенді сынға алған. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Әзербайжан билігі экология мәселесін айтатындарды қудалайды, ал елде жүздеген саяси тұтқын бар деп мәлімдеді.
🇦🇿 Баку мұндай мәлімдемелер мен өзіне айтылған сындарды жала жабу деп атайды.
🇰🇿 11 қарашада Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев климат саммитіне қатыcуға Бакуге барды. Ақорданың хабарлауынша, Тоқаев сапар кезінде өзге мемлекеттердің басшыларымен, халықаралық ұйымдар жетекшілерімен және бизнес-құрылым өкілдерімен кездеседі.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
💬 Ливаннан Израильдің солтүстігіндегі Хайфа мен маңындағы қалаға 90-нан аса зымыран ұшырылды
Израиль армиясының баспасөз қызметі зымыранның басым бөлігін әуе қорғаныс жүйесі атып түсірді деп хабарлады. Алайда жергілікті ақпарат құралдары төтенше жағдайлар қызметі дерегіне сүйеніп, шабуыл салдарынан Хайфа мен оның маңындағы қалада үйлер мен көліктер бүлінді деп жазды. Төрт адам жараланған, олардың арасында 17 жастағы жеткіншек бар.
Израиль сарбаздары зымыран тасығыш қай жерде орналасқанын тауып, оны әскери дрондармен жойып жібердік деп мәлімдеді.
✈️ Еурпалық бірқатар әуекомпания, соның ішінде Lufthansa, Austrian Airlines, Swissair және Eurowings Израильге қатынайтын ұшақ рейстеріне салынған уақытша тыйым кемі 15 желтоқсанға дейін жалғасады деп хабарлады.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🔴 Ресей мен Украина арасындағы соғыстың түбі көрінер емес. Алайда АҚШ президенті болып Дональд Трамптың сайлануы тараптарды бейбіт келісім жасауға итермелеуі ықтимал.
Трамп Украинаға көмекті Киев пен Мәскеуді келіссөз жүргізуге мәжбүрлейтін ықпал ету тетігі ретінде пайдалануға тырысатынын білдірді, бірақ одан бөлек, соғысты қалай тоқтататыны жайлы ештеңе айтпады. Сондықтан оның қандай әдісті таңдайтыны жаңа президенттік мерзімі алдындағы маңызды фактор болады.
Трамптың кеңесшілері бірнеше идея ұсынды, олардың кейбірі ашық түрде айтылды. 6 қарашада The Wall Street Journal жаңа президенттің аты аталмаған одақтастарының сөзі берілген мақала жариялады. Онда Трамптың "қандай да бір бейбіт жоспарды" мақұлдамағаны және Путин мен Зеленскийді келіссөз жүргізуге көндіретін жоспарын ашып түсіндірмегені жазылған.
🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз
❤️Азаттыққа жазылыңыз
💬 ҰҚК-нің шекара қызметіне қарасты әскери бөлімде борышын өтеп жүргенде көз жұмған 18 жастағы Мұхамедияр Тастан өткен сенбіде Түркістан облысындағы өз ауылына жерленді. Ұлынан қапыда айырылып қалған әке-шешесі оның "өзіне екі рет оқ атқанына" сенбейді.
Сарбаздың денесін әкелген әскерилер тергеу жүріп жатқанын айтты.
Марқұм әскерге кеткелі жиі ақша сұраған. Қара жамылған отбасы Мұхамедиярға қысым жасалды деп күдіктенеді.
🗣 "Менің балам қол жұмсамады. Сол бір күн бұрын өзімнен сұраса, сол үш мыңды тауып беретін едім. Менен сұрамады. Анасынан ұялып кетті. Бір баладан сұраған, ол тауып бере алмаған. Үш миллион тауып берер едім ғой. Баламның өмірі үшін тауып берер едім ғой. Сонда менің баламның өмірі үш-ақ мың болды ма? Менің баламның өмірі үш мыңға теңелді ме сонда?" деді марқұмның анасы Рахима Жандарова.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
💬 Кремль Ресей президенті Владимир Путин мен Дональд Трамп 7 қарашада телефонмен сөйлесті деген ақпаратты жоққа шығарды. Бұл туралы 11 қарашада Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков айтты
🗣 "Бұл қазіргі беделді басылымдардың өзі сапасыз ақпарат тарататынын көрсетті. Мүлдем шындыққа жанаспайды. Ойдан шығарылған нәрсе. Жалған ақпарат" деді Песков.
Трамп пен Путин сөйлесті деген ақпаратты The Washington Post басылымы жасырын дереккөзге сілтеп жазған еді. Газет “Трамп Украинадағы жағдай одан әрі өршіп кетпес үшін Путинді шара қабылдауға шақырды” деген болатын.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
💬 Мәскеу соты сырттай алты жылға сотталған Украинаның Қазақстандағы бұрынғы елшісі Петр Врублевскийге шыққан үкімнің күшін жойды
Врублевскийдің іс материалдарын Басман соты қайта қарайды.
Мәскеу қалалық сотының шешімін Ресейдің мемлекеттік ТАСС агенттігі хабарлады.
Биыл тамызда сот оны "ұлтқа және тілге бола өшпенділік пен араздық қоздырғаны үшін" кінәлі деп таныған. Ол 2022 жылғы сұхбатында Украина әскерінің соғыста ресейлік сарбаздарды өлтіргенін мақұлдаған.
Елшінің сөзі желіге тарап, қоғамда түрлі пікір тудырды. Кейін Украина президенті Владимир Зеленский Врублевскийді елші қызметінен босатқан. Росфинмониторинг Врублевскийді "террористер мен экстремистер" тізіміне енгізген.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🔴 Қоғамда деколонизация импульсі күшейген сайын "қазақты адам қылған – орыс" деген сияқты нарративтерді тықпалайтын ақпарат көздері жандана түскенін байқауға болады. Жалпы, бұл үрдіс бір күнде туындаған жоқ, берісі жүз жылдан бері қоғам санасына құйылып келе жатқан лепес.
Совет одағы дәуірінде Мәскеуден басқарған орталық орыс халқын барша совет халқынан (оның ішінде қазақтан) бір бас артық, озық ойлы, жетекші ұлт деген идеологияны сіңірді. Оны жүзеге асырудың бір әдісі – көркем шығармаларда орыс халқы өкілдерін "құтқарушы ақ адам" ретінде көрсету еді.
Зерттеушілердің пікірінше, Совет одағының колониал империя болғанының бір көрінісі де осындай колониал нарративтерді ресми түрде насихаттауы болатын.
"Құтқарушы ақ адам" деген қандай түсінік? Оның қазақ киносына қандай қатысы бар? Мәдениеттанушы, журналист Әсия Бағдәулетқызының бүгінгі мақаласынан оқыңыз 👇🏻
🔗Сілтеме
❤️Азаттыққа жазылыңыз
📹 Балаева журналистер құқығы шектеліп жатыр дегенге келіспейді
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева 13 қарашада парламент үйінде БАҚ өкілдері алдына шыққанда журналист Жәния Ұранқаева одан "сіз келгелі журналистер жағдайы нашарлағанын сезіп отырмыз. Мемлекеттік БАҚ-та әлі күнге дейін қоңырау арқылы кей мәселе шешілетінін, материалдар алынып, тақырыптар өзгеретінін білеміз. Тәуелсіз медиалар қандай күйде екенін көріп отырсыз. Журналистерді түрмеге отырғызып жатыр. Сіз оларды журналист емес дейсіз. Ақпарат министрлігі журналистермен соттасып жатыр, министрлік келісімге бармай жатқанын көріп отырмыз. Ақпарат министрлігі атауын үгіт-насихат министрлігі деп өзгертетін уақыт келген жоқ па?" деп сұрады.
Министр Аида Балаева "олай ойламаймын" деді. Ол "министрлік бұқаралық ақпарат құралдарының редакциялық саясатына араласып отыр, материалдар алынып жатыр" деген сөзге дәлел келтіруді сұрады.
Балаева аккредиттеу ережесіне қатысты екі тарап та тыңдалды деп мәлімдеді. Ол "журналистер құқығын шектеу туралы сөз болған жоқ" деп айтты. Министр "шектеулер бар шығар, бірақ олар қажет. Өйткені барлық жерде тәртіп керек" деді.
11 қарашада Астана соты 9 журналистің мәдениет және ақпарат министрлігіне қарсы шағымын негізсіз деп тауып, қанағаттандырудан бас тартты. Олар Балаева бекіткен "журналистерді аккредиттеу ережелеріндегі" кей тармақты жарамсыз деп тануды талап еткен еді. Министр сот шешіміне байланысты пікір бере алмаймын деп айтты.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
💬 Қаңтар оқиғасы кезінде "ұсталған адамды азаптады" деп айыпталған полицейдің бостандығы 2,5 жылға шектелді
Бас прокуратура айыпталушы 2022 жылғы 8 қаңтарда Алмалы ауданының полиция басқармасына жеткізілген азаматты азаптаған деді. Істі Алматы прокурорлары тергеген. Полицейге "Қатыгез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас, азаптаулар" бабы бойынша айып тағылған.
Прокуратура полицей айыбын мойындап, процестік келісімге келді деді. Сот мұны ескеріп, оған 2 жыл 6 айға бостандығын шектеу жазасын тағайындаған. Сот оның арнайы атағынан және мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырған деді прокуратура. Үкім заңды күшіне енген.
Бұған дейін халықаралық ұйымдар Астананы Қаңтар оқиғасына байланысты азаптау шағымдарын қайта тергеуге үндеген. Биыл жазда Адам құқықтары жөніндегі халықаралық серіктестік ұйымы Қаңтарда азапталған бірқатар адаммен сөйлескен. Олардың көбі азаптау туралы шағымы "дәлелдер жоқ" деген желеумен жабылып қалғанын, өтемақы ала алмағанын айтқан.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
💬 Башқұртстан соты Верхнеяркеево ауылындағы мектеп директорын "экстремистік материал таратты" деп танып, 2 мың рубль айыппұл салды. Ол қандай материал? 🧐
Сот құжаттарына қарағанда, мектеп кітапханасында Вахит Имамовтың 1994 жылы шыққан "Татар халқының жасырылған тарихы" атты кітабы сақталған. Бұл кітапты Татарстанның Жоғарғы соты 2020 жылы "экстремистік материалдар" тізіміне енгізген. Имамовтың кітабы кітапханадағы сөреде тұрған, сот мұны "экстремистік материал тарату" әрекеті деп бағалаған.
📖 "Татар халқының жасырылған тарихы" кітабы әлем бойынша 12 тілге аударылған.
Кітап авторы Имамов 2019 жылы Решитский есімді біреу кітапты "экстремистік материалдар" қатарына жатқызуды сұрап, сотқа арыз түсірді деп айтқан. Решитский арызда кітапта "діни немесе ұлтараздық алауыздық қоздыратын ақпарат және Татарстанды Ресейдің құрамынан шығаруға үндейтін шақырулар барын" жазған.
"Кітап 26 жыл бұрын жазылған және тарихи фактілерді қамтиды" деген еді Имамов.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
💬 Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев Ресеймен шекарадағы Бөкейорда ауданында 20 қазанда болған оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Ол кезде бес әскери жүк көлігінің бірі Сайхин ауылынан өтіп бара жатқан кезде тұрғын үйлердің газ құбырына тиіп кетіп, құбырды құлата жаздаған.
🗣 "Ресей әскері полигонда оқу-жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатқанда Бөкейорда ауданына қарасты аудан орталығы Сайхин арқылы өткен. Дәл сол уақытта бір апта бойы жаңбыр жауып, амалсыздан аудан орталығынан өтуге мәжбүр болды. Сайхин арқылы өткенде бір көліктің абайсызда газ құбырына тиіп кеткені белгілі болды. Бірақ газ құбырына ештеңе болған жоқ. Құқық қорғау органдары бөлімше командирін ұстап, әкімшілік хаттама толтырды, айыппұл салды" деді БҚО әкімі.
Әкім қанша айыппұл салынғанын нақтыламады.
🇷🇺 Ресей Қазақстанның батысында Бөкейордасы ауданы Сайхин ауылы маңынан 100 шақырым жерден полигонды жалға алған. Онда Ресейдің екі әскери бөлімі орналасқан.
Видео: uralskweek_kz
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🔴 Қазір Лондонда тұратын қазақ Ербақыт Отарбайұлы қазанның аяғында Босния және Герцеговина астанасы Сараевода өткен Дүниежүзілік ұйғырлар конгресінде сөз сөйледі. Ол 2017-19 жылдары Қытайдың батысындағы Шыңжаң аймағындағы лагерьде шеккен азабы жайлы айтқан.
🗣 "Мен киім тігетін зауытқа түстім. Зауытқа кіргенде 197-екенімді білдім, маған берген тігін машинасының нөмірі сондай болды. Әрбір тігін машинасының төбесінде бір-бір камера тұрады. Зауытта дүнген, ұйғыр, қырғыз, өзбек ұлттарының өкілдері болды. Көбіне әйелдер, жас қыздар мен ұлдар болды" деді ол.
Ербақыт тігін зауытынде кемінде 500 адам істегенін айтты. Оның сөзінше, бірі шалбар белдігін, тағы бірі оның қалтасын тіккен. Ол әр азаматтың күнде атқаруға тиіс жұмыс ауқымы болғанын, оны орындамағандарды сақшылар жазалап отырғанын айтты.
Ербақыт лагерьдегілер тігіннен бөлек көлік жөндейтін, нан пісіретін және тәтті өнімдер дайындайтын цехтерде жұмыс істегенін айтты.
🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🗣 Алматылық белсенді Абзал Достияров Amanat партиясының кеңсесіне барып, халықтан кешірім сұрауын талап етті
Белсенді Amanat-ты 20 жылдан аса билікте болған "Нұр Отан" партиясының мұрагері деп есептейді.
Достияров "Нұр Отан" партиясы билікте отырған тұста елде болған әлеуметтік-экономикалық жағдайлардан бастап оппозиция саясаткерлерінің қазасына дейінгі барлық мәселеге жауапты деп біледі.
Amanat партиясының кеңсесіндегі адамдар белсендінің хатын қабылдап алды. Партия өкілі Гүлсара Мәдибекова хатқа 15 күн ішінде жауап беріледі деді.
Белсенді Абзал Достияровтың сөзінше, 7 қазанда ол Amanat партиясының мүшесі, мәжіліс депутаты Ринат Зайытовпен АЭС құрылысына байланысты "Политон" YouTube-арнасында дебат өткізген. Достияров Зайытовтан "Amanat партиясы "Нұр Отанның" мұрагері ретінде халықтан кешірім сұрауы керек пе?" деп сұраған. Депутат барлық сұрақты жазбаша жолдау керек деп айтқан.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🔴 Қазақстанның мемлекет және қоғам қайраткері Заманбек Нұрқаділов 2005 жылғы 12 қарашада кешкісін Алматыдағы үйінде жұмбақ жағдайда қаза тапты. Қазақстанның бірінші президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың саясатын сынап жүрген оппозициялық саясаткердің өлімі қоғамды дүр сілкіндірді. Ресми тергеу "ол өз-өзін үш рет атқан" деген қорытынды жасаған. Бірақ оппозиция "Нұрқаділов қастандық құрбаны болды" деп санайды.
🔗Заманбектің өмірі мен өлімі. Азаттық фотогалереясы
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🗣 Тәжікстанда Польшадан депортацияланған оппозициялық белсенді Фаррух Икромов 23 жылға бостандығынан айырылған. Бұл туралы Азаттықтың Тәжік қызметі хабарлады.
🇹🇯 Тәжік оппозициясының өкілдері Икромов 2023 жылғы қыркүйекте Германияға Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон барған кезде наразылық акциясына қатысқандар қатарында болған деп айтты.
Тәжік диссиденттері бұған дейін Еуропа елдері саяси қудалауға байланысты елден кеткендерге қауіпсіз болмай бара жатыр деп мәлімдеген. Олар өз серіктерін Австриядан, Германиядан, Литвадан және басқа елдерден депортациялау жиілегеніне байланысты осындай қорытындыға келген. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Еуроодақ елдерінің мұндай әрекетін қатты сынға алған.
Өткен аптада Германия Тәжікстанға 40 жастағы оппозициялық белсенді Дилмурод Эргашевті депортациялады, куәлердің айтуынша, ол Душанбе әуежайында ұсталған. Депортацияланғанға дейін Эргашев өзіне қол жұмсамақ болған.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🔴 Түркі мемлекеттерінің ұйымы мүше елдерге интеграция және ынтымақтастықтың балама мүмкіндіктерін береді, сөйте тұра бұл ұйым аймақтағы басқа бірлестік және державалармен бәсекеге түспейді дейді Солтүстік Кипрдегі Таяу Шығыс университетінің ассистент профессоры Әсел Тутумлу.
Түркі мемлекеттерінің ұйымы Қазақстанға не ұсына алады? Аймақта Анкараның ықпалы күшейіп жатыр ма? Түркия әскери салада аймақта Ресейдің орнын баса ала ма? Азаттық осы сұрақтарды Әсел Тутумлумен талқылады.
🗣 "Түркі мемлекеттерінің ұйымы Ресейге қарсы бірлестік емес деп ойлаймын. Ресей басқа жолмен өз мүддесін ілгерілете алады. Ресей ықпалы экономика саласында, әсіресе энергетика, газ бен уран саласында күшейіп жатыр. Бұл тек Қазақстан емес, Қырғызстан мен Өзбекстан экономикасынан да осыны байқауға болады. Ресей аймақтық немесе халықаралық ұйымдар арқылы ықпал етуі шарт емес. Ол онсыз да әрекет ете алады".
🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз
❤️Азаттыққа жазылыңыз
💬 Маңғыстауда өлген итбалық саны мыңнан асты
11 қарашада Маңғыстау облысының Қарақия және Түпқараған аудандарында Каспий теңізі жағалауынан 300 итбалық өлексесі табылған.
Азаттық сөйлескен Маңғыстау облысы бойынша балық қорғау инспекциясы басшысы міндетін атқарушы Андрей Руцкийдің айтуынша, Ақтаудан Қарақия ауданындағы Құрық портына дейінгі аумақта 115 итбалық, Түпқараған ауданындағы Қызылөзен ауылынан Форт-Шевченко қаласына дейінгі аралықта 185 итбалық өлексесі табылған. Оларды жергілікті атқарушы органдар жинап жатыр.
🗣 "Көптеген итбалық тастар арасында, қол жетпейтін қиын жерлерде жатқандықтан, оларды жинау жергілікті атқару органдарына қиынға соғып отыр. Техника ол жерлерге бара алмайды, сондықтан әр өлексені жаяу барып, қолмен жинау керек. Бүгінге дейін 1034 өлексе табылып, акт толтырылды. Жартысынан көбі жиналды" деді Андрей Руцкий.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
💬 Қызылордада сыныптастары жыныстық құлдықта ұстады деген оқушы ісі бойынша алғашқы үкім шықты
21 жастағы жігіттің үстінен "Қорқытып алу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған. Сот оны 4,5 жылға бостандығынан айырды.
Қызылорда қаласының №2 сотында процесс жабық өтті. Бұл жөнінде 11 қарашада облыстық соттың баспасөз қызметі хабарлады.
🗣 "Сотталушы Т. жәбірленушіні масқаралайтын мәліметтер жариялаймын деп, кәмелетке толмаған жәбірленушіден 700 мың теңге ақша тауып беруді талап еткен, сонымен бірге оның сөмкесінен 35 мың теңге ақшаны қорқытып алған" деді соттың баспасөз қызметі.
Сот жазаны жеңілдететін жайлар ретінде 21 жастағы жігіттің бұрын сотталмағанын және жас екенін ескерген. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.
Іс бойынша 11 адам күдікті деп танылған, олардың бесеуі – кәмелет жасқа толмаған. Тоғыз күдікті қамауда отыр, екеуі үйқамаққа жіберілген.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
📹 Астана соты 9 журналистің мәдениет және ақпарат министрлігіне қарсы шағымын қанағаттандырудан бас тартты. Олар министр Аида Балаева бекіткен "журналистерді аккредиттеу ережелеріндегі" кей тармақты жарамсыз деп тануды талап еткен.
Журналистердің бірінші уәжі — мемлекеттік мекемелерден хабар тарату мақсатында тіркеу тәртібін реттейтін бұл ереже жарияланбай жатып күшіне енген, яғни олар бұл құжат қабылданатынынан бейхабар болған. Судья министрлік бұл жерде еш заңды бұзбады деп мәлімдеді.
Журналистер мемлекеттік органдардан алған ақпаратты тек өзі тіркеліп барған БАҚ-та ғана жариялауға тиіс деген ереже құқығымызды шектеп отыр деп наразылық білдірген. Судья бұл ереже де журналистер қызметін шектемейді деді.
Журналист әрі арызданушылардың бірі Серік Жолдасбай сот шешіміне келіспейді. Оның айтуынша, өз құқығын, елдегі сөз еркіндігін қорғауда журналистер ауызбіршілік таныта алмады.
🗣 "Ақпарат министрлігі құзырлы мекеме болған соң сот оның шешімін өзгертіп, біздің пайдамызға шешпейтіні анық болды. Қазақстандағы барлық журналист тізе қосып, осы мәселеде бір ауыздан әрекет етуіміз керек еді. Өкінішке қарай, журналистер ішінде белсенділік болмады. Саяси партиялар да үнсіз қалды. Оппозициялық ұйымдар өте жоқ" деді Серік Жолдасбай.
"Құқықтық медиа орталық" ұйымындағы Media Qoldau қызметінің жетекшісі, медиазаңгер Гүлмира Біржанова Конституциялық сотқа шағым түсіреміз деді.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
💬 11 қарашада Ақтөбеде Сарыжар ауылы маңында апатқа ұшыраған тікұшақтың борт нұсқаушысы Батыр Оразымбетовті жақындары мен әріптестері ақтық сапарға шығарып салды
Қаралы митинг Талғат Бигелдинов атындағы әуе қорғаныс күштерінің әскери институтында өтті. Майор Оразымбетовтің артында екі баласы қалды.
Тікұшақ бортында болған екі әскери – Бейбарыс Ибраев пен Рүстем Нығметов Ақтөбедегі облыстық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер "ұшқыштар жағдайы бірқалыпты" деді.
Қорғаныс министрінің орынбасары Дәурен Қосановтың айтуынша, апатқа ұшыраған Ми-8 тікұшағының экипажы кәсіби дайындықтан өткен. Кез келген метеорология жағдайында күндіз де, түнде де ұша алатын кәсіби ұшқыштар. "Алдын ала тексерулерге қарағанда, тікұшақтың техникалық ақауы болған. Нақты себебін қорғаныс министрлігінен келген арнайы комиссия анықтайды" деді Қосанов.
Видео: Ақтөбе облысының әкімдігі
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🗣 Ұлыбритания премьер-министрі Кир Стармер мен Франция президенті Эммануэль Макрон АҚШ президенті Джо Байденді Украинаға Ресей аумағындағы нысандарға Storm Shadow зымырандарымен шабуыл жасауға рұқсат беруге көндіруге "соңғы рет" талпынып көрмек
Бұл туралы The Telegraph газеті жазды. Газеттің мәліметінше, Макрон мен Стармер мұны бүгін, 11 қарашада Парижде талқыламақ. Ұлыбритания билігі Байден сыртқы саяси мұрасын нығайтуға тырысып, бұған рұқсат береді деп үміттенеді. Киев оған бірнеше айдан бері қол жеткізгісі келген.
🇺🇦 Украина билігі Ресей аумағына соққы беруге алысқа ұшатын зымырандар қолдану соғыс барысын өзгертуге көмектеседі деп санайды.
🇬🇧 The Telegraph сұхбаттасқан адамдардың айтуынша, Лондон қазір АҚШ президенті болып қайта сайланған Дональд Трамптың 2025 жылғы қаңтардағы инаугурациясына дейін қалған уақытты "барынша тиімді" пайдаланғысы келеді.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🗣 Дональд Трамп бірінші мерзімінде жоғары лауазымда істеген Республикалық партияның танымал екі өкілі – Никки Хейли мен Майк Помпеоны жаңа әкімшілігіне шақыруға ниеті жоқ
🇺🇸 Бұл туралы Трамп Truth әлеуметтік желісінде жазды. Бірқатар басылым Хейли мен Помпео әкімшіліктің жаңа құрамында болуы мүмкін деп топшылаған.
Никки Хейли Трамптың бірінші президенттік мерзімінде АҚШ-тың БҰҰ-дағы өкілі, ал Помпео Орталық барлау басқармасының (ЦРУ) директоры, кейін мемлекеттік хатшы болды.
Хейли 2024 жылғы сайлауда Республикалық партиядан президенттікке кандидат болуда Трамптың басты бәсекелесі болды, праймериз кезінде оны қатты сынға алды.
Помпео Трампқа іштарта сөйледі, алайда ол АҚШ-тың Ресейге қатаң саясат ұстануын қолдайды. Трамптың өзі Путинмен "тіл табысқысы" келетінін айтқан. БАҚ Помпеоның кандидатурасын Трамп қорғаныс министрі қызметіне қарастыруы мүмкін деп жазған.
🇰🇿 2020 жылы АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы болып тұрған шақта Майк Помпео Қазақстанға бір күндік ресми сапармен келіп, барлық елді Қытайдағы "қуғын-сүргінді тоқтатуға" шақырып, "туыстарымыз қайта тәрбиелеу лагерьлерінде отыр" деген қазақтармен кездескен.
❤️Азаттыққа жазылыңыз