azattyq | News and Media

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Subscribe to a channel

Azattyq - Азаттық

Сенат электросамокатты пайдалануды реттейтін түзетулерді мақұлдады

Түзетулерге сәйкес, электросамокат жүргізушілері тек велосипед жолдарымен жүре алады, егер арнайы жолақ болмаса жолдың оң жақ шетімен жүруге тиіс. Сонымен қатар самокатпен жүретін адам 18 жасқа толған болуы керек, заң оны шлем киюге және жүргізуші куәлігін алуға міндеттейді. Тротуар немесе жаяу жүргіншілер жолында электросамокат жылдамдығы сағатына 6 километрден аспауға тиіс.

"Жол қозғалысы туралы” заңға "электросамокат" ұғымы енгізілді. Ол жылдамдығы сағатына 25 километрден аспайтын көлік құралы деп танылады және онымен жүруге болатын жерлер де анықталады. Сондай-ақ самокат жүргізушілеріне бірқатар тыйым енгізіледі" деді сенат депутаты Евгений Больгерт.

Сенат мақұлдаған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң енді президентке қол қоюға жіберіледі.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Журналистің анасы Қалимаш Тойшыбекова басқарма ішіне кіріп, ұлын босатуды талап етті

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Басқарма аумағына үлкен автобус кірді. Ішінде адамдар отыр.

Азаттық тілшісі олардың арнайы жасақ екеніне көз жеткізе алмады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Шымкент қаласы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы 13 миллион теңге пара алды деген күдікпен екі айға қамалды

Бұл туралы жемқорлықпен күрес агенттігі хабарлады. Ведомствоның мәліметінше, Мұхтар Қоқанбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталған. Шенеунік "мегаполистегі әлеуметтік маңызы бар бағыттары бойынша жолаушылар тасымалын субсидиялау кезінде бюджет қаражатын кедергісіз төлегені үшін кәсіпкерден 13 миллион теңге көлемінде пара алды" деген күдікке ілінген. Ол екі айға қамалған.

Скриншот: Otyrar.kz

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Лондонда 60 елдің өкілдері Украинаны қалпына келтіру мәселесін талқылады

АҚШ Украина экономикасын қолдау үшін қосымша 1 млрд 300 млн доллар бөледі. Бұл жөнінде АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Лондонда өткен Украина экономикасын қалпына келтіруге арналған халықаралық конференцияда мәлімдеді.

France24 арнасының хабарлауынша, конференцияға 60-тан астам елдің басшылары жиналған. Киевтің Батыстағы одақтастары Украина экономикасына қаржылай көмекті ұлғайтуға уәде берді, бірақ Украинаны қалпына келтіру Ресейдің мойнында екенін ескертті.

Дүниежүзілік банктың мәліметінше, биыл Украинаға халықаралық донорлардан 14 млрд доллар қажет. Бұл қаржы әлеуметтік шығындар, атап айтқанда, зейнетақы төлемі мен денсаулық сақтау саласы мен мұғалімдердің айлығына жұмсалмақ.

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Адвокат Ғалым Нұрпейісовтің айтуынша, бір күн бұрын журналисті "экстремизмді қаржыландыру" бабы бойынша тергеуге тырысқан. "Алайда біз құқымызды пайдаланып, жауап беруден бас тарттық" деді адвокат.

Бұған дейін полиция журналисті күштеп ұстап әкетуге қатысты тексеріс жүріп жатқанын хабарлаған. Бірақ жақындарының айтуынша, әзірге ешқандай нәтиже жоқ.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Зеленский мен Путин майдандағы жағдайды сырттай бағалады

Украина президенті Владимир Зеленский 21 маусымда қайта шабуылға шыққан украин әскері күткендегідей ілгері жылжып жатқан жоқ, бірақ Киев өз әскерін асықтырмайды деп мәлімдеді. Бұл жөнінде Reuters хабарлады.

Ал Ресей басшысы Владимир Путин сәрсенбі күні Мәскеу маусым айында басталған украин әскерінің қайта шабуылының баяулағанына назар аударды деп мәлімдеді. Ол Киев шабуылдау "мүмкіндігі" жоғын түсінді деді. Путиннің мәлімдемесі Ресей телеарналарынан берілді.

Reuters тілшілері орыс әскерінен азат етілген бірнеше ауылда болып, украин әскері 7 шақырымға алға жылжығанына көз жеткізген. Ал Мәскеу маусым басынан бері ресей әскері украин әскерінің жылжуына мүмкіндік бермей отыр деп мәлімдеген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Павлодар облысы Ақсу ферроқорытпа зауытындағы ірі өрт сөндірілді

Бұл жөнінде 21 маусымда түнде төтенше жағдай министрлігі хабарлады.

"21 маусымда Ақсу ферроқорытпа зауытында трансформатор өртенді. Өрттің жалпы ауданы – 200 шаршы метр. Өрт сөндіруші қолынан жарақаттанып, ауруханаға жатқызылды. Оқиға орнында төтенше жағдай департаментінің 53 қызметкері мен 13 техникасы жұмыс істеді" деп жазылған министрлік хабарламасында.

Ведомствоның айтуынша, өрт сағат 20:52-де оқшауланған, сағат 22:40-та толық сөндірілген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

21 маусымдағы маңызды жаңалықтар дайджесі:

📌 Семейде Қаңтар кезінде ұсталып, полицияда азаптан өлген Жотабаев ісі: Сот изолятор фельдшеріне шартты жаза берді

📌 Мәжіліс депутаты Азаттық зерттеуіне байланысты бас прокуратураға сауал жолдайтынын айтты

📌 Қазақстан, Қырғызстан және Ресей өз азаматтарының жеке деректерімен алмасады

📌 Қазақстанда Державинск қаласының атауы Кенесары болып өзгертілді

📌 Агенттік "Қазақстан барысының" шығынын тексереді. Турнир авторы Арман Шораев мұны азаматтық ұстанымымен байланыстырады

📌 Энергетика министрі АЭС жөнінде: шешім әлі қабылданбады

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Минималист, экофермер: Суды үнемдеу үшін канализациядан бас тарттым

Экофермер, экобелсенді Лейла Мұхитдинованы Алматы қаласында экологияға бейжай қарамайтындардың көбі біледі. Ол ескі көлігімен әр апта сайын қала тұрғындарды аралап, тағам қалдықтарын қабылдайды. Бұған қоса, артық киім, пластик, әйнек, бөтелке жинайды. Оның бәрін тиісті жерлерге өткізеді. Киімдерді жағдайы нашар отбасыларға таратады.

"Кейде маған жастар келіп, немен айналысу керек деп сұрайды. Екі-ақ нәрсемен айналысу керек деп айтамын. Бұл таза тамақ өндіру. Екіншісі қалдық мәселесін шешу. Қалған нәрсемен айналыспасақ, аспан айналып, жерге түспейді. Жаңа айфон шығармаса, ешкім өлмейді. Жаңа машина шығармаса немесе жаңа джинсы тікпесе, ешкімге ештеңе болмайды. Егер сапалы тамақ болмаса, егер қалдық мәселесі шешілмесе, ерте ме, кеш ме бәріміз өлеміз" дейді экобелсенді.

Толығырақ оқу үшін сілтемеге өтіңіз.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Әуежайды басып алу ісі: күдікті Әйгерім Тілеужан жауап берді

Алматыда әуежайды «басып алу» ісі бойынша сотталып жатқандардың бірі Әйгерім Тілеужаннан жауап алынды. Ол «күш қолдану, қирату, мүлiктi жою және билік өкiлiне қарулы қарсылық көрсетуге ұласқан жаппай тәртiпсiздiктi ұйымдастырды» деп айыпталып отыр. Әйгерім Тілеужан да, өзге айыпталушылар да тергеу нәтижесімен келіспейді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Семей әкімдігі қаладағы көпір астына автор рұқсатынсыз салынған суреттер үшін кешірім сұрады

Әкімдік баспасөз қызметінің мәліметінше, Семей қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі суретшімен байланысқа шыққан. Бұл мәселені шешу үшін қазір тексеру жүріп жатқанын мәлімдеді.

Фото: Qumash

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Бұл заң осы күйінде қабылданса Қазақстандағы журналистиканы жояды"

Азаттық Factcheck.kz интернет сайтының бас редакторы Думан Смақовтан парламент мәжілісінде талқыланып жатқан "Масс-медиа туралы" заң жобасына қатысты пікірін сұрады. Журналист жобаны қазіргі қалпында қабылдауға болмайды деп есептейді.

Заң жобасына сәйкес, журналист мәртебесі баспасөз картасымен расталады. Енді бұл картаны министрлік жанындағы комиссия береді. Карта алу үшін журналистің кемі үш жыл еңбек тәжірибесі, журналистика немесе соған ұқсас салада жоғары білімі болуы шарт. Дипломы жоқ адамдар салада кем дегенде бес жыл жұмыс істеуі керек.

Заң жобасында журналистер "ерекше жағдайларда" редакция тапсырмасын орындау үшін өкілетті тұлғадан (ұлттық қауіпсіздік комитеті, ішкі істер, қорғаныс және төтенше жағдайлар министрлігі өкілдерінен) рұқсат алуы керек деп жазылған. Журналистер аталған тұлғалардың тапсырмасын бұлжытпай орындап, материалдарын мақұлдауға беруі қажет.

Мәселе мұнымен ғана аяқталмайды: журналистерге күш құрылымдарын сынап, қоғамдық тәртіп пен елдің қорғаныс қабілетіне нұқсан келтіретін ақпарат таратуға тыйым салынады. Мемлекеттік органдарға қандай ақпарат зиян екенін кім анықтайтыны түсініксіз.

Журналистер мен баспасөз ұйымдарының пікірінше, "құжат қабылданса, ақпарат құралдарына мемлекет бақылауы күшейеді".

🔗Сілтемеден өтіп көріңіз

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ауыл шаруашылығы вице-министрі Тамабек Әбілқайыр биыл Маңғыстау мен Қызылорда облысында жауын-шашын мөлшері жеткілікті дәрежеде жауып жатқандықтан қатты қуаңшылық болмайды деп болжайды

"Былтыр 27 млрд теңгеге 234 мың тонна жеп-шөп азық қорын қалыптастырғанбыз. Егер төтенше жағдайлар жарияланып, қуаңшылық болса сол азық-түлік келісімшарт корпорациясында жиналған азықтан жөнелтуге дайынбыз" деді вице-министр.

2021 жылы ерте көктемде жауын-шашын түспеуіне байланысты Маңғыстау облысы мен Қазақстанның тағы да бірқатар өңірлерінде мамыр айынан бастап қуаңшылық күшейіп, мал жаппай қырылған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматы әкімдігі Тереңқұрдағы жер учаскесін мемлекет меншігіне қайтарды

Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесуде айтты. Бұған дейін қала тұрғындары Тереңқұрдағы спорт алаңының орнына тұрғын үй салуға қарсы болған.

"Ауданның қоғамдық кеңістігін дамыту аясында Тереңқұрдағы су қоймасының жоғарғы бөлігі мемлекет меншігіне қайтарылды. Бүгінгі таңда оны қайта құру бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр" деді Досаев.

Әкімнің айтуынша, жыл соңына дейін Терреңқұрда жөндеу жұмыстары жүргізіледі.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Думан Мұхаммедкәрімнің әкесі 66 жастағы Алмаз Тілепов полиция ғимаратының алдында ұлының шыққанын күтіп отыр. Бірақ ұлының қайда екені әзірге белгісіз.

Бұған дейін Алмаз Тілепов ұлын босатуды талап етіп, прокуратура алдында аштық жариялаған еді. Кейін денсаулығына байланысты аштықты тоқтатқан.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Полиция басқармасынан көлік шықты

Журналистің жақтастары оның ішінде Думан Мұхаммедкәрім бар болуы мүмкін деп, жолды жауып, көлікті шығармауға тырысты. Полиция алдында журналистің жақтастары мен полиция қызметкерлері біраз жұлқысып қалған. Ақпаратқа қарағанда, журналист Думан Мұхаммедкәрім көлік ішінде жоқ болып шыққан.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Журналист Думан Мұхаммедкәрім қамаудан әлі шықпады. Іле аудандық полиция басқармасы алдына жиналған журналистің жақтастары "Бостандық!" деп айқайлады

Бұған дейін журналистің жақтастарына оның сағат 11:30-да шығатын айтқан.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресей Қырғызстанның сүт және балық өнімдеріне шектеуді алып тастады

Қырғызстан ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, Ресей жағы "зертханалық бақылауды күшейтуге" жатқызған өнімдерге шектеуді алып тастаған.

Атап айтқанда, "Нурагрорыбпром" және "Дары природы" компаниясының балық өнімдері мен "Ак-Булак Плюс", "Ак-Жалга", "Жайыл Милк" және "Ала-Тоо Сут" компаниясының сүт өнімдері Ресейге қайта экспортталатын болады. Бұдан бөлек "А2" жаңа кәсіпорнына да тауарларын Ресейге жөнелтуге рұқсат берілген.

Биыл сәуір айының соңында Россельхознадзор Қырғызстанның сүт өнімдерін импорттауға шектеу қойған. Ақпан айында балық өнімдерін қабылдаудан бас тартқан.

Кей сарапшылар оқиғаны Қырғызстан билігінің қырғыз әліпбиін латынға көшіру туралы мәлімдемесімен байланыстырған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматы тұрғыны полиция көлігінде қайтыс болды

Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ер адам “өз-өзіне қол жұмсаған”.

Полиция дерегінше, 43 жастағы азамат “танысынан көлік ұрлады” деген күдікпен ұсталған. Қазір тергеу жүріп жатыр. Полиция мәлімдемесінде ер адамның өлімі туралы толық ақпарат айтылмады.

"Сараптама қорытындысы бойынша, марқұм мас болған. Жағдайдың жай-жапсары анықталып жатыр", - деп жазды Orda.kz сайты Алматы қаласы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Марқұмның аты-жөні айтылмайды. Туыстары ақпарат құралдарына шыққан жоқ.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Бүгін түске қарай журналист Думан Мұхаммедкәрім қамаудан босап шығуы тиіс. Қазір Іле аудандық полиция басқармасы алдына журналисті қарсы алу үшін оның жақындары мен белсенділер жиналып жатыр.

Алайда жақтастары “оны шығаруы да, шығармауы да белгісіз, шығармай, Талдықорғанға бірден алып кетуі мүмкін” дейді.

“Бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды” деп айыпталып, 25 күнге қамалған журналист бұған дейін “экстремизмді қаржыландыру” бойынша қылмыстық істе де “қорғалуға құқығы бар куәгер” атанған. Жақтастары билікті қатаң сынап жүрген журналистің ісі саясиланған деп санайды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Құм күреумен күніміз өтіп жатыр". Жылтыр ауылы халқының бейнеті

Ақтөбе облысындағы Жылтыр ауылының тұрғындары үй-жай, қора-қопсыны басқан құмнан қалай құтыларын білмей отыр. Құм көшін тоқтатуға дәрменсіз жұрт биліктен жәрдем сұрайды. Өңірде құмнан қорлық көріп отырған 19 ауыл бар. Сусылдап көшкен құм электр бағандарын да басып қалған.

"Әр күніміз құм күреуден басталады. Арбалап, шелектеп тасимыз. Соның арқасында ғана үйімізге әрең кіріп-шығып жүрміз. Өз күшіміз жетпей бара жатса, туыстарымыздың балаларын шақырып аламыз. Алты ай жаз бойғы ең басты шаруамыз – құм күреу. Сәуірдің аяғында құм көше бастайды. Содан қараша туып, қар жауғанша бізге тыным жоқ" дейді Жылтыр ауылының тұрғыны Жеңіс Мысырова.

Азаттық тілшісі Жаңагүл Жүрсін жергілікті халқы табиғаттың дүлей күшімен алысып жатқан Жылтырдағы жағдайды көріп қайтты.

🔗Сілтеме

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Қазақстан барысының" қаржысы, Байденнің мәлімдемесі, Қытайдың реніші – AzatNews | 21.06.23

📌 "Қазақстан барысы" турнирінің басына қара бұлт үйірілді ме? Қаржы мониторинг агенттігі миллиард теңгенің қайда жұмсалғанын тексермек.

📌 Қазақ ұлттық университеті ректорының Қаңтар дүрбелеңінде қаза тапқан ұлын кім атты? Қылмыстық іс аяқталуға жақын. Күдікті әскери айыпты мойындамайды.

📌 АҚШ президенті Қытай төрағасын "диктатор" деп атады. Екі күн бұрын екі елдің қарым-қатынасын жақсартуға мемлекеттік хатшысын жіберген Ақ үй қожасының бұл сөзіне Пекин шамданып қалды.

🔗КӨРУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстан, Қырғызстан және Ресей өз азаматтарының жеке деректерімен алмасады

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров "жеке дерек алмасу саласында өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы" заңға қол қойды.

Үш мемлекет осы келісім аясында азаматтарының азаматтыққа қатысты деректері, тіркелген жылжымайтын мүліктері, әкімшілік немесе қылмыстық соттылығы бар-жоғы туралы мәліметтермен алмасады.

Бұған дейін ресейлік құқық қорғау органдары Қырғызстан ІІМ-ге іздеуде жүрген 85 мыңнан астам адам туралы ақпарат берген. 2-10 маусым аралығында Қырғызстанның күштік құрылымдары адамның бет-жүзін танитын камералардың көмегімен ТМД аумағында мемлекетаралық іздеуде болған 57 адамды тапқан.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Семейде Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталып, азаптаудан өлген Жандос Жотабаевтың ісі бойынша уақытша қамау изоляторының фельдшері Гүлмира Төлеубекова шартты түрде бір жылға сотталды

Бұл жөнінде “Власть” сайты хабарлады.

Сот оны "Кездейсоқ бір адамның өліміне әкелген медицина қызметкерінің кәсіби міндетін тиісті дәрежеде орындамау" бабы (317-бап) бойынша айыпты деп таныған.

Гүлмира Төлеубекованың қорғау тарабы фельдшердің Жотабаев өліміне қатысы жоғын айтып, бұл іс бойынша бірінші кезекте оны азаптаған полиция қызметкерлері мен уақытша қамау изоляторын жауапқа тарту қажеттігін айтқан.

Жотабаевтың өліміне байланысты бөлек процесте "Қатігез, адамгершілікке жатпайтын немесе қадір-қасиетті қорлайтын қарым-қатынас, азаптаулар" (146-бап) бабы бойынша екі полиция қызметкері Әлішер Қанақынов және Ерсұлтан Ағзановқа айып тағылған. Олардың соты енді ғана басталған.

Жандос Жотабаев — Қаңтар оқиғасынан кейін ұсталып, азаптаудан өлген алты адамның бірі.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Джо Байден Си Цзиньпинді диктатор деп атады

АҚШ президенті Джо Байден АҚШ аумағында қытай тыңшылық зондының атып түсірілуіне байланысты Қытай басшысы Си Цзиньпиннің реакциясы туралы айтқан кезде Қытай басшысын диктатор деп атаған. Бұл жөнінде Reuters жазды.

Калифорнияда өзінің сайлау кампаниясына ақша жинау шарасы кезінде сөз сөйлеген Байден "Екі вагон тыңшылық аппараты бар әуе шарын атып түсірген кезде Си Цзиньпин не үшін ашуланды? Себебі ол шар жөнінде білмеген. Ал мұндай нәрсе диктаторларға ұнамайды" деді Байден.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Қазақстанда АЭС салу туралы шешім әлі қабылданбады"

Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Азаттық журналисінің АЭС туралы сұрағына осылай деп жауап берді.

"Әзірге шешім қабылданбады. Қазір қатысушы мен құрылыс векторы бойынша рәсімдер жүріп жатыр. Біз потенциалды технологияларды қарап жатырмыз" деді Сәтқалиев.

Билік “АЭС бойынша шешім қабылданбады” деп жиі қайталағанмен былтыр күзде “Самұрық-Қазына” АЭС жобасына кірісіп кеткенін хабарлаған. Осыған дейін елде АЭС-тің "маңызын түсіндіру жұмыстары" жүргізілетіні де айтылған. Сол үшін былтыр қазақстандық блогерлер Корея мен Францияға да барған.

Билік “энергия тапшылығын шешудің бірден бір жолы АЭС” десе, экобелсенділер, экологтар мен энергетика саласы бойынша бірқатар сарапшы АЭС-ті қауіпсіз санамайтынын және коммерциялық тұрғыда да тиімді емес екенін айтқан.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

⚡️ Мәжіліс депутаты Абзал Құспан қамаудағы Қайрат Сатыбалды "Үшқоңырдағы резиденциясын Назарбаевқа сыйлағаны жайлы" Азаттық зерттеуіне байланысты бас прокуратураға сауал әзірлеп жатқанын айтты

"Бұл қолданыстағы қылмыстық-процестік кодекстің талаптарын өрескел бұзу. Бір емес, бірнеше заңның бұзылуына куә болып отырмыз...БАҚ туралы заңға сәйкес, егер ол шындыққа сәйкес болмаса мемлекеттік органдар терістуі тиіс. Кеше көргенім, бас прокуратура атына да, құзырлы органдарға сауал жолданған. Оған тиісті жауап та берілмеген" деді депутат.

Бір күн бұрын Азаттық сайты Алматы облысы, Үшқоңыр жайлауындағы резиденцияны Қайрат Сатыбалды немере ағасы, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сыйға тартқаны жөнінде зерттеу жариялаған. Бұл резиденцияның Елбасы қорының меншігіне қалай өткені белгісіз. Ақпаратқа қарағанда, резиденцияның меншік иесі сәуір айында, яғни Қайрат Сатыбалды түрмеде отырған кезде ауысқан.

🔗Зерттеуді оқыңыз

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қаржы мониторинг агенттігі "Қазақстан барысы" турниріне бюджеттен бөлінген миллиард теңгеден астам қаражаттың қаншалықты заңды жұмсалғанын тексереді

Ведомствоның хабарлауынша, қазір жүргізіліп жатқан тергеу амалдары аясында мердігер құрылым өкілдері мен басшылары тергелген, тінту жүрген, құжаттар тексерілген.

Ал "Қазақстан барысы" турнирінің авторы Арман Шораев 20 маусымда Facebook парақшасында Қазақстан билігі оған және жақтастарына қысым жасай бастағанын жазды. Ол көптеген жобаны бірге жүзеге асырған әріптестері "заңсыз қудалауға ұшырағанын" жазды "Кейбірін заңсыз тінтіп жатыр" деп жазды Шораев.

Шораев өзіне азаматтық ұстанымына байланысты қысым жасалып жатыр деп санайды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"2016 жылы Жер митингілерінен кейін ауыл шаруашылық мақсаттағы жерлерді шетелдіктерге беруге мораторий жарияланды. Оған дейін беріліп қойған жерлер үкіметке қайтты ма?" деген сұраққа ауыл шаруашылығы вице-министрі Тамабек Әбілқайыр жауап береді.

Ол "өзіміз кездескен фактілер бойынша 100 пайыз қайтардық, бірақ база интеграция жасалмағандықтан [қайтарылмаған жерлер] шығуы мүмкін. Оларды қайтаруға дайынбыз" деді.

t.me/azattyq

Читать полностью…
Subscribe to a channel