Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Азаттық оқырманы жіберген видео. Абай облысының Каштак ауылы маңындағы көрініс. 12 маусым, сағат 22.00 шамасы (әуесқой түсірілім)
t.me/azattyq
Украина әскерилері Ресей әскерінен тағы екі ауылды азат еткенін хабарлады. Оның бірі – Запорожье және Донецк облыстары шекарасындағы Великая Новосёлка ауылы, екіншісі Донецк облысындағы Сторожевое ауылы.
Украина әскері жексенбі күнгі хабарламасында үш ауылға бақылау орнатқанын мәлімдеген еді.
Өткен аптаның соңында Украина тарабы қарымта шабуылды бастағанын айтқан.
t.me/azattyq
Қазақстанның экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев Абай облысындағы өрттен қаза тапқан орманшылардың отбасына көңіл айтты. Бұл туралы Nazarbayev.kz сайтында хабарланды.
Назарбаев сайтында "орманшылардың қазасын зор күйзеліспен қабылдадым. Қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуін тілеймін. Қолға алынып жатқан шаралар арқылы бұл апат еңсеріледі деп сенемін" деп жазды.
Бұған қоса, Ресей президенті Владимир Путин, Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған, Пәкістан премьері Шахбаз Шариф, Орталық Азия елдерінің басшылары Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жеделхат жолдап, қазақстандықтарға көңіл айтты.
Абай облысындағы өрттен 14 орманшы қаза тапқан, тағы бір адам іздестіріліп жатыр.
Елде бүгін, 12 маусым қаралы күн деп жарияланған.
t.me/azattyq
Абай облысында өрт қалай басталды? Қай жерлер өртеніп жатыр? Қысқа-нұсқа шолып шықтық. Материалда Қазақстан төтенше жағдайлар министрлігінің видеолары пайдаланылды.
t.me/azattyq
Абай облысында өрттен соң тұрғындары эвакуацияланған Қаштақ ауылының маңындағы ахуал қандай? Азаттық тілшісі баяндайды.
t.me/azattyq
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинге телеграмма жолдап, Ресей күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Тоқаев хатында "Ресей халқына амандық тілеп, сондай-ақ екі ел халықтарының игілігі мен мүддесі жолындағы ынтымақтастықтың нығая беретініне сенім білдірген".
Тоқаевпен бірге Путинді Беларусьтегі билікті ұстап отырған Александр Лукашенко мен Солтүстік Корея лидері Ким Чен Ын да құттықтағаны хабарланды.
Ресей бұл күнді 1992 жылдан бері мемлекеттік мереке ретінде атап өтеді. 1990 жылы 12 маусымда Ресей тәуелсіздігі туралы декларация қабылданған. Тарихшылар мен саясаттанушылар бұл декларация Совет Одағының ыдырауына жасалған үлкен қадам деп біледі. Одақ құлағанына жиі өкініш білдіретін Путин бұл мерекеден бас тартқан жоқ. Кремль қазір Ресей күні мейрамын пропагандаға жиі пайдаланады.
t.me/azattyq
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA (Бүкіләлемдік әйелдер теннисі қауымдастығы) рейтингісінде 3-орынға көтерілді. Бұл – Рыбакинаның әлемдік рейтингідегі ең үздік көрсеткіші. Бұған дейін Қазақстан теннисшілері әлемдік рейтингіде мұндай деңгейге жетпеген.
Рейтингіде бірінші орында польшалық Ига Швентек (сенбіде Париждегі Roland Garros жарысында жеңіске жетті), екінші орында Беларусь спортшысы Арина Соболенко тұр.
"Айнала – тозақ, тегіс өрт". Абай облысындағы қазіргі ахуал туралы репортаж
Абай облысындағы өрттен 14 адам қаза тапты. Анасынан, әкесі мен баласынан айырылып, қара жамылып отырған адам көп. Біреулер тағдырға салып, табиғи апатқа налыса, басқалары қайғылы жағдайға сапасыз жолдар мен биліктің немқұрайды әрекетін кінәлады. Азаттық тілшісі оқиға орнына барып, жағдайды біліп қайтты.
ОҚУ
Украина қорғаныс министрлігі: Ресей резервтерін жылжыту үшін Каховка СЭС-ін жарды
Украина қорғаныс министрінің орынбасары Анна Маляр Ресей әскері Украина әскерінің Херсон облысындағы шабуылына жол бермеу үшін Каховка СЭС-ін жарған деп хабарлады.
Малярдың мәліметінше, Ресей резервтерін Бахмут пен Запорожьеге ауыстыруды көздеп отыр. "Ресей әскерінің ұрыс қабілеті тәуір теңіз жаяу әскері мен әуе десанты күштерін Херсон облысынан ауыстыру басталды" деп жазды қорғаныс министрінің орынбасары телеграм-арнасына.
Мәскеу Малярдың хабарына пікір білдірген жоқ.
Ресей Каховка СЭС-і жарылғанын Украина диверсиясынан көреді, бірақ дәлел келтірген емес.
t.me/azattyq
Абай облысындағы өрт түтіні Жетісу облысының төрт ауданы мен Талдықорған қаласына жеткен
Жетісу облысының Алакөл, Ақсу, Көксу, Қаратал аудандары мен Талдықорған қаласын түтін басқан. Бұл ақпаратты Азаттыққа Жетісу облысының төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі айтты.
Баспасөз қызметінің мәліметіне қаранда, бұл Абай облысындағы өрттен жеткен түтін болуы мүмкін.
25 мамырда орман өртіне байланысты Абай облысының да Бородулиха ауданында төтенше жағдай жарияланған.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, 24 мамырда кешкі сағат 9-ға қарай өрт аумағы 3,5 мың гектар болған.
Өрт Ресей аумағынан 22 мамырда шыққан. Қазақстан шекарасына жақын Ресейдің Новенькое ауылында шөп өртенген. Кейін өрт Қазақстанның Абай облысындағы "Семей орманы" резерватына жайылған.
24 мамырда таңертең құтқарушылар Абай облысындағы елді мекендерге төнген қауіп сейілгенін хабарлаған еді.
9 маусымда жергілікті әкімдік Абай облысы Бородулиха ауданында өрт күшейіп, үш орманшы қаза болғанын хабарлаған. "Семей орманы" мемлекеттік табиғи орман резерваты аумағындағы өртке байланысты Семей қаласында төтенше жағдай енгізілген.
9 маусым түсте өрт аумағы бастапқыда 30 мың гектарға жеткені, кейін 60 мың гектарға жеткені туралы ақпарат тараған.
t.me/azattyq
Сербиялық теннисші Новак Джокович Парижде өткен Roland Garros (Франция ашық чемпионаты) жарысының финалында норвегиялық Каспер Руудтан үш сетте басым түсіп, турнир жеңімпазы атанды.
36 жастағы Джокович Grand Slam жарыстарын 23-рет жеңіп, рекорд жаңартты. Бұған дейін бұл рекорд испаниялық Рафаэль Надальға тиесілі еді - 22 жеңіс.
Былтыр Roland Garros турнирін жеңген Надаль биыл жарақатына байланыста турнирге қатыспады.
t.me/azattyq
Абай облысындағы өрт:
Ұйытқыған жел өртті сөндіруге кедергі келтіріп жатыр.
Жедел штабтың хабарлауынша, өрт Қаштақ орман шаруашылығы, Таврия елдімекеніне қарай жылжып барады. Техниканың 65 пайызы сол жақта шоғырланған.
Жерновка ауылында да жағдай қиын деп айтылады. Өрт жайылуы мүмкін деген елдімекенде тұратын халыққа ескерту берілген.
Штабтың айтуынша, өрттен Батпаев және Успен орман шаруашылығы қатты зардап шеккен.
t.me/azattyq
Ресей әскері Украинаның шығысында Донецк және Луганск облыстарын тұтас бақылауға алуға күш салып жатыр
Украина әскері 10 маусымда кешке осылай деп мәлімдеді. Бұған дейін Украина президенті Владимир Зеленский украин күштері қайта шабуылға шыққанын мәлімдеген.
Украина қарулы күштері бас штабының хабарлауынша, 10 маусымда Украина шығысында 28 шайқас болған және украина күштері Ресей әскері шоғырланған пунктерге әуеден 15 соққы жасаған. Ал Ресей армиясы әуеден 66 соққы жасап, ракета кешенімен 39 шабуыл жасаған.
t.me/azattyq
Украинаның НАТО-ға қосылуын ресми түрде қолдаған елдер саны 20-ға жетті деп мәлімдеді Украина президенті кеңсесі жетекшісінің орынбасары Игорь Жовква.
Ол Киевте жүрген Канада премьер-министрі Джастин Трюдомен сенбі күні қол қойылған Канада-Украина декларациясына сүйенген. Онда Оттава "қолайлы жағдай туа салысымен" Украинаны НАТО-ға қосуды ресми түрде қолдайды деп жазылған.
Жовкваның пікірінше, бұл "Үлкен жетілік" елдері арасында айтылған ең қуатты тұжырым.
t.me/azattyq
Қазақстан экология министрлігі "Семей орманы" резерватындағы өрт кезінде қаза болған орманшылардың аты-жөнін жариялады
Орман шаруашылығы комитеті қаза болғандардың жақындары мен туыстарына көңіл айтты.
Экология министрлігінің айтуынша, өз аумағындағы өртті сөндіруге шыққан 14 орманшымен 9 маусымда байланыс үзілген. Ізінше құтқару-іздеу жұмыстары басталған.
t.me/azattyq
"Бейбіт митинг заңын бұзды" деген айыппен 25 күнге қамалған журналист Думан Мұхамедкәрім бүгін, 12 маусымда аштығын тоқтатқан. Бұл туралы Азаттыққа журналистің адвокаты Ғалым Нұрпейісов айтты.
- Думан әкесі мен қоғам белсенділерінің сөзін тыңдап, халықтан үлкен емеспін деп аштығын тоқтатты. Тауық сорпасын ішті, - дейді адвокат.
Бүгін, 12 маусым таңертең адвокат Нұрпейісов Думан Мұхамедкәрімнің денсаулығы нашарлап, демалыс күндері екі рет жедел жәрдем шақырғанын хабарлап, оның қамау жазасын айыппұлға ауыстыруды сұраған еді.
Қорғаушының сөзінше, Думан Мұхамедкәрім ертең, 13 маусымда ауруханаға барып, бүйрегі мен іш құрылысын магнитті-резонансты томографияға түсіріп, анализ тапсырмақ. Органдар анализ нәтижелеріне қарай журналистің қамау жазасын айыппұлға ауыстыру я ауыстырмауды шешеді.
Думан Мұхамедкәрім "28 маусымда полиция дүкеннен күштеп ұстап әкетті, заңсыз қамады" деп аштық жариялаған еді. Ол өзін күштеп ұстаған полицейлердің үстінен шағыданған. Полиция журналистің шағымын тексеретіндерін айтқан.
9 маусымда журналиске "террористiк немесе экстремистiк әрекетті қаржыландыру және терроризмге не экстремизмге өзге де дем берушілік" (Қылмыстық кодекстің 258-бабы) бабы бойынша айып тағылғаны хабарлаған. Адвокат Нұрпейісов Думан Мұхамедкәрімге бұл айып шетелде тұратын оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовпен болған сұхбаттан соң тағылғанын айтқан.
Youtube желісіндегі "Ne deidi?" арнасының авторы Думан Мұхамедкәрім наурыздағы парламент сайлауынан бері үшінші рет қамалып отыр. Соңғы рет 1 мамыр күнгі оппозиция митингісі қарсаңында қамалып, 26 мамырда ғана бостандыққа шыққан еді. Ол өзі шақырған митингілердің алдында ұсталады.
Қазақстанда құқық қорғаушылар билікті "бейбіт жиын өткізіп, пікірлерін ашық айтқысы келгендерді, билікке наразыларды қудалайды" деп жиі сынайды. Ресми Астана елде саяси қудалау барын жоққа шығарады.
t.me/azattyq
Абай облысында жоғалып кеткен тракторист Сергей Архиповті туыстары өздері іздеп жүр.
Жақындарының айтуынша, Архиповпен 9 маусымнан бері байланыс үзілген. Ол тракторымен Қаштақ ауылына өрт өткізбес үшін жер жыртуға шығып кетіп, оралмаған. Архипов соңғы рет хабарласқанда адасып кеткенін айтқан.
Туыстары билік тарапынан іздеу жүріп жатқанынан хабарсызбыз деп отыр.
"Оны ешкім іздеп жатқан жоқ сияқты" дейді трактористің туыстары.
t.me/azattyq
Азаттық тілшілері дронмен түсірген мына видеодан Абай облысындағы орман өртінің масштабын көре аласыз.
Төтенше жағдай министрі Сырым Шәріпханов өрт аумағы 60 мың гектардан 43 мың гектарға азайғанын айтады. Министрдің сөзінше, жағдай бақылауда, бірақ күннің ыстықтығы мен жел өртті өршітуі мүмкін.
"Алдағы бірнеше күн бойы өртті сөндіруіміз керек" деді ведомство басшысы.
Шәріпханов өртеніп жатқан орманға жақынырақ жатқан ауылдарға қауіп жоқ деп отыр.
t.me/azattyq
Абай облысындағы Қаштақ ауылының маңынан орман өртінен будақтаған қалың түтін анық көрінеді. Бұл ауылдың тұрғындары толық эвакуацияланған. Азаттық тілшілері жолдаған видеолардан өрт қаншалықты күшті болып жатқаны анық аңғарылады.
t.me/azattyq
Прокурор соттан бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлын 9 жылға соттауды сұрады
Бұл туралы Orda.kz сайты хабарлады. Сайттың жазуынша, прокурор осы іс бойынша Алмаз Нұразхан, Азамат Көшенов және Айым Садуақасоваға 8 жыл түрме жазасын сұрады.
Мұхамедиұлы, Нұразхан, Көшенов және Сәдуақасова халықаралық көрмеге бөлінген 221 млн теңгені жымқырды деп айыпталған.
Экс-министр бұған дейін әлеуметтік желіде "Мұхамедиұлының президентке үндеуі" жарияланған. Үндеуде бұрынғы шенеунік тағылған айыпты жоққа шығарып, оны "өзіне қақпан құрып жүрген кейбір адамдардың ісі" деген.
Мұхамедиұлы күдікті ретінде ұсталған кезде өзіне қол салмақ болғаны да хабарланған.
t.me/azattyq
«Ұлы анам тірі келеді деп үміттенді». Абай облысының тұрғындары өрт жайлы не дейді?
Абай облысындағы өрттен 14 адам қаза болды. Тағы бір адам іздестіріліп жатыр. Тұрғындардың бірі өртке жол жағдайын кінәласа, енді бірі өрт салғырттықтан болды дейді. Азаттық журналисі оқиға орнына барып қайтты.
t.me/azattyq
Украина мен Ресей тұтқын алмасты
Украина президенті кеңсесінің басшысы Андрей Ермактың айтуынша, Ресей Украинаға 95 әскериді берген. Олардың қатарында «Азовсталь» мен Бахмутты қорғағандар бар. Ал Ресей қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, Киев Ресейге 94 әскериді қайтарған.
t.me/azattyq
Абай облысындағы өрт. Қазіргі ахуал қандай?
📌Жаңадан тағайындалған төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Абай облысындағы өрт аумағы 60 мың гектардан 43 мың гектарға азайғанын айтады. Оның сөзінше, жағдай бақылауда, бірақ күннің ыстықтығы мен жел өртті өршітуі мүмкін. «Алдағы бірнеше күн бойы өртті сөндіруіміз керек» деді министр.
📌Орман өртіне байланысты Жетісу облысының Алакөл, Ақсу, Көксу, Қаратал аудандары мен Талдықорған қаласын түтін басқан.
📌Абай облысының полиция департаменті өртсөндірушілерге көмекке тракторымен шыққан Бесқарағай ауданы тұрғынынан хабар болмай, іздестіріліп жатқанын мәлімдеді.
📌Ормандағы өрттен 14 адам қаза тапқан. Олар 11 маусымда өз аумағындағы өртті сөндіруге шыққан. Экология министрлігінің хабарлауынша, орманшылармен 9 маусымда байланыс үзілген. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаза тапқандарды "Құрмет" орденімен марапаттау туралы жарлық шығарған.
📌Қазақстанда бүгін, 12 маусым қаралы күн деп жарияланған.
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Қазақстан президенті Тоқаевпен, Қазақстан халқына қайғысына ортақтасып, көңіл айтты.
t.me/azattyq
Абай облысындағы орман өрті кезінде тағы бір адам жоғалып кеткен
Абай облысында 10 маусымда өрт сөндіруге кеткен Далон ауылының тұрғыны, тракторшы Сергей Архипов іздестіріліп жатыр. Бұл жөнінде жергілікті полиция департаменті хабарлады.
Туыстарының айтуына қарағанда, Сергей Архипов өрт сөндіруге көмектесу үшін тракторымен шыққан. Сол күннен бастап хабар үзілген.
Фото: Абай облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі
t.me/azattyq
Еріктілер: Су басқан Голая Пристань қаласын Ресей карантинге жауып тастаған
Каховка СЭС-і жарылғаннан кейін су астында қалған Голая Пристань қаласын Ресей карантинге жауып тастаған. Украинаның Херсон облысындағы бұл қала Ресей әскерінің бақылауында тұр. Зардап шеккен аудандардың халқына көмек беріп жүрген еріктілер мұны "Медуза" мен "Агентствоға" айтқан.
Еріктілердің сөзіне қарағанда, қалаға кіруге де, шығуға да тыйым салынған. Сол себепті қала тұрғындарына гуманитарлық көмек беру мүмкін емес.
Еріктілердің сөзіне сілтеген "Агентство" хабарына қарағанда, 10 маусымда қаланы Ресей әскери қызметкерлері аралап, 11 маусымда Голая Пристань карантинге жабылатынын дауыс зорайтқышпен естірткен. "Медузамен" сөйлескен адам да бұл ақпаратты растаған. Еріктілер мұның себебі су апатынан өлгендердің көптігіне байланысты болуы мүмкін дейді. Ресей билігі сегіз адам ғана өлгенін хабарлаған.
t.me/azattyq
Абай облысындағы өрт:
▫Қазір үш бағытта өртті сөндіру жұмыстары жүріп жатыр
▫Өртті сөндіруге 1500-ге жуық адам, 300-ден астам техника жұмылдырылған. 14 тікұшақ тартылған.
▫Ресми ақпаратта өрт аумағы айтылмайды. Соңғы рет 60 мың гектар жерге өрт жайылғаны айтылған
▫Қалың түтіннің салдарынан Семей қаласы Бұлақ ауылының тұрғындары эвакуацияланды. Әкімшілік жағынан ол Семей қаласына кіреді.
▫Бас прокуратура Абай облысындағы өртке байланысты қылмыстық іс (292-бап) қозғады
▫Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысында өрт кезінде қаза болған 14 орманшыны төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін “Құрмет” орденімен марапаттады
t.me/azattyq
Украинада Каховка СЭС-інің бөгеті жарылған соң шамамен 700 мың адам сусыз қалған
Бұл жөнінде Associated Press агенттігіне берген сұхбатында БҰҰ бас хатшысының гуманитарлық мәселелер бойынша орынбасары Мартин Гриффитс мәлімдеген. Мәселе Украина және Ресей әскері бақылауындағы аумақ тұрғындары жөнінде болып отыр.
Қазір Херсон облысында су ластанғандықтан суда шомылуға және балық аулауға тыйым салынған.
t.me/azattyq
Тоқаев 12 маусымды Абай облысында орман өрті кезінде қаза болған орманшыларды жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялады
Читать полностью…Каховка су электр станциясының бөгеті жарылған Украинаның Херсон облысында Днепрдің сол жағалауында 374 адам із-түзсіз жоғалған
Бұл аумақ Ресей әскерінің бақылауында. Бұл жөнінде еріктілердің мәліметіне сүйенген "Агентство" басылымы жазды. Үшеуі қаза болған болуы мүмкін деп айтылады.
Су астында қалған ірі елдімекен Алешка қаласына еріктілердің кіруі қиындаған. Қалаға кіреберісте блокбекет тұр. Ол арқылы тек Ресей төтенше жағдай министрлігі қызметкерлері мен Ресей әскерін қолдайтын еріктілер ғана кіре алады. Қалғандары Алешкаға су арқылы ғана бара алады.
t.me/azattyq
Абай облысындағы өрт:
Қазір 5 учаскеде өрт сөндіріліп жатыр (Кеше 9 учаске болған).
Өрт сөндіруге төтенше жағдай министрлігі, орман шаруашылығы комитеті, жергілікті атқару органдары және қорғаныс министрлігінен 1500 жуық адам, 290 астам техника жұмылдырылған.
Өрт басталғалы бері әуеден 486 рет жалпы көлемі 1 000 жуық тонна су төгілген.