Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Лайк баспау және сынамау. Түркімен режимі блогерлерді елді мақтауға мәжбүрлеген
Түркіменстан билігі танымал блогерлерді жинап, оларға елді «гүлденген әрі бақытты мемлекет» етіп көрсетуді тапсырған. Полиция билікті сынауға болмайтынын, бұл тыйымды бұзғандар түрмеге жабылуы мүмкін екенін ескерткен.
🔗Сілтеме
t.me/azattyq
"Манчестер Сити" командасының Чемпиондар лигасының кубогын алған сәт.
Фото: AP
⚡️⚡️⚡️Абай облысында тағы 11 адамның денесі табылды деп хабарлады өртті сөндіру жедел штабы.
Қаза болғандардың аты-жөні анықталып жатыр.
Бұған дейін үш орманшының денесі табылғаны хабарланған.
Осылайша қаза болғандар саны 14-ке жеткен.
Қазір облыста 9 аумақта өрт сөндіріліп жатыр.
Қазақстан билігі Қырғызстаннан Ресейге заңсыз жеткізілмек болған дрондар партиясын тәркіледі. Бұл жөнінде қазақстандық Orda.kz сайты хабарлады.
Басылымның жазуынша, жалпы құны 16 млн рубль (193 440 доллар) болатын DJI AgrasT30 маркалы 14 дрон шекара арқылы Қазақстанның Жамбыл облысына тасымалданайын деп жатқан кезде ұсталған. Дрондарды қырғызстандық "Импульс-Инвест" фирмасы Қазақстан аумағы арқылы алып өтпек болған, алайда компанияның мұндай тауар түрлерін тасымалдауға лицензиясы болмаған. Ресми түрде дрондар ресейлік "Нова" құрылыс компаниясына жеткізілуі тиіс болған.
"Импульс-Инвест" компаниясына 76 мың теңге (шамамен 14 мың рубль) көлемінде айыппұл салынған. Жамбыл мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті тәркіленген дрондарды саудаға шығарған.
t.me/azattyq
"Халық парламентінің" жиыны аяқталды.
Ақпаратқа қарағанда, жиынды ұйымдастырушы Жарқын Күрентаевты полиция жиынға жеткізбей ұстап әкеткен. Бұл жөнінде оның әйелі хабарлады.
“Атажұрт” тіркелмеген партиясының белсендісі Гүлжан Тоқтасын Қазақстан мен Қытайдың цифрлық серіктестігінен қауіп көреді
Читать полностью…"Халық парламенті" жиынында екінші мәселе - ҰҚШҰ және Қазақстан әскерін Ресейдің пайдалану мүмкіндігі мәселесі талқыланып жатыр.
Заңгер Олжас Әбілқайыр әскери өнеркәсіп саласында көрші елге тәуелділіктің қауіпті екенін алға тартып, ертеңгі күні Украинадағыдай сценарий қайталанса, ол кезде Қазақстан тек өз күшіне ғана сене білуі керек деген ой айтты.
⚡️⚡️⚡️Президент Юрий Ильинді төтенше жағдай министрі қызметінен босатты. Дәл қазір Абай облысында орман өртеніп жатыр. Қасым-Жомарт Тоқаев шетелге сапарын кейінге қалдырып, апат аймағына баратынын хабарлады.
Читать полностью…“Халық парламентінде”заңсыз алынған активтерді қайтару туралы заң жобасын талқылаудан үзінді
Читать полностью…Жиында сөйлегендердің бірі Ақмарал Жантемірқызы: “Біз заңсыз алынған активтерді қайтару туралы заңға қарсы шығайық деп отырған жоқпыз. Оның кемшіліктерін жойып, барынша тиімді жүзеге асуына септескіміз келеді”
Жиыннан біраз суреттер
Қамаудағы журналист Думан Мұхаммедкәрімнің ісі бойынша:
Адвокат Ғалым Нұрпейісов Думан Мұхаммедкәрімге тағылған жаңа айып туралы айтты. Айтуынша, іс журналистің шетелде жүрген қуғындағы экс-банкир Мұхтар Әблязовтан сұхбат алуымен байланысты.
Бір күн бұрын журналистің үйінде тінту болған, компьютері мен жеке заттары тәркіленген.
Думан Мұхаммедкәрімнің ісінің жай-жапсары
t.me/azattyq
Видеоға қарап, полицейлер санын шамалауға болады
Читать полностью…Абай облысында орман өртін сөндіруге аптап ыстық пен жел, құмды жер және өртке кіруге қиындықтар бөгет жасап жатыр.
Бұл жөнінде 10 маусымда таңертең төтенше жағдай министрлігінің өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Нұрболат Дербісов мәлімдеді.
“Жағдай тұрақты. Азаннан бастап ұшақпен өртті барлау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Таңғы 6-дан бастап 8 тікұшақ өртті сөндіруге кірісіп кетті. Одан бөлек, барлық техника мен жеке құрам өртті сөндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр” деді ол.
Министрлік өрт аумағын айтпады. Түндегі мәлімет бойынша, өрт 60 мың гектардан астам жерге жайылған.
Бұрынғы мәжіліс депутаты Нұржан Әлтаев екі айға қамалды
Оған бұлтартпас шарасын қолдану туралы сот 9 маусым түнде өтті.
Кейінгі уақытта билікті сынап жүрген саясаткер 7 маусымда ұсталған еді. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ол "Атамекен" ұлттық кәсіпкерлер палатасының басқарма төрағасы Абылай Мырзахметовтен аса ірі мөлшерде пара алды (135 мың доллар) деген күдікке ілініп отырғанын хабарлаған.
Ал жақтастары Әлтаевқа қозғалған істі "саяси тапсырыс" деп атап, бірқатар лауазымды тұлғалардың аттарын атаған.
9 маусымда саясаткердің онлайн сотына қатысқан кейбір белсенділер отырыс кезінде Әлтаев "лауазымды тұлғалардың қоқан-лоқысы туралы" айта бастаған кезде Zoom-ның "тегін сесссиясы бітіп қалғанын" жазды.
t.me/azattyq
⚡️ Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев орман өртеніп жатқан Абай облысына барады
Бұл туралы Ақорда хабарлады.
Президент баспасөз қызметі Тоқаев 11-13 маусымға жоспарланған Вьетнам сапарын кейінге шегергенін мәлімдеді.
t.me/azattyq
Түркия астанасы Анкарада ракета және жарылғыш заттар шығаратын зауытта жарылыс болып, одан кейін өрт басталған
Бұл жөнінде TRT Haber және CNN Türk хабарлады.
Түркия қорғаныс министрлігінің хабарлауынша, 5 адам қаза болған. Бесеуі де – зауыт жұмысшылары. Жергілікті БАҚ көп адамның зардап шеккенін жазды. TRT Haber-дің жазуынша, кейбірі ауруханаға жағдайы ауыр күйде жеткізілген. Оқиға орнында құтқару жұмыстары жүргізіліп жатыр.
t.me/azattyq
⚽Англияның "Манчестер Сити" командасы биылғы Чемпиондар лигасында жеңіске жетті. Ағылшын клубы финалда италиялық "Интер" командасынан 1:0 есебімен басым түсті. Шешуші ойын Стамбулдағы "Ататүрік" стадионында өтті.
"Манчестер Сити" алғаш рет Чемпиондар лигасында топ жарып отыр.
t.me/azattyq
Тоқаев Сырым Шәріпхановты төтенше жағдай министрі қызметіне тағайындады. Тиісті жарлық Ақорда сайтында жарияланды.
Читать полностью…Мұстафа Шоқайдың өз үні. Азаттық радиосы елге жеткізген бір мұра
Алғаш Азаттық радиосының эфирінен тараған Мұстафа Шоқай даусының аудио-жазбасын Қазақстанға әкелген кім? Радиода елуінші жылдардан бері сақталған Мұстафа жайлы деректерде не айтылған? "Азаттық радиосына 70 жыл" подкасының бүгінгі эпизоды осыған арналады.
🎙️Apple podcasts
🎙️Google podcasts
🎙️YouTube
🎙️Азаттық сайты
t.me/azattyq
"Назарбаевтан арылудың" кезекті қадамы және "Пекинге бет бұрған" Орталық Азия
Батыс басылымдары бұл аптада экс-президенттің кеңсесін тарату «Назарбаевтан арылу» науқанының кезекті қадамы екенін жазды. Сонымен қатар Пекин Орталық Азиядағы ықпалға таласта Ресейді ығыстыруға ұмтылып жатқанын талдады. Бұдан бөлек "Мәскеуге санкцияларды айналып өтуге қандай елдер көмектеседі" және "оған қалай тоқтам салуға болады" деген сұраққа жауап іздеді.
🔗ОҚУ
t.me/azattyq
Қатысушылардың бірі заңгер Олжас Әбілқайырдан “ҰҚШҰ әскері Украинаға барады” деген әңгіме қайдан шықты” деп сұрады.
Читать полностью…“Халық парламентіндегі” заңсыз алынған активтерді елге қайтару туралы заң жобасын талқылау:
Қоғам белсендісі Рысбек Сәрсенбайұлының айтуынша, “заңсыз алынған байлық” деген ұғым жобада бұлыңғыр берілген.
“Ол байлық қандай жолмен алынған? Сыбайлас жемқорлықпен, қызметті асыра пайдалану жағдайы арқылы, алаяқтық жолмен болған. Бұлардың әрқайсысы қылмыс. Жеке-жеке баптары бар. Түрме жазасы бар. Ал бұл ұғымның анықтамасы әншейін жайма-шуақ беріле салған. Байқасаңыздар, қылмыстық деген сөзді қоспаған. Қылмыстық тексеру, зерттеу, қылмыстық қудалау деген терминдер жоқ”
“Халық парламенті” жиынына тікелей қатысы жоқ өзге мәселе:
Алматы қаласы Наурызбай ауданы Қарағайлы ықшамауданының тұрғындары сусыз қалғандарын айтып, дабыл қағып жатыр.
– Бүгіннен бастап тұтас Қарағайлыда суды толық өшіріп тастады. Оның алдында күндіз екі-үш сағат береді де өшіріп тастап жүрген. Ол кезде адамдар жұмыста болады. Кешке келсең су жоқ. Көп адам су жинап үлгере алмай келген. Енді су мүлде жоқ. Өзімнің үйімде судың жоқтығына 4 күн болды. Құбыр бітелген деп айтады. Фильтр станциясын жасаймыз деп уәде бергеніне қанша болды. Әлі жоқ. Бір-біріне сілтейді. Әкімдікке барсақ, “Алматы суға” жібереді, “Алматы суға” барсақ, әкімдікке жібереді. E-otinish-ке жазсақ, алып тастаңыз, сұрағыңызды шешеміз деп алдыртып тастайды, – деді Азаттыққа Гүлбану Абдоллаева 10 маусым күндіз. Оның "ықшамауданда су жоқ" деген сөзін өзге тұрғындар да растады.
Тұрғындар бүгін түсте наразылық білдіретінін айтты.
Заңгер Батыр Адайбаев: Заңсыз алынған активтерді қайтару туралы заң жобасындағы “активтерді өз еркімен тапсыру” туралы норманы алып тастау керек. Бұл іс жүзінде олардың (заңсыз байығандардың) заңсыз активтерін кешіргенмен пара-пар дейді.
Читать полностью…Бұған дейін сенбі күні “Халық парламенті” жиыны өтетіні, онда үш мәселе қаралатыны хабарланған:
▪Заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы” заң жобасы
▪Қазақстан әскерін ҰҚШҰ құрамында Ресейде пайдалану мүмкіндігі
▪Қазақстан мен Қытай арасындағы келісімшарттар (визасыз режим).
Алматыда “Халық парламентінің” жиыны өтеді деген ғимаратттың артқы жағында көп полицей жүр. Кемінде 3 автозак тұр.
10 маусым, 2023 жыл.
Ақмола облысы Бестөбеде наразы кеншілер мәдениет үйі алдында тағы бір түн қонып шықты.
Кеншілер алтын өндіретін шахтадан жерасты суын сорғызып, кен өндірісін іске қосуды, ауыл маңындағы зиянды жаңа фабриканы басқа жаққа көшіруді талап етіп отыр. Компания талаптарды ішінара орындауға дайын екенін айтқан. Тараптар әлі келісімге келген жоқ.
⚡️ "Қазақстан президенті Тоқаев үкіметке Абай облысындағы өртті сөндіру, өрттің жайылуына жол бермеу және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қолда бар барлық техникалық және адами ресурстарды жұмылдыруды тапсырды" деп хабарлайды Ақорда.
Абай облысындағы өрт аумағы 60 мың гектарға жуықтады. Өрт сөндіруге қорғаныс министрлігінің бөлімшелері де тартылған.
t.me/azattyq
Абай облысындағы "Семей орманы" мемлекеттік орман табиғи резерваты аумағындағы өрт 60 мың гектарға жетіп, Озерск ауылдық округіндегі үш ауылдың тұрғындарын Семейге эвакуацияламақ
t.me/azattyq