azattyq | News and Media

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Subscribe to a channel

Azattyq - Азаттық

Путин Ресей қарулы күштерімен келісімшарт жасасқан шетелдіктерге азаматтық беруді жеңілдетті

Бұл жарлық бойынша, Украинадағы ұрыс қимылдары кезінде бір жылдық келісімшарт жасасқан шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар жеңілдетілген тәртіппен Ресей азаматтығын алуына болады. Бұл тәртіп олардың отбасыларына да жүреді.

Осы жарлық арқылы Ресей өз әскеріне еңбек мигранттарын, әсіресе Орталық Азиядан келетін еңбек мигранттарын көбірек тартуды көздейді. Бұған дейін мешіттерде, жатақханаларда, көші-қон қызметтері мен көшелерде еңбек мигранттарын әскерге шақыратын үгіт парақтары көбейгені байқалған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

ANSA: Еуропа одағының Украинаға тағы 500 миллион еуро көмек беру туралы шешіміне Венгрия қарсы шықты

500 миллион долларға тең бұл жолғы көмек келесі аптаның дүйсенбісінде бөлінуге тиіс еді.

ANSA агенттігінің хабарына қарағанда, Будапешт Еуропа бейбітшілік қорынан тек Киевті қаруландыру үшін пайдаланылмай, болашақта өзінің жаһандық мәртебесін сақтап қалатынына кепілдік талап еткен.

Венгрия – Еуропа одағында Ресейдің Украинаға агрессиясын қатаң айыптамайтын аз елдің бірі. Бұл ел Ресейден келетін энергетикалық шикізатқа тәуелді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Жоқты бардай қылып, ойдан құрастырып жазған". Қаңтардан соң бес жылға сотталған Айболдың хикаясы

"Балам Кореяға кетіп қалғанда, бұлай зарлап отырмас едім". Таразда Қаңтар бүлігін "ұйымдастырды" деп танылып, бес жылға сотталған Айбол Сағынтайдың анасы шарасыздықтан осылай деп егіледі. Заңгер оқуын оқып, жұмыс таба алмаған соң, құрылыспен айналысқан Айбол күнкөріс қиындығын айтып алаңға шыққанын ғана мойындайды, ал қалғанының бәрі "жала" дейді.

🔗Сілтеме

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Әлем чемпионатындағы алтын медальмен Тоқаевты неге құттықтадыңыз?" деген сұрақты Қазақстан боксшысы жауапсыз қалдырды

Қазақстан боксшысы Асланбек Шымбергенов әлем чемпионатында жеңіске жеткен соң президент Қасым-Жомарт Тоқаевты құттықтаған. "Алтын алған сіздер емес пе, неге президентті құттықтадыңыздар?" деген Азаттық тілшісінің сұрағын "күрделі сұрақ" деп, жауапсыз қалдырды.

"Мына сұрағыңызға жауап бермей-ақ қояйыншы, маған күрделі сұрақ екен" деді Шымбергенов.
Осыдан кейін белгісіз бір адам дауыстап, журналистерден сұрақты аяқтауды өтінді

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстандықтар Ташкенттен келген әлем чемпиондарын күтіп алды

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Жаңажол газ өңдеу зауытындағы өрт кезінде күйіп қалған төрт жұмысшының біреуі қайтыс болды

Ақтөбе облысы Жаңажол кенішіндегі №2 газ өңдеу зауытындағы өрт кезінде күйіп қалған төрт жұмысшының бірі Рахымжан Рысбеков қайтыс болды. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 56 жастағы науқас Астана қаласындағы №1 қалалық ауруханада 14 мамыр күні жан тапсырған.

Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, жұмыс орнында күйіп қалған Рахымжан Рысбеков 3 мамыр күні Астанаға санавиация ұшағымен жеткізілген.

– Денесінің 70-75 пайызы күйген науқас айығып кете алмады. Басын, бетін, денесі мен аяқ-қолын термиялық күйік шалған. Тыныс жолдары қатты зақымданған, – деп хабарлады дәрігерлер.

Газ өңдеу зауытының жұмысшылары Ақтөбе облысы Кеңқияқ кентіндегі ауруханаға 1 мамыр күні сағат 17.00 шамасында түскен. Күйіп қалған жұмысшылардың жасы 32, 52, 53 және 56-да.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Өлтіріп тастап, өмірде ондай адам болмағандай кейіп танытып отыр". Қаңтардағы жұмбақ қаза

Қанды қаңтар кезінде Алматыда оққа ұшқан 32 жастағы Нәзір Ізмұхамедовтің қазасы жұмбақ күйінде қалды. Марқұмның туыстары бір жылдан бері қылмыскерді таба алмай келеді. Анасы ұлы жұмыс істеген ведомство марқұмды қызметкерлер қатарынан шығарып тастағанына қапалы.

ОҚУ

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Әзербайжан мен Армения жетекшілері Брюссельде кездесті

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев пен Армения премьер-министрі Никол Пашинян Брюссельде кездесті. Кездесу Еуропа кеңесінің төрағасы Шарль Мишельдің ара ағайындығымен өткен. БАҚ хабарына қарағанда, әзербайжан-армян шекарасы мен Таулы Қарабақ төңірегіндегі жағдай талқыланған.

Бұған дейін "екі тарап бейбіт келісім жобасын талқылайды" деген ақпарат тараған.

Әлиев пен Пашинян кездесер қарсаңда да екі ел арасында кезекті қарулы қақтығыс болған еді. Үш күн бұрын Әзербайжан қорғаныс министрлігі Қарабақ маңындағы шекарада армян әскерімен қақтығыс болғанын, бір адам өлгенін хабарлаған.

Әзербайжан сыртқы істер министрлігі "арандатып отыр" деп Арменияны айыптаған.
Армения қорғаныс министрлігі, керісінше Әзербайжанды кіналап, төрт жауынгері жараланғанын хабарлаған.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Зеленский Берлинде Германия президенті және канцлерімен кездесті

"Украинаның қазіргі заманғы тарихындағы ең күрделі кезеңде Германия өзінің нағыз дос әрі сенімді одақтасы екенін дәлелдеді. Демократия құндылықтары мен еркіндігін қорғау бойынша күресте украин халқын қолдаудан айнымайды. Бәріміз бірге жеңеміз және Еуропаға бейбітшілікті қайтарамыз" деп жазды Зеленский президент резиденциясындағы құрметті қонақтарға арналған кітапта.

Кейін Украина басшысы Германияның федералдық канцлері Олаф Шольцпен келіссөз жүргізді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Түркияда президент және парламент сайлауы өтіп жатыр

Жексенбі күні сайлау учаскелері жергілікті уақыт бойынша таңертеңгі сағат 8-де ашылды.

Қазіргі президент Режеп Ердоғанның елді басқарғанына 20 жылдан асты. Сайлауда оның басты қарсыласы алты оппозициялық партияның "Халықтық альянсы" ұсынған ортақ кандидат – Кемаль Қылыщдароғлы. Ол жемқорлыққа қарсы және Түркияны Еуропа жолымен дамыту туралы мәлімдемелерімен танымал болған. Президенттікке кандидаттар арасында сонымен бірге "Ата альянсы" саяси блогы атынан Синан Оган бар.

Сарапшылардың пікірінше, бұл Түркия тарихындағы ең тартысты сайлаулардың бірі. Егер кандидаттардың бірі 50 пайыздан артық дауыс алмаса, 28 мамырда екінші туры өтеді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресей Украинамен шектесетін Брянск облысында 2 ұшақ және 2 тікұшағынан айырылған болуы мүмкін

Ақпарат құралдары мен телеграм-арналарының хабарлауынша, олар (екі Ми-8 тікұшағы және Су-34 пен Су-35 истрабительдері) сенбі күні таңертең Брянск облысында атып түсірілген болуы мүмкін. Кей ақпаратқа қарағанда, олар бір авиатоптың құрамында болған.

Ресей билігі сенбі күні кешке Клинцы қаласында Ми-8 тікұшағы құлағанын растады. Ақпаратқа қарағанда, ұшқыштар қаза болған. "База" басылымы екі ұшақ пен екі тікұшақтың экипаж мүшелері – барлығы 9 ұшқыш қаза болғанын жазды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Ердоған сайлауда жеңілуі мүмкін". Түркиядағы сайлау нәтижесі Орталық Азияға қалай әсер етеді?

Түркияда 14 мамырда президент және парламент сайлауы өтеді. Қазіргі президент, Түркияны жиырма жыл басқарған Режеп Тайып Ердоған қарсыласы Кемаль Қылышдароғлыдан жеңіліп қалуы мүмкін. Түркиядағы бәсекеге толы сайлау мен оның нәтижесі Орталық Азияға қалай әсер етеді? Оппозиция жеңіске жетсе, Түркияның түркітілдес елдермен қарым-қатынасы өзгере ме? Азаттық осы және өзге де сұрақтар төңірегінде Таяу Шығыс университеті саясаттану кафедрасының доценті Әсел Тұтымлымен сөйлесті.

🔗Сілтеме

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Астанада полиция белсенді Асқар Сембайды ұстап әкетті.

Сенбі күні адвокат Мейіржан Досқараев полицияның белсендіні 405-бап бойынша уақытша қамау изоляторында ұстап отырғанын хабарлады.

"Әлі қамауға санкция берген жоқ. Бүгін не ертең қамайтын сияқты" деді адвокат Азаттыққа.

Белсендінің ұсталуына қандай оқиға түрткі болғаны белгісіз. Полиция әзірге түсініктеме бермеді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

13 мамырға қараған түні Ресей әскері Украинаға тағы шабуыл жасады. Кемінде 8 адам зардап шекті.

Хмельницкий облысында дрондар шабуылының нәтижесінде 11 адам жараланды: олардың денесіне әйнек кіріп, орташа дәрежедегі жарақат алған. Украина билігінің мәліметінше, елдімекендерден тыс орналасқан маңызды инфрақұрылымдарға да шабуыл жасалған. Жарылыс қуатының салдарынан тұрғын үй, оқу және медицина мекемелері, әкімшілік және өнеркәсіп ғимараттары бүлінген.

Николаевта дрондар (ирандық "Шахед" шабуыл жасаған деген мәлімет бар) шабуылынан үш адам зардап шеккен. Снарядтар кәсіпорындағы бес қабатты және екі қабатты ғимаратты бүлдіріп, өрт шыққан.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Жеңіс емес, аза күні". Мерекенің мәні және эфирде оқылған Шоқай туралы өлең

"9 мамыр - Құран көтеріп, дұға оқитын күн. Ал соғыстағы боздақтардың өліміне тек фашистік Германия ғана емес, совет генералдары да кінәлі". 90-жылдары Азаттық Екінші дүниежүзілік соғысқа осындай баға беріп, "Түркістан легионы" ақындарының өлеңдерін жариялаған. Бұл эпизодта осы туралы айтамыз.

🔗ТЫҢДАУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Украинаның жемқорлықпен күрес қызметі Жоғарғы сот төрағасы Всеволод Князевті "пара алып жатқан сәтте" ұстаған

Бұл ақпаратты Украинаның жемқорлықпен күрес жөніндегі ұлттық бюросы (НАБУ) хабарлаған. Пара көлемі 3 миллион доллар деп көрсетілген.

НАБУ "Жоғарғы соттағы жаппай жемқорлықты, нақтырақ айтқанда, Украина Жоғарғы сотының басшылары мен судьяларының пара алу схемасын әшкерелегенін" мәлімдеген.

Украинаның "Фокус" басылымының хабарына қарағанда, 2021 жылғы 22 қазанда Всеволод Князев Украина Жоғарғы сотының төрағалығына сайланған. Сол жылы 1 желтоқсаннан бастап қызметіне кіріскен.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

NYT: Санкцияға қарамастан, Ресейге миллиондаған доллардың авиабөлшектері жеткізілген

Бұл мәліметтерге қарағанда, Ресейдің санкция салынған "Аэрофлот", "Россия", "Победа", "Урал", UTair және S7 Airlines әуекомпаниялары ұшақ бөлшектерін алған. Ұшақ бөлшектерінің басым бөлігі Біріккен Араб Әмірліктері, Түркия, Қытай және Мальдив аралдары арқылы Ресейге жеткізілген.

Мұндай схеманы Ресейдің АҚШ-та тұратын азаматы Олег Пацуля мен оның іскер серіктестері ұйымдастырған болуы мүмкін. NYT-тің жазуына қарағанда, оларды өткен аптада "АҚШ-тың экспорт бақылауын бұзды және ақша жылыстатты" деген айыппен қамауға алған. Тергеудің мәліметіне қарағанда, олар АҚШ 2022 жылы енгізген шектеулерді айналып өтетін схеманы жүзеге асыра бастаған. Ол үшін Флоридада, Түркия мен Ресейде орналасқан компанияларды пайдаланған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Мұнайшылар ереуілі, чемпион боксшылар, Түркиядағы сайлау - AzatNews | 15.05.23

- Жаңаөзенде "БерӘлі Маңғыстау" компаниясының мұнайшылары ереуілді әлі жалғастырып жатыр. Наразылар келіссөздерден нәтиже шықпағанын айтады. Компания бір күн бұрын 80 мұнайшы жұмысқа орналасқанын мәлімдеген.

- Түркиядағы президент сайлауының екінші туры өтетін болды. Алғашқы турда кандидаттардың ешбірі 50 пайыз межеден аса алмады.

- Украина президенті Батысты аралап жүр. Германия танкілерімен бірге қомақты қаржы бөлді, Франция мен Италия әуе қорғанысына қажет қару-жарақ, Ұлыбритания алысқа ұшатын зымыран беретінін мәлімдеді.

- Өзбекстан астанасы Ташкентте өткен әлем чемпионатында 4 алтын, 1 күміс алып, командалық есепте 2-орын иеленген қазақстандық боксшылар елге оралды.

КӨРУ

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Бокстан әлем чемпионы Махмұд Сабырхан жеңісін еліне арнайтынын айтты

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Әлем чемпионатының алтын жүлдесін Қазақстанға әкелген әр боксшыға мемлекет 15 мың доллар сыйақы береді

Мәдениет және спорт министрі Асхат Оралов Ташкенттегі әлем чемпионатынан оралған Қазақстан құрамасының боксшыларымен кездесу кезінде жеңімпаздарға қандай сыйақы белгіленгенін айтты.

– Мәдениет және спорт министрлігі әрбір чемпионға 15 мың доллардан төлейді. Олардың жаттықтырушыларына да сонша қаржы беріледі. Бұдан өзге, бокс федерациясы 100 мың доллар, AIBA 200 мың доллар береді, – деген министр бұл "ынталандырудың жақсы тәсілдерінің бірі" екенін айтты.

Қазақстанның боксшылары Ташкентте өткен бокстан әлем чемпионатында 4 алтын, 1 күміс жүлде алған болатын.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Түркиядағы президент сайлауы екінші турға ұласуы мүмкін

Түркияда 14 мамыр, жексенбіде өткен президент сайлауында кандидаттардың ешбірі 50 пайыз дауыс жинай алмаған. Түркияның мемлекеттікбұқаралық ақпарат құралдары, соның ішінде TRT телеарнасы бюллетеньдердің 93 пайызы саналғанын, Ердоғанның 49,67 пайыз дауыс, негізгі бәсекелесі, оппозициядағы алты партияның ортақ кандидаты Кемаль Қылышдароғлы 44,59 пайыз дауыс жинағанын хабарлаған.

Мемлекеттік "Анадолы" ақпарат агенттігі бюллетеньдердің 80 пайызы саналып, Ердоған бірінші турда 50,43 пайыз, Қылышдароғлы 43,77 пайыз дауыс алды деп хабарлады. Дауыс беру аяқталғаннан кейін жергілікті медиа Ердоған озып тұрғанын үсті-үстіне көрсеткен.

Алайда Қылышдароғлы Ердоған емес, өзі озып тұрғанын мәлімдеген. Оппозиция "Анадолы" жариялаған мәліметті қатаң сынап, оған сенбеуге үндеген.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Астраханьдағы ноғай белсенділерінің бір тобы "Тәуелсіз Ноғай республикасын" құруды көздейтін жобаға қарсы шықты

Ресейдің Астрахань облысында тұратын ноғай-қарағаш белсенділерінің бір бөлігі "орталығы Астрахань болатын Ноғай мемлекетін құру жобасына" қарсы ашық хатқа қол қойып, үндеу тастады. Бұл жөнінде "Idel.Реалии" хабарлады.

Олар жергілікті белсенді Әнуар Құрманақаев бастаған "Ноғай республикасы" қозғалысын айыптаған. Белсенділер ашық хатта Ресейдің Украинаға жасап отырған агрессиясына қолдау да білдірген.

Құрманақаев пен оның қозғалысына қарсы үндеуге ноғай-қарағаш ұлттық-мәдени автономиясының жетекшілері Рафиқ Абдуллаев, ноғайлардың облыстық "Едіге" мәдени орталығының төрағасы Ильдар Әлмұхамедов және ноғайтанушы этнолог Эльдар Ыдырысов қол қойған.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Херсон облысында снаряд жарылып, бес бейбіт тұрғын қаза болды

Барлығы – бейбіт тұрғын. Қаза болғандардың ең жасы – 27-де, ең үлкені 68 жаста.

Украина президенті кеңсесінің жетекшісі Андрей Ермактың айтуынша, Ресей әскері бомбалауынан кейін кәсіпорында снаряд қалып қалған.

Херсон облысының прокуратурасы "соғыс заңы мен ережесін бұзу" фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Астана соты белсенді Асқар Сембайды екі айға қамау туралы шешім шығарды

Шешім сенбі күні түнгі сағат 10-ға таман шыққан. Бұл жөнінде Азаттыққа адвокаты Мейіржан Досқараев хабарлады. Адвокаттың айтуынша, істің ашылуына белсендінің былтыр 7-17 қараша күндері желіде жазған жазбалары түрткі болған.

Асқар Сембайды полиция 12 мамырда ұстап әкеткен еді. Бұған дейін адвокаты оны 405-бап 2-бөлігі бойынша ("тыйым салынған ұйымның ісіне араласу" бабы) уақытша қамау изоляторында ұстап отырғанын хабарлаған. Tirek.info сайтының мәліметінше, полиция жұма күні белсендіні түсіндірместен және құжаттарын көрсетпестен ұстап алып кеткен.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматыда жануарларға қатігездік көрсетуге қарсы митинг өтіп жатыр

14 мамырда “Сарыарқа” кинотеатры артындағы алаңға шамамен 150 адам жиналып, “Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы” заңның орындалмай жатқанын сынады.

Кей азаматтар шараға үй жануарларын алып келген. Шара өтіп жатқан маңда полиция көрінбейді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ұлыбританияның Ливерпуль қаласында өткен Eurovision-2023 ән байқауының бас жүлдесін Tattoo әнін шырқаған швед әншісі Loreen иеленді

Оған
қазылар алқасы көп дауыс берді, соның есебінен көрермен дауыс бергеннен кейін де басымдығы сақталды. Loreen Eurovision байқауын 2012 жылы да жеңіп алған.

Екінші орынды Cha Cha Cha әнін орындаған финн рэпері Käärijä жеңіп алды. Ол 526 ұпай алды. Үшінші орынды израиль әншісі Unicorn әнімен Ноа Кирель иеленді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ақтөбе әкімдігі Қытай азаматтарының Қазақстанға визасыз келу режиміне қарсы митингі өткізбек болған белсендіге рұқсат бермеді.

Белсенді Альмира Қуатова «әкімдік Конституция кепілдік берген құқығымды бұзды» деп санайды.

Ақтөбе тұрғыны Альмира Қуатова 17 мамыр күні облыс орталығында митингі өткізіп, Қытай азаматтарының Қазақстанға визасыз келуіне қарсылық білдірмек болған. Белсенді «Жемқор жүйе тұрғанда көрші ел азаматтарының визасыз келуі - ұлт үшін қауіпті. Қазақстан, оның ішінде Ақтөбе облысындағы мұнай-газ саласының көп бөлігі онсыз да Қытай билігінің қарауында. Бұл – қазір желіде де, қоғамда да көп талқыланып жатқан тақырып» дейді.

Айтуынша, кемінде 300 адам жиналады деп болжанған митингіге әкімдік рұқсат бермеген. Ақтөбе әкімі Мұрат Жөребековтің қолы қойылған хабарламаны Альмира Қуатова 12 мамыр күні кешке алған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Кран жүргізеді, тырнақ бояйды. Теміртаудағы тәжік әйелінің әңгімесі

Тәжікстандық Сокина Дустова бала кезінде ата-анасымен Қазақстанға көшіп келген. Теміртауда мектеп бітіргеннен кейін тұрмысқа шығып, Тәжікстанға кетеді. Бірнеше жылдан соң ата-анасының қолына көшіп келіп, қалада түрлі жұмыс істей бастаған. Қара жұмыстың табысын азсынған Сокина жаңа мамандық меңгеріп, екі жыл бұрын монтаждау цехында кран жүргізушісі болып жұмысқа тұрды. «Мигрант Медиа» тәжік әйелімен ауыр кәсіпке қалай келгені жайлы сөйлесті.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Осы подкастың мәтін нұсқасын оқыңыз:

Тұтқынға түсіп, Түркістан легионында болған ақын Мәжит Аятбек кім?

Соғыста тұтқында болған ақын, Түркістан легионында «Сайран» атымен белгілі болған Хамза Абдуллин Мәжит Аятбектің осы легионның саяси қанаты «Түркістан мелли бірлік» үйымына қалай жұмысқа тұрғанын бастап, көз жазып қалғанына дейін баяндайды. Азаттық хабарын 1995 жылы қазан айында Батырхан Дәрімбет әзірлеген. Хабардың аудиожазбасы Хасен Оралтайдың Астанадағы Ұлттық академиялық кітапханадағы жеке қорында сақталған.

Батырхан Дәрімбет хабар басында өзіне Хасен Оралтайдың Мәжит Дараның қолжазбасын беріп жібергенін айтады. Хасен Оралтайдың қолына осы өлеңдер жинағын 1973 жылы Мәжит Дараның өзі табыс етсе керек.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Пара алу ісі" бойынша күдікке ілінген "Атамекен" палатасының бұрынғы басшысы Абылай Мырзахметов екі айға қамалды.

12 мамырда Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық тергеу соты тергеу жалғасқанша Мырзахметовке осындай бұлтартпау шарасын қолдану туралы шешім шығарған.

Мырзахметовтің ұсталғанын қазақстандық БАҚ 10 мамыр кешке хабарлаған. Ақпаратқа қарағанда, Мырзахметов 30 млн доллар пара алды деген күдікке ілінген.

t.me/azattyq

Читать полностью…
Subscribe to a channel