Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Өзбекстан президентін мерзімінен бұрын сайлау туралы заңға қол қойды.
Бұл шешімін 8 мамырда Өзбекстан Олий Мәжіліс палаталарының төрағаларымен, саяси партия жетекшілерімен, сот және атқарушы билік органдарының басшыларымен кездескенде жариялаған. "Жаңартылған конституцияның 128 бабында ел президентіне берілген өкілеттікті пайдалана отырып тағы бір маңызды құжатқа қол қойдым. Бұл құжат бойынша елімізде президент сайлауы мерзімінен бұрын өтеді", – деді президент Мирзияев. Өзбекстанда президент сайлауы 2021 жылы қазан айында болған. Ол сайлауда ресми билік "Мирзияев 80,12% дауыс жинап, сайлауда жеңді" деп жариялаған.
t.me/azattyq
Ресей 8 мамырға қараған түні Киевке "Шахид" камикадзе дронымен шабуыл жасаған.
Украина қарулы күштері 35 дронның 35-ін де атып түсіргенін хабарлады. Дрондар Ресейдің Брянск облысындағы Сеща аэродромынан ұшырылған.
Құлаған дрон сынықтарынан бес адам зардап шеккен. Бұл ақпаратты Киев қаласы әскери әкімшілігінің басшысы Сергей Попко хабарлады.
Ресей қарулы күштері 8 мамырға қараған түні Одесса облысын Х-22 зымыранымен атқылаған. Зымыранды Қырымнан Ту-22м3 бомбалаушы ұшағы алып шыққан. Әкраина әскерінің ақпаратына қарағанда, зымырандар Қара теңіз жағасындағы азық-түлік кәсіпорындарының қоймасына түскен.
t.me/azattyq
7 мамырдың кешіне қарай Петропавл маңындағы қамыс өртенген. Өртті жел айдап, төңірегіндегі жекеменшік үйлерген түскен. Ресми мәліметке қарағанда, тоғыз үй өртенген, жеті үйде адам тұрып жатқан.
Жергілікті билік 40 адамды эвакуациялаған. Солтүстік Қазақстан облысының төтенше жағдай департаменті өрттің 21.55-те өшірілгенін хабарлады. Адамдар зардап шекпеген.
Алайда жергілікті "Петропавловск.news" сайтының мәліметіне қарағанда, бір адам ауруханаға түскен.
t.me/azattyq
Пригожин Бахмутта шайқасты жалғастыру үшін "Вагнерге" қару жеткізілетінін мәлімдеді
7 мамырда телеграм-арнасында тараған Пригожиннің мәлімдемесінде жекеменшік әскери компания мен Ресей қорғаныс министрлігі арасындағы байланысты генерал Сергей Суровикин қамтамасыз етіп отыратыны жазылған.
5 мамырда Евгений Пригожин "Вагнердің" жалдамалы әскері Бахмуттан 10 мамырда кететінін мәлімдеген. Айтуынша, бұған "снаряд тапшылығы" себеп болған. Ол Бахмутта өлген солдаттардың жанынан видео түсіріп, олардың өліміне Ресей қорғаныс министрі Сергей Шойгу мен бас штаб жетекшісі Валерий Герасимовті айыптаған.
Қырғызстан басшысы ресми сапармен Ресейге ұшып кетті. Ол әскери парадқа қатысатын шетелдік жалғыз қонақ болуы мүмкін
Бұл жөнінде президенттің баспасөз қызметі хабарлады.
Ақпаратқа қарағанда, сапар барысында ол Ресей басшысы Владимир Путин және өзге де ресми тұлғалармен келіссөз жүргізеді.
9 мамырда Жапаров Мәскеудегі әскери парадқа қатысады.
Фрэнсис Фукуяма: Қырымнан айырылу – Путин үшін ауыр соққы болады
Стэнфорд университетінің профессоры, саясаттанушы Фрэнсис Фукуяма 1992 жылғы “Тарихтың соңы” атты эссесімен танымал. Ғалым бұл еңбегінде идеологиялар арасындағы күрес аяқталды деп жазады. Фукуяма Азаттықтың Грузин қызметіне берген сұхбатында Украина үшін дәл қазір бейбіт келіссөз бастау неге тиімсіз екенін, Қырымнан айырылу Путинге қандай ауыр соққы болатынын айтып берді.
🔗Сілтеме
Влада Ермольчева сот өтетінін хабарлап, өздерін ақпараттық тұрғыда қолдауды сұрады
Читать полностью…Қазақстанда 2023 жылдың басында қазақтардың үлес салмағы 70,65 пайызға жетті.
Ұлттық статистика бюросының жыл сайынғы бюллетеніне сүйенген "Власть" сайты осылай жазды. Елде қазақтардың жалпы саны 14 млн-ға жуықтады.
Ақпаратқа қарағанда, Тәуелсіздік жылдары республикада қазақтардың саны жуықтап алғанда екі есеге өсіп (Совет одағында 1989 жылы жүргізілген халық санағы бойынша 39,7%), 70,65 пайызға жеткен.
Қазір бес аймақта қазақтардың үлесі 80 пайыздан көп: Астана (81,09%), Ақтөбе облысы (85,26%), Маңғыстау облысы (91,36%), Атырау облысы (92,95%) және Қызылорда облысы (96,12%).
Солтүстік Қазақстаннан басқа аймақтардың барлығында-дерлік қазақтардың үлесі басым. Солтүстік Қазақстанда орыстардың үлесі (49 пайызы – орыстар, 35 пайызы – қазақтар) көбірек.
t.me/azattyq
6 мамыр таңертең Ресей аннексиялап алған Украинаның Қырым аралындағы Красногвардейск ауданында екі рет жарылыс дыбысы естілді деп хабарлады жергілікті тұрғындар.
"Қырымның солтүстігінде әуе шабуылынан қорғайтын жүйе іске қосылды. Зардап шеккендер мен қираған ғимарат жоқ" деп жазды Қырымдағы ресейлік басшының кеңесшісі Олег Крючков. Әлеуметтік желіде әуеге түтіннің көтерілгені жөнінде видеолар тарады.
t.me/azattyq
Ресей президенті Владимир Путин Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмонды Мәскеуде өтетін "Жеңіс күніне арналған шараға" шақырды.
Ресми хабарламаға қарағанда, 5 мамырда Рахмон телефон арқылы Путинмен сөйлесіп, әңгіме барысында "президенттер тәжік-орыс қатынасындағы стратегиялық әріптестіктің оң дамуын" атап өткен.
Бұған қоса, екі басшы бір-бірін Жеңіске 78 жыл толуымен құттықтаған.
t.me/azattyq
Кейінгі айларда Украинадағы Ресей әскері дүркіндете ататын америкалық HIMARS жүйесін бұғаттау амалын тауып, жүйенің жұмысына кедергі жасай бастаған.
CNN сөйлескен мамандардың айтуынша, Ресей әскері HIMARS'ті нысанаға бағыттауға кедергі келтіретін радиотосқауылды пайдаланған.
Украинаның әскери мамандары АҚШ-тың көмегімен орыс әскерінің нысандарына дәл соққы жасаудың балама жолдарын жасап шығарған.
t.me/azattyq
Түркияда Қара теңіз экономикалық ынтымақтастық ұйымының саммитінде украиналық делегация акция өткізіп, отырыс кезінде Украина туын ұстап тұрды. Кейін ресейлік шенеунік Украина делегациясы өкілдерінің туын тартып алды. Мұның арты төбелеске ұласты.
t.me/azattyq
Швеция ақпарат құралдары Құранды өртеген белсендіні сырттай қамау туралы шешім шыққанын хабарлады
Швеция прокуратурасы қаңтарда Түркияның Стокгольмдегі елшілігі алдында Құранды өртеген "Қатаң бағыт" партиясының ультраоңшыл белсендісі Расмус Палуданды сырттай қамауға алды. Бұл жөнінде дереккөзге сүйенген швед ақпарат құралдары жазды. Олардың айтуынша, белсенді қазір Данияда жүр.
Ақпарат құралдарының жазуынша, швед құқық қорғау органдары Палуданға қатысты этностық өшпенділікті қоздыру фактісі бойынша тергеу бастаған. Белсендіні Швецияда тергеуге шақырған, алайда ол барудан бас тартқан. Швеция прокуратурасы Палуданды Данияда дат полициясының көмегімен тергеуі мүмкін екенін айтты.
Ақпарат құралдарының жазуынша, белсенді Швецияға келсе, дереу тұтқынға алынады. Палуданның өзі Aftonbladet басылымына "Швецияға бару қауіпсіз емес" деп, Даниядан видеобайланысқа шығып, тергеушілердің сұрақтарына жауап беруге қарсы емес екенін айтқан.
Алматы әкімшілік соты белсенді Әлнұр Ілияшевті "сот үкімін орындамағаны үшін" бес тәулікке қамады
Сот материалдарына қарағанда, белсендінің қамалуына 9 сәуірде "Халық парламентінің" жиынына қатысуы себеп болған.
Соттың мәліметінше, "қоғамдық бірлестіктің қызметіне қатысу құқығынан айырылғанын біле тұра", Ілияшев 1 сәуірде тіркелмеген "Халық парламентінің" жиынына қатысқан.
2020 жылы маусымда сот "жалған ақпарат таратты" деп айыпталған Ілияшевтің бостандығын үш жылға шектеген еді. Белсенді билікті сынап жазған жазбасынан кейін айыпталған. Ілияшев істің саясиланғанын айтып, айыпты жоққа шығарған.
Bloomberg: ЕО жанама санкция механизмін жасайды. Оған Орталық Азия елдері ілінуі мүмкін
Еуроодақ елдері Ресейге санкцияны айналып өтуіне көмектесіп отырған елдерге жанама санкция салу механизмін қарастырып жатыр. Оған бірінші кезекте Орталық Азия елдері ілінуі мүмкін. Бұл жөнінде жағдайдан хабары бар дереккөзге сүйенген Bloomberg агенттігі жазды.
"Бұл құралдың мақсаты – [үшінші] елдердің Ресейге көмектесуін тежеу және Мәскеу пайдалануы мүмкін сауда арналарын шектеу. Егер одан нәтиже болмаса, одақ екінші қадам ретінде мақсатты түрде шектеу қою мүмкіндігін қарастырады" деп жазды Bloomberg.
Агенттіктің хабарлауынша, Ресей басқыншылығына байланысты Мәскеуге санкция салынғаннан кейін бұл елге Қазақстан, БАӘ, Түркия, Қытай және өзге елдерден бірқатар тауар түрін (жартылай өткізгіш, интегралды схема және тағы басқа) тасымалдау күрт артқан.
Батыс үкіметтерінің айтуынша, Украинаға шабуылдап жатқан Ресейге бұл компоненттер дрондары мен ракеталарын жөндеу үшін керек.
"Былай тартсаң, арба сынады, олай тартсаң, өгіз өледі". Қазақстанда жанармай неге қымбаттады?
Сәуірде Қазақстанда бензин, дизель және сұйытылған газ қымбаттады. Бірақ елдің батыс өңірлерінде автокөлікке арналған газ бағасы көтерілген жоқ. Былтыр қантөгіспен аяқталған жаппай наразылыққа сұйытылған газдың қымбаттауы себеп болып еді.
🔗ОҚУ
t.me/azattyq
Қазақстанда қарақалпақ белсенділері жиі қудалана бастады. Бұл нені білдіреді?
Былтыр шілдеде өзбек билігі күшпен басқан Нөкістегі наразылықтан кейін Қазақстанда қарақалпақ белсенділерін қудалау жиілей түсті. 3 мамырда Ақтауда тұратын қарақалпақ белсендісі Қуанышбай Қаниязовты «саяси үндеуі үшін» полиция іздестірген. Қазір Қазақстанда кемі бес қарақалпақ белсендісі қамауда отыр. Азаттық сөйлескен диаспора өкілдері Қазақстандағы қудалау «Өзбекстан билігінің сұрауымен жүріп жатыр» деп санайды.
Видео: Мигрант Медиа
t.me/azattyq
Ресейден сатып алған С-400 әуе қорғанысы жүйесін Украинаға беру жөнінде АҚШ-тың ұсынысын Анкара қабылдамайды.
Бұл жөнінде Түркия сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоглу мәлімдеді. Оның сөзін "Анадаолы" агенттігі таратты.
Чавушоглу сөзінше, АҚШ-тың ұсынысы Түркияның ұлттық егемендігі ұстанымдарына қайшы келеді.
t.me/azattyq
Севастополь губернаторы Қырымға оннан астам дрон шабуыл жасағанын хабарлады
Михаил Развожаевтың сөзінше, қалада ешқандай нысан бүлінбеген.
Шенеунік Телеграмдағы парақшасында бір дроннан ақау шығып, орман алқабына құлағанын, екіншісі Херсонес мүйісінде атып түсірілгенін, үшіншісі Солтүстік мол жағында теңіз төбесінде атып түсірілгенін жазды.
Ресейдің Нижний Новгород қаласында жазушы, пропагандист Захар Прилепин отырған Audi Q7 көлігі жарылды
Бұл ақпаратты бірінші болып 112 және BRIEF Телеграм-арналары хабарлады. Кейін жарылыс туралы Ресейдің мемлекеттік ТАСС агенттігі жазды.
Полиция "Нижегород облысында көлік жарылғанын" растады. Ресми мәлімет бойынша, бір адам қаза болған, Прилепиннің өзі жараланған. Жарылыстан басқа ешкім зардап шекпеген. Кей ақпарат құралдары қаза болған адам Прилепиннің жүргізушісі болғанын жазды.
Сот Oyan, Qazaqstan белсенділері Дархан Шәріпов пен Влада Ермольчеваны әрқайсысын 15 тәулікке қамады. Оларға “бейбіт митинг өткізу тәртібін бұзу” бабы бойынша айып тағылды.
Ақпаратқа қарағанда, Шәріпов былтыр қарашадағы президент сайлауына қатысты, Ермольчева биыл парламент сайлауынан кейінгі акция үшін сотталған.
Сотта белсенділер өздеріне тағылған айыпты мойындаған жоқ. 7 мамырға қараған түні бір топ адам белсенділерді қолдап, полицияға барған. Олар сотқа қатыса алмады.
Видеода: Адвокат Елена Жигаленок Дархан Шәріповке шыққан сот шешіміне пікірін айтып тұр.
Алматыда Oyan, Qazaqstan белсенділері Дархан Шәріпов пен Влада Ермольчева ұсталды. Бұл жөнінде Oyan, Qazaqstan қозғалысы телеграм-арнасында хабарлады.
Қозғалыстың хабарлауынша, оларды 2022 жылы қараша айында президент сайлауына қарсы митинг жасағаны (488-бап, 6-бөлік) үшін соттайын деп жатыр.
Влада Ермольчеваны Алмалы аудандық полициясына, Дархан Шәріповті Бостандық аудандық полициясына әкеткен.
"Бейбіт митингіге шығу құқығына Конституцияда кепілдік берілген" деп жазды қозғалыс өкілдері.
Полиция әзірге түсініктеме бермеді.
Хасен Оралтай және Алашорда идеясы
Хасен Оралтайдың Алашорда идеясын зерттеуі және советтік Қазақстанда қазақша басатын жазу машинкасының тапшылығы туралы «Азаттық радиосына 70 жыл» аудиоподкасының бүгінгі эпизодынан бірге тыңдайық.
🔗ТЫҢДАУ
t.me/azattyq
10 қазақстандық оқушы Ресей аннексиялап алған Қырымдағы "Артек" лагеріне жіберілген. Сапарды Астанадағы Орыс үйі – "Россотрудничество" ұйымдастырған.
Астанадағы Орыс үйінің Facebook парақшасында "Тірі классика" атты мәнерлеп оқу бойынша байқауының жеңімпаздары "Артек" лагеріне 24 күнге жіберілгені жайлы пост жарияланған. Жазбада жеті бала мен бір әйелдің әуежайдан түсірілген суреті да бар. Суреттің қайда және қашан түсірілгені белгісіз.
t.me/azattyq
Мәскеу не себепті Тоқаевқа балама қарастырып жатыр? Жапонияның аймақтағы ықпалы артып келе ме?
Батыс басылымдары бұл аптада Кремль неліктен Тоқаевтан басқа тұлғаға басымдық беруді қалайтынын, оған балама қарастырып жатқанын талдады. Сонымен қатар Жапонияның аймақтағы ықпалы артып жатқанын жазды. Одан бөлек Украинадағы соғыс Шанхай ынтымақтастық ұйымын қалай өзгертуі мүмкін деген сұраққа жауап іздеді.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
Астанадағы жаппай ұстау, Вагнердің "шегінісі" - AzatNews | 5 мамыр 2023 жыл
📌 Астанада әскер жасына жеткен бозбалалар көшеден ұсталып жатыр. Бұған ата-аналар алаңдайды. Әскери комиссариат өкілі ұстауды "әскерге барудан жалтарғандарды жинаудың тәсілі" деп түсіндіреді.
📌 Қызылордада қаңтар оқиғасы кезінде баласынан айырылған шаңырақ көмекке мұқтаж. Оны кім атқаны әлі белгісіз. Марқұм ұлдарының құнын кімнен дауларын білмейді.
📌 Украинаның Бахмут қаласына толассыз шабуыл жасап жатқан ресейлік "Вагнер" жалдамалы әскер тобы 10 мамырда шегінетінін мәлімдеді. "Путин аспазы" Пригожиннің сөзі шын ба, алдау ма, анық емес.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
Ташкентте Нөкіс оқиғасы бойынша апелляциялық сот өтіп жатыр
Ташкент сотында Қарақалпақстандағы оқиғаға қатысты сотталған азаматтардың апелляциялық шағымы қаралып жатыр. Арызды 16 сотталушы түсірген, ал прокуратура 4 адамның шартты жаза алуына қарсылық білдірген.
5 мамырда басталған апелляциялық сот барысында журналист Дәулетмұрат Тәжімұратовтың, Қарақалпақстан ІІМ қылмыстық іздестіру жөніндегі бөлімнің бұрынғы басшысы, марқұм Полат Шәмшетовтің және басқа да сотталушылардың, сонымен бірге олардың адвокаттарының шағымдары қаралып жатыр.
Соттың алғашқы инстанциясымен 6 жылға сотталған Полат Шәмшетов биыл 4 ақпанда Бұқарадағы түрмеде қайтыс болған. Медициналық сараптама күдікті өліміне жүрек ауруы себеп болғанын анықтаған.
«Ол – арғын, мен – найман». Әкім Даниал Ахметовке жақын депутат Азаттық зерттеуіне пікір білдірді
Азаттық радиосының «Шығыстағы миллиардтар. Даниал Ахметовке жақын кәсіпкердің бизнесі» деген зерттеуінің негізгі кейіпкерлерінің бірі, мәжіліс депутаты Ұлықбек Тұмашинов түсініктеме берді. Ол компаниясының мемлекеттен миллиардтаған теңге тендер алуына әкіммен сыбайластығы әсер етпегенін айтты.
t.me/azattyq
Астанада ғалым Нұртаза Қадырниязов Қытаймен визасыз режимді алып тастауды талап етіп, билікке петиция тапсырды
Ол халқы аз, жері үлкен Қазақстан сияқты елге кей деректер болйынша 1,5 млрд халқы бар Қытай сияқты ел азаматтарын визасыз кіргізу қауіпті деп есептейді.
Оның айтуынша, жері кең, халқы аз Австралия сияқты Қазақстан да демографиялық экспансияға ұшырауы мүмкін.
– Қытай әуелі экономикаға кіреді. Бірте-бірте экономикалық тәуелділік саяси тәуелділікке айналуы мүмкін, – деді Нұртаза Қадырниязов Азаттыққа.
Ол елдің шикізат игеру саласында Қытайдың үлесі одан әрі артып барады деп алаңдайды.
Азаттық тілшісі Ақордаға баратын көпірдің маңында алматылық ғалымнан сұхбат алып тұрған кезде арнайы жасақтың бірнеше өкілі келіп, "қайда бара жатсыңдар, не істеп жатсыңдар?" деп сұрады. Бұдан кейін ғалым арнайы жасақтың бір өкілімен Ақорда жаққа қарай беттеді.
Қазақстан мен Қытай былтыр жазда 14 күндік визасыз режим енгізген. Алдағы уақытта Астана мен Пекин осы режимнің мерзімін 30 күнге жеткізуді жоспарлап отыр.
Депутаттың бизнесі, Сатыбалдының сотталуы, Жаңаөзендегі аштық – AzatNEWS┃04.05.2023
📌 Мәжіліс депутаты өзі бас кейіпкердің бірі болған Азаттық радиосының зерттеуіне пікір білдірді. Ол Шығыс Қазақстан облысының әкімімен сыбайлас екенін мойындайды, бірақ жемқорлықпен айналыспаған.
📌 БҰҰ азаптауға қарсы комитеті Қазақстан билігінің Қаңтар оқиғасы туралы есебін тыңдады. Комитет мүшелері былтырғы дүрбелеңде қаза тапқандардың дерегін толықтыруды, оқ атқандардың кім екенін анық айтуды талап етті.
📌 Жаңаөзенде жұмыс сұраған тұрғындар аштық жариялап жатыр. Жергілікті билік наразылар ұсынған орындарға бармай отырғанын айтады.
🔗 КӨРУ
t.me/azattyq