azattyq | News and Media

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Subscribe to a channel

Azattyq - Азаттық

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы Маралды ауылының халқы бір жылдан бері ауыл маңында алтын өндіретін фабрика салуға қарсы болып жүр. 26 сәуірде облыс әкімі Даниал Ахметовке бейнеүндеуінде олар өңірдің табиғатын ойлап дабыл қаққан халықтың пікіріне құлақ асуды сұрады. Олар "біз олигархтармен күресіп жатырмыз, әкімдік байлардың мүддесін қорғап отыр" дейді. Азаттық фабриканың артында Даниал Ахметовтің ұлы Талғаттың бизнес-серіктесі мен бұрынғы туризм министрінің ұлы тұрғанын анықтады.

🔗 ТОЛЫҒЫРАҚ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ростов және Краснодар облыстарында дрондар шабуылынан кейін мұнай өңдеу зауыттарында өрт болды

Ресейдің Краснодар және Ростов облыстарында дрондар шабуылынан кейін мұнай өңдеу зауыттарында өрт болды. Бұл жөнінде жергілікті билік хабарлады.

Ростов облысының губернаторы Василий Голубевтің айтуынша, 4 мамырға қараған түні дрон мұнай өнімдерін шығаратын Новошахтинск зауытының конструкциясына соғылған. Одан кейін жарылған. Нысаннан шыққан өрт бірден сөндірілген.

"Бүгін түнде Красносулинск ауданына қарасты Киселев ауылындағы мұнай өнімдерін шығаратын Новошахтинск зауытында салынып жатқан цехаралық конструкцияға ұшқышсыз әуе аппараты соғылып, жарылды. Салдарынан туындаған өрт бірден сөндірілді" деп жазды губернатор.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қытаймен визасыз режим. Депутаттар не дейді?

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мамырдың ортасында Қытайға ресми сапарында екі елдің өзара визасыз режимін одан әрі жеңілдететін келісімге қол қоюы мүмкін. Қазақстан үкіметі жариялаған құжат жобасы бойынша, екі елде азаматтардың бұрынғыдай 14 күн емес, 30 күн визасыз жүруіне рұқсат етіледі. Қазақстанда бұл бастамаға қарсылық жиі айтыла бастады. Азаттық мәжіліс депутаттарының пікірін білді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресей Одесса мен Киевке камикадзе-дрондармен шабуыл жасады

Ресей 4 мамырға қараған түні Одесса мен Киевке "Шахед" камикадзе-дрондарымен шабуыл жасады. Киевте әуе шабуылынан қорғайтын жүйе барлық дронды атып түсірген. Одессада 15 дронның 12-сі жойылған. Қалған үшеуі қаладағы оқу орындарының біріне тиесілі жатақханаға түсіп, өрт басталған. Украина жағы шабуылдан ешкім зардап шекпегенін хабарлады.

Киев қалалық әскери әкімшілігінің жетекшісі Сергей Попконың айтуынша, Украина астанасына баллистикалық зымырандармен де соққы жасалған, оларды да әуе шабуылынан қорғайтын жүйе атып түсірген. Кейбір аудандарға әуе аппаратының бөлшектері құлаған.

Украина жағы Одессаға шабуылдаған дрондарда "Мәскеу үшін", "Кремль үшін" деген жазу болғанын хабарлады.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Гүлмира Сатыбалды 7 жылға бас бостандығынан айырылды

Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды “өзінше билік ету”, “адам ұрлау” баптары бойынша айыпталған.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Жаңаөзенде тұрақты жұмыс сұрап, аштық жариялаған 15 адамға 4 мамырға қараған түні жедел жәрдем көлігі шақыртылды. Бір адамның қан қысымы түсіп кеткен. Бұл жөнінде Азаттыққа жаңаөзендік белсенді Жадыра Доскеева хабарлады.

Оның сөзінше, 3 мамырда әкімдіктен адамдар келіп, “аштықтың салдарына жауап бермейтіні жөнінде” құжатқа қол қойдыртуға тырысқан.

“Ертең біреу құдай сақтасын, аяқ астынан жазым болып өліп кетсе, үкімет өзінің мойнына алмайды. Сол үшін қол қойдыртып алайын деген. “Бізде кінә жоқ, жұмыс ұсындық” дегендей. Ал наразылар қол қойған жоқ” деді белсенді.

Түнде қалада жаңбыр жауған кезде аштық жариялағандар әкімдік алдындағы қалқаға келіп, сонда түнеп шыққан.

Наразылар прокуратурадан адамдар келіп, “қысым жасауға тырысқанын” да айтты.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Финляндияда ресми сапармен жүрген Украина президенті Владимир Зеленский 3 мамыр түнде Кремльге жасалған "дрон шабуылы" туралы пікір білдірді. Ол "біз Путинге де, Мәскеуге де шабуыл жасамаймыз" деген.


Түнгі дрондардың Украинаға тиесілі емесі жөнінде президент Владимир Зеленскийден бұрын баспасөз хатшысы Сергей Никифоров хабарлады. Ол "Украина әлеуетін өзгелерге шабуылдауға емес, басып алынған жерлерін азат етуге жұмсайды" деген. Зеленскийдің кеңесшісі Михаил Подоляктың сөзінше, "Украина қарулы күштері Кремльге шабуылдамаған және ол ешбір мәселені шешпейді".

АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен "дрондар шабуылы" туралы ақпаратқа күдіктене қарайтынын, Кремльдің мәлімдемелеріне күмәнданатынын айтқан. New York Times басылымының жазуынша, Украина әскерінің Ресей аумағына шабуылы жөніндегі сұраққа Блинкен "Украина өз жерін қалай қорғауды өздері шешеді" деп жауап берген.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Украина президентінің баспасөз хатшысы Сергей Никифоров Ресей тарабының дрон шабуылы жайлы мәлімдемесін жоққа шығарып, Украинаның Кремльге шабуыл жасау ниеті болмағанын айтты. Ол ВВС сайтына Киевтің мақсаты Мәскеу емес, оккупацияланған аумақтарын босату деп мәлімдеді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

⚡️⚡️⚡️Шығыстағы миллиардтар. Даниал Ахметовке жақын кәсіпкерлердің бизнесі┃Зерттеу

Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма суқоймасында салынып жатқан елдегі ең ұзын көпір құны биыл екі есе қымбаттап, 60 млрд теңгеден асты. Азаттық көпір салып жатқан компанияға иелік етіп отырған екі кәсіпкер мен облыс әкімі Даниал Ахметовтің ұлы Талғат Ахметов бизнес-серіктес болғанын анықтады. Әкімдік жобаның қымбаттауына «нарық пен қосымша жол құрылысы себеп» дейді. 19 наурыздағы сайлауда қос кәсіпкердің бірі мәжіліске, екіншісі облыстық мәслихатқа депутат болды.

КӨРУ

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Жаңаөзенде 1 сәуірден бері әкімдік алдында жұмыс сұрап тұрған тұрғындар талап орындалмады деп аштық жариялайтынын айтты.

Азаттыққа келген видеоның бірінде жаңаөзендік тұрғын «3 мамыр. Сәуір айының басынан бері жұмыс талап етіп тұрған жігіттер талап орындалмағандықтан, аштықты бастап жатыр» дейді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматыда сот Қаңтар оқиғасында қаза тапқан бес адамды айыпты деп таныды. Бақилық болған адамдарды айыпты деп табу сот практикасында бар ма? Заңгер, депутат Абзал Құспаннан сұрадық.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Украина Жоғарғы радасы Ресейдің Украинадағы әрекетін фашизмге теңеп, «рашизм» деп айыптайтын қаулы қабылдады

Сейсенбіде Украинаның Жоғарғы радасы «Ресей Федерациясы саяси жүйесінің рашизм идеологиясын қолдануы, рашизмнің тоталитарлық және адамзатты жек көретін принциптері мен іс-тәжірибесін айыптау туралы» қаулы қабылдады.

Рада депутаты Алексей Гончаренконың сөзіне қарағанда, қаулыны 281 депутат қолдап дауыс берген.
Жоғарғы рада төрағасы Руслан Стефанчук Facebook-тегі парақшасына: «Бүгін маңызды мәлімдеме қабылданды. Украина Жоғарғы радасы рашизмді Ресей Федерациясының мемлекеттік саясатына айналған идеология және практика деп айыптады» деп жазды.

Рада қабылдаған құжатта соғыс «Владимир Путиннің саяси режимі бұрынғы фашизм мен ұлтшыл-социализмнің қазіргі нұсқасы Ресей фашизмі (рашизм) ретінде неоимперияшыл, тоталитарлық диктатура екенін көрсетіп берді» деп жазылған.

Украина парламенті БҰҰ-ға, Еуропарламентке, ПАСЕ-ге, ЕҚЫҰ Парламенттік ассамблеясына және жекелеген мемлекеттердің үкіметтері мен парламентттеріне «рашизм идеологиясы мен саясатын айыптауды қолдауға» шақырған.

Жоғарғы рада бұдан өзге халықаралық қауымдастықты Ресейдің әскери-саяси жетекшілігін Украина мен оның халқы алдындағы қылмысы үшін жауапқа тартатын шара қолдануға шақырған.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

2 мамырда Алматыдағы Бостандық ауданы №2 соты Қаңтар оқиғасында қаза тапқан бес марқұм Серік Керімов, Қанат Әубәкіров, Нұрболат Қасымжанов, Аслан Уалиев, Шыңғыс Тастанбековті айыпты деп таныды.

Бұл туралы Qazaq Times сайты хабарлады.Сот Керімов, Әубәкіров, Қасымжанов және Уәлиевті "жаппай тәртіпсіздікке қатысты", "мемлекеттік ғимаратқа сөз байланыс шабуылдады" деп айыптаса, Тастанбековке "жаппай тәртіпсіздікке қатысты" деген айып тағылды.

Прокурор сотта бес марқұм Алматыдағы әкімдікке және президент резиденциясына шабуыл жасады және кінәлары толық дәлелденді деді. Бес айыпталушы да Алматыда Қаңтар оқиғасы кезінде қаза тапқан.

Айыпты деп танылған марқұмдардың жақындары сот үкімімен келіспейтінін мәлімдеп, апелляциялық шағым түсіретінін айтқан.

Мәселен, Шыңғыс Тастанбековтің әпкесі Шынар Тастанбекова соттан кейін Qazaq Times сайтына "бұл – аруақтарды қорлау, жоғарғы инстанцияға шағымданамыз" деді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Ирак түрмесінде қазақстандық алты әйел терроризм бойынша айыпталып, өмірлік түрме жазасын өтеп жатқаны туралы ақпаратты растады. Бұған дейін әйелдер түрмедегі жаппай аштық акциясына қосылғаны және өздерін сол елден экстрадициялауды талап еткені хабарланған.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстан БҰҰ Бас Ассамблеясында БҰҰ мен Еуропа одағының серіктестігі туралы қарарды қолдаған. Бірақ осы қарардағы Ресейді агрессор деп танитын параграф дауысқа салынғанда, қалыс қалған. Неге? Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілінен сұрадық.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресейдің Омбы қаласында "танысымен бірігіп, әскери комиссариатты өртеді" деп айыпталған Қазақстан тұрғыны 13 жылға бас бостандығынан айырылды.

Бұл жөнінде Ресей федерациялық қауіпсіздік қызметі басқармасына сүйенген ТАСС агенттігі хабарлады.

Агенттіктің хабарлауынша, сот "бір топ адаммен сөз байласып, мүлікке едәуір шығын келтірді" деп айыпталған Қазақстан азаматы Аңсаған Молдахметовті кінәлі деп таныған. Жазасын қатаң режимдегі колонияда өтеуді үкім еткен.

Сот мәліметіне сүйенген агенттіктің жазуынша, айыпталушы былтыр мамырда "Телеграм арқылы анонимді қолданушыдан 6 млн теңгеге әскери комиссариатты өртеу туралы ұсыныс алған". Агенттіктің мәліметінше, Омбыдағы "әскери комиссариатты өртегеннен кейін" Аңсаған Молдахметов Челябинск облысында "Қазақстан аумағына өту кезінде" ұсталған. Оның танысы Сейіл Мұратұлына "мемлекетаралық іздеу жарияланған".

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Банкроттыққа құжат тапсырғандардың 65 пайызының өтініші орындалмаған

3 наурыздан бері Қазақстанда "Жеке тұлғалардың банкроттығы" туралы заң күшіне еніп, осы уақыт аралығында 49 мыңнан астам өтініш келіп түскен. Тек 6 мыңы ғана қарастырыла бастаған. Ал қалғаны яғни, 65 пайыздан астамы кері қайтарылған. Бұл жөнінде қаржы министрлігінің өкіліне сүйенген жергілікті БАҚ хабарлады.

"Екі ай аралығында 50 мыңға жуық [өтініш], меніңше, бұл – жақсы көрсеткіш және қаржылай ахуалды жақсартудың жаңа мүмкіндігі... 6 мың өтінішті қарастырып жатырмыз және жарты жыл ішінде олар банкрот болып танылады" деді қаржы министрінің орынбасары Ержан Біржанов сенат ғимаратында.

32 мың өтініш кері қайтарылған. Оған басты себеп – қарыз көлемі мен өтініш берушінің бірнеше несиесінің болуы. Заң бойынша, банкроттыққа өтініш берушінің қарызы 5,5 млн теңгеден аспаған болуы керек.

Ол сонымен бірге банкроттыққа өтініш бергендердің кейбірі ипотекалық несиесін жабуды жалғастырғаны анықталғанын айтты.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Мәскеуде қаза болған Томирис Байсафаның жақындары дарынды балаларды қолдайтын қор ашты

2018 жылы көктемде Мәскеуде қаза болған қазақстандық Томирис Байсафаның жақындары дарынды балалар мен жастарды қолдайтын қор ашты. Қаза болған қыздың анасы Жанна Ахметова бір күн бұрын Инстаграмдағы парақшасында қордын ашылғанын хабарлады. Оның айтуынша, қор спорт, ғылым және өнер саласында болашағы бар дарынды балаларды қолдауға арналған.

"Бұл қор қазақстандықтардың жүрегінде имандылық, мейірім мен әділеттің символы ретінде мәңгі сақталатын қыз Томирис Байсафаның рухына арналған. Көп қор мен қоғам қайраткерлерінің көп балалы отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі балаларға және әлеуметтік жағынан қорғалмаған топтарға көмектесетінін білеміз. Біз барлық ресурсты спорт, ғылым және өнерде әлеуеті жоғары дарынды балаларды қолдауға бағыттауды жөн көрдік" деп жазылған қор парақшасында.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

АҚШ Украинаға HIMARS-тың снарядтары мен гаубицалар жібереді

АҚШ сәрсенбі күні Украинаға тағы 300 млн доллар көлемінде әскери көмек беретінін мәлімдеді.

Пентагонның хабарлауынша, 2021 жылдың тамызынан бері АҚШ Украинаға 37-ші рет әскери көмек бөліп отыр.

Бұл жолы берілетін жабдықтар арасында дүркіндете ататын HIMARS жүйесіне қосымша снарядтар, 155 миллиметрлі гаубицалар мен оған қажет снарядтар, минометтік снарядтар, танкіге қарсы құралдар, Hydra-70 ракетасы, оқ-дәрі, ауыр техникаға арналған тіркеме, бөлшектер бар.

"Украинаға майдандағы қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік беру үшін АҚШ одақтастары және әріптестерімен ынтымақтастықты жалғастырады" деп жазылған хабарламада.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Жаңаөзен әкімдігі жұмыс сұрап, аштық жариялаған жаңаөзендіктердің талабына түсініктеме берді.

Әкімдіктің хабарлауынша, "Жаңаөзендегі 13 компания қаладағы жұмыссыз азаматтарға сәулетші, инженер, шұғыл желі операторы, кассир-есепші, менеджер, асхана жұмысшысы, электрик сияқты жалақысы 140-280 мың теңге болатын түрлі бос жұмыс орнын ұсынған".

“Жаңаөзен әкімдігінің қызметкерлері жиналғандарға бар жұмысқа орналасуды, мұнай-газ саласына жұмысқа орналастыру алгоритмі аясында кезек күтуді ұсынған. Алайда жұмыссыздар жалпы кезекті бұзып, өздерін “Өзенмұнайгаз” АҚ жұмысқа орналастыруды талап етіп отыр” деп жазылған әкімдіктің хабарламасында.

Әкімдік мұндай талапты мұнай-газ саласында жұмыс кезегінде тұрған азаматтарға қатысты “әділетсіз талап” дейді.

Ал наразы жұмыссыздардың бірі 4 мамырда Азаттыққа "өздеріне мұндай жұмыс ұсынылмағанын, әкімдік жалақысы 100 мың теңге болатын қоғамдық жұмыс ұсынғанын, қымбатшылық жағдайында ондай жалақыға отбасыларын асырау мүмкін емес екенін" айтты. Ол жалақысы 300-500 мың теңге болатын жұмыс талап етіп отыр.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ақтауда белсенді Нөкіс оқиғасы бойынша сотталғандарды босатуды талап етіп, аштық жариялады

Ақтау қаласында қарақалпақ белсендісі Қуанышбай Қаниязов Өзбекстанда Нөкіс оқиғасына байланысты ұзақ жылға сотталған Дәулетмұрат Тәжімұратов пен өзге де ұсталғандарды босатуды талап етіп, аштық жариялады.

3 мамырда әлеуметтік желіде жарияланған видеода Қаниязов "құқық қорғау ұйымдарына", ЕҚЫҰ мен БҰҰ Адам құқығы комитетіне қайырылып тұрғаны көрінеді.

"2022 жылы өзбек билігі Конституцияны өзгерткісі келді. Оған жүздеген мың қарақалпақ азаматы қарсы шықты. Олардың жетекшісі Дәулетмұрат Тәжімұратов пен тағы жүздеген адам болды. Оларды Өзбекстанда түрмеге қамап тастады. Олардың еш кінәсі жоқ. Оларды бостандыққа шығаруды талап етемін. Сол себепті аштық жариялаймын. Бүгін – 3 мамыр, 2023 жыл" деді Қаниязов.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Кремльге «шабуыл», Қаңтар соты, белсендіні ұстау - AzatNEWS | 3 мамыр, 2023

📌 Қаңтар оқиғасында қаза тапқан 5 адамды Алматы соты кінәлі деп тапты. Марқұмдардың туыстары үкімге келіспейді.

📌 Марафоншы Марат Жыланбаевты полиция бүгін ұстап әкетіп, екі рет соттап, 20 тәулікке қамады. Бірінші айып - жол ережесін бұзу, екінші айып - митинг өткізу тәртібін бұзу. Марафоншы екі істің де саяси астары бар деп санайды.

📌 Ресей ақпарат құралдары өткен түні Украина қарулы күштері Кремльге дронмен шабуыл жасағаны туралы жазып жатыр. Әлеуметтік желіге видео да тарады. Мәскеу тұрғындары күн күркірегендей дауыс естігенін айтқан.

🔗КӨРУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Украинаның екі дроны 3 мамырға қараған түні Ресей президенті Владимир Путиннің Кремльдегі резиденциясына шабуыл жасамақ болды деп мәлімдеді Кремльдің баспасөз қызметі.
Кремльшіл РИА Новости агенттігі «екі дрон аппараты Кремльге бағытталғанын» жазды.

«Дрондарды әскерилер мен арнайы қызмет атып түсірді, зардап шеккендер жоқ. Путиннің жұмыс кестесі өзгерген жоқ» дейді агенттік.

"Соседи. Якинманка-Замоскворечье" телеграм-каналы Кремльге жақын маңдағы Серфимович көшесіндегі тұрғындар күн күркірегендей дауыс естіп, аспанда жарқ еткен сәтті көргенін жазды.

Интернетте тараған видеоларды Кремль маңында будақтаған түтін байқалады. Ресейлік агенттіктердің жазуынша, Кремль бұл оқиғаны «террорлық әрекет» деп бағалап, жауап қайтаруы мүмкін екенін мәлімдеген.

Украина тарабы Кремльдің мәлімдемесіне жауап қатқан жоқ.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

NEXTA Telegram-арнасын құрушылардың бірі Роман Протасевичті Минск соты сегіз жылға түрмеге қамады

Минск соты оппозициялық NEXTA телеграм-арнасын құрушылардың бірі Роман Протасевичке сегіз жыл жаза кесіп, түрмеге қамаған. Бұл ақпаратты Азаттықтық Белорус қызметі жариялады.

Протасевичті сот "Беларусь билігін басып алуға бағытталған қастандыққа қатысты және жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды" деп айыптаған. Прокуратура Протасевичке 10 жыл жаза сұраған.

NEXTA ісі бойынша айыпталған тағы екі адамға сот сырттай үкім шығарған. Степан Путило 20 жылға, Ян Рудик 19 жылға сырттай сотталған.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

«Өліп қалды деп қарамай қойсақ, ел басқаша айтатын еді ғой». Депутат Үнзила Шапақ Қаңтар оқиғасында қаза тапқандарды соттау жайлы не деді?

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Әділет министрі Азамат Есқараев журналистердің Қытаймен арадағы визасыз режим туралы сұрағына жауап бермей кетті.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Bloomberg: Ресей валюта сатып алып, резервін толықтыруға кіріскелі отыр

Мұнайдан түскен табысы көбейіп, қаржы тұрақтылығына қол жеткізуіне байланысты Ресей мамыр айынан бастап шетел валютасын сатып алуға қайта кірісіп, резервін толықтыруды бастауы мүмкін. Бұл туралы Bloomberg жазды.

Агенттік мәліметіне қарағанда, валюта сатып алатынын қаржы министрлігі осы аптада хабарлауы мүмкін. Бастапқыда айына 200 миллион долларға тең Қытай юанін сатып алуы ықтимал. Bloomberg-тің жазуына қарағанда, Ресей 154 миллиард долларға бағаланатын қорын осылайша Қытай валютасымен толтырады.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Мұхаммедкәрімді соттау, Мамайға араша, құзыреті күшті Мирзияев - AzatNews | 2 мамыр, 2023

Сілтеме👉 https://www.youtube.com/live/ahYATqa3nKE?feature=share

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алтынбек Сәрсенбайұлы: Тығып қойған бірер БТР-ымыз ғана бар еді. Ассамблея қайдан шықты?

Сілтемеден өтіп көріңіз👉 https://youtu.be/MqI6VTbsxn0

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматы қаласы мәслихатына "Аманат" партиясы арқылы өткен депутат Анна Башинская Украина президенті Зеленскийге "Қырымның орнына Түркияға шабуыл жасау жөнінде кеңесі" шу тудырған соң депутаттықтан кететінін мәлімдеді.

"Жеке жауапкершілігімді түсіне отыра, депутаттық өкілетімді тоқтатам деген шешімге келдім. Отандастарымнан және партияластарымнан қателігім үшін кешірім сұраймын" деп жазды ол Facebook парақшасында (автор постқа пікір жазуға шектеу қойған).

Не болып еді?

Башинская германиялық Deutsche Welle басылымының Facebook парақшасындағы пост астына "Зеленский мырза, дұрысы – Түркия! Ол жақта жыл бойы жылы" ("Лучше в Турцию, господин Зеленский! Там тепло круглый год") деген пікір қалдырған.

Deutsche Welle басылымының мақаласында Зеленскийдің "біз қарсы шабуылға шығып, Ресей басып алған жерлерді, соның ішінде Қырымды да қайтарып аламыз" деген сөзі болған.

Башинскаяның Зеленскийге берген "кеңесі" әлеуметтік желіде қызу пкір туғызып, мәслихат депутаты сынға қалған. Желі қолданушыларының кейбірі "Аманат" партиясынан Башинскаяға шара қолдануды талап еткен.

Көп ұзамай Анна Башинскаяның өзі желідегі парақшасы арқылы Украина президентінің мәлімдемесіне ойланбай пікір жазғанын айтып, жұрттан кешірім сұраған.

2 мамырда "Аманат" партиясы Башинскаяның пікірін айыптайтынын мәлімдеген.

Читать полностью…
Subscribe to a channel