Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Зеленский Финляндия, Швеция, Дания және Норвегия журналистеріне берген үлкен сұқбатында Украинаның шабуылға шығып, Ресей басып алған жерлерді азат ететініне сенімді екенін мәлімдеді
Зеленский Украинаға қару-жарақ жеткізу мәселесінің маңызы зор екеніне тоқталған.
"Шабуылдың қашан және қалай болатынын нақты айта алмаймын. Иә, көп жайттың бізге байланысты екені рас, бірақ қару-жарақ түрлерін жеткізу мәселесі де бар. Біз адам өмірін барынша сақтауға тырысамыз, сол себепті қару-жарақтың маңызы өте зор",- деді Зеленский.
Оның сөзінше, Украинаға қару-жарақ жеткілікті берілмесе, соғыс ондаған жылдарға дейін созылуы мүмкін.
Өзбекстандағы референдум қарсаңында Қазақстанда екі қарақалпақ белсендісінің ұсталғаны хабарланды
"Шырақ" ақпараттық орталығына сүйенген Адам құқығын қорғау бюросының жазуынша, 28 жастағы Бегдияр Халықоразов пен 26 жастағы Алпамыс Аллаяровты полиция 28 сәуірде Маңғыстау облысында типографияға "Қарақалпақтар Қарақалпақстан Республикасы аумағындағы Өзбекстан референдумына қарсы" деп жазылған баннерге тапсырыс бермек болған кезде ұстаған.
Оппозициялық "Бәсе" арнасы Қазақстан мен Қарақалпақстан шекарасында Бейнеу жағындағы шекара бекетінде ұзын-сонар кезек пайда болғанын, "митинг болатыны" жайлы сыбыстан кейін Өзбекстан жағы Қазақстанмен шекарасын "жауып тастағанын" хабарлады.
Lada-ның жазуынша, Қазақстан ҰҚК шекара қызметі “Тәжен” бекеті істеп тұрғанын хабарлап, ұзын-сонар кезекті “Ресейге жұмысқа тұруға барғысы келетін өзбек азаматтарының көбеюімен” түсіндірген.
30 сәуірде Өзбекстанда Конституцияға өзгерістер бойынша референдум өтеді. Өзгерістер күшіне енсе, президент билігі 2040 жылға дейін ұзаруы мүмкін.
Әзербайжан азаматы Қазақстанда заңсыз тұруға мәжбүр
Әзербайжан азаматы Ақтауда төрт жылдан бері арнайы рұқсатсыз тұрып жатыр. Қазақстаннан кетуіне де рұқсат жоқ. Жаббарли Маммед Қазақстанға 2011 жылы келіп, екі жылдан соң тұрақты тұруға рұқсат алған. 2019 жылы тіркелген жерінде тұрмағаны үшін үстінен әкімшілік іс қозғалып, сот оны елден шығаруды ұйғарады. Маммед еліне қайту үшін билет алып, әуежайға барғанда, шекарашылар банкте кредиті болғаны үшін Қазақстаннан шығармайды. Құқық қорғаушы мигрант «заңдағы қайшылықтың құрбаны болып отыр» дейді.
Видео: Мигрант Медиа
Бас прокуратура “Өзенмұнайгаз” тендерлерінің “заңдылығын тексеретінін” мәлімдеді
БП хабарлауынша, мердігер мекеме жұмысшылары осы мәселені жиі қозғап, еңбек жағдайының нашарлауы мен жалақының азаюын сонымен байланыстырады. “Өзенмұнайгаздың” тендерлері мен қаржы құжаттарын тексеру үшін Маңғыстау облысына жұмыс тобы да келген. Бір мезетте “Жаңаөзен мен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуына талдау жүргізілетіні” айтылды.
Қазір Жаңаөзенде “Өзенмұнайгаз” кеңсесі алдында жүзден астам мұнайшы наразылықты жалғастырып жатыр. Олар лайықты еңбекақысы бар тұрақты жұмыспен қамтамасыз етуді талап етеді. Бір күн бұрын олар "Өзенмұнайгаздағы" заңсыздықтардың анықталғаны туралы мәлімдемелерге әлі де күмәнмен қарайтынын, шын мәнінде заңсыздықтар көп екенін айтқан.
БП мәлімдемесі Астанаға барып, тұрақты жұмыс талап еткен жаңаөзендік мұнайшылардың наразылығынан кейін шамамен екі аптадан соң жарияланып отыр. ҚМГ-ның арнайы комиссиясы “Өзенмұнайгаз” бен еншілес мекемелерден “заңсыздықтар” анықталғанын хабарлаған.
"Можем объяснить" арнасы: Путиннің қыздарының фирмалары былтыр миллиард рубль табыс тапты
Владимир Путиннің қыздары Мария Воронцова мен Катерина Тихоноваға тиесілі фирмалар 2022 жылы 1,2 млрд рубльден астам табыс тауып, алғаш рет қаржылық тұрғыда рекордтық көрсеткішке жетті, деп жазды "Можем объяснить" Телеграм-арнасы.
Путиннің қыздарына тиесілі компаниялардың қаржылық есептеріне сүйенген журналистердің айтуынша, әсіресе Мария Воронцованың "Новая медицинская компания" мекемесі көп табыс тапқан: 2022 жылы аталған компанияға 855 млн рубль көлемінде кіріс кірген. Бұл фирма ядролық медицина жобаларымен айналысады және Ленинград облысында көпсалалы медициналық кешендерін салуға атсалысып жатыр.
Кремль Тасмағамбетовті Тоқаевқа балама ретінде қарастыра ма? АҚШ-тың санкция жайлы ескертуі Астананы үрейлендірді ме?
Батыс басылымдары бұл аптада Астананы өзіне жақ еткісі келетін Ресей Ұжымдық қауіпсізік келісімшарты ұйымының бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетовті президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа балама ретінде қарастыра ма деген сұраққа жауап іздеді. Сонымен қатар ҰҚК-нің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімов ұзақ жылға сотталса да, Қаңтар оқиғасының сұрақтары жауапсыз қалғанын жазды. Бұдан бөлек, АҚШ лауазымды тұлғаларының санкция жайлы ескертуін Қазақстан қалай қабылдады дегенге үңілді.
ОҚУ
Генералдың сотталуы, Қаңтар үкімі, Украинаға шабуыл – 28.04.2023┃AzatNEWS
Сілтеме 👉 https://www.youtube.com/live/I10nuJBKdUc?feature=share
Прокуратура тарабы Күдебаев "Қаңтар оқиғасы кезінде қызметін асыра пайдаланды және азаптауға қатысы бар деп айыпталып отыр. Ол полиция департаментіндегі қызметкерлерге ғимараттан кетуді бұйырып, заңсыз бұйрық берген. Өзі қаладан кетіп қалған" деп мәлімдеді. Бұл туралы прокуратура Orda.kz сайтына айтқан.
Күдебаев үкімінің жай-жапсарын төмендегі сілтемеден оқи аласыз. https://www.azattyq.org/a/32383469.html
Жанармайдың қымбаттауына байланысты наразылыққа шыққан Ақтаудағы жүргізушілер 28 сәуірде өздеріне прокуратура өкілдері келіп, “хаттарына жауап келгенше тарауды сұрағанын” хабарлады. Жүргізушілердің сөзіне қарағанда, олар 25 сәуірден бері Ақтау маңында наразылықта тұр, түнде де қонып жүр.
Олар билікке екі талап қойып отыр: 28 пайызға қымбаттаған жанармай бағасын қалпына келтіру, тасымалдауға шектеу қойған индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің 715 бұйрығының күшін жою.
“Түркіменнің тіркемелерін қазақстандық көліктер сүйреп жүретін еді. Ақпан айында заңға қайшы деп соларды тоқтатып тастады. Шетелдік көліктерді техтексерістен өткізуге болмайтын қылды ғой, содан кейін тоқтатып тастады. Оларды осы жерден Ақтауға, Ақтөбеге, Ресейге апаратын еді. Ақтауда ештеңе шықпайды. Тамақтың бәрі сырттан келеді. Енді сол тасымалдауға шектеу болып отыр. Біз сол шектеуді алып тастауды талап етіп отырмыз” деді наразы жүргізушілердің бірі Абайдулла Базарбаев Азаттыққа.
Ақтау, Жаңаөзен және Жетібай жүргізушілері жанармайдың қымбаттауына байланысты наразылыққа шықты
Қазір Ақтауға кіреберіс жерде Маңғыстау облысынан түрлі аудандарынан жиналған 100-ден астам жүргізуші наразылық білдіріп тұр. Олар билікке негізінен екі талап қояды:
▫️28 пайыз көтерілген жанармай бағасын қалпына келтіру;
▫️Тасымалдауға шектеу қойған индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің N715 бұйрығының күшін жою.
“Қымбатшылық халықты қысып жатыр. Жанармай бағасын 295-тен бұрынғы өзінің бағасына, яғни 230-ға түсіруді талап етеміз. Жанармай қымбаттағаннан кейін тасымалдау құнын да қымбаттатуға мәжбүр болып тұрмыз. Тасымалдау құны артса, бәрі көтерілейін деп тұр. Сол себепті жанармайдың бұрынғы бағасын қалпына келтірсін” деді Ақтау жүргізушісі Әділ Бақберген.
Наразылық басталғанына бірнеше күн болған. Прокуратура өкілдері келіп, наразылықты тоқтатуды талап еткен. Жиналғандар наразылыққа өзге аймақтардан жүргізушілер қосылып жатқанын айтты.
Қаңтар бойынша айыпталған “25-тің соты”: прокурор 2-4 жыл аралығында түрме жазасын сұрады
Алматының Бостандық аудандық сотында Қаңтар оқиғасы бойынша айыпталған 25 адамның ісінде жарыссөз аяқталды.
28 сәуірде прокурор сөйлеп, барлық 25 адамды кінәлі деп тануды, 13 адамға шартты жаза, қалғандарына 2-4 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын беруді сұрады. Айыпталушы марқұм Думан Қанатбекті де кінәлі деп тануды, қайтыс болуына байланысты істі тоқтатуды өтінді.
Бұған дейін жәбірленушілер жиынтығы 15 миллиард теңге көлеміндегі шығынды өтеп беруді соттан сұраған. Прокурор бұл өтініштерді азаматтық іс аясында жеке қарау керектігін атап өтті. Айыптау тарабы марқұм жігіттен өзгелерінің барлығынан 20 АЕК көлемінде жәбірленушілерге өтемақы өндіріп беруді де сұрады.
Айыпталушыларға негізінен "жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және оған қатысты", "қару-жарақ ұрлады", "ғимараттарға шабуыл жасады" деген айыптар тағылған.
Айыпталушылардың басым бөлігі тағылған айыптарды мойындамайды.
t.me/azattyq
"1 мамырға жоспарланған митинг" қарсаңында Ақтауда белсенді 20 тәулікке қамалды
Қазақстанның түрлі аймағында 1 мамырда митинг өткізу туралы өтініштер тапсырылып жатқан шақта Ақтауда азаматтық белсенді Ұлбосын Тұрдиева 20 тәулікке қамалды. Сот оны “жала жабу” бабы бойынша кінәлі деп тапқан. #БелсенділерЭкстремистЕмес телеграм-арнасының хабарлауынша, сот шешімімен келіспеген белсенді аштық жариялаған.
Телеграм-арнаның хабарлауынша, шамамен екі ай бұрын белсенді тікелей эфирге шығып, “Z” белгісі бар (Ресейдің Украинадағы соғысының белгісі) дүкен иесінің үстінен шағым түсірген”. Өз кезегінде дүкен иесі де Тұрдиеваның үстінен шағым түсіріп, оны “жала жапты” деп айыптаған. Ізінше әкімшілік іс қозғалып, сол іс бойынша белсенді әкімшілік қамауға алынды. Телеграм-арнаның жазуынша, полиция Тұрдиеваның шағымын қараусыз қалдырған.
Ал аталған дүкен иесі Нұрай Досмұхамедова Азаттыққа Aizere атты дүкенінің логосы 16 жылдан бері тұрғанын, дүкен атауының "соғысқа еш қатысы жоғын", белсенді "өзін қаралағанын" айтты.
Азаттыққа үкім, Күдебаевты қайтару, Ресей пропагандасы – 27.04.2023┃AzatNEWS
📌 Бішкек соты Азаттықтың қырғыз редакциясының жұмысын тоқтату туралы үкім шығарды. Мұның астарында не жатыр?
📌 Елден қашқан генерал Серік Күдебаев Түркияда ұсталып, Қазақстанға қайтарылды
📌 Еуропарламентте сөйлеген украиналық саясаткер Қазақстандағы орыс пропагандасына алаң білдірді. Оның сөзінше, "Мәскеу тарабынан гибрид шабуыл жасалып жатыр"
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
27 сәуірде Ақтөбе облысы Мұғалжар және Темір аудандарында Қазақстан мен Қытайдың бірлескен "Батыс-Мұнай" компаниясының жүзден астам мұнайшысы жалақы көбейтуді талап етіп, жұмысқа шықпаған. Компания Мұғалжар және Темір аудандарында бұрғылау жұмыстарымен айналысады.
Желіде тараған видеоүндеуде бес бригаданың жұмысшылары бірауыздан "айлық көбейсін" деген талап қояды.
27 сәуірде Мұғалжар ауданы әкімінің орынбасары Рустам Ахметов "Батыс-Мұнайдың" осы аудандағы Әлібекмола кенішінде төрт скважинасында наразылармен кездескен.
– Бұл – "Батыс-Мұнайдың" кеніш басындағы өкілі шеше алатын мәселе емес. Сондықтан кенішке компанияның Ақтөбедегі кеңсесінен келетін жетекшілерді күтіп отырмыз. Мұнайшылар жалақының 100 пайыз көбеюін талап етіп отыр. Жұмысшылардың айтуынша, олар ай сайын 200 мың теңгеге жуық жалақы алып жүр, – дейді әкім орынбасары Азаттыққа.
"Батыс-Мұнай" компаниясының Темір ауданындағы Құмсай мен Мортық кеніштерінде жұмыс тоқтап тұр. Бұл туралы Азаттыққа жұмысшылардың бірі (аты-жөнін айтпауды сұрады) айтты. Оның сөзінше, түнгі ауысымнан шыққан 56 адам қазір тынығып жатыр. Ал күндізгі ауысымдағы 59 адам жалақы көбеймейінше, жұмысқа шығудан бас тартқан.
Ақтөбе облысының әкімдігі "Батыс-Мұнай" жұмысшылары наразылықа шығып тұрғанын растады. Бірақ әзір ешқандай түсініктеме бермеді.
Бішкек соты ақпарат құралы ретінде Азаттықтың Қырғыз қызметінің ("Азаттык Медиа") жұмысын тоқтату туралы өтінішті орындады
Сотқа өтінішті Қырғызстан министрлігі түсірген. Соттан кейін Азаттықты қолдаушылар “Масқара!” (“Позор”) деп айқайлады.
Министрлік өкілдері шағымда Азаттық сайтын жабуға түрткі болған қырғыз-тәжік шекарасындағы қақтығыс туралы "Настоящее время. Азия" арнасының бағдарламасы жойылмағанын және әлеуметтік желіде таратылып жатқанын жазған.
Шағым түсіруші тарап "Азаттык Медианың" заңға қайшы әрекет етіп отырғанын, "БАҚ туралы заңда" соғысты насихаттауға тыйым салынғанын алға тартқан.
"Азаттык Медиа" алғашқы күннен-ақ биліктің әрекетін заңсыз екенін дәлелдеуге тырысқан.
Бірқатар халықаралық ұйымдар, саясаткерлер, жүздеген қырғыз тұлғалары Азаттыққа еркін ақпарат таратуға мүмкіндік беруді талап еткен.
Варшава қаласының билігі Ресейдің Польшадағы елшілігіне қарасты мектеп орналасқан ғимаратты мемлекет есебіне алды
29 сәуірде, таңертең Варшава мэриясының өкілдері мен полиция ғимаратқа келіп, мүлік тізімін жасауға кіріскен. Ғимараттағы Ресей қызметкерлеріне 29 сәуірдің кешіне дейін ғимаратты босатуды бұйырған.
Ресейдің "РИА Новости" мемлекеттік ақпарат агенттігі Ресей елшілігі қызметкерлері жүктерін әндетіп тиеп жатқаны көрінетін видео жариялаған. Олар сенбі күні ғимараттан шығып кеткен. Ресейдің Польшадаға елшісі Сергей Андреевтің сөзінше, мектеп дипломатиялық миссияның өзге ғимаратында жұмысын жалғастырады.
"Совет империясының астанасынан" репортаж. 32 жыл бұрынғы хабарда не айтылды?
Шетел қазақтарының құттықтауы, жас елдің жаңа президенті – Нұрсұлтан Назарбаевқа тілек, қуанышын жасырмаған тыңдарман... Азаттықтың 16-17 желтоқсандағы хабарларында қызық нәрсе көп. Мәскеуде өткен "Демократиялық реформалар" қозғалысы жиынында Санкт-Петербург мэрі Анатолий Собчак Украина мен Ресей арасында жер үшін қақтығыс болуы мүмкін деген болжам айтады. Ресейдің қазіргі президенті Владимир Путин сол тұста Собчактың қарамағында жұмыс істеген.
ОҚУ
Ақтауда қымбатшылыққа байланысты қалаға кіреберісте жүргізушілер әлі жиналып тұр. Тек наразылық орны ауысты, деп хабарлады Азаттыққа жүргізушілердің бірі Абайдулла Базарбаев. Оның сөзіне қарағанда, 29 сәуірде де әкімдік өкілдері келіп, шараның “заңсыз” екенін ескерткен.
“Ақтауға кіреберістегі 53-база дейді, сонда тұрғанбыз. Ол жерге сыймағандықтан қалаға кіреберістегі 17-пост маңына ауыстық” деді ол.
Облыс әкімі мен президентке арнап жазған хатында 11 талап жазылған. Арасында:
1) “Тасымалдауды шектейтін” индустрия министрлігінің N715 бұйрығын жою;
2) 28 пайызға қымбаттаған жанармайдың бағасын қалпына келтіру;
3) Иран, Түркіменстанмен арадағы жүк тасымалдау бойынша келісімдерге қазақстандық тасымалдаушылардың мүддесін қорғайтын өзгеріс енгізу;
4) Халықаралық Жаңаөзен – Темір-Баба жолына асфальт төсеу;
5) Жаңаөзен – Жетібай – Бейнеу – Атырау – Орал тас жолдарын шетелдік жүк тасымалдаушыларға ақылы қылып, отандық автокөліктерге тегін қылу;
6) Қытаймен визасыз режимді енгізбеу туралы талап бар.
Еурокомиссия Украинадан астық импортын шектеуге келісті
Еурокомиссия Орталық Еуропа елдерімен Украинадан астық және өзге де азық-түлік тауарлардың импортын шектеу бойынша келісімге келді. Келісім бес елге қатысты: Польша, Венгрия, Румыния, Словакия және Болгария. Бұған дейін аталған елдер біржақты түрде Украинадан ауыл шаруашылығы өнімдерін импорттауға эмбарго енгізген.
Сауда мәселелері жөніндегі еурокомиссар Валдис Домбровскистің айтуынша, Еуроодақ Украина қоймаларында қалып қалған астықты әкелу үшін шұғыл шаралар қолданады. Ал одан кейін Украинадан бидай, жүгері, күнбағыс, рапс импорты қатаң шектеледі. Еуроодақ сонымен бірге Украинаның ауыл шаруашылығын қолдау үшін шамамен 100 млн еуро бөледі. Олар біржақты қойылған импорт шектеулерін алып тастап, Еурокомиссиямен ақылдаса отырып әрекет етуі керек.
Ирак түрмелеріндегі әйелдер аштық жариялады
Терроризм күдігімен Ирак түрмесіне түскен әйелдер аштық жариялады. Бұл туралы Бағдаттағы "Русафа" түрмесінде отырған қырғыз әйелдері журналистерге хабарлады.
Аштық жариялағандар арасында Өзбекстан, Дағыстан, Шешенстан, Ресей, Әзербайжан және Түркия азаматтары да бар.
Әйелдер өздеріне тағылған айыптарды алып тастап, елге қайтаруды талап етіп отыр. Аштық жариялаған әйелдер осындай талап қойғанын Стамбулдағы дағыстан диаспорасының өкілдері растады.
28 сәуірде Тараздағы сотта Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған төрт адамды түрме жазасына кесті.
Сот тараздық Ербол Жұмановты (видеода) «Қаруды заңсыз иемденді», «қаруды заңсыз ұстады», «билік өкіліне күш көрсетті» деген айыппен 16 жылға түрме жазасына кесті. Судья ол жазасын қауіпсіздігі барынша қатаң мекемеде өтеуі тиіс деп тапты.
Ол сот үкімін тыңдап тұрғанда қарсылық білдіріп, үкіммен келіспейтінін айтты.
Ал «жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды және қатысты» деп айыпталған
Нұрахан Махатов 6 жылға, Жақсылық Абдуллаев пен Айбол Сағынтай 5 жылға түрме жазасын кесілді.
Сот Саламат Қосанов, Досмұхаммед Садықов, Дәурен Нұрәлиев, Қанат Нұраханұлы (Нұрахан Махатовтың ұлы), Ермахан Сайлауовты айыпты деп таныды, бірақ олар рақымшылық заңымен сот залынан босатылды.
Сотталушылардың бәрі тағылған айыпты мойындамады. Кейбірі аппеляциялық шағым түсіретінін жеткізді.
16 жылға сотталған Жұманов қару алғанын мойындады, бірақ адам өлтірмедім деп отыр.
OONI: Азаттық сайттарына бұғаттаудың жымысқы әдісі қолданылған
Әлемдегі интернет цензураны бақылайтын Open Observatory of Network Interference (OONI) коммерциялық емес ұйымының зерттеуі Азаттықтың Қазақ қызметінің сайттары – www.azattyq.org және rus.azattyq.org 2022 жылғы қыркүйек пен 2023 жылғы сәуір аралығында Қазақстан аумағында бұғаттаудың жымысқы әдісіне ұшырағанын көрсетті.
Бұл “жымысқы әдіс” троттлинг деп аталады. Зерттеу авторларының айтуынша, әдістен кейін нысанаға алынған сайттың өнімділігі азайып, ақыры іс жүзінде "пайдалануға жарамсыз болып қалады". Мұндай әдіс Қазақстанда өзге сайттарды шектеу үшін қолданылатын әдістен бөлек дейді.
Азаттық оқырмандары былтыр күзден бері azattyq.org және rus.azattyq.org сайттарының ашылуы қиындағанын айтып шағымданған. Оның алдында Азаттық сайттарында президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "астыртын бизнесі" туралы мақала жарияланған. Сол кезде Қазақстан билігі Азаттық сайтының баяу ашылуының себебі "анықталып жатыр" деп мәлімдеген.
⚡Талдықорғандағы сот 28 сәуірде Күдебаевты "Қаңтар оқиғасы кезінде қызметін асыра пайдаланды" деп 10 жылға соттады. Прокуратура Күдебаев Қаңтар оқиғасы "қызмет орнын әдейі тастап кетті" деп айыптаған.
Сот үкіміне сай, Күдебаев құқық қорғау органдары мен мемлекеттік мекемелерде 10 жыл жұмыс істеуге құқығынан айырылды.
Күдебаев cоттағы соңғы сөзінде "Кінәлі емеспін, өз халқымды атпадым. Әйелдерді, балаларды [атпадым]. Азаптау болмады. Жәбірленушілер де жоққа шығарып отыр. Айтарым – осы. Рақмет" деген еді.
Қаңтар бойынша айыпталған генерал Серік Күдебаев Талдықорғандағы сотта “соңғы сөзін” айтты. Оның видеосын ҚазТАГ агенттігі жариялады.
“Мен кінәсізбін. Халыққа оқ атқан жоқпын, азаптау болған жоқ. Жәбірленушілер [азаптау болғанын] жоққа шығарады. Айтарым осы” деді.
Үкім 28 сәуірде сағат 15.00-де оқылатыны хабарланды.
ҚМГ жұмыс тобы "Өзенмұнайгаз" және оған еншілес компаниялардан заңсыздық анықтағанын хабарлады. Мұнайшылар реакция білдірді
ҚМГ хабарлауынша, “штатқа білігі жоқ, тәжірибесіз адамдарды немесе кезектен тыс жұмысқа алу, бағаны асыра көрсету, техника қауіпсіздігін бұзу, экология бұзу нормаларын сақтамау, зейнетақы жарнасын кешіктіру, арнайы киім, тамақпен қамтамасыз ету сияқты жайттар анықталған.
Жаңаөзенде ӨМГ алдында наразылық жасап тұрған мұнайшылар ҚМГ-ның "заңсыздықтар" туралы ақпаратын БАҚ арқылы естігенін, өздеріне комиссия мүшелері келмегенін айтты.
– Ондай заңсыздықтар көп деп ойлаймыз. Әлі де көп шығады. Кінәлілердің аты-жөні жарияланып, тиісті жаза алуын талап етеміз. Мысалы, "штатқа тәжірибесін, білігі жоқ адамдар алды" дейді. Демек, сол бөлімге жауапты, сол заңсыздыққа қатысы барлар да жауапқа тартылуға тиіс деп есептейміз. Барлық ақпарат жария етілуге тиіс. Біздің әлі де күмәніміз бар. Жазып жатыр, рақмет, бірақ әлі заңсыздықтар көп деп ойлаймыз, – деді Есенжан Әбдірахимов Азаттыққа.
Путин Ресей басып алған аумақта РФ азаматтығын қабылдамаған украиндерді депортациялау туралы жарлық шығарды
Владимир Путин Ресей азаматтығын қабылдамаған жергілікті тұрғындарды аннексияланған украин жерінен депортациялауға мүмкіндік беретін жарлыққа қол қойды. Құжат құқықтық ақпарат интернет-порталында жарияланды.
Жарлыққа сәйкес, Украинаның Ресей басып алған аумағында тұрып жатқан украин азаматтары не Ресей азаматтығын қабылдауға тиіс, не одан ресми түрде бас тартуы керек. Екінші вариантты таңдаған адамдар 2024 жылғы 1 шілдеден бастап шетел азаматы деп есептеледі.
Ресей басып алған аймақтан бұған қоса, "ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіріп, конституциялық құрылымды күшпен құлатуға шақырғандар экстремизм немесе терроризмді қаржыландырғандар, заңсыз акцияларға қатысқандар" депортациялануы мүмкін.
t.me/azattyq
Орталық Азиядағы көлеңкелі инвестор
2019 жылы OCCRP Хабибула Абдуқадырдың Орталық Азияда жемқор кеден қызметкерлерінің қолдауымен құрған сауда империясын әшкереледі. Бұрынғы қызметкері Абдуқадыр мен оның отбасын заңсыз табыс тауып, жүздеген миллион долларды жымқырды деп айыптады. Олар заң алдында ешқандай жауапкершілікке тартылған жоқ, керісінше, әлем бойынша беделді жобаларға инвестиция салып, ықпалын арттырды.
ОҚУ
Павлодар облысы Ақсу қаласындағы сот белсенді Емберген Құрмановты бейбіт митинг ережесін бұзды деген айыппен 15 күнге қамады. Бұл туралы белсендінің өзі Facebook желісіндегі парақшасында хабарлады.
"15 күн берді, кешіріңіздер, 15 күн аш жата алмаймын" деді ол видеода. Бір күн бұрын белсенді аштық жариялайтынын айтқан еді.
27 сәуірде Ақсу полицейлері белсендінің үйіне келіп, одан бөлімшеге баруды талап еткен. Бұл сәттің видеосы ActivistsNotExtremists телеграм-арнасында жарияланды. Құрмановқа келген екі полицейдің бірі өзін Дәуренбек Қуанышев деп таныстырады.
"Киініңіз, бізбен жүруіңізді сұраймыз. Қолымызда шақырту қағазы жоқ, сізді әкетуге өзіміз келдік" дейді полицей.
Құрманов видеода "өзін 1 мамырға жоспарланған бейбіт митинг үшін ұстап жатқанын" айтады.
Түстен кейін сот сайтында Ақсу қаласындағы сот Құрманов "бейбіт митинг заңын бұзды" деген айыппен әкімшілік жазаға тартылғаны жайлы ақпарат жариялады.
Қазақстанның әр қаласындағы белсенділер 1 мамырда Украинаны қолдайтын және Қазақстанның ҰҚШҰ қатарынан (Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей мүше ұйым, мұнда Мәскеудің ықпалы басым) шығуды талап етіп, бейбіт митинг ұйымдастыратынын жариялаған.
Қазақстанда азаматтар бейбіт митинг ұйымдастыру үшін әкімдіктен рұқсат алуы керек. Жергілікті билік белсенділерге митинг өткізуге көбіне рұқсат бермейді.
«Қазақстан империя құрбаны болғанын қаламаймын». Украина саясаткерінің Еуропарламенттегі сөзі
25 сәуірде украин саясаткері Алексей Гончаренко Еуропарламентте сөз сөйлеп, Ресей Қазақстанға «гибрид шабуыл жасап жатыр» деді. Саясаткердің сөзінше, Украинадағы жағдай Қазақстанда қайталанбас үшін «мұндай шабуылға қазірден жол бермеу керек».
t.me/azattyq
Орталық Азиядағы көлеңкелі инвестор
2019 жылы OCCRP Орталық Азияда жемқор кеден қызметкерлерінің қолдауымен құрған Хабибула Абдуқадырдың сауда империясы әшкереледі. Бұрынғы қызметкері Абдуқадыр мен оның отбасын заңсыз табыс тауып, жүздеген миллион долларды жымқырды деп айыптады. Олар заң алдында ешқандай жауапкершілікке тартылған жоқ, керісінше, әлем бойынша беделді жобаларға инвестиция салып, ықпалын арттырды.
Бұл зерттеу контрабанда империясын құрды деген айыпқа ілінген Абдуқадыр мен оның бауырларының ірі кәсіпкер атануына ештеңе кедергі болмағанын баяндайды. Ал олардың ақшасын Орталық Азия елдерінің билігі ықыласпен қабылдады.
"Орталық Азияның көлеңкелі инвесторы" жобасы — OCCRP, "Радио Озодлик" (Азаттық Радиосының Өзбек қызметі), "Власть" (Қазақстан) және "Клооптың" (Қырғызстан) бірлескен журналистік зерттеуі.
🔗ОҚУ
t.me/azattyq