azattyq | News and Media

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Subscribe to a channel

Azattyq - Азаттық

Қытаймен уақытша визасыз режим енгізілсе, Қытай азаматтары Қазақстанға жаппай тұрақты қоныстана бастайды деуге негіз жоқ. Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров осындай мазмұндағы мәлімдеме жасады.

Смадияров мұндай режимнен “қазақстандықтар ұтатынын”, мұндай режим елдің инвестициялық ахуалына да жағымды әсер ететінін айтты.

Қазақстан мен Қытай өз азаматтарына визасыз режим енгізейін деп отыр. Келісімге сәйкес, қазақстандықтар – Қытайда, қытайлықтар Қазақстанда шекараны кесіп өткен сәттен бастап визасыз 30 күн – 180 күнтізбелік күн ішінде жалпы алғанда 90 күн визасыз жүре алады.

Визасыз режим тек туристік, жеке және іскерлік мақсатта сапарлайтын азаматтарға қатысты. Бұл режим аясында жұмыс істеуге тыйым салынған.

Осы ақпарат тарағаннан кейін Қазақстанның бірқатар өңірлерінде тұрғындар Қытаймен визасыз режимді алып тастауды талап ете бастаған. Бір күн бұрын осындай талапты жаңаөзендік мұнайшылар қойған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Семейде, Алматыда және Қарағандыда жергілікті билік белсенділерге 1 мамырда Украинаны қолдап, митинг өткізуіне рұқсат бермеді

Бұл жөнінде #БелсенділерЭкстремистЕмес тобының телеграм-арнасы хабарлады.

Белсенділер өтініште митингінің тақырыбы “Украинаны қолдау. ҰҚШҰ-дан шығу” болады деп атап көрсеткен. Әкімдіктердің ресми жауаптарында сол күні сағат 14.00-16.00 аралығында белсенділер сұраған алаңда “басқа шара өтетіні” жазылған.

Топтың есебінше, 2022 жылдың 24 ақпаннан бері елде Украинаны қолдау – соғысқа қарсы акция өткізу туралы 67 өтініш кері қайтарылған.

Қазақстан көрші Ресейдің Украинаға басып кіруін ашық айыптамаған. Бірақ ресми Астана Украинаның төрт облысын Ресей аннексиялап алғанын мойындамаған. Қазақстан билігі былтырдан бері Украинаны қолдау шараларының басым бөлігіне рұқсат бермей келеді. Кейбірінде полиция белсенділерді ұстап әкеткен.

Суретте: Украинаны қолдау митингісі. Алматы, 6 наурыз, 2022 жыл

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тоқаев қазақ тілі туралы “мемлекеттік тілді оқымаған және тиісті деңгейде меңгермеген азаматтар тіл білмегені үшін қысым көрмеуге тиіс” деді.

Оның пікірінше, тіл мәселесі төңірегіндегі даулар “этникалық емес, азаматтық және саяси сипатқа ие”.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Астанада “терроризмді насихаттады” деп айыпталған суретші Дәурен Макин 7 жылға сотталды.

Суретші өзіне тағылған айыппен келіспейді. Былтыр Қаңтар оқиғасынан кейін сурет, эскиздер жариялағанын айтқан суретші бар айып “сурет салуды үйренеміз” деп келген арнайы қызметтің адамдарымен болған “әңгімеге” негізделгенін айтады.

“Олар маған жала жауып отыр. Өзімнің кінәсіз екенімді қанша дәлелдеуге тырысқанмен ескерген жоқ. Facebook-та елдегі саяси оқиғаларға қатысты пікір жарияладым. Соған байланысты соттап отыр. Үкіммен келіспеймін, апелляцияға беремін” деді Дәуран Макин соттан кейін Азаттыққа.

Бұған дейін ұлттық қауіпсіздік комитеті суретші Макиннің тұтқындалуына қатысты жауап беруден бас тартқан.

Байқоңыр аудандық сотының судьясы 27 сәуірде Азаттық тілшілеріне сот залынан видео түсіруге рұқсат берген жоқ. Қарауылды есептемегенде сотта судьядан басқа ешкім болған жоқ.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Билік ҰҚК құзыретін күшейткісі келеді. Мұның астарында не бар?

Ақорда ұлттық қауіпсіздік комитетінің (ҰҚК) құзыретін күшейтіп, оның "дағдарыс жағдайы" мен "әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуал" кезінде әрекет етуіне мүмкіндік бергісі келеді. Сарапшылар билік бейбіт митингілер мен еңбек дауларын "дағдарыс жағдайына" жатқызып, наразылықты басудың жаңа бір амалына көшпек дейді.

🔗Сілтеме

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қарағанды облыстық полиция департаментінің бастығы Ерлан Файзуллин "АрселорМиттал Теміртау" компаниясының заңгері Ирина Эмнің өліміне байланысты "қылмысты ашқанын" хабарлады

Полицияның айтуынша, Ирина Эм АМТ компаниясының заң жағынан кеңесшісі болып қызмет атқарған. Іс "Адам өлтіру" бабы бойынша тергеліп жатыр. Әуелі әйелді пышақтаған, кейін пәтерін өртеген.

Қарағанды облыстық полиция департаменті 26 сәуірде қылмыс оның кәсіби қызметімен байланысты емес екенін айтты. Дегенмен полиция қылмысқа не түрткі болғанын айтпады. Бұған дейін әлеуметтік желіде заңгердің өлімі оның қызметімен байланысты болуы мүмкін екені, қылмыскер қылмыс ізін жасыру үшін пәтерін өртегені жөнінде ақпарат тараған еді.

Полиция сәрсенбі күні осы қылмысқа байланысты екі адам – 52 жастағы ер адам мен 44 жастағы әйел адам ұсталғанын хабарлаған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Депутат Максим Рожин Қазақстан халқы ассамблеясы ұсынған жаңа термин “ұлтқұру” деген ұғымды қалай түсінетінін айтты

Оның пікірінше, бұл “АҚШ, Франциядағыдай, азаматтық идентификациямен байланысты болуы мүмкін”

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Асылы Осман Қазақстан халқы ассамблеясы “миссиясын орындап бітті. Мәдениет министрлігіне қосып, бір саласы болып жүрсін” деген пікір айтты.

Асылы Осман бұл пікірін Астанада өтейін деп жатқан Қазақстан халқы ассамблеясының сессиясы алдында айтты.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қытай төрағасы Си Цзиньпин соғыс басталғалы бірінші рет Украина президенті Владимир Зеленскиймен телефон арқылы сөйлесті. Бұл туралы Зелескний твиттерде хабарлады. Ал Қытайдың Синьхуа агенттігі «Пекин Киевке соғысып жатқан тараптармен келіссөз жүргізу үшін арнайы өкіл жіберетінін» жазады.

Зеленский Қытай басшысымен әңгіме «ұзақ әрі мәнді болғанын» айтады. Украина президентінің баспасөз қызметі екі президент бір сағаттай сөйлескенін хабарлады.

«Бұл әңгіме және Украинаның Қытайдағы елшісінің тағайындалуы екі елдің қарым-қатынасына күшті серпіліс береді деп сенемін» деп жазды Зеленский твиттерде.

Ақпанда Қытай Украинадағы соғысты аяқтау үшін арнайы жоспарын ұсынған. Сарапшылар Пекин ұсынған құжат жалпылама сөздерден тұрады деп сынаған еді.

Си Цзиньпин наурызда Мәскеуге барып, Ресей президенті Владимир Путинмен кездескен.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров үкіметтің “байлыққа салық салу туралы жоспары” жөнінде айтып, “дәулетті адам деп кімді айтамыз” деген сұраққа жауап берді.

Министрдің пікірінше, байлықты өлшеу қиын және оны әртүрлі түсінуге болады. “Нақты жағдайда мәселе қымбат заттар мен мүліктер жөнінде болып отыр” деп болашақта қымбат көлік пен яхта, зергерлік бұйымдар, антиквариатқа салық салу жоспарланып отырғанын жеткізді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан Қазақстан “Ресейге санкцияны айналып өтуіне көмектеспеуі керек” деп санайды

Ол дегенмен “Қазақстанның Мәскеуге көмектесіп отырғаны-отырмағаны” жөнінде хабары жоғын да айтты.

Бұған дейін Варшавада шоғырланған “Ашық диалог” қоры Қазақстан билігін Ресейді санкцияға ілінген тауарлармен қамтамасыз отыр деп айыптап, президент Қасым-Жомарт Тоқаев, ҰҚШҚ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов және өзге де лауазымды тұлғаларға санкция енгізуге шақырған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи: Самат Әбішті құтқару үшін Кәрім Мәсімовті "құрбан етті"

Депутат Ермұрат Бапи ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның үш орынбасарына шыққан үкімге түсініктеме берді.

Осы аптада сот Қаңтар оқиғасы кезінде “мемлекетке опасыздық жасау” және “билікті басып алуға тырысты” деп айыпталған ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовті 18 жылға соттаған. Бапи комитеттегі жедел шараларға жауапты болған экс-президенттің немере інісі – ҰҚК төрағасының бұрынғы орынбасары Самат Әбішті “жәй ғана босата салып”, қалғанын жауапқа тартқанын әділдік деп санамайды. Депутат мұны экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев пен президент Қасым-Жомарт Тоқаев арасындағы “келіссөздің” көрінісіне балайды.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қаңтар оқиғасына байланысты 18 жылға сотталған ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов ісінің қандай саяси астары бар?

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Маусымнан бастап электр энергиясы қымбаттайды

Сәрсенбі күні ұлттық экономика министі Әлібек Қуантыров журналистердің тариф туралы сұрағына жауап берген кезде осылай деді.

“Тариф жазда өседі. Бірақ біз оны біртіндеп жүзеге асырамыз. Тариф халыққа жайлы болуы керек” деді ол.

Оның сөзінше, биыл әбден тозығы жеткен желілерді жаңартып, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметкерлерінің жалақысын өсіру үшін тариф өсіріледі. Дегенмен министр “әр аймақта әртүрлі” деп, тариф қанша пайызға өсетінін нақтыламады.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Британ парламентінің мүшесі Қазақстандағы "демократияны" мақтағаны үшін сынға ұшырады

The Guardian басылымының жазуынша, британ парламентінің мүшесі, Ұлыбритания премьер-министрі Риши Сунактың сауда жөніндегі уәкілі Даниэл Кавчински наурызда парламент сайлауын бақылау үшін Қазақстанға келген. Оның сапарын Қазақстанның Ұлыбританиядағы елшілігі төлеп, билетіне – £4,500, қонақүйі мен тамағына 600 фунт ақша жұмсағанын жазды.

Ізінше британ депутатының сөзін премьер-министрдің сайты жариялады: “Қазақ халқының Совет одағы құлағаннан кейінгі осынша қысқа уақыт аралығында қолданыстағы демократия үшін бірге күш жұмылдыруы сүйсінерлік”. Осы сөзі үшін депутат сынға ұшырады.

Unlock Democracy тобының жетекшісі Том Брейк "Кавчински қаласа да, қаламаса да, сайлауды еркіндік пен демократияны дамыту қадамы болды деп көрсетуге тырысып жатқан қазақ үкіметі оның Қазақстанға сапары мен сайлау туралы сөзін пайдаланды" деп есептейді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алтын өндірісіне наразы Маралды ауылының халқы Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке бейнеүндеу жолдады. Олар бір ай бұрын өткізген қоғамдық тыңдауды «заңсыз» деп айыптап, хаттаманың күшін жоюды талап етті.

Айтуларынша, кен өндіруге рұқсат сұрап отырған компания өкілдері жиналыста қойылған сұрақтарға «жауап бере алмаған».

Даниал Ахметов тұрғындарға әлі жария жауап берген жоқ.

Сөз болып отырған 28 наурыздағы қоғамдық тыңдауда “ГРК Maralikha” кәсіпорын өкілдері фабрика жұмысы экологияға “зиян келтірмейтінін” айтқан. Халық ауыр техникалар шаруашылыққа жарамды жерлердің «қорыс-қопасын шығарды» деп, кенді ашық әдіспен алуға наразылық білдірген.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қаңтар оқиғасы бойынша айыпталған генерал Серік Күдебаев уақытша қамау изоляторына қамалды деп хабарлады Бас прокуратура

Ведомствоның хабарлауынша, Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Күдебаевқа Қаңтар оқиғасына қатысты “билік өкілетін асыра пайдалану” және “азаптау” баптары бойынша айып тағылған.

Бұған дейін Бас прокуратура Күдебаевты Түркиядан Қазақстанға жеткізгенін растаған.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстан халқы ассамблеясында сөйлеген президент Қасым-Жомарт Тоқаев “халықтың біртұтастығын бұзуға бағытталған” кез келген арандату әрекетке жол бермеу керек деді

Оның айтуынша, әлеуметтік кеңістікте “түрлі фальсификациялар немесе фейктер” көбейген. “Олардың көбінің авторының Қазақстанға қатысы жоқ, шетелден әрекет еткен олар қоғамды ыдыратуға тырысады” деді. Бірақ Тоқаев нақты оқиға немесе топтардың атын айтпады. Ол экстремизм, сепаратизмге де жол беруге болмайтынын айтты.

Жуырда Қазақстанның солтүстігінде Петропавл қаласында "еңбекқор еркін халықпыз" деген бір топ "халық кеңесін құрып, егемендік жариялайтынын" мәлімдеген. Олардың видеосы қоғамда қызу талқыланды.

Бас прокуратура олар таратқан видеоға байланысты қылмыстық іс қозғаған, бірнеше адамның қамалғаны хабарланды. Кейбір сарапшылар мұны “халық назарын әділетсіз сайлау сияқты өткір мәселелерден басқа жаққа бұру” деп бағалаған. Билік өкілдері мұндай пікірге реакция білдірмеген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қаңтар бойынша күдікке ілінген генерал Серік Күдебаев Түркиядан жеткізілді деді бас прокурор Берік Асылов.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Бас прокурор Берік Асылов Серік Күдебаевтың ұсталғанын растады

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дархан Қыдырәлі “ұлтқұру” әбден қалыптасқан термин дейді

Қоғамның оны жатырқай қабылдауының себебін министр “дұрыс аударылмағандығымен байланысты болуы мүмкін” деп болжайды. Ол "қазақстандық" дегеннен гөрі "қазақ" деген сөзді қолдануды құп көреді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

СІМ: Қазақстан азаматтары Суданнан эвакуацияланып жатыр, шұғыл қоңырау желісі ашылды

Суданда бір аптадан бері тұрақты армия мен "Жылдам қолдау күші" әскери тобы арасында қақтығыс жүріп жатыр.

"Бүгінгі таңда Қазақстанның бірқатар азаматы қақтығыс аймағынан эвакуацияланды. Қазақстан азаматтарын Эфиопия мен Сауд Арабиясы Корольдігінің аумағы арқылы эвакуациялау жұмыстары жалғасып жатыр" деп жазылған СІМ хабарламасында.

Суданда қанша Қазақстан азаматы жүргені министрлік хабарламасында айтылмайды. Алайда олардың нақты санын анықтау мақсатында және эвакуациялауға көмектесу үшін елшілік жанынан шұғыл қоңырау желісі ұйымдастырылғаны жазылған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

«Тоқаевқа санкция», Батыстың ескертуі, Сатыбалды ісі – 26 сәуір┃AzatNEWS

📌 «Open Dialog» Қазақстан Ресейге соғысқа қажет өнімдерді тасымалдап жатқанын мәлімдеп, ел билігіне санкция салуға шақырды. Экономика министрі бұл айыпты жоққа шығарды. Депутаттар не дейді?

📌 Астанаға келген Батыс елдерінің ресми өкілдері Қазақстан Ресейге санцияны айналып өтуге жол беріп отыр деп қауіптенеді. Олар Қазақстанға қандай ескерту айтты?

📌 Прокурор 8 жылға соттауды сұраған Гүлмира Сатыбалды ісінің мән-жайы. Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйеліне қандай айып тағылып отыр

🔗КӨРУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

«Екіжүзді Ресей БҰҰ жарғысына түкірді»

24 сәуірде Ресейдің төрағалығымен өткен БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде Батыс елдерінің өкілдері Ресейді Украинаға соғыс ашқаны үшін жаппай сынады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қуғындағы экс-банкир Мұхтар Әблязов Қазақстан билігіне жеке санкция салу арқылы ғана “ресми Астананың Ресейге көмектесуін тоқтатуға болады” деп санайды

“Ашық диалог” қоры мәліметіне сүйенген Ақорда оппоненті ресми мәліметке сүйенгенін алға тартып, Қазақстанның “санкцияны айналып өтпегені” жайлы мәлімдемесіне сенбеу керектігін айтты.

Ал Қазақстан билігі Ресейге санкцияны айналып өтуге көмектесіп отырғанын жоққа шығарып келеді. Қазақстан ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 26 сәуірде "Қазақстан соғысқа көмектеспейді" деп мәлімдеп, Қазақстанның Ресейге санкциялық тауарларды тасымалдауы ресми түрде расталмағанын айтты.

Бұған дейін Варшавада шоғырланған “Ашық диалог” қоры Қазақстан билігін Ресейді санкцияға ілінген тауарлармен қамтамасыз отыр деп айыптап, президент Тоқаев, ҰҚШҰ бас хатшысы Тасмағамбетов және өзге тұлғаларға санкция салуға шақырған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Қаржы пирамидасын құрып, 200-ге жуық адамның қаржысын иемденді" деп айыпталған Берік Томинді Ақтөбе қаласының №2 соты алты жылға бостандығынан айырды

Сотталушының жасы 33-те. Үкім күшіне енген жағдайда ол алдағы жеті жылда қаржы және коммерция ұйымдарына жетекшілік ете алмайды.

Тергеу материалдарына қарағанда, Берік Томин жетекшілік еткен "ЦентроФинанс" ұйымы 2019 жылғы желтоқсанда ашылып, 2020 жылғы ақпанға дейі небәрі үш ай жұмыс істеген. Осы аралықта салымшылардың 1 млрд 20 млн теңгеден астам қаржысын иемденген.

Жарғысында коммерциялық қызметпен айналысады деп көрсетілген "ЦентроФинанс" салымшыларға ай сайын 40 пайыз сыйақы беруге уәде еткен. Ал автокөліктерді нарықтағыдан 30 пайыз жоғары бағаға сатып алып, 30 пайыз арзан етіп сатқан. Ұйым салымшы әкелген адамдарға бонус төлеп отырған.

Мемлекеттік айыптаушылар "ЦентроФинанс" ұйымының әрекетінен 200-ге жуық адам зардап шеккен дейді. Салымшылар шығыны – 1 млрд 20 млн теңге.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Ашық диалог" Қазақстан билігін Ресейге көмектесті деп айыптап, Тоқаев пен Тасмағамбетовке санкция салуға үндеді

Варшавада шоғырланған “Открытый диалог” қоры Қазақстан билігін Ресейді санкцияға ілінген тауарлармен қамтамасыз отыр деп айыптап, оларға санкция енгізуге шақырды. Қор өкілдері санкция салынсын деп отырғандар арасында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, ҰҚШҰ бас хатшысы Иманғали Тасмағамбетов, экс-президенттің күйеубаласы Тимур Құлыбаев және Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко бар.

Аталған қордың #БелсенділерЭкстремистЕмес тобы өкілдерімен бірге әзірлеген есебінде авторлар "Қазақстан Ресейге Батыс елдерінің санкциясын айналып өтуге көмектесіп отыр, сол арқылы Ресейдің Украина мен демократиялық қауымдастыққа соғысына дем беріп отыр" деп жазып, бірқатар статистикалық мәліметтер келтіреді. Есеп "Ресейдің Украинаға қарсы соғысының бенефициарлары. Назарбаев-Тоқаев режимі Путинге қалай көмектесіп жатыр?" деп аталады. Қор өкілдері есепті Қазақстанның сыртқы сауда бойынша ресми мәліметтеріне, ашық дереккөздерге, сарапшылар талдауы мен инсайдерлік ақпараттарға сүйеніп отырғанын жазады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Жаңаөзенде “Өзенмұнайгаз” алдында тұрақты жұмыс сұрап тұрған мұнайшылар үндеу жариялап, бірнеше талап қойды:

🔺Өздерін еңбек жағдайы толық жасақталған, лайықты еңбекақысы бар мекемеге жұмысқа орналастыру;

🔺Жаңаөзендегі мұнай-газ саласындағы кәсіпорындарды тексерісті ашық жариялау;

🔺Қытаймен визасыз режим енгізбеу.

Бұған дейін ҚМГ Жаңаөзенде мұнай-газ саласындағы кәсіпорындардың қызметін тексеретін комиссия іске кіріскенін хабарлаған. Алайда мұнайшылардың сөзінше, комиссияның жұмысы ашық жүріп жатқан жоқ.

“Неге олар барлық барған жерін видеоға түсіріп алып, ашық көрсетпейді. Неге ақпарат жарияламайды? Ондай ашықтық жоқ. Астанада жүргенде ҚМГ өкілдері Жаңаөзенге қашып кетті. Ал енді мұнда оларды көріп жүрген жоқпыз, не істеп жүргенін білмейміз” деді мұнайшылардың бірі Есенжан Әбдірахимов Азаттыққа.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстан биыл да Жеңіс парадын өткізбейді. Қазақстандықтар не дейді?

Қазақстан қорғаныс министрлігі «бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында әскери бөлімдерде патриоттық шағын іс-шаралармен шектелетінін» айтқан. Қорғаныс министрлігі 2022 жылы да қаржы мәселесін себеп қылған. 2020-2021 жылдары парад COVID-19 індетіне байланысты өтпеген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Санкциялық тауарлар Қазақстан арқылы Ресейге жеткізіліп жатқаны АҚШ-тың санкциялары мен экспорттық бақылау шараларын тікелей бұзу болып есептеледі

АҚШ сауда министрлігінің өкілі Мэттью Аксельрод Астанада журналистермен кездескен кезде осылай деп мәлімдеді.

Оның сөзінше, Украинада соғыс басталғаннан кейін бірқатар тауарды Қазақстанға, одан әрі Ресейге экспорттау күрт өскен.

"Біз қазір айфон немесе кір жуатын машиналар туралы айтып жатқан жоқпыз. Мәселе Украина аймағында бейбіт тұрғындар мен әскерді бомбалау үшін қолданылып жатқан зымырандарды және дрондарды жасауда пайдаланылатын электрондық компоненттер туралы болып отыр", - деді Аксельрод.

t.me/azattyq

Читать полностью…
Subscribe to a channel