Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Лука Анчески: Мәсімов сотталса да, Қаңтар оқиғасының беті жабылған жоқ
ҰҚК-нің экс-төрағасы Кәрім Мәсімовті ұзақ жылға соттау қанды Қаңтар оқиғасына нүкте қойды ма? Президент Қасым-Жомарт Тоқаев билікті қолына шоғырландырған соң жариялаған "жаңа" Қазақстандағы әдістердің "ескі" Қазақстандікінен айырмасы бар ма? Тоқаевтың жүйесі ел ішіндегі қарсылық пен шиеленістерге қалай жауап береді? Сахна сыртындағы элитааралық күрестің астарында не жатыр? Азаттық бұл туралы Ұлыбританиядағы Глазго университетінің Орталық Азияны зерттеу бойынша профессоры Лука Анческимен сөйлесті.
🔗Сілтеме
t.me/azattyq
Астанадағы сотта прокурор Азамат Сәрсембаев Гүлмира Сатыбалдыны айыпты деп танып, 8 жылға соттауды сұрады.
Прокурор Гүлмира Сатыбалдының мүлкін тәркілеу қажет емес деп есептейді. Бұл туралы "Власть" сайты хабарлады.
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалдының әйелі Гүлмира Сатыбалды былтыр наурызда ұсталған. Оған 2021 жылы бюджеттен 747 млн теңге жымқырды деген айып тағылған. Органдар Гүлмира Сатыбалды бұл қаржыны жасалмаған құрылыс-жөндеу жұмыстары үшін алған дейді. Былтыр сәуірде оған 2019 жылы Универсиада объектілерін жөндеуге бөлінген ақшаны ұрлады деген де айып тағылды.
Бұдан бөлек, Сатыбалды "адам ұрлады", "бизнесті күштеп тартып алды" деген күдікпен тергелді.
Гүлмира Сатыбалды "қылмыстық әрекетті ұйымдастырды", "адам ұрлады", "өз алдына билік етіп, қылмыс жасады" деген айыптармен сотқа тартылды.
Сот процесі 14 наурызда басталған еді.
25 сәуірде Атыраудағы "Аламан" базарының маңында "КамАЗ" жүргізушілері жанармайдың қымбаттауына байланысты наразылық білдірді. Наразылыққа жиналған 60-қа жуық жүргізуші көліктерін базар жанына қойып, екі сағаттай ереуілдетті. Жүргізушілер дизельді бұрынғы бағасына – 295 теңгеден 230 теңгеге түсіруді талап етеді. Наразылар Қазақстан азаматтары үшін дизель отынына қойылған лимит алып тасталсын және ол лимит шетелдік автокөлік жүргізушілері үшін енгізілсін дейді.
Жүргізушілердің талабынша, жанар-жағармай құю бекеттерін бақылауда ұстап, ел шекарасында шетелдік жүк көліктерінің багын тексеру керек, оларға 150-200 литр деген лимит енгізілгені дұрыс.
Жиналғандарға прокуратура, қалалық және облыстық әкімдік өкілдері келіп, наразылық акциясын ұйымдастыру заңсыз екенін ескертті. Олар жүргізушілердің талабын тыңдап, мәселелерін бақылауға алуға уәде берді.
Бұдан соң жиналғандар екі сағат тұрып, тарқасты.
3 сәуірде Қазақстан үкіметі бензиннің шекті бағасын 11 пайыз, дизель бағасын 20 пайыз көтеретінін хабарлаған.
АҚШ президенті Джо Байден 2024 жылғы президент сайлауына түсетінін ресми түрде жариялады.
Читать полностью…Қазақстаның энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Ақтау қаласындағы Маңғыстау атом энергетикалық комбинаты қызметкерлерінің "аз жалақы мен тозған құрал-жабдықтар" туралы шағымы жөнінде Азаттық тілшісінің сұрағына жауап берді.
Министрдің сөзінше, қазір энергетика саласында "жағдай күрделі" болып тұр.
"Жыл сайын газ бен көмір қымбаттап, энергия өндіретін кәсіпорындарға қиын болды. Соған қарамастан тарифті ұстап отыр. Қазір құрал-жабдықтың 91 пайызы тозып тұр. Өндіріс қызметкерлерінің жалақысы көп жылдан бері өскен жоқ. Қазір үкімет араласып, инвестициялық бағдарламалардың бір бөлігін республикалық бюджет есебеніне қаржыландыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Компания иелерін де инвестиция салуға шақырып отырмыз. Сметаға өндіріс қызметкерлерінің де жалақысы кіруге тиіс", - деді министр.
Оның сөзінше, энергетика саласындағы өндіріс қызметкерлерінің жалақысы 150-200 мың теңге.
"Бұл - өндірістік жарақаты, апаты бар ауыр жұмыс. Бірақ тарифтен, республикалық бюджеттен немесе тікелей инвестициядан басқа жалақыны көтерудің жолы жоқ. МАЭК те, өзге кәсіпорын қызметкерлері де еңбектеріне лайықты ақы алуға тиісті екенін түсініп отырмыз", - деп мойындады министр.
t.me/azattyq
Алматы қаласы Алмалы аудандық соты ұлттық қауіпсіздік комитеті департаментінің бұрынғы бастығын билігін асыра пайдаланды деп таныған
Жергілікті БАҚ әңгіме 2022 жылғы 13 қаңтарға дейін ҰҚК Алматы қалалық департаментінің бастығы болған Нұрлан Мажилов туралы деп хабарлады.
Алматы сотының Facebook-тегі парақшасында "сот үкімімен М. Қылмыстық кодекстің 362-бөлімінің 4-бабымен 6 жылға соттталды, ол жергілікті өзін-өзі басқару, мемлекеттік қызмет, қаржы ұйымдарындағы басшы қызметтер атқару құқығынан 10 жылға айырылды, ҰҚК генерал-майоры әскери шені алынды" деп жазылған.
Үкім әзірге күшіне енбеген.
t.me/azattyq
24 сәуірде Маңғыстау облысы Бейнеу аудандық соты жергілікті белсенді Мерей Қорбақовты полицияға бағынбағаны үшін сегіз тәулікке қамау туралы шешім шығарған
Жергілікті белсенділердің сөзіне қарағанда, Қорбақов сенбі күні қамалған, содан бері байланысқа шықпаған, ұялы телефоны ажырап тұр. Белсенді Жадыра Досекееваның Азаттыққа хабарлауынша, Мерей Қорбақов өздерін партия ретінде тіркеу туралы әділет министрлігіне құжат тапсыратын "Нағыз Атажұрт" ұйымының белсенділеріне қосылу үшін Астанаға пойызбен аттанбақ болған.
Сот материалына қарағанда, Бейнеу ауданының полициясы одан "сотты құрметтемеді" деген себеппен полиция бөліміне келуді талап еткен, бірақ Қорбақов "бармай, полиция талабына бағынбаған". Сот Қорбақовтың әкімшілік құқық бұзушылық жасағағаны полиция хаттамасымен, полицейлердің сөзімен және видеожазбамен дәлелденді деп есептеген. Бұл жөнінде Қорбақовтың өзімен сөйлесу мүмкін емес.
t.me/azattyq
Қазақстанда ЛГБТ-ға тыйым салу мәселесі қайта көтерілді. Бұл Ресейге еліктеу ме, әлде қоғам назарын аудару ма?
Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров елде "ЛГБТ пропагандасына" тыйым салуды ұсынды. Жастар арасынан сайланған депутат "ЛГБТ тақырыбындағы фильмдерді көрсетпеу керек" дейді. Бірнеше күн бұрын Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы ресми сайтында біржынысты некені "арсыз", "дегенератив" деп атады. Бұл пәтуа феминистік қозғалыстар өткізген әйелдер шеруі қарсаңында жарияланды.
🔗Сілтеме
t.me/azattyq
Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров қазақ студенті Марғұлан Бекенов ресейлік "Вагнер" жеке әскерінің сапына "өз еркімен қосылды" деп тағы да қайталады.
Читать полностью…Мәсімовтің үкімі, Еуроодақ өкілінің сапары, кран басындағы наразылық – 24 сәуір | AzatNEWS
- Қаңтар оқиғасынан соң "мемлекетке опасыздық" күдігімен қамауда отырған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды.
- Еуропа одағының санкция жөніндегі арнайы өкілі Қазақстанға келіп, ресми тұлғалармен кездескен.
- "Нағыз Атажұрт" партия болғысы келеді. Қытайда саяси қуғын-сүргінге ұшырағандардың ісімен айналысу үшін құрылған ұйым енді Қазақстанның саясатына белсене араласпақ.
- Кран басындағы наразылық. "Екі жүз гектар жерімді тартып алды" деген Солтүстік Қазақстан облысының тұрығын Астананың құтқарушылары мен құзырлы орган қызметкерлерін әбігерге салды.
🔗КӨРУ
⚡ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімов 18 жылға сотталды
Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімовті 18 жылға соттады. Сот үкіміне сай, мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналысуға тыйым салынды.
Мәсімовке «мемлекетке сатқындық жасады», «билікті күшпен басып алмақ болды», «қызметін асыра пайдаланды» деген айып тағылған.
Әлемде әскери мақсатқа бұрын-соңды болмаған деңгейде көп қаржы бөлініп, 2,24 триллион долларға жетті
Мұны Стокгольм зерттеу институты (SIPRI) хабарлады.
Баяндамаға қарағанда, әскери бюджеттің күрт көбеюіне негізінен Ресейдің Украинаға басып кіргені себеп болған. Ресей әскери бюджет жөнінен АҚШ пен Қытайдан кейінгі үшінші орынға шыққан. Әскери бюджеті 9,2 пайыз көбейіп, 86,4 миллиард долларға жеткен. Бұл цифр Ресей бюджетінде көрсетілген сомадан 34 пайыз көп.
Украинаның әскери бюджеті 44 миллиард долларға жетіп, бір жылда 640 пайыз көбейген.
t.me/azattyq
Қазақстан биыл да Жеңіс парадын өткізбейді. Осымен төртінші жыл
Министрлік "бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында әскери бөлімдерде патриоттық шағын іс-шаралармен шектелетінін айтқан.
Қорғаныс министрлігі 2022 жылы да ақша үнемдеуді алға тартқан. 2020 және 2021 жылдары COVID-19 індетіне байланысты парад өтпеген..
Биыл Ресейдің Украинымен шекарадағы облыстарында да 9 мамырға байланысты парад өтпейді.
Ресейдің "Ведомости" басылымы Мәскеуде өтетін жеңіс парадына шетелден тек Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қатысатынын хабарлаған. Былтыр Мәскеудегі парадқа Орталық Азия елдері басшыларының ешқайсы бармаған.
t.me/azattyq
Қырғыз билігі Қазақстанмен шекарадағы "Ақ жол" кеден бекетінен қайтарылған 84 келі алтын жөнінде түсініктеме берді
Бұл туралы Азаттықтың Қырғыз редакциясы хабарлады.
Ербол Сұлтанбаевтың сөзінше, Қырғызстан мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті шекарадан алтын алып өткелі тұрған "Алтын кен" компаниясының қызметкерлерін ұстаған.
– Олар қымбат металдың өзін емес, көлемін жасыруды, сол арқылы оған салынатын салықтан жалтаруды көздеген. Салық қызметі алтын көлемін есепке алып, одан 60 миллион сомға жуық салық алуға тиіс еді. Компания салықтан жалтарғысы келген. Кейбіреулер алтынды ұрламақ болған деп бұрмалап жүр, – дейді Сұлтанбаев.
Оның сөзіне қарағанда, Қырғызстанда жұмыс істейтін 100-ден астам алтын өндіруші компанияның көпшілігі кенді немесе концентратты Қытайға немесе Қазақстанға апарады, сонда өңдеп қайтадан Қырғызстанға әкеледі.
t.me/azattyq
Сирияда соғыстан соң арбаға таңылған жігіт: Соңғы күндерімді анамның жанында өткізсем деймін
Атыраулық Ермұхан "әділ мемлекет" іздеп, Сирияға "жиһадқа" кетіп, сал болып оралды. Қазақстан соты оны "терроризм" бабымен ұзақ мерзімге соттады. Жүріп-тұра алмайтын ол қазір үйіне қайтып, "анасының қасында соңғы күндерін" өткізуді ғана тілейді. Ал Қазақстан заңдары оны мерзімінен бұрын босатуға да, жазасын жеңілдетуге де рұқсат бермейді.
🔗CІЛТЕМЕ
t.me/azattyq
Тақырып: Мәсімов ісінің астары, оққа ұшқан марқұмдарды айыптау – 25 сәуір┃AzatNEWS
📌 ҰҚК экс-төрағасы Кәрім Мәсімовті жақтаушылары әділетсіз соттады деп мәлімдеді. Соттың аса құпия өтуінің астары неде?
📌 Алматыда адамдарды азаптады деген күдікке ілінген ҰҚК-нің 11 экс-қызметкерінің ісі жабық өтіп жатыр. Жәбірленуші тарап соттың ашық өтуін талап етті.
📌 Қаңтарда президент резиденциясының маңында оққа ұшып, қаза тапқан 5 адамды прокурор айыпты деп тануды сұрады. Қорғау тарабы істің тергелуіне күмән келтірді.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
Постсоветтік елдердің егемендігіне күмән келтірген Қытай елшісі дауға қалды
«Совет Одағына мүше болған елдердің халықаралық құқықта мәртебесі жоқ, себебі оларды егемен ел ретінде нақтылайтын халықаралық келісім жоқ». Қытайдың Франциядағы елшісі Лу Шае француз ақпарат құралына берген сұхбатында осы сөзді айтып, дауға қалды. Еуроодақ мүшелері, Балтық елдері мен Украина елшіні айыптап, Пекиннен түсініктеме талап етті.
Жер митингісіне жеті жыл
Жаңаөзен мұнайшыларының Астанадағы наразылық акциясы күшпен таратылды.Осы кезде Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев дереу үндеу тастады. Облыс әкімдерінің арасында халыққа Ноғаевтан көп үндеу тастаған әкім жоқ. Қаңтар оқиғасының алдында Газ- 50 деп ұрандатқан Жаңаөзен халқының алдында да әуелі Ноғаев барған. 2016 жылы 24 ақпанда Атырауда жер митингісі басталғанда Ноғаев барып, ешкім қудаланбайды деп уәде берген.
🔗 https://www.youtube.com/watch?v=38mrWrKflqU
Жәбірленушілер: ҰҚК қызметкерлерінің соты жария өтсін, қоғам көрсін
Баспасөз жиынына "Қаңтар оқиғасында ҰҚК қызметкерлері себепсіз ұстап, азаптаған" Бекболат Исабеков пен Асқар Смағұлов және олардың адвокаты Гүлнәр Жуаспаева қатысты.
Олардың сөзінше, қазір Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотында ҰҚК Алматы қалалық департаментінің 11 қызметкерінің ісі қаралып жатыр. Күдіктілердің төртеуі абақтыға қамалған, жетеуі үйқамаққа шығарылған.
Бекболат Исабековтің сөзінше, Қаңтар оқиғасы кезінде оны "Қазақстан" қонақүйінің маңында белгісіз адамдар ұстап, қинаған, әлдебір қағазға қол қоюды талап етіп, ұрып-соққан. Одан кейін ҰҚК қызметкерлеріне тапсырған.
– ҰҚК қызметкерлері "Мұхтар Әблязовтың адамы екеніңді мойындап, хаттамаға қол қой, әйтпесе, өлесің деп қорқытты, – дейді Бекболат Исабеков. Ол осы азаптаулардан кейін бір құлағы мүлде естімей қалғанын айтады.
t.me/azattyq
"Саясат саясатымен, сауда саудасымен". Министр Жұманғарин Қазақстанның тәліптерге ықыласын түсіндірді
"Қазақстан Ауғанстанмен экономикалық ынтымақтастықты дамытуға неге мүдделі болып отыр?" деген журналистер сұрағына бүгін сауда министрі Серік Жұманғарин үкімет отырысынан кейін жауап берді деп жазады жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары.
"Біз Ауғанстанмен ынтымақтастықтамыз, сауда жасаймыз. Саудамыз жақсы жүріп жатыр, 1 миллиард долларға жетті. Бұл Әзербайжанмен және Түркіменстанмен сауда-саттығымыздан да көп. Демек, саясат саясатымен, ал экономика экономикасымен. Біз бұл сауда ынтымақтастығын дамытамыз. Оларға бидай, ұн және күнбағыс майын бұдан да көп жеткізетін мүмкіндігіміз бар. Одан неге бас тартуымыз керек?" деген министр сөзін Informburo.kz таратқан.
Жұманғарин Қазақстан Ауғанстанда сауда үйін ашып, сауда өкілін тағайындағанын да еске салған.
"Ауғанстан үлкен және алуан түрлі. Нарықты зерттеп, жергілікті кәсіпкерлермен танысу керек. Ауған кәсіпкерлерін шақырып, бизнес-форум өткізгім келеді. Олар Қазақстанды, біздің мүмкіндіктерімізді көрсін. Азық-түлікпен айналысатындарды ғана емес, соңғы жолы жер қойнауын пайдаланушыларды да апардық. Өйткені ол – жер қойнауын пайдалану жағынан біршама бай ел. Олар қатты қызықты", – дейді министр.
t.me/azattyq
«Шешем қайтып келсе екен». 12 жасар украин баласының арманы
12 жастағы Саша күнұзақ телефонына қарап отырады. Соғыс кезіндегі аласапыранда көз жазып қалған анасы мен үш жасар қарындасын сағынып, олардан қалған жалғыз естелік — суреттерді медеу тұтады. Атыс кезінде Сашаның сол жақ көзіне жарықшақ тиген. Дер кезінде операция жасалмай, қазір көруден қалған. Шешесі оны госпитальға апарғанда тұтқынға түскен. Бұл кезде ата-әжесінің қолында жүрген қарындасымен де хабар үзілген. Саша қазір нағашы әжесімен тұрады. Ол шешесімен және қарындасымен қауышуды армандайды.
t.me/azattyq
АҚШ, Жапония мен Еуропа одағы БҰҰ Қауіпсіздік кеңесін реформалауға шақырды
Дүйсенбіде Нью-Йоркте өткен отырысқа Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров төрағалық еткен.
Отырысты ашқан Лавров әлем баяғы Қырғиқабақ соғыс кезіндегідей қауіпті кезеңге таяғанын мәлімдеп, БҰҰ-да Батыс елдерінің өкілдері тым көп, өзге аймақтардың өкілдері тым аз екенін айтты. Лавровтың ойынша, бұл барлық аймаққа тең қарайтын халықаралық қатынас ұстанымдарына қайшы келеді.
Лавров Ресейдің Украинаға шабуылы үшін жауапкершілікті АҚШ пен оның одақтастары арқалауға тиіс деп мәлімдеген. Оның сөзінше, Ресей әскерінің мақсаты "адамдарды Киев режимінен қорғау, НАТО қаупін жою".
t.me/azattyq
О'Салливан: Қазақстан мен Ресей арасында "әдеттен тыс тауар ағыны" байқалды
Еуропа одағының санкциясы үшінші елдерді көздемейді, одақ үшінші елдердің Ресеймен заңды сауда қатынастарына кедергі жасауға тырыспайды, алайда Брюссель "кейбір елдердегі әдеттен тыс тауар ағынына" назар аударады. Бұл туралы 24 сәуірде Астанада өткен баспасөз мәслихатында Еуропа одағының санкция бойынша арнаулы өкілі Дэвид О'Салливан айтты.
– Бұрын Еуропа одағынан Ресейге жөнелтіп жүрген экспорт өзге елдерге кетіп жатқанын және ол елдерден дәл сондай тауар Ресейге шығып жатқанын көріп отырмыз, – деді О'Салливан.
t.me/azattyq
Әскери басшылар билікке таласып жатқан Суданда Қазақстан азаматтары бар ма? СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров жауап берді.
Суданда ел әскерінің генералы мен жедел қимыл жасағының басшысы билікке таласып, қақтығыстан 270-тен аса бейбіт тұрғын қаза тапты, жүздеген адам жараланды. Ел астанасы Хартумда су, жарық жоқ. Халық қаладан қашып жатыр. Басқа елдер Суданда қалған азаматтарын эвакуациялап жатыр.
⚡Мәсімов пен орынбасарларына шыққан үкімнің жай-жапсары
Астана қаласы қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты ҰҚК экс-басшысы Кәрім Мәсімовті 18 жылға соттады. Сот үкіміне сай, Мәсімовтің мүлкі тәркіленіп, өмір бойы мемлекеттік қызметпен айналысуына тыйым салынды.
Мәсімовке «мемлекетке сатқындық жасады», «билікті күшпен басып алмақ болды», «қызметін асыра пайдаланды» деген айып тағылған.
Сондай-ақ Мәсімовтің орынбасарлары – Әнуар Садықұлов 16 жылға, Дәулет Ерғожин 15 жылға, Марат Осипов 3 жылға сотталды. Үшеуіне де мемлекеттік қызметте істеуге шектеу қойылды.
Садықұлов «мемлекетке сатқындық жасады», «билікті күшпен басып алмақ болды», «қызметін асыра пайдаланды» деп; Ерғожин «билікті күшпен басып алмақ болды», «қызметін асыра пайдаланды» деп; Осипов «қызметін асыра пайдаланды» деп айыпталды.
Төртеуі де генерал шенінен, мемлекеттік наградаларынан айырылды.
Мемлекетке 10 млрд теңге мен 24 млн $ өндірілді.
"Вагнер" "алып кеткен" Марғұлан Бекеновті үй іші әлі іздеп жатыр
Наурыздың аяғында белгісіз біреулер Томск университетінде оқып жүрген 23 жастағы қазақ студенті Марғұлан Бекеновті ұрлап әкеткен. Кейін анасы ұлын Краснодар өлкесіндегі Молькин хуторындағы "Вагнер" жеке әскерінің базасынан тапқан. Анасы Альмира Бекенованың сөзінше, Марғұлан келісімшартқа қол қоймаған. Әскери киімдегі ер адам Альмираға ұлын әкетуге рұқсат бермеген. Кейін Марғұланның майданға аттанғаны белгілі болды.
🔗Сілтеме
t.me/azattyq
"АрселорМиттал Теміртау" компаниясының заңгері, 54 жастағы Ирина Эмнің өліміне байланысты полиция қылмыстық іс қозғаған
Ирина Эмнің пышақталған денесі Қарағанды облысының Шахтинск қаласындағы пәтерінен табылған.
Эмнің денесі өртенген пәтер ішінен шыққан. Пәтердегі өрт туралы хабар төтенше жағдайлар қызметіне 23 сәуірде түскен. Төтенше жағдайлар қызметінің мәліметіне қарағанда, пәтер ішіндегі жиһаз бен тұрмыстық заттар өртенген. Өрт себептері хабарланбаған.
Жергілікті БАҚ хабарына қарағанда, Ирина Эм жұмыс істейтін компания оның қаза болғанын растаған. Өзге ақпараты тергеу байланысты бермеген.
t.me/azattyq
Қазақстан мұнайы Түркияның Жейхан портынан "ҚазМұнайГаз" компаниясының Румыниядағы Petromidia мұнай өңдеу зауытына жіберіле бастады
Бұл туралы "ҚазМұнайГаз" сайты хабарлады.
"ҚазМұнайГаздың" баспасөз хабарламасы бұл оқиғаны "отандық мұнай-газ саласындағы елеулі оқиға" деп көрсеткен.
"Әзербайжанның SOCAR компаниясымен жасалған келісім орындалып жатқаны қуантады. Бұл өзара ынтымақтастығымызды одан әрі дамытудың әлеуеті зор екендігін растап отыр" деген жөнелтуді бастау рәсімі кезінде компания басшысы Мағзұм Мырзағалиев.
t.me/azattyq
G7 елдері Украина астығы жөніндегі келісімді ұзартуға шақырды
Бұл жөнінде "жетілік" елдері сыртқы істер министрліктерінің коммюникесінде айтылған.
Азық-түлік экспорты бойынша келісімге былтыр шілдеде Стамбул қаласында Түркия мен БҰҰ ара ағайындығымен Украина мен Ресей қол қойған. Бұл келісімде Украинаның 27 миллион тоннадан асам астығын экспорттауға мүмкіндік берілген.
2022 жылы ақпанда Украинаға басып кірген Ресей таяуда бұл келісімді 18 мамырдан кейін тоқтатуы мүмкін екенін аңғартқан.
t.me/azattyq
23 сәуірде Әзербайжан сыртқы істер министрлігі мен мемлекеттік шекара қызметі Таулы Қарабақ пен Арменияны жалғайтын Лашын дәлізіндегі жолға бақылау пункті орнатылғанын мәлімдеді
Бұған дейін Баку "осы дәліз арқылы Таулы Қарабаққа қару-жарақ пен оқ-дәрі жеткізіп, Әзербайжанның табиғи ресурстары мен мәдени құндылықтарын әкетіп жатыр, сөйтіп 2020 жылы Ресейдің ара ағайындығымен жасалған бітім туралы келісімді бұзды" деп Ереванды айыптаған.
"Лашын дәлізінің бас жағына орнатылған бақылау пункті мұнан былай қауіпсіздікті қамтамасыз ететін болады", – дейді Әзербайжан сыртқы істер министрлігі.
t.me/azattyq