azattyq | News and Media

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Subscribe to a channel

Azattyq - Азаттық

23 сәуірде Ресей мемлекеттік думасының екі депутаты өлген

Екеуі де билікшіл "Единая Россия" партиясының мүшесі.
Жексенбі күні таңертең 77 жастағы депутат Николай Борцовтың өлгені туралы хабарды Липецк облысының басшысы Игорь Артамонов хабарлаған. Неден өлгені айтылмаған.

Жексенбі күні түстен кейін думаның тағы бір депутаты Жашарбек Өзденовтің өлгені мәлім болған. 56 жастағы Өзденов 2021 жылы Қарашай-Шеркестен депутат болған. Оның ауыр дерттен өлгенін "Единая Россияның" думадағы фракциясының басшысы Владимир Васильев хабарлаған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресей бір тәулікте Украинаның Запорожье облысын 70 рет атқылады

Бұл жөнінде облыстың әскери әкімшілігінің жетекшісі Юрий Малашко мәлімдеді. Оның сөзінше, дүркіндете ататын ракета жүйесі және дрондармен шабуыл жасалған. Азаматтық нысандар бүлінген, Степногорск қаласында ер адам жараланған.

Харьков облысы да атқылауға ұшырады. Облыс әкімшілігінің жетекшісі Олег Синегубов Котляры ауылындағы екі жеке үй толық қирағанын айтты. Жылыжайлар мен көкөніс фабрикасының цехы бүлінген. Ол сонымен бірге бір тәулікте облысқа 40-60 соққы жасалғанын айтты.

Херсон қаласы мен облысында да әкімшіліктің хабарлауынша, бір тәулікте 54 соққы жасалған. Бір адам өлген, екі адам жараланған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Антарктиданы бағындырған қазақ дәрігері

Азаттық Атлант мұхитын кесіп өтіп, Антарктидаға баратын кемеде жұмыс істейтін қазақ дәрігері Айжан Күнтуовамен сұхбаттасты.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Постсоветтік елдердің егемендігіне байланысты қытай дипломатының мәлімдемесінен кейін Латвия, Литва және Эстония сыртқы істер министрліктері Қытайдың осы елдердегі өкілдерін шақырды.

Балтық елдердің наразылығына Қытайдың Франциядағы елшісі Лу Шаеның сұхбаты түрткі болған. La Chaîne Info телеарнасының эфирі кезінде журналист дипломаттан "Қырым Украинаға тиесілі ме?" деп сұраған. Ал дипломат "бұл мәселені қалай қабылдауыңызға байланысты" деп жауап берген. Бұдан соң Лу Қырым бастапқыда "Ресейдікі" болған, кейін "Хрущев заманында Украинаға берілгенін" айтқан.

Журналистің "халықаралық құқық бойынша Қырым Украина территориясы болып саналады" деген сөзіне жауап берген қытай дипломаты "бұрынғы совет одағына мүше елдердің халықаралық құқықта мәртебесі жоқ", "себебі оларды егемен ел ретінде нақтылайтын халықаралық келісім жоқ" деп жауап берген (мұндай келісімнің керегі жоқ – СССР құрамында болған республикалар егемендігін жариялап, өзге мемлекеттер оларды мойындаған және БҰҰ-ға мүше болып қабылданған – Азаттық).

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Су-34 ұшағы қателесіп бомба тастаған Ресейдің Белгород қаласында жарылыс орнында тағы бір авиациялық бомба табылды.

Бұл жөнінде Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков хабарлады.

Оның сөзінше, жарылғыш затты саперлар тапқан. Ресей қорғаныс министрлігінің мамандары оны полигонда залалсыздандыру туралы шешім қабылдаған.

Baza Телеграм-арнасының жазуынша, авиабомба жер астында жатыр. Снаряд жеті метр тереңдікке кіріп кеткен.

Гладковтың айтуынша, 200 метр радиустағы 17 көп қабатты үй тұрғындары эвакуацияланады. Әзірге толық емес мәлімет бойынша, 3 мыңнан астам адам басқа жаққа көшіріледі.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресей Қырғызстаннан сүт өнімдерін импорттауды тоқтатты. Мұндай ақпарат қырғыз әліпбиін латынға көшіруге дайын екендігі жөнінде мәлімдемеден кейін пайда болды.

"Россельхознадзор" 21 сәуірде Қырғызстаннан келген сүт өнімдерін тексергеннен кейін өндірушілердің "өнім сапасын дұрыс бақыламайтыны" анықталды деп мәлімдеді.

Ресей билігі жылдар бойы "Россельхознадзорды" Мәскеуге әрекеті жақпай қалған бұрынғы совет республикаларына қарсы ықпал ететін тетік ретінде пайдаланады. Ресей бұрын Армения, Беларусь, Грузия, Молдова және Украинамен қарым-қатынасы нашарлаған кезде осы елдерден өнім тасымалдауға тыйым салған. Бұл елдер Мәскеудің әрекетін "экономикалық санкция" деп атаған.

Импорт тоқтамай тұрып бір күн бұрын Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Осмоналиевпен кездесіп, оны Мәскеуге ұнамай қалған 19 сәуір күнгі қырғыз әліпбиін латынға көшіру туралы мәлімдемесі үшін сөккен.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Журналист Данияр Молдабеков телеграм-арнасына боттар шабуылдап, аккаунты бұзылғанын хабарлады. Айтуынша, түнде бірнеше сағат ішінде жазылушылар саны шамамен үш мыңға күрт көбейіп, телефон, аты-жөні көрсетілмеген, суреттері жоқ аккаунттар көбейген.

Ол бұған дейін телеграм-арнасында билікке жақпауы мүмкін жазбалар жарияланғанын еске салады.

“Алдыңғы күні телеграм-арнамда президенттің немере інісінің Ресей азаматымен бірігіп жүргізген бизнесі туралы жазба жарияланды. Ал кеше Әлия Нұрсұлтанқызы туралы шықты. Арнамды бұғаттамай тұрған кезде оқып алыңыздар. Мен үнемі Қаңтар туралы жазып жүрмін, осы тақырып бойынша кітабымның мәтіні де дайын. Апта сайын әуежайды басып алу ісі бойынша соттан ақпарат таратып келемін. Бір ай бұрын мені подъезде ұрып кетті...Қысқасы, бірдеңе болып жатыр” деп жазды журналист сенбі күні таңертең.

Биыл 22 ақпанда журналист Данияр Молдабеков өзін медициналық маска таққан біреу Алматыдағы үйінің подъезінде ұрып кеткенін айтқан.

Халықаралық баспасөзді қорғау ұйымдары жағдайға алаңдап, Қазақстан билігін "журналистерге жиілеген шабуылдың жаңа толқынын" зерттеп, кінәлілерді жауапқа тартуға үндеген.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Путинді тұтқындау ордері: "үнсіз қалғандар мен Мәскеуден сескенгендер". Соғыс жылдамдатқан отарсыздандыру

Батыс басылымдары бұл аптада Гаагадағы халықаралық қылмыстық соттың Ресей президенті Путинді тұтқындау ордері жайлы посткеңестік кеңістіктегі мемлекеттердің реакциясы әртүрлі болғанын, көпшілігі Мәскеуді ашуландырмауға тырысқанын жазды. Сонымен қатар Қазақстан Ресейді айналып өтетін дәліз арқылы мұнай экспортының көлемін арттырғанына тоқталды. Одан бөлек Украинадағы соғыс Қазақстандағы деколонизация процесін тездеткенін талдады.

🔗ОҚУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Вагнерге" қосылған қазақ, Украинаның қарымта шабуылы – 21 сәуір┃AzatNEWS

📌 Ресейде оқып жүрген қазақ студент "Вагнер" жасағына қосылып, Украинаға қарсы соғыспақ. Анасы оны мәжбүрлеп әкетті деп, қайтаруды талап етті.

📌 БАҚ Украинаның Ресейге қарымта шабуылы жайлы жиі жаза бастады. Бірақ Киев Батыс елдерінен әскери көмекті күшейтуді сұрап отыр.

📌 Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында жұмыс талап еткен тұрғындар әкімдік алдынан тарамай тұр. Билік талапты бірден орындау мүмкін емес дейді.

🔗КӨРУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Украинаның одақтастары Германияда "Рамштайн" форматында 11-рет кездесті

Ресей басқыншылығына қарсы шайқаста Украинаға қолдау көрсететін Батыс мемлекеттері 21 сәуірде "Рамштайн" форматындағы жиынын 11-рет өткізіп жатыр. Германияда орналасқан АҚШ әскери базасының атымен аталатын бұл жиын тура бір жыл бұрын бірінші отырысын өткізген еді.

Жалпы отырыс басталмас бұрын Украина қорғаныс министрі Алексей Резников пен АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин келіссөз жүргізді.

Резниковтің сөзінше, бүгінгі кездесуде Украинаға көмек ретінде қару-жарақ беру мәселесімен бірге осы жылдың аяғына дейін Украинаны қолдау стратегиясының жай-жапсары да талқыланады. Бұған дейін Украина өкілдері әуе шабуылынан қорғану жүйесіне аса мұқтаж болып отырғанына, Батыстағы серіктерінен сондай қару-жарақ күтетініне айрықша назар аударылады деген хабар тараған. Бұған қоса, Киев Батыс елдерінен алғысы келетін қазіргі заманғы әскери жойғыш ұшақтар мәселесін тағы да қозғамақшы екені айтылған.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Оператор РОП" соты: жауапкерлер тағылған айыпты мойындамады

"Оператор РОП" ("Өндірушілердің кеңейтілген міндеттемелері операторы") ісі бойынша айыпталып жатқан бұрынғы экология, геология және табиғи ресурстар министрінің орынбасары Ахметжан Пірімқұлов, "Оператор РОП" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің бұрынғы басқарма төрағасы Медет Құмарғалиев, компанияның бұрынғы бас директоры Светлана Коротенко және компанияның бұрынғы қаржы директоры Рүстем Темірбек өздеріне тағылған кінәні мойындаудан бас тартқан. Бұл туралы 21 сәуірде сот отырысына қатысып отырған "Власть" тілшісі хабарлады.

Пірімқұлов пен Құмарғалиев "қылмыс істеген жоқпыз", "айыпты мойындамаймыз" деп мәлімдеген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

«Құдаймен қазақша сөйлесуге тырысамын»: Шіркеуде Киелі кітапты қазақша оқитын Иаков

Әлеуметтік желіде Ақтөбедегі шіркеуде Пасха мерекесінде Киелі кітап (Евангелие) үзіндісін қазақ тілінде оқыған дін қызметкері Иаков Воронцовтың видеосы тарады. Ол Азаттыққа неліктен үзіндіні қазақша оқығанын және қазақ тілінің маңызы туралы айтып берді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Интернетте қазақстандық студент Марғұлан Бекеновтің Ресейдегі "Вагнер" жеке әскери тобының қатарына "өз еркіммен қосылдым" деген видеосы тарады.

Ол видеода "ЧВК Вагнер" қатарына "соғысу үшін, арнайы әскери операцияға* көмектесу үшін қосылғанын", "жағдайы жақсы екенін" айтады.

Бұл видеоны Бекенов өз еркімен жазды ма әлде қысыммен жазды ма белгісіз.

*Ресей билігі Украинаға басқыншылығын «арнайы әскери операция» деп атап, "соғыс" сөзін қолданғандарды жазалайды.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Шығыс Қазақстан облысындағы Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьковой қайтыс болды

21 сәуірде 40 жасқа қараған шағында Шығыс Қазақстан облысы Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьковой қайтыс болды. Шығыс Қазақстан облыс әкімдігінің ішкі саясат басқармасы Горьковой "жүрек ауруынан қайтыс болғанын" хабарлады.

Дмитрий Горьковой былтыр жылу орталығындағы апатқа байланысты мыңдаған халқы қақаған қыста жылусыз қалған Риддер қаласын 2020 жылғы қыркүйектен бері басқарған. Оған дейін 2015-2020 жылдары Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары болған. Еңбек жолын туған жері Шемонаиха ауданы қаржы полициясы органдарында бастаған.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Петропавлда "тәуелсіздік" жариялаған "халық кеңесінің" үш мүшесі екі айға қамалды

СҚО прокуратураның хабарлауынша, 18 сәуірде “мемлекеттің қауіпсіздігін ыдыратуға үгіттеді” (179-бап) және “сепаратистік әрекет жасады” (180-бап) деген күдікпен үш адам ұсталған. 20 сәуірде сот оларды екі айға қамау туралы шешім шығарған.

Осыған дейін бұл адамдар "тәуелсіздігін" жариялайтыны туралы мәлімдеме жасап, қоғамда резонанс тудырған еді.

Облыстық прокуратура хабарына қарағанда, тергеу барысында 2023 жылғы 19 наурызда Солтүстік Қазақстан университеті колледжінің ғимаратында "халық кеңесінің" 20 мүшесі қатысқан жиналыс өткені, онда топ өздерін "СССР-дың ізбасары" деп есептейтінін мәлімдегені белгілі болған.

Бұған дейін аталған топ өкілдері видео жариялап, Қазақстанның тұтастығына қол сұқпағанын, өзге елдердегі тыйым салынған қауымдастықтарға қатысы жоғын айтқан еді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Кипр Украинаға басып кіргені үшін Ресейге салынған санкцияны айналып өтуге көмектесті деп күдікке ілінген жеке және заңды тұлғаларға қатаң шара енгізілгенін жариялады

Қаржы комиссары Павлос Иоанну Кипрдің CyBC телеарнасына берген сұхбатында күдікке ілінген тұлғалардың активтері бұғатталғанын айтты. Алайда мәселе нақты қанша адам және ұйым жөнінде болып отырғанын айтпады.

Кипр орталық банкінің жетекшісі осы аптада президент Никос Христодулидиске 13 жеке тұлға мен бірнеше компанияның шоты бұғатталғанын айтқан еді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Жозеп Боррель Тайваньға Еуропаның теңіз күштерін жіберу керектігін айтты

"Тайвань бізге экономика, сауда және технология тұрғысынан маңызды. Сол себепті Еуропаның әскери-теңіз күштерін Тайвань бұғазын күзетуге шақырамын. Осылайша Еуропаның осындай маңызды аумақта жүру еркіндігін қолдайтынын ашық көрсетуге үндеймін" деп жазды Боррель француздың Journal du Dimanche басылымында жарық көрген шағын мақаласында.

Екі апта бұрын Қытай Тайвань маңында үш күндік әскери жаттығу өткізіп, "аралды қоршап, соққы жасауды" пысықтаған. Мұндай жаттығу Тайвань президенті Цай Инвеньнің АҚШ-қа сапарынан кейін басталды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Путиннің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың ұлы Николай "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясында қызмет еткенін мәлімдеді

Ол Украинадағы әскери қимылдарға қатысқанын айтып, "Ерлігі үшін" медаль алғанын жеткізді. Кіші Песков мұнысын "Комсомольская правда" газетіне берген сұхбатында баяндаған.

Былтыр өзін әскери комиссар деп таныстырып, шақыру берген "Популярная политика" арнасының жүргізушісі Дмитрий Низовцевке Николай Песков "әскери комиссариатқа бармайтынын" айтқан еді.

"Мен Песков мырзамын. Менің ол жақта жүргенім дұрыс емес болатынын түсінуге тиіссіз. Мен мұны басқа деңгейде шешемін" деген еді ол.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Круиздегі 700 адамның денсаулығына жауаптымын". Антарктидаға баратын кемеде жұмыс істейтін қазақ дәрігер

Бұл құрлықта қараша айынан наурызға дейін туристік маусым. Осы уақытта Айжан жұмыс істейтін круиз кемесі 10 күн сайын әлемнің әр жерінен келген туристерді Антарктидаға апарады.

— Менің кемедегі күнім пациенттерді қабылдап, оларға көмек берумен басталады. Таңғы сағат 7-ден кешкі 8-ге дейін жұмыс істеймін. Жанымда екі мейіргермен бірге круиздегі 700-ге жуық адамның денсаулығына жауаптымыз, – дейді дәрігер.

40 жастағы Айжан – Антарктидаға саяхат жасайтын норвегиялық круиз кемесіне қызмет көрсететін америкалық медициналық компанияның дәрігері. Сөзінше, саяхатқа арналған круиз кемелері жыл бойы түрлі ел мен жерді аралап жүреді. Ал Антарктидада туристік маусым басталғанда кеме Антарктидаға жақын елдерге келеді. Айжан бұл маусымда Багам аралынан келген круизге Чилиден қосылған. Кейін олар Аргентинаға барып, сол жерден жолаушыларды алып, Антарктидаға саяхатты бастаған.

🔗ЖАЛҒАСЫН ОҚУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Зеленский географиялық нысандарға Ресеймен байланысты атау қоюға тыйым салатын заңға қол қойды.

Құжат жоғарғы рада сайтында жарияланды.

Заң географиялық нысандарға Ресейді "ұлықтайтын, насихаттайтын немесе бейнелейтін" ат қоюға тыйым салады. Атап айтқанда, Ресейдің тарихи, мәдени орындары, тарихи деректер мен оқиғаларымен байланысты атауларға тыйым салынған. Заң "Украина мен өзге мемлекеттерге әскери басқыншылық жасаған" және диссиденттерді қудалаған ресейлік тұлғаларға да қатысты.

Заң жобасына берілген түсініктемеде бұл "империалистік отаршылдық мифтерін жойып", "украиндарға өз жеріне толық иелік етуіне" көмектеседі деп жазылған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстанға сапарлаған алғашқы шетелдік ресми қонақ және Назарбаевтың ядролық қарудан бас тартпаған кезі

Ел тәуелсіздігін жариялаған күннің ертесінде Алматыға сапарлаған шетелдік ресми делегациямен келіссөзден кейін президент Назарбаев Қазақстанның ядролық қарудан әл-әзір бас тартпайтынын мәлімдейді. Осы күнгі саяси оқиғалар туралы «Азаттық радиосы – 70» подкасының кезекті эпизодынан толығырақ тыңдауға болады.

🎧ТЫҢДАУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресейдің Томск мемлекеттік университетінде оқыған қазақстандық студент Марғұлан Бекенов ресейлік "Вагнер" жеке әскерінің қатарында Украинадағы соғысқа аттанған. Анасы «ұлымды соғысқа күштеп әкетті» десе, Бекенов майданға өз еркімен кеткенін айтып видео таратты. Қазақстан Сыртқы істер министрлігі де ол соғысқа өз ықтиярымен кетті дейді. Ал Томск мемлекеттік университеті қазақстандық студентті оқудан шығарған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Өзенмұнайгаз" бен "БерӘлі Маңғыстау company" мекемесінің лауазымды тұлғаларына қатысты тергеу жүргізіліп жатқаны хабарланды.

Соңғы аталған компанияда істеп, жұмыссыз қалған мұнайшылар жуырда Астанаға келіп, наразылық өткізген еді.

Қаржы мониторинг агенттігіне қарасты Маңғыстау облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті тергеу жүргізіліп жатқанын Ulysmedia сайтына растаған.

"Өзенмұнайгаз" бен "БерӘлі Маңғыстау company" мекемесінің лауазымды тұлғалары "ірі көлемде қаржы жымқырды" деген күдікке ілінген.

Сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатқаны хабарланды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Жаңаөзен халқы жұмыс сұрап, тағы далада түнеп жүр

Жаңаөзенде әкімдік алдына топталған жұмыссыз қала тұрғындары тарқамай тұр. Олар сәуір басталғалы әкімдік алдына қонып жүр. Ауық-ауық президентке, жергілікті билікке қарата үндеу жолдайды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Сот феминистік қозғалыс белсенділерінің Алматы әкімдігіне қарсы талабын қанағаттандырмады

21 сәуірде Алматының ауданаралық әкімшілік сотының судьясы Камила Сәлімбаева "КазФем" қозғалысының белсендісі әрі "Считается" жобасының негізін қалаушы Вероника Фонованың Алматы қаласының әкімдігі мен әкім Ерболат Досаевтың үстінен берген талап арызын қанағаттандырған жоқ. Алматыда 8 наурызда феминистік марш өткізуге келіспеген қала билігін сотқа берген белсенді судьядан әкімдік шешімін заңсыз деп тануды сұраған.

Әкімдік 8 наурызда Шевченко көшесімен шеру өткізуге "Волонтерлер лигасы" өзгелерден бұрын – 2022 жылғы 14 желтоқсанда өтініш беріп қойғанын, ал феминистерден өтініш биыл ақпанның басында түскенін айтып, феминистік шеруге келісім бермеген. Сот әкімдіктің феминистер шеруіне келісім бермегені заңды деген қаулы шығарды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

«Саяси полиция». Тоқаев ҰҚК құзыретін не үшін күшейткелі отыр?

20 сәуірде ұлттық қауіпсіздік комитетінің құзыретін күшейтетін президент жарлығының жобасын талқылау аяқталды. Азаматтық белсенділер бұл жоба комитеттің митингілерді бақылау, азаматтарды қудалау құзыретін одан әрі кеңейте түседі деп қауіптенеді. Депутаттар бұған келіспейді. Жарлық қабылданса, не өзгеретінін Азаттық құқық қорғаушыдан сұрап көрді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Полиция ерлі-зайыпты журналистер Владимир және Наргиз Северныйлар ұсталғанын растады

Полицияның мәліметіне қарағанда, Алматыдағы компаниялардың бірінің жетекшісі олар “ұнамсыз материал жарияламас үшін ақша талап еткені" жөнінде арыз түсірген. "Сол ақшаның бір бөлігін беру кезінде" ерлі-зайыпты ұсталған.

“Қазіргі кезде тергеуді толымды, жан-жақты жүргізуге бағытталған жедел тергеу шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Соның нәтижесінде заңды процессуал шешім қабылданады” деп жазылған хабарламада.

Полиция хабарламасында кәсіпкер немесе компанияның аты аталмайды.

Жергілікті БАҚ-тың жазуынша, жуырда Наргиз Северная армиядағы мәселелерді қозғағаны үшін күйеуін “арандатуы мүмкін екені” жөнінде жазған.

Владимир Северный – әскери тілші. Кейінгі жылдары әскери салаға қатысты мақалалары "Караван" басылымында жарық көрген.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматыда ерлі-зайыпты журналистер Владимир және Наргиз Северныйлар ұсталды деп хабарлады олардың балаларының видеомәлімдемесіне сүйенген журналист Михаил Козачковтың телеграм-арнасы.

Видеомәлімдемеде олардың ұлы Ратмир Северный ата-анасын 20 сәуірде кешкі сағат 7-де “Достық плазадан” полицейлер ұстап әкеткенін айтып, көмек сұраған. Ерлі-зайыпты Северныйларды “бопсалады” деп айыптап отырған болуы мүмкін. Кейбір БАҚ-тың хабарлауынша, мұның Наргиз Севернаяның жуырда қорғаныс министрін сынап жазған жазбасына қатысы болуы ықтимал.

Азаттық Алматы қалалық полициясының баспасөз қызметіне хабарласқанымен, жауап ала алмады.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресейлік жойғыш ұшақ Белгород қаласына қателесіп бомба тастаған

Бұл жөнінде Ресей қорғаныс министрлігі хабарлады. Ресейдің Белгород қаласындағы телеграм-арналарда бейсенбі күні кешкісін қала көшелерінің бірінде үлкен шұңқыр пайда болғаны жөнінде суреттер мен видеолар жарияланған. Ведомство “авиациялық оқ-дәрі кенеттен сырғып түсті” деп түсіндірді. Белгород облысының губернаторы Вячеслав Гладков Белгородта жарылыс болғанын растады. Екі адам зардап шеккен. Басы жарылып, миы шайқалған бір адам ауруханаға жеткізілген. Екінші адам ауруханаға жатудан бас тартқан.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Адвокат: Қарақалпақ белсендісі Тәжімұратов түрмеде қысым көріп жатыр

"6 сәуірде Ташкентке жеткізген күні оның шашын тықырлап алып тастады. Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ, сол себепті ол кінәсі дәлелденген қылмыскерге жатпайды. Бұлардың істеп отырған әрекеті – заңсыздық. Соған қарағанда, оған камерада күн бермеу жөнінде биліктен тапсырма түскен болуы керек. Оған мақтасыз, жыртылған, ескі матрас берген. Сасық жастық пен ағал-жағал тыс әкелген. Камераны тазалауды бұйырған, бірақ сыпыртқы, шелек, шүберек бермеген. Ештеңе бермеген.

Оның қасына халық арасында "жалбыр шаштылар" деп аталатындарды орналастырған. Олар физикалық және психикалық қысым көрсетіп жатыр. 6 сәуірде Жоғарғы сотқа іспен танысуға алып келген уақытта ол өз құқықтарын қорғағысы келген, бірақ айдауылдар оның қолын бұрап, ұрып-соққан. Камерада да ұрған, өйткені ол заңсыз әрекеттер жасауға келіспеген", – дейді "Нөкістегі жаппай тәртіпсіздікті ұйымдастырды" деп сотталған Дәулет Тәжімұратовтың адвокаты Сергей Майоров.

Читать полностью…
Subscribe to a channel