azattyq | News and Media

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Subscribe to a channel

Azattyq - Азаттық

Алматыда әділетсіз сайлауға қарсы бейбіт митингіге қатысқаны үшін тағы екі адам әкімшілік жауапқа тартылды.

Сот белсенділер Дінмұхамед Қаматай мен Александр Щекутеевке айыппұл салды. Sud.kz сайтындағы мәліметке қарағанда, Дінмұхамед Қаматайға – 172 500 теңге (377 доллар), Александр Щекутеевке – 72 450 теңге (158 доллар) көлемінде айыппұл салынған.

9 сәуірде Алматыда “Халық парламенті” митинг өткізіп, сайлаудағы заңсыздықтарды айтқан. Оның нәтижесін жоюды талап еткен. Билік сайлауда ірі заңсыздық болғанын мойындамайды.

Бұған дейін қалада осы митингіге байланысты кемінде 14 белсенді жазаланған. Арасында Рысбек Сәрсенбайұлы, Әлнұр Ілияшев, Мұхтар Тайжан, Асылбек Қараев бар. Бір күн бұрын адвокаттар қудалауды доғаруды талап етіп, президентке үндеу жасаған.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматы іргесіндегі ауыл халқы өз жолын өзі төсеп алып жатыр

Алматы іргесіндегі Жандосов ауылының тұрғындары батпақ жолдан әбден шаршап, өз бетінше жол салуға кірісіп кетті. Ауылдағы әр шаңырақ ай сайын 3 мың теңгеден жинап, бір-біріне көмектесіп жатыр. Олар жергілікті әкімдіктен үміт үзген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Шетелдегі миллиардтар, жолға мұқтаж ауыл, Столтенберг сапары - 20 сәуір AzatNEWS

📌 Шетелге миллиардтаған долларды заңсыз шығарғандар кім? Үкіметтік комиссия ешкімнің атын атамайды. Комиссия жұмысына күдікпен қараған сарапшылар "тиюге болмайтындардың тізімі бар ма" деп күмәнданады.

📌 Алматы қаласының іргесіндегі Жандосов ауылының тұрғындары жол жөндеу үшін қор құрып, қаражат жинауға кіріскен. Жергілікті билік бюджеттен бөлінген ақша жетпейтінін айтады.

📌 Қазақстан президентінің ҰҚК қызметін өзгерту туралы жарлығының жобасын талқылау аяқталды. Құқық қорғаушылар президент жарлығы арқылы комитет бейбіт митингіге қатысушыларды ашық қудалауы мүмкін дейді.

📌 Йемен астанасында қайырымдылық акциясы кезінде 78 адам қысылып қалып қаза тапты. Ал НАТО бас хатшысы соғыс басталғалы алғаш рет Украинаға барды.

🔗КӨРУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ақтөбеде Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан Русланбек Жұбаназаровтың ісі осымен екінші рет жабылды. Бұл туралы Азаттыққа құқық қорғаушы Амангелді Шорманбаев пен марқұмның жақындары хабарлады.

- Полиция мен прокуратура тағы да "бұл істе қылмыс құрамы жоқ" деп отыр, - дейді Шорманбаев.

Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан ақтөбелік Русланбек Жұбаназаровтың ісі осымен екінші рет жабылды. Жұбаназаровтың қазасынан соң "билікті немесе лауазымдық өкілеттілікті асыра пайдалану" бабы бойынша қозғалған қылмыстық іс 2022 жылы шілдеде тоқтатылған еді. Ол кезде де тергеу "істе қылмыс құрамы жоқ" деп шешкен болатын.

Биыл 24 қаңтарда Ақтөбе қаласының мамандандырылған тергеу соты Русланбек Жұбаназаров отбасының осы кезге дейін жәбірленуші деп танылмауын заңсыздық деп, істі қайта тергеуді тапсырған еді.

Осыдан соң Ақтөбе облысы полиция департаменті өзіндік қауіпсіздік басқармасы Русланбек Жұбаназаровтың қарындасы Жайнагүл Бүркітқызын 16 ақпанда жәбірленуші деп таныған. Бірақ полиция жәбірленушіні қылмыстық іс материалдарымен таныстырмай, істі екінші рет жауып тастаған.

Ақтөбе полициясы Азаттықтың Жұбаназаров ісі туралы сауалдарына жауап бермеді. Прокуратура ресми сауал жолдауды сұрады.

Ақтөбе облысы Шалқар ауданы Мөңке би ауылының 30 жастағы тұрғыны Жұбаназаров Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшқан. Алғашында органдар "террорист" деп айыптап, траншеяға көмбек болған Жұбаназаровтың сүйегі туыстарына шамамен бір ай уақыттан кейін, 2022 жылғы 8 ақпанда берілген. Туыстары марқұмды келесі күні, 9 ақпанда туған жері Мөңке би ауылына жерледі.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Жаңаөзенде “Өзенмұнайгаз” кеңсесі алдында тұрақты жұмыс талап етіп тұрған мұнайшылар бізді қудалап жатыр деп шағымданды. Олардың айтуынша, 20 сәуірде оларға жергілікті прокуратура мен әкімдік өкілдері келіп, ескерту жасап таратуға тырысқан.

Мұнайшылар жіберген видеода әкімдік пен прокуратура өкілдері оларға “жиналып тұрғандарың заңсыз” деп ескертіп жатқаны көрінеді.

“Біз осы жерде тәртіп бұзып тұрмыз ба?” деген мұнайшылардың бірінің сұрағына әкімдік өкілі нақты жауап бермеді.

"Өзенмұнайгаз" алдында тұрған мұнайшылар – Астанада ҚМГ өкілдерімен келіссөз жүргізуге қалған 10 мұнайшының әріптестері, "БерӘлі Маңғыстау Company" мекемесінің бұрынғы жұмысшылары. Бұған дейін Астанаға барған мұнайшыларға ҚМГ мен билік өкілдері талаптарын қарастыруға уәде беріп, басым бөлігін Жаңаөзенге қайтарған еді.

Жаңаөзен әкімдігі алдында тұрған жұмыссыз тұрғындар да өздеріне полиция келіп, қудалағанына шағымданды.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алматыда “Халық парламентінің” 9 сәуір күнгі митингісіне қатысты тағы бір белсендіні әкімшілік жауапқа тартайын деп жатыр. Адвокат Айнара Айдархан Facebook-та мәжіліс депутаттығына үміткер болған Дінмұхамед Қаматай полицияда отырғанын, онлайн сот өтетінін хабарлады.

Дінмұхамед Қаматай сотқа тартылса, ол 9 сәуір күнгі митингіге қатысты әкімшілік жауапқа тартылған 15-ші адам болады.

Бүгін Алматыда адвокаттар мен құқық қорғаушылар Тоқаевқа үндеу жасап, белсенділерді қудалауды доғаруды талап еткен.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Мобилизациядан қашқан Ресей азаматы Қазақстаннан пана сұрады

Ресей құрамындағы Қалмақияның астанасы Элиста қаласының тұрғыны Игорь Санджиев Mgorod.kz сайтына берген сұхбатында Қазақстанның батысындағы Орал қаласында екенін және босқын мәртебесін алғысы келетінін айтқан. Оның сөзінше, 13 сәуірде еңбек және әлеуметтік қорғау департаменті оның өтінішін қабылдап, пана іздеуші тұлға куәлігін берген.

Санджиев сұхбатта "әскери қимылға қарсы екенін" атап өткен. Ол Қазақстан территориясын Ресейдің Волгоград облысы жағынан кесіп өткен. "Жәй ғана тікенек сымтемірді аттап өттім" деді ол. Бұдан соң Сайхин ауылынан таксимен Орал қаласына келген. Сол жақта Санджиев еңбек және әлеуметтік қорғау комитеті департаментіне қайырылған.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

“ҚазМұнайГаз” компаниясының баспасөз қызметі Азаттыққа “ақпарат болған кезде баспасөз хабарламасын таратамыз” деп, сұрақтарға жауап беруден бас тартты.

Ал мұнайшылар Астанадағы келіссөзге қатысты бүгін сағат 17.00-де конференция өткізетінін айтып отыр.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Алаңда өлең оқып, айыппұл арқалаған құрылысшы жігіт

9 сәуірде Алматыда сайлау нәтижесін жоюды талап еткен митингіде өлең оқыған белсенді Бауыржан Әтінбаевқа сот 172 мың теңге айыппұл салды. «Халық парламенті» оппозициялық тобының мүшелерімен бірге алаңға митингіге шыққан Бауыржан құрылыста істейді. Билікке қарсы өлеңдер жазып жүрген ақын – әкімдік рұқсат етпеген митингіден кейін жауапқа тартылған оныншы адам.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев “заңсыз шығарылған активтерді қайтару” комиссиясы осы күнге дейін 670 млрд теңгені елге қайтарғанын мәлімдеді. Ол Transparency Kazakhstan қорының “қайтару процесінде ашықтық жоқ” деген тұжырымына келіспейді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Украина қалалары тағы шабуылға ұшырады. Киевке "NASA спутнигі құлады"

19 сәуір кешке Днепрде жарылыс болғанын жергілікті телеграм-арналар жазды. Иранның камикадзе-дрондары Украинаның Днепропетровск облыстарында да байқалған. Украина президенті кеңсесінің жетекшісі Андрей Ермак әуе шабуылынан қорғайтын жүйе әуе соққыларына тойтарыс беріп жатқанын мәлімдеді.

Жергілікті билік тұрғындарды сыртқа шықпауға, украин әскерінің қозғалысы туралы ақпарат таратпауға үндеді.

19 сәуірде кешке Киев тұрғындары қала төбесінен жарқыраған белгісіз бір нысанды көрді. Әзірге толық емес мәлімет бойынша, ол Жерге NASA спутнигі құлағанына байланысты болуы мүмкін. Бұл жөнінде Киев қалалық әскери әкімшілігі хабарлады. Украина қарулы күштері де Facebook-те оқиғаны сонымен байланыстырды.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тоқаевтың кеңесі, ақынға айыппұл — AzatNEWS 19042023

📌 Астанада президент Қасым-Жомарт Тоқаев билік өкілдерінің басын қосып, кеңес өткізді. Тікелей эфирде көрсетілмеген, журналистерді бір кабинетке қамап қойған кеңесте елдің әл-ауқаты туралы айтылды.

📌 9 сәуір күні сайлау нәтижесін мойындамайтындарын айтқан белсенділердің жиынына қатысып, өлең оқыған тұрғынға 172 мың теңге айыппұл салынды.

📌 Ақтөбеде 340 адам «Бақытты отбасы» бағдарламасымен берілетін пәтерін ала алмай жүр.

🔗КӨРУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

“Қазір күн сайын Қазақстанға шамамен 7 мың ресейлік келіп, сонша адам елден шығады”

19 сәуір күнгі брифинг кезінде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі осылай деп мәлімдеді. Қазір бұл тұрғыда не өсу, не кему көрсеткіші байқалмайды деді.

“Былтырғы оқиғаларға байланысты мемлекеттік органдар бақылау тетігін жасап шығарған. Бұл шекара қызметінен бастап, уақытша тұруға рұқсат қағазын алғанға дейінгі процестерді автоматтандырумен байланысты. Сәйкесінше, былтыр келген азаматтар ЕАЭО елдерінде тұру бойынша жаңа ереже қабылданғаннан кейін Қазақстанда күнтізбелік 180 күн ішінде 90 күннен артық бола алмайды” деді министрлік өкілі Ілияс Еспанов.

Кей дерекке қарағанда былтыр мобилизациядан кейін Ресейден 400-800 мың адам қоныс аударған. Эмигранттардың 100 мыңнан астамы Грузияда, тағы 100 мыңы Қазақстанда қалған. Шамамен 40 мыңы Арменияға барған. Шамамен 35 мыңы Израильге, Қырғызстанға және Еуроодақ елдеріне кеткен деп айтылады.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

ШҚО әкімі Даниал Ахметов мәжілістің бұрынғы депутаты Берік Дүйсембиновтің "...Өскеменге барсаңыз, сондағы жердің барлығы Даниал Ахметовке тиесілі" деген мәлімдемесін терістеп, “бос сандырақ” деп атады. Ахметов жанындағы журналиске де шүйлікті.

Былтыр желтоқсанда сол кездегі мәжіліс депутаты Берік Дүйсембинов мәжіліс отырысында облыс аумағындағы жерлерді әкімдер иемденіп алғанын сынап, өзге әкімдермен бірге Ахметовті де айыптаған еді

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тоқаев қатысқан кеңестен ақпарат таратқан журналистер үшінші қабаттан түсіп келеді. Әдетте ақпарат құралдарын президент кеткен соң ғана залдан жібереді. Кеңестің өзі екінші қабатта өткен.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Томск мемлекеттік университетінде оқитын қазақстандық студент Марғұлан Бекенов ресейлік "Вагнер" жеке әскерінің қатарында Украинадағы соғысқа аттанған.

Бекеновтің анасы Алмира Бекенова Азаттықтың Сибирь. Реалии сайтына ұлын "Вагнерге" күштеп арбап қосып, соғысқа әкеткенін айтқан.

"Наурызда ол Томскіден аяқастынан Краснодар аймағына кеткенде қатты таң қалды. Ол қызыма кеттім деді, кейін оны ұрлап, арбап "Вагнер" тобына қосқаны белгілі болды. Онымен Молькинода кездесуге мүмкіндік алдым, ол жердің бәрінде вагнерліктердің плакаттары ілулі тұр. Ұлыммен дұрыстап сөйлесуге мүмкіндік берген жоқ, жағдайы қиын. Ұлым келісім шартқа қол қоймадым деп отыр" дейді Бекеновтің анасы.

Қазір Ресейде жүрген Алмира Бекенова "Вагнер" ұлын 12 сәуірде майданға жібергенін айтады.

Ал Қазақстан сыртқы істер министрлігі Марғұлан Бекенов "Вагнер" қатарына өз еркімен қосылған деп мәлімдеді.

"Бізде бар мәлімет бойынша, бұл азамат "Вагнер" жеке әскер тобымен ерікті түрде келісімге қол қойған. Қазақстанның Ресейдегі елшілігі бұл азаматтың туыстары қайырылған соң Ресейдің тиісті органдарына сұрау салды. Ақпаратты тексеріп жатырмыз. Консул азаматтың туыстарымен байланыста" деді министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияров.

"Вагнер" - Ресей президенті Путиннің аспазы Евгений Пригожинге тиесілі жеке әскери бөлім. "Вагнерліктер" Сириядағы, Африка елдеріндегі және Украинадағы соғысқа қатысып жатыр. Сарапшылар "Вагнер" тобының көп әрекетін әскери қылмысқа жатқызады. Пригожин өзінің жеке әскери бөліміне Ресей түрмелерінде отырғандарды, Орталық Азиядан келген мигранттарды тартқан.

Қазір "Вагнер" Украинаның Бахмут қаласында болып жатқан ауыр шайқасқа қатысып жатыр. Украинадағы соғыста Пригожин "әскерінің" көп шығынға ұшырағаны да айтылады.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Украиналық фотограф Евгений Малолетканың Мариуполь қаласынан түсірген мына суреті фотожурналистикадағы беделді World Press Photo сыйлығының «Жыл фотосы» номинациясында үздік деп танылды.

Малолетка бұл фотоны былтыр 26 наурызда Ресей әскері Мариупольдегі перзентханаға шабуылдаған кезде түсірген еді.

Фотодағы әйел – 32 жастағы Ирина Калинина мен оның құрсағындағы баласы шабуылдан қаза тапқан.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

20 сәуірде Қарағандыда облыстық сот алдында Теміртау тұрғыны Сәния Зверева “сот әрекеті мен сот шешімінің салдарына қарсы” пикет өткізді. Оқиға орнына полиция шақырылып, судья да сыртқа шықты. Полиция бастапқыда наразы тұрғынның қолындағы плакатын тартып алғанымен, ізінше қайтарды. Бұдан соң оны “әңгіме жүргізу үшін” алып кетті.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ал Астанада қалған 10 мұнайшы баспасөз жиынын өткізіп, “ҚазМұнайГаз” өкілдерімен келіссөз жүріп жатқанына 10 күнге жуықтаса да, нәтиже болмағанын айтты.

Олардың айтуынша, 20 сәуір күніне белгіленген келіссөз өтпей қалған. ҚМГ өкілдері әлдебір “комиссия” құрылып, Жаңаөзенге кеткенін хабарлаған. Комиссияға кімдер кіргені, не үшін құрылғаны белгісіз, дейді мұнайшылар.

Ал ҚМГ бейсенбі күні Жаңаөзенде ҚМГ өкілдерінен құралған “арнайы жұмыс тобы” іске кіріскенін хабарлады.

“Оларға қаланың еңбек ұжымдарымен кездесу өткізу, жұмысшылардың еңбек жағдайымен, сатып алу қызметімен және кәсіпорындар жұмысының басқа да тұстарымен танысу міндеттері қойылды. Жергілікті компаниялар қызметкерлерінің келісімшарт талаптарының бұзылғаны жөніндегі шағымдары, соның ішінде Астанада өткен арнайы комиссия жұмысы кезінде "БерӘлі Маңғыстау Company" компаниясының бұрынғы қызметкерлері мәлімдеген шағымдар жеке қаралатын болады” деп жазылған компания хабарламасында.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Судандағы азаматтық соғысқа қатысып жатқан әртүрлі топтар бір кездері одақтас болған, қазір әскери қарсыласқа айналды. Бұған Ресей мен "Вагнер" тобының не қатысы бар?

ОҚУ

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Адвокаттар мен құқық қорғаушылар "Халық парламенті" митингісінен кейін белсенділерді қудалау тоқтамағанын айтты

20 сәуірде Алматыда өткен баспасөз маслихатында адвокаттар мен құқық қорғаушылар "әділетсіз сайлаудан кейін" құрылған "Халық парламенті" өкілдері мен өзге де белсенділерді қудалауды тоқтатуды талап етті. Олардың есебінше, бүгінге дейін "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды" деген желеумен 4 адам он бес күнге қамалып, 10 адам айыппұл арқалаған. Арасында қоғам белсендісі Рысбек Сәрсенбайұлы, саясаткер Мұхтар Тайжан, азаматтық белсенді Әлнұр Ілияшев, заңгер Асылбек Қараев бар.

Құқық қорғаушы Ғалым Нұрпейісов "судьялар заңды шешім шығармады. Олар тек берілген тапсырманы орындады" дейді.

– Біз, екі бірдей адвокат, есік алдында күтіп тұрмыз. Арада он минут өткенде қорғауымыздағы азаматқа сот шешімі шыққанын естідік. Бұл жерде біздің қорғау құқымыз бұзылды. Тіпті айыпталушы «Менің қорғаушыларым күтіп отыр» деген сөзіне қарамай сот шешімін шығарған» дейді Ғалым Нұрпейісов.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

“Батыс елдері мен біздегі бензин бағасын салыстыратын болса, онда жалақыны да салыстырсын”

Қазақстандағы жанармайдың қымбаттауына байланысты пікірін айтқан “Республика” партиясы атынан мәжіліске сайланған депутат Руслан Берденов осылай деді.

Сәуір айында Қазақстан билігі жанармайдың шекті бағасын 11 пайыз, дизелдің шекті бағасын 20 пайыз өсіруге шешім қабылдаған.

Берденовтің пікірінше, Қазақстан мен Батыс елдеріндегі бағаны салыстыру дұрыс емес, себебі біздегі жалақы “Америкадан 6-7 есе төмен”.

Бір күн бұрын энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев сұйылтылған газдың литрі кемінде 70 теңгеге қымбаттайтынын айтқан.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

20 сәуірде сағат 11-ге белгіленген "ҚазМұнайГаз" бен жаңаөзендік мұнайшылар арасындағы келіссөз өтпей қалды. ҚМГ мұнайшыларға әлдебір “комиссия” құрылып, Жаңаөзенге аттанғанын хабарлаған. Ол комиссияның құрамына кімдер кіргені, нендей комиссия екені белгісіз дейді мұнайшылар.

Олар бір күн бұрын “мұнайшыларға тендер ұтқан мекемелерден тұрақты жұмыс ұсындық, бірақ бас тартты” деген ҚМГ төрағасының сөзін терістеп, наразы болды.

“ҚМГ басшысы бізді тұрақты жұмыстан бас тартқандай қылып отыр. Біз “Өзенмұнайгазға” еншілес мекемелердегі жағдайды жақсы білеміз. Ондағы еңбек жағдайы, техника қауіпсіздігі сақталмайды. Техника, құрал-жабдық ескіріп кеткен. Былтыр “Кезбиде” еңбек қауіпсіздігі сақталмағандықтан, бір машинист жанып кетті. Біз сол мекемелерде еңбек стандарты сақталғанын талап етеміз. Екіншіден, бірыңғай еңбекақы жүйесін енгізу. “ӨМГ-ға еншілес мекемелердегі жұмысшылар бір жұмыс атқарғанымен, әртүрлі жалақы алады. Біз “бір жұмыс – бір жалақы” болғанын талап етіп отырмыз” деді мұнайшылардың бірі.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Әділет министрі Азамат Есқараев “елден заңсыз шығарылған активтерді қайтару” туралы заң жобасын парламентке енгізу кешігіп жатқанын растады.

Transparency Kazakhstan қорының сарапшылары бір күн бұрынғы мәлімдемесінде елден заңсыз шығарылған активтерді елге қайтару процесі ашық жүргізілмей отырғанын, процесс құпияланғанын жазған.

Қор өкілдері бұл құпия бола берсе, олигархтар мен шикізат алпауыттары арасында "тиісуге болмайтын" адамдардың тізімі жасалуы мүмкін, "заңмен құқығы мүлде шектелмеген" көлеңкелі топтар пайда болуы ықтимал деген қауіп айтады.

Tax justice network ұйымының мәліметінше, кейінгі 25 жылда Қазақстаннан шетелдік офшорға шамамен 140–160 млрд доллар шығарылған. Кей сарапшылар заңсыз шығарылған ақша көлемі бұдан едәуір көп болуы мүмкін деп болжайды.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Азаптау бойынша 220 қылмыстық іс тергеліп жатыр"

Алматыда өтіп жатқан Еуропа кеңесі мен Қазақстан бас прокуратурасы өкілдері қатысып жатқан концеренцияда бас прокурор Берік Асылов осылай деп мәлімдеді.

“Жыл басынан бері прокурорлар өндірісінде азаптау бойынша 220 қылмыстық іс тіркелген. Біз биылдың өзінде 5 істі сотқа жібердік. 21 қызметкер, арасында ІІМ қызметкері, ҰҚК-інің 8 қызметкері бар, іске тартылған” деді бас прокурор.

Ол биылдан бастап азаптау істерін тек прокурорлар қарап жатқанын айта кетті.

Құқық қорғаушылар Қаңтар оқиғасы кезінде күштік құрылымдардың ұсталғандарды азаптауы бойынша істердің басым бөлігі жабылғанын сынайды. Асылов конференция кезінде ол жөнінде айтпады

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

БҰҰ: 2023 жылы Үндістан халық саны бойынша Қытайды басып озады

БҰҰ-ның «Әлем халқы-2023» есебінде Үндістанда биыл халық саны 1 миллиард 428 миллион, ал Қытайда халық 1 миллиард 425 миллион болатыны айтылады.

Қазіргі есеп бойынша Қытайда 1 миллиард 411 миллион адам, Үндістанда 1 милилард 408 миллион адам тұрады.

Есепте Қазақстанда биыл халық саны 19,6 миллион; Қырғызстанда 6,7 миллион; Өзбекстанда 35,2 миллион; Тәжікстан 10,1 миллион; Түркіменстанда 6,5 миллион адам болады деп көрсетілген.

БҰҰ есебінше, биыл Украинада халық саны 36,7 миллионға; Ресейде 144,4 миллионға азаяды.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ақтөбеде "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша уәде етілген үйлерін ала алмаған бір топ әйел әкімдікке жиналды

– Бізге нақты жауап берсін! Қашан конкурс ойнатылады? Неше пәтер ойнатылады? Неше адам өтеді? Қалған адамды, өтпей қалғандарды не істейді? Көріп отырсыздар ғой, қаншама адам. Біреуі пәтер жалдап отыр, біреуі туысқанының үйінде отыр, – дейді Жанар Нәрікбаева.

Жеті баланың анасы Гүлмира Ұзақова да бар үміті мемлекеттік бағдарламада екенін айтады. Іріктеуден өткен отбасы әзірше біреудің саяжайын жалдап тұрып жатыр.

Әкімдік мемлекеттік бағдарлама аясында салынған үйлердің ауласы әлі абаттандырылып болмағанын айтады.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстан сұйылтылған газды қымбаттатуға мәжбүр және алдағы үш айда газ 5-10 теңгеге қымбаттайды. Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев сәрсенбі күні журналистерге осылай деп мәлімдеді.

Ақпаратқа қарағанда, Қазақстан аймақтарында сұйылтылған газдың литрі 50-75 теңге аралығында сатылып жатыр.

Министрдің сөзінше, қазір көлігін газға көшіріп жатқандар көп. Бұған қоса, елде газ өндірісі шектеулі. Ол алдағы бірнеше жылда сұйылтылған газды нарық бағасына “сәйкестендіру” жұмысы жүретінін, яғни газ қымбаттайтынын айтты.

- Өзіндік құны литріне 70 теңге болса, қазір 50 теңгеден сатылып жатыр. Компаниялар шығынмен жұмыс істеп отыр. Салыстырып айтсақ, Ресейдегі газ бағасы 2 есе жоғары – 120 теңге. Тәжікстанда 177 теңге. Оларда баға шынымен нарық заңы бойынша қалыптасқан, - деді ол.

Бұған дейін елде АИ-92 және АИ-93 маркалы бензин мен дизель қымбаттаған еді. Қазақстанның кейбір аймағында жүргізушілер жанармайдың қымбаттауына наразылық білдірген.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"ҚазМұнайГаз” басшысы Мағзұм Мырзағалиев “Жаңаөзеннен келген мұнайшылардың талаптарын орындау өте қиын, оны ашық айту керек” деді.

Оның сөзінше, Астанада ҚМГ өкілдерімен келіссөз жүргізіп жатқан жаңаөзендік мұнайшыларға үш ұсыныс жасалған: тендерден ұтқан компанияға жұмысқа орналастыру, “БерӘлі Маңғыстау Company” берген жалақыға пара-пар айлық төлеу және келісімшартты үш жылға ұзарту.

Мырзағалиев мұнайшылардың алғашқы талаппен келіспей отырғанын жеткізді.

Азаттық тілшісі одан "мұнайшылар Астанаға келген кезде неге бірден талаптарыңызды орындау мүмкін емес деп айтпадыңыздар? Неге уәде бердіңіздер?" деп сұрады.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Бас прокурор Берік Асылов журналистердің сұрақтарына жауап бермей, кетіп қалды. Журналистер одан "Петропавлдағы сепаратистер ісі", "Назарбаев отбасының жері" туралы сұрамақ болған.

Читать полностью…
Subscribe to a channel