azattyq | News and Media

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Subscribe to a channel

Azattyq - Азаттық

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев осы күзден бастап Қазақстанда мұнай-газ өндіретін кәсіпорындарға сервистік қызмет көрсететін компаниялармен еңбек келісімшарттары 1 жылдан 3 жылға дейін ұзартылатын айтты.

“Осы күзден бастап ең кемі үш жылға келісімшарт жасалып, келісімшарт біткеннен кейін егер мердігер өзіне алған міндеттемелерді толық орындайтын болса, онда “ҚазМұнайГазға” еншілес мекемелер, Өзенмұнайгаз, Маңғыстаумұнайгаз болсын, барлығы әрі қарай қосымша екі жылға ұзартуға мүмкіндік алады” деді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тоқаев “ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тың тәсілдері қажет” екенін айтты.

“Сол үшін тиісті стратегияны заман талабына сай қайта қарау керек. Сыртқы саясат тұжырымдамасы да жаңартылуға тиіс. Бұл құжат мүлде басқа геосаяси жағдайда қабылданған. Қазір көп нәрсе өзгерді. Яғни ішкі қауіпсіздікті сақтау, қорғаныс қабілетін күшейту, Қазақстанның және бүкіл Орталық Азия аймағының халықаралық деңгейдегі беделін арттыру мәселелері басты назарда болуы керек” деді Тоқаев.

Дегенмен оның "тың тәсіл" деп нені айтқаны белгісіз күйде қалды.

Елде Қанды Қаңтар оқиғасына қатысты жауапкершілікті ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшыларына арту талпынысы байқалады. ҰҚК бұрынғы басшысы және оның бұрынғы орынбасарларына үкім шыққан жоқ. Олар “билікті құлатпақ болды” және “мемлекетке сатқындық жасады” деп айыпталып отыр.

Сыртқы саясатта Қазақстан көпвекторлы саясатты алға тартып, тепе-теңдік ұстауға тырысып отыр. Алайда Ресейдің Украинаға басқыншылығы тұсында және Астананың одақтасы Мәскеуге санкциялық қысымдар үдеген шақта бұл барған сайын күрделі болып барады.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тоқаев иесіз иттерге қатысты көп шағым түскенін алға тартып, “билік өкілдері мұнымен айналыспайды, жағдай бақылаудан шығуы мүмкін” деп ескертіп, шара қолдануға үндеді.

Тоқаев бұл сөзін елде жануарларға қатыгездік жасалғаны жөнінде ақпарат жиі шығып жатқан шақта айтып отыр. Жануарларды қорғаушылар иесіз ит, мысық және өзге де жануарларды азаптағандарға жауапкершілікті күшейтуді ұсынып келеді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Бірқатар аймақта наразылық туғызған жанармайдың қымбаттауы туралы Тоқаев тарифті амалсыз көтеруге тура келетінін айтты.

“Түскен қаржыны делдалдар, яғни алыпсатарлар иемденіп кетпеуі қажет. Оны жаңа мұнай-газ жобаларын жүзеге асыруға және мұнай өңдеу зауыттарын жаңғыртуға жұмсау керек” деді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тоқаев Ноғаевтан Жаңаөзендегі жарылыс туралы да сұрады. Ноғаевтың сөзінен үзінді

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Маңғыстау облысында жұмыссыздық мәселесі күйіп тұрған шақта облыс әкімі Нұрлан Ноғаев “биыл 39 мың жұмыс орны, соның ішінде 32,5 мың тұрақты жұмыс орындарын ашу жоспарлап отырмыз” деді. Оның айтуынша, жұмыспен қамту мәселесін шешу үшін облыс бюджетінен 1,4 млрд теңге бөлінген.

Ноғаев еңбек дауы жөнінде “ есептік кезеңде 17 еңбек дауы тіркелді. Қазіргі таңда 5 еңбек дауы шешілді. 12-сі мониторингте тұр” деді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қалалардың сыртқы келбеті, көркін сынаған Тоқаев Шығыс Еуропа, Балқан елдерін мысал ретінде келтіріп, ол жақта тек қала билігі ғана емес, қала көркін жақсартуға жергілікті тұрғындар да атсалысып жатыр деді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Еңбек шиеленістері туралы айтқан вице-премьер Алтай Көлгінов батыс өңірлерде “кейбір кәсіпорындарда қауіп сақталып отыр” деді. Бірақ кәсіпорындардың атын атамады.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

“Биыл Жаңаөзен қаласында жалпы қуаты 900 млн текше метр жаңа газ өңдеу зауытының құрылысы басталады” деді Смайылов.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тоқаев қатысып жатқан үкімет кеңесі басталды. Әдетте мұндай жиындарда премьер-министр президентке атқарылған жұмыстың барысы жөнінде есеп береді. Ал президент үкімет пен әкімдерге тапсырма береді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Батыс Қазақстан облыстық соты мәжіліс депутаттығына үміткер болған журналист Лұқпан Ахмедияровты 15 тәулікке қамау жөніндегі шешімді өзгеріссіз қалдырды. Экс-кандидаттың апелляциялық шағымы қанағаттандырылмады.

9 сәуір күні Лұқпан Ахмедияров Оралдағы "Қазақтың даңқты қыздары" ескерткішінің алдына шығып, сөз сөйлеген. Полиция мұны бейбіт жиындар жөніндегі заңды бұзды деп танып, қамауға алған.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Путин Украинадағы аннексияланған аймақтарға барды деп хабарланды

18 сәуірде Кремль Ресей президенті Владимир Путиннің жартылай оккупацияланған Херсон мен Луганск облыстарына барғанын хабарлап, видео жариялады. Украина тарабы мұны "басып алынған, қираған жерді соңғы рет көріп қалу амалы" деп бағалады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

АҚШ қаржы министрлігі: Мәскеу Ресей мұнайының бағасына белгіленген лимитті айналып өткісі келеді

Дүйсенбіде АҚШ қаржы министрлігі америкалық компанияларға Ресейдің қиыр шығысындағы мұнай құбырлары арқылы жүретін мұнай тасымалына араласып, санкцияға ілігіп қалмауды ескертті.

АҚШ қаржы министрлігінің шетел активтерін бақылау басқармасының (OFAC) ескертуінде Ресейдің Тынық мұхит порттарынан экспорталатын мұнайы Батыс елдері белгілеген 60 доллардан қымбатқа сатылып жатқаны туралы ақпарат бар екені жазылған. "Мұнай тиелген порт туралы экспортерлердің жалған ақпаратына сеніп қалған америкалық фирмалар санкция тәртібін бұзғанын білмеуі де мүмкін" дейді құжатта. OFAC Америка компаниялары Ресейден экспортталған мұнайдың баррелі 60 доллардан арзанға сатып алынғанын растайтын құжаттарды толық және мұқият тексеруге тиіс деген. Себебі олар санкция тәртібін бұзғаны әшкереленген жағдайда жауапқа тартылуы мүмкін.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстан тәуелсіздігін мойындамайтын "Петропавл халық кеңесінің" мүшелері қамауға алынған

Солүстік Қазақстан облыстық прокуратурасы Қазақстан тәуелсіздігін мойындамайтын "халық кеңесінің" үш мүшесінің үстінен "сепаратизм" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын және олар қамауға алынғанын хабарлады.

Облыстық прокуратура хабарына қарағанда, тергеу барысында 2023 жылғы 19 наурызда Солтүстік Қазақстан университеті колледжінің ғимаратында "халық кеңесі" деп аталған топтың 20 мүшесі қатысқан жиналыс өткені, топ өздерін "СССР-дың ізбасары" деп есептейтінін білдіргені белгілі болған.

"Жиналыс барысында олар Қазақстаннан тәуелсіз "Петропавл қаласының халық кеңесін құру" туралы тілектерін білдірген және "Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының халық кеңесі декларациясын" қабылдаған, онда олар Қазақстанның мемлекеттігін және легитимдігін мойындамаған, оның конституциялық құрылысына қол сұғып, тәуелсіздігін, жерінің тұтастығын жоққа шығарып отыр" дейді Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

АҚШ-тың Ресейдегі елшісі WSJ басылымының қамаудағы тілшісі Эван Гершковичпен кездескен

Дүйсенбіде АҚШ-тың Ресейдегі елшісі Линн Трейси Мәскеудегі "Лефортово" абақтысында отырған Америка журналисі Эван Гершковичке барған. Бұған дейін АҚШ дипломаттары Грешковичке кіруге екі апта бойы рұқсат ала алмаған. "Журналистің денсаулығы қалыпты" екенін айтқан Трейси оны дереу босатуға шақырған.

АҚШ-тың The Wall Street Journal басылымының тілшісі Эван Гершкович 29 наурызда Екатеринбургте қамауға алынған. Ресей арнайы қызметінің хабарлауынша, журналист "АҚШ-тың тапсырмасымен Ресейдегі әскери-өнеркәсіп кешеніне қарасты бір кәсіпорын туралы мәлімет жинаған".

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Астанада билік “саяси реформа” жөнінде айтып жатқан шақта Алматыда екі белсендіге бейбіт жиынға қатысқаны үшін айыппұл салынды.

Белсенділер Бауыржан Әтінбаев пен Құдайшүкір Абдуллаев 9 сәуірде Алматыда әділетсіз сайлауға қарсы митингіде өлең оқып, пікірлерін айтқан. Сот Әтінбаевқа 172 500 теңге (50 АЕК), Абдуллаевқа 72 450 теңге (30 АЕК) көлемінде айыппұл салды.

Белсенділер шешіммен келіспейді. Апелляциялық шағым дайындап жатыр.

- Сот онлайн өтті. Менің адвокаттарымды шақыру мен сотты офлайн өткізу туралы талаптарымды пысқырған да жоқ. Менің айыппұл төлейтін ақшам да жоқ, - дейді Абдуллаев Азаттыққа.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тоқаев президенттің атына жазылған арыз-шағымдар үш жылда екі есе өскенін айтып, аймақ әкімдерін “жауапкершілікті өзіне алып, дер кезінде шешім қабылдаудан қашады” деп кінәлады.

“Жаңа жылдан бері президент әкімшілігінің қоғамдық қабылдауында 811 адам болды. Соның 730-ын кестеден тыс, яғни табан астында жедел түрде қабылдауға тура келді” деді Тоқаев.

Ол бұл тұста Ақордаға барып, талаптарын жеткізгісі келетін азаматтарды айтқан болуы мүмкін. Әдетте арнайы жасақ наразыларды Ақордаға жібермей, кейде ұстап әкетеді.

Суретте: Полиция қызметкерлері әлеуметтік мәселелерін айтып, Қызылордадан келген әйелдерге Ақордаға баруға жол бермей тұр. Астана, 27 сәуір 2021 жыл.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Астанадағы су тапшылығы мәселесін Тоқаев “құрылыстың көбеюінен” деп түсіндірді. Ол "бұл – бір қаладағы ғана емес, тұтас аймақтағы ірі мәселе" деп, халықты суды үнемдеуге шақырды.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Үкімет кеңесінде былтыр апат болған Екібастұз жылу орталығын жаңарту қажеттігі, апатқа жол бермеу маңыздылығы айтылды. Бұған қоса, қаладағы ГРЭС-1 энергоблогын іске қосып, ГРЭС-2-нің екі жаңа блогын сала бастау керектігі айтылды.

Бұған дейін жергілікті БАҚ Екібастұздағы екі энергоблокты салуға Қытай компаниясы қызығушылық танытып отырғанын жазған.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тоқаев “мұнай-газ саласына қарап отырған Жаңаөзенді дамыту үшін арнайы кешенді жоспар қабылданғанын” айтты. Оның айтуынша, "мұнайшы болғысы келетін жастар көп, бірақ бұл дұрыс емес. Мұнай қоры таусылған кезде аймақтағы ахуал күрделі болып кетуі мүмкін" деді ол.

Билік өңірді дамыту үшін түрлі бағдарламалар қабылданғанын бұған дейін де айтқан, алайда жергілікті тұрғындар одан нәтиже аз деп санайды.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстанда мұнай-газ өндіретін кәсіпорындарға сервистік қызмет көрсететін компаниялармен еңбек келісімшарттары 1 жылдан 3 жылға дейін ұзартуы мүмкін. Бұл жөнінде үкімет кеңесінде вице-премьер Алтай Көлгінов мәлімдеді.

Жуырда Астанадағы жаңаөзендік мұнайшылардың наразылығынан кейін елде мұнай-газ компанияларына қызмет көрсететін мердігер компаниялармен келісімшартты ұзарту мәселесі айтыла бастаған еді. Бұл Астанада қазір “ҚазМұнайГаз” және жаңөазендік мұнайшылармен жүргізіліп жатқан келіссөз кезінде де айтылған. Қазір келіссөз жалғасып жатыр.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Астана әкімі Жеңіс Қасымбек қаланың ауасын жақсарту үшін газдандыру жүріп жатыр деді. "Қазір 12 мыңнан астам абонент, N1 және N2 жылу орталықтарындағы 16 қазандық, 13 автономды жылу станциясы газға көшірілген" деді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Үкімет жетекшісінің айтуынша, кейінгі төрт аптада елде әлеуметтік маңызы бар тауарлар қымбаттамаған. Наурызда “инфляция төмендеген”.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Премьер-министр Әлихан Смайыловтың айтуынша, қаңтар-наурызда ЖІӨ-нің нақты өсуі 4,9 пайыз болған.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысатын үкімет кеңесі басталайын деп жатыр. Онда елдің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері талқыланады. Облыс әкімдері, министрлер, партия, фракция жетекшілері жиналып жатыр. Жиыннан тікелей эфир болмайтыны белгілі болды.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Назарбаевтың жері, Шәріпбаевтың
"былығы", Астанадагғы су тапшылығы

📌 Сот бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың туған інісін Алматы іргесіндегі 40 гектар жерін мемлекетке қайтаруға міндеттеді.

📌 QazaqGas ұлттық компаниясының бастығы экс-президенттің күйеу баласын айыптады. Сөзінше компанияны Қайрат Шәріпбаев басқарған тұста "былық көп болған".

📌 Астанада ішетін су тапшы. Тұрғындар су сағаттап, кейде күні бойы берілмейтінін айтады. Билік тапшылықты халық санының күрт көбеюімен байланыстырады.

🔗КӨРУ

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

18 сәуірде "Аманат" партиясын "сайлау кезінде дауыс ұрлады" деп айыптап, жалғыз адамдық пикет өткізген Фархад Ғазиздің шағымын Ақтөбе облыстық сотының апелляция алқасы қанағаттандырмады.

25 наурызда Ақтөбенің әкімшілік соты Ғазизді "бейбіт митинг өткізу ережесін бұзды" деп айыптап, 172,5 мың теңге (50 АЕК) айыппұл салған. Ол 24 наурызда халықаралық қауымдастықты Қазақстандағы сайлауды заңсыз деп тануға үндеп, "Аманат" партиясының Ақтөбедегі ғимараты алдында пикет өткізген еді. Белсендінің қолында "Аманат – Ұры Отан" сайлауда тек қана дауыс ұрлауды біледі" деп жазылған плакаты болды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қызға салық салу, әйелге ие болу... Бүгінгі қазақ әйелі оған көне ме? (субтитры на русском)

Депутат Қарақат Әбден шетел азаматына күйеуге шыққан қазақ қызына салық салу керек деді. Бұрын Шымкент әкімі әйелдеріңе ие болыңдар деген. Мәжілістің бұрынғы депутаты да «Құдай-ау, бір қатынға шамаң келмесе қандай еркексің? Әйелдерді көшеге шығарып қойып, үйде жігіттеріміздің отырғаны бұл не сұмдық» деп сөйлеген. 2019 жылы Астанада бес сәби времянкада өртенгенде көшеге әйелдер шыққан болатын. Үкімет әйелдер наразылығынан кейін тарихта алғаш рет әр балаға жәрдемақы берді.

КӨРУ

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Кремль 25 жылға соттаған оппозиционер Владимир Кара-Мурза кім?

Владимир Кара-Мурза – Ресей оппозиционері, Владимир Путиннің ашық қарсыласы. Ол 2015 жылы қастандықтан өлген саясаткер Борис Немцовпен бірге АҚШ Конгресін Ресейдің адам құқықтарын бұзушы, жемқор шенеуніктеріне санкция салуға мүмкіндік беретін заң қабылдауға көндірді.

ОҚУ

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Кремль Путин Украинадағы оккупацияланған аймақтарға барғанын айтады

Ресей президенті Владимир Путин Украинаның Херсон және Луганск облысының ресейлік әскерилер бақылап отырған аумағына барғанын Кремльдің баспасөз қызметі 18 сәуірде хабарлады.

Хабарламада Путин Херсон бағытындағы «Днепр» әскери штабына және Луганск облысындағы Росгвардияның «Восток» штабына барғаны айтылады. Путин бұл жерлерге нақты қай күні барғаны белгісіз.

Читать полностью…
Subscribe to a channel