azattyq | News and Media

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Subscribe to a channel

Azattyq - Азаттық

Таразда Қаңтар оқиғасында қаза тапқандарға ас берілді

3 қаңтар күні Таразда 2022 жылы Қаңтар оқиғасы кезінде қаза болған адамдардың туыстары марқұмдарға арнап ас берді. Асқа Алматы, Талдықорған, Тараз, Шымкент және Қызылорда қалаларында оқиға кезінде қаза болған азаматтардың туыстары мен азаматтық белсенділер қатысты.

Қазақстанның бес қаласынан жиналған отыздан аса адам әуелі Тараздағы орталық мешітке барып, марқұмдардың рухына бағыштап құран оқытты. Олар Қаңтар оқиғасында опат болғандар ұмытылмауы керек деп санайды.

«Сол кезде үйден ойнап-күліп шыққан балаларымыздың денесі қас-қағым сәтте келіп жатты. Бұл бар отбасының қабырғасын қайыстырды», «Біз барда, көзі ашық, көкірегі ояу ұрпақ барда Қаңтар оқиғасында қаза тапқандар ұмытылмайды», «Қаңтар оқиғасында қаза болғандарға арнайы статус берілсін!», «Марқұмдардың артында қалған отбасы қараусыз қалмасын!»

деп пікір білдірді асқа келген ата-аналар. Олардың пікіріне белсенділер де қосылып жатты.

Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ақмола облысындағы трассада 95 көлік соқтығысты

3 қаңтарда Астана-Щучинск трассасында 95 көлік соқтығысып қалған. Бұл туралы Ақмола облысы полиция департаменті хабарлады. Жол оқиғасына боран себеп болған. Полиция 12 адам зардап шеккенін, төртеуі ауруханаға түскенін айтады.

Төтенше жағдай министрлігінің мәліметінше, көліктер соқтығысқан жерге 48 құтқарушы мен 16 техника келген. Қазір құтқару жұмыстары жүріп жатыр.

Видео: Төтенше жағдай министрлігі

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тоқаевтың сұхбатында айтқандары:

🔹Үкіметтің міндеті – экономиканың өсімін қамтамасыз ету және азаматтардың әл-ауқатын жақсарту. Министрлер кабинеті бұл міндетін орындап отыр. Алайда бәрі мінсіз деуге келмейді, проблемалар да бар.

🔹Экономист басшылардың қазіргі жұмысын орташа деп бағалаймын. Олар халықаралық қаржы институттарының тілімен әдемі сөйлейді, алайда нақты нәтижесі бар шаруа шамалы болып тұр. Қазір өңірлердегі ахуалды және экономиканың іс жүзінде қалай жұмыс істейтінін жақсы білетін, яғни жергілікті жерде еңбек етіп, ысылған мамандар қажет.

🔹Әділдік барлық елде және барлық заманда халықтың қалауы болғанын айта кеткен жөн. Қаңтар оқиғасына дейін бізде әділдік деңгейі өте төмен болғаны рас.

🔹2022 жылдан бері мемлекет қазынасына 2 триллион теңгеден астам (4,1 миллиард доллар) қаражат түсті. Бұл қаржы мектептер мен маңызды инфрақұрылым нысандарын салуға және өзге де әлеуметтік міндеттерді орындауға жұмсалып жатыр. Әділдік дегеніміз осы емес пе?

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тоқаев кезектен тыс сайлау болатынын жоққа шығарады

Қасым-Жомарт Тоқаев "Ана тілі" газетіне берген сұхбатында "Тоқаев 2026 жылы БҰҰ басшылығына кетуі мүмкін" деген сөзге қатысты пікірін білдіріп, "елді дамытуға арналған жоспарларын жүзеге асыруға ниетті екенін" айтты.

– Мен БҰҰ бас хатшысының орынбасары және Қарусыздану жөніндегі конференцияның бас хатшысы ретінде осы ұйымның Женевадағы кеңсесін үш жылға жуық басқардым. Халықаралық үдеріс¬тердің қыр-сырына бойлап, мол тәжірибе жинадым. Осының өзі артығымен жетеді деп ойлаймын. Менің елімізді дамытуға қатысты талай жылға арналған ауқымды жоспарларым бар, оның бәрін жүзеге асыруға ниеттімін, - деді ол.

Тоқаев кезектен тыс парламент сайлауы өтетінін де жоққа шығарды.

– Меніңше, Парламент сайлауын мерзімінен бұрын өткізуге әзірге еш негіз жоқ. Сайлау заңда белгіленген мерзімдерге сәйкес өтеді, – ол.

Осыған дейін "Тоқаев БҰҰ басшылығына кетіп, елде президент сайлауы өтуі мүмкін" деген сөз тараған. Бұдан бөлек, "2025 жылы мәжіліс сайлауы өтеді" деген де әңгіме шыққан еді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Израиль Газада босқындар тұрып жатқан лагерьге шабуылдап, 11 адам қаза тапты

Израиль Газа секторының оңтүстігіндегі Әл-Масауи жағалауындағы босқындар лагеріне әуеден шабуыл жасап, кемі 11 адам қаза тапты. Қаза болғандардың арасында Газа секторының ХАМАС ұйымы ( АҚШ, ЕО және Израиль террорлық ұйым деп таныған) тағайындаған полиция басшысы, үш бала және екі әйел бар. Бұл туралы сектордағы ХАМАС басқаратын денсаулық министрлігіне сілтеп, ВВС сайты хабарлады.

Израиль әскері бұл ақпаратты тексеріп жатқанын айтады.

Израиль Әл-Масауи жағалауын "гуманитарлық аймақ" деп белгілеп, соғыстан қашқан палестиналықтар тұратын жер деп анықтаған. Бірақ Израиль бұл жерде ХАМАС әскерилер тығылып жатыр деп бірнеше рет шабуылдаған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🇺🇲 АҚШ-тың Жаңа Орлеан қаласындағы қайғылы оқиғадан қаза тапқандар 15 адамға жетті. 35 адам жараланған. Бұл туралы жергілікті билікке сілтеме жасап, CNN телеарнасы хабарлады.

1 қаңтарда Жаңа Орлеанда ер адам көлікпен адамдарды әдейі қағып, кейін көліктен түсе сала оқ атқан еді. Басында он адам қаза тапқаны айтылған. Полиция атыс кезінде шабуылдаған адамды атып өлтірген еді.

Қала билігі қылмысқа күдікті Техаста тұрған 42 жастағы Шамсуд-Дин Жаббар дейді. Ол бұрын АҚШ әскерінде қызмет еткен. Күдіктінің көлігінен "Ислам мемлекеті" террорлық тобының туы, қару және жарылғыш зат табылғаны айтылды.

АҚШ-тың тергеу бюросы оқиғаны "теракт" деп тергемек.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Маңғыстауда итбалықтар вирус инфекциясынан қырылған" - Ғылыми орталық

Алматыдағы микробиология және вирусология ғылыми орталығы зертханасы Маңғыстауда қырылған итбалықтарға жасаған сынаманың алғашқы нәтижесін шығарды. Ғылыми орталық жүргізген молекулярлық-генетикалық талдау нәтижесінде итбалықтардың миы мен өкпе тіндерінен жаңа вирустық жұқпалы ауру табылған. Бұл туралы Азаттыққа зертхана меңгерушісі Айдын Қыдырманов айтты.

“Иммундық жетіспеушіліктен нейровирустық инфекция анықталды. Бұл – нейроинфекция туғызатын вирустың жаңа түрі. Ғылымда әлі толық сипатталмаған, анықталмаған вирус. Теңіз сүт қоректілнрге тән вирустық инфекция” деп тұжырымдайды Қыдырманов.

Орталық итбалықтардың неден өлгенін анықтау үшін өз қаржысына Маңғыстауға келіп, өлексе сынамаларын алып кеткен.

2024 жылы 16 қазан-1 желтоқсан аралығында Каспий теңізі жағасында екі мыңға жуық итбалық өлі табылған.

Маңғыстау облысы балық инспекциясы басшысының міндетін атқарушы Қонарбай Базарбаевтың Алматыдағы орталық жүргізген зерттеу нәтижесі жайлы білмейтінін, қорытындысы ресми хабарланбағанын айтады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🔴 "Біз бір-бірімізге жақын бола түстік"

Бұл – Ресей президенті Владимир Путиннің жақында өткен Еуразия жоғары экономика кеңесінен кейін журналистер алдында айтқан сөзі. 26 желтоқсан күнгі жиынға Беларусь президенті Александр Лукашенко, Қазақстан презденті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Садыр Жаппаров қатысты. Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымынан шығатынын мәлімдеген Армения премьер-министрі Никол Пашинян отырысқа тек видеобайланыспен қосылды.

🇰🇿🇷🇺 Путиннің "жақын бола түстік" деген мәлімдемесі әсіресе Қазақстан мен Ресейдің қарым-қатынасын дәл сипаттайтындай. Екі елдің тауар айналымы биыл қаңтар-қыркүйек аралығында 20 миллиард доллардан асты.

2024 жылы Ресей Қазақстандағы ықпалын күшейтті ме? Оқшауда қалған Кремль сыртқы саясатта аймақ пен Қазақстанға басымдық беріп жатыр ма? Мәскеу неліктен аймақтың энергетика саласында белсенді? Астана Мәскеумен қарым-қатынасын қаншалық теңгере алды?

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🎾 Теннистен Қазақстан құрамасы United Cup турнирінің ширек финалына шықты

Австралияда өтіп жатқан командалық турнирде Қазақстан құрамасы топтық кезеңде Испанияны 2:1, Грекияны 3:0 есебімен жеңді. Енді Қазақстан ширек финалда былтырғы финалист Германия құрамасымен ойнайды.

🇰🇿 Қазақстан құрамасы сапында Елена Рыбакина, Александр Шевченко, Жібек Құламбаева, Александр Недовесов, Дмитрий Попко ойнап жатыр.

Турнирде Елена Рыбакина (әлемнің 6-ракеткасы) испаниялық Джессика Воусас Манеироны (54) және грекиялық Мария Саккариді (32) екі сетте жеңді. Ал Александр Шевченко (78) испан Пабло Каррено-Бустадан (196) жеңілгенімен, әлемнің 11-ракетасы Стефано Циципастан (Грекия) екі сетте басым түсті.

⚡️ Жібек Құлымбаева мен Александр Недовесов аралас жұптық ойында грекиялық Петрос Циципас/Деспина Папамишалиден басым түсті - 2:6, 6:3, 10:6.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Мемлекет және қоғам қайраткері Серікболсын Әбділдиннің қайтыс болғанына бүгін 5 жыл толды.

Саясаткердің әр жылдары Азаттыққа берген сұхбаттарынан үзінді оқыңыз.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Қытай хакерлері АҚШ қаржы министрлігінің компьютер жүйесін бұзып, компьютерлер мен құпия емес құжаттарға қол жеткізді

Бұл туралы министрлік өкіліне сүйенген "Америка дауысы" сайты хабарлады. Компьютер желісін бұзды деген хакерлер тобын Қытай демеп отыр деп айтылды.

💻 Министрлік желісіне киберқауіпсіздік қызметін ұсынатын компания арқылы бұзып, қол жеткізген.

Қарашаның ортасында Қытай АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамптың, вице-президент қызметіне таңдалған Джей Ди Вэнстің, Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнердің, ұлы Эриктің телефон әңгімесін тыңдауға тырысқаны туралы ақпарат тарады. Қытай кибершабуылдар мен тыңшылық жайлы айыптауларды жоққа шығарды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Оңтүстік Корея соты биліктен уақытша шеттетілген ел президенті Юн Сок Ельді тұтқындауға ордер берді

Бұл туралы 31 желтоқсанда Reuters агенттігі елдегі тергеу органдары мен жоғары лауазымды шенеуніктер арасындағы сыбайлас жемқорлықты тергеу басқармасына сүйеніп хабарлады.

🇰🇷 Yonhap агенттігінің дерегінше, бұл – Оңтүстік Кореяның конституциялық тарихында биліктегі мемлекет басшысын тұтқындауға ордер берген алғашқы жайт. Агенттіктің мәліметінше, тінту жүргізуге де ордер берілген. Таяу арада прокуратура президентті тұтқындау туралы қаулыны орындауға кіріседі деген болжам бар.

Deutsche Welle сайтының жазуынша, "бүлік жасамақ болды" және "билікті асыра пайдаланды" деп күдікке ілінген президент Юн Сок Ель тергеуге үш рет шақыртылса да бармай қойған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Ауғанстанда "әдетте әйелдер баратын орындарға" қарайтын ғимараттарға терезе қоюға тыйым салынды. Енді мұндай көріністегі терезелерді "ұятсыз істердің" алдын алу үшін жауып тастау керек

🇦🇫 Бұл туралы "Талибанның" жоғарғы жетекшісі Хайбатулла Ахундзаданың жарлығында айтылған деп хабарлады AFP агенттігі.

Жаңа салынған ғимараттарда "аула, ас үй, көршінің құдығы мен әйелдер жиі баратын басқа жерлер" көрінетін терезе болмауға тиіс. Мұндай терезе болса, оның иесіне "көршілерге қолайсыздық тудырмау үшін" қабырға салу немесе терезедегі көріністі қоршау ұсынылады" делінген жарлықта.

Ауғанстанда тәліптер 2021 жылғы 15 тамызда билікке келді. Талибан елге бақылау орнатқаннан кейін көп ұзамай қатаң шектеулер енгізе бастады, олардың көбі қыздар мен әйелдерге әсер етті.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Халықаралық әуе көлігі қауымдастығы (IATA) Ақтау қаласы маңында болған ұшақ апатын мұқият, бейтарап және ашық тергеуге үндеді

25 желтоқсанда Қазақстан аумағына құлаған Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының Embraer Е190 ұшағындағы 38 адам қаза тапты.

🗣 "Азаматтық мақсаттағы ұшақтар әскери операциялардың әдейі немесе кездейсоқ нысанасы болмауы керек. Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының 8243-рейсі әскери операцияның құрбаны болуы мүмкін деген қатерге байланысты апат мұқият, ашық және бейтарап тергелуі керек. Мұны бірнеше ел үкіметі келтіріп отыр, оның ішінде Ресей мен Әзербайжан бар. Әлем Чикаго конвенциясындағы халықаралық міндеттерге сай, 30 күн ішінде талап етілген есептің жарияланғанын асыға күтеді" деген IATA мәлімдемесінде.

Қазақстан бұл конвенцияны 1992 жылы ратификациялады.

🇰🇿 Апатты тергеу жөніндегі комиссия ұшақтың қара жәшіктерін Бразилиядағы авиация оқиғаларын тергеу орталығына (CENIPA) жіберуді ұйғарған. Embraer жолаушы ұшағы Бразилияда жасалады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Сирияны бақылауына алған топтың лидері Ахмед әш-Шараа үш жылда елдің жаңа Конституциясын дайындап шығаруға және төрт жыл ішінде сайлау өткізуге уәде етті

Бұл туралы ол "Әл-Арабия" арнасына берген сұхбатында айтты. Әбу Мұхаммед әл-Жулани деген лақап атымен танылған әш-Шараа – "Хайат Тахрир әш-Шам" қарулы тобының жетекшісі. Бұл топты БҰҰ, АҚШ, Түркия және өзге елдер "террористік ұйым" деп таныған.

🔸 Биыл желтоқсанның басында "Хайат Тахрир әш-Шам" тобы бақылайтын күштер тұтқиылдан шабуылға шығып, Дамаск қаласын алып, елді жарты ғасырдан астам уақыт басқарған Асад әулетінің режимін биліктен тайдырды. Сирияны ширек ғасырға жуық басқарып келген президенті Башар Асад отбасымен бірге Ресейге қашты.

Ахмед әш-Шараа АҚШ-тың қайта сайланған президенті Дональд Трамптың жаңа әкімшілігі Сирияға салынған санкцияларды алып тастайды деп үміттенетінін айтып, БҰҰ-ның елдегі әрекеті селқос күйде деп сынға алды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ақмола облысындағы трассадан 70-тен аса адам эвакуацияланған, олардың арасында 8 бала бар. Бұл туралы Төтенше жағдай министрлігі хабарлады.

Ал "ҚазАвтоЖол" мекемесі трассада 95 көліктің соқтығысуын былай түсіндіреді:

"Ауа райы жақсарып, жол тазаланғаннан кейін сағат 12:30–да полиция департаменті қызметкерлері мен "ҚазАвтоЖол" арнайы техникасы жол бастап, көліктер Щучинскіге қозғала бастаған. Алайда, алдын ала мәліметтер бойынша, жүргізушілер жылдамдықты және ара қашықтықты сақтамаған"

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Назарбаев "саяси сыпайылықты сақтай бермейтін" - Тоқаев

Тоқаев "Ана тіліне" сұхбатында елдің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев президенттіктен кетсе де билікке араласқанын айтады.

- Ол отставкаға кеткенімен, Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы болып отырған кезде саяси сыпайылықты сақтай бермейтін. Үнемі премьер-министрді, Ұлттық банктің төрағасын, министрлерді, әкімдерді шақырып алып, жиналыс өткізетін... Бұл жағдай қосарланған билік туралы алып қашпа әңгіменің өршуіне әкеп соқты. Шенеуніктер де ка¬бинеттен кабинетке жүгіріп, кімнің тапсырмасын орындайтынын білмей дал болатын. Нұрсұлтан Назарбаевтың 2021 жылғы қарашада өткен Astana Club жиынында 92 жастағы Махатхир Мохамадты мысалға келтіріп, өзінің Ақордаға қайтып келуі мүмкін екенін мәлімдеуін және бұрынғы президенттің сол жылы желтоқсан айында Санкт-Петербург қаласында өткен ТМД елдерінің саммитіне қатысуын нағыз билік дағдарысына әкеп соқтырған негізгі оқиғалар деуге болады, - деді Тоқаев.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тоқаев уақыт белдеуі жайлы: Үкімет өз шешімінің орынды екеніне сенімді

Қазақстан басшысы "Ана тілі" газетіне берген сұхбатында қоғамда дау тудырған біріңғай уақыт белдеуіне қатысты зерттеу 1 наурызда аяқталып, ұсыныстар әзірленеді дейді.

–Үкімет өз шешімінің орынды екеніне сенімді және Қазақстан бір уақыт белдеуінде болуы қажет деп санайды... Дегенмен азаматтарымыз өтініш білдіріп жатыр. Үкіметтің шешіміне қатысты ашық талқылаулар жандана түсті. Меніңше, қоғамда көзқарас қайшылығын тудыратын мұндай мәселелерді мұқият талқылау қажет. Тараптар уақыт белдеуін ауыстырудың ел экономикасына және азаматтардың тұрмысына әсері жөніндегі барлық пікірді ескере отырып, 1 наурызға дейін жан-жақты зерттеу жүргізуге уағдаласты. Содан кейін нақты ұсыныстар әзірленеді. Парламент пен үкімет бұл мәселені байыппен зерделеп, ортақ әрі дұрыс шешімге келетініне сенімдімін, - дейді Тоқаев.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

⚡Украина "марапат алып жатқан ресейлік әскерилерге ракетамен соққы жасады"

2 қаңтарда Украина Курск облысы Ивановск ауылындағы мәдениет үйінде ресейлік әскерилерді марапаттау рәсімі өтіп жатқанда соққы жасағаны айтылды. Бұл туралы украиналық телеграм-арналар жазып жатыр. Соққы жайлы Украина ІІМ басшысының кеңесшісі Антон Геращенко да айтты. Оның сөзінше, мәдениет үйінің маңында әскери машиналар тұрған.

Украина ұлттық қауіпсіздік кеңесінің жалған ақпаратпен күрес орталығының басшысы Андрей Коваленко телеграм-арнасында Ивановск ауылында соққы жасалғанын, "Ресейдің 810-бригадасы шығынға ұшырағанын" жазды.

Ал Курск облысы басшысының міндетін атқарушы Александр Хинштейн Рыльск ауданы Ивановск ауылындағы азаматтық нысан ракета шабуылына ұшырады дейді. Оның сөзінше, мектеп, пошта, сауда орталығы, тұрғын үй бүлінген. Зардап шеккендер жоқ дейді Хинштейн.

Ресей мен Украинаның әскери ведомстволары бұл шабуылға қатысты ресм мәлімдеме жасамады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Есірткі өндіргендерге жаза күшейіп, тасымалдаушыларға жаза сәл жеңілдеді

"Ескірткіні, психотропты заттарды, прекурсорлар мен күшті әсер ететін заттарды заңсыз өндірісіне қарсы әрекеттер" туралы заңның өзгерген нұсқасына президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Бұл туралы 2 қаңтарда Ақорда хабарлады.

Енді есірткі өндіргендер 15-20 жылдан өмір бойына бас бостандығынан айырылып, мүлкі тәркіленуі мүмкін. Ал есірткі таратқан ресми өкілдері 15-0 жылға сотталуы (бұрын 10-15 жыл болған) мүмкін.

Ал есірткі тасығандарға жаза сәл жеңілдеді. Бұрын олар бес жылдан он жылға дейін сотталатын еді, жаңа заңда 5-8 жыл жаза қарастылырған. Егер бұл қылмысты екінші рет жасаса, 7 жылдан 12 жылға сотталуы мүмкін.

Мәжілістің мәліметінше, есірткі қылмысына байланысты сотталған 4 мың адамның 1300-і – есірткі тасымалдағандар.
Ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов заң күшіне енсе, есірткі қылмысына байланысты сотталған мыңға жуық адам шартты жазамен босап шығады деген.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

❗АҚШ-тың Жаңа Орлеан қаласында көлік жиналған адамдарды таптап, кемі он адам қаза тапты. Отыз адам зардап шеккен.

Бұл туралы ВВС, CBS News телеарналары хабарлады. Алдын-ала ақпаратқа қарағанда, бір адам көлікпен Бурбон көшесінде жүргендерді соғып, кейін көліктен шығып оқ ата бастаған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

📷Тұтқыннан оралған украиналықтардың қуанышы

30 желтоқсанда Украина мен Ресей тұтқын алмасып, 150 ресейлік және 180 украиналық отанына оралды. Бұл 11 айдағы ең көп тұтқын алмасу процесі болды.

Фото: AP

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

⚡️ Тарихта алғаш рет теңіз дроны Ресейдің тікұшағын атып түсірді – Украина барлау қызметі

Украинаның барлау қызметі ракеталық қарумен жабдықталған Magura V5 дроны тарихта алған рет әуедегі нысанды атып түсірді деп мәлімдеді. Барлаушылардың мәлімдеуінше, Magura V5 броны Ресейдің Ми-8 тікұшағын атқан.

🗣 "Қара теңіздегі қақтығыс кезінде уақытша оккупацияланған Қырым түбегіндегі Тарханкут мүйісі маңында "SeeDragon" ракетасы көмегімен Ресейдің Ми-8 тікұшағы жойылды. Бір тікұшақ өртке оранып, аэродромға жетіп үлгерді" деді Украина барлау қызметі.

Бұл шабуылға қатысты Ресей қорғаныс министрлігі ешқандай мәлімдеме жасамады.

🔺 Magura V5 – Украина әскерінің теңізде барлау жасайтын негізгі қаруы.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 31 желтоқсанға қараған түні Украина дрондары Ресейдің батысындағы Смоленск облысы Ярцев ауданындағы мұнай базасына шабуыл жасады

Соққыдан кейін көп ұзамай өрт басталған. Облыс губернаторы шабуылдаған барлық дрон атып түсірілді, аппараттың сынықтары түсіп, содан өрт шықты деп мәлімдеді.

Ресей қорғаныс министрлігі 31 желтоқсанға қараған түні Ресейдің жеті аймағы мен аннексияланған Қырымның аспанынан Украинаның 68 дронын атып түсірдік деген есеп берді.

✈️ Таңертең Қазан қаласындағы әуежай жұмысын уақытша тоқтатты. "Росавиация" қауіпсіздік үшін шектеу енгізілді деп хабарлады. Мұндай шаралар әдетте дрон шабуылы қаупіне байланысты қабылданады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Өскемендегі белсенді Леонид Карташев бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы митингіге рұқсат бермеген әкімдіктің үстінен сотқа арыз түсірді

Белсенді наразылық акциясын өткізуге келісім беруден әкімдіктің бас тарту себебін "заңсыз" деп тануды талап еткен.

🗣 "Өскемен әкімдігі наразылық акциясын өткізу жайлы берген хабарламаларымызды ылғи кері қайтарады. Азаматтардың конституциялық құқығын бұзады. 2022 жылдан бері қаншама рет пикет, митинг, шеру өткізбек болдық, алайда әкімдік үнемі арнайы алаңда біресе спорт жарысы, біресе мерекелік іс-шара болады, кейде тіпті жұмысшылар жөндеу жүргізеді деп сылтау айтып келеді. Ал біз үнемі сол уақытта ол жерге барып тексереміз, бірақ ешқашан бір іс-шара болып жатқанын көрмедік" деді белсенді Азаттық тілшісіне.

Қала әкімдігі биыл желтоқсанда екі рет бірыңғай уақыт белдеуіне қарсы акция өткізуге рұқсат етпеген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🔴 Алматының экономикалық соты Іле Алатау ұлттық паркімен шектесетін, 20 жыл жалға алынып, кейін жеке меншікке өтіп кеткен 846 гектар жерді мемлекетке қайтаруға пәрмен берді

Жерге иелік етіп отырған отставкадағы генерал Павел Новиков сот әділетсіз әрі заңсыз шешім шығарды дейді.

🌊 Прокуратура Новиковтың иелігіндегі жер учаскесі аумағынан өзен мен бұлақ ағып өтетінін анықтаған.

Орган заңға сай, су қорының жері тек мемлекет меншігі болады дейді.

Новиков сот шешімін "далбаса" деп санайды.

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Ресей мен Украина кезекті рет әскери тұтқын алмасты

Бұл келіссөзге Біріккен Араб Әмірліктері араағайын болды. Тараптар айтқан тұтқын саны әртүрлі.

🇷🇺 Ресей қорғаныс министрлігі тұтқын алмасу "150 де 150" форматы бойынша өтті деп мәлімдеді. Министрлік ақпаратынша, Ресей сарбаздары Беларусь аумағына әкетілген. Оларға медициналық және психологиялық көмек көрсетіледі, туыстарына хабарласа алады деді. Украина тұтқынынан босап, еліне қайтып бара жатқан ресейліктер түсірілген кадрларды Ресейдің адам құқығы жөніндегі уәкілі Татьяна Москалькова жариялады.

🇺🇦 Ал Украина президенті Владимир Зеленский Украинаға 150 емес, 189 әскери тұтқын оралды деп мәлімдеді. Зеленскийдің айтуынша, олардың арасында әртүрлі әскер тобының өкілі, сондай-ақ Мариупольде орыс әскері тұтқынға алған екі тұрғын бар.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🔴 Ақтөбеде тұратын Бақытхан Жанша студент кезінде 1986 жылы желтоқсанда Алматы орталығында наразылыққа қатысқан. Әйел Желтоқсан қатысушысы екенін сот арқылы таяуда ғана, 38 жылдан кейін дәлелдеп отыр. Бұған дейін "дәлел жоқ" арызын мақұлдамай келген.

🔗Сілтемеден өтіп көріңіз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🔴 2025 жылы Қазақстанда ел жағдайы қалай өзгереді? Әлде өзгермей ме?

2025 жылы айлық есептік көрсеткіш (АЕК) 6,5 пайыз артып, 3932 теңгеге жетпек. Биыл 3692 теңге болған.

💸 Көпбалалы отбасына берілетін және бала 1,5 жасқа толғанға дейін күтіміне ай сайын төленетін жәрдемақылар да 6,5 пайыз көбеймек.

Ал зейнетақы 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап 8,5 пайыз өседі.

АЕК-нің өсуі тек әлеуметтік төлемдерге емес, әкімшілік айыппұлдарға да әсер етеді. Сөйтіп 2025 жылы әкімшілік айыппұлдар мен мемлекеттік баж салығы да 6,5 пайыз өседі.

🤨 Экономист Сергей Домнин "2025 жылы халықтың жағдайы жақсарып кетеді дегенге сену қиын" дейді.

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🔴🎄 Жыл қорытатын хабарлар мен эфирлер молынан жарияланып жатқан тұста, Азаттық биыл болған оқиғаларға байқаушы көзімен қарауды ұсынады.

18 желтоқсан күні түсірілген подкастымызда PaperLab ұйымының жетекшісі Серік Бейсембаев, журналист Шырақ Байназар және антрополог Индира Әлібаевамен бірге 2024 жылды талдап, қоғамдағы өзгерістер жөнінде талқы өткіздік.

🔗Сілтемеден өтіп көріңіз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…
Subscribe to a channel