🗣 Белсенді Қайрат Қылышев түрмеден босап шықты
Ол Азаттыққа "үкімет тағдырымды өзгерте алатын шығар, бірақ ойымды өзгерте алмады" деді.
Сөзінше, 30 желтоқсан таңғы жетіде оны Алматы облысы Заречный кентіндегі жазаны өтеу мекемесінен Қаскелең қаласындағы үйіне апарып тастаған. Оның түрмеден босап шығатынын естіген басқа белсенділер Қылышевтің үйіне барған.
🗣 "Заңсыз мерзімімді толық өтеп шықтым. Енді алты ай әкімшілік қадағалауда боламын. Осы бойынша 31 желтоқсан түске дейін Қарасай ауданы полициясына барып, тіркеуге тұруым керек. Бұдан бөлек, 5 жылға қоғамдық-саяси жұмыспен айналысуға салынған тыйым бар. Бұл қамаудан шыққан соң есептеледі" деді Қылышев.
Белсенді "Қазақстан билігі халықтың мәселесін шеше алмайды, түрмеге отырғызып шешеді" деп айтты.
ℹ️ Қылышев 2021 жылғы 11 қазанда "тыйым салынған ұйым жұмысын ұйымдастырды және оған араласты" деген айыппен (405-бап, 1, 2-бөліктері) бес жылға бостандығынан айырылған. 2022 жылы көктемде сот оның қалған бөлігін шартты жазаға алмастыру туралы өтінішін орындап, белсенді қамаудан шыққан еді. 2023 жылы маусымда "пробацияны бұзды" деген айыппен түрмеге қайта қамалды.
Қылышев "заңсыз үкім шықты, айыпқа әлі де келіспеймін" деді.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🔴 Былтыр Азаттық хабар тарататын өңірлердегі 10 тілшімізден болашаққа көз жүгіртіп, келер жылдың қалай болатынын болжап көруді сұраған едік. Қиын тапсырмаға қуана келіскен әріптестеріміз биыл да 2024 жылды қорытындылап, 2025 жылы әлемді не күтетінін топшылап көрді.
Азаттық хабар тарататын өңірлердегі тілшілеріміздің болжамында төмендегі мәселелер жиі қайталанады:
🔺 Украинадағы соғыс ғаламдық кикілжіңге айналып, Батыс елдеріне ғаламдық тәртіпті өзгерткісі келетін мемлекеттер тобына қарсы тұруға тура келді.
🔺 Бүкіл әлемде популистік қозғалыстар мен авторитар басшылар күшейіп, демократия мен демократиялық инстиуттарға қысым көрсете бастады.
🔺 Көп нәрсе Дональд Трампқа байланысты болады. Жақында сайланған президенттің 2025 жылы қаңтарда Ақүйге оралуы трансатлантикалық саудадан бастап Балқан елдерінің саясатына дейінгі халықаралық динамиканы өзгертеді.
Осы және өзге де болжамдарымызды ұсынамыз👇🏻
🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз
❤️Азаттыққа жазылыңыз
💬 Ресей ядролық оқтұмсықтар жеткізе алатын орта және жақын қашықтыққа ұшатын зымырандарды орналастыруға қойылған мораторийді алып тастамақ
Елдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров 29 желтоқсанда осылай деп айтты. "Америка дауысы" сайтының жазуынша, Лавров АҚШ-тың осыған ұқсас қару қоятынын алға тартқан.
🇩🇪🇺🇸 2024 жылы шілдеде Берлин мен Вашингтон Германияға америкалық орта қашықтыққа ұшатын зымырандар орналастыру жоспары барын жария етті. Тараптар зымырандар ядролық болмайды деп хабарлады. Кремль бұған дейін мұндай зымырандардың Филиппинде орнатылуы мүмкін екенін сынға алған.
🚀 Орта және қысқа қашықтыққа ұшатын зымырандар – 500-ден 5500 шақырымға дейін жететін баллистикалық және қанатты зымырандар, оларды жерден басқарады.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🗣 АҚШ-тың 39-президенті, Нобель сыйлығының лауреаты Джимми Картер 100 жасында қайтыс болды
🇺🇸 Картер АҚШ-ты 1977 жылдан 1981 жылға дейін басқарды. Ол президент болған тұста бірқатар келеңсіз оқиға болған: АҚШ-тағы Три-Майл-Айленд аралындағы атом электр станциясында апат болды, 1979 жылы жылы Иранда исламшылдар АҚШ-тың Тегерандағы елшілігін басып алды, америкалық арнайы күштердің шабуылы сәтсіз аяқталды. Ол президент болған тұста АҚШ-та инфляция күшейіп кетті.
Дегенмен Картер халықаралық саясатта айтарлықтай жетістіктерге жеткен.
Ол Совет одағымен стратегиялық жойқын қаруды шектеу туралы келісімге қол қойған. Картер 1978 жылы Израиль мен Египет арасындағы бейбітшілік туралы тарихи келісімге қол жеткізген. Картер президент болып тұрған кезде АҚШ Панама каналын Панаманың бақылауына беру туралы келіссөз жүргізіп, Латын Америкасы елдерімен қарым-қатынасты едәуір жақсартты.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
Әзербайжан AZAL ұшағы апатын бірігіп тергеу туралы Ресейдің ұсынысынан бас тартты
Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев телеарнаға берген сұхбатында сонымен бірге Ресей жағы ұшақ апатын халықаралық авиация комитетімен бірігіп тергеу жөнінде ресми түрде ұсыныс жасағанын айтты.
“Біз бұдан түбегейлі түрде бас тарттық. Оның себебі айқын. Бұл институт негізінен ресейлік шенеуніктерден құралған, институтқа Ресей азаматтары жетекшілік етеді. Объективтілік факторы мұнда толық орындалмауы мүмкін. Егер Ресей апаттан кейін бірден әділетті әрі орынды қадамдар жасағанда бәлкім, қарсы болмас та едік. Алайда мәселені жасыруға деген айқын талпыныстарды көрдік” деді Әзербайжан президенті.
Ол сонымен бірге ұшаққа тиген бөлшектерден іштегі жолаушылар мен экипаж мүшелері жарақаттанғаны айқын екенін де жеткізді.
“Мұны қандай да бір құстарға итеру немесе газ баллоны жарылысы ретінде сипаттау – ақымақтық әрі әділ емес” деді Әлиев.
Тбилисиде парламент ғимараты алдындағы жағдай біршама күрделенді. Полиция наразыларды ұстай бастады деп хабарлады Азаттықтың Грузин қызметі
Читать полностью…Тбилисиде Саломе Зурабишвили президент сарайынан кетті
“Мен өзіммен бірге заңдылық, ту мен халық сенімін алып кетіп барамын” деді Зурабишвили жақтастары алдында.
Жексенбі күні парламент ғимаратында Михаил Кавелашвили президент ретінде ант берді. Грузия оппозициясы мен оның жақтастары Кавелашвили мен қазанда сайланған парламенттің заңдылығын мойындамайды.
Оппозиция жақтастары жексенбі күні президент резиденциясынан парламент ғимаратына дейін шерулетіп барып, жаңа президент, бұрынғы футболшы Кавелашвилиге қызық карточка көрсетті.
Оңтүстік Кореяда апатқа ұшыраған ұшақта, алдын ала мәлімет бойынша, қазақстандықтар жоқ
Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров осылай деп мәлімдеді. Бұл жөнінде Tengrinews жазды.
Оңтүстік Кореядағы ұшақ апаты: 181 адамның 179-ы қаза болды
Бұл жөнінде ұлттық өрт қызметіне сүйенген Yonhap агенттігі хабарлады. Алдын ала мәлімет бойынша, өрт сөндірушілер екі адамды ғана құтқара алған: бір жолаушы және экипаждың бір мүшесі.
Агенттіктің мәліметінше, билік ұшақтың апатқа ұшырауына екі жағдай әсер еткен болуы мүмкін деп болжайды: ауа райы және ұшақтың құстарға соғылуы.
⚡Ресей президенті Владимир Путин Әзербайжан басшысы Ильхам Әлиевтен Azerbaijan Airlines ұшағы апаты үшін кешірім сұрады.
Бұл жөнінде Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады. Хабарламада Путин Ресейдің әуе кеңістігінде болған “қайғылы оқиғаға байланысты” кешірім сұрап, қаза болғандардың отбасына көңіл айтқаны жазылған.
“Әңгіме барысында кестеге сәйкес ұшып келген Әзербайжанның жолаушылар ұшағы Грозный әуежайына бірнеше рет қонуға талпынғаны атап өтілді. Ол кезде Грозный, Моздок және Владикавказ қалаларына украиналық соғыс дрондары шабуылдап, ресейлік әуе қорғаныс жүйесі шабуылға тойтарыс беріп жатқан еді” деп жазылған хабарламада.
25 желтоқсанда Embraer E190 ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшыраған. Борттағы 67 адамның 38-і қаза болған, 29 тірі қалған.
Кремльдің жазуынша, қазір Грозныйда Әзербайжан бас прокуратурасының екі өкілі жүр. Олар Ресей тергеу комитеті мен бас прокуратурасы өкілдерімен бірге істеп жатқаны айтылады.
Ақтаудағы ұшақ апатын тергеуге түрік мамандары көмектеседі
Түрік баспасөзінің жазуынша, Әзербайжан жағының өтінішімен жасақталған сегіз адамнан құралған топ 27 желтоқсанда кешке Бакуға аттанған.
“Техникалық және эксплуатациялық сараптама жүргізіп, тиісті көмек көрсетеміз. Оқиғаның жай-жапсарын зерттеп, нәтижесін хабарлау үшін билікпен бірігіп жұмыс істейміз” деді Түркияның көлік және инфрақұрылым министрі Әбдіқадыр Уралоғлы.
Бұған дейін АҚШ та Әзербайжан мен Қазақстанға ұшақ апатын тергеуде көмегін ұсынған. Ақ үйдің стратегиялық коммуникация жөніндегі үйлестірушісі Джон Кирбидің мәлімдеуінше, АҚШ “ұшақты Ресейдің әуе қорғаныс жүйесі атып түсірген болуы мүмкін деген тұжырымға нұсқайтын алғашқы белгілерді байқаған”.
Қаңтар соты: бұрынғы полицей мәйітханада "шамамен 286" адамның денесі болғанын айтты
Алматыда Қаңтарда оққа ұшқан жергілікті тұрғындар Ерлан Жағыпаров пен Әуес Қапсалановтың қазасына қатысты сот отырысы жалғасып жатыр. Соңғы отырыста жауап берген жедел жәрдем қызметкерлері 2022 жылы 6-7 қаңтарда Алматыдағы Республика алаңынан 18-ге дейін мәйіт жинағандарын айтқан еді.
Қаңтар кезінде Алматы қалалық полиция департаментінің тергеу басқармасының ерекше маңызды істер жөніндегі аға тергеушісі болған, қазір зейнетке шыққан Бақытжан Медетбеков сотта сол күндері мәйітханадағы мәйіттердің саны "шамамен 286" болғанын айтты.
"Егер қателеспесем, олардың саны (мәйіттердің саны) 286 болды. Сот-медицина сараптамасын тағайындау туралы барлық қаулыны өзім шығардым, себебі тергеушілердің жартысы мәйітханаға сараптамаға жіберілді. Ал оқиға орнынан алынған хаттамалармен, яғни мәйіттермен және одан кейінгі шешімдермен танысу үшін оларды өзіммен бірге мәйітханаға алып келдім. Барлық сот-медициналық сараптама менің атымнан тағайындалды" деді Медетбеков.
Толығырақ оқыңыз
📹 Субхонкул Рахимов – Қазақстанда құлаған Azerbaijan Airlines ұшағында болып, тірі қалған 29 жолаушының бірі.
Reuters агенттігіне берген сұхбатында Рахимов ұшақта кезде әлдебір жарылыс даусын естігенін айтты. Кейін ұшақтың сырты зақымданғанын көрген.
🗣 "Бұлт тарап, теңізден өткенімізде ұшақ қайта теңселе бастады. Шайқалып отырдық. Жұрт шулай бастады. Ұшақ жерге құлағанда есім бар еді. Белдігімді тағып алған едім. Бір орнымда шайқалып, жан-жағыма соғылып жаттым. Бірнеше секунд солай болды да, кенет бәрі тынши қалды. Сонда қонғанымызды түсіндім. Денемді ұстап, аман екенімді түсіндім. Не қуанарымды, не жыларымды білмедім".
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🗣 Қарақалпақстан оқиғасын зерттеу жөніндегі комиссияның арнайы есебі таныстырылғаннан кейін құқық қорғаушылар кейбір маңызды сұрақ сол күйі жауапсыз қалды деп мәлімдеді
Халықаралық құқық қорғаушылардың мәлімдемесі Түркімен Хельскинки қорының сайтында жарияланды.
26 желтоқсанда 2022 жылғы 1-2 шілдеде Қарақалпақстанда болған оқиғаларды зерттеу жөніндегі арнайы комиссия өзбек парламентінде есебін жариялаған. Оған сәйкес, Қарақалпақстандағы жаппай наразылық кезінде 21 адам қаза болған, екеуі – құқық қорғау органы өкілі.
🗣 "Шын мәнінде сот үкімдері мен сот процестері кезінде бірде-бір құқық қорғау орган өкілінің қаза болғаны жөнінде айтылған жоқ. Алайда қаза болғандар арасында демонстранттар қатарына өтіп кеткен күштік құрылым қызметкерлері болған. Олардың аты-жөндері ресми құжаттарда "полиция қызметкері" емес, "тәртіпсіздікке қатысушы" ретінде көрсетілген. Осыған қарап, қосымша ақпаратсыз екі полицейдің қаза болғаны жөнінде мәлімдеу толқуға қатысушыларға шамадан көп күш қолдануды ақтау үшін жасалып отырған тәрізді сезім қалдырады" деді құқық қорғаушылар.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🔴 Azerbaijan Airlines: апатқа дейін ұшаққа "сырт жақтан физикалық және техникалық әсер" болған
🇦🇿 Компания алдын ала нәтижелер осылай көрсетті деді. Бұл туралы Reuters агенттігі жазды.
🇷🇺 Мұның алдында "Росавиация" басшысы ұшақ Ақтауда құлар алдында Грозный мен Владикавказ қалаларындағы нысандарға Украина дрондары шабуылдап, соған байланысты Грозный әуежайы аймағында "Ковер" режимі енгізілді деді.
Azerbaijan Airlines Ресейдің тағы үш қаласына – Владикавказ, Нижний Новгород пен Саратовқа ұшатын рейстерін уақытша тоқтатты.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🎼 2024 жылы Қазақстан музыкасы үшін көптеген хит әнмен толықты. Биыл музыка әлемін "тербеткен" әрі халық арасында көп тыңдалған әндердің тізімін жасап шықтық.
Тізім жасағанда бір әншінің бір әні алынды және YouTube және Spotify платформасында қанша рет тыңдалғаны, тыңдарман арасында көп таралғанын ескерілді.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🗣 Қазақстан аумағына құлаған Azerbaijan Airlines жолаушы ұшағында болып, апаттан аман қалған Қырғызстанның үш азаматы Бішкекке жеткізілді
🇰🇬 Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі ұшақ апатынан зардап шеккен Ерлан Жүнісалиев пен Тілек Осмоновтың жағдайы жаман емес, олар ұлттық ауруханада жатыр деп хабарлады.
Үшінші қырғыз азаматы Ринат Асановтың жағдайы тұрақты, бірақ ауыр, ол жансақтау бөліміне жатқызылды деді министрлік.
✈️ Azerbaijan Airlines алдын ала тергеу мәліметіне сүйеніп, апатқа дейін ұшаққа "сырт жақтан физикалық және техникалық әсер" болған деп хабарлады. Бастапқыда ұшаққа "бір топ құс соғылған", "ұшақтағы оттегі балоны жарылған" деген болжамдар барын айтқан Ресей ресми тергеу аяқталғанға дейін долбар жасамауға үндеген.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🔴 Кедейшілік пен жұмыссыздық кейбір түркімен әйелдерін жезөкшелікпен айналысуға итермелейді. Отбасын асырау үшін осындай іске барған бірнеше әйел Азаттыққа бастан кешкенін баяндап берді.
Олар күш көрсету мен полиция тарапынан еңбекті қанау, қоғамдық айыптауларға кезіккенін айтты.
🇹🇲 Түркіменстанда жезөкшелікпен айналысқандар қылмыстық жауапкершілікпен қудаланады. Бірінші рет ұсталғандарға айыппұл салынады, қайталағандар екі жылға дейін бас бостандықтарынан айырылуы мүмкін.
Тыйым мен қоғамдық айыптауларға қарамастан, Түркіменстанда жезөкшелік ұзақ жылдан бері бар.
🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз
❤️Азаттыққа жазылыңыз
💬 Ақтау маңына құлаған Әзербайжан әуекомпаниясы ұшағының қара жәшіктері Бразилияда ашылады
Бұл туралы 29 желтоқсанда Қазақстанның көлік министрлігі хабарлады. "Чикаго конвенциясының 13-ережесіне сәйкес, қара жәшіктерді қай елде оқуды ұшақ апатына тергеу жүргізетін ел шешеді. Қазақстан бұл конвенцияны 1992 жылы ратификациялады әрі халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ИКАО) мүшесі" деп жазылған хабарламада.
🇧🇷✈️ Ұшақ апатын тергеу жөніндегі комиссия осы құжат негізінде және ИКАО ұсыныстары бойынша, Әзербайжан мен Ресейдегі авиация саласының өкілдерімен кеңесіп, қара жәшіктерді Бразилиядағы авиация оқиғаларын тергеу орталығына (CENIPA) жіберуді ұйғарған. Embraer жолаушы ұшағы осы елде жасалады.
Министрлік CENIPA орталығында қара жәшіктерді оқуға қажет техника, зертхана бар деді.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
Әзербайжан президенті Ильхам Алиев Azerbaijan Airlines ұшағын жерден атқылаған деп мәлімдеді
“Азаматтық ұшақ Ресей аумағында, Грозный қаласының маңында сырттан зақымданып, іс жүзінде басқарудан айырылған. Біз сонымен бірге ұшақты радиоэлектронды күрес құралдары арқылы басқара алмайтындай жағдайға жеткізгенін де білеміз. Бұл ұшаққа келтірілген алғашқы зақым” деді Әлиев әзербайжан телеарнасына берген сұхбатында.
Ол атқылаудың салдарынан ұшақтың артқы бөлігі қатты зақымданғанын айтты.
Оның сөзінше, түпкілікті қорытынды қара жәшікті ашқаннан кейін белгілі болады. Әзербайжан президентінің сөзінше, ұшақты қасақана атқыламаған.
Әлиев сонымен бірге "қандай да бір газ баллоны жарылды" деп мәлімдеген Ресей билігі кінәсін мойындап, Әзербайжаннан кешірім сұраудың орнына "мәселені жасыруға" тырысты деді.
“Ресейдің ресми құрылымдарының қандай да бір газ баллоны жарылғаны жөнінде болжамды алға тартуы біздің көңілімізді қалдырды әрі таңғалдырды. Яғни, Ресей жағы мәселені жасырғысы келетінін айқын көрсетті және бұл әрине, абырой әкелетін нәрсе емес” деді Әлиев.
Ол алғашқы үш күн бойы Баку “Ресейден сандырақ болжамдардан басқа ештеңе естіген жоқ” деді.
Тбилиси парламенті алдындағы жағдай. Оппозиция жақтастары президент қызметіне кіріскен бұрынғы футболшы Михаил Кавелашвилиге қызық карточка көрсетті
Читать полностью…“Ренхап” агенттігінің хабарлауынша, Оңтүстік Корея билігі қазірге дейін 94 адамның денесін тапқан. Қалғандары із-түзсіз жоғалғандар санатына кіргізілген. Іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.
“Ұшақ қоршауға соғылғаннан кейін жолаушылар ұшақтан лақтырылған. Тірі қалу мүмкіндігі өте аз” деді өрт қызметінің өкілі агенттікке.
Муан қаласында апатқа ұшыраған ұшақ бортында екі Таиланд азаматы болған, қалғаны – Оңтүстік Корея азаматтары деп хабарлады жергілікті БАҚ.
Оңтүстік Кореяда ұшақ апатқа ұшырап, кемінде 62 адам қаза болды
Кореяның ұлттық өрт қызметі 62 адам қаза болғанын хабарлады деп жазды BBC ақпарат агенттігі. Ұшақ бортында экипаж мүшелерін қосқанда 181 адам болған деп айтылады. Өрт сөндірушілер әзірге екі адамды құтқара алған: бір жолаушы және экипаж мүшесі.
Бангкоктан ұшып келе жатқан Jeju Air компаниясының ұшағы Сеулдің оңтүстік-батысындағы Муан әуежайына қонбақ болған кезде апатқа ұшыраған. Ол ұшу-қону жолағынан шығып кетіп, қоршауға соғылған.
Алдын ала мәлімет бойынша, ұшақ құстарға соғылған болуы мүмкін. Билік тергеу жүргізіп жатыр.
Хельсинки қоры: Ресей саяси баспана сұраған қарақалпақ белсендісін Өзбекстанға жіберді
Желтоқсан ортасында Ресейден саяси баспана сұрап келген қарақалпақ белсендісі Жеткербай Әбдірамановты 27 желтоқсанда Мәскеу әуежайында өзбек арнайы қызметі ұстап, Өзбекстанға алып кеткен. Бұл жөнінде Норвегияда тұратын “Алға Қарақалпақстан” ұйымының жетекшісі Аман Сағидуллаев Адам құқығы жөнінде Түркімен Хельсинки қорына хабарлаған.
Қордың жазуынша, Әбдіраманов Норвегияға баруды жоспарлап, Мурманск арқылы кетпек болған. Алайда ол жерде ФСБ өкілдері оған Мәскеу арқылы кетуге “кеңес беріп”, ақыры ол жақта оны өзбектің арнайы қызметі “қарсы алған”. Қор өкілдері мұны “жақсы ұйымдастырылған қақпан” деп атайды.
Өзбекстанда Әбдірамановқа "конституциялық құрылымға нұқсан келтіру" және "қоғам қауіпсіздігіне қатер төндіретін үнпарақ тарату" баптары негізінде іздеу жарияланған.
Өзбекстанда өзіне қарсы қылмыстық іс қозғалғаннан кейін Әбдіраманов Қазақстанға барған. Алайда 2022 жылы жазда Қарақалпақстанды егемендігінен айыратын Өзбекстан Конституциясына түзету енгізуге қарсы қол жинағаны үшін ұсталып, "көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін" 2023 жылы қаңтарда Қырғызстанға шығарылған.
Ақпаратқа қарағанда, ол бірнеше елден саяси баспана алуға ұмтылғанмен талпынысы сәтсіз аяқталған.
Осыған дейін Қазақстан билігі саяси баспана сұраған қарақалпақ белсенділеріне босқын мәртебесін бермеген еді.
Тоқаев үкімет комиссиясы мен бас прокуратураға басқа құзыретті органдармен бірлесіп, Ақтаудағы ұшақ апатына жан-жақты әрі объективті тергеу жүргізуді тапсырды. Бұл жөнінде Ақорда сайты хабарлады.
Қазақстан президенті сонымен бірге “ақпараттық арандату мен фейкке жол бермеудің маңыздылығын” атап өткен. Бұдан бөлек, Қазақстанның авиация қауіпсіздігінің жай-күйін мұқият тексеру қажет екенін айтқан.
Желтоқсан оқиғасын алғаш еске алу. Билікті иліктіру және көрінбейтін күрес
"Желтоқсан" ұйымы 1989 жылы алғаш рет Желтоқсан оқиғасын еске алу жиынын өткізді. Оның қалай өткені, зиялы қауым қалай қабылдағаны, жиынға қатысқан совет билігі өкілдерінің хикаясы – бүгінгі шолудың арқауы.
🎧Азаттық сайты
🎧Youtube
🎧Apple podcasts
t.me/azattyq
🗣 Тоқаев: Қазақстан Ақтаудағы ұшақ апатын жан-жақты, объективті зерттеуге бар күшін салады
Әзербайжан президенті Илхам Әлиевпен сөйлескен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев осылай деп айтқан. Мұны Ақорда хабарлады.
❤️Азаттыққа жазылыңыз
🗣 Әлиев пен Тоқаев телефонмен сөйлесті
📞 Әзербайжан президенті Илхам Әлиев 27 желтоқсанда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа қоңырау шалды. Бұл туралы оның баспасөз қызметі хабарлады.
Президенттер Ақтау маңындағы ұшақ апатына байланысты бір-біріне көңіл айтқан. Әлиев Қазақстандағы құтқарушыларға, дәрігерлерге алғысын жеткізген. Апаттан аман қалған Әзербайжан азаматтарының көбі елге оралып, емделіп жатыр деді Әлиев.
🇰🇿 Тоқаев "ұшақ апатын тергеуге арнайы комиссия құрылды, Embraer компаниясының өкілдері Қазақстанға келіп, тергеуге қатысып жатыр" деп мәлімдеген.
Екі тарап "тергеу барысы туралы пікір алмасып,оның нәтижесі апатқа не себеп болғанын толық анықтайды деп сенім білдірген".
❤️Азаттыққа жазылыңыз
💬 "Росавиация" басшысының мәлімдемесінде "жолаушы ұшағына Ресей зымыраны тиген" деген ақпаратқа байланысты ештеңе айтылмады
Бұған дейін Батыс ақпарат агенттіктері Әзербайжан билігіндегі дереккөздеріне сүйеніп, Қазақстанда құлаған Azerbaijan Airlines ұшағына Ресейдің атқан зымыраны зақым келтірген болуы мүмкін деп жазған.
Апат салдарынан ұшақтағы 67 адамның 38-і қаза тапты. Мәскеу ресми тергеу аяқталғанға дейін долбар жасамауға үндеген.
🗣 "Бірлесіп тергеуді қажет ететін әртүрлі жағдай бар. Осы үшін әріптестерімізбен бірге жұмыс істеуге дайынбыз" деді "Росавиация" басшысы Дмитрий Ядров.
❤️Азаттыққа жазылыңыз