azattyq | News and Media

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Subscribe to a channel

Azattyq - Азаттық

Желтоқсан: Азаттық тапқан суреттер

Азаттық бұған дейін 1986 жылы Алматыда болған Желтоқсан оқиғасы кезінде түсірілген сирек суреттер топтамасын жариялаған. Топтамада Азаттықтың Алматы қаласының орталық мемлекеттік мұрағатынан тапқан суреттері жинақталған.

Осы галереяның сілтемесін қайталап саламыз.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

16 желтоқсан – Қазақстанның жаңа тарихында екі оқиғамен байланысты. Желтоқсан және Жаңаөзен.

Осыдан 38 жыл бұрын дәл осы күні Кремльдегі биліктің Геннадий Колбинді советтік Қазақстанға басшы етіп тағайындағаннан кейін қазақ жастары Алматының орталық алаңына жиналып, наразылық танытқан. Совет билігі жастардың бейбіт митингісін күш қолданып, басып-жаншыған.

2011 жылы 16 желтоқсанда Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында еңбек жағдайын жақсартуды талап еткен мұнайшылардың бірнеше айға жалғасқан бейбіт наразылық акциясын полиция оқ атып таратқан. Ресми мәлімет бойынша, "Жаңаөзен оқиғасы" кезінде 17 адам көз жұмған.

Кемінде 238 адамның өмірін қиған Қаңтар оқиғасының да үш жылдығы таяп келеді.

Сарапшылар осы үш қантөгістің шындығы әлі ашылмады деп санайды.

Ресми Астана Тәуелсіздік күні қайғылы оқиғаларды еске түсіруден қашқақтайды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтауында Желтоқсан да, Жаңаөзен де, Қаңтар да айтылмаған.

"Бұл – халқымыздың азаттық туралы арманы ақиқатқа айналып, елдік дәстүрлеріміз жаңғырған күн. Осы мерейлі мерекеде бәріміз бабалар аманатына әрдайым адал болудың және ұлт болашағына зор жауапкершілікпен қараудың мән-маңызын терең түсінеміз. Себебі тәу етер Тәуелсіздігіміз – баршаға ортақ құндылық әрі барлық игілігіміздің бастауында тұрған баға жетпес байлық. Тәуелсіздігімізден биік еш нәрсе жоқ. Оны көздің қарашығындай қорғау – әр азаматтың перзенттік парызы" деді президент.

Видео: Oyan, Qazaqstan

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Буфер аймағы және бітімгер күштер. Украинаның бейбітшілік жоспары қандай болады?

Еуропада жабық есік жағдайында дипломаттар мен саясаткерлер “Украинаның бейбітшілік жоспары қандай болуы керек?” деген сұраққа жауап іздеп жатыр. Украинада Еуропаның бітімгершілік әскерін шоғырландыру ұсынысы да қаралған. Бұл тұста Мәскеудің қандай да бір энтузиазм көрсете қоюы неғайбыл.

Батыстың келіссөз залдарындағы көңіл-күй кикілжіңді шешу керек деген сарынға ойыса бастады. АҚШ-та Дональд Трамп президент болып сайланғалы бұл процесс айқынырақ біліне бастады. Трамп сайлауалды кампаниясы кезінде соғысты 24 сағатта аяқтаудың жолын табамын деп уәде берген еді.

«Бейбітшілік келіссөз болады деген әңгіме көп», — деді 12 желтоқсанда Брюссельдегі Carnegie Europe талдау орталығының директоры Роза Бальфур. «Шын мәнінде жоспарымыз жоқ. Әрине, майдандағы жағдай Украинаның пайдасына шешілмей тұр, сондықтан өте күрделі кезең».

🔗 Толығырақ оқыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Сенбі күні дауыс беру өткен Тбилисидегі парламент ғимаратының алдында наразылық акциясы өтті деп хабарлады Азаттықтың Грузин қызметі.

Аяз бен қарға қарамастан жүздеген адам жиналған.

16 желтоқсанда өкілеті аяқталатын қазіргі президент Саломе Зурабишвили сайлауды заңсыз деп танып, қызметінен кетпейтінін мәлімдеді. 14 желтоқсанда да ол Тбилисидегі наразылыққа қатысты.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Сот петропавлдық белсенді Нұрбол Өнерханды 15 тәулікке қамады

Бір күн бұрын полицияның белсендіні үйінен алып кеткені хабарланған еді. Ақпаратқа қарағанда, оның үстінен “бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу” бабы бойынша хаттама толтырылған.

“15 тәулікке қамады. Бірақ 20 қараша күнгі оқиға түрткі болды деп еді ғой. Нұрбол 20 қарашада партияны тіркеу туралы өтініш беруге барған жоқ. Сондықтан олар оның сәуірде болған кезін тауып сол үшін жауапқа тартқан” деді Амангелді Жахин Азаттыққа.

Бұған дейін құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожина 16 желтоқсан және 4-5 қаңтар күнгі оқиғаларды еске алу күндері қарсаңында елде "профилактикалық әңгімелер үшін" белсенділердің ұсталып жатқаны жөнінде ақпарат түсіп жатқанын айтып, белсенділерді сақ болуға үндеген.

Полиция белсенділердің ұсталуы жөнінде ақпаратқа түсініктеме бермеді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 БАҚ: Ресейге тыңшылық жасады деп айыпталғандар Тоқаевтың ұлына компромат жинауға тырысқан

Ресейге тыңшылық жасады деп айыпталған Лондонда сотталып жатқан Болгария азаматтары "Қазақстанға қарсы шабуыл әзірлеген" деп жазды британ ақпарат құралдары.

Telegraph басылымының жазуынша, айыпталушылардың бірі, тыңшылар желісінің жетекшісі Орлин Русев Интерполда іздеуде жүрген Ян Марсалекпен Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлы туралы "фейк гей-порно жасауды" талқылаған. Сотқа сүйенген басылым Ян Марсалекті Кремльдің атынан шабуылға тапсырыс беруші деп атайды.

Telegraph-тың жазуынша, Русев пен Марсалек арнайы қызмет өкілдері пайдаланатын "саяси мақсатта романтикалық немесе жыныстық қатынаспен байланысты" әдіс жөнінде сөйлескен.

Мақала авторларының жазуынша, Марсалек "Қазақстан президентінің ұлы гей-клубтың тұрақты клиенті" деп айтатын гей-клубтың иесімен "сұхбат ұйымдастыруды" ұсынған. Telegraph және Daily Mail жазуынша, тапсырыс беруші "ГРУ-дағылар егер мұны жарияласақ, Қазақстанда драма болады" (ГРУ – Ресейдің бас барлау басқармасы) деген.

Толығырақ оқыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Путин Назарбаевпен кездесті

Ново-Огаревте (Мәскеу облысы) Ресей басшысы Владимир Путин Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен кездесті деп хабарлады Кремль сайты.

Ресми хабарламада бір сөйлем мен бір суреттен басқа ақпарат жоқ.

Ақпарат құралдары Нұрсұлтан Назарбаевтың Путинмен кездескенін соңғы рет 2023 жылы желтоқсанда хабарлаған.

Назарбаев былтыр жарық көрген "Менің өмірім. Бодандықтан Бостандыққа" атты мемуарында Ресей президенті Владимир Путиннің кітаптарына бірнеше рет сілтеме жасап, оның өзін "сөзге берік, достыққа адал адам" деп мақтаған. Мемуарында Назарбаев 2022 жылы Ресейдің Украинаға басып кіргеніне Батысты айыптай сөйлеген.

Қаңтар оқиғасынан бері ықпалы әлсіреген Назарбаев Ресей басшысымен бірнеше рет кездескен.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Су басынан лайланады". Әбдуәли Қайдар Тәуелсіздіктен екі ай бұрын берген сұхбатында не айтты?

1991 жылы Азаттық радиосына берген сұхбатында этнолингвист ғалым Әбдуәли Қайдар елдегі саяси өмір, көппартиялық қоғамға қадам, тіл мәселесі және латын жазуы туралы ойын бөліскен. Зиялы қауым өкілінің қоғамдағы өзгерістерге берген бағасы – Азаттық радиосының эфирінде.

🎧Азаттық сайты
🎧
Youtube
🎧
Apple podcasts

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🇰🇿🥇 Сонымен Таиландта өткен бокстан Азия чемпионатында Қазақстанның әйелдер және ерлер құрамасы 5 алтыннан алды

🥊 Әйелдер: Виктория Графеева (60 келі), Аида Әбікеева (63 келі), Наталья Богданова (70 келі), Гүлсая Ержан (81 келі), Елдана Тәліпова (+81 келі).

🥊 Ерлер: Махмұд Сабырхан (54 келі), Бекзат Нұрдәулетов (86 келі), Сағындық Тоғамбай (92 келі), Айбек Оралбай (+92 келі), Абылайхан Жүсіпов (71 келі).

Фотолар boxingkazakhstan парақшасынан алынды

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🇰🇿🇧🇪 Қазақстан Бельгиямен бір топта

⚽️ Футболдан 2026 жылы өтетін әлем кубогының жеребесі тартылды. Қазақстан іріктеуде Бельгия, Уэльс, Солтүстік Македония, Лихтенштейнмен бір топта ойнайды. Топтың жеңімпазы әлем кубогына тікелей жолдама алады. Екінші орын алған ел плей-офф кезеңі арқылы лицензияға таласады.

Іріктеу 2025 жылғы наурызында басталып, қарашада аяқталады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Бурят журналисі Евгения Балтатарова Франциядан саяси баспана алды

🇷🇺🇰🇿 Бұл жөнінде Sota жазды. Журналист әрі белсенді Евгения Балтатарова 2022 жылы наурызда Ресейден қысым көріп, Қазақстанға өтіп кеткен. 2024 жылдың басына дейін Астанада тұрған Балтатароваға Қазақстан билігі босқын мәртебесін берген жоқ.

Ол шешімді сотқа берген, бірақ өтініші сол күйі орындалмады. Қазақстанда бірнеше рет ұсталып, қайта босатылған. 2024 жылы қаңтарда оның Францияға кеткені белгілі болды.

📝 Ресей армиясы туралы "фейк" ақпарат таратты деп айыпталған оған халықаралық іздеу жарияланған. Журналистің өзі Ресей құқық қорғау органдары "сыныққа сылтау іздеп", қылмыстық іс қозғауға түрткі болатын жайт табуға тырысқанын айтқан.

2022 жылы қазанда Ресей әділет министрлігі Балтатарованы "шетел агенті" деп танып, жеке тұлғалар тізіміне енгізген. Францияда ол босқын мәртебесін шамамен бір жыл бойы күткен.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Түркіменстан президенті өзінің әпкесін Арқадағ медалімен марапаттады

Бұрынғы президент Гурбангулы Бердімұхамедов атындағы қайырымдылық қорының вице-президенті Огулжахан Атабаева – қазіргі президенттің туған әпкесі.

🇹🇲 Президент жарлығында Атабаева "тәуелсіз бейтарап Түркіменстанның гуманистік әлеуметтік саясатын сәтті жүзеге асыруға және қамқорлыққа мұқтаж адамдардың, әсіресе балалардың құқықтарын сақтауға қосқан зор үлесі үшін" марапатталғаны жазылған.

Түркіменстанда Арқадағ медалі былтыр пайда болған.

Гурбангулы Бердімұхамедовтан елді 16 жыл басқарған. 2022 жылы билікті ұлына тапсырып, халық мәслихатының төрағасы болғаннан кейін де-факто ықпалын сақтап қалды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🔴 Әлеуметтік желілерде жарияланған және Азаттық қай жерде түсірілгенін анықтаған видеоларда осы айда Сирияда әбжіл қимылдап, билікті құлатып тынған "Хайат Тахрир әш-Шам" тобы құрамында соғысып жүрген Орталық Азия елдерінен шыққан адамдар көзге түсті.

Шетелдіктер – "Хайат Тахрир әш-Шам" мен оған жақын топтардың сапындағы қарулы күштің бір бөлігі ғана.

Олардың жиынтық саны он мың адамға жуық. Бірақ қазір Сирияда жүрген, бұған дейін де түрлі соғысты көрген, радикализмге бой ұрған шетелдік жаугерлер Сириядаға тұрақтылыққа қана емес, сонымен бірге өздері шыққан елдердің қауіпсіздігіне де қатер төндіретін күш ретінде қарастырылады.

Орталық Азиядан шыққандар туралы не білеміз?

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев Пекинде Қытай жетекшісі Си Цзиньпиннің қабылдауында болып, оған Владимир Путиннің "жеке хатын" тапсырған.

Ресми ақпаратқа қарағанда, тараптар екі ел арасындағы келісімдерді жүзеге асыру барысын талқылаған.

Ресейдің Украинаға қарсы соғысы жалғасып жатқан тұста АҚШ пен Еуроодақ елдері Мәскеу мен Пекин әскери әріптестікті жалғастырып жатыр деп санайды. Ресей мен Қытай мұны жоққа шығарады. Қытай билігі соғыста тараптардың ешқайсысы қолдамайтынын мәлімдеген және мәселені дипломатиялық жолдармен шешу қажеттігін айтқан.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Петропавлда белсенді Нұрбол Өнерханды полиция үйінен әкетті деп хабарлады Амангелді Жахин. Оның сөзінше, полиция оны 20 қарашада Астанада оппозициялық "Алға, Қазақстан" партиясы әділет министрлігіне тіркеуге құжат тапсырған кезде ғимарат сыртында "заңсыз акция жасады" деп айыптаған. 

🗣 "Нұрбол Өнерханды үйінен алып кетті. Ол Солтүстік Қазақстан облысында ауылда тұрады. Сотқа апарамыз деген" деді Амангелді Жахин Азаттық тілшісіне. 

Оның сөзінше, өткен айда партияны тіркеу туралы министрлікке өтініш тапсыруға барған кезде Нұрбол Өнерхан бармаған. Ол ауырып қалған.  

Нұрбол Өнерханның белсенділерге жіберген видеосында өзін полиция майоры деп таныстырған Александр Кузьков есімді қызметкер оған 667-бап ("Полицияға бағынбау") бойынша да айыпталып отырғанын айтады. 

Әзірге белсендінің телефоны сөндірулі тұр.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қырғызстан үкіметінің жетекшісі Ақылбек Жапаров 16 желтоқсанда өз еркімен отставкаға кетті

Жапаров бұл қызметті 2021 жылдың қазанынан бері атқарған және Қырғызстанның жаңа тарихында премьер-министр қызметінде ең ұзақ отырған саясаткер атанды. Оның міндетін бірінші вице-премьер Әділбек Қасымалиев атқармақ.

Қырғызстанда қағаз жүзінде премьер-министрі қызметі жоқ, алайда оған ұқсас қызмет министрлер кабинетінің төрағасы деп аталады. Ол президент әкімшілігіне де жетекшілік етеді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстанда Тәуелсіздік күні атап өтіліп жатыр

Алматыда Тәуелсіздік монументі алдында дәстүрлі гүл шоқтарын қою рәсімі өтіп жатыр.

Алаң маңында көп полицей байқалады. Маңайға үлкен автобустар да қойылған. Интернет істеп тұр.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Маңғыстау облысында белсенді Ұлболсын Тұрдиева “ұсақ бұзақылық” бабымен 5 тәулікке қамалды. Белсендінің өзі сот залынан шыққаннан кейін түсірген видеосында “Тоқаевтың “Жаңа Қазақстанында” сотқа келіп, ештеңе талап ете алмайсың. Бұзақы қылып қояды, қылмыскер қылып қояды” деп өзінің ұсталуын “саяси қудалау” деп атаған.

Сот қаулысында Ұлболсын Тұрдиеваның 28 қарашада Мұнайлы аудандық сот ғимаратында “жеке тұлғалардың намысына тиетін сөз айтып, өзгелерге құрметсіздік” көрсеткені жазылған. Ол өзіне тағылған айыпты мойындамаған.

Одан бөлек, Астанада “билік өкілінің талабына бағынбады” деген айыппен белсенді Сандуғаш Қаңтарбаева 15 тәулікке қамалған. Бұл жөнінде “Белсенділер экстремист емес” тобы хабарлады. Бұған дейін белсенді Марат Мұсабаев пен Нұрбол Өнерханның да 20 және 15 тәулікке қамалғаны хабарланған еді.

Құқық қорғаушылар 16 желтоқсан қарсаңында белсенділерді қудалау күшейгенін хабарлаған. Ал билік өкілдері ақпаратқа түсініктеме берген жоқ. Жалпы ресми Астанада елде саяси қудалау барын жоққа шығарады.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Грузия орталық сайлау комиссиясы Михаил Кавелашвилидің жеңгенін мәлімдеді

Кавелашвили президенттіктен үміткер жалғыз кандидат болған, оны басқарушы "Грузин арманы" партиясы ұсынған. Кавелашвили Батысқа қарсы популистік ұрандар айтып жүрген билікшіл "Халық күші" партиясына мүше.

Президентті сайлаушылар коллегиясы сайлады. Ресми мәлімет бойынша, Кавелашвилиге сайлаушылар коллегиясына мүше 300 адамның 224-і дауыс берген, оның сайлануы үшін 200 адамның дауысы жеткілікті болған.

Оппозиция өкілдері сайлауға бойкот жариялап, дауыс берудің заңсыз екенін мәлімдеді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬Оңтүстік Корея парламенті ақыры президентке импичмент жариялауды қолдады

Дауыс беру 14 желтоқсанда өтті. Импичментті 300 депутаттың 204-і қолдаған, 85-і қарсы болған.

Дауыс беру нәтижесі президент партиясының бірқатар депутаттары да президент Юн Сок Ельді қызметтен шеттетуді қуаттағанын айғақтайды. Басқарушы партияның жетекшісі Хан Дон Хун осыған дейін құжатқа қарсы болса, қазір құжатқа дауыс беруге үндеген.

Енді президент қызметінен уақытша кетуі керек. Конституция соты 180 күн ішінде оны қызметінен түбегейлі шеттету немесе өкілетін қалпына келтіру бойынша шешім қабылдауы керек. Президенттің міндетін уақытша премьер-министр атқармақ.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Грузияда парламент ғимаратында президент сайлауы өтіп жатыр. Сайлауды қазіргі президент Саломе Зурабишвили мен оппозициялық партиялар мен белсенділер мойындамайтынын мәлімдеген.

Грузияның тарихында алғаш рет президентті халық емес, сайлау коллегиясы таңдайды. Президенттіктен жалғыз үміткер бар – билікшіл "Халық күші" партиясының мүшесі, бұрынғы футболшы Михаил Кавелашвили. Оның кандидатурасын "Грузин арманы" партиясының құрметті төрағасы, миллиардер Бидзина Иванишвили таңдаған.

Сенбі күні парламент ғимараты маңына басқарушы "Грузин арманы" партиясының қарсыластары да жиналып жатыр деп жазды Азаттықтың Грузин қызметі.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресей әскери техникасының бір бөлігін Сириядан әкетуге дайындалып жатыр. Ашық дереккөздерге сүйенген OSINT-талдаушылары мен журналистер осындай қорытындыға келген.

Дроннан түсірілген видеода Хмеймим әуе базасында шабадан көтерген адамдардың ұшаққа қонуға дайындалып жатқаны көрінеді. Бұған қоса, С-300 және С-400 ракета кешендерімен 91Н6Е радиолокациялық кешенін әскери-көлік ұшағымен алып кетуге де әзірлік байқалады.

Зерттеушілердің айтуынша, ракета кешендері әзірге авиабазадан әкетілмеген, бірақ қондырғылары әскери режимге көшірілмеген. Желтоқсан басында Башар Асад режимі құламай тұрған шақта С-300 және С-400 соғысқа толық дайын тұрған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Апелляция Қаржаубай Нұрымовты қамауда қалдырды

Талғарда кісі қолынан қаза болған Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымов 15 күн қамауда отыратын болды. 13 желтоқсанда апелляция соты Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы соты шығарған қаулыны өзгертпеді. Нұрымовтың адвокаттары сот шағымды қанағаттандырмады деді.

🧾 Адвокаттар соттан Нұрымовтың кәмелетке толмаған төрт баласы барын, оның жалғыз асыраушы екенін, үйінде қарт ата-анасы, әйелі мен бала-шағасы қалғанын ескеруді сұраған.

Нұрымов "ұсақ бұзақылық жасады" деп айыпталған еді. Ол марқұм інісі Нұрғанат Ғайыпбаевты жерлеу рәсімінен кейін қамалды. Алдымен ұлынан, кейін бауырынан айырылған Нұрымов 10 желтоқсанда көпшілік алдында істі әділ тергеуді талап еткен.

Адвокаттар шағымда сол кезде Нұрымовқа оның шаңырағында кейінгі екі айда болған жағдайлар әсер еткен болуы мүмкін деді. Шерзат мерт болғаннан кейін қара жамылған отбасының үйі өртеніп кеткен еді.

Бұдан бөлек, Нұрымовтың үстінен "Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Бокстан Таиландта өткен Азия чемпионатында күміс медаль алған Абылайхан Жүсіпов наразылықтан соң чемпион атанды

🥊 71 келі салмақтағы Жүсіпов финалда өзбекстандық Хавасбек Асадуллаевпен бокстасқан еді. Жарыстан соң Асадуллаевтың ереже бұзғаны анықталып, алтын медаль Жүсіповке берілді.

Қазақстан бокс федерациясы 11 желтоқсандағы жекпе-жектен соң Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) мен Азия бокс конфедерациясына (ASBC) наразылық хат жолдаған. Онда Жүсіповпен бокстасқан Асадуллаевтың ереже бұзғанын (Жүсіповті тістеп алған) айтып, шаршы алаңда болған төреші ешқандай ескерту жасамады деп шағымданған.

🥇 Кейін ұйымдар жекпе-жекті қайта қарастырып, Жүсіповті Азия чемпионы деп таныды. Спорт журналисі Аян Төлегеннің жазуынша, төреші жекпе-жек кезінде бұл сәтті байқамай қалғанын айтқан. Сөзінше, сол кезде рингтің басқа жағында болып, тістеп алған кезді дұрыстап көре алмаған.

Видео: Asian Boxing Confederation

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🔴 Ресей Украинадағы соғысқа қатысуға бұған дейін Қазақстаннан әскери тәжірибесі бар ер адамдарды шабуылдаушы топ құрамында баруға үгіттеп, кейбірін көндіріп келсе, енді Ресейде білім аласың деген желеумен жастарды әскери дрон жасайтын зауыттарға тартпақшы.

Жақында Астанада мектеп оқушылары мен студенттерге Ресей федерациясы құрамындағы Татарстан республикасындағы "Алабұға политех" колледжіне оқуға шақырған жарнама парақтары таратылды.

🇮🇷🇷🇺 Иранның "Шахед" деп аталатын дронына ұқсас өнім шығаратын Алабұға колледжі Ресейдің әскери-өнеркәсіп саласындағы кәсіпорынмен тығыз байланыста жұмыс істейтінін жасырмайды.

Ресей мұндай әскери дрондарды Украинаға қарсы соғысқа пайдаланады, Украинада бейбіт тұрғындардың ажалына себеп болған әлгіндей дрон шабуылы жиі жасалады.

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Алматы мен Астанада адамның бет-жүзін танитын 1,8 мыңнан астам бақылау камерасы орнатылған

Ішкі істер министрлігі "Власть" сайтына жіберген жазбаша жауабында осындай мәлімет келтірген.

🗣 "Астанада бет-әлпетті тану функциясын пайдаланатын бейнебақылау камераларының жалпы саны – 648, ал Алматыда осындай 1165 камера бар" деп жазылған министрлік жауабында.

📹 Ведомствоның сөзінше, мұндай камералар негізінен террористік қауіп тұрғысынан осал саналатын нысандарда (темір жол вокзалдары, әуежай, қонақүй, сауда орталықтары және тағы басқа) пайдаланылады.

Басылым ведомствоға "бұл жүйеге қанша қаражат жұмсалды?" деп сұраған. ІІМ-нің түсіндіруінше, жобаны Алматы мен Астананың жергілікті атқару органдары жүзеге асырып жатқандықтан министрліктің бюджетінде оған ақша қарастырылмағанын айтқан.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Қызылордада жыныстық құлдықта болған оқушы ісі бойынша тағы бір адамға үкім шықты

Сот "кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тартты", "алаяқтық жасады" деп айыпталған сотталушыны 6 жыл 8 айға бостандығынан айырды.

🔸 Қызылорда облысы сотының хабарлауынша, сотталушы жәбірленушінің кәмелетке толмағанын біле тұра, оны бопсалап, жезөкшелікпен айналысуға бірнеше рет мәжбүрлеген.

Бұдан бөлек, сотталушы бірнеше рет жер телімдерін бір мезгілде бірнеше тұлғаға сатқан, облыстағы жергілікті атқарушы органдарға жұмысқа орналастыруға байланысты алаяқтық әрекеттерге барған деді сот.

🔸 Соттың ақпаратынша, қорғау жағы сотталушыны "Кәмелетке толмаған адамды жезөкшелікпен айналысуға тарту" бабы бойынша ақтауды өтініп, ал алаяқтық фактісі бойынша бас бостандығынан айырмауды сұраған.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

❗️Сот жәбірленуші деп танылған оқушыға байланысты әлі "Жеңгетайлық" бабы бойынша 2 іс, "Есірткі, психотроптық заттарды тұтынуға көндіру" бабы бойынша 1 іс бар деді. Жәбірленуші мен кейбір күдікті кәмелет жасқа толмағандықтан сот жабық өтіп жатыр.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 АЭС: Қытай Қазақстанға қолдау көрсетуге дайын

Қазақстан энергетика министрлігінің өкілдері Пекинге барып, Қытайдың мемлекеттік энергетика басқармасы басшысымен және атом энергиясы агенттігі төрағасымен кездесті. Тараптар атом энергиясы, мұнай-газ, электр энергиясы және жаңартылатын энергия көздері саласындағы әріптестік мәселесін талқылаған.

🇨🇳🇰🇿 Қытай тарапы Қазақстандағы АЭС құрылысы жобасына қолдау көрсетуге дайын екенін айтқан.

Министр Алмасадам Сәтқалиев Қазақстан үкіметі тізіміндегі Қытай ұлттық ядролық корпорациясының (CNNC) бас директорымен келіссөз жүргізген.

Энергетика министрлігі Қазақстан делегациясы сапар кезінде әлі салынып жатқан Чжанчжоу атом электр станциясына, Shanghai Electric атом энергиясы корпорациясының өндіріс базалары мен Қытай орталығындағы уранды қайта өңдеу және байыту зауытына барды деді.

🗳 Ресми дерекке сәйкес, Қазақстанда биыл 6 қазанда өткен референдумда дауыс бергендердің 71 пайызы елде АЭС салуды қолдаған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев АЭС-ті халықаралық консорциум салуы керек деп мәлімдеген. Астана АЭС салу бойынша Ресей ("Росатом"), Қытай (CNNC), Франция (EDF) мен Оңтүстік Корея (KHNP) компанияларын қарастырып жатыр.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Алматыдағы "Орталық стадион" нысанының басқарушысы қызметінен шеттетілді

Ақпарат құралдары қаладағы спорт ғимараттарына жауапты дирекцияға сілтеп осылай жазды.

❄️ Дирекция стадионның батыс секторында алты қатардағы орындықтар арасындағы қар уақытылы тазаланбағаны үшін жанкүйерлерден кешірім сұрады. Мұндай жағдай қайталанбас үшін тексеру жүргізіледі деді. Нысанның басқарушысы Бауыржан Жұмажанов болған.

⚽️ 12 желтоқсанда Алматыдағы стадионда "Астана" мен "Челси" футбол командасы арасында ойын өткен. Футбол жанкүйерлері әлеуметтік желіде стадиондағы кей секторда қар тазаланбаған деп шағынды. Ал матчта "Астана" Лондон командасынан 1:3 есебімен ұтылды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

📹 Украина Шешенстандағы полктің казармасына дрон түскені айтылды. АҚШ-тың болжамынша, Ресей жақын күндері "Орешник" ракетасымен Украинаға соққы жасауы мүмкін. Венгрия премьері Виктор Орбан Зеленский Рождествода атысты тоқтатудан бас тартты дейді, Киев оның бұл сөзін жоққа шығарды.

🔗Сілтемеден өтіп көріңіз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…
Subscribe to a channel