azattyq | News and Media

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Subscribe to a channel

Azattyq - Азаттық

🗣 Прокуратура: Шерзат Полат ісі бойынша тергеу аяқталуға жақын

Алматы облысының прокуратурасы биыл күзде Талғарда кісі қолынан мерт болған жасөспірімнің қазасы бойынша істе алдымен сараптама нәтижесі шығуы керек, содан кейін тараптар іспен танысады деп хабарлады.

Бұдан бөлек, марқұмның әкесі Қаржаубай Нұрымовтың өртенген үйі және інісі Нұрғанат Ғайыпбаевтың өлімі бойынша қылмыстық істерді тергеуді Бас прокуратура бақылап отыр деп мәлімдеді.

Прокуратура жұртты жалған ақпарат таратпауға шақырды.

11 желтоқсанда Қаржаубай Нұрымов 15 күнге қамауға алынып, кейін үстінен қылмыстық іс қозғалды. Онымен бірге екі туысы 15 күнге қамалып, тағы біреуіне айыппұл салынды. Қамауда отырғандардың бірін билік Қазақстаннан депортациялауы мүмкін.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Перизат Қайрат ісі: сот кәсіпкердің мүлкін бұғаттады

Қаржы мониторинг агенттігі Biz Birgemiz Qazaqstan қоры жетекшісінің үстінен қозғалған іс бойынша тергеу жалғасып жатыр деді.

Перизат Қайрат көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге және Палестина тұрғындарына гуманитарлық көмек көрсетуге жиналған 1,7 млрд теңгеден аса қаржыны жымқырды деген күдікке ілінген.

🏠🚗 Агенттіктің хабарлауынша, сот оның Астанадағы бірқатар пәтері мен көлігін бұғаттаған. Агенттік оларды "қылмыстық жолмен алынған қаражатқа сатып алынған" деді.

👛💍 Қайраттың үйін тінту кезінде "қайырымдылыққа жиналған қаражатқа сатып алынған" қымбат техника, танымал брендтерден киім, аяқ киім, зергерлік бұйымдар, сөмкелер табылып, тәркіленді деп хабарлады агенттік.

Biz Birgemiz Qazaqstan қоры жетекшісінің қамауға алынуына байланысты желідегі парақшасында түсініктеме берген жоқ. Оның адвокаты я туыстарының ақпарат құралдарына шыққаны жөнінде де мәлімет жарияланбады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ель халыққа үндеуінде бүлік жөніндегі айыпты жоққа шығарды

🇰🇷 Юн Сок Ель "ұлтын қорғап, мемлекет істерін қалыпқа келтіру үшін" үкімет жұмысының құтын қашырған оппозицияға қарсы әскери жағдай жариялауға президент өкілетін пайдаланғанын айтты.

Ол "қызметтен кет" деген талапқа келіспеді, оппозицияны импичмент жариялау мәселесін теріс пайдаланып отыр деп айыптады. "Маған импичмент жарияланса да, тергеу жүргізілсе де, оған адал түрде қарсы тұрамын" деген президенттің сөзін Yonhap агенттігі жариялады.

📣 Юн Сок Ельдің бұл үндеуіне дейін биліктегі "Халық күші" партиясының жетекшісі Хан Дон Хун президентке импичмент жариялауға дауыс беруге шақырған.

Бірақ биліктегі партия ұстанымына байланысты парламент 7 желтоқсанда Юн Сок Ельге импичмент жариялай алмаған еді. Келесі дауыс беру 14 желтоқсанда өтпек.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 АҚШ-тың жаңа сайланған президенті Дональд Трамп Қытай басшысы Си Цзиньпинді Вашингтонда өтетін инаугурациясына шақырды

🇨🇳 Дереккөздеріне сүйенген CBS News сайты осылай деп хабарлады. Олардың сөзіне қарағанда, шақырту қарашаның басында, президент сайлауынан кейін көп ұзамай жіберілген. Оны Си Цзиньпин қабылдады ма, жоқ па, әзірге белгісіз.

CBS сөйлескен дереккөздердің айтуынша, Трамп командасы инаугурацияға әлем елдерінің басқа да басшыларын шақыруды талқылап жатыр. Мысалы, өзін Дональд Трамптың саяси одақтасы деп бірнеше рет атаған Венгрия премьер-министрі Виктор Орбан бар.

🇺🇸 АҚШ президенттері әдетте инаугурацияға елшілер мен басқа дипломаттарды шақыратын. Мемлекеттік департамент мәліметіне сілтеген CBS News сайтының жазуынша, 1874 жылдан бері мұндай рәсімге бірде-бір шетел басшысы қатыспаған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жасанды интеллектіні дамыту жөніндегі кеңес құруды тапсырды. Оған халықаралық жетекші сарапшылар қосылуға тиіс.

Бұған қоса, нейрожеліден төнетін қауіпке байланысты "Жасанды интеллект туралы" заң жобасын дайындауға мұқият қарау қажет деді.

Тоқаев жасанды интеллект пайдасын Қазақстанның әрбір тұрғыны білуі керек деді. Айтуынша, жұртқа оның не үшін қажет екенін, қалай дұрыс қолданылатынын түсіндіру керек.

11 желтоқсанда Astana Hub технопаркіне барған Тоқаев AIem.ai деп аталатын жасанды интеллект орталығының концепциясымен танысқан. Цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиевтің айтуынша, орталық жанынан мектептер ашылмақ, бұл жерден жоғары білікті 1000 маман даярлау жоспарланып отыр.

🗣 "KazLLM атты тіл моделі арқылы жасанды интелектіні қазақша ойлауға, сараптауға және сөйлеуге үйреттік. Басталған үлкен істі жалғастыру керек. Алдымызда түрлі сипаттағы деректі бір мезетте қолдана алатын қазақ тілінің мультимодаль тіл моделін жасау міндеті тұр. Үкіметке осы бағыттағы жобаларды қаржыландыру мәселесін пысықтауды тапсырамын" деді Қазақстан басшысы.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Құқық қорғаушы Саида Таукелеваның Азаттыққа айтуынша, Нұрғанат Ғайыпбаевтың жаназасы болған күні Қаржаубай Нұрымов арнайы жасақ (СОБР) көлігі жүріп кетпес үшін оның дөңгелегін жарып тастаған.

🗣 "Шығынын есептесін, дөңгелегін ауыстырып берер. Іс бейбіт жолмен аяқталады деп ойлаймын" деді Таукелева.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🔴 Латын қарпіне көшу – бір кезде Совет одағының құрамында болған түркі тілдес елдердің күн тәртібінен тәуелсіздік алған сәттен бері түспей келе жатқан тақырып.

Қайсыбір елдер қарқынды реформа жасап үлгерсе, енді бірінде қаріп ауыстыру баяу жүріп жатыр. Бұл жағынан Қырғызстан ешкімге ұқсамайды, елде қаріп ауыстыру мәселесі талқыланбайды.

Азаттық Қырғыз Республикасымен көрші елдерде қаріп ауыстыру қалай жүргенін немесе жүріп жатқанын және қырғыз қоғамында бұл мәселе неге аса өзекті емес екенін зерттеп көрді.

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 11 желтоқсанда көтерілісшілердің жақтастары Сирияның бұрынғы президенті және Башар Асадтың әкесі Хафез Асадтың туған қаласы Кардахағы кесенесін басып алды. Олар бұрынғы президенттің сүйегі жатқан табыт бар мемориалды өртеп жіберді

Кесененің терезелері шағылып, ішін жартылай тонап кеткен. Кесенеде Хафездің әйелі Аниса мен олардың үлкен ұлы Басилдің қабірі де бар, билікке келеді деген Басил Асад 1994 жылы жол апатынан қаза болған. "Әл-Арабия" агенттігі қабірдегі сүйектерге не болғаны белгісіз деп хабарлады.

Асад отбасы Сирияны 50 жылдан астам уақыт басқарған.

Әлеуметтік желіде көтерілісшілер жер астынан синтетикалық есірткі-стимулятор – каптагон шығаратын бірнеше ірі зауыт тапты деген ақпарат тарады, оны ондаған жыл бойы Сирия өндіріп отырған. Зерттеушілердің пікірінше, Сириядағы каптагон өндірісін Асад кланының мүшелері жеке бақылаған, өндіріс жылына ондаған мың тоннаға жеткен.

Фото: Getty Images

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Ресей 2024 жылы Еуропа одағы енгізген эмбаргоға қарамастан, көрші елдер арқылы Батыс компаниялары шығарған мыңдаған мерген мылтық пен миллиондаған оқ алып отыр

🔍 The Insider басылымының Чехиядағы Investigace.cz, Италиядағы IrpiMedia мен Қазақстандағы "Власть" сайтының бірлескен зерттеуі осыған айғақ келтіреді.

Журналистер Еуроодақ, АҚШ және Түркия компаниялары кейінгі жылдары Арменияға, Грузияға, Қазақстанға, Қырғызстанға және Өзбекстанға қару-жарақ жеткізуді арттырғанын анықтаған. Бұл елдерге жыл сайын ондаған мың қару тасымалданады.

📈 Зерттеуге сәйкес, Италиядан Арменияға мылтық пен қару экспорты төрт жылда шамамен 30 есе артқан, 2019 жылы 68 қару алынса, 2023 жылы 1862-ге жеткен. Қырғызстан 2020 және 2021 жылдары Италиядан қару сатып алмаған, 2022 жылы 882 қару данасын алған, 2023 жылы оның саны 4434-ке жеткен. Түркиядан Грузияға да қару-жарақ экспорты артқан, 2019 жылы 8426 дана алынған, 2023 жылы 18 843 данаға дейін өскен.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Ақтөбе соты жеке көлігімен ерлі-зайыптыны қағып өлтірді деп айыпталған полиция майорына үкім шығарды

Сот үкімі күшіне енсе, ол алдағы 9 жылын түрмеде өткізеді. Өмір бойы көлік жүргізу құқынан, майор шенінен айырылады.

🔸 Тергеу материалдарына қарағанда, 34 жастағы майор ішімдік ішіп алып, Kia Sportage көлігін сағатына 121 шақырым жылдамдықпен жүргізген. Жол жиегінде велосипедпен кетіп бара жатқан ерлі-зайыптыларды қағып өтіп, оқиға орнынан кетіп қалған.

Тергеу органдары бұрынғы полицейге "масаң күйде көлік құралын басқарып, көлік құралын пайдалану қағидаларын бұзды, соның салдарынан екі немесе одан да көп адам өлді", "жол-көлік оқиғасы болған жерден кетіп қалды" деген екі баппен айып таққан. Сотталушы өзіне тағылған айыпты ішінара мойындады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Ресей өкілдері Башар Асадқа "қарулы оппозиция топтарына қарсы шығуға үкімет әскерінің шамасы жетпейді" деп, оған Сириядан тезірек қашуды ұсынған

Бұл жөнінде дереккөздерге (арасында Кремльге жақын дереккөздер де бар) сүйенген Bloomberg жазды.

Мақала авторының жазуынша, Асад Сириядан дереу кетуге келіскеннен кейін оны елден алып шығумен Ресейдің арнайы қызметі айналысқан. Оқиға 8 желтоқсанға қараған түні болған. Ол кезде қарулы оппозиция Дамаскіні басып алған еді.

🇷🇺 Ресей билігі Башар Асадтың Мәскеуде екенін растады. Ол елден қашып кеткелі бері жұрт алдына шыққан жоқ.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Алматы облысы Талғар ауданында Нұрғанат Ғайыпбаевты жерлеу кезінде полицияның атына сын айтып, наразылық білдірген Қаржаубай Нұрымов пен туысы Бақыт Реймова 15 тәулікке қамалды. Оларға "ұсақ бұзақылық жасады", "заңсыз митингіге шақырды" деген айыптар тағылды.

📲 Желі жұрты қара жамылған отбасының қайғысына ортақтасып, қолдау білідіріп жатыр.

Кейбірі полицияны жығылғанға жұдырық болды десе, енді бірі құқық қорғау органдарынің әрекеті орынды десті.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🔴 Сирияның экс-президенті Башар Асадқа қарсы топтар небәрі 11 күнде солтүстіктен оңтүстікке еш кедергісіз жылжи отырып, Алеппо, Хама және Хомс сияқты ірі қалаларды ұрыссыз алды десе болады.

Кейін Дамаскіге кіріп, елді жарты ғасырдан астам уақыт басқарған Асад әулетінің режимін биліктен тайдырды.

⁉️ Үкімет әскері өздері отырған базалар мен қару-жарақты тастап, қарсылық көрсетпей тарап кетті. Асадтың негізгі одақтастары да бұл жолы елдегі жағдайға бұрынғыдай араласпады. Неліктен?

Таяу Шығысты зерттеу орталығы директорының орынбасары Сергей Данилов оның себептерін атады.

🗣 "Асад әке-шешесінің үстінен балалары, ал әйелі күйеуіне қарсы арыз жазып жіберетін ең озбыр тоталитарлық жүйелердің бірін құрды. Үрей билеген ондай жағдайда ынтымақтастық та, адалдық та болмайды. Асад мемлекетті нығайтқан жоқ, өзіне деген халық сенімін қалыптастыра алмады, сырт жақтан, бірінші кезекте "Хезболланың", ресейліктердің, Иранның клиенттері мен Ислам революциясы сақшылары корпусының қолдауына үміт артып, өз қарулы күштеріне инвестиция салмады. Әскер мен билік аппаратында жанқиярлықпен күресіп, қорғайтындай идея болған жоқ. Оларға ақша төлеп те жарытпады" деді Данилов.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

📹 Ішкі істер министрлігі Шерзат Полаттың қазасына байланысты тергеу жыл аяғына дейін аяқталады деп мәлімдеді

🗣 "Қылмыстық іс бойынша 11 адам қамауда отыр" деді ішкі істер министрінің орынбасары Санжар Әділов.

9 желтоқсан таңертең Талғар қаласы маңынан Шерзат Полаттың ағасы Нұрғанат Ғайыпбаевтың мәйіті табылды.

🚨 Полиция "марқұм Шерзаттың отбасын полицейлер күзетіп жүрді. Марқұмның отбасына қандай да бір қауіп тіркелген жоқ. Күзеттегі қызметкерлердің айтуынша, ер адам күзеттегі нысаннан сағат 23.30-да шығып, жеке көлікпен кеткен" деп хабарлаған.

ІІМ орынбасары Әділов бұған байланысты қызметтік тексеру жүргізіледі деді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🥇 Бокстан Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақ боксшысы Махмұд Сабырхан 54 келіде чемпион атанды. Ол финалда өзбек Шахзод Музаффаровтан басым түсті – 4:1.

🇰🇿 Махмұд Сабырхан (қызыл формада) ересектер арасында алғаш рет Азия чемпионы болды.

Видео авторы: Аян Төлеген, спорт журналисі

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Қазақстанда бұрынғы президенттердің жеке өмірі мен денсаулығы жайлы деректерді құпия етпек

Заңға осындай өзгертулер енгізу туралы заң жобасы 12 желтоқсанда парламент сенаты екі оқылымда мақұлдағаннан кейін президентке қол қоюға жіберілді.

🗣 "Мемлекеттік құпиялар туралы" заңына барлау, қарсы барлау, жедел-іздестіру және өзге де қызметтер саласындағы мемлекеттік құпияларға Қазақстан президентінің және оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырылуы, күштері, құралдары мен әдістері туралы, президенттің денсаулық жағдайы мен жеке өмірі туралы мәліметтерді, Қазақстанның бұрынғы президенттерінің және олардың отбасы мүшелері туралы дәл сондай мәліметтерді қосу бойынша толықтырулар енгізіледі" деп жазылған заң жобасының қорытындысында.

🇰🇿 Қазақстанда әзірге жалғыз бұрынғы президент бар – 84 жастан асқан Нұрсұлтан Назарбаев. Қаңтар оқиғасынан кейін ол жұрт алдына өте сирек шығатын болған.

Фото: Reuters

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Өскемен тұрғыны Серікжан Ахметжанов Қазақстан үкіметін сотқа берді

Сөзінше, билік халықпен талқыламастан, елді бірыңғай уақыт белдеуіне көшіріп жіберген.

12 желтоқсанда Астанадағы сотта алғашқы отырыс өтті. Ахметжанов алғашқы болып сөз сөйлеп, билік Қазақстан азаматтарының, әсіресе, 725 мың тұрғыны бар Шығыс Қазақстан облысындағы халықтың Конституциядағы құқығын таптады, заңсыз әрекет етті деді.

❗️Оның сөзінше, сағат ауыстыру туралы қаулыны үкімет асығыс әрі біржақты қабылдаған.

Отырысқа жауапкер ретінде әділет, сауда және интеграция министрліктері, техникалық реттеу және метрология комитетінің өкілдері қатысты. Олар отырыстан соң журналистерге бұрылған жоқ.

📺 Азаттық билік өкілдері сөйлеген сәтте сотқа қосыла алған жоқ. Сот хатшысы "техникалық ақауға байланысты отырысқа қоса алмаймыз" деді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Time журналы Дональд Трампты "Жыл адамы" деп таныды

Биыл қарашада Республикалық партия кандидаты Трамп АҚШ-тың 47-президенті болып сайланған.

Бұған дейін бір мерзім президент болған 78 жастағы Трамп араға төрт жыл салып қайтадан АҚШ-тың атқарушы билік тармағы басына оралмақ.

Ол ресми қызметіне 2025 жылғы 20 қаңтарда ант беру рәсімінен кейін кіріседі.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Құқық қорғаушы Айтбек Амангелді Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Азат ауылындағы жағдайға байланысты бұған дейін полиция берген кей ақпаратты жоққа шығарды

Айтуынша, Шерзат Полат отбасының адвокаттары Қаржаубай Нұрымовты ұстаңдар деп полицияға өтініш жасамаған.

Полиция 10 желтоқсанда Нұрымовты "туыстары мен адвокаттарының өтініші бойынша" ұстағанын айтқан еді.

Бұған қоса, Айтбек Амангелді желіде тарап кеткен Нұрымов пен марқұм інісі Нұрғанат Ғайыпбаевтың соңғы рет бір-біріне мессенджермен жазған хатын жариялауға отбасы тарапынан рұқсат берілмеді деді.

🗣 "Қаржаубайдың отбасы және адвокаттары оның Нұрғанатпен жазысқан хатын пабликтер мен ақпарат көздерінде жария қылуға келісті деген мәлімет шындыққа жанаспайды. Отбасынан, адвокаттарынан ешкім екеуара жазысқан хатты жария етуге рұқсат бермеді" деді Амангелді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Таиландағы Азия біріншілігінде негізгі бәсеке Қазақстан мен Өзбекстан боксшылары арасында өтті

🇰🇿🇺🇿 Жанкүйерлер екі елдің бокс рингіндегі бәсекесіне көз тігіп, жиі талқылайды. Бокс тақырыбында жазатын қазақстандық журналист Леонид Юрьев "Бей в кость" телеграм-арнасында бұл жолы Өзбекстан Қазақстаннан "нокаутпен басым түсті" деп топшылайды.

🗣 "Өзбекстан 2022 жылғы Азия чемпионатында, 2023 жылғы әлем чемпионатында, 2023 жылғы Азия ойындарында және Париж олимпиадасында Қазақстанның алдында болды. Таиландта 2:5 есебімен Өзбекстан басым болды. Бұл – нокаут. Өзбекстан Азия біріншілігіне негізінен екінші құрамын алып келді. Солардың ішінде бесеуі біздің бірінші нөмерлі боксшыларды жеңді" деп жазды ол.

🥊 Ал Қазақстан құрамасының бас бапкері Қайрат Сәтжанов жарыстан соң журналистерге "48 және 71 келідегі финал нәтижелеріне енді әттеген-айлар болды. Басқа салмақтағы нәтижелерге қарап, өзімізде қандай кемшіліктер барын көрдік. Кемшіліктермен жұмыс істейміз. Физикалық, техникалық дайындықты күшейту керек болады. Боксшыларды көбірек шыңдаймыз" деді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Нұрымовтың үстінен қылмыстық іс қозғалғанын Алматы облысының полициясы да растады

🗣 "Қ.Нұрымов 10 желтоқсанда бұзақылық және көлік құралдары қозғалысына кедергі келтіру фактісі бойынша ұсталды. Ол қоғамдық орында әрі полиция қызметкерлеріне балағат сөз айтып, оларды пышақпен қорқытты, басқа біреудің мүлкіне қасақана зиян келтірді, пышақпен көлікті сырып, дөңгелегін жарып тастады. Айналасына, кәмелетке толмаған балаларға қауіп төндіріп, қоғамдық тәртіп мен тыныштықты бұзды. Бұзақылық фактісі бойынша әкімшілік сот оны 15 күнге қамауға шешім шығарды" деп хабарлады полиция.

Полиция Еңбекшіқазақ ауданы Азат ауылында болған оқиға кезінде автокөлік иесіне материалдық зиян келгені анықталды, оның жай-жапсарын анықтауға тергеу жүріп жатыр деді.

🚨 10 желтоқсанда Алматы облысының полициясы Қаржаубай Нұрымов "полиция қызметкеріне пышақпен шабуыл жасады" деген ақпарат таратқан. Кейін полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Бағдат Әшімов "Нұрымов полицияға шабуылдаған жоқ" деп айтты.

🗣 "Полиция қызметкерінің көлігіне шабуыл жасады. Қоғамдық қауіпсіздікті бұзды" деді Әшімов журналистерге берген жауабында.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Шерзат Полаттың әкесі Қаржаубай Нұрымовтың үстінен "Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдiру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды

Бұл туралы адвокат Асқар Қаймақов мәлімдеді.

Талғарда кісі қолынан мерт болған Шерзат Полаттың туыстары бұған дейін әкімшілік жауапқа тартылған еді. Марқұмның әкесі мен екі жақыны 15 күнге қамалып, тағы біреуіне айыппұл салынған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

📹 Украина өзі жасап шығарған "Рута" ракетасын сынадық деп мәлімдеді. Беларусь авторитар лидері Александр Лукашенко ядролық қаруымыз бар деп мақтанды. Украинаның Запорожье қаласындағы клиникаға ракета түсті.

Соғыстағы ахуал қандай?

🔗Сілтемеден өтіп көріңіз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🔴 Степногорск қаласындағы абақтыда 7 жылдық жазасын өтеп жатқан марафоншы, "Алға, Қазақстан" партиясын құру жөніндегі бастамашыл топ жетекшісі Марат Жыланбаевтың жүрек соғысы күрт төмендегені айтылды

Бұл турлы 11 желтоқсанда Азаттыққа оның қызы Азия Жыланбаева хабарлады. Оның сөзінше, Марат Жыланбаев қыздарының біріне қоңырау шалып, жағдайы нашарлап тұрғанын, жүрек соғысы минутына 42 болғанын айтқан.

🗣 "Әкем аштық жариялағалы бүгін отыз күн. Ол тек су ішеді. Яғни, ол қайнамаған суық су ішуге мәжбүр. Әкем кінәсіз болғандықтан да күресін тоқтатпайды. Мен әділдік талап етемін. Оның түрмедегі тамақ туралы, басқа да талаптарының бәрі заңды" деді Жыланбаева Азаттыққа.

Марат Жыланбаев отырған №4 түрменің басшысы Қанат Тұлақов телефонын көтермеді. Ал түрме кезекшісі аға лейтенант Мұқашев "Жыланбаев дәрігер шақырмады" деп айтты.

🗣 "Оған дәрігер керек болса, шақырар еді. Ол тірі. Одан барып "дәрігер керек пе?" деп сұрағанда "жоқ" деп жауап берген" деді ол.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🥊 Таиланд өткен бокстан Азия чемпионатында Қазақстан 4 алтын, 5 күміс, 1 қоламен жалпы есепте Өзбекстаннан кейін екінші орын алды.

🥇 Париж олимпиадасына қатысқан Махмұд Сабырхан (54 келі) және Айбек Оралбай (+92 келі) Азия чемпионы атанды. Сондай-ақ Азия ойындарының қола жүлдегері Сағындық Тоғамбай (92 келі) мен 2019 жылғы әлем чемпионы Бекзат Нұрдәулетов (86 кг, суретте) алтын медаль иеленді.

Қазақстан боксшыларының финалдағы нәтижесі:

🔸 48 кг. Санжар Тәшкенбай- Шодиержон Меликузиев (Өзбекстан) – 1:4
🔸 54 кг. Махмұд Сабырхан - Шахзод Музафаров (Өзбекстан) – 4:1
🔸 57 кг. Оразбек Асылқұлов - Миразизбек Мирзахалилов (Өзбекстан) – 0:5
🔸 67 кг. Дулат Бекбауов - Мужибилло Турсунов (Өзбекстан) – 2:3
🔸 71 кг. Абылайхан Жүсіпов - Хавасбек Асадуллаев (Өзбекстан) – 1:4
🔸 75 кг. Диас Молжігітов - Джавохир Умматалиев (Өзбекстан) 0:5
🔸 86 кг. Бекзад Нұрдәулетов - Жасурбек Юлдошев (Өзбекстан) – 4:1
🔸 92 кг. Сағындык Тоғамбай - Парвиз Каримов (Тәжікстан) – 5:0
🔸 +92 кг. Айбек Оралбай - Ремула Абудурексити (Қытай) – 5:0

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Сот Қаржаубай Нұрымовтың Айғазы есімді тағы бір туысын 15 күнге қамады

Бұл туралы Шерзат Полаттың отбасының қорғаушылары хабарлады.

Бұған дейін Алматы облысындағы әкімшілік сот Нұрымов пен туысы Бақыт Реймованы 15 күнге қамап, қарындасы Салтанат Нұрымоваға айыппұл салған.

Реймова "жұртты митингіге шақырды" деп, ал Нұрымова "ұсақ бұзақылық жасады" деп айыпталған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 "ҚазТрансОйл" Украина "Достық" мұнай құбырына шабуылдады деген ақпаратты жоққа шығарды

🗣 "Соққы жанармайы бар мұнай қоймаларына жасалған. "ҚазТрансОйл" "Транснефть" компаниясына хабарласты, құбырлар дін аман. "Транснефть" компаниясының мәліметінше, соққы негізінен жанармай нысандарына қатысты, [соққылар] мұнай құбырына бағытталмаған, себебі олар Еуропаға (Германия) жөнелтіледі" деп хабарлады компания. Оның хабарламасын ҚазТАГ жариялады.

🛢 Бұған дейін Украина дрондары шабуылынан "Достық" құбырына зиян келгені жөнінде хабар тараған. Бұл құбыр арқылы Қазақстан Германияға мұнай тасымалдайды.

11 желтоқсанда Ресейдің Брянск облысында Украина дрондарының шабуылынан өндіріс нысаны өртенген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

📹 Қаржаубай Нұрымовтың қарындасы Салтанат Нұрымова журналистерге кешегі оқиға туралы баяндады

🗣 "Қатты шу шығып, бірдеңе болып жатыр деп айтты. Ағамның жағдайын көру үшін үйден жалаңаяқ шығып кеттім. Екі бауырым қаза болғанын білесіз. Ағама алаңдап, жүгірдім, не болып жатқанын көргім келді. Ағам "ГАЗель" үстінде тұр екен, қолында пышақ бар. Мен де оған мініп, ағамды тыныштандырмақ болдым. Өзіне зиян тигізіп алмасын деп көмектесіп, жанында тұрдым. Кейін арнайы жасақ келіп, бәрімізді алып кетті. Есік қаласына бардық, сол жақта онлайн сот өтті" деді Нұрымова.

Ол 10 желтоқсанда "қандай да бір митинг жоспарланбады, бәрі тосыннан болды" деп айтты. Мәселе неден басталғанын Қаржаубай Нұрымов босап шыққан соң анықтаймыз деді ол.

Сот Салтанат Нұрымоваға "ұсақ бұзақылық" айыбы бойынша 20 АЕК (73 840 теңге) айыппұл салған.

Ол сот шешіміне келіспеймін деді. "Онсыз да екі бауырымнан айырылып отырмыз, ағамыз да қасымызда жоқ, қиналып отырмыз" деді Нұрымова.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

📹 Бұл кісінің есімі – Әсем Жұматаева. Алматыдағы "Еркеле" атты зағип өнерпаздар орталығының әншісі.

Әсем өнер орталығының YouTube-арнасында тамақ әзірлеген видеоларын да салып тұрады. Онда көзі көрмейтін адамдар үшін қазақ және орыс тілдерінде әр әрекетін дыбыстайды. Бағдарламасының атауы – "Шектеусіз мүмкіндіктер".

🗣 "Бертін келе көрмей қалған адамдар да аз емес. Оларға өмір осымен аяқталған жоқ, өзін көрсетсін деген мақсатта үйрету болатын. Дені сау адамдар, мүгедектігі жоқ адамдар кейде мүгедектігі бар адамдарды көрген кезде мүсіркеп таңғалып жатады. Соған жауап ретінде блог ашып, сол жерде көбіне тамақ пісіру жағынан көрсетіп отырдым" дейді Жұматаева.

Азаттық өнерпаздардың өнері мен өмірі туралы әңгімесін тыңдап қайтты.

🔗Сілтемеден өтіп көріңіз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

📹 Премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин бірыңғай уақыт белдеуіне қатысты "тырнақ астынан кір іздейтіндер" туралы айтты

Мәжіліс отырысынан кейін журналистерге сұхбат берген Жұманғаринге "уақыт ауысқанына халық желіде наразы болып жатыр, асығыс шешім қабылдап жібердік деп ойламайсыз ба?" деген сұрақ қойды.

🗣 "Халықпен ақылдаспады, дұрыс зерттеу, талдау істемеді деп кім айтты? Оны кім айтып жатыр? Министрліктің уақыт белдеуін ауыстыруға арналған есебінде бәрі жазылып тұр, зерттеу, талдау болған. Ішіне дұрыстап қарау керек. Кімнің қандай пайдасы бар, мысалы? Көбі жолымыздан тайдырып, тырнақ астынан кір іздеп, хайп етіп отыр. Әлем тәжірибесін көрсеттім, 80-нен астам танымал ұйым, біраз тәжірибелі танымал ғалым әр адам өзінің биологиялық уақытында тұру керек деп қолдады. Біз бүкіл әлемнен артықпыз ба?" деді Жұманғарин.

Журналистердің бірі "ол ғалымдар Қазақстанда болған ба?" деп сұрады, Жұманғарин "Қазақстанда болып не істейді? Қазақтар басқаша ма не?" деп жауап қатты.

❗️Премьер-министрдің орынбасары уақыт ауысқанына байланысты үкімет өз позициясын айтты деді.

Бұған дейін биліктегі "Аманат" партиясы бірыңғай уақыт белдеуіне байланысты зерттеуді 2025 жылғы наурызға дейін аяқтауға үндеген. Зерттеуге үш жыл кетеді деп жоспарланған еді. Жұманғарин енді үш айда зерттеуді аяқтау мүмкін бе, мүмкін емес пе, оны білмеймін, бұл сұраққа ғылым және жоғары білім министрлігі жауап береді деді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…
Subscribe to a channel