azattyq | News and Media

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Subscribe to a channel

Azattyq - Азаттық

💬 Оңтүстік Корея қорғаныс министрі Ким Ён Хён елде саяси жағдай ушыққан тұста отставкаға кетті. Ол әскери жағдай енгізілгеніне кешірім сұрап, «жауапкершілікті өз мойнына алатынын» мәлімдеді. Бұл туралы Оңтүстік Кореяның Yonhap агенттігі хабарлады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

❗️Оңтүстік Корея парламентіндегі оппозициялық алты партия ел президенті Юн Сок Ёльге импичмент жариялау туралы ұсыныс тастады. Импичмент жасау туралы ұсынысты оппозициялық алты партиядағы 191 депутаттың бәрі қолдаған. Ал "Халық күші" билеуші партиясы талқылауға қатыспаған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🔴 НАТО Украинаны қатарына жылдам қабылдай ма?

Украинаның НАТО-ға мүше болу мәселесі қызу талқылана бастады. Ал Ресей сыртқы істер министрі Сергей Лавров "әділ келіссөзге дайынбыз" деп мәлімдеді. Франция мен Ұлыбритания Украинаға әскер жіберуі мүмкін екені айтылды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Петропавлды Қызылжар деп өзгерту: Солтүстік Қазақстан облысының әкімі түсініктеме берді

“Қазір Петропавл қаласының атын өзгерту мәселесі күн тәртібінде тұрған жоқ. Қала тұрғындары бұл мәселені көтермейді” деді 4 желтоқсан күнгі брифинг кезінде журналистердің сұрақтарына жауап берген облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов.

Оның сөзінше, қала тұрғындары жергілікті жиындарда көбіне әлеуметтік-экономикалық мәселелерді қозғайды.

2022 жылы иинтернетте Петропавлды - Қызылжар, Павлодарды Ертіс деп атауды талап еткен онлайн-петиция пайда болған. Сол кезде әкімдер мемлекеттік органдардың бастамаға қатысы жоғын және мәселе қаралмайтынын айтқан.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🔴 Қазір Алматыда белсенділер бұрынғы уақытты қайтаруды талап етіп, баспасөз жиынын өткізіп жатыр. Олардың сөзінше, шамамен 11,5 млн адамға жаңа уақыт белдеуі кері әсер еткен.

Видео: Республика

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Грузияда Еуродаққа қосылу бойынша келіссөздің тоқтатылуына қарсы наразылық жалғасып жатыр

Өткен түні полиция наразыларға газ, су шашып, кейбірін ұстаған. Ал демонстранттар пиротехника қолданған.

Жалпы алты күн ішінде Тбилисиде 300-ге жуық адам әкімшілік баппен ұсталған, алты адамға қылмыстық іс қозғалған

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Қазақстанда 11-13 жас аралығындағы 83 мыңнан аса оқушы қызға папиллома вирусына қарсы екпе салынды

Бұл жөнінде денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. Вакцинация науқаны қазан айында басталған.

Вакцинация қыздардың ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімі арқылы жүреді.

Екпені мектептегі медицина кабинетінде салады. Министрліктің мәліметінше, ата-аналар өтініші бойынша екпені тұрғылықты жеріндегі емханада да салдыруға болады. Екпе салдырғандар арасында теріс жағдайлар тіркелген жоқ деді министрлік.

❗️Папиллома вирусы әйелдерге өте қауіпті. Ең қауіпті түрі – 16 және 18-типтегі вирус. Мұндай онкогенді вирустар жатыр мойны мен вульвада, ер адамның жыныс мүшесі мен шырышты қабаты бар басқа да органдарында обыр ауруын туғызады.

Денсаулық сақтау министрлігі ұсынған статистикаға сүйенсек, Қазақстанда жыл сайын екі мыңға жуық адамнан жатыр мойны обыры анықталады, 600-ден астам әйел өмірін сақтап қалу мүмкін емес.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🔴 Өскеменде бір топ адам Ресейдің "Белгісіз солдат күні" деп аталатын еске алу күнін атап өтті

Жиналғандар арасында Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқандар рухына тағзым етуге келгендер де, сонымен бірге Ресей Украинаға қарсы жүргізіп жатқан соғыста із-түссіз кеткен туысын жоқтағандар да болды. Қала әкімдігі мұндай шара өткізуге арнайы келісім қажет емес деді.

🇷🇺 Ресейдің күнтізбесінде "Белгісіз солдат күні" датасы 2014 жылы, Ресей Украинаның Қырым түбегін заңсыз аннексиялап алғаннан кейін пайда болған.

Мәскеу бұл атаулы күн ел аумағындағы және одан тысқары жерлердегі әскери іс-қимылдар кезінде қаза тапқан ресейлік және совет жауынгерлерін есте қалдыру үшін енгізілді деп жариялаған.

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

📹 Қазақстанда зәбір көрген әйелдерді қорғаумен айналысатын "НеМолчи.КЗ" қоры жабылудың аз-ақ алдында тұр

Ұйым былтырдан бері бірнеше іс бойынша тергеуге алынып, содан шоттары бұғатталған. Қаржылай қолдаудан айырылған қор жетекшілері қызметкерге айлық төлей алмай, халықаралық іздеу жарияланған өздерінің де күнкөрісі қиындап кеткенін айтады.

🔸 Ішкі істер министрлігі былтыр қор жетекшісі Дина Смайылованың үстінен алты қылмыстық іс қозғалғанын, олардың арасында "Алаяқтық", "Көрінеу жалған ақпарат тарату" мен "Жеке өмірге қол сұқпау құқығын бұзу" баптары барын мәлімдеген.

Қылмыстық іске Смайылованың желіде жариялаған зорлық-зомбылық құрбандары және зардап шеккендерге көмектесу үшін ақша жинауға шақырған жазбалары түрткі болған деп айтылады.

🔸 Азаттық ішкі істер министрлігінен "Бұл істер бойынша қазір тергеу қай сатыда тұр?" деп сұрады. Ведомство ресми сауал жіберу керек деді. Смайылова бұл істердің "саяси астары бар" деп біледі. "Зорлық-зомбылық істерінде полицияның әрекетсіздігін әшкерелегенім үшін мені жауапқа тартпақ" дейді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Брюссельде НАТО-ға мүше елдердің сыртқы істер министрлері кеңесі өтіп жатыр. Күн тәртібіндегі бас тақырыптың бірі – Ресеймен соғысып жатқан Украинаға қолдау көрсету.

Ресми Киев жиын қарсаңында тағы да Солтүстікатлантикалық одақты Украинаға сыртқы басқыншылықтан қауіпсіздік кепілі ретінде НАТО-ға қосылуға ресми шақырту жіберуге шақырды. Батыс дипломаттарына сүйенген агенттіктер таяу арада мұндай шақырту болуы екіталай деп жазды.

Венгрия мен Словакия сияқты елдер Украинаны одаққа шақыруға ашық түрде қарсы болып отыр. Ақпарат құралдарының хабарлауынша, АҚШ пен Германия да Киевті қазір шақыруға дайын емес.

НАТО-ның бас хатшысы Марк Рютте кездесуден бұрын мәлімдеме жасап, одақтастар Украинаны қолдауды жалғастырады, Киев келіссөз үстелі басында "мықты позицияда" болуы үшін оны күшейтеді деп айтты. Рютте Киевті одаққа қосылуға шақыру туралы ештеңе деген жоқ.

🇺🇦 Ал Украина сыртқы істер министрлігі "Киевтің НАТО-ға мүшелігі – ел қауіпсіздігіне жалғыз нақты кепіл болады, бұл – Ресейдің Украинаға және басқа елдерге қарсы агрессиясын тежейтін фактор" деді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🇸🇾 Сирияда бірнеше жылға ұласқан тыныштық бұзылды. Башар Асад арқа сүйеген Ресей мен Иран көршілерімен қақтығысқа күш жұмсап жатқан тұста, Сириядағы оппозициялық топтар үкімет бақылауында болған қалаларды басып алды.

🔗Сілтемеден өтіп көріңіз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 АҚШ Украинаға жаңа әскери көмек пакетін дайындап жатыр

Оған дүркіндете ататын HIMARS жүйесіне арналған зымырандар, дрондарға қарсы жүйелер мен жаяу әскерге қарсы қолданылатын миналар кірмек. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады.

Украина миналарды пайдаланып, Ресейдің Курск облысындағы қарымта шабуылын бәсеңдетпек жоспары бар деді агенттік. Associated Press дереккөздері жаңа пакетте алысқа ұшатын ATACMS зымырандарының бар-жоғын нақтыламады, алайда Украина Ресейдің ішкі жағындағы нысандарға соққы бере алатын зымырандарды көптеп алу үшін Ақ үйге қысым жасауды жалғастырып жатыр.

Reuters агенттігі бұған дейін әскери көмек пакетінің жалпы құны 725 млн долларға бағаланады деп хабарлаған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Қазақстан Ресей билігі халықаралық іздеу жариялаған Евгений Наказненконың босқын мәртебесін беруді сұраған өтінішін орындамады

Ресейлік кәсіпкер Наказненко биыл қыркүйекте Алматы әуежайында ұсталып, кейін бір жылға дейін экстрадициялық қамауға алынған еді.

Босқын мәртебесін алуға өтініш жазуына Наказненконың азаматтық ұстанымы мен ұлтына бола Ресейде қудалануы мүмкін екені себеп болды деді адвокат.

🗣 "Ондай алаңдауға негіз болуы керек. Өтініш берген адамда "босқын" ұғымын айқындайтын талап бойынша қудалау қаупіне дәлел жоқ, "Босқындар туралы" Қазақстан заңына сәйкес, қудалау фактісі болмаған" деп жазылған Алматы қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы шығарған шешімде.

Адвокат Мұрат Адам комиссия мәселені қарау кезінде кейбір маңызды уәжді ескермеді деп санайды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🔴 Шымкенттегі психикалық денсаулық орталығында емделген екі қыз "мекеме қызметкерлері бірнеше рет зорлады" деп мәлімдеді.

Қыздардың бірі кәмелетке толмаған. Ол зорлықтан кейін бойына бала бітіп, денсаулығына байланысты түсік жасатқан.

Полиция "Зорлау" бабымен іс қозғаған. Күдіктілер әлі анықталған жоқ. Жәбірленуші тарап кінәлілер жазадан құтылып кете ме деп алаңдайды.

🔗Сілтемеден өтіп көріңіз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Тбилисиде Грузия үкіметінің Еуропа Одағымен интеграция келіссөзін ысыра тұру туралы шешіміне наразы адамдардың қарсылық акциясы бесінші күн жалғасты

Парламент маңындағы алаң мен Тбилисидің бас көшесі – Руставели даңғылына жұрт көп жиналды. Полиция оларға жас ағызатын газ бен су шашып, таратуға тырысқан. Алайда наразылар тарқамай тұр.

Грузия ішкі істер министрлігі акцияға шыққандарды заң аясында наразылық білдіруге үндеді, әйтпесе полиция күш қолданады деп ескертті.

Түнге қарай полиция шеруде жүргендерді парламент алдындағы алаңнан ығыстырды. Адамдар Республика алаңына қарай ойысты. Демонстранттар арнайы жасаққа отшашу ұшырса, олар жауап ретінде газ шашты.

Үкіметке наразылық Тбилисиде ғана емес, Батуми, Кобулети, Озургети мен Грузияның басқа да қалаларында өтіп жатыр. 2 желтоқсанда наразылық акциясына мектеп оқушылары мен студенттер, педагогтар да қосылды. Елдің білім министрі оларды оқуға оралуға шақырған еді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Қырғызстан мен Тәжікстан шекараны анықтау процесін толық аяқтап, келісімге келді

Қырғызстан министрлер кабинеті осылай деп хабарлады.

Бүгін Баткендегі кездесуден кейін екі елдің үкімет делегацияларының жетекшілері Саймумин Ятимов және Қамшыбек Ташиев ортақ мәлімдеме жасады.

Ятимовтің сөзінше, екі ел арасындағы шекараға делимитация жасау мәселесі "іс жүзінде аяқталған", тек заңнамалық процедуралар қалған. Қырғызстан ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитет жетекшісі Қамшыбек Ташиевтің айтуынша, тараптар толығымен келісімге келген. Ал заңнамалық процедураларға бірнеше ай керек.

Шілде соңында Қырғызстанның министрлер кабинеті қырғыз-тәжік шекарасының 94% анықталып қойғанын және қалған 6 пайыз "күрделі аудандарда орналасқанын" айтқан.

Қырғыз-тәжік шекарасының жалпы ұзындығы – 972 шақырым. 2022 жылы кездесу кезінде Қырғызстан мен Тәжікстан басшылары 664 шақырымды келіскендерін хабарлаған.

Шекараның анықталмаған аумақтарында бұған дейін су, жер, жол және жайылымға байланысты жанжалдар болған. 2021 жылы сәуір-мамыр және 2022 жылы қыркүйекте екі ел шекарасында ірі қақтығыс болып, екі жақтан ондаған адам қаза болған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Оңтүстік Кореяның алты оппозициялық партиясы президент Юн Сок Елге импичмент жариялау туралы заң жобасын енгізеді деп жазды "Ренхап" агенттігі.

Құжат 5 желтоқсанда парламентке енгізіледі және оған дауыс беру екі күнге созылады. Заң жобасы қабылдануы үшін депуттардың үштен екісі (200 депутат) қолдауы керек. Парламенттегі оппозицияның 192 мандаты бар.

Бұған дейін оппозиция партиялары Юн Сок Елді мемлекетке опасыздық жасады деп айыптамақ болып отырғаны хабарланған. Олардың сөзінше, әскери жағдай енгізіліп, әскерилердің парламентті басып алуға тырысуы бүлікпен пара-пар.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Оңтүстік Кореяда бір түннің ішінде не болды?

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Бақаевтың сөзінше, қазіргі кезде Оңтүстік Кореяда шамамен 30 мың қазақстандық жүр. Әзірге ешқайсысы көмек сұрамаған. “Көмек сұраған жағдайда міндетті түрде қамтамасыз етеміз” деді сәрсенбі күні журналистердің сұрақтарына жауап берген ол.

Оңтүстік Кореяда президент Юн Сок Ел сейсенбі күні әскери жағдай енгізуге тырысқанмен парламент шешімнің күшін жойған. Егер президент отставкаға кетпесе, депутаттар оған импичмент жариялауы мүмкін.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Рютте НАТО Украинаға үш маңызды бағыт бойынша көмектесетінін айтты

"Украина - НАТО кеңесінің" кездесуі алдында НАТО-ның бас хатшысы Марк Рютте үш бағытты атап өтті.

Бірінші бағыт – елдің энергия жүйесін барынша қолдау.

“Қыс мезгілін Украинаға қарсы қару ретінде қолдануға жол бермейміз” деді ол.

Екінші бағыт – елдің әуе қорғанысын нығайту. “Біз көп нәрсе істеп жатырмыз, бірақ әуе қорғанысы тұрғысынан елдің қауіпсіздігін барынша мықты қамтамасыз ету үшін одан да көп жұмыс істеу керек” деді Рютте.

Үшінші пункт ретінде ол Украинаға әскери көмекті айтты.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬Денсаулық сақтау министрлігі жаңа уақыт белдеуінің қазақстандықтарға әсерін зерттеу аясында қандай әдіс-тәсілдер қолданылатынын айтты

"Зерттеу әдістеріне ғаламдық заңдылықтарды анықтау үшін халықаралық деректерді талдау, Қазақстан аймақтарындағы халық арасында сауалнама жүргізу, физиологиялық өзгерістерді бағалаудың зертханалық және аспаптық әдістері, сонымен бірге уақыт заңдылықтары мен циркадты ырғақтың бұзылуы арасындағы корреляцияны анықтау үшін медициналық деректерді талдау да кіреді" деп жазылған министрлік жауабында.

Егер зерттеу нәтижесінде жаңа уақыт белдеуі қазақстандықтардың денсаулығына кері әсер еткені анықталса, уақыт қайтарыла ма деген сұрақты министрлік өкілдері жауапсыз қалдырған.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Маңғыстау облысында “Каспий” футбол клубының бұрынғы жетекшісі және оның екі танысы оқу-жаттығу жиынына бөлінген 27 млн теңгеден астам қаражатты жымқырды деген күдікпен қамауға алынды.

Бұл жөнінде Маңғыстау облысы прокуратурасының баспасөз қызметіне сүйенген ҚазТАГ жазды. Күдіктілер 3 желтоқсанда қамауға алынған.

Тергеу органдары күдіктілер “клуб қызметкерлеріне күш қолданып, оларды жауабын өзгертуге мәжбүрлеуге тырысқан, 15 млн теңге ақша бопсалаған” деп айтады.

Әзірге күдіктілердің адвокаттары ақпарат құралдарына шықпады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Оңтүстік Корея президенті әскери жағдай режимін алып тастады

🇰🇷 Елде төтенше жағдай енгізілетіні 3 желтоқсан түнде хабарланған. Алты сағат күшінде болған жарлық саяси партиялар жұмысына, наразылық пен ереуілдерге тыйым салып, цензура енгізген, әскери соттарды өлім жазасы үкімін енгізу құқығын айырған.

Режимнің орындалуын қадағалауға жаяу әскер штабының жетекшісі жауапты болған. Ол парламенттің жұмысын тоқтатты. Парламент ғимаратын әскер басып алуға талпынған.

Алайда әскер ғимаратты басып алайын деп жатқанда депутаттар президенттің шешімін алып тастау үшін дауыс берді. Бұдан кейін президент заң жүзінде жарлықтың күшін жоюға міндетті болды. Әскерилер саяси партиялар мен парламенттің жетекшісін қамауға алуға талпынған болуы мүмкін.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🔴 Оңтүстік Корея президенті Юн Сок Ёль елде әскери жағдай жариялады. Бұл туралы Yonhap агенттігі хабарлады.

🗣 "Ел ішіндегі Солтүстік Кореяны жақтайтын күштерді жойып, конституциялық құрылымды сақтау үшін әскери жағдай жариялаймын" деді ол.

Бұған дейін Юн елдегі оппозицияны Солтүстік Кореяға бүйрегі бұрды деп айыптаған еді. Оңтүстік Кореядағы "Халық күші" билеуші партиясының лидері Хан Дон Хун әскери жағдайдың енгізілгеніне қарсы шығып, бұл шешімге шектеу қоямын деді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Тасқын кезінде жұртқа көмектескен иттің өлімі желіде талқыға түсті

🦮 Атырау облысында биыл көктемгі су тасқыны кезінде құм салынған қаптарды тасып, жұртқа бөгет салуға көмектескен Пішөн деген итті әлдекімдер атып өлтіргені туралы ақпарат тарады.

Азаттық сөйлескен иттің иесі Зәмзәгүл Жаңабаева оқиға 28 қарашада болғанын айтты.

🗣 "Малға немесе адамға қауіп төндірсе, жағдай басқа болар еді. Бірақ ешкімге зияны жоқ итті атып кетті. Итті атқандарға талап қоймаймын, себебі біреудің жұмысына кесіріміз тиіп кетуі мүмкін" деді Жаңабаева.

Атырау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының ветеринария бөлімі сол күні Махамбет ауданында жергілікті ветеринария станциясына тұрғындардың бірі хабарласып, "аулада бөтен үш ит қараусыз жүр, үйге кіре алмай тұрмын" деп шағынған деді.

🗣 "Оқиға орнына барған мамандар әлгі иттерді ұйықтатын дәрімен атқан. Салдарынан екі ит ұйықтап, үшіншісі дәрі тиген соң өзен жаққа қашып кетіп, белгісіз жағдайда өліп қалды" деп хабарлады ветеринария бөлімі.

Аудандық прокуратура мен полиция ветеринар мамандардың әрекетінің заңдылығын тексеріп жатыр. Нәтижесі белгілі болған соң, тиісті шара қабылданады деді ауыл шаруашылығы басқармасы.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

📹 Қызылорда, Тараз және Түркістанда орыс мектебін ашуға сұраныс бар, осы өңірлерде оған барғысы келетін азаматтардың ұсынысы зерттелді. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Ресей мен Қазақстанда бірлескен мектептер ашу жайлы қойылған сұрақтарға жауабында осылай деді.

Оның сөзінше, үш өңірдің әрқайсында 1200 оқушыға арналған мектеп салу жоспарланып отыр. "Бұл – алдын ала айтылған ақпарат. Уақыт көрсетеді" деді министр.

Ол мектеп салуға Ресей қаржы бөледі, ал оқу бағдарламасы Қазақстандағы стандарт аясында болады деп жауап берді.

Министр Ресейдегі Астрахан, Орынбор, Томск қалаларында қазақ мектебін ашу қарастырылып отыр деді.

🗣 "Қалалар таңдалған кезде қазақтар көп шоғырланған жерлерде мектеп салу – ең басты мақсат болды. Бұл мәселе екіжақты пысықталып жатыр. Мектептің жерін анықтау, келісімшартқа қол қою, қаржысын шешу мен құрылысына біршама уақыт керек" деді ол.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🔴 2022 жылғы 22 наурызда Кремльге адал ресейлік НТВ телеарнасы тұтқынға түскен украин жауынгерлері туралы репортаж көрсетті.

Онда Ресей әскерінің "өте гуманды екені, украин жауынгерлеріне медициналық көмек көрсетіліп, жарасы күнде жаңадан танылатыны" айтылды.

Репортажда жауынгерлердің қайда отырғаны айтылмады. Бірақ журналистер сюжетте көрсетілген украин тұтқынды іздеп тапты.

Тұтқынға түскеннен кейін Наровляға жеткізілген Богдан Лысенко таяқ жеп жатқан бейбіт тұрғындардың "үздіксіз айқайлап, шыңғырғанын" естіген.

Ол НТВ репортажын "пропагандалық картина" деп атады.

❗️Азаттық пен серіктестері жүргізген зерттеу Ресей күштері Беларусьте "фильтрация лагерін" басқаратынын анықтады. Бұл лагерь түбінде авторитар президент Александр Лукашенконың үкіметі басқаратын компания аумағында орналасқан.

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🔴 Емдеу мекемесінде зорланғанын бірінші болып айтқан – 22 жастағы Гүлім. Күйеуімен ажырасқаннан кейін ауырып жатып қалған келіншекке дәрігерлер "депрессия" диагнозын қойған.

Гүлім орталықта ем қабылдауға жатқан 20 күнде өзін "екі санитар жігіт теледидар тұратын бөлме мен баспалдақ маңында бірнеше рет жеке-жеке зорлағанын" айтты.

Ол зорлық көргенін орталықта ешкімге айтпаған. "Шағым түсірсем, санитарлар айтқандай, орталықтан шығармай қоя ма" деп қорыққан.

Жиырма күн ем алып, үйіне шыққан соң қайтадан күйзеліске түскен. Анасы тағы емделуге жатасың дегенде "орталыққа бармаймын" деп, болған мән-жайды айтып берген.

Гүлім психикалық денсаулық орталығында жалғыз өзі ғана емес, тағы үш сырқат қыздың зорланғанын көргенін айтқан.

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Германия канцлері Олаф Шольц 2 желтоқсанда Киевке сапарын аяқтап, X әлеуметтік желісінде Ресей президенті Владимир Путинге арнап пост жариялады

🗣 "Украинаға қолдауымыз азаймайды. Украина халқын қанша қажет болса, сонша қолдаймыз" деп жазды Шольц.

Одан алдын Украина президенті Владимир Зеленский Шольцтің жақында Путинге хабарласқанына разы емес екенін білдіріп, Батыстың басқа лидерлерін Ресей президентіне телефон соқпауға үндеді.

🇩🇪🇺🇦 Шольц Германия Украинаға тағы бір IRIS-T деп аталатын зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін, Gepard атты өздігінен жүретін зенит қондырғылар мен Sea King деген тікұшақтар береді деп мәлімдеді.

Канцлер алысқа ұшатын немістің Taurus зымырандарын жеткізу туралы ләм-мим деген жоқ. Бұған дейін ол Украинаға мұндай қару беруге үзілді-кесілді қарсы болып келген, оның пікірінше, бұл соғысты өршітіп жіберуі мүмкін.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Ақтөбе облыстық сотының апелляция алқасы Мөлдір Томарованы пышақтап өлтірген Ерлан Ерғалиевтің іс материалдарымен танысып, бастапқы инстанциядағы сот үкімін күшінде қалдырды

Апелляцияға екі тарап та шағымданған. Ерғалиев өзіне сот кескен 22 жыл жазаны тым ауыр десе, жәбірленуші тарап тым аз деп санайды.

🗣 "Апелляция алқасына шағымданған кезде "тым болмаса, 25 жылға сотталса" деген үмітім болған. Сот үкімді өзгертпеді. Қылмыскер оқиға орнынан қашып бара жатып, полиция қызметкеріне пышақ жұмсаған. Бірақ ол билік өкіліне күш көрсеткенін, қызымды зорлағанын мойындамай отыр. Әлі нақты шешім қабылдай қойған жоқпын. Бірақ Жоғарғы сотқа шағымдануым да мүмкін" деді кісі қолынан өлген дәрігердің әкесі Қалыбай Томаров.

🗣 Сотталушының адвокаты Гүлнара Өтеуова Азаттық тілшісінің телефон қоңырауына жауап бермеді. Осыған дейін берген сұхбатында ол "тергеу айыптау сарынында жүргізілді. Қосымша тергеу амалдарын жүргізу туралы өтінішіміз ескерілмеді. Соның бәрі соттың ауыр жаза кесуіне әкеп соқты" деген.

Айыптау актісіне сәйкес, Ерғалиев әйелді зорлаған, жүрек тұсына 24 рет пышақ сұққан.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…
Subscribe to a channel