azattyq | News and Media

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Subscribe to a channel

Azattyq - Азаттық

💬 Қазақстанның бала құқығы жөніндегі уәкілі Динара Зәкиева елде балалар опат болған өрт оқиғасы жиілеген тұста 12 жасқа толмаған баланы үйде қараусыз қалдыруға тыйым салуды ұсынды

🗣 "2024 жылғы қаңтардан бүгінге дейін балалар қаза тапқан 15 өрт болды, көбінде олар үйде жалғыз қалған. Осы жайттарды талдай келе, 12 жасқа дейінгі баланы кәмелетке толған адамдардың қарауынсыз қалдыруға тыйым салу бойынша заң шараларын пысықтау қажет деп санаймын" деп жазды Зәкиева Instagram-парақшасында.

Зәкиева сонымен бірге көмекке зәру отбасыларды мемлекеттік қолдау бағдарламаларымен қамтамасыз ету қажет деді.

Қазақстанда қыс мезгілінде бала өліміне себеп болған өрт оқиғалары жиілейді. 1 желтоқсанда Ақмола облысы Бұланды ауданы Шұбарағаш ауылындағы жеке үйде өрт шығып, салдарынан 2017 және 2021 жылғы екі бала уланып өлді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Қазасының құпиясы ашылмаған Заманбек Нұрқаділовке ескерткіш-бюст орнатылды

2 желтоқсанда Алматы облысы Кеген ауданында Нұрқалділовке қойылған ескерткіш-бюстің ашу рәсімі өтті. Кеген ауылындағы балалар өнер мектебіне оның есімі берілді.

Биыл қаңтарда Нұрқаділовке ас берілгенде президент Қасым-Жомарт Тоқаев марқұмның отбасына хат жолдап, саясаткерге ескерткіш қоюды ұсынған.

Ескерткіш-бюсті ашу рәсіміне қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, танымал тұлғалар мен марқұмның үй іші қатысты деді Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі.

🔸 2005 жылы 12 қарашада Нұрқаділов Алматыдағы үйінде жұмбақ жағдайда қаза тапқан. Тергеу орындары "Нұрқаділов өзін тапаншадан үш рет – екі мәрте кеуде тұсынан және бір рет басынан атып мерт болған" деген қорытынды жасаған. Бірақ марқұмның серіктері мен құқық қорғаушылар бұл ақпаратқа күмән келтіріп, ол кісі қолынан өлген болуы мүмкін деген долбар айтқан.

🔸 2022 жылы саясаткердің ұлы Қайрат Нұрқаділов әкесінің өліміне байланысты қылмыстық іске қайта тергеу жүргізуді сұрап, Бас прокуратураға арыз жазған. Ол мекемеден "істі қайта қарауға негіз жоқ" деген жауап алған еді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 АҚШ президенті Джо Байден қылмыстық істер бойынша кінәлі деп танылған баласы Хантер Байденге кешірім берді

Ақ үй басшысы ұлына тағылған айыптардың "саяси астары бар" деп есептейді.

Хантер Байден заңсыз қару сатып алу және салықтан жалтару ісі бойынша кешірім алды. Бірінші іс бойынша үкім – 12 желтоқсанда, екінші іс бойынша 16 желтоқсанда шығады деп айтылған.

🔸 Биыл қыркүйекте Хантер Байден салықтан жалтару ісінде тағылған айыптар бойынша кінәсін мойындаған. Ол "заңсыз қару сатып алу" ісі бойынша кінәлі деп танылғаннан кейін отбасын тағы бір ауыр қылмыстық процестен арылту үшін осындай тосын қадамға барғанын айтқан.

🔸 Айыптауға сәйкес, 54 жастағы Хантер Байден 2018 жылы қазанда тапанша сатып аларда есірткі қолданбаймын деп жалған сөйлеген. Бұл іс бойынша сот оған 25 жылға дейінгі мерзімге түрме жазасын кесіп, 750 мың долларға дейін айыппұл салуы мүмкін еді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 1 желтоқсанда Өзбекстанда YouTube-тегі "Редакция" арнасының түсірілім тобы, осы арнаның негізін салған ресейлік журналист Алексей Пивоваров пен Hook атты өзбек басылымының журналисі Фарида Мехсетова ұсталды. Олар Өзбекстанда деректі фильм түсіріп жүрген.

🗣 "Нөкісте болғанымызда, ішкі істер министрлігі қызметкерлері бізді әңгімелесуге шақырды. Олармен сөйлестік, өзіміз туралы, жоспарымыз жайлы айттық, қызметкерлер сыпайы болды. Қазір ары қарай кетіп барамыз. Бәрі жақсы!" деп жазды Пивоваров телеграм-арнасында.

Қарақалпақстан бойынша ақпарат және бұқаралық коммуникациялар агенттігінің басқармасы шетел журналистері Өзбекстан сыртқы істер министрлігінен алдын ала аккредитация алмай жұмыс істеген деп мәлімдеді.

📹 Hook басылымы құқық қорғау органдары қызметкерлері журналистер түсірген барлық кадрды тәркілеп, ұсталғандарды Ташкент әуежайына апарған деп хабарлады. Бұл ақпарат ресми түрде расталған жоқ.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 БҰҰ-ның Таяу Шығыстағы палестиналық босқындарға көмек көрсету жөніндегі агенттігі (UNRWA) Израильден Газа секторына гуманитарлық жүктер өтетін негізгі орын – "Керем-Шалом" бекетінен гуманитарлық көмек жеткізуді тоқтата тұратынын хабарлады

Бұған жүк тонаумен айналысатын қарулы топтардан төнген қауіп-қатер себеп болған.

🗣 "Керем-Шалом" пунктінен Газаға көмек жеткізуді тоқтатуға мәжбүрміз. Бұл бағыт бірнеше айдан бері қауіпті болып тұр" деді агенттік басшысы Филипп Лаццарини Х желісінде. Оның айтуынша, бұл шешім Газадағы аштық мәселесі шиеленісіп жатқанда қабылданған.

Лаццаринидің сөзінше, 30 қарашада қарулы адамдар "Керем-Шалом" аймағында гуманитарлық көмек партиясын ұрлап әкеткен, қарашаның ортасында 100-ге жуық жүк көлігі тоналған.

Агенттік басшысы аймақтағы атысты тоқтатуға үндеді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Грузияда полиция Тбилиси орталығындағы парламент ғимаратының алдына жиналған наразы жұртқа су шашатын арнайы құрал қолданды. Оқиға болған жерден түсірілген видеолар әлеуметтік желіде тарады. Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері парламент аумағынан наразыларға тас лақтырды деп хабарлады "Эхо Кавказа" сайты.

🇬🇪 Грузия үкіметінің Еуроодаққа қосылу үрдісін тоқтата тұру туралы шешіміне наразы болғандар Тбилиси орталығындағы Руставели және Костава даңғылын жауып тастады.

Полиция резеңке оқ қолданған болуы мүмкін. Мұндай сәт Азаттықтың Грузин қызметі түсірген видеолардан байқалады.

Тбилисиден басқа, Батуми, Кутаиси, Поти және басқа да ірі қалаларда жұрт наразылық білдіріп жатыр. Олар даулы парламент сайлауы қайта өтсін, жаңадан құрылған үкімет қызметтен кетсін деген талап қойды.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамп ФБР басшысы қызметіне өзінің кеңесшісі Кэш Пательді ұсынды. Енді Пательдің кандидатурасын сенат мақұлдауы керек.

"Кэш – тамаша заңгер, зерттеуші және "бәрінен бұрын Америка" идеясының күрескері, ол өз мансабын жемқорлықпен күреске, сот әділдігін қорғау мен Америка халқына арнаған адам" деп жазды Трамп Truth Social желісінде.

Патель Трамп президенттігінің бірінші мерзімі кезінде Ақ үйде істеген. 2016 жылғы сайлауда Трамптың Ресеймен байланысы туралы айыптауларды жоққа шығаруда маңызды рөл атқарды.

Трамп 2021 жылы қызметінен кетер кезде Пательді ФБР басшысы қызметіне ұсынған. Ол кезде Патель Трамптың көзқарасымен келіспеген ФБР қызметкерлерінің барлығын жұмыстан шығарып, барлау деректерін жинаумен айналысатын бөлімдерді таратуды ұсынған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қостанайда "сыпайы адамдар" туралы жазбаны репост жасап, қамалған белсендіні 200 мың теңге төлеуге міндеттеді

Қостанайда жергілікті белсенді Сергей Зинченко Facebook-та "сыпайы адамдар" (2014 жылы Қырымды басып алған ресейлік сарбаздарды жұрт «сыпайы адамдар» деп атап кеткен) туралы жазбаны репост жасағаны үшін қазан басында 20 тәулікке қамалған еді. Енді сот оны шағым түсірушінің өтінішімен 200 мың теңге төлеуге және әлеуметтік желіде "жоққа шығарып", жазба жариялауға міндеттеген. Соңғы сот туралы Адам құқығын қорғау жөніндегі бюро (Адам құқықтары мен заңдылықты сақтау жөніндегі Қазақстан халықаралық бюросы) жазды.

28 қарашада Қостанай соты шағым түсірушінің өтінішін жартылай қанағаттандырып, Зинченконы 200 мың теңге төлеуге және әлеуметтік желіде алдыңғы репостын "жоққа шығарып" жазба жариялауға міндеттеген.

Соттан кейін Зинченко шешімді дауламайтынын және осының өзі кешірім сұраумен пара-пар болады деп айтқан.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстанда жыл басынан бері 3193 адамнан ВИЧ анықталған, былтырмен салыстырғанда бұл 1,5 пайызға аз. Денсаулық сақтау министрлігі "Власть" сайтына жіберген жазбаша жауабында осылай деп жазған.

2024 жылдың 1 қазан күнгі мәліметі бойынша Қазақстанда ВИЧ жұқтырған 34 388 адам тұрып жатыр. Елде ВИЧ-тің негізінен жыныстық жолмен (82,1%) жұғуы кең таралған. Екінші орында – көктамырға есірткі салу (14,2%) тұр. 2024 жылдың 31 қазан күнгі мәліметі бойынша елде ВИЧ жұқтырғандардың 30 963-і антиретровирустық терапия алады.

Жыл басынан бері 149 шетел азаматынан ВИЧ анықталған, былтыр бұл көрсеткіш 158 болған.

Он ай ішінде елде СПИД-тен 92 адам көз жұмған, бұл аурудан адам өлімі көрсеткіші 22 пайызға азайған.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, антиретровирустық терапияны ертерек бастау, вирус жүктемесін азайту, аурудың дамуын бақылап отыру ВИЧ жұқтырғандардың өмірін сақтап, оларға инфекция жұқтырмаған адамдардыкындай өмір сапасын сыйлап отыр.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Украина президенті Владимир Зеленский егер НАТО Киевтің бақылауындағы жерлерді "қорғанына алса", Украинаның басып алынған аумағын босатуды талап етпей-ақ Ресеймен атысты тоқтату туралы келісімге баруымыз мүмкін деді.

Британдық Sky News телеарнасына берген сұхбатында Украина басшысы осылай деп мәлімдеді.

Украинаның халықаралық дәрежеде мойындалған барлық аумағын, оның ішінде Қырым мен Ресей басып алған бірнеше облыс та бар, қайтару – Украинаның соғыстағы негізгі мақсаты.

Киев бұған дейін Ресей басып алған жерлерді Украинаға қайтармайынша бейбіт келіссөзден бас тартатынын мәлімдеп келген. Зеленскийдің сөзіне қарағанда, Киев Ресей талап етіп отырған Украинаның басып алынған облыстарынан заң жүзінде бас тартуға дайын емес. Украина басшысының сөзінше, олар кейін "дипломатиялық жолдар арқылы" қайтарылуы мүмкін.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Атыраудағы мал базарда жұмыс істеген тағы бір қызметкерден сібір жарасы анықталды. Ол да шаруа қожалық қызметкері.

Ақпаратты облыстық әкімдіктің баспасөз хатшысы Руслан Жұмағазиев растады.

Оның сөзінше, аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде науқас медициналық көмекке жүгінген. Диагноз зертханалық зерттеулердің нәтижесінде расталды. Қазір ауруханада ем қабылдап жатыр.

Бұған дейін 25 қарашада Атыраудағы мал сою пунктерінің бірінде істейтін жұмысшыдан сібір жарасы анықталғаны белгілі болған еді. Пунктіге карантин енгізілген.

Атырау облысының санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары барлық сою цехтарында, ірі базарлар мен сауда орындарында сынама алғанын хабарлаған.

Ресми ақпаратқа сәйкес, өнімді сақтау және сату орындары (сөрелер, стеллаждар); сою және тасымалдауға арналған жабдықтар; саудаға шығаруға арналған малдың ұшалары; топырақ, мал азығы және биоматериалдар тексерілген.

Барлығы 67 нысан зерттеліп, 700-ден астам сынама алынған. Сынама нәтижесінде сібір жарасы бактериялары анықталмағаны айтылды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Тбилисиде Еуроодақпен келіссөзді тоқтату туралы билік шешіміне қарсы наразылық акциясына мыңдаған адам шықты деп жазды Азаттықтың Грузин қызметі.

Полиция демонстранттарды тарату үшін алдыңғы күндегідей су шашты. Ол кезде 40-тан астам адам ұсталған, арасында журналистер де бар, кейбірі соққыға жығылған.

29 қарашада наразылар Руставели даңғылын жапты. Оқиға орнына полиция келді. Грузия ішкі істер министрлігі оппозиция жақтастары стратегиялық нысандардың жұмысын тоқтатуды талқылады деп айыптады.

Жергілікті уақыт бойынша сағат 22-ден кейін полиция жиналғандарға су шашып, таратпақ болды. Наразылар оларға петарда (отшашу үшін қолданылатын оқ-дәрі заряды бар қағаз снаряд) лақтырды.

Жарым түнде наразыларды полиция Руставели даңғылынан тықсырды. Ұстаулар болғаны хабарланды.

Грузия президенті Саломе Зурабишвили полиция қызметкерлерін наразылық акциясы кезінде күш қолданбауға шақырды.

"Жас азаматтарымызға және өзге адамдарға қол көтермеңіздер! Аулақ жүріңдер, өз міндеттеріңді атқарыңдар. Сендердің қатысуларыңды қажетсінетіндей Руствавелиде де, басқа қалаларда да ештеңе болып жатқан жоқ" деді ол.

Зурабишвили наразылықтың бейбіт екенін атап өтіп, "орыстанып кеткен Грузияға, конституциясын тартып алған Грузияға, заңсыз үкімет пен парламенттің қолындағы Грузияға ешкім шыдауға дайын емес екені байқалып тұр" деді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Ресей күштері 2022 жылы көктемде Беларусьтегі Наровля қаласында фильтрация лагерін ұйымдастырып, онда тұтқынға түскен Украина азаматтарын азаптаған

Мұны Азаттықтың Украин қызметінің "Схемы" деп аталатын жобасы Беларусьтегі зерттеу орталығымен және Азаттықтың Беларусь қызметімен бірге жасаған зерттеуінде анықтаған.

Журналистер спутниктен түсірілген суреттерді, тұтқындарды түсірген видеоларды, бұрын тұтқында болған адамдардың жауабын және хакерлерден алынған деректерді талдап, Наровлядағы лагердің нақты қай жерде екенін анықтаған. Зерттеу The Reckoning Project және "Киберпартизандар" хакерлер тобының қолдауымен шыққан.

Зерттеуге сәйкес, Украинаның әскери қызметкерлері де, бейбіт тұрғындар да болған фильтрация пункті Беларусьтің "Припятский альянс" атты мемлекеттік кәсіпорны ғимараттарының бірінде орналасқан. Спутниктен түсірілген суреттердің дерегіне сүйенген зерттеушілер 2022 жылғы мамырға дейін Ресей күштері сонда болған болуы мүмкін деді.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Ресейлік киносыншы Антон Долиннің Астанада жоспарланған "Жаман орыстар" ("Плохие русские") кітабының тұсаукесері өтпейтін болды

Бұл туралы ол Facebook-тегі парақшасында хабарлады. Айтуынша, ол Қазақстанда бес шара өткізуді жоспарлаған: екеуі жабық, үшеуі ашық өтеді делінген, оның ішінде жаңа кітабының тұсаукесері де бар.

🗣 "Төртеуі де әртүрлі себепке байланысты өтпейтін болды. Бір ғана шара қалды, оның өзі жабық" деп жазды ол.

"Осы уақытта Қазақстанға Путин келгенін білдім. Астанада оны құшақ жая қарсы алды. Алматы мен Астанадағы [іс-шарамды] Путиннің көңіл-күйін бұзбау үшін өткізбей қойған секілді әсер қалдырды (қалжың, бірақ олай емес)" деді ол.

"Медуза" сайтының жазуынша, Долин "Плохие русские" кітабының тұсаукесерін 28 қарашада Алматыда да өткізбек болған, алайда шара өтеді деп хабарланған SmArt Point алаңы аз уақыт қалғанда іс-шараны өткізуден бас тартқан. Кейін ұйымдастырушылар басқа орын тауып, сол жақта өткізген. Долиннің сөзінше, шараны полиция бақылаған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Ресейдің Ростов облысында Украина дрондарының шабуылынан кейін мемлекеттік резервтер жөніндегі федералды агенттіктің (Росрезерв) "Атлас" мұнай базасында өрт шықты

Кәсіпорын Ресей армиясына мұнай өнімдерін жеткізеді. Украина дрондары бұл базаға үшінші рет шабуыл жасап тұр. Бұған дейін тамыздың басы мен аяғында шабуылдаған.

Кәсіпорында өрт шыққаны көрінетін видеоларды Astra және Baza телеграм-арналары жариялады. Куәгерлер қатты жарылыс болды деп айтқан.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Ұлттық банк қараша айының қорытындысы бойынша, теңге 5 пайыз құнсызданып, 1 АҚШ доллары 512,52 теңгеге тең болды деп мәлімдеді. Банк желтоқсанда Ұлттық қордан 900 млн долларға дейін валюта сатылады деп болжап отыр.

❗️2 желтоқсанда елдегі ақша айырбастау орындарының кейбірінде 1 доллар 530 теңгеден сатыла бастады.

Ұлттық банктің мәліметінше, қарашада Ұлттық қордан республикалық бюджетке трансферт қамтамасыз ету үшін 1 млрд 260 млн доллар валюта сатылған. Қазақстан қор биржасындағы сауданың орташа бір күндік көлемі бір айда 16 млн долларға азайған.

Ішкі валюта нарығында экономикалық агенттерден шетел валютасына сұраныс артқаны, айырбас бағамының психологиялық деңгейін еңсеру аясында ұсыныстың да шектелгені байқалды деді банк.

Бұған дейін Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов бір доллар 500 теңгеден асқанына қынжылыс білдіріп, "өсім небары 2 пайыз, дүрлігудің қажеті жоқ" деген.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🔴 Араға бір мерзім салып, АҚШ президенттігіне қайта сайланған Дональд Трамп билікке келген соң құжатсыз жүрген мигранттарды Америкадан шығару үшін әскер күшін пайдаланатынын мәлімдеген.

Миграция саласындағы сарапшылар демократтар Трамп әкімшілігінің бұл жоспарына кедергі келтіруге дайын болуы керек деді.

АҚШ шекара қызметінің мәліметінше, 2019 жылдың қазанынан 2024 жылдың маусымына дейін 11 миллион адам АҚШ-қа кіруге талпынған. Олардың қатарына АҚШ үкіметінің CBP қосымшасы арқылы саяси баспана сұрағандар, шекарадан заңсыз өтіп, кейін пана алуға өтініш бергендер және шекара бекетіне келіп, пандемияға байланысты ел аумағына кіруге рұқсат ала алмағандар жатады. Ресми дерекке сәйкес, шекарадан өткен мигранттар саны Байден президент болғалы, яғни 2021 жылдың басынан күрт өскен.

🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

📹 Германия канцлері Олаф Шольц Киевке барды

Ол Украинаға бұған дейін 2022 жылы маусымда сапарлаған. Шольц Украинаға құны 650 миллион еуро болатын жаңа әскери көмек пакетін жариялады.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Абу-Даби әуежайында 31 өзбек азаматына Біріккен Араб Әмірліктері аумағына кіруге рұқсат бермеді. Өзбекстанның БАӘ-дегі елшілігі Ташкент – Абу-Даби бағыты бойынша 30 қарашада ұшып келген ер адамдар "белгісіз себеппен" әуежайдан шыға алмай отыр деп мәлімдеді

Осыған дейін repost.uz сайты Ташкенттен Абу-Даби әуежайына келгендердің төлқұжатын тартып алғанын жазған. Порталдың хабарлауынша, қауіпсіздік қызметінің өкілі өзбек азаматтарына туған еліне қайтарып жіберетінін айтқан.

🔸 Ақпаратқа қарағанда, Өзбекстаннан ұшып келгендер арасында 20 және 40 жастағы ер адамдар ғана ұсталған, әйелдер мен балалар, қарттарды жіберген.

🔸 Қарашаның аяғында БАӘ-де раввин Цви Коганның өліміне күдікті ретінде Өзбекстанның үш азаматы ұсталғаны белгілі болған.

2020 жылдан бері БАӘ-де тұратын раввин Цви Коган 21 қарашада өлі табылған. Оны іздеумен БАӘ полициясы және Израильдің барлау қызметі айналысқан. Олар оны ұрлап әкеткен болуы мүмкін топшылап, бұған Иранның арнайы қызметінің қатысы болуы мүмкін деген де болжам айтқан.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Украина президенті Владимир Зеленский Ресеймен келіссөз болса, оған НАТО мен Еуроодақ өкілдері қатысуы керек деді

Киевке ресми сапармен барған Еуропа кеңесінің төрағасы Антониу Коштамен бірге өткізген баспасөз мәслихатында Зеленский сөзбе-сөз былай деді: "Келіссөз үстелінің басында кім отырады? Ресей, Украина және, мен айтқандай, Еуроодақ пен НАТО. Өйткені біз өзімізді осы одақтардағы қауіпсіздік жүйесінің бір бөлігі ретінде көреміз. Және осы форматта не туралы келісе алатынымызды түсінемін".

Зеленский Украинаны әлсіз позицияда қалдыратын жағдайда соғысты уақытша тоқтатуға қарсы екенін атап айтты. Себебі, ондай жағдайда, бірнеше жылдан кейін Путин "қайта айналып шауып, Украинаны толық күйретеді" деді ол.

Киев Ресей басып алған Украина аумақтарын өзгенің заңды жері деп ешқашан мойындамайды деген сөзін Зеленский тағы да қайталады.

🇺🇦🇷🇺 Украина мен Ресей арасында келіссөз өткізу ықтималдығы әлемдік саяси ортада және бұқаралық ақпарат құралдарында жиі талқыланып жатыр.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ресей президенті Владимир Путин 2025-2027 жылдарға арналған федералдық бюджет туралы заңға қол қойды. 21 қарашада оны мемлекеттік дума бекіткен. Бюджетте әскери салаға бұрын-соңды болмаған дәрежеде қаражат бөлінген. 2025 жылы оның көлемі 13,5 трлн рубль болмақ – бұл мемлекеттің тұтас шығынының 41 пайызы. Бұл денсаулық сақтау, білім, әлеуметтік саясат, ұлттық экономикаға бөлінген қаражаттардың барлығын есептегенде шығатын саннан да көп.

Бұл шығынды жабу үшін 2025 жылдан бастап табыс салығы, шағын және орта бизнеске салынатын салық, мұнай, газ, көмір өндірісінен алынатын салық өседі, оған қоса ішімдік, темекі, тәтті сусынның акциздері де артады. Ресей экспорттаушылар мен импорттаушылар қауымдастығының мәліметінше, келесі жылы азық-түліктің барлық түрі – 20 пайызға, тұрғын үй коммуналды шаруашылық қызметтерінің ақысы 10 пайыз қымбаттайды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Der Spiegel: Сирияда жиһадшылар шабуылға алты ай дайындалған

АҚШ пен өзге елдерде террористік ұйым танылған "Хайат Тахрир аш-Шам" жетекшілігіндегі қарулы топ Сирия президенті Башар Асадтың күштеріне қарсы әскери қимылға алты ай дайындалған. Бұл жөнінде дереккөздерге сүйенген Der Spiegel басылымы жазды.

Басылым дереккөзінің айтуынша, қазан айында олар Түркияға өз жоспарын таныстырған, алайда Анкара аймақтағы жағдайды ушықтырғысы келмей одан бас тартқан. Дереккөздің сөзінше, Башар Асадтың түрік жасағын Сирияның солтүстігінен шығару туралы талабынан кейін Түркия аталған қарулы топқа шабуылдауға рұқсат берген.

Сирияда жиһадшылар 27 қарашада Алеппо мен Идлиб провинцияларында шабуыл бастаған. 30 қараша кешке қарай қарулы топ Алеппоның басым бөлігі мен тұтас Идлиб провинциясын бақылауда ұстаған. Кей дереккөзге қарағанда,Сирия мен Ресей авиациясы "Хайат Тахрир аш-Шамның" штаб-пәтеріне әуеден соққы жасаған кезде топ жетекшісі Әбу Мұхаммад әл-Жолан қаза болуы мүмкін.

t.me/RadioAzattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Давид Дегтярев пара пауэрлифтингтен Токио мен Париж паралимпидасында чемпион атанды. Астанадан «жөнді жұмыс таппай» туған қаласы Атбасарға оралып, спортқа бет бұрған Давид қазір пара пауэрлифтингтен лидерлердің біріне айналды. Азаттық радиосы «Спорт: қиындықты жеңген қаһармандар» байқауы аясында Давид Дегтяревтің спорттағы жолын баяндайды.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

“ВИЧ адамның мінез-құлқын сипаттамайды". Ауру – үкім емес

1 желтоқсан – Дүниежүзілік СПИД-пен күрес күні. Мұндағы мақсат – мәселеге назар аударту және адамның иммун тапшылығы вирусымен (ВИЧ) өмір сүріп жатқан жандарды қолдау. БҰҰ есебі бойынша, кейінгі жылдары Орталық Азия елдері ауру қарқыны жөнінен алдыңғы қатарға шығып отыр. Бұл статистиканың артында ондаған адамның тағдыры, аурумен алысу тәжірибесі, қоғамның көзқарасы, қалыпты өмір сүру жолын іздеуі және басқаларға да көмектесуі жатыр.

Оқу

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Азаттықты бізге ешкім табаққа салып әкеп бермейді". Әмина Нұғыманованың қоғамдық миссиясы

Қазақстан тәуелсіздігін жарияламай тұрып елде Мұсылман әйелдер одағын құрған өнер қайраткері Әмина Нұғыманова қалайша қоғам белсендісіне айналды? Көзкөргендер өнер адамының қайраткерлігін еске алды. Ол 1990 жылы Азаттыққа берген сұхбатында сол кездегі қозғалыстар мен бейресми ұйымдардың әрекеті жайлы ой-пікірін бөліскен еді.

🎧Азаттық радиосы
🎧
Youtube
🎧
Apple podcasts

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"Күнде уыс-уыс дәрі ішуім керек". Қамар озбыр күйеуін жауапқа тартқысы келеді

Қамар 13 жыл тұрмыста зәбір көрген. Бүйрегі ауырады, жатырынан айырылған. Жағын, мұрнын, қолын сындырған. «Күнде уыс-уыс дәрі ішуім керек» дейді әйел. Қамардың күйеуінен кеткеніне жарты жылдан енді асты. Қазір әйел ес жиіп, үш қызын жалғыз асырап отыр.

🔗Көру

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

📹 Қазақстанда кейінгі бірнеше күннен бері теңге құнсызданып жатыр. Кей жерде 1 доллар 525 теңгеден сатыла бастады.

Ұлттық банк басшысы Тимур Сүлейменов бүгінгі брифингіде "өсім небәрі 2 пайыз, дүрлігудің қажеті жоқ" деді.

🗣 "Осы айда доллар бағамы 495-497 аралығында болды. Қазір 500 теңгелік межеден асып, 507-510 теңге боп тұр. Бұған дейін айтқанымдай, бұл – шамамен 2 пайыздық өсім. Ал осы 2 пайыздық өсім нан бағасына әсер ете ме? Меніңше, жоқ. Осы 2 пайыздық өсім сүт бағасына әсер ете ме? Онша әсер ете қоймайды деп ойлаймын. Ал долларға келсек, біз доллармен есеп айырыспаймыз, доллардың өзін де сатып алмаймыз. Сондықтан кейінгі күндердегі курстың құбылуына мұнша мән беру қажет емес деп ойлаймын" деді Сүлейменов.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 Шығыс Қазақстан облысында Опытное поле, Степное, Ушанов және Прапорщиков ауылдарында мектеп оқушылары қашықтан оқуға көшті. Бұған ауаның ластануы себеп болған.

Ауылдар облыс орталығы Өскемен қаласына жақын шоғырланған. Ауыр металлургия кешендері бар қаланы 20 қарашадан бері түтін басқан. Ауадағы зиянды заттар мөлшері қалыпты нормадан асқанын жергілікті шенеуніктер мойындайды.

🔸 Бұған дейін "Қазгидромет" өкілі Любовь Бухтоярова қаладағы қою түтін мен тұманның қалыптасуына не түрткі болғанын түсіндірген. Ол қарашаның аяғындағы күндер желсіз, тымық болғанын айтып, оны "қолайсыз метеорологиялық жағдай" деп атады.

🔸 Мұндайда ауа тазармайды, оған қоса тұман түсіп, ауа ылғалдығы артқан. Осы жайттардың әсерінен зиянды заттар шөгеді. Маман 1 желтоқсанға дейін жел соқпайды деген болжам бар деп ескерткен.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

🗣 Лондонның орталық қылмыстық істер сотында "Ресейдің арнайы қызметінің тапсырысымен тыңшылық жасады" деп күдікке ілінген Болгарияның бір топ азаматының соты жалғасып жатыр

Прокурордың сөзінше, күдіктілер алты операция жүргізген. Арасында қазақстандық саясаткер Бергей Рысқалиевті қудалауға қатысты да айып бар. Бұл жөнінде BBC-дің Орыс қызметі жазды.

🇬🇧 Мемлекеттік айыптаушылардың дерегінше, 2021 жылы қарашада күдіктілер Қазақстаннан қашып, Ұлыбританиядан саяси баспана алған Рысқалиевті аңдыған.

🗣 "Ресейде Қазақстанмен қарым-қатынасты дамытуға айқын мотив бар және болған. Прокурорлардың сөзінше, Қазақстан мүддесіне сай саяси диссидентті қудалап, мұны Қазақстанға көмек ретінде ұсыну осы қарым-қатынасты дамытуға көмектеседі" деп жазды BBC.

Рысқалиев 2006-2012 жылдары Атырау қаласы мен Атырау облысының әкімі қызметін атқарған. 2012 жылы оның бауыры, мәжіліс депутаты Арманжан Рысқалимен бірге шетелге қашқаны белгілі болды.

2013 жылы экс-әкімге "аса ірі көлемдегі бюджет қаржысын жымқырды және және қылмыстық топ құрды" деген айып тағылды. Тергеу бес жылға жалғасты. 2019 жылы Қазақстан соты Бергей Рысқалиевті 17 жылға, оның ағасы Арманжан Рысқалиевті 16 жылға сырттай соттаған.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

💬 29 қарашаға қараған түні Тбилисиде Еуроодаққа қосылу бойынша келіссөзді тоқтата тұру туралы шешімге қарсы митингіде 43 адам ұсталды. Бұл туралы Грузия ішкі істер министрлігі хабарлады.

Ұсталғандарға "Ұсақ бұзақылық" және "Полицияға бағынбау" туралы әкімшілік хаттама толтырған. Одан бөлек, "Мүлікті бүлдіру" және "Полицейлерге шабуыл жасау" туралы қылмыстық баптар бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Митинг кезінде 32 полиция қызметкері зардап шеккен, олардың біреуі ауруханаға жатқызылды деп хабарлады Грузия ішкі істер министрлігі.

🇬🇪 Елдің премьер-министрі Ираклий Кобахидзе Грузия 2028 жылдың соңына дейін Еуроодаққа қосылудан және оның гранттарынан бас тартады деп хабарлағаннан кейін қалаларда наразылық басталды. Оған мыңдаған адам қатысты. Тбилисидегі акцияға ел президенті Саломе Зурабишвили де келді. Тбилиси полициясы Грузия парламентінің ғимараты алдына жиналған наразыларды тарқатып, оларға су, бұрыш спрейін шашты.

❤️Азаттыққа жазылыңыз

Читать полностью…
Subscribe to a channel