Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Тараздағы "аруақтар сотының" үкіміне қатысты апелляциялық отырыс кейінге қалдырылды
Жамбыл облыстық соты Қаңтар оқиғасы кезінде оққа ұшып, қаза болған бес адамның кезекті апелляциялық сотын 27 маусымға ауыстырды. Бұл жөнінде Азаттыққа марқұм Нұрсұлтан Қуатбаевтың әкесі Бақытжан Шыңғысбеков хабарлады. Айтуынша, істі қарайтын судьялар жоқ.
Ал Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі Азаттыққа "тараптардың өтініші бойынша кейінге қалдырылды" деп қысқа жауап берді.
Ел арасында "аруақтар ісі" аталып кеткен сот процесінің алғашқы отырысы 23 мамырда Жамбыл облыстық сотында қаралған. Адам құқығын қорғау бюросының мәліметінше, апелляциялық сот отырысы бұған дейін де бірнеше рет кейінге қалған. Істі Абидов, Атибеков, Досымқұлов деген судьялар қарап жатыр.
t.me/azattyq
Ақмола облысындағы Державинск қаласының атауы Кенесары болып өзгертілді
Ақпаратқа қарағанда, тиісті шешім Ақмола облысы Жарқайың ауданы тұрғындарының жиынында қабылданған. Азаматтардың басым көпшілігі қаланың атын ауыстыруға дауыс берген.
"Дауыс саны есептелді, бақылаушылар болды. 325 адам тіркелді, 321 бюллетень берілді. Кенесары қаласы деп өзгертуді қолдағандар — 192 адам, қарсы болғандар — 125, 4 бюллетень жарамсыз" деп айтылды жиында.
Видео: Facebook/Алтынбек Құмырзақ
t.me/azattyq
АҚШ президенті Джо Байденнің ұлы салық төлеуден қашқанын мойындады
BBC мәліметінше, Хантер Байден екі айып бойынша өзін кінәлі деп тануға келісті.
Бірінші айып 2017-2018 жылдары төленбей қалған салыққа байланысты. Кейін Хантер Байден ол соманы толығымен өтеген.
Екінші іс 2018 жылы Хантер Байденнің Colt Cobra 38 special үлгісіндегі тапаншаны сатып алғанына байланысты. Тергеу мәліметіне қарағанда, Хантер онда сатушыдан 11 күн қатарынан есірткі қолданғанын жасырған.
Президенттің ұлы бұл айыптарды мойындағаны үшін қылмыстық жауапкершіліктен құтылуы мүмкін. Ол үшін белгілі талаптарды орындауы керек болады.
t.me/azattyq
Ресей соғысының зардабы, 8 жыл жаза, қаңтаршылар ісі – AzatNEWS | 20.06.23
📌 Ақордада Қазақстан мен Германия президенттері Ресейдің Украинаға ашқан соғысы мен Батыс санкциялары туралы сөйлесті.
📌 Қазақстанның бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы 8 жылға сотталды.
📌 Қаңтар дүрбелеңі кезінде Алматы әуежайын басып алды деп айыпталған күдіктілер сотта жауап беріп жатыр.
📌 "Халық парламенті" тобының жиынына қатысқаны үшін белсенділерді қудалау әлі бітпеген. Тағы екі адамға айыппұл салынды.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
Қайрат Сатыбалды Үшқоңырдағы резиденцияны Назарбаевқа сыйға тартқан
t.me/azattyq
⚡️ Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы сегіз жылға сотталды
Бұл туралы сот залынан Азаттық тілшісі хабарлады.
20 маусымда Астана қаласы №2 Байқоңыр аудандық сотында үкім шығарған судья Бағлан Ыдырысов экс-министрді Қылмыстық кодекстің 28-бабының 3-бөлімі ("Қылмыстық құқық бұзушылық жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық ету, сол сияқты қылмыстық топты құру не оған басшылық ету"), 189-бабы 4-бөлімінің 2-тармағы ("Топ болып немесе астыртын сөз байласып, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салуды ұйымдастыру") бойынша айыпты деп таныды.
Арыстанбек Мұхамедиұлына Астанадағы Ұлттық музей директоры болып тұрғанда "бюджет қаржысын жымқырды" (140 млн теңге) деген айып тағылған. Прокурор Арыстанбек Мұхамедиұлын тоғыз жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.
t.me/azattyq
Соғыс басталған күн. СССР-дың «Польша жорығы» мен Ресейдің «арнайы әскери операциясы»
1939 жылы, 2-дүниежүзілік соғыс басталар алдына Совет одағы мен Германия өзара шабуыл жасаспау туралы шартқа қол қойды. Бұл шарттың құпия хаттамасында Совет одағы Польшаның шығысын, Германия батысын алатыны көрсетілген. Германия Польшаға кірген соң, артынша Совет әскері де Польшаға басып кірген. Мұны халыққа «Польшаның нацистік билігі құқықтарын таптаған укариндер мен беларустарға көмектесу» деп түсіндірген. 2022 жылы 24 ақпанда Украинаға басып кіргенде Ресей президенті Владимир Путин де осыған ұқсас уәж айтқан еді.
YouTube-арнамыздан "Қалай болды?" жобасының жаңа бөлімін көре отырыңыз 👇🏻
🔗Сілтеме
t.me/azattyq
"Ұялмай суреттерімді ұрлады" Астаналық суретші Семей қаласындағы көпірге суреттері заңсыз қолданылғанын айтты
Бұл туралы суретші Мағира Тілеубердина Instagram парақшасында хабарлады. Оның айтуынша, суреттер Семей қаласындағы аспалы көпірдің астында салынып жатқан демалыс орнына ілінген.
"Семей қаласындағы көпір астына мурал салған ұйым суреттерімді ұрлап, менен рұқсат сұрамай, ақы төлемей, заңсыз түрде өз мақсаттарына пайдаланды. Олар менімен байланысқа шықпады, суреттерімді ұялмай ұрлап, оларды өте нашар етіп салып, бетіме түкірді" деді Тілеубердина Instagram парақшасындағы жазбасында.
t.me/azattyq
Құм құрсауындағы ауыл
Ақтөбе облысы Жылтыр ауылын құм басып барады. Көшкен құмды тоқтату үшін тұрғындар 200 түп ағаш еккен, бірақ құм бой берер емес. Жергілікті билік «Астананың көмегінсіз мәселе шешілмейді» дейді.
t.me/azattyq
Астанада Kaspi банк бөлімшесінде банк қызметкерлерін кепілге алған күдікті екі айға қамалды
20 маусымда Астананың мамандандырылған ауданаралық тергеу соты күдікті Алихан Мурадовты екі айға қамау туралы шешім шығарды. Бұл туралы соттың ресми сайтында хабарланды.
18 маусымда қарулы ер адам Астанадағы Kaspi банк бөлімшесінде адамдарды кепілге алды, ізінше ұсталды. Күштік құрылымдар полицияға штурм жасағаннан кейін кепілге алынған адамдар босатылған. Ешқайсысы зардап шекпеген. Бірақ кейбіріне психологиялық көмек көрсетілетіні хабарланды.
t.me/azattyq
Түрмедегі Қайрат Сатыбалды сарайын Назарбаевқа қалай сыйға тартты? Азаттық зерттеуі
🔗Сілтемеден өтіп оқыңыз
t.me/azattyq
Өзбекстан биыл 1 қазаннан бастап, Ресейден тәулігіне тоғыз миллион текше метр газ ала бастайды
Газ құбыры Қазақстан арқылы өтеді. Өзбекстан энергетика министрлігінің мәліметінше, жылдық импорты шамамен 2,8 миллиард текше метр болады.
Екі жылға арналған келісімге екі ел былтыр қазан айында қол қойған. Өзбекстан энергетика министрлігі газ бағасы аймақтағы рынок бағасымен есептелетінін айтқан.
t.me/azattyq
⚡️ Қайрат Сатыбалды Үшқоңыр резиденциясын Назарбаевқа сыйға тартқан. Азаттық зерттеуі
Азаттық радиосы Алматы облысы Үшқоңыр жайлауындағы резиденцияны түрмеде отырған және тағы бір қылмыстық істе күдікті Қайрат Сатыбалдыұлы немере ағасы, Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа сыйға тартқанын анықтады. Тергеліп жатқан адамның атындағы әрі сот санкциясы салынған мүліктің басқа тұлғаның атына ауысуы заңға қайшы.
Зерттеуді көріңіз 👇🏻
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
ASTRA телеграм-арнасы Украинадағы ұрыс қимылдарына қатысудан бас тартқан Ресей солдаттарын қамайтын жертөле туралы видео жариялады
БАҚ хабарына қарағанда, жертөле Укринаның Ресей бақылауындағы Луганск облысында. Журналистер жариялаған кадрда жертөледегі солдаттар бетонға немесе тақтайға жатады, туалет орнына пластик бөтелке пайдаланады. Жертөледе жарық жоқ, қамаудағылар фонарьмен отыр.
Видеоның ASTRA редакциясына қалай жеткені белгісіз. Журналистер мұндай жертөленің 15-ін тапқан. Тоғызы - Луганск облысында, бесеуі - Донецк облысында, біреуі - Харьков облысында.
t.me/azattyq
Украина шабуылы, түтін басқан Астана, құмға көмілген ауыл - AzatNews | 19.06.23
📌 Астана қаласын дүйсенбі күні түтін тұмшалады. Төтенше жағдай департаменті мәліметіне қарағанда, қала іргесінде қураған шөп пен ағаш өртенген. Өрт 15 гектарға жайылған.
📌 Украинадағы соғысты қолдаған кремлшіл әнші Григорий Лепстің Қазақстанға келуіне қоғам қарсылығынан соң оның Қонаев қаласында жоспарлаған концерті өтпейтін болды.
📌 Ақтөбе облысында Жылтыр ауылы құм құрсауында отыр. Көшкен құмды тежеу үшін ағаш еккен тұрғындар жергілікті биліктің шамасы жетпейтінін айтады.
📌 АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен екі күндік сапары кезінде Қытай төрағасы Си Цзиньпинмен кездесті. Блинкен - президент Джо Байден әкімшілігінен бұрын-соңды Пекинге барған ең жоғары лауазымды тұлға.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
🪴 Минималист, экофермер: Жаңа киім алмағаныма 20 жылдан асты
Екі жоғары оқу орнын бітірген, мамандығы инженер биотехнолог, бұрынғы бизнесвумэн Лейла Мұхитдинова тұтынатын заттарын саналы түрде қысқартып, минимализм және аскетизмге бет бұрған. Ол суды үнемдеу үшін канализациядан бас тартқан. Фудшерингмен тамақтанады.
Экобелсендінің айтуынша, оның Алматыдан шамамен 30 шақырым жерде шағын фермасы бар. Онда ешкі сияқты ұсақ малдар ұстайды. Қала тұрғындарынан жинаған тағам қалдықтарының жарамдыларын сол малдарға береді, қалғандарын компостайды. Ол “көршілерім бастапқыда маған жынды адамша қарады, ал қазір құрметпен қарайтын болды, кейде саған саясатқа бару керек деп айтады” дейді.
EcoKundelik-тің қалдықсыз өмір салты және пермамәдениет жайлы эпизодын подкастан тыңдаңыз 👇🏻
🎙ITunes
🎙Google Podcasts
🎙Spotify
🎙YouTube
🎙Азаттық сайты
t.me/azattyq
"Араздық туғызатын сөз айтып, бұған мені кінәлайды". Қазақстандағы сепаратистерді әшкерелейтін украин блогермен әңгіме
Украин блогер Василь Гончар интернетте пан Василь деген атпен белгілі. Ол Азаттыққа Қазақстандағы сепаратистік пиғылы барларды әшкерелеуге неліктен атсалысып жүргенін, өзіне қарсы айыптаулар мен провокацияға қалай қарайтынын, қазақтар мен украиндерге ортақ нәрселерді айтып берді.
Украин блогермен бұрын чат-рулеткада сөйлескен бірнеше азамат қылмыстық жауапкершілікке тартылған. Пан Василь 2020 жылы Рудный қаласының тұрғыны Кирилл Божкомен сөйлесіп, оның қазақ халқы мен тілі туралы дөрекі ой-пікірін интернетке жариялағаннан кейін таныла бастады. Божко ұлтаралық араздық туғызғаны үшін екі жылға сотталды, ал пан Василь қазақ блогеріне айналып шыға келді.
"Бірде қазақстандық нөмірден бір жігіттер жазып, арнайы қызметте істейтінін тұспалдап жеткізді. Бірнеше күн жазып жүрді, орфографиялық өзгерістер мен сөйлеу мәнеріне қарап, телефонның арғы жағындағы адамдар ауысып отырғанын байқадым. Ақырында бастығы жазды ғой деймін: "Жарайсың, бізге көмектесіп жүрсің, бірақ шектен шықпа, саясатқа араласпа" деп ескертті. Басқа ешкім жазбады. Бірақ қоқан-лоқы көп болды" дейді Василь Гончар.
Азаттық тілшісі Пётр Троценконың бүгінгі мақаласынан оқыңыздар👇🏻
🔗Сілтеме
t.me/azattyq
20 маусымда не болды? Негізгі жаңалықтар:
📌 Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы сегіз жылға сотталды
📌 Семейде БИ-2 тобының концерті ақыры өтетін болды. Бұл жөнінде қала әкімдігі хабарлады
📌 Тіркелмеген "Атажұртқа" жетекшілік еткені үшін Бекзат Мақсұтханға 172 мың теңге айыппұл салынған
📌 Германия президенті Штайнмайер Тоқаевпен кездесуде "санкцияны айналып өту" де сөз болғанын айтты
📌 Өзбекстан биыл қазан айынан бастап Ресей газын сатып алады. Газ құбыры Қазақстан арқылы өтеді
📌 БАҚ: Ресей Украинадағы ұрыс қимылдарына қатысқысы келмеген солдаттарын жертөлеге қамайды
t.me/azattyq
Бұрынғы мәдениет министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының сотында үкім оқылғаннан кейін айыпталушылардың жақындары "Масқара!", "Қазақстанда қашан әділет болады?" деп айқайлады
Мұхамедиұлын сот залынан шығарып жатқанда экс-министрді құшақтағысы келген жақындарына күштік құрылым өкілдері рұқсат бермеді.
Сот шешіміне наразы болған экс-министрдің ұлы "барлық істегендерің үшін жауап бересіңдер!", "жаңа Қазақстан қайда?" деп айқайлап, күштік құрылым өкілдерімен ұстасып қалды.
Азаттық тілшісінің мәліметінше, Мұхамедиұлын сот залынан күшпен алып кеткен.
t.me/azattyq
Бұл іс бойынша сот Ұлттық музей директорының бұрынғы орынбасары Алмаз Нұразхан, "Экспонат" ЖШС директорының орынбасары Азамат Көшенов, "Экспонат" ЖШС бас бухгалтері Айым Сәдуақасованы жеті жылға соттады
Үшеуі де мемлекеттік лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
t.me/azattyq
Семейде БИ-2 тобының концерті ақыры өтетін болды. Бұл жөнінде қала әкімдігі хабарлады
t.me/azattyq
Көпір астындағы суреттерді салуға кімнің тапсырыс бергені белгісіз. Алайда муралда KAZ Minerals компаниясының атауы мен логотипі салынған. Азаттық компаниядан ұрланған суреттер туралы сұрап көрді.
"KAZ Minerals бұл жобаны тікелей қаржыландырмады. Ақшалай қаражат бұрын "Ақ Ертіс" қоғамдық қорына жіберілді. Жоба үшін қажетті соманы қор анықтады. Жобаны, суреттерді, эскиздерді таңдауға қатысқан жоқпыз. Жұмысты орындаған мердігерді қор анықтады. Біз тек логотипімізді қолдануға келістік" деп жауап берді компания өкілі Азаттыққа.
Семей әкімдігі бұл жағдайға қатысты әзірге ештеңе демеді.
t.me/azattyq
Германия президенті Штайнмайер Тоқаевпен кездесуде "санкцияны айналып өту" де сөз болғанын айтты
Германия президенті Франк-Вальтер Штайнмайер Қазақстанға кеше кешке, 19 маусымда ресми сапармен келген. Екі мемлекет басшысы Ақордада келіссөз жүргізіп, онда талқыланған мәселелер жөнінде екі ел делегациясының алдында сөйлеген.
Германия президенті Қазақстанмен арадағы сауда-экономикалық қатынастарға тоқталып, оған Ресейдің Украинаға агрессиясы әсер етіп отырғанын аңғартқан.
"Қазақстан мен Еуропа арасындағы сауда транзиті негізінен Ресей және Беларусь жері арқылы өтеді. Біз Қазақстанның осыған балама бағыт іздестіріп жатқанын қолдаймыз" деді Штаймайер.
Германия президентінен кейін сөйлеген Қасым-Жомарт Тоқаев та екі ел арасындағы алыс-беріс жөнінде айтты. Бірақ Штайнмайер секілді "санкцияны айналып өту" мәселесі талқыланғанын сөз етпеді. Ресей мен Украина арасындағы жанжалды меңзеп:
"Қазақстан дауласқан тараптарды бітімге шақырып, келіссөз жүргізу үшін бейтарап алаң ұсынды. Еліміз дауды дипломатиялық жолмен шешуге белсене араласуға дайын" деді.
t.me/azattyq
Тіркелмеген "Атажұрт" ұйымына жетекшілік еткені үшін Бекзат Мақсұтханға 172 мың теңге айыппұл салынған
Бекзат Мақсұтханның айтуынша, Ақкент шағын ауданының учаскелік инспекторы кеше, 19 маусымда ұйымның кеңсесіне келіп, 16 мамырдағы видеоүндеуіне байланысты түсініктеме сұраған.
"16 мамырда "митингіге шығамын" деп мәлімдеме жасапсыз. Сол бойынша түсініктеме беріңіз деді. Мен "ол үшін он бес тәулік қамалып шықтым. Бір іске екі рет жаза тағайындалмайды" деп қайтардым. Кешке үйге келіп, мүлде басқа мәселе бойынша айыппұл салып кетті" дейді Бекзат Мақсұтхан.
Полиция қызметкері Дәуір Әбдірасыл Бекзат Мақсұтханға "Әкімшілік-құқық бұзушылық туралы" кодекстің 489 бабы бойынша ("Тіркелмеген қоғамдық, дiни бiрлестiктердiң қызметіне басшылық жасау, қатысу, олардың қызметiн қаржыландыру") айыппұл салынғанын растады.
t.me/azattyq
Семей әкімдігі ресейлік Би-2 тобының концертін өткізбеу туралы шешімге қатысы жоғын айтты
Семей қалалық әкімдігі баспасөз қызметінің Азаттыққа хабарлауынша, концертті өткізбеу туралы шешімді шара өтеді деп жоспарланған "Арена" мәдени-спорт кешенінің басшылығы қабылдаған.
Бұған дейін БАҚ-та "Арена" басшылығының концерт ұйымдастырушыларына жіберген хаты жарияланды. Онда қазіргі уақытта қалада "концерт өткізу орынсыз" деп айтылған. Сондықтан кешен басшылығы ресейлік топтың концертін тамыз айына ауыстыруды ұсынған.
Концерттің өтпейтіні туралы ақпаратқа қарамастан, Би-2 тобы Семей қаласына барған. Желіде топтың Абай әуежайының алдында түскен суреті жарияланды. Топ мүшелері әзірге жағдайға қатысты ештеңе демеді.
t.me/azattyq
Астана маңындағы өрт 80 гектарға жайылды
Астана қаласының шетіндегі өрт әлі өшпеген. Қалалық төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, өрт сөндірушілер қазір жекелеген өрт ошақтарын сөндіріп жатыр. Таңертеңнен бері 51 тонна, ал өрт басталғалы 198 тонна су шашылған.
19 маусым күні кешке Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті өрттің оқшауланғанын хабарлаған. Қаланы түтін басқан.
Фото: Астана қалалық төтенше жағдайлар департаменті, 19.06.2023
Индустрия және инфрақұрылым министрі Марат Қарабаев жеңілдетілген автокредиттен 100 млрд теңгені қоғамдық көлік алуға кредит беруге бағыттау жоспары туралы айтты
"Бірқатар өңірлерде, Талдықорған, Оралда жергілікті атқарушы органдар автопарктерінің тозғаны туралы мәселе көтеріп жатыр. Қазақстандағы 10 525 автобустың шамамен 45%-ы тозған. Мысалы, Қостанайда 90%, Талдықорғанда және Оралда 70% тозған делік. Алдымыздағы мақсат — қолда бар қаражатты барынша тиімді пайдалану" деп түсіндірді Қарабаев.
Министрдің айтуынша, Қазақстанда күн сайын тоғыз миллионнан астам адам қоғамдық көлікпен жүреді, сондықтан министрлік қоғамдық көлікті жаңартуға басымдық беруге тиіс. Қарабаев жеңілдетілген автокредит бағдарламасы "уақытша" жұмысын жалғастыратынын, алайда қанша қаражат бөлінетінін нақтылап айтпады.
t.me/azattyq
Семей әкімдігі Би-2 концерті өтпейтіні туралы ақпарат таратып, ізінше өшіріп тастаған
Әкімдік хабарына қарағанда, жақында болған ормандағы өрттен кейінгі трагедияға және қоғамдағы көптеген өтініштерге байланысты Ресейдің Би-2 музыка тобының 21 маусымға жоспарланған концерт өтпейтін болған.
14 маусымда "Би-2" тобы Астанада концерт қойған. "Би-2" концерт кезінде Абай облысындағы өртте өлгендердің туыстарына көңіл айтып, концерттен түскен қаржыны зардап шеккендерге толығымен аударатынын айтқан.
Концерттің өтпейтіні туралы әкімдік ақпараты қазір жоқ. Семей әкімдігі бұл жағдайға түсініктеме бермеген.
Кеше, 19 маусымда Ресейдің Украинаға агрессиясын қолдап жүрген эстрада әншісі Лепстің концерті Қонаев қаласында өтпейтіні туралы хабар тараған. Соның ізінше Семейде Би-2 тобының да концерті болмайтыны жарияланған. "Би-2" тобының Ресейдің Украинаға агрессиясын қолдағаны байқалмаған.
t.me/azattyq
19 маусымдағы маңызды жаңалықтар дайджесі:
📌 Астана шетінде ағаш өртеніп, қаланы түтін басты
📌 Грузияда Қазақстан журналисі өлтірілген
📌 Алматы белсенділері орнатқан "Шындық" ескерткіші алынып қалды
📌 "Халық парламентінің" жиынына қатысқан қоғам белсендісі Есенғазы Қуандыққа айыппұл салынған
📌 Ресейдің Украинаға агрессиясын қолдаған әнші Лепстің концерті Қонаев қаласында өтпейтін болды
📌 Киев Запарожье бағытындағы алғашқы селоны азат еткенін хабарлады
t.me/azattyq
"Біз экология министрлігінің дайындығын орташа деп бағаладық"
Зүлфия Сүлейменова Абай облысындағы өртке ұқсас төтенше жағдайларға дайындықты қалай бағалайтыны туралы журналистер сұрағына жауап берді.
"Баяндамада, соның ішінде үкімет отырысында айтқанымдай, біз экология министрлігінің дайындығын орташа деп бағаладық. Орташа дайындық көбіне табиғатты қорғау мекемелеріндегі материалдық-техникалық жабдықтың аздығымен байланысты" деді экология министрі.
Сүлейменова Абай облысындағы өртті сөндіруде экология министрлігінің қызметкерлері, әсіресе орманшылар маңызды рөл атқарғанын айтты. Оның айтуынша, орманшылар болмаса жергілікті аймақта бағыт-бағдарсыз жүру қиын болар еді.
t.me/azattyq