Қарағанды әкімі Мейрам Кожухов балалар алаңындағы жағдайға қатысты пікір білдірді
Әкім "бұл жасанды газонды мердігер ұйым өткен аптада төсей бастаған. Ол периметрі бойынша ғана бекітілген, бірақ пайдалануға берілмеген, себебі ойын элементтерін орнату керек болатын. Аудандардың екі әкіміне барлық балалар алаңдары мен көгалдардың бекітілуін тексеруді тапсырдым" деді Кожухов Instagram парақшасында.
Сондай-ақ, Қарағандыда қатты желден үйлердің шатыры ұшып, ағаштар сынған. Қазір қалада көшені қираған заттардан тазалап жатыр.
Видео: eKaraganda
t.me/azattyq
Ресейдің Украинаға агрессиясын қолдаған әнші Григорий Лепстің концерті Қонаев қаласында өтпейтін болды
Өзінің концерт алаңын беріп отырған Қонаев қаласындағы Makao Luxury Village Resort компаниясы концертті ұйымдастырушыларымен келісімді біржақты тәртіппен тоқтатқанын, концерт билеттері қайтарылатынын мәлімдеді. Бұл туралы компания Instagram парақшасында хабарлады.
Бұл хабарды Алматы қалалық мәслихатының депутаты Еркін Рақышев та растады. Оның сөзінше, Лепстің концертін өткізбеуге Алматы облысының әкімдігі ықпал еткенге ұқсайды.
"Украинада бір танкті жойған адамға миллион рубль беремін деген есерсоқ Лепстің Қапшағайда концерт өткізуіне халық қарсылығын білдірген еді. Бүгін қоғам белсендісі Қанат Тұрдалиевпен таңертең осы жөнінде Алматы облысының басшылығымен кездесіп, халықтың талабын орындауды, мәселені ұшықтырмай шешуді талап етіп қайттық. Концерт болмайтын, Лепс келмейтін болды" деп жазды Еркін Рақышев.
t.me/azattyq
19 маусымда Алматының Медеу аудандық полициясы қоғам белсендісі, тарихшы Есенғазы Қуандыққа "тіркелмеген ұйым жиынына қатысты" деп, 200 мың теңгеге жуық айыппұл салды
Белсенді айыпқа келіспей, прокуратураға шағымданатынын айтты.
Медеу аудандық полиция бөлімшесі қызметкерінің айтуынша (есімін айтпады), белсенді 29 сәуірде Алматыдағы кафелердің бірінде рұқсат етілмеген жиынға қатысқан.
"Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 489-бабы, 10-бөлігі бойынша айыппұл салынды. Біз тек орындаушы органбыз, жоғары жақтан жиынға қатысқан адамдардың тізімі беріледі, соларға хаттама толтырамыз" деді полиция қызметкері Азаттыққа.
Белсендінің сөзінше, полиция айтқан "рұқсат етілмеген жиын" - "Халық парламентінің" жиыны. Есенғазы Қуандық бұл жиынға сарапшы ретінде азаматтық құқық туралы пікір бөлісуге барғанын айтады.
t.me/azattyq
Киев Запарожье бағытындағы алғашқы селоны азат еткенін хабарлады
Бұл жөнінде Украина қорғаныс министрінің орынбасары Анна Маляр мәлімдеді. Украина қарулы күштері майданның бұл бағытында алғашқы жеңісіне жеткен.
Аталған селоның Украина қарулы күштерінің бақылауына өткені туралы бір күн бұрын Ресей тағайындаған облыстық әкімшілік басшысы Владимир Рогов мәлімдеген және ресейшіл әскери блогерлер де хабарлаған.
Жексенбі күні таңертең Реесй қорғаныс министрлігі бұл елдімекенге жасалған шабуылға тойтарыс берілді деген болатын.
t.me/azattyq
Грузияда қазақстандық журналист Жанбота Төлегенді өлтірген
Бұл туралы марқұмның әріптесі Назира Дәрімбет Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
"Жанботаның сыныптастары оның 21 мамырда Грузияның Телави қаласында өлтірілгенін хабарлады. Сұмдық! Сене алмаймын, қалайша бұлай болды? Ол жаққа қалай тап болды?" деп жазды Дәрімбет.
Назира Дәрімбет желідегі жазбасында Қазақстанның Грузиядағы елшілігі консулдық бөлімінің басшысы Ерлан Әбішев қол қойған құжатты жариялады. Онда: "Грузия Қылмыстық кодексінің 108-бабы негізінде (қасақана кісі өлтіру) тергеу жұмыстары басталған және осы қылмысты жасады деген күдікті тұлға ұсталған. Қазіргі уақытта мәйіт сараптамада, тексеру аяқталған" деп жазылған.
t.me/azattyq
Алматыда белсенділер Абай облысындағы өрт құрбандарына арнап "Шындық" ескерткішін орнатты
Qazaq koktemi арт-қозғалысының белсенділері Алматыдағы Панфилов көшесінде "Шындық" деп аталатын мемориал орнатты. Бұл туралы ақпаратты Rukh2k19 тобы инстаграм-парақшасында жариялады.
Мемориалда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бейнесі салынған, олардың арасында қайтыс болған оппозициялық саясаткерлер мен белсенділердің есімдері, елде болған қайғылы оқиғалар жазылған.
Ескерткіштің екінші бетінде "халыққа атылған оқ, шіріген билік тоқ, ұрпаққа қалғаны шоқ" деп жазылған.
Белсенділер арт-перформанс арқылы халыққа үндеу жолдаған. «Тағы қанша адам жемқор, тойымсыз жүйенің құрбаны болады?» деп жазған.
Видео, фото: rukh2k19
t.me/azattyq
Украина әскеріне тұтқынға түскен Ресей солдаттары The Wall Street Journal журналистеріне Украина әскерінің шабуылын тойтарғанда Ресей әскері көп шығынға ұшырағанын, әскердегі рух түсіп кеткенін, шегінген жағдайда атылатынын айтқан
WSJ материалын "Агентство" басылымы баяндаған.
Қазір Краматорскіде қамауда отырған Ресей солдаттары тұтқынға өз еркімен берілгенін айтқан. Тұтқындар арасында әскерде келісімшартпен жүргендер де, еріктілер де, мобилизацияланғандар да бар.
Сұралған тұтқындардың бәрі екі жақ та үлкен шығынға ұшырағанын айтқан. Британия әскери барлауының мәліметінше, биылғы наурыздан бері Ресей әскері дәл қазіргідей шығынға ұшырамаған.
t.me/azattyq
"Мені Назарбаев қаматқаны белгілі". Мұхтар Жәкішевпен сұхбат
"Қазатомөнеркәсіп" ұлттық компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев Азаттыққа сұхбатында өзін колонияға жіберу кімге тиімді болғаны, түрмеде өткізген жылдары, елдегі жағдай, Қаңтар оқиғасының себебі, мемлекеттік қызметке қандай жағдайда оралатыны және 2007 жылы ойлап тапқан "Украин жобасынан" неге бас тартқысы келмейтіні жөнінде айтып берді.
🔗Сілтеме
t.me/azattyq
Полиция банкке басып кірді деп хабарлады жергілікті арналар. Видеода банктен адамдардың жүгіріп шығып жатқаны көрінеді
Видео: Бейбіт Молдағали
Полиция болжамынша, ер адам 7 адамды кепілге алған
"Банк келушілерін кепілге алған" ер адаммен кәсіби мамандар келіссөз жүргізіп жатыр, деп хабарлады полиция.
“Болжам бойынша ол 7 адамды кепілде ұстап отыр. Оқиға орнында "Арлан" арнайы жасағының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Әскери қызметшілер арнайы операцияға тартылған жоқ” деп жазылған полиция хабарламасында
Бұған дейін банк кепілге алынғандар арасында клиенттер жоғын айтқан.
"Банк бөлімшесінде банк қызметкерлері ғана бар, клиенттер жоқ" деп хабарлады банктің баспасөз қызметі
Читать полностью…Оқиғаға Kaspi банк түсініктеме берді
Банктің хабарлауынша, қазір банк бөлімшесінде қызметкерлерге қоқан-лоқы жасап тұрған ер адаммен полиция келіссөз жүргізіп жатыр.
Күштік құрылымдар және банк ешкімнің зардап шекпеуіне күш салады деп жазды банк.
Қарағандыда қатты жел соғып, балалар алаңындағы жасанды газон ұшты, екі бала зардап шеккен
eKaraganda порталының мәліметінше, дауыл басталған кезде ойын алаңында үш бала ойнап жүрген. Күшті жел салдарынан жасанды газон көтеріліп, оның бетінде ойнап жатқан бір бала үйдің маңына құлап түскен.
Қарағанды облыстық денсаулық сақтау басқармасы екі бала жергілікті облыстық ауруханаға жатқызылғанын хабарлады. "2015 жылы туған бала Мақажанов атындағы клиникаға жеткізілді. Миы ауыр жарақаттанған, маңдай сүйегі, бас сүйегі мен білек сүйектері сынған. Бала жансақтау бөліміне жатқызылды. 2014 жылы туған баланың миы шайқалып, қабырғасы көгерген. Ол облыстық балалар клиникалық ауруханасына жеткізіліп, бөлімшеге жатқызылды" делінген басқарма хабарламасында.
Видео: eKaraganda
t.me/azattyq
Өскеменде жүздеген үй тұратын ықшамауданға алты жыл бұрын көше шамдары орнатылған. Бірақ бір жылдан кейін 80 бағананың шамы жоғалған. Әкімдік шамдарды кім алғанын «білмейді». Ал халық мемлекет мүлкін іздеуге «құлықсыз» полиция мен әкімдікке наразы.
t.me/azattyq
Астанада қураған ағаш өртеніп, қаланы түтін басты
Астана қалалық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, Қорғалжын тас жолы мен Қосшы қаласына қарай айналма жолдың арасындағы өрт 15 гектарға жайылған.
"Ұйытқи соққан қатты жел, батпақ жер екені, барар жолдың жоқтығы өртті сөндіруді қиындатып отыр. Өртті сөндіруге Астана қалалық төтенше жағдайлар департаментінің 140 маманы мен 21 техникасы, әкімдіктің 8 су шашатын машинасы, "Астана орманы" мекемесінің 10 көлігі жұмылдырылған" делінген хабарламада.
t.me/azattyq
Назира Дәрімбеттің сөзінше, олар Жанбота Төлегенмен бір жобада бірге жұмыс істеген, бірақ бір ай бұрын әріптесімен байланыс үзілген. Айтуынша, марқұм соңғы рет 19 мамырда байланысқа шығып, келесі күні офлайн кездесуге қатысатынын айтқан, бірақ келмеген. Әріптесі байланысқа шықпаған соң Назира Дәрімбет 28 мамырда оның үйіне барғанын, есікті Жанбота Төлегеннің туысы ашқанын айтады. Марқұмның туысы оның облыста екенін, телефонын сындырып алғанын айтқан.
Журналистің туысы Ерболат Алтайұлының сөзінше, туыстары марқұмды 2 маусымда Қоянды ауылына жерлеген.
Қазақстандық журналистің өлімі туралы ақпаратты Грузия ІІМ растаған. Ресми мәліметке сәйкес, тергеу барысында Сагареджо қаласында күдікті мен журналист арасында жанжал болып, марқұмды доғал затпен ұрып өлтіргені анықталған. Хабарламада "күдікті қылмыстың ізін жабу үшін әйелдің денесін өзенге лақтырып, оқиға орнынан қашып кетті" делінген. Грузия ІІМ сайтында сотқа дейінгі тергеу басталғаны жазылған.
t.me/azattyq
Алматы белсенділері орнатқан "Шындық" ескерткіші алынып қалды. Ескерткіш маңын полиция торуылдап жүргені байқалған.
t.me/azattyq
20 маусымда парламенттің қос палатасының бірлескен отырысы өтеді
Бұл туралы 19 маусымда мәжілістің баспасөз қызметі хабарлады.
«Қазақстан Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2-тармақшасына сәйкес, Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысы 2023 жылғы 20 маусымда сағат 15.00-де Астана қаласында шақырылсын» делінген мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов қол қойған құжатта.
Бұған дейін мәжілістің баспасөз қызметі парламент палаталарының бірлескен отырысы 21 маусымда өтеді деп мәлімдеген, кейін бұл хабарлама сайттан алып тасталды. Мәжілістің баспасөз қызметі сессия кейінге шегерілді деп хабарлады.
t.me/azattyq
Каховка СЭС-індегі су апатынан өлгендер көбейе түсті
Украина ішкі істер министрі Игорь Клименко Кахаовка СЭC-індегі жарылыстан 17 адам өлгенін, 13-і суға батып, 4 адам эвакуация кезінде оқ тиіп өлгенін хабарлады. 31 адам хабар-ошарсыз кеткен.
Бұл мәліметтер Украинаның бақылауында жатқан Днепрдің оң жағасы жөнінде. Куәгерлер сөзінше, Украина төтенше қызметі Ресей әскерінің бақылауындағы сол жағалаудан да өз азаматтарын құтқарумен айналысқан. Украина билігінің хабарына қарағанда, 11 маусымда эвакуация кезінде 3 адам Ресей солдаттарының оғына ұшқан.
Херсон облысының Ресей тағайындаған үкіметінің басшысы Андрей Алексеенко жексенбі күнгі хабарында 35 адамның өлгенін айтты. Екі жақтың мәліметін қосқанда өлгендер 50-ден асқан.
t.me/azattyq
18 маусымда таңертең Атырау – Ақтөбе трассасында Lada Priora және Yutong автобусы соқтығысып, бір отбасынан алты адам қаза болған
Ішкі істер министрлігінің хабарлауынша, 1985 жылғы әйел және 2013, 2016, 2019 және 2021 жылғы төрт бала оқиға орнында қаза болған.
Lada Priora көлігін айдаған ер адам Атырау облысының ауруханасында көз жұмған.
Автобуста отырған жолаушылардың жағдайы айтылмайды. Жол апатына ұшырағандардың аты-жөндері де хабарланған жоқ.
t.me/azattyq
АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Пекинге барды
Оның сапары Қытай сыртқы істер министрі Цинь Ганмен келіссөзден басталды. Келіссөз Пекиндегі Дяоюйтай резиденциясында өтіп жатыр.
Блинкеннің Қытайға сапары екі күнге созылады. Сапар барысында Блинкен Қытай басшысы Си Цзиньпинмен кездеседі. Бұған қоса, мемлекеттік хатшы бірқатар қытай шенеуніктерімен де келіссөз жүргізуді жоспарлап отыр.
Бұл Американың жоғары лауазымды шенеунігінің кейінгі бес жылда Қытайға алғашқы сапары.
t.me/azattyq
Жергілікті Телеграм-арналарда "адамдарды кепілге алған" ер адамның суреті де тарап жатыр. Онда жасы шамамен 30-дың ішіндегі ер адам бір қыздың басына пистолет тақап тұрғаны көрінеді. Кейбір арналар оның аты-жөнін де жариялады. Жамбыл облысынан екені де хабарланды.
Полиция әзірге түсініктеме бермеді.
Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, қаруы бар ер адам Kaspi-дің барлық активтерін мүгедек балалар мен жағдайы нашар отбасыларға аударуды талап еткен. Талабын орындауға 3 сағат берген деп айтылады.
Әзірге полиция түсініктеме бермеді.