Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Оқиға орнына қосымша арнайы жасақ әкелінді деп хабарлады Власть
Читать полностью…"Власть" сайтының жазуынша, бірнеше адам кепілге алынған. Kozachkov offside есікті ішінен іліп алған адамның несиемен мәселесі болған деп жазды. Ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.
Читать полностью…Оңтүстік Африка республикасының президенті Сирил Рамафосаның күзет қызметкерлері мен пресс-пулы мінген South African Airways әуе компаниясының ұшағы Варшавадан Санкт-Петербургке ұшуға рұқсат ала алмады
Рамафоса Африка елдерінің бітімгершілік миссиясының құрамында Украина мен Ресейді аралап жүр.
Оңтүстікафрикалық News24 порталының хабарлауынша, лайнер 15 маусымда ұшып келген. Бір тәуліктен астам әуежайда тұрып қалған ұшақ Преторияға қайта ұшып кеткен. Ұшақ бортында болған журналистер Варшаваға ұшып келгеннен кейін бірнеше сағаттан соң ғана қонақүйге кіре алғандарын айтқан.
t.me/azattyq
Жанама санкция қаупі және Қытайдың Орталық Азиядағы "синофобиямен күресі"
Батыс басылымдары бұл аптада елдегі ірі қаржы лоббистік топ кепілсіз несиенің мөлшерлемесін төмендету әрекетіне тосқауыл қойғанын жазды. Сонымен қатар Еуроодақ пен АҚШ Қазақстанға жанама санкция салуы мүмкін деген белгілер күшейіп жатқанын талдады. Бұдан бөлек синофобияны азайтуға бағытталған Қытайдың мәдени дипломатиясы Орталық Азияда қалай жұмыс істейтініне тоқталды.
Қазақстанда сатылып жатқан глобустарда Украинаның бір бөлігі Ресей құрамында
Қазақстанда Украинаның оккупацияланған аймақтары Ресей жері деп көрсетілген глобустар сатылып жатқаны туралы ақпарат бірер апта бұрын тараған. Азаттық мұндай глобустар Алматыдағы базарларда жаппай сатылып жатқанын анықтады. Бәрінің өндірушісі бір – Ресей компаниясы.
t.me/azattyq
"Мұстафа Шоқай дауысының бір нұсқасын Уәли Қаюм-Хан сақтаған"
Алаш қайраткерлері туралы арнайы бағдарламалар тізбегін үзбеген Азаттық Мұстафа Шоқай туралы совет пропагандасына қалай қарсы тұрды? Шоқайды "өлтіртті" деген түркістаншы Уәли Қаюм-Хан Азаттыққа ол жайлы не айтты? "Азаттық радиосы – 70 жыл" подкасының кезекті эпизодында радионың бұрынғы қызметкерлері осы туралы еске алды. Уәли Қаюм-Хан Мұстафаның қазасында болған жалғыз түркістандық екенін айтады.
🎧 Азаттық сайты
🎧 YouTube
🎧 Apple pocasts
🎧 Google podcasts
t.me/azattyq
Тоқаев шенеуніктерге президентті мадақтаудан гөрі “жұмысты адал атқарып, халық алдында абыройлы болу әлдеқайда маңызды” дейді.
Десе де, елде Тоқаевты мадақтайтын кинолар түсіріліп, мадақтаулар жиі айтылып жатады. Бұған дейін кей сарапшылар Назарбаев кезеңіндегі жеке басқа табыну белгілері көріне бастағанын айтқан.
Тоқаев: “Жеріміз шетелдіктерге сатылып жатыр” деген сөз ара-тұра айтылып жатады. Бұл – жалған ақпарат.
Оның айтуынша, “жерге қатысты түбегейлі шешім әлдеқашан қабылданған, ол шешім заңмен біржола бекітілген”.
“Шетелдіктерге қазақтың бір қарыс жерін де, бір уыс топырағын да бермейміз. Оны көздің қарашығындай сақтаймыз” деді ол.
Тоқаев кейінгі кезде “оқушылардың бір-біріне қысым, зорлық-зомбылық, әлімжеттік көрсетуі жиілегенін” айтып, “мектептегі тәрбие” ақсап тұр деді. "Отбасында зорлық-зомбылық жасағандар міндетті түрде заң аясында тиісті жазасын алуы керек" деді. Бірақ бұл мәселені әрі қарай тарқатқан жоқ.
Қазақстанда белсенділер мен құқық қорғаушылар тұрмыстық зорлық-зомбылық жасағандарға жауапкершілікті күшейту керектігін көптен бері талап етіп келеді. БҰҰ мәліметінше, Қазақстан жыл сайын шамамен 400 әйел күйеуінің немесе серігінің қолынан қаза болады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өз сөзін 15 адам қаза болған Абай облысындағы өрттен бастап "біз мұндай оқиғадан сабақ алуымыз керек, нақты шешімдер қабылдауымыз қажет" деді.
Читать полностью…Түркістанда ұлттық құрылтайдың екінші отырысы өтіп жатыр. Оған президент Қасым-Жомарт Тоқаев қатысып отыр.
Былтыр жазда Тоқаев 2019 жылы маусымда президент болып сайланғаннан кейін өзі құрған ұлттық қоғамдық сенім кеңесін таратып, осы ұлттық құрылтайды құрған. Бұрынғы кеңеске мүше болғандардың көбі ұлттық құрылтай құрамына енген.
Сол кезде қоғамда құрылтайға билікке сыни көзқарастағы адамдардың кірмей қалғаны, оның үлкен дабырамен дүниеге келіп, кейін жым-жылас жоғалған бастамалардың кебін киеді деген пікір айтылған. Ал билік ұлттық құрылтай "ұзақмерзімді сипаты бар мәселелерді талқылайтын" алаң болмақ деген.
16 маусымда Алматыда Қаңтар оқиғасында қамқоршысынан айырылған балалар салған суреттердің көрмесі ашылды. Бір топ ерікті халықтан жылу жинап, балаларға сурет салуды үйреткен еді. Көрме біткеннен кейін туындылар аукционда сатылады. Ал одан түскен қаржы балалардың отбасына беріледі.
Читать полностью…16 маусымда не болды? Негізгі жаңалықтар:
– Шығыс Қазақстан облысын 9 жыл басқарған Даниал Ахметов қызметінен босатылды. Оның орнына Қазақстанның Ресейдегі бұрынғы елшісі Ермек Көшербаев келді.
– Өскеменде полиция ұлдарының өлімін әділ тергеуді талап етіп, пикет өткізген екі зейнеткерді ұстады
– Семейде Қаңтар оқиғасы кезінде ұсталып, уақытша қамау изоляторында қаза болған Елдос Қалиевтің өліміне байланысты айыпталған екі полиция қызметкеріне үкім оқылды
– “Өлімнен ұят күшті”. Бұрынғы мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы сотта “соңғы сөзін” айтты
– Қазақстан билігі бурят журналисі Евгения Балтатарованың елде уақытша тұру құжатының мерзімін созудан бас тартқан. Оған депортация қаупі төніп тұр
– Украинада Ресей жағында соғысқан Орталық Азияның кемі 93 азаматы қаза болған
t.me/azattyq
Қазақстан билігі бурят журналисі Евгения Балтатарованың уақытша тұру құжатының мерзімін созудан бас тартты. Оны Ресейге депортациялауы мүмкін.
“Қазақстан билігі “шетел паспортыңмен Қазақстан шекарасын кесіп өтпегенсің” деген желеумен уақытша тұру мерзімін созудан бас тартты. Бірақ мен алғашқы тұрған жылымды рәсімдегенмін және паспортымда шекарадан 2022 жылы 8 наурызда өткенім туралы белгі бар” деп жазды журналист телеграм-арнасында. Ол өзін басқа үшінші елге жібермейтінін, сол себепті Ресейге депортациялауы мүмкін екенін айтты.
Журналист шекара қызметімен соттасып, босқын мәртебесін алуға күш саламын дейді. Бірақ жағдайы мәз емес екенін, себебі “Қазақстанда ешкімге босқын мәртебесі берілмегенін” айтты.
2022 жылы күзде Евгения Балтатарова Ресей “армиясы туралы жалған ақпарат тарату” ісі бойынша Қазақстанда ұсталып, босатылған. Ресей билігінің қысымынан кейін елден кеткен журналиске халықаралық іздеу жарияланған.
t.me/azattyq
Алматыда «Қаңтар» кезінде асыраушысынан айырылған балалардың шығармашылық көрмесі өтіп жатыр. Шараның мақсаты – Қаңтар оқиғасы кезінде асыраушысынан айырылып, қайғы мен тұрмыс ауыртпалығын жалғыз бастан өткеріп жатқан отбасылардағы шығармашыл балаларға мүмкіндік беріп, талантын шыңдай түсуге жәрдемдесу.
Көрме 16,17,18 маусым күндері Абылай хан даңғылы, 62 (Imagine Studios, 6-қабат) мекенжайында өтеді. Көрменің соңында аукцион өткізіліп, суреттер сатылымға шығарылады. Түскен ақша сурет авторларына беріледі. Аукцион жексенбі күні сағат 17.00-де басталады.
t.me/azattyq
Снайперлер сауда орталығының төбесіне кетті, деп хабарлады "Информбюро". Кепілге алынғандар арасында үш қыз бары айтылады.
Видео: Информбюро
Полиция: Астанада қарулы ер адам Kaspi банк бөлімшесінде адамдарды кепілге алды
Қазір онымен келіссөз жүріп жатыр, деп хабарлады Polisia.kz
“Достық көшесіндегі Каспий банкінің ғимаратында ер адам мекемеге келушілермен бірге ішінен есікті құлыптап алған туралы хабарлама келіп түсті. Алдын ала мәлімет бойынша, ер адам қарулы. Оқиға орнында полиция қызметкерлері ер адаммен келіссөз жүргізіп жатыр” деп жазылған хабарламада.
Ресей зымыран құрастыруға қажет импорт бөлшектерді қайдан алып отыр?
Ресейдің Украинаға соққы жасап жатқан зымырандарында импорт бөлшектері бар. Украина президенті Владимир Зеленский украин сарапшылардың сөзіне сүйеніп, осылай деп мәлімдеді.
🔗СІЛТЕМЕ
t.me/azattyq
Путин 17 маусымда Африка елдері басшыларымен келіссөз кезінде "Украинаның бейтараптығы туралы келісім" деп аталатын құжатты көрсетті
Оның сөзінше, келісім 2022 жылы соғыс басталған кезде Стамбулда өткен Мәскеу мен Киев арасындағы келіссөзде дайындалған. Ол аталған құжатқа Украина қол қоюдан бас тартқанын айтты.
Путиннің айтуынша, құжат "Украинаның тұрақты бейтараптығы мен қауіпсіздігіне кепілдік туралы келісім" деп аталады. Онда 18 бап бар. Қосымшада украин армиясының максимал саны көрсетілген.
t.me/azattyq
Вашингтон Украинаның солтүстікатлантикалық одаққа қосылу процесін жеңілдетпейді
17 маусымда АҚШ президенті Джо Байден осылай деп мәлімдеді. Оның сөзінше, Киев одаққа қосылу үшін жалпы шарттарына сәйкес келуге тиіс.
"Бұл өзінен өзі бола қалмайды" деді Байден сенбі күні таңертең Вашингтон түбіндегі Эндрюс авиабазасында журналистерге. Десе де, Байден Украина өзінің әскери қабілетін көрсетуге көп күш салды деді.
t.me/azattyq
Келесі жылы ұлттық құрылтай Атырау облысының Сарайшық қаласында өтеді
Читать полностью…Тоқаев Қазақстанның шекаралас аймақтарында кейбір елді мекендерде халық саны күрт азайып кеткенін айтып, “Облыстардың ішкі аумақтық-әкімшілік құрылымында ойланатын тұстар бар” деді.
Былтыр үш жаңа облыс құрылғанын атап өткен Тоқаев “Қатон-Қарағай, Марқакөл және Мақаншы аудандарын қалпына келтіру туралы негізгі шешімді қабылдадым. Әрине, бұған арнайы дайындық керек. Қажетті есеп-қисабын жасап, қаражатымызға, бюджеттің мүмкіндігіне қарауымыз керек. Тиісті жұмыстың бәрін биыл аяқтап, алдағы екі жылдың ішінде осы үш ауданды қалпына келтіре бастаймыз” деді.
Мемлекет басшысы “елде жалған ақпарат тарататын басылым-сымақтар бар. Бұл – құпия емес. Олардың артында нақты қалталы адамдар, тіпті, ықпалды елдер бар” деді. Бірақ нақты адам немесе ұйымдардың атын атамады.
Читать полностью…Тоқаев тағы геосаяси жағдайға тоқталып, “халықаралық жағдай бұрын-соңды болмаған дәрежеде ушықты” деді.
“Кейбір ірі елдер өздерінің күн тәртібін, стандарттарын енгізуге тырысып жатыр. Әртүрлі, кейде бір-біріне мүлде қайшы идеялар мен әдіс-тәсілдер тек геосаясат немесе экономикада емес, тіпті мәдениет пен рухани өмірге, идеологияға да ықпал етіп жатыр” деді Тоқаев.
Ол мұның салдары тұтас мемлекеттер мен халықтардың қауіпсіз өмір сүруіне әсер етуі мүмкін екенін айтып, “халықаралық жағдай күрделі, сол себепті Қазақстан Республикасы бұрын-соңды болмаған дәрежеде бірлікке зәру” деді.
Тоқаев кейінгі кезде әрбір сөзінде "геосаяси қауіп" жөнінде айтуды әдетке айналдырған
Құрылтай кезінде кейбір спикерлер Қанды Қаңтар туралы да айтқанмен “бәрін билік қалпына келтірді” деп билікті мақтай сөйледі. Кемінде 238 адамның өмірін қиған Қаңтар кезіндегі әскерилердің оқ атқаны, азаптаулар туралы айтылмады.
“Бейбіт митингті өз пайдасына бұруды көздеген арандатушылар жоғары билікті заңсыз өз қолдарына алмақшы болды. Халық арам пиғылдылардың жетегіне ерген жоқ. Билік тез арада барлығын қалпына келтірді. Қоғамдық пікірдің жікке бөлінуіне жол берілмеді. Осылайша Қаңтар оқиғасы алғашқы күндері ел ішінде дүрелең туғызғанмен халық пен биліктің тұтастығына кірбің түсіре алмады” деді қолданбалы экономика зерттеулері орталығының ғылыми жетекшісі Жақсыбек Күлекеев
Кәрім Мәсімовтің қамау режимі жұмсартылды
Апелляциялық сот ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов пен оның бұрынғы екі орынбасарының қамау режимін жұмсартты. Олар қауіпсіздігі орташа мекемеде жазасын өтейді.
Үкімнің қалған бөлігі өзгермеген.
Биыл сәуірде сот "мемлекетке опасыздық жасады", "билікті күшпен басып алмақ болды", "билікті немесе лауазымдық өкілетті асыра пайдаланды" деп айыпталған ҰҚК-ның бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовті 18 жылға бас бостандығынан айырған.
t.me/azattyq
"Бұлыңғыр тұсы көп". Заңсыз шығарылған активтерді қайтару туралы заң жобасы несімен әлсіз?
Мәжіліс "Заңсыз алынған активтерді мемлекетке қайтару туралы" заң жобасын екінші оқылымда мақұлдап, сенатқа жолдады. Қазіргі қалпында бұл құжат қолды болған байлықты қайтаруға қауқарлы құрал бола ала ма? Қоғам өкілдері жобаның кейбір бабы мемлекетті тонағандарға жауаптан жалтаруға мүмкіндік береді, тіпті заңсыз алған дүние-мүлікті заңдастыруға жағдай жасауы мүмкін деп есептейді. Осы және басқа сұрақтарды шаруашылық дауларымен айналысатын заңгер Бақыт Тоқұловке қойып көрдік.
🔗ОҚУ
/channel/azattyq
Президенттер жертөлеге тығылды, Ахметов кетті, Мұхамедиұлы сөйледі – AzatNEWS | 16.06.23
📌 Экс-министр Арыстанбек Мұхамедиұлы соттағы соңғы сөзін айтты. Атып тастаса да айыпты мойындамайтынын мәлімдеді.
📌 Шығыс Қазақстан облысын үздіксіз 9 жыл билеген Даниал Ахметов қызметінен кетті. Оның орнына Ресейдегі елші Ермек Көшербаев тағайындалды.
📌 Африка президенттері Ресей мен Украина соғысын тоқтататын жоспар алып келген күні Киевке зымыран жауып, қонақтар жертөлеге тығылды.
🔗КӨРУ
http://t.me/azattyq
“Адамды түрмеде азаптап, өлімші халге жеткізген, ал сотқа медицина қызметкерін тартып жатыр” деп жазды Семейде Қаңтар кезінде ұсталып, азаптан қаза болған Жандос Жотабаевтың ісіне қатысты пікірін айтқан Елжан Біртанов.
“Не деген масқара! Адамды түрмеде азаптап, өлімші халге жеткізеді де, медицина қызметкерін соттайды, яғни адамды азаптағандар кінәлі емес екен де, оны құтқара алмаған фельдшер [кінәлі екен]! Бұл – қылмыстық атқару жүйесі комитетінің медицина қызметін денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына бергенінің салдары... Сот президент талап еткендей, “дәнді қабығынан ажырата алатын шығар” деп үміттенемін” деп жазды бұрынғы денсаулық сақтау министрі Facebook-те.
Семейде Қаңтар кезінде ұсталып, уақытша қамау изоляторында азапталған, ізінше қайтыс болған Жандос Жотабаевтың өліміне қатысты сот өтіп жатыр.
Жотабаев – билік Қаңтарда азаптаудан өлді деп ресми түрде мойындаған алты адамның бірі. Бұл істе уақытша қамау изоляторының фельдшері Гүлмира Төлеубекова айыпталушы болып отыр. Оған “медицина қызметкерінің кәсiби мiндетін тиiсiнше орындамай, кездейсоқ адам өліміне себеп болған әрекеті” бабы (317-бап) бойынша айып тағылған.
Қорғау тарабы бұл істе уақытша қамау изоляторының қызметкерлері айыпталушы болуы керек деп есептейді.
t.me/azattyq
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі “пара алды” деген күдікпен Павлодар әкімінің орынбасарын ұстағанын хабарлады
Ведомствоның хабарлауынша, Павлодар әкімінің орынбасары Арслан Қалиәкбаров "жол жөндеу бойынша мемлекеттік сатып алу құжаттарына қол қойғаны үшін кәсіпкерден пара алды" деген күдікке ілінген.
Жемқорлықпен күрес агенттігі билік тармақтарында жұмыс істейтін шенеуніктердің жемқорлықпен ұсталғанын жиі хабарлайды. Билік парақорлықпен күресу мақсатында көптеген бағдарлама ұсынса да, Қазақстан әлемдік жемқорлық индексінде "парақорлық жайлаған елдердің" қатарында тұр.
t.me/azattyq