Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
Оралда совет маршалы Жуков ескерткішіне унитаз апарған белсенді 10 күнге қамалды
10 мамырда Оралда әкімшілік сот 53 жастағы белсенді Жаннат Ахмедияровты 10 күнге қамады. Бір күн бұрын ол совет маршалы Жуков ескерткішіне унитаз апарып, Украинаны қолдап, акция өткізген.
Белсенді шешімге келіспейтінін, апелляцияға шағым беретінін айтты.
10 мамырда полиция белсендіні қала орталығындағы алаңда Азаттыққа сұхбат беріп тұрған жерінен ұстап әкеткен. Сот белсенді ұсталған сәттен кейін шамамен 3 сағат өткен соң болды. Белсенді ұсталмай тұрып, Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі Ахмедияровты "ұсақ бұзақылық" бабы бойынша әкімшілік жазаға тарту мәселесін қарап жатқанын хабарлаған.
9 мамырда Жаннат Ахмедияров Facebook-тегі парақшасында совет маршалы Жуков мүсіні маңында Украина елтаңбасы бар баскиім киіп түскен суретін жариялаған. Жуков ескерткішінің жанында унитаз тұрғаны көрінеді.
t.me/azattyq
Түркістан облысы Ордабасы аудандық соты “сот үкімін орындамады” деп айыпталған белсенді Нұржан Мұхаммедовті 5 тәулікке қамады.
Соттың мәліметінше, белсенді биыл 29 сәуірде Алматы әкімдігі алдында Қытаймен визасыз режимді ұзартуға қарсы шығып, TikTok-та видеоүндеу жариялаған. Бұған дейін “тыйым салынған ұйымның ісіне араласқаны үшін” сотталып, әлеуметтік желіде пікір айту құқығынан айырылған белсенді осылайша “сот үкімін орындамаған”.
Ал сотта белсенді өзіне тағылған айыптарды терістеді. “Мен жеке пікірімді айттым. Бұл – менің азаматтық позициям” деді Нұржан Мұхаммедов.
2021 жылдан бері белсенді 4 рет әкімшілік жазаға тартылып отыр.
Депутаттар Тоқаевтың Мәскеудегі парадқа қатысқаны туралы не дейді?
Читать полностью…Нөкіс оқиғасына байланысты айыпталған екі қарақалпақ белсендісі сырттай сотталды
Өзбекстанда екі қарақалпақ белсендісі – Аманбай Сағидуллаев ("Алға, Қарақалпақстан" жетекшісі, Норвегияда тұрады) пен Ниетбай Оразбаев (Қазақстандағы қарақалпақ диаспорасының өкілі) Нөкіс оқиғасына қатысты қылмыстық іс бойынша сырттай сотталды.
Сот Сағидуллаевты 18 жылға, Оразбаевты 12 жылға бас бостандығынан айырды. Сағидуллаевтың интернеттегі парақтары бұғатталады. Бұл туралы Өзбекстан Жоғарғы сотының баспасөз қызметі хабарлады.
Қарақалпақстан қылмыстық істер жөніндегі сотының алқасы 10 мамырда Аманбай Сағидуллаев пен Ниетбай Оразбаевтардың үстінен қозғалған қылмыстық істі қарауды аяқтап, үкім шығарды. Сотқа судья С. Дәулетмұратов төрағалық етті. Бұл істің сотта қаралып жатқаны наурыздың аяғында мәлім болған.
Сотталушылар Өзбекстаннан тыс аумақта болғандықтан, сот процесі олардың қатысуынсыз өтті. "Алға, Қарақалпақстан" партиясының жетекшісі Аманбай Сағидуллаев Норвегияда тұрады. Ниетбай Оразбаев Қазақстандағы Маңғыстау облысында "Аллаяр жолы" қарақалпақ этно-мәдени бірлестігін басқарады.
t.me/RadioAzattyq
Жаңаөзен әкімдігі алдында тұрақты жұмыс талап етіп тұрған 20-дан астам адамды полиция ұстап, кейін қайта босатты. Бұл жөнінде Азаттыққа наразы тұрғындардың бірі хабарлады.
“Менімен бірге екі адамды ұстап, екінші тірек пунктіне апарды. Түсініктеме жазғызды. Сосын босатып жіберді” деді аты-жөнін атағысы келмеген тұрғындардың бірі.
Оның сөзіне қарағанда, жұмыссыз азаматтар 10 мамырда түстен кейін әкімдік алдына қайта жиналған. Бұған дейін әлеуметтік желіде әкімдік алдына арнайы жасақ пен полиция қызметкерлерінің келгені жөнінде видео тараған еді.
t.me/azattyq
Мәжіліс спикері президент Тоқаевтың Мәскеуге әскери парадқа баруына қатысты пікірін айтты. Ол “Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде 1,2 мың қазақстандық та қаза болғанын” алға тартып, “президент соларға зиярат ету үшін парадқа барды, оны саясиландырудың қажеті жоқ” деді.
Бұған дейін әлеуметтік желіде қолданушылар Тоқаевтың Украинаға басқыншылық жасап отырған Ресейге сапарын сынаған.
t.me/azattyq
Ақпарат құралдарын “қолтырауынға” теңеген депутат Самат Нұртаза желідегі жазбасын “қалжың” деп атап, журналистерден кешірім сұрады. Ол ақпарат құралдарын “депутаттарды алалайды” деп жазғырды.
Читать полностью…“Жеңіс парадында кей адамдар қызыл ту ұстап шықты. Бұл қаншалықты заңды?” деген сұраққа ішкі істер министрі Марат Ахметжанов “егер заңда шектеу болмаса – рұқсат, бірақ ол халық наразылығын туғызса, онда ішкі істер орган қызметкерлері ескерту жұмыстарын жүргізеді” деді.
Читать полностью…"Вагнер" жекеменшік әскери компаниясы Францияда террористік ұйым деп танылды
Франция ұлттық жиыны депутаттары "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясын Еуропадағы террористік ұйымдардың қатарына қосуды мақұлдады.
Халықаралық француз радиосының хабарлауынша, әңгіме қолға алынған "символдық" шара жөнінде болып отыр. Резолюция жобасының авторы, президентшіл "Жаңғыру" фракциясы мен "Франция – Украина" парламенттік тобының төрағасы Бенжамен Аддад дауыс беру басталмай тұрып, "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясы мен оның әрекеті – терроризм" деген саяси ұстанымды білдіру керек екенін айтты.
Қарарда неміс арнаулы қызметінің "Вагнер" туралы мәліметі келтірілген. Атап айтқанда, "Бучада бір әскери топ бейбіт тұрғындарды азаптап, өлтіргені" келтіріледі. Қарарда "Вагнердің" Украинадағы әрекеті әскери қылмыс деп қарастырылуы мүмкін екені айтылады.
Француз депутаттары қабылдаған құжатта Ресей жалдамалы әскери ұйымының Сирия мен Африканың бірқатар еліндегі қырғынға қатысы бары айтылған.
Соғыс тарихын Ресей қалай жазса, Қазақстан да солай жазуға тиіс пе?
2019 жылы президент болғанына екі апта өткенде Мәскеуге барған Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей басшысы Владимир Путинмен бірлескен мәлімдеме жасады. Онда «екі елдің тарихын бұрмалау, қайта жазу және «қаралау» әрекеттеріне жол бермеу» туралы айтылған. 2022 жылы қайта президент болып сайланған Тоқаев Мәскеуге тағы барғанда дәл осы сөздер декларацияға енгізіліп, екі жақ қол қойды. Бұл құжатта Ресей мен Қазақстан «Екінші дүниежүзілік соғыс туралы тарихи шындықты мұқият сақтауға» міндеттенеді. Ресей Екінші дүниежүзілік соғысты бұрынғы советтік көзқараспен түсіндіреді. Қазақстан да оны қайталауы керек пе?
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
Еуропа одағы санкция салынған техникалық құралдардың Ресейге жеткізілуін тоқтату үшін Қазақстан, Өзбекстан, Қытай, Түркия елдеріне шара қабылдауы мүмкін. Бұл туралы Politico сайты хабарлады.
Politico сайтының жазуынша, Еуропа одағы үшінші елдерге қолданатын шараны Ресейге қарсы санкциясының 11-пакетіне қосуды жоспарлайды. Бұған дейінгі санкциялар құжатында тек Ресей ғана аталып келген еді, алғаш рет ЕО санкция туралы құжатына басқа елдерге шара енгізілмек.
"Еуропа одағы алғаш рет Ресейге санкция салу туралы құжатта Мәскеуге санкцияларды айналып өтуге көмектесіп отырған үшінші елдерді қоспақ. ЕО үш дипломаты санкция құжаттары Орталық Азия елдеріне сабақ болады деп мәлімдеген" дейді Politico.
ЕО санкциясының 11-пакетінде Қазақстан, Түркия, Қытай Өзбекстанға нақты санкция салынады деп жазылмаған. Нақты шешімді Еуропа одағы елдері алдағы уақытта қабылдамақ. 11-пакетке Ресейдің 72 азаматы мен 31 компаниясы енген.
Еуропа одағындағы дипломаттар санкцияның 11-пакетіне талқылауды ертең, 10 мамырда бастайды.
Сәуірдің соңында Қазақстанға Еуропа одағының, Ұлыбританияның және АҚШ-тың санкцияға жауапты шенеуніктері, АҚШ-тың қаржы министрінің орынбасары Элизабет Розенберг келіп кеткен. Олар Қазақстанға санкция салынуы мүмкін екенін ескерткен еді. Батыс елдері санкция салынған техникалық құралдар Қазақстан және Орталық Азия арқылы Ресейге өтіп жатыр деп күдіктенеді.
Қазақстан үкіметі бірнеше рет Ресейге санкцияны айналып өтуге көмектесіп отырған жоқпыз деп мәлімдеп, санкцияларды Қазақстан арқылы айналып өтуге "жол бермейтінін" айтқан.
Тоқаев Мәскеудегі парадқа неге барды? Соғыс бастаған елге сапардың салдары қандай?
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақорданың екі апта бұрын жариялаған жоспарын бұзып, Мәскеуге әскери парадқа кетті. Осыған дейінгі хабарламада “Президент 9 мамырда Астанада болады” деп жазылған. Тоқаев Украинаға қарсы соғыс ашқаны үшін оқшауланып қалған Ресейге не үшін барды? Қазақстан қоғамы мен батыс елдері бұл жаңалықты қалай қабылдады? Азаттық осы және өзге де сұрақтарға қатысты саясаттанушы Димаш Әлжановтың пікірін білді.
🔗ОҚУ
t.me/azattyq
Мәскеудегі Қызыл алаңда сөз сөйлеген Ресей президенті Владимир Путин «Батыстың глобалистік элитасы» өз еліне қарсы «соғыс ашқанын» айтты және оларды нацистермен салыстырды. Путиннің айтуынша, олар Ресейдің «бөлшектеніп, жоқ болып кеткенін» көксейді.
Путин Украинадағы соғысты «арнайы әскери операция» деп атап, онда соғысып жатқандарды «батырға» теңеді. Оның айтуынша, Украинадағы «арнайы әскери операция» қатысушылары да бұл парадқа келген.
Ресей басшысы шараға қатысқан ТМД елдерінің басшыларына алғыс айтты. Алаңда Орталық Азия елдерінің президенттері, соның ішінде Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Беларусь басшысы Александр Лукашенко және Армения премьері Никол Пашинян бар.
«Ресей үшін! Біздің қаһарман қарулы күштеріміз үшін! Жеңіс үшін! Ура!» деп ұрандады Путин.
/channel/azattyq
Мәскеуге Александр Лукашенко да жетті
Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіс күні құрметіне өтетін парадқа қатысу үшін Александр Лукашенко Мәскеуге жұмыс сапарымен барды. Бұл жөнінде Беларусьтің билікшіл телеграм-арнасы "Пул Первого" хабарлады.
Лукашенко Мәскеуге кеткендіктен Беларусь астанасы – Минскідегі Жеңіс алаңында ескерткішке гүл қою рәсімі 9 мамыр кешке өтетін болды.
Лукашенко Мәскеудегі жеңіс парадына осымен екінші рет қатыспақ. Мұның алдында ол 2020 жылы Жеңістің 75 жылдық мерейтойында Мәскеуге барған. Кейінгі жылдары ол өз еліндегі парадқа қатысатынын айтып, Ресей астанасындағы салтанатқа қатыспай жүрген.
Лукашенкодан бұрын Мәскеуге ТМД-ның бес елінің басшылары: Армения премьер-министрі Никол Пашинян, Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев және Тәжікстан басшысы Эмомали Рахмон барды. Жиынға Түркіменстан президенті Сердар Бердімұхаммедов те шақырылғаны хабарланды.
Кремль баспасөз хатшысының айтуынша, олар Мәскеуде Жеңіс құрметіне өтетін парадта трибунада тұрады.
Орталық Азиядағы бес елдің басшысы 18-19 мамырда Сиан қаласында (Қытайдың Шэньси провинциясының орталығы) өтетін "Қытай - Орталық Азия" саммитіне қатысады.
Бұл ақпаратты Қытай СІМ ресми өкіліне сілтеген Синьхуа агенттігі хабарлады. Форумды ҚХР төрағасы Си Цзиньпин өткізеді.
Қытай тарапының шақыруымен саммитке Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан президенті Садыр Жапаров, Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон, Түркменстан президенті Сердар Бердімұхамедов барады.
Қытай сыртқы істер министрлігінің тағы бір хабарына қарағанда, Түрікменстаннан өзге төрт елдің президенті 16-20 мамыр аралығында Қытайға мемлекеттік сапармен аттанады.
t.me/azattyq
Тоқаевтың сапарына сын, Мамайға араша, белсендіні ұстау - AzatNews | 10.05.2023
📌 9 мамырда Астанада болатыны алдын ала айтылса да Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңіс күні Мәскеуге кетіп, мұнысы қоғамда пікірталас тудырды. Сыншылар сапарды орынсыз дейді, жақтастар саяси астар іздемеуге шақырады.
📌 "Дұшпан қадам". Украина сыртқы істер министрлігі Мәскеудегі парадқа қатысқан президенттердің әрекетіне осындай баға берді.
📌 9 мамыр күні Орал қаласында совет маршалы Жуковтың бюстіне унитаз қойып, наразылық акиясын өткізген тұрғынды бүгін полиция алып кетті.
📌 Саясаткер Жанболат Мамайдың жақтастары биліктен БҰҰ жұмыс тобының шешімін орындауды талап етті. Ұйым жанындағы жосықсыз ұстаулар тобы Мамайға шыққан үкімді айыптап, Қазақстан билігін оппозициялық саясаткерді жауаптан босатуға, оған өтемақы төлеуге шақырған.
🔗КӨРУ
t.me/azattyq
Алматыда полиция “Демпартия” белсендісі Аружан Дүйсебаеваны “қоғамдық бірлестіктер туралы заңнаманы бұзды” (489-бап) деп айыптап, 172 500 теңге көлемінде айыппұл салды. Бұл жөнінде белсендінің өзі хабарлады.
Оның айтуынша, оны 1 сәуір Алматыда өткен “Халық парламентінің” алғашқы жиынына қатысқаны үшін айыптаған.
“Тоқаевтың полициясы келіп айыппұл салып кетті! Масқара ғой! Алаңға шықсаң да, ғимаратта отырсаң да, қудалай береді екен ғой бұлар” деп жазды белсенді Facebook-тегі парақшасында.
Белсенді шешімді мойындамайтынын, алайда апелляцияға шағым беруге мүмкіндігі жоғын жеткізді.
1 сәуірде Алматыда “Халық парламентінің” өкілдері “парламент сайлауындағы заңсыздықтарды” айтып, ресми нәтижесін жоюды талап еткен. Бұған дейін ХП-ның 9 сәуірдегі митингісіне байланысты 15-тен астам белсенді әкімшілік жазаға тартылған.
Мәскеудегі парад және Орталық Азия басшылары. Кремль аймақ президенттерін қалай көндірді?
Өткен аптада Мәскеудегі жеңіс парадына Орталық Азиядан Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қана қатысады деп айтылған еді. Бірақ шараға аз уақыт қалғанда өңірдегі басқа басшылар да баратыны белгілі болып, Кремльдің қысымы туралы айтыла бастады.
🔗СІЛТЕМЕ
t.me/azattyq
EcoKundelik подкасы
"Асылтұқымды" шыбын бағып, тағам қалдығын пайдаға жаратқан кәсіпкер
Алғашқы эпизодта "асылтұқымды” шыбын өсіріп жүрген ғалым және кәсіпкермен сөйлесеміз. Айтуларынша, "Қара сарбаз" шыбыны тағам қалдықтарын жеп, тыңайтқыш өндіреді. Тыңайтқыштың құрамы микроэлементтерге бай, дейді.
"Қара сарбаз" шынымен де тағам қалдығы мәселесін шешіп, ғаламдық жылынуды тежеуге көмектесе ала ма? Оны қалай өсіреді? Үй жағдайында өсіруге бола ма? Адамға қауіпті емес пе? Осы сұрақтарға жауап іздеп көрейік.
мына жерден де тыңдауға болады
t.me/azattyq
Сот Дональд Трамп журналисті жыныстық қатынасқа мәжбүрлеген деп таныды
Сот алқасы жәбірленушіге 5 миллион доллар көлемінде өтемақы төлеу жөнінде шешім шығарды.
Журналист әрі жазушы Джин Кэрролл экс-президент Трампты төрт жыл бұрын айыптаған. Журналистің айтуынша, 1996 жылы ол АҚШ-тың болашақ президентін Нью-Йорктегі әмбебап дүкенде кездестірген. Трамп оған басқа бір әйелге сыйлық ретінде таңдаған ішкиімді киіп көруін өтінген, Кэрролл келіскен. "Алайда ол мені киім ауыстыратын орында зорлады" дейді журналист.
Трамп айыпты жоққа шығарып отыр. Оның пікірінше, Кэрролл кітабын көбірек сату үшін әдейі осындай жала ойлап тапқан. Дегенмен Трамп қорғаушы жалдаудан, сотта куәлік етуден бас тартты. Трамп сот шешімін "масқара" деп сипаттады.
t.me/RadioAzattyq
Астанада жеке компанияларда істейтін краншылар айлықты өсіруді талап етіп, 15 мамырда жұмысты тоқтататынын ескертті.
Қымбатшылықты алға тартқан краншылар бірнеше талап қойып отыр:
▪Айлықты 750 мың теңгеге дейін өсіру;
▪Айына 4 күн демалыс беру;
▪таңғы сағат 8-ден кешкі сағат 7-дейін жұмыс режимін сақтау. Кешкі 7-ден кейін жұмыс жасалса, оған ақша төлеу.
▪Ақылы демалыс.
“Қазір бәрі қымбаттап жатыр. Әрқайсысының мойнында несиесі бар. Ипотека. Жалақымыз жетпейді” дейді Дәулет Исаков 10 мамырда Азаттыққа. Оның сөзінше, қазір краншылар алатын жалақы – 500-600 мың теңге.
Видео 7 мамырда Астанада түсірілген. Сол күні оқиға орнына арнайы жасақ, полиция келіп, оларды таратуға тырысқан.
Қазақстанда самокат айдайтындардан жүргізуші куәлігі талап етілуі мүмкін. Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов елде самокат пен мопедтің қатысы бар жол апаты жиілегенін айтып, тек 18 жасқа толғандарға ғана жолдың оң жағында жүруге рұқсат берілуі мүмкін екенін айтты.
Видео: ҚазТАГ
Украина ТМД лидерлерінің Мәскеуге парадқа барғанын айыптады
Украина сыртқы істер министрлігі ТМД лидерлерінің Мәскеудегі парадқа баруын "өмірі мен тәуелсіздігі үшін күресіп жатқан украин халқына қарсы дұшпандық қадам" деп атады.
Мәлімдемеде парад кезінде Украинаға қарсы соғысқа қатысып жатқан ресейлік әскери техника көрсетілгені айтылған.
Онда сонымен бірге Ресей президенті Владимир Путиннің "украиндарды өлтіруді, Украинаның қалалары мен ауылдарын талқандауды, бала ұрлау мен оккупацияланған украин аймақтарының тұрғындарына қарсы репрессияны ақтағаны" жазылған.
"Іс-шараның алдында Ресей Украинаны одан сайын қирату үшін 25 қанатты зымыранын ұшырды", - деп жазылған мәлімдемеде.
Мәлімдеме авторлары Орталық Азия және Кавказ халқы 78 жыл бұрын нацизмді жеңуге өлшеусіз үлес қосты деп жазған. Ал осы елдердің басшыларының парадқа қатысуы "азаттығы үшін күресі жатқан украин халқына қарсы дұшпандық қадам" деп бағаланған.
"Ауруханадан көлікке тиеп, изоляторға апарды". Қаңтарда оқ тиген Ділшаттың бастан кешкені
Алматылық Ділшат Әбдусаттаров – Қаңтар оқиғасында аяғына оқ тиіп, жараланғандардың бірі. Қазір жүре алмайды, аяғына төртінші рет операция жасалмақ. Арнайы жасақ Ділшат ауруханада жатқанда "жаппай тәртіпсіздікке қатыстың" деп күштеп тергеу изоляторына жеткізген. Кейін оның үстінен қозғалған қылмыстық іс "айыбы дәлелденбеді" деп жабылған. Ділшатқа оқ атқандар да белгісіз күйі қалды. Азаттық Қаңтарда оқ тиіп, ауруханаға түскен, кейін палатадан изоляторға жеткізілген азаматтың бастан кешкенін баяндайды.
ОҚУ
9 мамырда Теміртауда автошеру болды. Бұған әкімдік рұқсат бермеген.
Автокөліктер колоннасы мен мотоциклдер қала орталығымен жүріп өткен. Көліктерде Қазақстан туымен түстес көк жалаулар, орақ пен балғасы бар қызыл тулар болған.
Автошеруден соң Теміртаудағы орталық көшеде мерекелік шара өтіп, жиналғандар "Жеңіс күнімен!" деп айғайлап, соғысқа қатысқан туыстарының фотосын алып жүрді. Кейін жиналғандар қаладағы Белгісіз солдат ескерткішіне барып, ресми шараға қатысты. Одан соң қаланың басқа бұрышында жергілікті билік ұйымдастырған мерекелік концерт өтті.
Бір күн бұрын Теміртау әкімінің орынбасары Самат Зияшев "Мәңгілік полк" шеруі болмайтынын ресми түрде мәлімдеймін. Рұқсатсыз жиналғандарға заңмен шара қолданылады" деп ескерткен.
Теміртау әкімдігі Азаттық тілшісіне "Біз оларға шараны басқа күні өткізуді ұсындық, себебі қоғамдық тәртіпті қадағалайтын қызметкерлердің бәрі бос емес. Әкімдікке шеру өтетіні туралы ешкім айтпады. Прокуратура бұған құқықтық бағасын береді" деді.
Путин Мәскеудегі парадта Батыс элитасын айыптап, Украинадағы соғыс жайлы көп айтты
9 мамырда Мәскеудегі Қызыл алаңда Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңістің 78 жылдығын орай әскери парад өтті. Шараға Ресей президенті Владимир Путиннен бөлек Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан, Түркіменстан президенттері және Беларусь режимінің басшысы Александр Лукашенко, Армения премьері Никол Пашинян қатысты.
Путин парадтағы сөзінде "батыстағы глобалистік элита Ресейге соғыс ашты" деп айыптап, "батыс элитасын нацистерге теңеді". Ресей президенті "батыс Ресейдің құрдымға кетіп, ыдырағанын қалайды" деді.
Путин "Украинаға соғыс ашу арқылы Донбассты қорғап, өзіміздің қауіпсіздігімізді қамтамасыз етіп жатырмыз" деген сөзін тағы қайталады. Ресей басшысы парадтағы сөзінде Екінші дүниежүзілік соғыс жайлы емес Украинадағы соғыс туралы көп айтты.
Ол Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде Совет одағының одақтастары атап өтіп, парадқа келген ТМД елдерінің басшыларына алғыс білдірді.
Еуропа комиссиясының президенті Урсула фон дер Ляйен 9 мамырда Украина президенті Владимир Зеленскиймен келіссөз жүргізу үшін Киевке келді.
Фон дер Ляйен осымен Киев бесінші рет келіп отыр.
Еуропа комиссиясының президенті Зеленскийдің 9 мамырды Украинада Еуропа күні деп жариялағанына алғыс айтты. 9 мамыр Еуропа одағында Еуропа күні деп белгіленген. 1950 жылы 9 мамырда ресми түрде Еуропа одағының негізі болған декларация ұсынылған еді.
9 мамырда Фон дер Ляйен Киевке жеткен соң бірнеше сағат өткенде Ресей Украина аумағына ракетамен шабуыл жасады. Киевтің хабарлауынша, Украинаға атылған 25 ракетаның 15-і ел астанасына бағытталған. Украина қарулы күштері 25 ракетаның 23-ін қағып түсірдік деп мәлімдеді. Украина тарабы Харьков, Херсон, Николаев, Одесса облыстары шабуылға ұшырағанын мәлімдеп, «қаза тапқандар мен жараланғандар бар» деді.
Ал Киевтің әскери әкімшілігінің басшысы Сергей Попко Киевтегі ракетаға қарсы құрылғылар 15 шақты ракетаны атып түсіргенін хабарлады. Оның сөзінше, зардап шеккендер мен бүлінген ғимараттар жоқ.
Украина президенті Владимир Зеленский Украинада 9 мамыр Еуропа күні, ал 8 мамыр нацизмді жеңген күн деп белгілеу туралы заң жобасын парламентке ұсынды. Зеленскийдің бұл шешімін Украинаны Еуропаға қосқысы келмеген Ресейді қорлау деп санайды.
Зеленский 8 мамырда Еуропа елдері Екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанын атап өтіп жатқан тұста «Украина Батыстағы серіктестерімен бірге Ресейді жеңеді» деп мәлімдеді.
Қырғыз астанасы Бішкекте 9 мамырда Екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіс құрметіне "Мәңгілік полк" шарасы өтті.
Соғыста қаза тапқан жауынгерлердің суреттерін ұстаған шерушілер Бішкектегі Оңтүстік қақпадан Жеңіс алаңына дейін шерулетіп өтті. Шара кезінде қаланың бірнеше көшесінде көлік қозғалысы тоқтады.
Азаттықтың Қырғыз қызметінің хабарлауынша, мұндай шара Ош қаласында да өтті, оған елдің премьер-министі Ақылбек Жапаров қатысқан.
Ақпарат құралдарының жазуына қарағанда, маршқа қатысушыларды ресми тіркеуге алмаған. Ұйымдастырушылар шараға қанша адам қатысқанын әлі нақты хабарлаған жоқ.
t.me/azattyq
Bloomberg: ЕО санкцияны айналып өтетін кемелерге тыйым салуды талқыламақ
Еуропа одағы Ресей мұнайына салынған тыйымды айналып өтетін кемелерді өз порттарына кіргізбеу жайын талқылап жатыр. Одақтың Ресейге салынатын санкцияларының 11-пакеті жобасында осындай шектеулер бар деп жазады Bloomberg.
Еурокомиссияның тұжырымы бойынша, Ресей мұнайының жоғары бағаны және толық тыйымды айналып өтуге тырысатын кемелер саны, «алаяқ әрекеттер және сонымен байланысты экологияға төнер қауіп күрт артқан». Енді бір кемеден екіншісіне мұнай тиегені әшкере болған не сондай әрекетке барады деп күдікке ілінген кемелердің Еуропа порттарына тоқтауына тыйым салынуы мүмкін.
Еурокомиссия Ресейге салынатын жаңа санкцияларға қатысты бұл ұсыныстарды Еуропа одағы мүшелеріне 8 мамырда жіберген.
Екінші дүниежүзілік соғыс соңында нацистік Германия капитуляция жасаған күні сөйлеген Украина президенті Владимир Зеленский Ресей нацизмі де жеңілетінін мәлімдеді.
Ол Жеңіс күні ретінде 8 мамыр көрсетілген заң жобасын Украина Жоғарғы радасына ұсынғанын айтты.
Дүйсенбі, 8 мамырда Киевтегі соғыс мемориалы жанында видео үндеу жолдаған Зеленский: "Ресей қайта жаңғыртып отырған бұрынғы зұлымдықтың бәрі нацизм қалай жеңілсе, солай жеңілетін болады", - деді.
t.me/azattyq