Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/
БҰҰ-ның жұмыс тобы Жанболат Мамайды "жөн-жосықсыз бостандығынан айырған" деп есептейді
Тіркелмеген "Қазақстанның демократиялық партиясының" жетекшісі Жанболат Мамайдың ісі бойынша есеп әзірлеген БҰҰ-ның жұмыс тобы оны "жөн-жосықсыз бостандығынан айырған" деген қорытындыға келген. Бұл жөнінде белсендінің әйелі Инга Иманбай хабарлап, жұмыс тобының шешімін телеграм-арнасында жариялады. Ақпаратқа қарағанда, жұмыс тобына есепті әзірлеу туралы өтінішті қазақстандық құқық қорғаушы Анар Ыбыраева берген.
10 сәуірде Алматы соты Қаңтар оқиғасы кезінде "жаппай тәртіпсіздік ұйымдастырды" деген айыппен Жанболат Мамайға алты жыл шартты жаза кескен. Жанболат Мамайға "билік өкілін қорлады", "жалған ақпарат таратты" деген айыптар да тағылған. Саясаткер бұл айыптарды мойындамайды. Құқық қорғаушылар Мамайдың ісі саясиланғанын айтқан.
Ақ үй: Бахмут түбіндегі ұрыста Ресейдің 20 мың сарбазы өлді
Кейінгі бес айда Украинаның Бахмут қаласы түбіндегі ұрыста Ресейдің шамамен 20 мың жауынгері өліп, 80 мыңға жуығы жараланған. Сарапшылар Бахмутқа шабуыл тығырыққа тірелді деп есептейді.
АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесіндегі стратегиялық байланыс жөніндегі үйлестіруші Джон Кирби дүйсенбі күні америкалық барлау қызметінің мәліметіне сүйене отырып, тың деректер келтірді.
Кирбидің айтуынша, Бахмут түбінде өлген жауынгерлердің жартысы – "Вагнер" жекеменшік әскери компаниясының жалдамалы сарбаздары. Ресей қорғаныс министрлігі Украинадағы соғыста қаза тапқандар туралы деректі соңғы мәрте былтыр қыркүйекте жариялаған. Ол кезде 5937 адам соғыста опат болғанын айтқан.
Маңғыстау облысы: "Жетібаймұнайгазда" бір жұмысшы қаза болды
"Маңғыстаумұнайгаз" компаниясына қарасты "Жетібаймұнайгаз" өндірістік бірлестігінде дәнекерлеу жұмыстары кезінде "жарылыс" болып, бір жұмысшы опат болды. Бұл жөнінде "Маңғыстаумұнайгаз" компаниясының баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенген Lada.kz сайты жазды.
Ақпаратқа қарағанда, оқиға 29 сәуірде сағат 16.42 шамасында "Жетібаймұнайгаз" ұңғымасында болған. Ұңғымада "Великая стена" компаниясының бригадасы жөндеу жұмыстарын жүргізіп жатқан. Сол кезде "жарылыс" болған.
"Алған жарақаттан оқиға орнында электр дәнекерлеуші, Қазақстан азаматы қаза болды, бұған қоса, ұңғыма қондырғысының маманы, Қытай азаматы басынан жараланып, ауылдық ауруханаға жеткізілген. Оқиға орнына Маңғыстау ауданы полиция қызметкерлері келді" деп жазылған компания хабарламасында.
Оңтүстік Африка Республикасының билігі Путиннен осы жазда Оңтүстік Африкада өтетін БРИКС саммитіне келмеуді сұрады
Оған Халықаралық қылмыстық соттың Ресей президенті Владимир Путинді "Украинадағы әскери қылмысы үшін" айыптап, оны тұтқындау туралы ордері себеп болған. Бұл жөнінде оңтүстікафрикалық Sunday Times басылымы жазды.
Оңтүстік Африка Республикасы Рим статутына қол қойған елдердің бірі. Сондықтан ол ХҚС шешімін орындауға міндетті.
"Бізде Путинді тұтқындаудан басқа амал жоқ. Егер ол келсе, тұтқындауға мәжбүрміз" деді ОАР үкімет өкілі басылымға.
Өзбекстандағы референдумның алдын ала қорытындысы бойынша конституциялық өзгерістер қабылданды. Ресми Ташкенттің 1 мамырда таратқан алдын ала қорытынды бойынша, дауыс беруге келгендердің 90,21 пайызы Шавкат Мирзияевтің билігін созатын конституциялық өзгерістерді қолдаған.
Өзгеріске сай, елде президенттік мерзім бес жылдан жеті жылға ұзарып, Мирзияев 2040 жылға дейін билікке отыруға жол ашылмақ. Оның 2026 жылы аяқталатын президенттік мерзімі қысқарып, ол қайтадан екі рет сайлауға түсуге мүмкіндік алмақ.
Мирзияев Конституцияны өзгерту туралы ұсынысты 2021 жылы желтоқсанда жасаған. Жаңа Конституцияда Өзбекстан әлеуметтік, құқықтық және зайырлы ел деп көрсетілген. Бұрынғы Конституцияда мұндай түсініктер болмаған еді. Бұған қоса, сенаттағы депутат саны 100-ден 65-ке қысқарады. Жаңа Конституцияда мемлекет халықты ең төменгі жалақымен, баспанамен, медициналық көмекпен және интернетпен қамтамасыз етуі тиіс. Бірақ сарапшылар Мирзияев Конституцияны өзгерту арқылы билігін күшейтпек деп санайды.
Адвокат Ғалым Нұрпейісов Думан Мұхамедкәрімнің ұсталғанын растады. Оған полиция қызметкерлері хабарласып, журналистің үстінен "бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзу" бабы (488-бап, 12-бөлік) бойынша хаттама толтыратынын айтқан. Қазір адвокат Іле аудандық полиция бөлімшесіне бара жатыр
Читать полностью…Орталық саябақта прокуратура ескертуінен кейін жиналғандардың бірі "бізде қайдағы демократия? бізде полиция режимі" деп ашуланды
Читать полностью…Ұстау басталмай тұрып түсірілген сурет. Жиналғандардың саны 20-ға жуықтайды. Прокуратура оларға ескерту жасады. Алматы, 1 мамыр 2023 жыл.
Читать полностью…Алматыда Орталық саябақтағы ұстау. "Власть" сайтының видеосы
Читать полностью…Астанада “оппозиция митингісі өтеді” деген аумақты полиция тұтас қоршап тастаған. Полиция машиналары өте көп. Азаттық тілшісі он шақты автобус, алты-жеті полиция машинасын көрді.
Адам құқығын қорғау бюросының заңгері Артур Алхастов бір адамның ұсталғанын көрген, бірақ аты-жөнін білмейтінін айтты. #NotExtremists Телеграм-арнасы Астанада азаматтық белсенді Эльвира Бекзадина ұсталғанын жазған.
Ал марафоншы белсенді Марат Жыланбаев шақырған жерге “жүгірудің тәсілін үйренеміз” деген бірен-саран адам жиналды. Оларды полиция біраз бақылап тұрды. Марат Жыланбаевтың ұсталғанын естіген топ “полициядан қорқып, тарқап кетпейміз. Маратқа қолдау білдіріп, өзіміз жүгіреміз” деп мәлімдеді.
Суретте: Жиналғандар жаттығу жасап тұр. Астана, 1 мамыр 2023 жыл.
Ал Алматыда "оппозиция митингісі өтеді" деген Орталық саябақта полиция әдеттегіден көп. Олар саябақтың іші-сыртын бақылап тұр.
Бұған дейін 1 мамырда Қазақстан қалаларында елді ҰҚШҰ мен ЕАЭО-дан шығару мен халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуды талап ететін оппозиция митингісі өтетіні хабарланған еді.
Астанада полиция “митинг өтеді” деген орында “Власть” сайтының тілшісі Бейімбет Молдағалиды ұстады. Бұл жөнінде басылым Телеграм-арнасында хабарлады. Журналист полицейлерге қызметтік куәлігін көрсеткен, соған қарамастан оны Сарыарқа полиция басқармасына алып кеткен.
"Власть" сайты мұны журналистің кәсіби міндетін атқаруға кедергі келтіру деп бағалап, кінәлілерді жауапқа тартуға күш салатынын мәлімдеді.
Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның үкімет делегациялары Қырғызстанның Баткен қаласында кездесу өткізді
Бұл жөнінде министрлер кабинетінің баспасөз қызметі хабарлады.
25-29 сәуір аралығында делегациялар Қырғызстан, Тәжікстан және Өзбекстанның мемлекеттік шекараларының түйіскен тұсын анықтау мәселесін талқылаған.
Ақпаратқа қарағанда, келесі кездесу Тәжікстан аумағында өтеді. Өзге ақпарат айтылмайды.
Алматы мәслихатындағы "Аманат" депутаты Башинскаяның Украина президентіне "кеңесі" реакция тудырды
Депутат Deutsche Welle басылымының Фейсбук парақшасындағы пост астына "Зеленский мырза, дұрысы Түркия! Ол жақта жыл бойы жылы" деген пікір қалдырған.
"Deutsche Welle басылымының материалында Зеленский Украина қарсы шабуылға шығып, Ресей басып алған жерлерді, соның ішінде Қырымды да қайтарып алатыны сөз болған. Президент Зеленский сұқбатында Украина шабуылының нәижесі Батыстың Киевке қаруды қаншалықты беретініне де байланысты екені айтылған. Әйтпесе соғыс ондаған жылға дейін де созылуы мүмкін екенін айтқан"- деп жазады ҚазТАГ.
Көп ұзамай Анна Башинскаяның өзі Фейсбук әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы жұртышылыққа жауап беріп, Украина президентінің мәлімдемесіне пікірін ойланбай жазғанын айтып, кешірім сұраған.
"Аманат" партиясы Башискаяның Зеленскийге кеңесі туралы әзірге түсініктеме берген жоқ.
"Парламент құзыретін де тартып алмақ". Өзбекстандағы референдумның негізгі мақсаты Мирзияев билігін ұзарту ма?
Өзбекстанда Конституцияға түзету енгізу жөнінде референдум өтіп жатыр. Дауыс беруге шығарылған ұсыныстар арасында мемлекет басшысы Шавкат Мирзияевтің осыған дейінгі президенттік мерзімін есептен шығарып, оған 2040 жылға дейін билікте қалуға мүмкіндік беретін норма да бар.
Ташкент бұл өзгерістерді "елді демократияландыруға арналған қадам" деп бағалайды. Лондондағы Central Asia Due Diligence талдау орталығының директоры Әлішер Ильхамов Азаттыққа сұхбатында Өзбекстан билігі Қазақстандағы билік транзиті мен Қаңтар қырғынынан қандай сабақ алғанын айтты.
🔗СІЛТЕМЕ
Қазақстан СІМ “Ирак түрмесінде аштық жариялаған қазақстандық әйелдер” туралы ақпаратқа түсініктеме берді
Айбек Смадияровтың айтуынша, қазіргі кезде Ирак астанасы Бағдатта “Русафа” түрмесінде “ДАИШ” (“Ислам мемлекеті”) террористік ұйымына қатысы бар деген айыппен 6 қазақстандық әйел жазасын өтеп жатыр. Олар өмірлік түрме жазасына кесілген.
“Жалпы наразылық білдірушілер әділетсіз үкімдерге, терроризм бойынша негізсіз айыптауларға және түрмедегі нашар жағдайға шағымданады. Қазақстанның Иорданиядағы елшіліктің бастамасымен 26 сәуірде “Рустафа” түрмесінің судьясы және прокурордың орынбасары Хамид Хусейн Иманмен, ЮНИСЕФ-тің Ирак кеңсесінің балаларды қорғау жөніндегі маманы Әл Шехри Мұхаммедпен кездесулер өткізілді. Қазақстан азаматтарының құқықтарын сақтау бойынша уағдаластыққа қол жеткізілді. Егер Ирак билігі рақымшылық акциясын қабылдайтын болса, біз онда жұмысты жалғастыра береміз” деді ол.
Бұған дейін Ирак түрмесінде отырған “6 қазақстандық әйелдің” аштық жариялап, көмек сұраған видеосы тараған.
Өзбекстан Орталық сайлау комиссиясы: Конституцияның жаңа нұсқасы күшіне енді
Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Өзбекстан Конституциясының 30 сәуірдегі референдумда қабылданған жаңа нұсқасы күшіне енгенін мәлімдеді.
Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, заң 2023 жылғы 1 мамырда күшіне енген.
Мұның алдында комиссия жексенбідегі референдумға сайлаушылардың 84,54 пайызы қатысып, 90,21 пайызы жаңа заңды қолдап дауыс бергенін хабарлаған.
ДУМАН МҰХАММЕДКӘРІМ 25 ТӘУЛІККЕ ҚАМАЛДЫ. ЖУРНАЛИСТ 405-БАП БОЙЫНША ҚЫЛМЫСТЫҚ ІСТЕ КУӘГЕР АТАНДЫ
Журналист Думан Мұхаммедкәрім “бейбіт жиын өткізу тәртібін бұзды” деген айыппен 25 тәулікке қамалды. Сот шешімі 2 мамырға қараған түні Қонаев сотында оқылды. Бұл жөнінде Азаттыққа адвокаты Ғалым Нұрпейісов хабарлады.
Прокурор сотта журналистің 30 сәуір күні таратқан видеосында “митингіге шақыру” туралы “жасырын үндеу” барын айтқан. Ал адвокат Ғалым Нұрпейісов видеода ешқандай митингіге шақыру жоғын айтты. Ол шешімді апелляцияға беретінін де жеткізді.
Ғалым Нұрпейісовтің айтуынша, Думан Мұхаммедкәрімнің үстінен 405-бап бойынша (“тыйым салынған ұйымына ісіне араласу”) да қылмыстық іс қозғалған. Журналистің статусы – қорғалуға құқығы бар куәгер. Істі Іле аудандық полиция басқармасы жүргізіп жатыр.
"405-баптың 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды. 25 тәулік өткен соң Думанды қамауға алуы мүмкін. Сараптаманы тездетіп жатыр. Мақсаты – Думанның аузын жабу" деді Ғалым Нұрпейісов.
Полиция іске қатысты түсініктеме бермеді.
Алматыдағы ҰҚК академиясының жатақханасында 3-курс курсанты өлі күйінде табылды
Бұл туралы ҰҚК хабарлады.
Комитет курсант өз-өзіне қол салғанын айтады. Қазір полиция "Өз-өзін өлтіруге дейін жеткізу" бабымен тергеу бастаған.
Кейінгі кезде Қазақстанда қатардағы жауынгерлер мен курсанттар қаза тапқандар, мертіккендер жиілеп барады. Марқұмдардың туыстары да, қоғам да негізінен әскер мен оның басшыларына кінә артады. Қатардағы жауынгерлердің қазасына әлімжеттік те себеп екені жиі айтылады. Ал ресми орындар мұның артында әлеуметтік себеп жатыр дейді.
"Мұсылмандарды шоқындырғысы келеді деп айыптады". Шіркеу қызметкері Иаков Воронцов қазақ тілін не үшін үйренді?
Қазақстандық шіркеу қызметкері Иаков Воронцов Азаттыққа сұхбатында қазақ тіліндегі Евангелие, Украинадағы соғыс және Қазақстандағы православ шіркеуі Ресейден неге автономия алуы керегі туралы ойын айтып берді.
🔗Сілтеме
#NotExtremists телеграм-арнасы Алматыда журналист Думан Мұхамедкәрім ұсталғанын хабарлады. Бұған дейін оның үйіне полиция келгені туралы хабар тараған.
Читать полностью…Полиция қанша адамды ұстағаны белгісіз. Алматы, Орталық саябақ. 1 мамыр 2023 жыл
Читать полностью…Алматыда "оппозиция митинг өтеді" деген орынға жиналған шағын топ. Аумақта интернет нашарлаған.
Полиция кемінде төрт адамды күштеп ұстап әкетті.
Жиналғандардың кейбірі "Қытаймен визасыз режимді енгізбеуді" және Қаңтар оқиғасын әділ тергеуді талап етіп үлгерген.
Полиция “Власть” сайтының тілшісі Бейімбет Молдағалиды босатты, деп хабарлады басылым Телеграм-арнасында. Сарыарқа аудандық полиция бөлімшесінде журналисті суретке түсіріп, саусақ іздерін алған. Оны ұстағаннан кейін телефонын тартып алуға тырысып, редакцияға хабарлауға тыйым салған.
Полиция оқиғаға түсініктеме бермеді.
Астанада полиция тіркелмеген “Алға, Қазақстан” оппозициялық партиясының мүшесі Марат Жыланбаевты жолда тоқтатып, Алматы аудандық полиция бөлімшесіне әкетті. Азаттық тілшісінің хабарлауынша, полиция “Жыланбаевтың жол ережесін бұзғаны жөнінде әлдекімнен қоңырау” түскенін айтып, хаттама толтыру үшін бөлімшеге бару керектігін айтқан.
Белсенді бұған дейін әлеуметтік желідегі парақшасында 1 мамырда Астанадағы Кенесары хан ескерткіші маңында марафоннан шеберлік сынып өткізетінін жариялаған. Осыған дейін оппозицияның митингісі дәл осы ескерткіш маңында өтетіні хабарланған еді.
Ресей аннексиялап алған Севастопольдегі мұнай қоймасына шабуыл - Киевтің қарымта шабуылға дайындығының бір элементі
Украинаның оңтүстік күштері басқармасының өкілі Наталья Гуменюк УНИАН агенттігіне осылай деді.
Гуменюктің сөзіне қарағанда, мұнай қоймасындағы өрт Ресей әскерін қатты алаңдатқан. Олар өз отбасыларын эвакуациялауға тырысып, мүмкіндігінше аннексияланған Қырымнан кетуге күш салып жатыр.
"Бұл ірі қарымта шабуылға дайындық жұмысы" деді қорғаныс күштерінің өкілі.
29-30 сәуірде Берлинге жиналған Ресей оппозициясының өкілдері жиынның соңында "Ресей демократия күштерінің декларациясы" деп аталатын құжатқа қол қойды
30 сәуірде кешке құжатты "Эхо Москвы" сайты және оппозиционер Илья Пономарев жариялады.
Декларацияда Ресей оппозициясының "стратегиялық мақсаты" "Украинаға басқыншылықты тоқтатып, еркін, құқықтық, федеративті мемлекет құру" деп көрсетілген.
"Ол үшін жұмыла әрекет етуіміз керек" деп жазылған құжатта.
Ангела Меркель Лейпцигте өткен іс-шарада өзінің Ресеймен жүргізген бұрынғы саясатын қорғай сөйледі
2014 жылы Ресей Қырымды аннексиялағаннан кейін Минск процесі аясында Украинаның шығысындағы жанжалды реттеу үшін жұмсалған күш-жігерді дұрыс деп атады. "Мен бұл дипломатиялық талпынысты қолдаймын", - деген бұрынғы канцлер "Украинаға қатты алаңдайтынын" айтты.
Германияның бұрынғы канцлері Ангела Меркель өзі билікте болған уақытта Украина мен Ресей арасындағы жанжалдың алдын алуға бар күшін салуға талпынғанын мәлімдеді. "Өкінішке қарай, оған қызығушылық танытпағандар да көп болды" , - деді ол.
АҚШ мемлекеттік департаменті Қырғызстан ақпарат министрлігінің талап арызы бойынша сот шешіміне байланысты мәлімдеме жасады
АҚШ мемлекетттік департаментінің өкілі Азат Еуропа/Азаттық радиосының Қырғыз редакциясы - "Азаттык Медиа" жұмысын тоқтату туралы сот шешімі алаңдаушылық туғызып отырғанын жазған.
"Азаттык Медианы" жабу - Қырғыз Республикасының президенті Садыр Жапаровтың баспасөз бен сөз еркіндігі сақталатыны туралы мәлімдемесіне зор нұқсан келтіреді. "Азаттык Медиа" бергелі отырған апелляциялық шағымның кез-келген түрін мұқият және әділ қарауға шақырамыз", - дейді мәлімдемеде.