azattyq | News and Media

Telegram-канал azattyq - Azattyq - Азаттық

11875

Тәуелсіз елге тәуелсіз ақпарат! Radio Azattyq на русском ➡️ @radioazattyq ❗Телеграм-арнамыздағы материалдарды бөліскенде бізге сілтеме беруді сұраймыз. 📍Website: https://www.azattyq.org 📍Instagram: https://www.instagram.com/azattyq/

Subscribe to a channel

Azattyq - Азаттық

ҰКҚ кез келген наразылық акциясын бақылайтын құқыққа ие болуы мүмкін

Қазақстан билігі әлеуметтік жанжалдарды ұлттық қауіпсіздікке төнген қатер деп бағалай бастады, сол себепті де ұлттық қауіпсіздік комитетіне оларға араласып, "іс-шара өткізу" құқығын бергісі келеді. Бұл пікірді BES.media телеграм-арнасы таратқан. Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетi туралы ереженi бекiту туралы» 1996 жылғы 1 сәуiрдегі президент жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" жарлығын биыл 6 сәуірде Ашық үкімет сайтында жарияланған.

Ұсынылған өзгерісте "ұлттық қауіпсіздік органдарының дағдарысты жағдайлар, әлеуметтік сипаттағы төтенше ахуал, төтенше, әскери жағдайлар туындаған кезде және соғыс уақытында іс-қимыл жасауға дайындығын қамтамасыз ету" мәселесі қарастылған.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Әскери прокуратура: Үш жылда Қазақстанның 270 жауынгері өлген

18 сәуірде бас әскери прокурордың бірінші орынбасары Мақсат Қазиев Қазақстан жауынгерлерінің кейінгі жылдардағы өлім-жітімі туралы статистиканы жариялады. Бұл мәліметке қарағанда, кейінгі үш жыл ішінде 270 әскери қызметкер өлген.

2020 жылы 78, 2021 жылы 96, 2022 жылы 85 және 2023 жылдың басынан бері 11 әскери қызметкер қаза болған.

36 пайызы дерттен, 24 пайызы жол апатынан, 20 пайызы суицидтен көз жұмған.

Қазиевтің сөзінше, бұл ресми мәлімет "әскердегі өлім-жітімнің көбі суицидтен дейтін пікірлер шындыққа жанаспайтынын көрсеткен".

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

БАҚ: Сот Болат Назарбаевтан "Барыс" автобазарын алып қойды

17 сәуірде Қарасай аудандық соты бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевтың інісі Болат Назарбаевқа тиесілі 37,6 гектар жерді сату-сатып алу туралы келісімшарт заңсыз жасалған деген шешім шығарған. Мұны жергілікті БАҚ жазды. Бұл ақпаратқа қарағанда, әңгіме "Барыс" автобазары туралы.

Қазақстан ақпарат құралдарының жазуынша, Болат Назарбаевтың меншігіндегі 1,5 мың гектарға жуық жер мемлекет меншігіне қайтарылуы мүмкін.

Сот шешімі шыққан, бірақ жауапкерге апелляцияға шағым түсіру үшін 10 күн берілген.

"Пятый регион" басылымының жазуынша, Үшқоңыр округіндегі тағы бір ірі жер телімін Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Қайрат Сатыбалды 49 жылға жалға алған.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Жаңаөзендегі жарылыс, Қазақстандағы "Талибан", экс-министрдің соты

📌AzatNews

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстан БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің шешіміне сілтеп, «Талибанды» ресми түрде әлі де террористік ұйым деп танып отыр. Осы ретте Азаттық Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтан «Қазақстан Еуропарламент қарарларына осыған ұқсас салмақ бере ме?» деп сұрады, мысал ретінде Еуропарламенттің өз қарарларында Қазақстанда экстремистік ұйым деп танылған «Көше партиясы» мен «ҚДТ» қозғалыстарын бейбіт ұйым деп мәлімдеп жүргенін атап өтті.

Смадияровтың жауабын тыңдай отырыңыздар.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

15 сәуірде Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Ауғанстанға барып “Талибан” (Қазақстанда тыйым салынған) үкіметімен кездескенде ауғанстандық қазақтар мәселесін көтерді ме? Сырты істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияровтан сұрадық.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

«Денсаулық жақсы, күнде йогамен айналысамын» - Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Ұлттық музейді басқарып тұрғанда мемлекет бюджетін жымқырды деп айыпталған Арыстанбек Мұхамедиұлы соттың басында журналистер сұрағына жауап берді.

Журналист: Арыстанбек мырза, сізге тағылған айыпты мойындайсыз ба?
Мұхамедиұлы: Қазір сот басталсын...
Журналист: Денсаулығыңыз қалай?
Мұхамедиұлы: Денсаулығым жақсы, күнде йогамен айналысамын
Журналист: Изоляторда қысым көрсетілген жоқ па?
Мұхамедиұлы: Жоқ, бәрі заңды түрде, бәрі ойдағыдай.


Адвокат Мұстақым Төлеевтің сөзінше, бұрынғы мәдениет және спорт министрі Мұхамедиұлына "Үндістанда көрме өткізу үшін 111 миллион теңгені заңсыз пайдаланды" деген айып таққан, тоғыз айдан кейін ол сома 221 миллион 411 мың теңгеге жеткен.

Бүгінгі сотта Мұхамедиұлының адвокаттары қылмыстық істі тоқтатуды, экс-министрді үйқамаққа ауыстыруды сұрағанымен, сот бұл талаптарды негізсіз деді.

Мұхамедиұлы 2022 жылы мамырда ұсталған. Ол ұстау кезінде өзіне қол жұмсамақ болғаны да айтылған еді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Жаңаөзенде жарылыс болған үйде үйінділерді аршу жұмыстары әлі жүріп жатыр.

Видео: Төтенше жағдайлар министрлігі

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Жаңаөзендегі үйде болған жарылыстан төрт адам қаза тапты.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Журналистер сотта Арыстанбек Мұхамедиұлының келгенін күтіп тұр

Астана қаласы Байқоңыр аудандық соты бұрынғы мәдениет және спорт министрінің үстінен қозғалған істі қарамақ. Экс-министр 221 млн теңге көлемінде бюджет қаражатын жымқырды деп айыпталып отыр.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Соғыс кезіндегі Пасха ғибадаты: Ресей Украина шіркеулерін зымыранмен атты

Ресей мен Украина православ шіркеуі Пасха ғибадатын өткізді. Бұл – 2022 жылы ақпанда Ресей Украинаға басып кіргелі екінші рет өткен Пасха құлшылығы.

Пасха кезінде екі тарап қандай да бір келісімге келгені туралы ақпарат жоқ. Екі тарап та жексенбі күні Пасха кезінде атыс болғанын хабарлады.

Украинаның Днепропетровск облысының Никополь қаласы атқыланған. Бұл ақпаратты облыс басшысы Сергей Лысак жариялады. Қаладағы шіркеуге де зақым келіп, екі адам жараланған. "Ресей үшін қастерлі ештеңе қалмағаны тағы да көрінді" деп жазды Лысак телеграм-арнасында.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Жуық арада Астанаға “Талибан” үкіметінің дипломаттары келетіні хабарланды

15 сәуірде Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғаринмен кездескеннен кейін “Талибан” (Қазақстанда тыйым салынған) үкіметі жетекшісінің орынбасары Абдул Ғани Барадар осылай деп мәлімдеді.

“Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Қазақстан бұрыннан бері Ауғанстанмен жақсы қарым-қатынаста болғанын айтты және осы қатынасты нығайту мақсатында жуық арада Қазақстан жаңа ауған дипломаттарын қабылдайды” деп жазылған “Талибан” үкіметі жетекшісінің орынбасарының Twitter-дегі аккаунтында.

"Талибан" қозғалысы Қазақстанда сот шешімімен террористік ұйым деп танылып, қызметіне тыйым салынған. Астана тәліптер билікке келгеннен кейін 2021 жылы Кабулға президенттің арнайы уәкілінің жетекшілігімен ресми делегация жіберген.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Украина президенті кеңсесінің жетекшісі Андрей Ермак ресейліктермен тұтқын алмасу нәтижесінде 130 украин азаматын қайтарғанын хабарлады

"Пасхалық тұтқын алмасу. 130 адамымызды қайтарып жатырмыз. Ол бірнеше кезеңнен тұрды. Әскери қызметкерлер, шекарашылар, ұлттық гвардияшылар, теңізшілер... Қатардағы жауынгерлер, сержанттар, Бахмут, Соледар, Запорожье, Херсон бағытында тұтқынға түскендер. Біздің адамдарымыз үйге оралып жатыр" деп жазды Андрей Ермак жексенбі күні Телеграм-арнасында.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Финляндияда 16 сәуірге қараған түні Еуропадағы ірі ядролық реактор – Олкилуото аралындағы атом электр станциясының үшінші энергоблогы іске қосылды

Реактордың қуаты – 1600 гигаватт. Ол халық тұтынатын энергияның 14 пайызын өндіреді. Үшінші энергоблок іске қосылған соң Олкилуото АЭС-і елдегі электр энергиясының 30 пайызын өндіретін болды. Фин энергетиктері бұл электр энергиясын арзандатып, көрші Норвегия мен Швециядан импортталатын энергия көлемін азайтуға мүмкіндік береді деп үміттенеді. Реактор жылына 12 тераватт-сағат электр энергиясын өндіреді. Бұл 5,2 млн пәтерді жылытуға жеткілікті.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ұлттық қауіпсіздік комитеті Украинадағы соғысқа қатысқан 10 қазақстандықтың ісін тергеп жатыр

Бұл жөнінде ҰҚК-ның ресми жауабына сүйенген "Курсив" басылымы жазды.

ҰҚК ресми жауабында тергеліп жатқан адамдар туралы мәлімет бермеген. Комитет 2022 жылы 24 ақпаннан кейін қанша Қазақстан азаматының Украинаға кеткені туралы да сұраққа жауап бермеген.

Сәуір айында Al Jazeera-ға берген сұхбатында Қазақстан сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко қақтығысқа қатысып жатқан қазақтар туралы сұраққа “Кейбір оқиғаларды естідім... Шетелдегі соғысқа қатысу заңға қайшы” деп жауап берген еді.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

СҚО прокуратурасы "Халық кеңесі" деп аталатын ұйымның үш адамы изоляторға қамалғанын хабарлады.

Олардың үстінен "елдің біртұтастығы ыдыратуды насихаттады не оған жария түрде шақырды" және "елдің қауіпсіздігін ыдыратуды үгіттеді" деген айыппен қылмыстық іс қозғалған.

Наурыздың соңында желіде жарияланған видеода өздерін "Петропавл қаласының еңбекші тұрғындары" деп таныстырған топ елдің "басқару жүйесіне сенімсіздік білдіріп", "Қазақстаннан тәуелсіздігін жариялайтынын" мәлімдеген. Олар елде халыққа жағдай жасалмағанын да алға тартқан. Осы видео тараған соң ҰҚК-ның СҚО-дағы департаменті қылмыстық іс қозғаған, ал арнайы комиссия "Халық кеңесінің" әрекетінде "сепаратизм" белгілері бар деп тапқан.

Бұдан бөлек, оқиғаны тексеру үшін облыста полиция, жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері бар ведомствоаралық тергеу тобы құрылып, арнайы прокурор тағайындалған.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

"АрселорМиттал Теміртауда" апат жиіледі. Жұмысшы қазасына кім кінәлі?

"АрселорМиттал Теміртау" компаниясында төрт жұмысшы қаза тапқаннан кейін 10 айдан соң кәсіпорын басшылары сотқа тартылып жатыр. Металлургия комбинатында апат жиілеп, жұмысшы қазасы көп тіркелгенімен, істің бәрі бірдей сотқа жете бермейді. Айыпталушылардың туыстары апатқа шын кінәлілер жауапкершіліктен жалтарып кетеді деп күйінеді.

ОҚУ

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Жаңаөзендіктер мен ҚМГ келісімі қалай жүріп жатыр?

Астанада жаңаөзендік наразы мұнайшылар мен "Қазмұнайгаз" ұлттық компаниясы, энергетика, еңбек министрліктері және "Самұрық Қазына" әл-ауқат қоры өкілдері арасындағы келісімі әлі біткен жоқ. 17 сәуірде Астанада наразы мұнайшылар мен билік арасындағы келісімнің алтыншы раундның бірінші бөлімі нәтижесіз аяқталды.

Жаңаөзендік мұнайшыларының лидері Жолмұрат Лұқпанның сөзінше, 17 сәуірде "Қазмұнайгаз" тағы бір жекеменшік "Мөлдір-Мұнай" мекемесін келісім жинынына қатыстырып, оларға осы мекемеге жұмысқа баруды ұсынған.

- Біз өткен тендерде сыбайластық болды деп күдіктенеміз. Әйтпесе, ешқандай жедел жағдай, апат болмаса да тағы бір "Мөлдір- Мұнай" деген компанияны әкеліп соған баруымызды сұрайды. Шамасы, "біз жұмыс ұсынып отырмыз, бармай отыр" дегенді айтқысы келетін сияқты, – дейді Лұқпан.

Мұнайшылар ашық әрі тәуелсіз комиссия құрып, тендерге қатысты зерттеу жасауды, оған журналистер қосуды талап еткен. Айтуларынша, түрлі себептермен бұған дейінгі өткен кездесулер хаттамасы да берілмеген.

Не болып еді?

"Өзенмұнайгаз" компаниясының мердігері "БерӘлі Маңғыстау Company" мекемесі тендерде жеңіліп, жүзден аса адам жұмыссыз қалған. Жаңаөзенде жұмыс талап кеткен жүзге жуық мұнайшы 10 сәуірде Астанаға жиналып тұрақты жұмыс талап еткен.

Бір тәулік энергетика министрлігі алдына қонған мұнайшыларды 11 сәуір кешке қарай полицияның арнайы жасағы күштеп ұстап Астананың полиция бөлімшелеріне апарған. 12 сәуір таңертең мұнайшылардың көбін пойызбен Жаңаөзенге қайтарып, он адамды келісім жүргізу үшін қалдырған. Бірақ 12 сәуірден бері екі тарап әлі келісімге келген жоқ.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

«Визасыз режим кезінде істеген ісіне кепілдік бермейді». Дүйсенбілік брифинг кезінде сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Қытай мен Қазақстан арасында визасыз жүріп-тұру жобасы талқыланып жатқанын мәлімдеді. Жоба іске асса, екі ел азаматтары бір-біріне 30 күнге визасыз бара алады. Азаттық Қазақстан азаматтығын алып, Қытайға оралғанда қамауға алынған адамдарды мысал етіп, бұл жоба Шыңжаңда туған Қазақстан азаматтарына Қытайға қауіпсіз барып-қайтуға кепілдік бере ме деп сұрады.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Қазақстан сыртқы істер министрлігі Ауғанстандағы билікті ұстап отырған «Талибан» ұйымының дипломаттарына аккредитация бермек. Яғни Қазақстанда «тәліптердің елшілігі» болады. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді.

Дегенмен Смадияров бұл «Талибан» билігін мойындау дегенді білдірмейді деді.

«Талибан» Қазақстанда террористік ұйым деп танылған.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Ауғанстанның Герат қаласында Қазақстанның сауда үйі ашылады.

Сауда үйін ашуды 15 сәуірде Қазақстан премьер-министрінің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Ауғанстанға барып “Талибан” (Қазақстанда тыйым салынған) үкіметімен кездесуде келіскен.

Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

⚡️Мәскеу соты Ресей президенті Путинді сынаушы саясаткер Владимир Кара-Мурзаны 25 жылға соттады. Мәскеу оған «мемлекетке сатқындық жасады», «Ресей әскері туралы фейк ақпарат таратты», «жағымсыз ұйымның жұмысына араласты» деп айып таққан.

Саясаткерді Аризонадағы өкілдер палатасының алдында сөз сөйлегені үшін, Сахаров орталығындағы дөңгелек үстелге қатысқаны үшін айыптаған. Ал оның Лиссабон, Осло, Вашингтонда сөйлеген сөздері «мемлекетке сатқындық жасады» деген айыпқа түрткі болды.

Кара-Мурза 2022 жылы көктемде Мәскеуде ұсталып қамауға алынған. Ісі қаралып жатқанда 20 келі салмақтан айырылып, денсаулығы нашарлаған. Оған полинейропатия диагнозы қойылса да, изолятордан босатылмаған. Мұндай диагноз қойылған адамдар қамаудан босатылуы керек.

Кара-Мурза 2015 және 2017 жылы екі рет уланған, бірақ бұл оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалмаған. Оның артынан саясаткер Борис Немцов пен Алексей Навальныйды аңдыған ФСБ қызметкерлері аңдығаны анықталған еді.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Жаңаөзендегі қос қабатты үйде болған жарылысқа байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Маңғыстау облысы әкімдігі мәлімдеді. Жарылыстан 4 адам қаза тапқаны, тағы бірнеше адам зардап шеккені де хабарланды.

17 сәуірде, Астана уақытымен таңғы 5 шамасына Жаңаөзен қаласының 2-ықшамауданындағы екі подъезі бар 12 пәтерлі екі қабат үйде газ баллоны жарылған. Жарылыс 150 шаршы метрді алған (үйдің жалпы ауданы – 600 шаршы метр).

Алдын ала мәлімет бойынша, үйде "газ баллоны жарылып", подъезд опырылған.

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Көктемнің дәл ортасында Астана қарлы боран астында қалды

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

ZERE|Жаңа эпизод⚡️

Азаматтық белсенділер – қоғамның үнін жеткізушілер. Кейінгі төрт-бес жылда билікке сын айтып, саяси жүйенің өзгеруін, әлеуметтік-экономикалық жағдайдың жақсаруын талап етушілер көбейді. Оларға айыппұл салып, қамауға алса да, алаңға шығып, пікірін айтудан жалықпайды. Солардың бірі – 52 жастағы Бибігүл Иманғалиева. Бибігүл апаймен белсенділер дегеніміз кім, әйелге белсенді болу қиын ба деген сауалдар төңірегінде сөйлестік.

YouTube Podcast - https://www.youtube.com/watch?v=8MusKxNlChQ
Google Podcast - https://podcasts.google.com/.../aHR0cHM6Ly93d3cuYXphdHR5c...
iTunes - https://podcasts.apple.com/us/podcast/zere/id1657137067ff

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Жаңаөзенде 12 пәтерлі қос қабатты үйде "газ баллоны жарылып", подъезд опырылған

Жаңаөзен қаласындағы қос қабатты үйлердің бірінде "газ баллоны жарылып, подъезд опырылған", зардап шеккендер бар. Бұл туралы ресми хабарды төтенше жағдайлар министрлігінің телеграм-арнасы жариялады.

Министрлік таратқан ақпаратқа қарағанда, 17 сәуірде, Астана уақытымен таңғы 5 шамасына Жаңаөзен қаласының 2-ықшамауданындағы екі подъезі бар 12 пәтерлі екі қабат үйде газ баллоны жарылған. Жарылыс 150 шаршы метрді алған (үйдің жалпы ауданы – 600 шаршы метр).

Қазірге дейін 11 адам зардап шеккені анықталып, медициналық қызметке тапсырылған. Жарылыс неден болғаны енді анықталады.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

16 сәуірге қараған түні Германияда істеп тұрған соңғы үш атом электр станциясы өшірілді

2011
жылы Жапониядағы "Фукусима-1" АЭС-індегі апаттан кейін Германия атом энергиясынан толық бас тартқан. Бұл әлі күнге дейін неміс қоғамында қызу талқыланып келеді.

Елдегі ең соңғы үш реактор – Бавариядағы "Исар 2" станциясындағы реактор, Баден-Вюртембергтегі "Некарвестхайм 2" және Төменгі Саксониядағы "Эмсланд" былтыр жыл соңына дейін өшіріледі деп жоспарланған. Алайда Еуроодақ санкциясы нәтижесінде Ресей Германияға отын тасымалдауды тоқтатқаннан кейін АЭС-ті пайдалану мерзімі сәл ұзартылған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Суданда жексенбіге қараған түні тұрақты армия мен үкіметшіл "Жылдам қолдау күштері" әскери тобы арасында қарулы қақтығыс жалғасты. Бір түнде кемінде 56 адам қаза болды, шамамен 600 адам жараланды.

Судан дәрігерлер одағына сүйенген Reuters агенттігі қаза болғандардың бәрі бейбіт азаматтар екенін жазды. Қанша әскери қызметкердің қаза болғаны белгісіз, журналистер "ондаған" жауынгер опат болған болуы мүмкін дейді.

Судан армиясы "Жылдам қолдау күштерінің" Хартум маңындағы базасына әуеден соққы жасаған.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Украинаның Донецк облысы Славянск қаласына жасалған зымыран соққысынан қаза болғандар 11 адамға жетті

Бұл жөнінде Донецк облысы әкімшілігінің жетекшісі Павел Кириленко хабарлады.

Қаза болғандар арасында 2 жасар бала бар. Үйінді астынан құтқарғаннан кейін баланың жедел жәрдем көлігінде демі үзілген. 21 адам жарақаттанған. Оқиға орнында іздеу-құтқару жұмыстары жүріп жатыр. Үйінді астында тағы адамдар қалған болуы мүмкін, деді Кириленко.

Ресей әскері Славянск қаласын 14 сәуірде зымыранмен атқылаған. Кириленконың сөзінше, орыс әскері қаланы С-300 ракетасымен атқылаған. Украина президенті Владимир Зеленский 15 сәуірде соққы нәтижесінде 50-ден астам тұрғын үй қирағанын айтқан.

t.me/azattyq

Читать полностью…

Azattyq - Азаттық

Өзбекстанда жетімдерді зорлаған шенеуніктер қайта істі болып жатыр. Жағдайдың жай-жапсары

Өзбекстанда жергілікті атқарушы органның екі шенеунігі асыранды жетім балаларға зорлық көрсеткені үшін түрмеден құтылып кеткен еді, енді олардың үстінен қайта іс қозғалды. Бұл Совет одағынан қалған жетімдер үйін таратып, балаларды отбасылардың асырауына берген билікті қиын жағдайда қалдырды. Бірнеше аптадан бері Өзбекстан қоғамын дүр сілкіндірген оқиғаны қысқаша баяндаймыз.

🔗Сілтеме

t.me/azattyq

Читать полностью…
Subscribe to a channel